2007 жылдың 9 айының бақылау жұмысы нәтижелері туралы түсініктеме хат icon

2007 жылдың 9 айының бақылау жұмысы нәтижелері туралы түсініктеме хат



Название2007 жылдың 9 айының бақылау жұмысы нәтижелері туралы түсініктеме хат
Дата конвертации13.01.2013
Размер76.1 Kb.
ТипДокументы
источник

2007 жылдың 9 айының  бақылау жұмысы  нәтижелері  туралы  түсініктеме  хат

1 -Тарау . Жұмыс жоспарының орындалуы

Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қаржылық бақылау және мемлекеттік сатып алу басқармасы  2007 жылдың  9 айы бойынша жұмыс жоспарымен көзделген барлық  объектілерге тексеру жүргізді. Нақты, басқарма  444 объектіге  тексеру  жүргізді, оның   құрамында: мемлекеттік мекемелер бойынша-345,  шаруашылық жүргізуші   субъектілер бойынша—99.
Оларда  бюджеттік ұйымдардан 345 объект  қамтылды, оның ішінде:  90-ы  республикалық бюджеттен, 255-і жергілікті бюджеттен, ал, 99-ы  шаруашылық жүргізуші субъектілер.

2-Тарау. Жоспардан  тыс іс-шаралар

Есеп  беру кезеңі  бойынша  жоспардан тыс  тәртіпте  130- объектіге  ішкі  бақылау жүргізілді, олар:

  1. құқыққорғау  органдарының қаулылары  бойынша-68;

  2. жоғары тұрған  ұйымдардың тапсырмалары бойынша-42;

  3. жеке және заңды тұлғалардың үндеулері бойынша -11;

  4. басқалар-9.

3-Тарау. Бақылау қортындылары

Жүргізілген ішкі  бақылау қортындылары бойынша жалпы  сомасы 846836,5  мың теңгені құрайтын  қаржылық бұрмалаушылықтар  анықталды, оның  қатарында:
- бюджет қаражаттарының   негізсіз   жұмсалуы бойынша  -555919,4 мың теңге, оның ішінде: республикалық бюджет бойынша –201854,5 мың теңге, жергілікті  бюджет  бойынша –324796,4 мың теңге,  меншіктің  мемлекеттік  емес  түрі бойынша-29268,5 мың теңге;
-ТМҚ және  ақшалай  қаражаттардың жетіспеушілігі- 9712,2 мың теңге; оның  ішінде республикалық бюджет бойынша –4214,4 мың теңге, жергілікті бюджет  бойынша – 5436,8 мың  теңге, мемлекеттік емес  меншік -61,0 мың теңге;
-бюджет  қаражаттарын тиімсіз  пайдалану бойынша-58290,8 мың теңге, оның ішінде республикалық бюджет бойынша -2321,0 мың теңгеге, жергілікті бюджеттен – 55367,6 мың теңге, мемлекеттік емес  меншік түрінен – 602,2 мың теңге  сомасындағы бұрмаланушылыққа жол берілген.
- мақсатсыз пайдаланылған  бюджет қаражаттарының   барлығы 126688,9 мың теңге, оның қатарында республикалық бюджет бойынша –10034,5 мың  теңге және жергілікті бюджет бойынша –114671,2 мың теңге , мемлекеттік емес  меншік түрі обьектілерінде – 1983,2 мың теңге;
-салықтан  тыс  түсімдер –22045,6 мың теңге, оның  ішінде   республикалық бюджет  бойынша-846,1 мың теңге, жергілікті бюджет бойынша –21199,5 мың теңге;
- басқа да бұрмалаушылықтар- 74179,6 мың теңге, оның құрамында республикалық бюджет бойынша- 14769,4 мың теңге, жергілікті бюджет бойынша – 59410,2 мың теңге.

Осылайша, 2007 жылдың 9 айы бойынша анықталған қаржылық бұрмалаушылықтардың сомасы өткен жылдың сәйкес кезеңіндегіге қарағанда 388399,4  мың теңгеге (846836,5 –458437,1)  артық (1 сурет).



^ 1-сурет. Анықталған бұрмалаушылықтар бойынша көрсеткіштер динамикасы

Талдаудың көрсетуі  бойынша, қаржылық бұрмалаушылықтардың жалпы сомасынан  республикалық бюджет есебінен тұратын обьектілердің  үлесі  234039,85 мың теңгені (27,6 %), жергілікті  бюджеттен 580881,7 мың  теңгені (68,6 %), мемлекеттік  емес меншік түрі  31914,9 мың теңгені (3,8 %) құрады (2-сурет).



^ 2-сурет.  Бюджет кесіміндегі анықталған бұрмалаушылықтар бойынша  нысандар үлесі.

Мысалы:
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылы 10-қазандағы №975 қаулысымен резервтен  бөлінген  бюджет қаражаттарын  мақсатты пайдалану сұрақтары бойынша  «Жылукоммунэнерго» МҚК-ға жүргізген екі тақырыптық тексеруде жалпы сомасы  136828,1 мың теңгеге  қаржылық бұрмалаушылық анықталды, оның ішінде:

  1. бюджет қаражаттарын  мақсатсыз пайдалану-91850,2 мың теңге;

  2. бюджет қаражаттарын негізсіз жұмсау- 27524,5 мың теңге;

  3. салықтан тыс түсімдер-16580,7 мың теңге;

  4. ТМҚ-ның жетіспеушілігі- 872,7 мың теңге.

Оның 107880,1 мың теңгеге қатыстысы 2007 жылдың 1 жарты жылдық
есебіне берілген түсіндірме хатта көрсетілген (91850,2+2582,2+13447,7).
Қолданылған шаралар бойынша  бюджетке  қайтарылуға тиісті 44977,9 (27524,5+16580,7+872,7) мың теңгенің  21310,6 мың теңгесі  өндірілді.
Бақылау  нәтижелері бойынша  әкімшілік-шаруашылық және отын мәселелері бойынша  директордың орынбасары  Қ.Е.Қазакпаев 54600 (50АЕК) сомасындағы, ал  қаржы директоры А.У.Уағызов 5460  теңге (5 АЕК) айыппұл  түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Сонымен қатар, бақылау материалдары ШҚО бойынша ҰҚК-нің Департаментіне беріліп, “Облжолкомшар” МҚК-ның директоры В.В.Бурмистровқа қатысты  қылмыстық іс қозғалды.

2007 жылға арналған  бақылау шараларының  жоспарына сәйкес республикалық бюджеттен  орталық жылумен қамту кестесінде сақталған  қазандықтар мен  жылуэнергоорталықтардағы бар  қысымды жаңалауға  республикалық бюджеттен бөлінген  қаражатты  мақсатты және тиімді пайдалану сұрақтары бойынша “Семей  қаласының құрылыс  бөлімі” ММ-де  тақырыптық бақылау  жүргізіліп,  жалпы сомасы 113780,4 мың теңгеге қаржылық бұрмалаушылықтар анықталды, оның:
-бюджет қаражаттарын негізсіз жұмсау-111920,3 мың теңге (өндірілуге жататын сомасы  91811,1 мың теңге);

  1. бюджет қаражаттарын тиімсіз пайдалану -1531,9 мың теңге;

  2. ТМҚ-ның жетіспеушілігі-177,6 мың теңге;

  3. басқалар-150,6  мың теңге;

Бақылау материалдары    ШҚО бойынша Экономикалық және сыбайлас
жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөніндегі  департаментке  процессуалдық шешім  қабылдау үшін тапсырылды. Семей қаласының  құрылыс бөлімінің бастығы  В.И.Аюченкоға қатысты  қылмыстық іс қозғалып, сотқа қарауға жіберілді.

^ 15701-Әскери бөлім” мемлекеттік мекемесіне жүргізілген тақырыптық бақылауда  қағаз жүзіндегі берілген тізіммен электронды форматтағы тізімнің сәйкестігін тексергенде, әскери қызметкерлер мен қызметкерлердің карт-шоттарына  төленген 8704,5 мың теңге ақшалай қаражаттың негізсіз аударылғаны  анықталды.
Қолданылған шаралармен бюджетке  қайтарылуға тиісті 3931,3 мың
теңгенің 3292,8 мың теңгесі немесе 83,8 %-ы  өндірілді.
Осы  тақырыптық бақылау ҚР ІІМ Аягөз әскери тергеу бөлімінің  ішкі
істер бөлімінің бастамасымен жүргізілгендіктен, бақылау материалдары осы органға тапсырылды.

^ ШҚО кәсіпкерлік  және өндіріс департаменті” ММ-де жалпы сомасы 3746,6 мың теңгеге полиграфиялық заттар мен СД-дискідегі презентациялық бағдарламалардың жетіспеушілігі анықталды, яғни “Сайкенов” ЖК-дің есебіне көрсетілмеген қызмет үшін, келісім шарт орындалмаса да аталған сома аударылған.
Келісім шартта,  шарттарды орындамаған немесе тиісінше орындамаған  жағдайларда  айып санкциялары  көрсетілмеген.
Қолданылған шаралар арқылы  аталған жетіспеушілік  бюджетке толығымен қайтарылды.
Жіберген бұрмалаушылығы үшін Департамент директорының  бұйрығымен бөлім бастығы Т.В.Снегиреваға  өз қызметіне толықтай сәйкес еместігі туралы  ескерту жарияланды, ал   бас есепші С.И.Ляпуноваға  қатаң сөгіс берілді.
Сонымен қатар, тақырыптық бақылау материалдары ШҚО бойынша ЭСЖҚД-нің бастамасымен жүргізілгендіктен сол органға тапсырылды  және Департамент директоры  А.И. Провкинге қатысты  қылмыстық іс қозғалды.

         «Көкпекті аудандық маслихатының  аппараты» ММ-де  алдағы кезеңге  жалпы сомасы 422,1 мың теңге аванс түрінде еңбек ақы   алу  арқылы  бюджет қаражаттарының негізсіз  шығысталғаны  анықталып, осы сома бақылау барысында  бюджет түсіміне толығымен  өндірілді.
Аталған бұрмалаушылығы үшін  сол мекеменің  жетекші маман- есепшісі Н.Г.Гигель 54600 теңге (50АЕК)  сомасында айыппұл төлеу түріндегі  әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Мемлекеттік сатып алулар

«Үлбі металлургтер зауыты» АҚ-да  «Мемлекеттік сатып алулар туралы» Заңның талаптарының бұзылуына жол берілген. Мұнда  аталған Заңның 16 бабының 4 тармағына сәйкес  конкурстық комиссия   жалпы сомасы 1925304,5 мың теңгенің 12 ашық конкурсын  конкурстық ортаның болмауына байланысты  өтпеген  деп тануы қажет еді, сонымен қатар    уәкілетті  органның келісімінсіз  370024,1 мың теңгеге  бір көзден  сатып алулар  жүргізілген, мемлекеттік сатып алу рәсімінсіз 24374,5 мың теңгенің  қосымша 3 келісімі жасалған.
Жіберген бұрмалаушылықтары үшін  «ҮМЗ» АҚ-ның мемлекеттік сатып алулар бойынша  директоры В.И.Дорохов  120120 теңге (110 АЕК), мемлекеттік сатып алулар  бойынша  директордың орынбасары В.Ю.Казаков 10920 теңге (10АЕК), персонал және әлеуметтік қатынастар  жөніндегі директоры Е.Э.Денисова 5460 теңге (5АЕК) сомасында   айыппұл төлеу түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Бақылау материалдары ШҚО Ішкі істер Департаментінің 4- бөліміне, ал  олар өз кезегінде  ШҚО бойынша Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес департаментіне процессуалдық шешім қабылдау үшін  тапсырды.

«Шығыс Қазақстан аймақтық энергетикалық компаниясы» АҚ-да 
7 жағдай бойынша  жалпы сомасы 301672,1 мың теңгеге ашық конкурстар өткізу  рәсімі бұзылған, 30 жағдай бойынша ^ 35655,3 мың теңге сомасында  мемлекеттік сатып алуларды жүзеге асыру тәсілі негізсіз қолданылған.
Өскемен  қаласының Мамандандырылған  әкімшілік сотының қаулысымен  АҚ-ның президенті Л.А.Филимонова, эксплуатация  департаментінің  директоры  В.Г.Туренко, жөндеу департаментінің директоры  А.А.Бурдуков, техникалық директоры О.Л.Калюш сәйкесінше, 141960 теңге (130АЕК), 87360 теңге (80 АЕК), және  қалған екеуі 54600 теңгеден (50АЕК) айыппұл төлеу түріндегі  әкімшілік жауапкершілікке  тартылды.
ШҚО бойынша Қаржылық бақылау  және мемлекеттік сатып алу басқармасы конкурстық комиссияның шешімін  заңсыз және  бекітілген шарттарды жарамсыз деп тану  туралы  2 талап арызды Мамандандырылған  ауданаралық  экономикалық  сотқа  жіберді.
Біздің  талап арыздарымыз  екі жағдайда да  сот шешімімен   толығымен қанағаттандырылды.

«Қазақтелеком»АҚ-ның  Шығыс Қазақстан облыстық филиалында 6 ашық конкурс өткізу барысында жалпы сомасы 129210,7 мың теңгеге  мемлекеттік сатып алулар жүргізу  рәсімінің бұрмалануына, 4 жағдай бойынша  баға ұсынымдарының сұранысын пайдалана отырып  жеткізушіні таңдау  тәсілімен  сатып алу барысында 874,5 мың теңгеге, 22 жағдай бойынша  бір көзден алу тәсілі арқылы  сатып алу барысында 865,6 мың теңгеге   бұрмаланушылыққа  жол берілген.
Филиалдың бас директорының бұйрығымен  құқықты қамтамасыз ету бөлімінің  бастығы Н.Н.Исқақоваға ескерту берілді, ал бас директордың орынбасары –техникалық директор А.Х.Скорнас 60060 теңге (55АЕК) сомасында айыппұл төлеу түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

^ Шемонайха ауданының №27 орта мектебінде және Үржар ауданының  8 орта мектептерінде  (Көлденең орта мектебі, Бахты орта мектебі, Найманбаев атындағы орта мектеп, Сейфуллин атындағы орта мектеп,  Игенбайұлы атындағы орта мектеп, Мақаншы орта мектебі, Егінсу орта мектебі, Абай атындағы орта мектеп-лицей) мемлекеттік сатып алулар    тәсілінің бұрмалануына жол беріліп, осы мектептердің басшыларына (8 директор және 1 директордың орынбасары) жалпы сомасы 491400 теңге, яғни әрқайсысына 54600 теңгеден (50АЕК) айыппұл түріндегі  жаза қолданылып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

2007 жылдың 9 айындағы қолданылған шаралар арқылы  өтеуге тиісті
220060,5 мың теңгеден жалпы сомасы  91135,25 мың теңгенің (41,1%)   жетіспеушіліктері мен заңсыз  шығындары  өндіріліп, орны толтырылды, оның қатарында:

  1. бюджеттік ұйымдар бойынша 66210,95 мың теңге,

  2. шаруашылық жүргізуші субьектілер бойынша 24924,3 мың теңге.

221 лауазымдық тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Сонымен қатар,  101  лауазым иелеріне  жалпы сомасы 3779,6 мың теңге  мөлшеріндегі  айыппұл төлеу түріндегі  әкімшілік жаза  қолданылды, оның ішінде 39 –ы  бірінші басшылар (2009,3 мың теңге).  Бюджетке 2427,8 мың теңгедегі  айыппұл сомасы  қайтарылды, қалған сомасы өндірілуде.

^ 4-Тарау. Құқыққорғау органдарына тапсырылған бақылау материалдарының   қозғалысы

Құқыққорғау органдарына жалпы сомасы  568693,1 мың теңгені құраған 93 бақылау материалдары тапсырылды, оның ішінде  ШҚО экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөніндегі Департаментіне –жалпы сомасы 100722,7 мың теңгенің 56 материалы; прокуратура органдарына- 177,3 мың теңге сомасындағы 3  материал;  ШҚО бойынша ҰҚК Департаментіне- 315029,0  мың теңге сомасындағы  20 материал;  ішкі істер органдарына- жалпы сомасы 152764,1  мың теңгенің 14 материалы  тапсырылды.
Осы материалдарды  қарастыру барысында  16  лауазымдық  тұлғаға қатысты  қылмыстық істер қозғалды, оның 5-еуі  сотқа қарауға жіберілді.



Похожие:

2007 жылдың 9 айының бақылау жұмысы нәтижелері туралы түсініктеме хат icon2007 жылдың бірінші тоқсаны бойынша «ШҚО бойынша көлікті бақылау басқармасы» мб-ның жұмысы жөнінде ақпарат
Автомобиль көлігі мен автожолдарды бақылау бөлімі көліктік бақылау бекеттерінде төмендегідей жұмыстарды атқарды
2007 жылдың 9 айының бақылау жұмысы нәтижелері туралы түсініктеме хат icon2005 жылдың бақылау нәтижелері туралы түсіндірме жазба 1 тарау. Жұмыс жоспарының орындалуы
Жоспарына сәйкес 394 бақылау нысанында бақылау жүргізу көзделген. Басқарма іс жүзінде 433 нысанда, оның ішінде: 294 мемлекеттік мекеме...
2007 жылдың 9 айының бақылау жұмысы нәтижелері туралы түсініктеме хат iconІшкі бақылау басқармасы тарапынан бақылау шаралары бойынша 2013 жылдың 9 айының қорытындысы
Бақылау іс-шараларымен қамтылған бюджет қаражатарының сомасы 2 249 736 мың теңгені құрады, соның ішінде ағымдағы жылдың 9 айы бойынша...
2007 жылдың 9 айының бақылау жұмысы нәтижелері туралы түсініктеме хат iconӘкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсініктеме
Осы әдістемелік ұсыныстар көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасына ішкі бақылау нәтижелері бойынша жергілікті атқарушы органның...
2007 жылдың 9 айының бақылау жұмысы нәтижелері туралы түсініктеме хат iconЛ. Н. Костенкоға 2010 жылдың мамыр айының жұмыс жоспары бойынша ұсыныстарды береміз
Жеңіс күнінің 65 жылдығына арналған, дайындық және өткізуі іс-шаралар туралы (бақылау жүргізу)
2007 жылдың 9 айының бақылау жұмысы нәтижелері туралы түсініктеме хат icon2007 жылдың 1 тоқсаны бойынша бақылау жұмысының нәтижелері 1 -тарау. Жұмыс жоспарының орындалуы
Нақты, басқарма 111 объектіге тексеру жүргізді, оның құрамында: мемлекеттік мекемелер бойынша-81, шаруашылық жүргізуші субъектілер...
2007 жылдың 9 айының бақылау жұмысы нәтижелері туралы түсініктеме хат icon1-тарау. Жұмыс жоспарының орындалуы
Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қаржылық бақылау инспекциясының 2009 жылғы бақылау қызметінің нәтижелері туралы ақпарат
2007 жылдың 9 айының бақылау жұмысы нәтижелері туралы түсініктеме хат iconШығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының 2007 жылдың 4 тоқсанындағы жұмысы туралы

2007 жылдың 9 айының бақылау жұмысы нәтижелері туралы түсініктеме хат iconҚостанай облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы Г. А. Кисленковаға
Бухгалтерлік есеп және ұйымдастыру жұмысы бөлімінде жасалған тақырыптық бақылаумен: 2011 жылдың 01 сәуірінен 2011 жылдың 30 қарашасына...
2007 жылдың 9 айының бақылау жұмысы нәтижелері туралы түсініктеме хат iconШығыс Қазақстан облысы бойынша Қаржылық бақылау Инспекциясының 2011 жылдың 1-ші тоқсанында жүргізген бақылау-тексеру жұмыстарының қорытындылары
Инспекция 2011 жылдың 1-ші тоқсанында бюджеттік заңдардың және мемлекеттік сатып алу туралы заңның сақталуына жоспарға сәйкес бақылау...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы