2007 жылдың 1 тоқсаны бойынша бақылау жұмысының нәтижелері 1 -тарау. Жұмыс жоспарының орындалуы icon

2007 жылдың 1 тоқсаны бойынша бақылау жұмысының нәтижелері 1 -тарау. Жұмыс жоспарының орындалуы



Название2007 жылдың 1 тоқсаны бойынша бақылау жұмысының нәтижелері 1 -тарау. Жұмыс жоспарының орындалуы
Дата конвертации13.01.2013
Размер52.13 Kb.
ТипДокументы
источник

2007 жылдың 1 тоқсаны бойынша бақылау жұмысының нәтижелері

1 -Тарау . Жұмыс жоспарының орындалуы.

Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қаржылық бақылау және мемлекеттік сатып алу басқармасы 2007 жылдың 1 тоқсанында жұмыс жоспарымен көзделген барлық объектілерге тексеру жүргізді. Нақты, басқарма 111 объектіге тексеру жүргізді, оның құрамында: мемлекеттік мекемелер бойынша-81, шаруашылық жүргізуші субъектілер бойынша—30.
Сонымен қатар, бюджеттік ұйымдардан 81 объект қамтылды, оның ішінде: 35-і республикалық бюджеттен, 46-сы жергілікті бюджеттен, ал, 30-ы шаруашылық жүргізуші субъектілерден.

2-Тарау. Жоспардан тыс іс-шаралар.

Есеп беру кезеңі бойынша жоспардан тыс тәртіпте 39- объектіге ішкі бақылау жүргізілді, олар:
- құқыққорғау органдарының қаулылары бойынша-20;
- жоғары тұрған ұйымдардың тапсырмалары бойынша-18;
- жеке және заңды тұлғалардың үндеулері бойынша-1.

3-Тарау. Бақылау қортындылары.

Жүргізілген ішкі бақылау қортындылары бойынша жалпы сомасы 252540,7 мың теңгені құрайтын қаржылық бұрмалаушылықтар анықталды, оның қатарында:
- бюджет қаражаттарының негізсіз жұмсалуы бойынша -195927,7 мың теңге, оның ішінде: республикалық бюджет бойынша –170566,85 мың теңге, жергілікті бюджет бойынша –25217,7 мың теңге, меншіктің мемлекеттік емес түрі бойынша-143,1 мың теңге;
-ТМҚ және ақшалай қаражаттардың жетіспеушілігі-2858,2 мың теңге; оның ішінде республикалық бюджет бойынша -2791,5 мың теңге, жергілікті бюджет бойынша –5,7 мың теңге, мемлекеттік емес меншік -61 мың теңге;
-бюджет қаражаттарын тиімсіз пайдалану бойынша- республикалық бюджеттен қаржыландырылатын объектілерде -1982,4 мың теңгеге, жергілікті бюджеттен – 14684,9 мың теңге, мемлекеттік емес меншік түрінен – 602,2 мың теңге сомасындағы бұрмаланушылыққа жол берілген.
- мақсатсыз пайдаланылған бюджет қаражаттарының барлығы – 21842,2 мың теңге, оның қатарында республикалық бюджет бойынша -9612,1 мың.теңге және жергілікті бюджет бойынша –12230,1 мың теңге
-салықтан тыс түсімдер -910,2 мың теңге, оның ішінде республикалық бюджет бойынша-161,5 мың теңге, жергілікті бюджет бойынша –748,7 мың теңге:
- басқа да бұрмалаушылықтар- 13732,9 мың теңге, оның құрамында республикалық бюджет бойынша-13197,3 мың теңге, жергілікті бюджет бойынша – 535,6 мың теңге.

Осылайша, 2007 жылдың 1 тоқсаны бойынша анықталған қаржылық бұрмалаушылықтардың сомасы өткен жылдың сәйкес кезеңіндегіге қарағанда 134459,1 мың теңгеге артық, немесе 53,2 %-ға ұлғайды.

Талдаудың көрсетуі бойынша, қаржылық бұрмалаушылықтардың ортақ сомасынан республикалық бюджет есебінен тұратын обьектілердің үлесі 198311,65 мың теңгені (78,5 %), жергілікті бюджеттен 53422,7 мың теңгені (21,2 %), мемлекеттік емес меншік түрі 806,3 мың теңгені (0,3 %) құрады.

Мысалы:
ҚР Қорғаныс Министрлігінің 28- құрылымдық бөлімшелерінде жалпы сомасы 189195,0 мың теңгедегі бюджет қаражаты талан-таражға салынғаны анықталды, оның ішінде: негізгі құралдарды негізсіз тапсыру-144873,3 мың теңгеге; есптен жасырылған дебиторлық берешек- 12297,7 мың теңге, бюджет қаражаттарының мақсатсыз жұмсалуы- 9612,0 мың теңге, бюджет қаражаттарының негізсіз шығындары – 6362,1 мың теңге, ТМҚ-ның жетіспеушілігі- 1490,0 мың теңге, басқалар-14559,9 мың теңге.
Қолданылған шаралардың арқасында өндірілуге жататын 6435,9 мың теңгенің бақылау барысында 2531,0 мың теңгесі (39,9%) бюджет кірісіне қайтарылды, оның ішінде ТМҚ -ның жетіспеушілігі бойынша анықталған қаражат (1490,0 мың теңге) 10 әскери бөлімшелердің барлығында толығымен өндірілді.
5 лауазымдық тұлғаларға қатысты әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттама құрастырылып, тиісті әскери бөлімшелердің командалауына қарастыруға тапсырылды.
7 әскери бөлімшелер бойынша бақылау материалдары тиісті шаралар қолдану үшін құқыққорғау органдарына жіберілді және бір лауазымдық тұлғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды.
«Абайдың «Жиделі-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалды қорық-мұражайы» мемлекеттік мекемесінде жалпы сомасы 2306,7 мың теңгедегі негізсіз жұмсалған шығындар анықталды, оның ішінде мұражайдың балансында жоқ Көкбай Жанатайұлының медресесінің төбесін жабу үшін ағымдағы жөндеу жұмыстарына (375,2 мың теңге) және қорық аймағынан тыс орналасқан Камила-Жагфар-Домогой себушісіне ағымдағы жөндеу жұмыстарына (1591,5 мың теңге), сонымен қатар Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру бойынша аумақтық Комитетінің келісімінсіз өзге ұйымдарға негізсіз 340,0 мың теңгенің негізгі құралдары берілген.
Сонымен қатар, жалпы сомасы 14464,8 мың теңгеге Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алулар туралы» Заңын бұза отырып бірыңғай жұмыс түрлерін ұсақтау жолымен (әкімшілік ғимаратына агымдағы жөндеу) мемлекеттік сатып алуларды іске асырған. Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алулар туралы» Заңын бұзғаны үшін мұражайдың басшысы мен бас есепшісіне әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы хаттама жасалды, ал бақылау материалдары Қаржы полициясының Семей аймағы бойынша басқармасына тапсырылды.

«Аягөз аудандық Әкім Аппараты» мемлекеттік мекемесінде облыстық бюджеттен бөлінген мақсатты трансферттер қаражаты есебінен кәсіптік-техникалық училищені ұйымдастыру және орналастыру үшін, аудандық білім бөлімінің ұсынысы бойынша материалдық-техникалық күйінің шарттарына сай келетін дәл сондай 2 әкімшілік ғимараты бола тұра, «Аягөз АТП» ЖШС-дан күрделі жөндеуден өткізілмесе пайдалануға жарамайтын 3-қабатты әкімшілік ғимаратын сатып алған. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алулар туралы» Заңын бұза отырып, ғимаратты ағылшын әдісі бойынша аукционда, 14385,9 мың теңгеге мемлекеттік сатып алу рәсімін жүргізбей сатып алған.
Бақылау материалдары ШҚО бойынша экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөніндегі Департаментіне тиісті шаралар қолдану үшін тапсырылды, сонымен қатар Шығыс Қазақстан облысының Әкімдігіне ақпарат жіберілді.

ҚР Бюджет Кодексінің 30 бабын және шығыстардың экономикалық жіктелу спецификасын бұза отырып «Кинобейнеқұжаттардың облыстық қоры» КМҚК-да жалпы сомасы 11390,0 мың теңгенің бюджет қаражатының мақсатсыз пайдалануы анықталды. Аталған бұрмалаушылық үшін КМҚК-ның директорына 54600 теңге сомасындағы әкімшілік айыппұл салынды, ал бақылау объектісінің бас есепшісіне, бас инженеріне қатаң сөгіс, бас әкімшіге-сөгіс жарияланды.
Сонымен қатар, бақылау материалдары ШҚО бойынша экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөніндегі Департаментіне тапсырылды.
Мемлекеттік сатып алулар туралы заңнаманың сақталуын бақылау бойынша жүргізілген 310 конкурстарда жалпы сомасы 598497,7 мың теңгеге бұрмалаушылықтар анықталды, оның ішінде: 95-і мемлекеттік мекемелер бойынша – 105663,8 мың теңгеге, шаруашылық жүргізуші субъектілер бойынша- 215 (492833,9 мың теңгеге).
«Үлбі металлургтер зауыты» АҚ-да жалпы сомасы 123762,6 мың теңгеге, «Жылуорталығы» МҚК-да -98107,9 мың теңгеге және «Саяхат-Шығыс» ЖШС-да -13743,7 мың теңгеге мемлекеттік сатып алулар рәсімін жүргізуде бұрмалаушылықтар анықталды.
Барлық көрсетілген объектілер бойынша тексерулер жоспардан тыс құқыққорғау органдарының бастамаларымен жүргізілгендіктен бақылау материалдары тиісті органдарға тапсырылды, ал осы объектілердің бірінші басшылары тиісінше 54600 теңге және 65520 теңге мөлшерінде айыппұл төлеу түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылды және ол қаражат бюджет түсіміне қайтарылды. «Саяхат-Шығыс» ЖШС директорының бұйрығы бойынша ЖШС-ның бас есепшісі және заңгері тәртіптік жауапкершілікке тартылып, оларға сөгіс жарияланды.

2007 жылдың 1 тоқсанындағы қолданылған шаралар арқылы өтелуге тиісті 13103,95 мың теңгеден жалпы сомасы 7498,95 мың теңгенің (57 %) жетіспеушіліктері мен заңсыз шығындары өтеліп орны толтырылды, оның қатарында:
- бюджеттік ұйымдар бойынша 6237,45 мың теңге,
- шаруашылық жүргізуші субъектілер бойынша 1261,5 мың теңге.

Тәртіптік жауапкершілікке 24 лауазымдық тұлға шақырылды, 5 лауазым иелеріне жалпы сомасы 191,2 мың теңге мөлшеріндегі айыппұл төлеу түріндегі әкімшілік жаза қолданылды, оның 185,7 мың теңгесі өндірілді.

4-Тарау. Құқыққорғау органдарына тапсырылған бақылау материалдарының қозғалысы

Құқыққорғау органдарына жалпы сомасы 183900,1 мың теңгені құраған 28 бақылау материалдары тапсырылды, оның ішінде ішкі істер органдарына- жалпы сомасы 152572,5 мың теңгенің 9 материалы, ШҚО экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөніндегі Департаментіне –жалпы сомасы 29848,9 мың теңгенің 14 материалы, ШҚО бойынша ҰҚК Департаментіне- 1301,4 мың теңге сомасындағы 4 материал және прокуратура органдарына- 177,3 мың теңге сомасындағы 2- материал тапсырылды.



Похожие:

2007 жылдың 1 тоқсаны бойынша бақылау жұмысының нәтижелері 1 -тарау. Жұмыс жоспарының орындалуы icon2005 жылдың бақылау нәтижелері туралы түсіндірме жазба 1 тарау. Жұмыс жоспарының орындалуы
Жоспарына сәйкес 394 бақылау нысанында бақылау жүргізу көзделген. Басқарма іс жүзінде 433 нысанда, оның ішінде: 294 мемлекеттік мекеме...
2007 жылдың 1 тоқсаны бойынша бақылау жұмысының нәтижелері 1 -тарау. Жұмыс жоспарының орындалуы icon1-тарау. Жұмыс жоспарының орындалуы
Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қаржылық бақылау инспекциясының 2009 жылғы бақылау қызметінің нәтижелері туралы ақпарат
2007 жылдың 1 тоқсаны бойынша бақылау жұмысының нәтижелері 1 -тарау. Жұмыс жоспарының орындалуы icon1 -тарау. Жұмыс жоспарының орындалуы
Сонымен қатар тексерулердің жалпы саны -141 құрады, жоспардан тыс кешенді бақылау облыс бойынша 17 объектіге жүргізілді, олар Комитетте...
2007 жылдың 1 тоқсаны бойынша бақылау жұмысының нәтижелері 1 -тарау. Жұмыс жоспарының орындалуы icon1 -тарау. Жұмыс жоспарының орындалуы
Сонымен қатар тексерулердің жалпы саны -663 құрады, жоспардан тыс кешенді бақылау облыс бойынша 25 объектіге жүргізілді, олар Комитетте...
2007 жылдың 1 тоқсаны бойынша бақылау жұмысының нәтижелері 1 -тарау. Жұмыс жоспарының орындалуы icon1 -тарау. Жұмыс жоспарының орындалуы
Сонымен қатар тексерулердің жалпы саны -500 құрады, жоспардан тыс кешенді бақылау облыс бойынша 25 объектіге жүргізілді, олар Комитетте...
2007 жылдың 1 тоқсаны бойынша бақылау жұмысының нәтижелері 1 -тарау. Жұмыс жоспарының орындалуы icon1 -тарау. Жұмыс жоспарының орындалуы
Нақты, басқарма 568 объектіге тексеру жүргізді, оның құрамында: мемлекеттік мекемелер бойынша-451, шаруашылық жүргізуші субъектілер...
2007 жылдың 1 тоқсаны бойынша бақылау жұмысының нәтижелері 1 -тарау. Жұмыс жоспарының орындалуы icon2007 жылдың бірінші тоқсаны бойынша «ШҚО бойынша көлікті бақылау басқармасы» мб-ның жұмысы жөнінде ақпарат
Автомобиль көлігі мен автожолдарды бақылау бөлімі көліктік бақылау бекеттерінде төмендегідей жұмыстарды атқарды
2007 жылдың 1 тоқсаны бойынша бақылау жұмысының нәтижелері 1 -тарау. Жұмыс жоспарының орындалуы icon2007 жылдың 9 айының бақылау жұмысы нәтижелері туралы түсініктеме хат
Нақты, басқарма 444 объектіге тексеру жүргізді, оның құрамында: мемлекеттік мекемелер бойынша-345, шаруашылық жүргізуші субъектілер...
2007 жылдың 1 тоқсаны бойынша бақылау жұмысының нәтижелері 1 -тарау. Жұмыс жоспарының орындалуы icon2012 жылдың І тоқсаны ішінде Бесқарағай ауданы бюджетінің орындалуы бойынша
Бесқарағай ауданының бюджеті кіріс бойынша 104,7 пайызға орындалды және түсімдердің жиынтық жоспары бойынша 529182,0 мың теңгені,...
2007 жылдың 1 тоқсаны бойынша бақылау жұмысының нәтижелері 1 -тарау. Жұмыс жоспарының орындалуы icon2012 жылдың І тоқсаны ішінде Бесқарағай ауданы бюджетінің орындалуы бойынша
Бесқарағай ауданының бюджеті кіріс бойынша 104,5 пайызға орындалды және түсімдердің жиынтық жоспары бойынша 1293145,0 мың теңгені,...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы