Постановление Правительства республики казахстан 201 жылғы Астана, Үкімет Үйі от 201 года № № № данасы экз. № icon

Постановление Правительства республики казахстан 201 жылғы Астана, Үкімет Үйі от 201 года № № № данасы экз. №



НазваниеПостановление Правительства республики казахстан 201 жылғы Астана, Үкімет Үйі от 201 года № № № данасы экз. №
Дата конвертации13.04.2014
Размер215.39 Kb.
ТипПостановление
источник









№ исх: 158-Д//36 от: 28.01.2013

ҚАЗАҚСТАН

РЕСПУБЛИКАСЫ

ҮКІМЕТІНІҢ

ҚАУЛЫСЫ


ПОСТАНОВЛЕНИЕ

ПРАВИТЕЛЬСТВА

РЕСПУБЛИКИ





КАЗАХСТАН







201 жылғы Астана, Үкімет Үйі от « » 201 года


№ №


№ данасы экз. №


Бланк сериялық нөмірсіз ЖАРАМСЫЗ БОЛЫП ТАБЫЛАДЫ. Қызмет бабына қажетті көшірмелер шектеулі данада жасалады,

белгіленген тәртіппен БЕКІТІЛЕДІ ЖӘНЕ ЕСЕПКЕ АЛЫНАДЫ.

Бланк без серийного номера НЕДЕЙСТВИТЕЛЕН. Копии при служебной необходимости делаются в ограниченном количестве,

ЗАВЕРЯЮТСЯ И УЧИТЫВАЮТСЯ в установленном порядке.



^ Мал шаруашылығы өнiмiнiң өнiмдiлiгi мен сапасын арттыру мақсатында субсидиялау қағидаларын бекiту туралы


«Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шiлдедегi Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес және отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлерде мал шаруашылығы өнiмiнiң өнiмдiлiгi мен сапасын арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi
^ ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. Қоса берiлiп отырған Мал шаруашылығы өнiмiнiң өнiмдiлiгi мен сапасын арттыру мақсатында субсидиялау қағидалары бекiтiлсiн.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi                          С. Ахметов




Мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыру мақсатында

субсидиялау қағидаларына

2-қосымша




Мал шаруашылығы өнімін өндірумен айналысатын тауар өндірушілерге қойылатын өлшемдер мен талаптар


1

Сиыр етiн өндiрумен айналысатын тауар өндiрушiлерге:



(1-деңгей)

(2-деңгей)

(3-деңгей)

1)

бiр мезгiлде кемiнде 3 000 бас iрi қара малды бордақылайтын қуаты бар және инфрақұрылымы дамыған мамандандырылған алаңның болуы:
малды күтiп-бағуға арналған қоралар;
бетон жиектi азық беруге арналған науалар;
сумен жабдықтау көздерінің болуы және автоматтандырылған суару көзiмен қамтамасыз етiлуi;
фекалдық масса мен қар суын шығарып тастауға арналған мүйiсi бар дренаждық жүйе;
азық дайындау және азық тарату техникасының/жабдығының, сондай-ақ азық сақтау қоймасының болуы;
бекiткiшi бар жiктегiштiң, таразы құрылғысының болуы;
ветеринариялық пункттiң болуы.

Бiр мезгiлде кемiнде 1 500 бас ipi қара малды бордақылайтын қуаты бар және инфрақұрылымы дамыған мамандандырылған алаңның болуы:
малды күтiп-бағуға арналған қоралар;
бетон жиектi азық беруге арналған науа;
сумен жабдықтау көздерінің болуы және автоматтандырылған суару көзiмен қамтамасыз етiлуi;
азық дайындау және азық тарату техникасының/жабдығының, сондай-ақ азық қоймасының болуы;
бекiткiшi бар жiктегiштiң және таразы құрылғысының болуы;
ветеринариялық пункттiң болуы.

Бордақыланған ірі қара малдың соңғы 12 айда сатылған саны кемінде 400 басты құрады.

Iрi қара малды бордақылауға арналған мамандандырылған үй-жайдың немесе алаңдардың болуы:
малды күтiп-бағуға арналған қоралар;
суару көзiмен қамтамасыз етiлуi;
азық дайындау техникасының болуы;
жiктегiштiң және таразы құрылғысының болуы;

2)

ірi қара (союға өткiзiлетiн) малдың тiрiдей салмағы кем емес:




450 кг*

420 кг*

400 кг*

3)

ветеринариялық iс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру

4)

малдардың бірдейлендіру нөмiрлерiнiң және Қазақстан Республикасының бiрыңғай бірдейлендіру дерекқорында тiркеуiнiң болуы

2

Қой етiн өндiрумен айналысатын тауар өндiрушiлерге:

1)

ағымдағы жылғы 1 қаңтарға саулықтардың (2 жастан ересек) басының болуы 600-ден кем емес

2)

қойды күтiп-бағуға арналған үй-жайлардың болуы

3)

қойдың (союға өткізілетін) тiрiдей салмағы 42 кг кем емес*

4)

ветеринариялық iс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру

3

Жылқы етiн өндiрумен айналысатын тауар өндiрушiлерге:

1)

ағымдағы жылғы 1 қаңтарға биенiң (3 жастан ересек) болуы 75 бастан кем емес

2)

жылқының (союға өткiзілетін) тiрiдей салмағы 350 кг кем емес

3)

ветеринариялық iс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру

4

Шошқа етін өндiрумен айналысатын тауар өндiрушiлерге:




(1-деңгей)

(2-деңгей)




1)

бір мезгілде бордақылауда болатын бас саны 3000-нан кем емес

Бір мезгілде бордақылауда болатын бас саны 1000-нан кем емес




2)

мыналардың:

шошқа басының (мал басын толықтыратын төл және аналық мегежін);

өндіріс алаңдарын автоматтандырудың (азық тарату, суару және микроклимат желісі);

мал соятын цехының;

құрама жем цехының;

таразы құрылғысының болуы.

Мыналардың:

мал соятын цехының;

таразы құрылғысының болуы.




3)

шошқаның тірідей салмағы (союға өткiзілетін) 100 кг кем емес*




4)

ветеринариялық iс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру




5

Құс етiн өндiретiн тауар өндiрушiлерге:




(1-деңгей)

(2-деңгей)

(3-деңгей)

1)

2007 жылдан бастап пайдалануға берілген жаңа құс фабрикасы немесе негізгі жабдығы бойынша жаңартудан өткен істеп тұрған құс фабрикасы.







2)

өндiрiстiң жылдық көлемi кем емес:




15 000 тоннадан

8000 тоннадан

1 500 тоннадан

3)

жыл бойы құстарды технологиялық жағдайда күтіп-бағу, торда немесе еденде күтіп-бағу үшін технологиялық жабдықтың болуы.

4)

аталған сертификаттардың (ИСО, «Экологиялық өнiм» белгiсi, ХАССП азық-түлiк қауiпсiздiк жүйесi) бiрiнiң болуы

5)

құс сою желісінің болуы (сою цехы)

6)

ветеринариялық iс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру

6

Күрке тауық етiн өндiретiн тауар өндiрушiлерге:

1)

2007 жылдан бастап пайдалануға берілген жаңа құс фабрикасы және/немесе негізгі жабдықтары бойынша жаңартудан өткен істеп тұрған құс фабрикасы.

2)

өндiрiстiң жылдық көлемi 3 000 тоннадан кем емес

3)

жыл бойы құстарды технологиялық жағдайда күтіп-бағу, торда немесе еденде күтіп-бағу үшін технологиялық жабдықтың болуы

4)

аталған сертификаттардың (ИСО, «Экологиялық өнiм» белгiсi, ХАССП азық-түлiк қауiпсiздiк жүйесi) бiрiнiң болуы

5)

құс сою желісінің болуы (сою цехы)

6)

ветеринариялық iс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру

7

Тауарлық жұмыртқа өндiретiн тауар өндiрушiлерге:




(1-деңгей)

(2-деңгей)

(3-деңгей)

1)

2007 жылдан бастап пайдалануға берілген құс фабрикасы немесе негізгі жабдық бойынша жаңартудан өткен істеп тұрған құс фабрикасы







2)

жұмыртқаны сұрыптауға, белгілеуге және салуға арналған автоматты машинаның болуы







3)

тауарлық жұмыртқа өндiрiсінің көлемi кем емес




100 млн. данадан *****

40 млн. данадан *****

20 млн. данадан *****

4)

жыл бойы құстарды технологиялық жағдайда күтіп-бағу, торда немесе еденде күтіп-бағу үшін технологиялық жабдықтың болуы.

5)

аталған сертификаттардың (ИСО, «Экологиялық өнiм» белгiсi, ХАССП азық-түлiк қауiпсiздiк жүйесi) бiрiнiң болуы

6)

ветеринариялық iс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру

8

Сүт өндiрiсiмен айналысатын тауар өндiрушiлерге:




(1-деңгей)

(2-деңгей)

(3-деңгей)

1)

ағымдағы жылғы 1 қаңтарға сиыр мен қашарлардың меншiктi аналық басының (2 жастан ересек) болуы:




400-ден кем емес

400-ден кем емес

100-ден кем емес

2)

сауын сиырлар мен құнажындардың орташа жылдық саны (алдыңғы жылдың қорытындысы):




350-ден кем емес

300-ден кем емес

60-ден кем емес

3)

табын бойынша орташа сауым (алдыңғы жылдың қорытындысы:




4500 кг кем емес**

3250 кг кем емес

2500 кг кем емес

4)

тиiстi инфрақұрылымы бар қазiргi заманғы сүт кешенiнiң (механикаландырылған сауу, көң шығару және азық тарату, автосуару және азық цехы) болуы

Машиналы сауынның болуы




5)

ветеринариялық iс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру

6)

малдың бірдейлендіру нөмiрiнiң және Қазақстан Республикасының бiрыңғай бірдейлендіру дерекқорында тiркеуiнiң болуы

7)

селекциялық және асылдандыру жұмыстарының бірыңғай бірдейлендіру базасында тіркеуде болуы ***

9

Қымызды өндiрумен айналысатын тауар өндiрушiлерге:

1)

ағымдағы жылғы 1 қаңтарға биенiң (3-жастан ересек) болуы 35 бастан кем емес

2)

сауын биенiң орташа жылдық саны 20 бастан кем емес

3)

қымыз өндіретін цехтың болуы (қымыз жинау және (немесе) өндіру бойынша орын, сыйымдылық)

4)

ветеринариялық iс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру

10

Шұбат өндiрумен айналысатын тауар өндiрушiлерге:

1)

тиісті қаржы жылдың 1 қаңтарға түйенiң аналық басының (3-жастан ересек) болуы 30 бастан кем емес

2)

сауын iнгендердiң орташа жылдық саны 15 бастан кем емес

3)

шұбат өндіретін цехтың болуы (шұбат жинау және (немесе) өндіру бойынша орын, сыйымдылық)

4)

ветеринариялық iс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру

11

Биязы жүнді өндiрумен айналысатын тауар өндiрушiлерге:

1)

ағымдағы жылғы 1 қаңтарға саулық қой басының (2 жастан ересек) болуы 600 бастан кем емес

2)

қойларды күтiп-бағуға, сондай-ақ қырқуға арналған үй-жайлардың болуы

3)

қырқылған жүннiң физикалық салмағы (тиісті қаржы жылдың қорытындысы) 3,2 кг кем емес

4)

жүннiң сапасы 60-64 сападан кем емес ****

5)

биязы жүндi бастапқы қайта өңдейтін кәсiпорындарына биязы жүнді өткiзу

6)

ветеринариялық iс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру

12

Шырынды және кесек азықты субсидиялау үшiн мал шаруашылығымен айналысатын тауар өндiрушiлерге:

1)

ағымдағы жылғы 1 қаңтарға 30 бастан кем емес аналық мал басының болуы

2)

егіс айналымында азықтық дақылдардың немесе азық сатып алу шартының болуы

3)

ветеринариялық iс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру

4)

зоотехникалық оқиғаларды енгізе отырып, селекциялық және асылдандыру жұмыстарының бiрыңғай ақпараттық базасында ірі қара малдың тiркеуде болуы



Ескертпелер:

* Малдың (союға өткiзiлетiн) тiрiдей салмағы тауар өндiрушi қызметтерiн пайдаланған (малды сою жөнiндегi), есептік алу нөмiрi (коды) бар мал шаруашылығы өнiм сатылған қайта өңдеу кәсіпорны немесе есептік нөмірі (коды) бар сою цехы берген анықтамамен расталуы тиiс.

** 2012 жылдан бастап пайдалануға енгізілген, тиісті инфрақұрылымы бар замандас қазіргі заманғы сүт кешендеріне таратылмайды.

*** Сүт өндiрiсiмен айналысатын тауар өндiрушiлер селекциялық және асылдандыру жұмыстарының бiрыңғай ақпараттық базасына тiркелуі тиiс.

**** Жүннiң сапасы жүн сапасын бағалау жөнiндегi зертхана берген анықтамамен расталады.

***** Құс фабрикалары үшiн тауарлық жұмыртқа сатудың жоспарланған көлемiне квотаны жеткiзген кезде республика бойынша орташа жылдық жұмыртқалауды негiз ретiнде алу керек (1 жұмыртқалағыш тауыққа
280 данадан артық емес).


____________________



№ исх: 158-Д//36 от: 28.01.2013

Мал шаруашылығы өнiмiнiң өнiмдiлiгi мен сапасын арттыру мақсатында субсидиялау қағидаларына

1-қосымша


1. Бюджеттік субсидиялар нормативтері


Р/с


Өнiмнiң түрi

Меншікті өндірісінің өткізілген өнімінің 1 килограмына, 1 данасына берiлетiн бюджеттiк субсидиялар нормативi, теңге

1.

Сиыр етi – I деңгей

220

2.

Сиыр етi – II деңгей

170

3.

Сиыр етi – III деңгей

120

4.

Қой етi

100

5.

Жылқы етi

92

6.

Шошқа еті – I деңгей

98

7.

Шошқа еті – II деңгей

60

8.

Құс етi – I деңгей

70

9.

Құс етi – II деңгей

66

10.

Құс етi – III деңгей

50

11.

Күрке тауық етi

105

12.

Жұмыртқа – I деңгей

3,0

13.

Жұмыртқа – II деңгей

2,6

14.

Жұмыртқа – III деңгей

2

15.

Сүт – I деңгей

25

16.

Сүт – II деңгей

15

17.

Сүт – III деңгей

10

18.

Қымыз

60

19.

Шұбат

55

20.

Жүн (биязы)

130


2. Шырынды және кесек азықтың құнын арзандатуға арналған бюджеттiк субсидиялар нормативi


Р/с №

Өнiмнiң түрi

Сиырдың 1 басына бюджеттiк субсидиялар нормативi, теңге

21.

Iрi қара мал

4500


___________________________



№ исх: 158-Д//36 от: 28.01.2013

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2013 жылғы « »

№ қаулысымен

бекітілген



Мал шаруашылығы өнiмiнiң өнiмдiлiгi мен сапасын арттыру мақсатында субсидиялау қағидалары


  1. Жалпы ережелер


1. Осы мал шаруашылығы өнiмiнiң өнiмдiлiгi мен сапасын арттыру мақсатында арналған субсидиялау қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) мал шаруашылығы өнiмiн өндiрудi ұлғайту, оның сапасын және бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттыру үшiн отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлердi (бұдан әрi – тауар өндiрушiлер) қолдау мақсатында тиісті жылға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат және іс-шаралар есебінен және шегінде бюджеттік субсидиялар (бұдан әрi – субсидиялар) беру тәртiбiн айқындайды.

2. Субсидиялауға жататын бағыттар:

1) сиыр етiн, шошқа етiн, бройлерлiк құс етi мен күрке тауық етiн (бұдан әрi – құс етi), жұмыртқалағыш кроссты тауық жұмыртқасын (бұдан әрi – тағамдық жұмыртқа) өндiру үшiн пайдаланылатын құрама жемнiң және (немесе) маңыздандырылған азықтың (бұдан әрi – маңыздандырылған азық) құнын iшiнара (45%-ға дейiн) арзандату, сондай-ақ сүт, биязы қой жүнi (бұдан әрi – биязы жүн), қой етi, жылқы етi, қымыз және шұбат өндiрiсiне жұмсалатын шығындарды iшiнара өтеу;

2) iрi қара малдың аналық басын (бұдан әрi – сиырларды) азықтандыру үшiн пайдаланылатын шырынды және кесек азықтың (бұдан әрi – азықтың) құнын iшiнара (50%-ға дейiн) арзандату.

3. Субсидияланатын мал шаруашылығы өнiмiнiң 1 (бiр) килограммына,
1 (бiр) данасына, сондай-ақ 1 (бiр) бас сиырға арналған бюджеттiк субсидиялардың нормативi осы Қағидаларға 1 қосымшаға сәйкес белгiленедi.

4. Әрбір бағытқа және өңірлер бөлінісіндегі субсидиялар көлемі ағымдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат шегінде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығымен жыл сайын бекітіледі.



  1. ^ Субсидияларды төлеу шарттары


5. Тауар өндiрушiлердің субсидиялар алуы үшін міндетті және қажетті шарт осы Қағидаларға 2-қосымшада көрсетілген тиісті бағыттар бойынша өлшемдерге және талаптарға толық сәйкес келуі болып табылады.

6. Субсидиялар тауар өндiрушiлерге есептік нөмірлері бар қайта өңдеу кәсіпорындарында (цехтарында) жұмыртқа бағытындағы құс фабрикаларында және сою алаңдарында (пункттерінде) сатылған немесе қайта өңделген өнімнің тек іс жүзіндегі нақты көлеміне төленеді.

7. Субсидиялауға мыналар жатпайды:

1) тауар өндiрушiлер одан әрi қайта сату және (немесе) қайта өңдеу үшiн басқа жеке және (немесе) заңды тұлғалардан сатып алған өнiм;

2) тауар өндірушілер айырбас бойынша,өзара есеп айырысу есебіне сатқан немесе бұрын субсидияланған өнім;

3) жеке аулада сойылған сиыр етi, шошқа етi, қой етi, жылқы етi,сондай-ақ қайта өңдеу кәсiпорындарында бастапқы қайта өңдеуден өтпеген сүт;

4) жануарларды мәжбүрлi санитариялық сою нәтижесiнде, сондай-ақ жіті жұқпалы аурулар бойынша карантиндiк және шектеу iс-шараларының әрекет ету кезеңiнде тауар өндiрушiлер алған өнiм;

5) етті құс шаруашылығы өнімдері – аяқтары, бастары, сондай-ақ ішкі органдары;

6) жұмыртқа ұнтағын өндіру үшін сатылған және (немесе) берілген тағамдық жұмыртқа;

7) тауар өндiрушiлер кейіннен сою мақсатында бордақылауда тұрған сиырларды азықтандыру үшiн пайдаланатын азық.

8. Тауар өндiрушiлердің жоғарыда көрсетілген шарттарды сақтамауы тиісті ауданның ауыл шаруашылығы бөлімінің (бұдан әрі – бөлім) төленген субсидияларды заңнамада белгіленген тәртіппен өндіріп алуына негіз болып табылады.

9. Субсидиялау бағдарламасына қатысушылар арасында субсидиялау көлемін айқындау тұқым мен өнiмдiлiк бағытына байланысты өнiм шығуының зоотехникалық нормаларын есепке ала отырып, бюджеттiк бағдарламаны iске асыруға облысқа жеткiзiлген қаражат шеңберiнде жүзеге асырылады. Асыл тұқымды емес мал үшiн негiз ретiнде өнiмдiлiктiң орташа аудандық статистикалық көрсеткiшi алынады.

10. Тауар өндірушілер өтінім берген субсидия көлемдері осы айда бөлінген субсидия көлемінен артқан жағдайда, тауар өндірушілердің нормативте көрсетілген неғұрлым жоғары деңгей санатына жататын өтінімдері басым тәртіппен қанағаттандырылады. Қаражат қалдығы берілген өтінімдерге сәйкес барабар бөлінеді. Тауар өндірушіге тиесілі субсидиялардың төленбеген қалдығы оған келесі айда (айларда) көзделген қаражаттан төленеді.


^ 3. Министрліктің және облыстар әкімдіктерінің жұмыс тәртібі


11. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) бұйрықпен мынадай құжаттарды бекітеді:

1) субсидиялар алуға өтiнiмдер нысандары;

2) аудан/облыс бойынша мал шаруашылығы өнiмiн сату, сондай-ақ сиыр саны туралы жиынтық актiнiң нысаны;

3) облыстар бойынша қаражатты игеру және мал шаруашылығы өнімдерін сату көлемі жөнiндегі есеп (ақпарат) нысаны.

12. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі және облыстар әкімдері жыл сайын 30 қаңтарға дейінгі мерзімде мал шаруашылығы өнiмiнiң өнiмділігін және сапасын арттыруға арналған облыстық жеке ай сайынғы қаржыландыру жоспары бар келісімге қол қояды.

13. Министрлiк мал шаруашылығы өнiмiнiң өнiмдiлiгiн және сапасын арттыруға арналған ағымдағы нысаналы трансферттердi төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарына және облыс әкiмi мен Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрi арасында қол қойылған ағымдағы нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы келiсiмге сәйкес облыстық бюджеттерге ай сайын аударады.

14. Осы Қағидалар қолданысқа енгізілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде облыс әкімі өзінің шешімімен облыс әкімінің ауыл шаруашылығы мәселелері бойынша орынбасары төрағалық ететін, облыстық мәслихат шешімімен бекітілетінмал шаруашылығы өнiмiнiң өнiмдiлiгiн және сапасын арттыру мақсатында субсидиялау мәселелері бойынша облыстық комиссия (бұдан әрі – Комиссия) құрады.

Комиссия осы Қағидалардың қолданылуының барлық уақытында тұрақты негізде жұмыс істейді. Комиссия құрамына облыстың ауыл шаруашылығы басқармасының (бұдан әрі – Басқарма), Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің және Ветеринариялық қадағалау және бақылау комитетінің аумақтық инспекцияларының мамандары, сондай-ақ бейінді қоғамдық ұйымдардың өкілдері кіреді. Комиссия мүшелерінің құрамы облыс әкімінің шешімімен өзгертілуі мүмкін. Комиссияның жұмыс органы басқарма болып табылады.

15. Комиссияның құзыретіне тауар өндірушілердің өтінімдері бойынша айлар бойынша және бағыттар басымдылығына сәйкес белгіленген қаржыландыру жоспары лимиттерінің шегінде тиесілі бюджет ақшасының

көлемін айқындау, Министрлік бекіткен нысан бойынша жиынтық ведомость қалыптастыру және ақы төлеу шоттарының тізілімін келісу кіреді.

16. Комиссия отырыстары айына кемінде 1 рет жүзеге асырылады. Кезекті отырыста Комиссия бірінші кезекте бұрын мақұлданған, бірақ қаржыландырылмаған немесе ішінара қаржыландырылған басым бағыттағы өтінімдерді, кейіннен келесі айдың өтінімдерін қанағаттандырады.

17. Бөлінген қаражат толығымен игерілмеген жағдайда Министрлік заңнамада белгіленген тәртіппен бюджеттік бағдарламаны іске асыруға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат шегінде облыстар бойынша бюджеттік субсидияларды төлеуге арналған қаражатты қайта бөлу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныс енгізеді.



  1. ^ Тауар өндірушілердің субсидиялар алуға өтінімдерін қарау және қанағаттандыру тәртібі


18. Бөлім осы Қағидалар ресми жарияланғанынан кейін бес жұмыс күні ішінде субсидиялау бағдарламасына қатысуға арналған өтінімдер қабылдаудың басталғаны туралы хабарландыруды аудан әкімдігінің интернет-ресурсына және ауданның ресми баспа басылымдарында орналастырады.

19. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі мен облыс әкімінің арасында мал шаруашылығы өнiмiнiң өнiмдiлiгiн және сапасын арттыруға арналған мақсатында облыстың жеке ай сайынғы қаржыландыру жоспары бар келісімге қол қойылғаннан кейін жыл сайын бес жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде бөлім оны аудан әкімдігінің интернет-ресурсына, басқарма – облыс әкімдігінің интернет-ресурсына орналастырады.

20. Тауар өндірушілер тиісті негіздермелердің пайда болуына қарай бөлімге субсидиялауға жататын нақты көлемдеріне өтінімдер (осы Қағидалардың 32 – 35-тармақтарына сәйкес құжаттардың толық пакетін) ұсынады.

Бұл ретте, құс фабрикалары бюджеттік субсидияларды алуға арналған өтінімдерін «Қазақстанның құс өсірушілер одағы» заңды тұлғалар бірлестігімен келіседі және одан кейін бөлімге ұсынады.

21. Бөлім тауар өндірушілердің өтінімдерін тиісті өтінімдер тіркеу журналында тіркейді.

22. Бөлім субсидиялар алуға негіздемелер пайда болған сәттен бастап үш айдан астам уақыт өткен өтініштерді қабылдауға міндетті.

23. Бөлім өтінім түскен сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде құжаттар пакетін осы Қағидаларға сәйкестігіне және тауар өндірушілердің осы Қағидалардың 5 – 7-тармақтарында көрсетілген өлшемдер мен талаптарға сәйкестігіне тексереді. Ұсынылған құжаттар пакеті толық емес немесе көрсетілген өлшемдер мен талаптарға сәйкес болмаған жағдайда бөлім тауар өндірушілер ұсынған құжаттарды қайтару себептерін көрсете отырып дереу қайтарады.

Тауар өндірушілер түзетілген немесе толықтырылған өтінімді қайта енгізуге құқылы.

24.Ұсынылған құжаттар осы Қағидалардың талаптарына сәйкес болған және осы Қағидаларда көзделген өтінімдерді қайтаруға негіздер болмаған жағдайда бөлім тауар өндірушінің өтінімде ұсынған деректерін екі жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің ресми сайтындағы заңды тұлғалардың дерекқорын тексереді.

25. Бөлім аудан әкімі бекітетін бюджеттік субсидия алушылардың жиынтық актісін жасайды. Тауар өндірушілердің толық құжаттар пакетімен өтінімдері және бекітілген жиынтық акт басқармаға екі аптада кемінде 1 рет ұсынылады. Бұл ретте ол бөлім Басқармаға ұсынылатын құжаттардың дәйектілігін қамтамасыз етеді, ол бөлімнің жиынтық өтінімін тиісті тіркеу журналына тіркейді.

26. Басқарма үш жұмыс күні ішінде бөлімдер ұсынған өтінімдерді осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкестігін қарайды. Ұсынылған өтінімдер осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, басқарма өтінімдерді тіркелген күнінен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей кері қайтару себептерін көрсете отырып, пысықтауға қайтарады.

27. Ұсынылған құжаттар осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келген жағдайда, басқарма екі жұмыс күні ішінде өтінімдерді Комиссияның қарауына жолдайды, ол отырыс қорытындысы тауар өндірушілердің жиынтық тізімін және субсидиялау бағдарламасына қатысушыларға тиесілі субсидия көлемін жасайды.

28. Комиссияның ұсынымы бойынша облыс әкімі Комиссия ұсынған тізімді үш жұмыс күні ішінде бекітеді.

29. Тиесілі бюджеттік субсидияларды тауар өндірушілердің банктік шоттарына аударуды басқарма төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес аумақтық қазынашылық бөлімшесіне екі данада ақы төлеу шоттарын қоса бере отырып, ақы төлеу шоттарының тізілімін ұсыну жолымен жүзеге асырады.

30. Басқарма ай сайын бөлімге аудан бойынша тауар өндірушілерге төленген бюджет ақшасының көлемі туралы ақпаратты жолдап отырады.

31. Басқарма ай сайын, есептi айдан кейiнгi айдың 5-күнiне дейiнгi мерзiмде, бiрақ 30 желтоқсаннан кешiктiрмей Министрлікке төленген бюджеттік субсидиялардың көлемі, тиімділігі және құны туралы есепті ұсынады.



  1. ^ Субсидиялар алу үшін қажетті құжаттардың тізбесі


32. Тауар өндірушілер бөлімге осы Қағидалардың 2-тармағында көрсетілген бағыттарға сәйкес субсидиялауға жататын нақты көлемдерге өтінімдер ұсынады.

33. Тауар өндірушілер іс жүзінде өткізілген өнім үшін субсидиялар алу үшін өтінімдермен бірге бөлімге мынадай құжаттарды ұсынады:

1) өнімнің сатылғанын және сатып алушының өнімді 100% төлеуін жөніндегі растайтын құжаттардың көшірмелері: шарт, шот-фактура, кіріс-кассалық ордер немесе банкінің төлем тапсырмасы;

2) сиыр етін сатқан кезде Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру дерек қорынан сатылған немесе сойылған малдардың тіркеуден шығарылғаны туралы үзінді көшірме;

3) тауар өндірушіге тиесілі емес кәсіпорындар қызметтерін пайдаланған кезде малдарды сою және бастапқы қайта өңдеу бойынша көрсетілген қызметтерді растайтын құжаттардың көшірмелері (шарт, шот –фактура, төлем құжаты);

4) өнімді сатуға арналған тауар-көліктік жүк құжаттар тізілімі, өнімді жеке меншік қайта өңдеу кәсіпорындарына немесе өңдеуге берген жағдайда өнімнің жүк құжат көшірмелері.

34. Тауар өндірушілер азық құнын арзандатуға бюджеттік субсидиялар алу үшін бөлімге:

1) селекциялық және асыл тұқымды жұмыстың бірыңғай ақпараттық базасынан үзінді көшірмені;

2) заңды тұлғалар нысанындағы тауар өндірушілер үшін 24 а.ш. статистикалық есептілік нысанынан – есеп көшірмесін немесе үзінді көшірмені, ал шаруа (фермерлік) қожалықтары үшін – сиыр басы санын растау үшін шаруашылық кітабынан үзінді көшірме ұсынады.

35. Тауар өндіруші банктен банк шотының болуы туралы анықтаманы қосымша қоса береді.


____________________



Похожие:

Постановление Правительства республики казахстан 201 жылғы Астана, Үкімет Үйі от 201 года № № № данасы экз. № iconПостановление Правительства республики казахстан 201 жылғы Астана, Үкімет Үйі от 201 года № № № данасы экз. №

Постановление Правительства республики казахстан 201 жылғы Астана, Үкімет Үйі от 201 года № № № данасы экз. № iconПостановление Правительства республики к азахстан 201 жылғы Астана, Үкімет Үйі от 201 года № № № данасы экз. №
О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 5 февраля 2013 года №87 «Об утверждении Правил технической...
Постановление Правительства республики казахстан 201 жылғы Астана, Үкімет Үйі от 201 года № № № данасы экз. № iconПостановление Правительства республики казахстан 201 жылғы Астана, Үкімет Үйі от 201 года № № № данасы экз. №
Мал шаруашылығы өнiмiнiң өнiмдiлiгi мен сапасын арттыру мақсатында субсидиялау қағидаларын бекiту туралы
Постановление Правительства республики казахстан 201 жылғы Астана, Үкімет Үйі от 201 года № № № данасы экз. № iconПостановление Правительства республики казахстан 201 жылғы Астана, Үкімет Үйі от 201 года № № № данасы экз. №
Бланк сериялық нөмірсіз жарамсыз болып табылады. Қызмет бабына қажетті көшірмелер шектеулі данада жасалады
Постановление Правительства республики казахстан 201 жылғы Астана, Үкімет Үйі от 201 года № № № данасы экз. № iconПостановление Правительства республики к азахстан 201 жылғы Астана, Үкімет Үйі от 201 года № № № данасы экз. № О проекте Закона Республики Казахстан
О ратификации Соглашения о создании, функционировании и развитии интегрированной информационной системы внешней и взаимной
Постановление Правительства республики казахстан 201 жылғы Астана, Үкімет Үйі от 201 года № № № данасы экз. № iconПостановление Правительства республики к азахстан 201 жылғы Астана, Үкімет Үйі от 201 года № № № данасы экз. №
О некоторых вопросах лицензирования деятельности, связанной с оборотом наркотических средств, психотропных веществ и прекурсоров
Постановление Правительства республики казахстан 201 жылғы Астана, Үкімет Үйі от 201 года № № № данасы экз. № iconПостановление Правительства республики к азахстан 201 жылғы Астана, Үкімет Үйі от 201 года № № № данасы экз. №
Определить лицензиаром деятельности по организации и проведению лотерей, а также в сфере игорного бизнеса Агентство Республики Казахстан...
Постановление Правительства республики казахстан 201 жылғы Астана, Үкімет Үйі от 201 года № № № данасы экз. № iconПостановление Правительства республики к азахстан 201 жылғы Астана, Үкімет Үйі от 201 года № № № данасы экз. №
«Темiр жол көлiгiн техникалық пайдалану қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 5 ақпандағы
Постановление Правительства республики казахстан 201 жылғы Астана, Үкімет Үйі от 201 года № № № данасы экз. № iconПостановление Правительства республики казахстан 201 жылғы Астана, Үкімет Үйі от 201 года № № № данасы экз. № Об утверждении Правил присвоения звания «Лучший педагог»
В соответствии с подпунктом 18 статьи 4 Закона Республики Казахстан от 27 июля 2007 года «Об образовании» Правительство Республики...
Постановление Правительства республики казахстан 201 жылғы Астана, Үкімет Үйі от 201 года № № № данасы экз. № iconПостановление Правительства республики к азахстан 201 жылғы Астана, Үкімет Үйі от 201 года № № № данасы экз. №
Республикасының Бюджет кодексі 62-бабының 6-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі Қаулы етеді
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы