Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы Ғ. С. Тұрсынбаевқа icon

Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы Ғ. С. Тұрсынбаевқа



НазваниеШығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы Ғ. С. Тұрсынбаевқа
Дата конвертации13.01.2013
Размер60.46 Kb.
ТипДокументы
источник



Шығыс Қазақстан облысы

әкімі аппаратының басшысы

Ғ.С.Тұрсынбаевқа


Шығыс Қазақстан облысы бойынша қазынашылық департаменті Әкім сайтына орналастыру үшін «Шығыс Қазақстан облысы бойынша қазынашылық департаментінің 2010 жылдың жұмыс қорытындылары туралы ақпарат» есебін мемлекеттік және орыс тілдерінде жолдайды.

Қосымша 6 бетте.


Сіздің 17.01.2011 ж. шығ. № 6/157 хатыңызға бірінші басшы туралы мәліметтердің өзгермендігі жөнінде хабарлаймыз.


Бастықтың орынбасары М. Төлегенұлы


Дайынд. Қалиева Л.А.

тел. 26-16-29


Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитеті Шығыс Қазақстан облысы бойынша қазынашылық департаментінің

2010 жылдың жұмыс қорытындылары туралы ақпарат


Есептік кезеңде Шығыс Қазақстан облысы бойынша қазынашылық департаментінің қызметі мемлекеттік бюджетті сапалы және уақтылы атқаруға, бюджет кірістері мен шығыстары туралы нақты есеп-қисапты жасауға, қазынашылықтың ақпараттық жүйесі қызметінің қауіпсіздік деңгейгін сақтауға және арттыруға бағытталған.

Қазынашылық департаментінде ^ 139 республикалық бюджеттегі, 1444 жергілікті бюджеттегі мемлекеттік мекемеге қызмет көрсетіліп, олар үшін жүйеде 2076 код пен шот ашылды.

2011 жылғы 1 қаңтарына жағдайға қарасты облыс бойынша мемлекеттік бюджет кірісіне 298 710,6 млн. теңге түсті. 284 704,8 млн. теңге сомаға мемлекеттік мекемелердің кассалық шығыстары жүргізілді.

Есептік кезеңде облыс бюджеті ^ 99,2 %-ға игеріліп, төлемдер бойынша жоспарда көзделген 161 422,8 млн. теңгенің нақты шығысы 160 109,7 млн. теңгені құрады (өзара өтеу операцияларынсыз).

Есептік кезеңде ҚБАЖ жүйесі арқылы 1 570 620 төлем құжаты, оның ішінде кіріс операциялары бойынша –899 022, шығыс операциялары бойынша –671 598 құжат жүргізіліп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда, өсімі 6,1 %.

Міндеттемелер мен төлемдер бойынша жиынтық және жеке қаржыландыру жоспарларына өзгірістер енгізуге ^ 37 353 анықтама енгізіліп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өсімі 7,3 % құрады.

Мемлекеттік мекемелердің міндеттемелерін тіркеуге 50 141 өтінім бекітіліп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өсімі 24,7 %.

Қате ресімделіп, мемлекеттік мекемелерге орындаусыз қайтарылатын құжаттар бюджеттің уақтылы және сапалы атқарылуына кері әсер етеді.

Есептік кезеңде қазынашылыққа ^ 782 828 өтінім мен төлем шоты түсіп, олардың 61 138 -сы, немесе 7,8 % орындаусыз қайтарылды.

Қазынашылық департаменті мен аумақтық қазынашылық бөлімшелер қазынашылық органдарына ұсынылатын құжаттарды ресімдеу жөнінде бюджеттік заңнаманың және басқа да нормативтік-құқықтық актілердің талаптарын түсіндіруде белгілі жұмыстар атқарады.

Қазынашылық департаменті қайтаруларға талдау жасап, нәтижелерін бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне және мемлекеттік мекеме басшыларына ай сайын хабарлап отырады.

Қазынашылық-клиент жүйесін енгізуге даярлық жұмыстары жүргізіліп, электрондық-цифрлық қолтаңбаны пайдалану жөнінде ММ келісімдерге қол қойылды. ММ қызметкерлеріне ақшалай төлемдерді жүргізгенде, электрондық-цифрлық қолтаңба қолданылады.


«Жол картасында» көзделген іс-шараларды іске асыруға бөлінген бюджет қаражатының уақтылы және мақсатқа сай пайдаланылуына алдын ала және ағымдағы бақылау жүргізіліп тұрады.

Есептік кезеңде «Жол картасы» бағдарламасы бойынша 11 762,9 млн.теңге, соның ішінде республикалық бюджеттен берілген трансферттер есебінен 8 142,4 млн. теңге, жергілікті бюджеттер есебінен 3 620,5 млн.теңге бөлінді.

Есептік кезеңде жалпы Шығыс Қазақстан облысы бойынша «Жол картасы» бағдарламасының қаражаты ^ 99,8 %-ға игеріліп, төлемдер бойынша жоспарда көзделген 11 762,9 млн. теңгенің кассалық шығысы 11 745,0 млн.теңгені құрады.

Кәсіби даярлықты арттыру мақсатымен Департамент пен аудандық (қалалық) қазынашылық басқарма қызметкерлері үшін бюджеттік заңнама, қауіпсіздікке қатысты нормативтік құқықтық актілер, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасы бойынша оқу ұйымдастырылып, өткізіледі.

Тоқсан сайын аудандық (қалалық) қазынашылық басқарма қызметін рейтингілік бағалау жүргізіледі.


Департамент ұжымында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Жаңа онжылдық-жаңа экономикалық өрлеу-Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауы талқыланды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама мен жеке табыс және мүлік салығы бойынша мәліметтерді дұрыс толтыру мәселесі жөнінде семинар-кеңес ұйымдастырылып, өткізілді.

Мамыр айында жаңа банктік деректемелерге ауысуға байланысты, республикалық және жергілікті бюджеттегі мемлекеттік мекемелермен семинар-кеңес өткізілді.

Есептік кезеңде Қазынашылық департаментінде 4 алқа мәжілісі өткізілді. Онда Шығыс Қазақстан облысы бойынша қазынашылық департаменті мен оның құрылымдық және аумақтық бөлімшелерінің 2009 жылғы жұмыс қорытындылары қаралып, алдағы кезеңдегі міндеттері айқындалды, 2009 жылғы бюджеттердің атқарылуы жөніндегі есептерді салыстырып тексеру нәтижелері, 2010 жылы жергілікті бюджеттердің қаржыландыру жоспарларын жүргізу ерекшеліктері, «Қазынашылық-клиент» жүйесін енгізуге даярлық жұмыстарының және аумақтық қазынашылық бөлімшелердегі кадрлық және ұйымдастыру жұмысының жай-күйі, 2010 жылғы 1 жартыжылдықтың, және 9 айдын жұмыс қорытындылары, аумақтық қазынашылық бөлімшелеріндегі қауіпсіздіктің жай-күйі қаралды.


Қазынашылық департаментінің штат саны 330 бірліктен тұрады, оның ішінде Департамент аппаратында – 114, аудандық (қалалық) басқармаларда – 216 адам .

Бекітілген кестеге сәйкес, Департамент аппаратының, және аудандық (қалалық) басқармаларының 33 мемлекеттік қызметшісі аттестаттаудан өтті.

Қазынашылық департаментінің 9 маманы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінде біліктілігін арттыру курсында оқыды.

Аумақтық қазынашылық бөлімшелерін ведомстволық бақылау бөлімі Зырян, Ұлан, Көкпекті, Аягөз, Үржар, Абай, Бескарағай,Шемонаиха және Семей аудандық (қалалық) қазынашылық басқармаларында аудиторлық тексеру жүргізді.

2010 жылы мемлекеттік тілді оқытуға 872,7 мың теңге бөлінген. Шығыс Қазақстан Мемлекеттік университеті, Алматы қ. Элиталық курстары, Глубокое оқыту орталығы ұйымдастырған курстарда аумақтық қазынашылық бөлімшелерінің 56 маманы оқып жүр.

Есептік кезеңде «Нұр Отан» ХДП жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі республикалық қоғамдық кеңесі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінде және оның аумақтық бөлімшелерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету жұмысының жағдайын қарап, заң бұзушылықтарды анықтаған жоқ. Департаментте сыбайлас жемқорлық заң бұзушылықтарына жол бермеу жөнінде жұмыстар тұрақты түрде жүргізіледі. Департаменттің барлық мемлекеттік қызметшілері табыстар туралы мағлұмдаманы салық органына уақтылы тапсырды.

Есептік кезеңде облыстық бұқаралық ақпарат құралдарында қазынашылықтың қызметі мен оның алдына қойылған міндеттерді түсіндіру мақсатымен Абай, Аягөз, Бескарағай, Бородулиха, Глубокое, Жарма, Көкпекті, Курчатов, Күршім, Риддер, Семей, Тарбағатай, Ұлан, Үржар және Шемонаиха аудандық (қалалық) қазынашылық басқармаларының мақалалары жарияланды.


Қайырымдылық көмек көрсету жұмыстары үнемі жүргізілуде. Тарбағатай ауданында су тасқынынан зардап шеккендерге бір күндік жалақы мөлшерінде, Алматы облысы Қызылағаш ауылының тұрғындарына, Жеткілікті қамтамасыз етілмеген азаматтарды қолдау қорына, сондай-ақ емделу үшін Күршім және Глубокое аудандық қазынашылық басқарма қызметкерлеріне материалдық көмек көрсетіліп, жалпы сомасы 934 680 теңге қаражат аударылды

Ұлы Жеңістің 65 жылдығын мерекелеуге байланысты Қазынашылық департаментінде өткізілген салтанатты іс-шараға Ұлы Отан соғысының ардагерлері шақырылды. Оларға гүл шоғы мен бағалы сыйлықтар табыстады. Бұл іс-шара «Калкен-ТВ» телеарнасы арқылы көрсетілді.

Халықаралық балаларды қорғау күніне, жана жыл қарсаңында Департамент ұжымы ақшалай қаражат жинады. Жасөспірімдер үйі әкімшілігімен келісе отырып, бұл қаражатқа «Светоэффект» музыкалық аппаратурасы, 2 сахналық костюмдер және кондитер, жемістер, балмурздақ тағамдары сатып алынды.


ШҚО бойынша қазынашылық департаментінің құрама командасы мемлекеттік қызметшілер арасында өткізілген ХІ облыстық спартакиадаға белсене қатысып, жалпы командалық бірінші орынға ие болды..

Қыркүйек айында Қазақстан халқы тілдері мерекесі шеңберінде Қазынашылық департаментінде «Ел бірлігі – тәуелсіздік тұғыры» атты фестиваль, аумақтық қазынашылық бөлімшелерінде дөңгелек үстел, конкурстар, концерттік бағдарламалар өткізілді


ШҚО бойынша қазынашылық

департаментінің бастығының орынбасары М. Төлегенұлы



Похожие:

Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы Ғ. С. Тұрсынбаевқа iconБекітемін: Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы Н. Шерубаев
Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының ішкi бақылау және талдау қызметі (бұдан әрi Қызмет) Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының...
Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы Ғ. С. Тұрсынбаевқа iconБекітемін: Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы Н. Шерубаев
Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі (бұдан әрі – Бөлім) Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының...
Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы Ғ. С. Тұрсынбаевқа iconБекітемін: Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы Н. Шерубаев
Облыс әкімі аппаратының кадрлық жұмыс және награда бөлімі (бұдан әрі – бөлім) Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының құрылымдық...
Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы Ғ. С. Тұрсынбаевқа icon«бекітемін» Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы Н. Шерубаев
Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының құқық қорғау органдарымен жұмыс жөніндегі бөлім туралы
Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы Ғ. С. Тұрсынбаевқа icon«Бекітемін» Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы
...
Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы Ғ. С. Тұрсынбаевқа iconБекітемін: Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы Н. Шерубаев
Сыртқы байланыстар және хаттама бөлімі (бұдан әрі – Бөлім) Шығыс Қазақстан облысы аппаратының (бұдан әрі Аппарат) құрылымдық бөлімшесі...
Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы Ғ. С. Тұрсынбаевқа iconСкбб-19/2790 12. 05. 2011ж. Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы Н. Шерубаевқа
Шығыс Қазақстан облысы бойынша Салық департаменті ШҚО әкімінің сайтында келесі ақпаратты орналастыруды сұрайды
Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы Ғ. С. Тұрсынбаевқа iconШығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы
Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қазынашылық департаменті Әкім сайтына орналастыру үшін «Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қазынашылық...
Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы Ғ. С. Тұрсынбаевқа iconШығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы
Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қазынашылық департаменті Әкім сайтына орналастыру үшін «Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қазынашылық...
Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы Ғ. С. Тұрсынбаевқа iconШығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы
«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитеті Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қазынашылық департаментінің 2012 жылғы...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы