|
Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қаржылық бақылау инспекциясының 2009 жылғы бақылау қызметінің нәтижелері туралы ақпарат 1-тарау. Жұмыс жоспарының орындалуы Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қаржылық бақылау Инспекциясы есеп беру кезеңінде 630 объектіге тексеру жүргізді, оның құрамында: 71-і республикалық бюджеттен, 381-і жергілікті бюджеттен, ал, 178-і шаруашылық жүргізуші субъектілерден. Сонымен, тексерулердің жалпы саны -750-ді құрады, бұл 2008 жылға қарағанда 142,3 пайызға артық, оның ішінде жоспарлы - 521 және жоспардан тыс жүргізілгені - 229. Тексерулердің саны: тақырыптық -302 (барлығының 40,3 пайызы), кешенді - 448 (59,7 пайызы). ^ Есеп беру кезеңі бойынша жоспардан тыс тәртіпте - 229 объектіге ішкі бақылау жүргізілді, яғни 2008 жылы жүргізілген тексерулерден 170,9 пайызға артық, оның ішінде:
Мысалы: - Семей қаласының «Облыстық тарихи-өлкетану мұражайы» КМҚК-да жалпы сомасы 5370,3 мың теңге ақшалай қаражаттың негізсіз есесптен шығарылғаны анықталды. Кінәлі адам сотталды. - «ШҚО құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесіне «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасын іске асыру шегінде салынып жатқан денсаулық сақтау объектілерінің жобалық-сметалық құнына медициналық (ветеринарлық) құрал-жабдықтар бойынша НДС-тің қосылуы сұрақтары бойынша тақырыптық бақылау жүргізіліп, «Облыстық қан орталығын салу» объектісінде 59335,1 мың теңге сомасына құрал-жабдықтың жетіспеушілігі анықталды, ол Алматы қаласының «Пелестрой» ЖШС мердігерімен орындалған жұмыс актісінде 2008 жылдың қазан айына пайызға шағылған. Қолданылған шаралардың нәтижесінде, Қаржылық бақылау Инспекциясының ұсынымы бойынша - «ШҚО Құрылыс басқармасы» ММ 2009 жылдың ІҮ тоқсанында орындалған жұмыс актісін 59335,1 мың теңге – жетіспеушілік сомасының азайтылуымен, төлемге қабылдап алды. - 2009 жылдың өткен кезеңінде ШҚО бойынша ауданаралық экономикалық сотында «Семей қаласының ТҮКШ, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-де жүргізілген іс-шаралардың нәтижелері бойынша, 15101,3 мың теңге сомасына көшені жарықтандыру жұмыстарын сатып алуға конкурсты ұйымдастыру және өткізу кезінде мемлекеттік сатып алу туралы заңнама бойынша жіберілген бұрмалаушылықтар, сонымен қатар «Ф.М.Достаевский атындағы әдеби-мемориалдық мұражайы» КМҚК-да 9800,0 мың теңге сомасына мұражай экспозицияларының күрделі жөндеу жұмыстарын сатып алу бойынша конкурсты ұйымдастыру және өткізу кезінде, мемлекеттік сатып алу туралы заңнамадан жіберілген бұрмалаушылықтар бойынша екі азаматтық іс қаралды. Аталған тексерулер заңды тұлғалардан келіп түскен өтініштердің негізінде іске асырылған. Екі жағдайда да Сотпен Инспекцияның келтірген тұжырымдары қабылданды және өткізілген конкурстардың қорытындыларын және солардың қорытындылары бойынша бекітілген келісім- шарттарды жарамсыз ретінде тану жөніндегі талаптары қанағаттандырылды. ^ Жүргізілген ішкі бақылау қортындылары бойынша, бақылаумен қамтылған бюджет қаражаттарының жалпы сомасы – 94559350,0 мың теңге, оның ішінде республикалық бюджет - 33378646,0 мың теңге және жергілікті бюджет -61180704,0 мың теңге. ^ . Есеп беру кезеңі бойынша қаржылық бұрмалаушылықтардың жалпы саны - 1344128,8 мың теңгені құрады, оның ішінде республикалық бюджет бойынша – 416415,3 мың теңге, жергілікті бюджет бойынша -559426,0 мың теңге, шаруашылық жүргізуші субъектілерде -368287,5 мың теңгені құрады, яғни 2008 жылмен салыстырғанда 476376,3 мың теңгеге немесе 154,9 пайызға артық, ал 2009 жылы бақылаумен қамтылған бюджет қаражаттарының сомасы, 2008 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 54,9 пайызға кем.
Бақылау іс-шараларының нәтижелері бойынша жалпы, Инспекцияның бақылау қызметінің барлық негізгі көрсеткіштері бойынша, өткен жылмен салыстырғанда өсім байқалады: -ТМҚ және ақшалай қаражаттардың жетіспеушілігі- 141774,7 мың теңге,оның ішінде республикалық бюджет бойынша –72147,5 мың теңге, жергілікті бюджет бойынша – 67581,4 мың теңге, шаруашылық жүргізуші субъектілерде – 2045,8 мың теңге, өсім қарқыны 2088,4 пайызды құрады; - бюджет қаражаттарының, гранттардың, мемлекет кепілдендірген заемдарың, ақшалай қаражаттың негізсіз жұмсалуы бойынша - барлығы 874030,7 мың теңге, оның ішінде республикалық бюджет бойынша- 222553,8 мың теңге; жергілікті бюджет бойынша – 296644,5 мың теңге, шаруашылық жүргізуші субъектілер бойынша – 354832,4 мың теңге, өсім қарқыны 181,5 пайыз; - бюджет қаражаттарының, кредиттердің, мемлекет кепілдендірген заемдарыің мақсатсыз жұмсалуы бойынша - барлығы 240348,6 мың теңге, оның ішінде республикалық бюджет бойынша- 85175,7 мың теңге, жергілікті бюджет бойынша – 153598,2 мың теңге, шаруашылық жүргізуші субъектілер бойынша – 1574,7 мың теңге; -бюджет қаражаттарын тиімсіз пайдалану бойынша, барлығы – 41888,4 мың теңге, оның ішінде республикалық бюджеттен қаржыланатыны- 12894,8, жергілікті бюджеттен - 27199,0 мың теңге, шаруашылық жүргізуші субъектілерде – 1794,6 мың теңге; -бюджетке түсім бойынша бұрмалаушылықтар (салықтық емес түсімдер) –46086,2 мың теңге, оның ішінде республикалық бюджет бойынша – 23643,5 мың теңге, жергілікті бюджет бойынша –14402,9 мың теңге, шаруашылық жүргізуші субъектілерде – 8040,02 мың теңге, өсім қарқыны 251,9 пайыз.
Жалпы сомасы 320153,7 мың теңгеге қаржылық есептілікті құрастыру ережесінің бұзылғаны анықталды, оның ішінде республикалық бюджеттен қаржыланатыны-55215,5 мың теңге, жергілікті бюджеттен -239467,8 мың теңге, шаруашылық жүргізуші субъектілерде – 25470,4 мың теңге; Сонымен қатар, мемлекеттік сатып алулардың (лоттардың) ережелерін, рәсімі мен шарттарының сақталуы бойынша -6918049,8 мың теңгеге, бұрмалаушылықтар анықталды, Бұрмалаушылықтардың негізгі үлесін немесе 74,9 пайызын жергілікті бюджеттен бөлінген (5182864,5 мың теңге) қаржылық қаражаттар құрап отыр. Есеп беру кезеңіндегі бақылау іс-шараларының нәтижелері бойынша тиісті бюджеттің кірісіне қайтаруға және қалпына келтірілуге жататын – 560574,27 мың теңге қаржылық бұрмалаушылық анықталды, бұл 2008 жылмен салыстырғанда 2,5 есеге көп, оның ішінде республикалық бюджетке- 278906,5 мың теңге, жергілікті бюджетке – 243112,4 мың теңге және шаруашылық жүргізуші субъектілермен – 38555,37 мың теңге. Олардың 273373,45 мың теңгесі, яғни 48,8 пайызы қолданылған шаралармен бюджетке қайтарылды және қалпына келтірілді.
Есеп беру кезеңінде 17 лауазымдық тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды, ал салынған айыппұлдардың сомасы 1507,4 мың теңгені немесе өткен жылдың сәйкес кезеңінің 136 пайызы, және ол толығымен немесе 100 пайыз бюджет кірісіне өндірілді.
Сонымен қатар, 425 лауазымдық тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды, яғни 2008 жылмен салыстырғанда 19 лауазымдық тұлғаға артық, олардың 6-ы лауазымдарынан босатылды.
Ірі қаржылық бұрмалаушылық фактілері бойынша мысалдар: «Аягөз АПБ» ММ»: Жүргізілген кешенді бақылау бойынша жалпы сомасы 78634,5 мың теңгеге қаржылық бұрмалаушылық анықталды. Сонымен, қызметті ұсынушы «Қолдау» РМК –мен негізсіз Аягөз гарнизонының әскери қалашығының тұрғын үйлерінің жылумен қамтылатын көлемі негізсіз ұлғайтылғаны анықталды, нәтижесінде жылу беру бойынша негізсіз төленген қызметтің жалпы сомасы 71087,1 мың теңгені құраған. Семей гарнизонының Әскери сотымен ҚР ҚМ «Қолдау» РМК Аягөз филиалынан жылу қуатын жеткізу бойынша негізсіз төленген қызметтер үшін 71087,7 мың теңге сомасындағы ақшалай қаражатты, республикалық бюджет кірісіне өндіру туралы 16.11.2009ж. №2-174/2009 шешім шығарылды. - «44293 Әскери бөлімшесі» ММ-де жалпы сомасы 63201,2 мың теңгег қаржылық бұрмалаушылықтар анықталды. Инспекция бақылау материалдарын құқыққорғау органдарына тапсырды, соның негізінде қылмыстық істер қозғалды, кінәлі адамдар сотталды. ^ Сонымен, Инспекция 2009 жылы облыстың 10 - аудандарымен қалаларының бюджеттеріне тексеру жүргізіп, соның қорытындысы бойынша жалпы сомасы 245490,7 мың теңгеге қржылық бұрмалаушылықтар анықталды, оның ішінде: - Тарбағатай ауданында 3812,4 мың теңге сомасына; - Зайсан ауданында -11665,8 мың теңге; - Көкпекті ауданында – 22118,9 мың теңге; - Күршім ауданында -4954,2 мың теңге; - Катон-Қарағай ауданында -3791,1 мың теңге; - Бесқарағай ауданында -18693,9 мың теңге; - Зырян ауданында - 22188,3 мың теңге; -Үржар ауданында -128876,7 мың теңге; - Риддер қаласында -27537,1 мың теңге; - және Курчатов қаласында 1852,3 мың теңге. Мысалы, ШҚО бойынша Қаржылық бақылау инспекциясының бақылау іс-шараларының жоспарымен ағымдағы жылдың қараша- желтоқсанында 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап 2009 жылдың 30 қыркүйегі аралығы кезеңіндегі Зырян ауданы бюджетінің әзірленуі және орындалуы бойынша жұмыс жағдайына ішкі кешенді бақылау жүргізілді. Осы ішкі бақылаумен объектілердің қызметінің ҚР Заңдарына сәйкестігі тексеріліп, бюджетті орындау процессінде 23 ұйым тексеумен қамтылып, оның 18-інде жалпы сомасы 22188,3 мың теңгеге қаржылық бұрмалаушылықтар анықталды, оның ішінде:
Сол сияқты, бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылықты есептілікті жасау бойынша 9912,6 мың теңгеге ұрмалаушылық анықталды. Және де, бақылау барысында жалпы сомасы 342552,2 мың теңге сомасына мемлекеттік сатып алу рәсімінің бұрмаланғаны анықталды. Барлық жіберілген бұрмалаушылықтардан бюджетке қайтаруға және қалпына келтіруге жататыны 7788,3 мың теңге, нақты қайтарылғаны және қалпына келтірілгені 6702,0 мың теңге. Сонымен қатар, бақылау нәтижелері бойынша шаралар қолдану әлі де жалғасуда, себебі бақылау материалдары бойынша жұмыстарды аяқтауды іске асыру мерзімдері әлі өткен жоқ. ^ Инспекция 2009 жылы құқыққорғау органдарына жалпы сомасы 3124727,6 мың теңгенің 110 бақылау материалы тапсырылды, бұл 2008 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2455113,0 мың теңге соманың 7 материалына артық, оның ішінде прокуратура органдарына -1984025,2 мың теңгенің 23 бақылау материалы, ішкі істер органдарына 129395,8 мың теңгенің 12 материалы, ҚР ҰҚК ШҚО бойынша Департаментіне- 576525,5 мың теңгенің 6 материалы және ШҚО бойынша Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша департаментіне -434781,1 мың теңгенің 69 материалы тапсырылды. Құқыққорғау органдарына тапсырылған 110 бақылау материалының 28-і бойынша 613576,1 мың теңге сомасына қылмыстық істер қозғалды, яғни 2008 жылға қарағанда 2,5 есеге артық, оның 125206,9 мың теңге сомасының 9 материалы сотқа тапсырылды. Олардың ішінде бүгінгі күні сотпен қылмыстық істер қаралып, 4 дауазымдық тұлғаға қатысты сот шешімі шығарылып, 5 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айыру үкімі шығарылды.
2009 жылдың өткен кезеңінде ШҚО бойынша Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында жалпы сомасы 128539,5 мың теңгеге конкурстарды ұйымдастыру және өткізу кезінде мемлекеттік сатып алу заңнамасы бойынша жіберілген бұрмалаушылықтар бойынша 4 азаматтық іс қозғалды, олар «Семей қаласының ТҮКШ, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ, «Ф.М.Достаевский атындағы тарихи-мемориалдық мұражайы» КМҚК, «Бородулиха ауданының құрылыс бөлімі» ММ және «Бесқарағай ауданының Қарамырза орта мектебі»ММ. Барлық жағдайларда, Сот, Инспекцияның тұжырымдарын қабылдады және өткізілген конкурстардың қорытындылары мен солардың қорытындысы бойынша бекітілген келісім шарттарды жарамсыз ретінде тануға қатысты талаптарын қанағаттандырды. |
![]() | 1 -тарау. Жұмыс жоспарының орындалуы Нақты, басқарма 568 объектіге тексеру жүргізді, оның құрамында: мемлекеттік мекемелер бойынша-451, шаруашылық жүргізуші субъектілер... | ![]() | 1 -тарау. Жұмыс жоспарының орындалуы Сонымен қатар тексерулердің жалпы саны -663 құрады, жоспардан тыс кешенді бақылау облыс бойынша 25 объектіге жүргізілді, олар Комитетте... |
![]() | 1 -тарау. Жұмыс жоспарының орындалуы Сонымен қатар тексерулердің жалпы саны -500 құрады, жоспардан тыс кешенді бақылау облыс бойынша 25 объектіге жүргізілді, олар Комитетте... | ![]() | 1 -тарау. Жұмыс жоспарының орындалуы Сонымен қатар тексерулердің жалпы саны -141 құрады, жоспардан тыс кешенді бақылау облыс бойынша 17 объектіге жүргізілді, олар Комитетте... |
![]() | 2007 жылдың 1 тоқсаны бойынша бақылау жұмысының нәтижелері 1 -тарау. Жұмыс жоспарының орындалуы Нақты, басқарма 111 объектіге тексеру жүргізді, оның құрамында: мемлекеттік мекемелер бойынша-81, шаруашылық жүргізуші субъектілер... | ![]() | 2005 жылдың бақылау нәтижелері туралы түсіндірме жазба 1 тарау. Жұмыс жоспарының орындалуы Жоспарына сәйкес 394 бақылау нысанында бақылау жүргізу көзделген. Басқарма іс жүзінде 433 нысанда, оның ішінде: 294 мемлекеттік мекеме... |
![]() | Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің 2011 жылғы жұмыстарының қорытындылары және «Қрса 2011–2015 жылдарға арналған Стратегиялық жоспарының іске асырылуы, Қрса операциялық жоспарының орындалуы, 2011 жылға аумақтық... | ![]() | Бекітемін вишневый селолық округінің әкімі С. Кононенко Федоров ауданының 2006-2010 жылға арналған жемқорлықпен күрес Бағдарламасының 2009-2010 ж жұмыс Жоспарының орындалуы туралы |
![]() | Оңтүстік Қазақстан облысында жастар саясатының 2008- 2010 жылдарға арналған аймақтық бағдарламасын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарының 2009 жылдың маусым айына дейін орындалуы жөнінде мәлімет Бағдарламасын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарының 2009 жылдың маусым айына дейін орындалуы жөнінде мәлімет | ![]() | Қаржыландыру жоспарының орындалуы туралы есеп |