Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы icon

Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы



НазваниеШығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы
Дата конвертации13.01.2013
Размер43.56 Kb.
ТипДокументы
источник



Шығыс Қазақстан облысы әкімі

аппаратының басшысы

Е.Жылқыбаевқа


Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қазынашылық департаменті Әкім сайтына орналастыру үшін «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитеті Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қазынашылық департаментінің 2012 жылғы 1 тоқсандағы жұмыс қорытындылары» ақпаратты мемлекеттік және орыс тілдерінде жолдайды.

Қосымша 4 бетте.


Бастық М.Төлегенұлы


Дайынд. Мусина М.Д.

тел. 26-29-16


Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитеті Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қазынашылық департаментінің

2012 жылғы 1 тоқсандағы жұмыс қорытындылары


Есептік кезеңде Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қазынашылық департаментінің қызметі мемлекеттік бюджетті сапалы әрі уақтылы атқаруды қамтамасыз етуге, жергілікті бюджеттердің атқарылуына қызмет көрсетуге, нақты есеп-қисапты жасауға, мемлекеттік мекемелермен жүргізілетін жұмысты тиімді ұйымдастыруға бағытталған.

Есептік езеңде Қазынашылық департаментінде 126 республикалық бюджеттегі, 1452 жергілікті бюджеттегі мемлекеттік мекемеге, 9 КМСС (квазимемлекеттік сектор) қызмет көрсетіліп, олар үшін жүйеде 2122 код пен шот ашылды.

Есептік кезеңде облыс бойынша мемлекеттік бюджет кірісіне 106 195,3 млн. теңге түсіп, өткен кезеңмен салыстырғанда кірістер 30 010,3 млн. теңгеге, немесе 13,4 %-ға артылды.

89 602,5 млн. теңгеге мемлекеттік мекемелердің кассалық шығыстары жүргізіліп, 2010 жылмен салыстырғанда шығыстар 23 315,9 млн. теңгеге, немесе 35,2 %-ға артылды.

Облыс бюджеті 93,4 %-ға игеріліп, төлемдер бойынша жоспарда көзделген 54 718,0 млн. теңгенің нақты шығысы 51 123,9 млн. теңгені құрады (өзара өтелетін операцияларынсыз).

Қазынашылық жүйесі арқылы 382 164 төлем құжаты, оның ішінде кіріс операциялары бойынша – 204 446, шығыс операциялары бойынша – 160 951 құжат жүргізілді.

Міндеттемелер мен төлемдер бойынша жиынтық және жеке қаржыландыру жоспарларына өзгірістер енгізуге 7 225 анықтама енгізіліп, өткен кезеңмен салыстырғанда 431 анықтамаға, немесе 6,3 %-ға артылды.

Мемлекеттік мекемелердің міндеттемелерін тіркеуге 12 969 өтінім бекітіліп, өткен кезеңмен салыстырғанда 169 өтінімге, немесе 1,3 %-ға артылды.


Қазынашылық департаменті мен оның аумақтық бөлімшелері қазынашылық органдарына ұсынылатын құжаттарды ресімдеу жөніндегі бюджеттік заңнаманың және басқа да нормативтік құқықтық актілердің талаптарын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 26.02.2009 жылғы № 220 қаулысымен бекітілген «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесіне» енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды түсіндіруде белгілі жұмыстар атқарады.

2012 жылдың 1 тоқсанында мемлекеттік мекемелермен 15 семинар-кеңес өткізілді.


Ағымдағы жылдың ақпан айында Қазынашылық департаментінде алқа отырысы өткізілді. Онда Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қазынашылық департаменті мен оның құрылымдық және аумақтық бөлімшелерінің 2011 жылғы жұмыс қорытындылары қаралып, алдағы кезеңдегі міндеттері айқындалды, 2011 жылғы рейтингтік бағалау қорытындылары, 2011 жылғы бюджеттердің атқарылуы жөніндегі есептерді салыстырып тексеру және аумақтық қазынашылық бөлімшелерінің жылдық есептерді тапсыру нәтижелері, мемлекеттік қызметшілерді аттестаттау қорытындылары, қаржыландыру жоспарының орындалуы, мемлекеттік сатып алу мәселелері қаралды.


Қазынашылық департаментінің штат саны 330 бірліктен тұрады, нақты жұмыс істейтіндері – 330 адам, оның ішінде Департамент аппаратында – 114, аудандық (қалалық) басқармаларда – 216 адам.

Бекітілген кестеге сәйкес, 19 мемлекеттік қызметші аттестаттаудан өтті.

«Бос лауазымдарға орналасқанда және аттестаттау жүргізгенде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінде әңгімелесу өткізудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің 2010 жылғы 11 тамыздағы № Ж-124 бұйрығына сәйкес, Департамент пен аумақтық қазынашылық бөлімшелері мемлекеттік қызметшілерінің кәсіби біліктілігін және жеке қасиеттерін бағалауда 2-кезеңдік әңгімелесу өткізу үшін Қазынашылық департаментінің аттестациялық комиссиясы құрылды.

Есептік кезеңде 7 адам қабылданып, 11 мемлекеттік қызметші жұмыстан босатылды. Қазынашылық департаментінің 5 маманы жоғары қызметке тағайындалды.


Қазынашылық департаментінің ведомстволық бақылау бөлімі Үржар аудандық қазынашылық басқармасында ведомстволық бақылау жүргізді.

28.02.2011 жылғы № 31 ҚПҮ Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің құрылымдық және аумақтық бөлімшелерінде ведомстволық бақылау ұйымдастыру тәртібіне сәйкес, барлық аумақтық бөлімшелерде мемлекеттік мекемелердің МТ-102 форматында ұсынылған және өткізілген төлем шоттары бойынша ақша алушылардың электрондық тізімдеріндегі электрондық-цифрлық қолтаңбаның түпнұсқалығына, инкассолық өкімдерге қашықтықтан бақылау жүргізілді.

Орын алған заң бұзушылықтар үшін Департамент пен аумақтық қазынашылық бөлімшелерінің бұйрықтарымен 4 ескерту, 1 ескертпе, 3 сөгіс, 3 қатаң сөгіс және қызметіне толық сәйкес келмейтіні туралы 1 ескерту жарияланды.


Департаментте сыбайлас жемқорлық заң бұзушылықтарына жол бермеу жөніндегі жұмыстар, облыстың қоғамдық өміріне, спорттық және мерекелік іс-шараларға қатысу, қайырымдылық көмек көрсету шаралары үнемі жүргізілуде.

Департаменттің барлық мемлекеттік қызметшілері 2011 жылғы табыс салығы мен мүлік туралы мағлұмдаманы уақтылы тапсырды.


Департамент пен аумақтық бөлімшелерде 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» Елбасының Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауы талқыланды.

Мемлекеттік қызметшілер арасында өткізілген XII облыстық спартакиаданың қорытындылары бойынша ШҚО Қазынашылық департаменті I жалпыкомандалық орынға ие болды.

Есептік кезеңде бұқаралық ақпарат құралдарында Күршім, Риддер, Шемонаиха аудандық (қалалық) қазынашылық басқармаларының қызметі мен алдағы міндеттері туралы мақалалары жарияланды.


Бастық М.Төлегенұлы



Похожие:

Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы iconБекітемін: Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы Н. Шерубаев
Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының ішкi бақылау және талдау қызметі (бұдан әрi Қызмет) Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының...
Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы iconБекітемін: Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы Н. Шерубаев
Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі (бұдан әрі – Бөлім) Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының...
Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы iconБекітемін: Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы Н. Шерубаев
Облыс әкімі аппаратының кадрлық жұмыс және награда бөлімі (бұдан әрі – бөлім) Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының құрылымдық...
Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы icon«бекітемін» Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы Н. Шерубаев
Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының құқық қорғау органдарымен жұмыс жөніндегі бөлім туралы
Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы icon«Бекітемін» Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы
...
Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы iconБекітемін: Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы Н. Шерубаев
Сыртқы байланыстар және хаттама бөлімі (бұдан әрі – Бөлім) Шығыс Қазақстан облысы аппаратының (бұдан әрі Аппарат) құрылымдық бөлімшесі...
Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы iconСкбб-19/2790 12. 05. 2011ж. Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы Н. Шерубаевқа
Шығыс Қазақстан облысы бойынша Салық департаменті ШҚО әкімінің сайтында келесі ақпаратты орналастыруды сұрайды
Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы iconШығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы
Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қазынашылық департаменті Әкім сайтына орналастыру үшін «Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қазынашылық...
Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы iconШығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы
Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қазынашылық департаменті Әкім сайтына орналастыру үшін «Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қазынашылық...
Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы iconШығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы Ғ. С. Тұрсынбаевқа
Шығыс Қазақстан облысы бойынша қазынашылық департаменті Әкім сайтына орналастыру үшін «Шығыс Қазақстан облысы бойынша қазынашылық...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы