Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы icon

Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы



НазваниеШығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы
Дата конвертации13.01.2013
Размер44.17 Kb.
ТипДокументы
источник



Шығыс Қазақстан облысы

әкімі аппаратының басшысы

Н.Шерубаевқа


Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қазынашылық департаменті Әкім сайтына орналастыру үшін «Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қазынашылық департаментінің 2011 жылғы 9 айындағы жұмыс қорытындылары туралы» есепті мемлекеттік және орыс тілдерінде жолдайды.

Қосымша 4 бетте.


Бастық М.Төлегенұлы


Дайынд. Қалиева Л.А.

тел. 26-16-29


Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитеті Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қазынашылық департаментінің

2011 жылғы 9 айындағы жұмыс қорытындылары


Есептік кезеңде Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қазынашылық департаментінің қызметі мемлекеттік бюджеттің сапалы және уақтылы атқарылуын қамтамасыз етуге, бюджеттің кірістері мен шығыстары туралы нақты есеп-қисапты қалыптастыруға, қазынашылықтың ақпараттық жүйесінің қауіпсіздік деңгейін сақтауға және арттыруға бағытталған.

Есептік кезеңде Қазынашылық департаментінде 141 республикалық бюджеттегі, 1431 жергілікті бюджеттегі мемлекеттік мекемеге қызмет көрсетіліп, олар үшін жүйеде 2099 код пен шот ашылды.

2011 жылғы 1 қазандағы жағдайға қарасты облыс бойынша мемлекеттік бюджет кірісіне 265 531,5 млн. теңге түсіп, өткен кезеңмен салыстырғанда кірістер 45 813,7 млн. теңгеге, немесе 20,9 %-ға артылды.

243 760,6 млн. теңге сомаға мемлекеттік мекемелердің кассалық шығыстары жүргізіліп, 2010 жылмен салыстырғанда шығыстар 28 323,1 млн. теңгеге, немесе 13,2 %-ға артылды.

Есептік кезеңде облыс бюджеті 94,6 %-ға игеріліп, төлемдер бойынша жоспарда көзделген 141 070,4 млн. теңгенің нақты шығысы 133 398,2 млн. теңгені құрады (өзара өтелетін операцияларынсыз).

Есептік кезеңде ҚБАЖ жүйесі арқылы 1 232 164 төлем құжаты, оның ішінде кіріс операциялары бойынша – 697 583, шығыс операциялары бойынша – 534 581 құжат жүргізілді.

Міндеттемелер мен төлемдер бойынша жиынтық және жеке қаржыландыру жоспарларына өзгірістер енгізуге арналған 25 804 анықтама енгізілді.

Мемлекеттік мекемелердің міндеттемелерін тіркеуге арналған 27 484 өтінім бекітілді.


Қате ресімделіп, мемлекеттік мекемелерге орындаусыз қайтарылатын құжаттар бюджеттің уақтылы және сапалы атқарылуына кері әсер етеді.

Есептік кезеңде қазынашылыққа 586 114 өтінім мен төлем шоты түсіп, олардың 39 621-і, немесе 6,7 % орындаусыз қайтарылды.

Қазынашылық департаменті қайтаруларға талдау жасап, нәтижелерін бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне және мемлекеттік мекеме басшыларына ай сайын хабарлап отырды.

Қазынашылық департаменті мен оның аумақтық бөлімшелері қазынашылық органдарына ұсынылатын құжаттарды ресімдеу жөніндегі бюджеттік заңнаманың және басқа да нормативтік құқықтық актілердің талаптарын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 26.02.2009 жылғы № 220 қаулысымен бекітілген «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесіне» енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды түсіндіруде белгілі жұмыстар атқарады. 2011 жылдың 9 айында мемлекеттік мекемелермен 48 семинар-кеңес өткізілді.


Бекітілген кестеге сәйкес, 102 мемлекеттік қызметші аттестаттаудан өтіп, Департамент пен аумақтық қазынашылық бөлімшелерінің 59 маманы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінде біліктілігін арттыру курстарында оқыды. Аттестатция нәтижелері бойынша Департаменттің екі маманы кадрлар резервіне тіркелді.

Бекітілген кестеге сәйкес, Департаменттің 10 маманы бюджеттік заңнама мен мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша қашықтық режімінде оқыту курсын аяқтады.

2011 жылы 133 мемлекеттік қызметшіге (Департаментте – 49, АҚБ – 84) мемлекеттік тілді оқыту ісіне 1889,0 мың теңге бөлініп, 1459,4 мың теңгеге шарттар жасалды.

Қазақстан халқының тілдері күніне орай Қазынашылық департаментінде орыстілді қызметшілер арасында мемлекеттік тілді білуден конкурс өткізіліп, конкурсқа қатысушылар курста алған білімдерін көрсетті.


Есептік кезеңде Қазынашылық департаментінде 4 алқа отырысы өткізілді. Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қазынашылық департаменті мен оның аумақтық бөлімшелерінің 9 айдағы жұмыс қорытындылары және жылды ойдағыдай аяқтаудағы міндеттері қаралды.

Облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша Қазынашылық департаменттерінің қызметіне жүргізген рейтингтік бағалау қорытындылары бойынша Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қазынашылық департаменті 3 орынға ие болды.

Қазынашылық депаратменті аудандық және қалалық қазынашылық басқармалалының қызметін рейтингтік бағалау қорытындыларын тоқсан сайын шығарып отырды. Талдау жасау және тиісті шаралар қолдану үшін рейтингтік бағалау қорытындылары аумақтық бөлімшелерге жеткізіліп тұрды.


Қазынашылық департаментінің ведомстволық бақылау бөлімі Жарма, Тарбағатай, Зайсан, Катонқарағай, Риддер, Күршім, Бородулиха, Курчатов аудандық (қалалық) қазынашылық басқармаларында аудиторлық тексерістер жүргізді.

Облыстың қоғамдық өміріне, спорттық және мерекелік іс-шараларға қатысу, Наурыз мейрамы, Қазақстан халқының бірлігі күні, Қазақстан Республикасының Конституциясы күні мен ҚР Мемлекеттік рәміздері күнін мерекелеу жұмыстары үнемі жүргізілуде.

Ұлы Жеңіс күніне орай Департамент қызметкерлері Ұлы Отан соғысының ардагерлерін үйлеріне барып құттықтап, оларға гүл шоқтары мен мерекелік сыйлықтар табыстады және Қазынашылық департаментінде өткізілген салтанатты іс-шараға шақырды.

Балаларды қорғау күні қарсаңында Департамент қызметкерлері балаларының сурет көрмесі өткізілді және Өскемен қ. жасөспірімдер үйіне спорттық мүлік сатып алынды.

2011 жылдың 1 қазанында Халықаралық қарттар күніне орай Ұлы Отан соғысының ардагері Л.П.Семиннің суреттерінің көрмесі ұйымдастырылып, жергілікті телеарна арқылы көрсетілді. Барлық аудандық (қалалық) қазынашылық басқармаларда мерекелік іс-шаралар өткізіліп, қайырымдылық көмек көрсетілді.


Бекітілген медиа-жоспарға сәйкес, бұқаралық ақпарат құралдарында Абай, Аягөз, Бесқарағай, Глубокое, Зайсан, Көкпекті, Күршім, Риддер, Ұлан, Үржар аудандық (қалалық) қазынашылық басқармаларының қызметі туралы материалдар жарияланды.


ШҚО бойынша Қазынашылық

департаментінің бастығы М.Төлегенұлы



Похожие:

Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы iconБекітемін: Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы Н. Шерубаев
Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының ішкi бақылау және талдау қызметі (бұдан әрi Қызмет) Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының...
Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы iconБекітемін: Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы Н. Шерубаев
Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі (бұдан әрі – Бөлім) Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының...
Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы iconБекітемін: Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы Н. Шерубаев
Облыс әкімі аппаратының кадрлық жұмыс және награда бөлімі (бұдан әрі – бөлім) Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының құрылымдық...
Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы icon«бекітемін» Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы Н. Шерубаев
Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының құқық қорғау органдарымен жұмыс жөніндегі бөлім туралы
Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы icon«Бекітемін» Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы
...
Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы iconБекітемін: Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы Н. Шерубаев
Сыртқы байланыстар және хаттама бөлімі (бұдан әрі – Бөлім) Шығыс Қазақстан облысы аппаратының (бұдан әрі Аппарат) құрылымдық бөлімшесі...
Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы iconСкбб-19/2790 12. 05. 2011ж. Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы Н. Шерубаевқа
Шығыс Қазақстан облысы бойынша Салық департаменті ШҚО әкімінің сайтында келесі ақпаратты орналастыруды сұрайды
Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы iconШығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы
Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қазынашылық департаменті Әкім сайтына орналастыру үшін «Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қазынашылық...
Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы iconШығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы Ғ. С. Тұрсынбаевқа
Шығыс Қазақстан облысы бойынша қазынашылық департаменті Әкім сайтына орналастыру үшін «Шығыс Қазақстан облысы бойынша қазынашылық...
Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы iconШығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы
«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитеті Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қазынашылық департаментінің 2012 жылғы...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы