Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы icon

Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы



НазваниеШығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы
Дата конвертации13.01.2013
Размер36.42 Kb.
ТипДокументы
источник



Шығыс Қазақстан облысы

әкімі аппаратының басшысы

Н.Шерубаевқа


Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қазынашылық департаменті Әкім сайтына орналастыру үшін «Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қазынашылық департаментінің 2011 жылғы 1 тоқсандағы жұмыс қорытындылары туралы» есепті мемлекеттік және орыс тілдерінде жолдайды.

Қосымша 4 бетте.


Бастықтың міндетін атқарушы М.Төлегенұлы


Дайынд. Қалиева Л.А.

тел. 26-16-29


Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитеті Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қазынашылық департаментінің

2011 жылғы 1 тоқсандағы жұмыс қорытындылары туралы


Есептік кезеңде Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қазынашылық департаментінің қызметі мемлекеттік бюджетті сапалы және уақтылы атқаруға, нақты есеп-қисапты жасауға, қазынашылықтың ақпараттық жүйесі қызметінің қауіпсіздік деңгейгін сақтауға бағытталған.

Есептік кезеңде Қазынашылық департаментінде ^ 160 республикалық бюджеттегі, 1414 жергілікті бюджеттегі мемлекеттік мекемеге қызмет көрсетіліп, олар үшін жүйеде 2095 код пен шот ашылды.

2011 жылғы 1 сәуірдегі жағдайға қарасты облыс бойынша мемлекеттік бюджет кірісіне 76 184,9 млн. теңге түсті. 66 271,8 млн. теңге сомаға мемлекеттік мекемелердің кассалық шығыстары жүргізілді.

Есептік кезеңде облыс бюджеті ^ 95,9 %-ға игеріліп, төлемдер бойынша жоспарда көзделген 35 884,6 млн. теңгенің нақты шығысы 34 396,5 млн. теңгені құрады (өзара өтелетін операцияларынсыз).

Есептік кезеңде ҚБАЖ жүйесі арқылы ^ 355 037 төлем құжаты, оның ішінде кіріс операциялары бойынша – 207 895, шығыс операциялары бойынша – 147 142 құжат жүргізілді

Міндеттемелер мен төлемдер бойынша жиынтық және жеке қаржыландыру жоспарларына өзгірістер енгізуге ^ 6794 анықтама енгізілді.

Мемлекеттік мекемелердің міндеттемелерін тіркеуге арналған 12 800 өтінім бекітілді.

Қате ресімделіп, мемлекеттік мекемелерге орындаусыз қайтарылатын құжаттар бюджеттің уақтылы және сапалы атқарылуына кері әсер етеді.

Есептік кезеңде қазынашылыққа ^ 174 080 өтінім мен төлем шоты түсіп, олардың 13 685-сі, немесе 7,8 % орындаусыз қайтарылды.

Қазынашылық департаменті мен аумақтық қазынашылық бөлімшелер қазынашылық органдарына ұсынылатын құжаттарды ресімдеу жөнінде бюджеттік заңнаманың және басқа да нормативтік-құқықтық актілердің талаптарын түсіндіруде белгілі жұмыстар атқарады.

Қазынашылық департаменті қайтаруларға талдау жасап, нәтижелерін бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне және мемлекеттік мекеме басшыларына ай сайын хабарлап отырады.

Қазынашылық-клиент жүйесін енгізуге даярлық жұмыстары жүргізіліп, компьютерлік техникамен жабдықтауға қойылатын талаптар мемлекеттік мекемелерге жеткізілді. Облыс әкіміне тиісті компьютер және ұйымдастыру техникасымен қамтамасыз етуде мемлекеттік мекемелерге көмек көрсету туралы хат жолданды.

2011 жылдың ақпан айында Қазынашылық департаменті алқасының отырысы өткізілді. Отырыста Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қазынашылық департаменті мен оның құрылымдық және аумақтық бөлімшелерінің 2010 жылғы жұмыс қорытындылары қаралып, алдағы кезеңдегі міндеттері айқындалды, сондай-ақ 2010 жылғы рейтингтік бағалау қорытындылары, 2010 жылы республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуы жөніндегі жылдық есептерді ұсыну нәтижелері, аудандық (қалалық) қазынашылық басқармаларының қаржыландыру жоспарларын ҚБАЖ жүйесіне енгізу сапасы, 2010 жылы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді аттестаттау қорытындылары қаралып, Қазынашылық департаменті алқасының 2011 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілді.

Кәсіби даярлықты арттыру мақсатымен Департамент пен аудандық (қалалық) қазынашылық басқарма қызметкерлері үшін бюджеттік заңнама, қауіпсіздікке қатысты нормативтік құқықтық актілер, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамасы, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасы бойынша оқу ұйымдастырылып, өткізіледі. Департаменттің барлық мемлекеттік қызметшілері табыстар туралы мағлұмдаманы салық органына уақтылы тапсырды.

Қазынашылық департаментінің штат саны 330 бірліктен тұрады, нақты жұмыс істейтіндері – 330 адам, оның ішінде Департамент аппаратында – 114, аудандық (қалалық) басқармаларда – 216 адам.

Бекітілген кестеге сәйкес, 19 мемлекеттік қызметші аттестаттаудан өтті.

2011 жылы мемлекеттік қызметшілерге мемлекеттік тілді оқыту ісіне 1889,0 мың теңге бөлінді.

Аумақтық қазынашылық бөлімшелерін ведомстволық бақылау бөлімі Жарма аудандық қазынашылық басқармасында аудиторлық тексеріс жүргізді.

Бекітілген медиа-жоспарға сәйкес, облыстық бұқаралық ақпарат құралдарында Зайсан, Күршім аудандық қазынашылық басқармаларының материалдары жарияланды.

Департамент пен аудандық (қалалық) қазынашылық басқармаларында «Наурыз мейрамы» мерекелік іс-шаралар өткізілді.


ШҚО бойынша Қазынашылық департаменті

бастығының міндетін атқарушы М.Төлегенұлы



Похожие:

Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы iconБекітемін: Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы Н. Шерубаев
Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының ішкi бақылау және талдау қызметі (бұдан әрi Қызмет) Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының...
Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы iconБекітемін: Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы Н. Шерубаев
Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі (бұдан әрі – Бөлім) Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының...
Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы iconБекітемін: Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы Н. Шерубаев
Облыс әкімі аппаратының кадрлық жұмыс және награда бөлімі (бұдан әрі – бөлім) Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының құрылымдық...
Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы icon«бекітемін» Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы Н. Шерубаев
Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының құқық қорғау органдарымен жұмыс жөніндегі бөлім туралы
Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы icon«Бекітемін» Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы
...
Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы iconБекітемін: Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы Н. Шерубаев
Сыртқы байланыстар және хаттама бөлімі (бұдан әрі – Бөлім) Шығыс Қазақстан облысы аппаратының (бұдан әрі Аппарат) құрылымдық бөлімшесі...
Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы iconСкбб-19/2790 12. 05. 2011ж. Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы Н. Шерубаевқа
Шығыс Қазақстан облысы бойынша Салық департаменті ШҚО әкімінің сайтында келесі ақпаратты орналастыруды сұрайды
Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы iconШығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы
Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қазынашылық департаменті Әкім сайтына орналастыру үшін «Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қазынашылық...
Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы iconШығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы Ғ. С. Тұрсынбаевқа
Шығыс Қазақстан облысы бойынша қазынашылық департаменті Әкім сайтына орналастыру үшін «Шығыс Қазақстан облысы бойынша қазынашылық...
Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы iconШығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы
«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитеті Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қазынашылық департаментінің 2012 жылғы...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы