22 наурыз Ұлыстың ұлы күні мерекесі құрметіне спорттық шаралар icon

22 наурыз Ұлыстың ұлы күні мерекесі құрметіне спорттық шаралар



Название22 наурыз Ұлыстың ұлы күні мерекесі құрметіне спорттық шаралар
Дата конвертации22.05.2013
Размер26.93 Kb.
ТипДокументы
источник


22 наурыз - Ұлыстың ұлы күні мерекесі құрметіне спорттық шаралар


Күршім ауданында 22 наурыз - Ұлыстың ұлы күні мерекесі құрметіне спорттық шаралар ұйымдастырылып өз деңгейінде өткізілді. Жалпы 71 шара ұйымдастырылып 2255 адам қатысты.


22 наурыз күні Күршім №3 гимназиясы спорт залында және спорт модулі спортзалында ауданның жастар командалары арасындағы волейболдан жыл сайын өтетін дәстүрлі наурыз турнирі ұйымдастырылып өткізілді. Жарысқа 6 команда қатысып, нәтижесінде І орынды № 4 орта мектеп командасы, ІІ орынды БЖСМ командасы, ІІІ орынды Алғабас ауылы командасы иеленді.





22 наурыз күні орталық алаңда гір спортынан, қол күресінен, арқан тартудан және шахматтан ардагерлер үйінде, үстел теннисінен жарыстар ұйымдастырылып өткізілді.


Қол күресі





Арқан тарту





Шахмат





Үстел теннисі





22 наурыз Ұлыстың ұлы күні мерекесіне орай Барақ батыр ауылы мектебінің спорт залында Күршім ауданы ауылдық округтерінің 40 жастан асқан спортшылары арасында волейболдан турнир өтті. Турнирге барлығы 6 команда атап айтқанда Күршім ауылдық округі, Маралды ауылдық округі, Қалғұты ауылдық округі, Абай ауылдық округі, Сарыөлең ауылдық округі және Юбилейное ауылы командалары қатысты. Барақ батыр ұжымы және ауыл тұрғындары жарысты өткізуге атсалысып қонақжайлылықтарын танытты. Қатысушы командалар мен келген қонақтарға дастархан жайылып, концерттік бағдарламаларын шашу етті. Жарыстың ашылу салтанатына Күршім ауданы әкімінің уақытша орынбасары Қалелов Мамырбек Жәлімханұлы келіп сөз сөйлеп тілегін білдірді. Сөз кезегін Сарыөлең ауылдық округі әкімінің міндетін атқаруға кіріскен Мажибаев Ерболат Мажибайұлы алып барлығын Ұлыстың ұлы күнімен құттықтап, командаларға сәттілік тіледі. Жарысты өткізуге жауапкершілікпен атсалысқан Барақ батыр негізгі мектебінің мүдірі Чумбасов Нұрмолда Райымқанұлы сөйлеп осындай дүбірлі жарыстың өз жерінде өтіп жатқанына қуанышын білдіріп сөзді Барақ батыр ауылының тұрғыны Сұраужанов Мұқан аяқтады. Турнирдің бас төрешісі, Күршім ауданы волейбол федерациясының директоры атанып кеткен Рахметолдин Байғазы өз тілегін айтып жарыстың ережесімен таныстырып өтті.

Жарыс өте тартымды да қызықты болды, дастархан басында әр командаға сөз беріліп тілектер айтылып, ән шырқалып жақсы көңілмен тарасты.

Жарысқа өте тыңғылықты дайындалған Сарыөлең ауылдық округі командасы командасы І-ші орынды иеленіп, кубок иегерлері атанды, ІІ-ші орынды Күршім ауылдық округі командасы иеленсе, ІІІ-ші орынды Маралды ауылдық округі командасы қанжығаларына байлады. Ойында көзге түскен ойыншылар «Үздік шабуылшы» номинациясында Альханов Нағым Күршім ауылдық округі, «Үздік қорғаушы» номинациясында Қрамбаев Құрмет Маралды ауылдық округі, «Үздік бағыттаушы» номинациясында Орынбаев Елтай Сарыөлең ауылдық округі командасы ойыншысы танылды. Жеңімпаз командалар мақтау қағаздарымен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.











Өткізілген жарыстардың барлығына толық ақпарат жазылып «Рауан», «Заря» газеттеріне және аудан әкімі сайтына берілді.



Похожие:

22 наурыз Ұлыстың ұлы күні мерекесі құрметіне спорттық шаралар iconҚымбатты өскемендіктер! Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі баршамызға құтты болсын, бақыт әкелсін!
Тарихи тамыры тереңге бойлаған, философиялық мағынасы ерекше Әз-наурыз дана халқымызда қай кезде де еңсесі биік елдіктің, іргесі...
22 наурыз Ұлыстың ұлы күні мерекесі құрметіне спорттық шаралар iconАудан әкімі Т. Мүсәпірбековтің 2012 жылдың Наурыз мерекесіндегі құттықтау сөзі Ардақты ағайын!
Ару көктемнің арайлы шуағымен нұрланып құт дарыған тарихи өңірімізге Наурыз келді. Баршаңызды халқымыздың ең ұлы мерекесі әз Наурызбен...
22 наурыз Ұлыстың ұлы күні мерекесі құрметіне спорттық шаралар iconАудан әкімі Т. Мүсәпірбековтың 2012 жылдың Наурыз мерекесіндегі құттықтау сөзі Ардақты ағайын !
Ару көктемнің арайлы шуағымен нұрланып құт дарыған тарихи өңірімізге Наурыз келді. Баршаңызды халқымыздың ең ұлы мерекесі әз Наурызбен...
22 наурыз Ұлыстың ұлы күні мерекесі құрметіне спорттық шаралар iconҚұрметті науырзымдықтар!
Халқымыздың тарихында 9 мамыр күні ұлы, салтанатты және жарқын мерекесі болып саналады
22 наурыз Ұлыстың ұлы күні мерекесі құрметіне спорттық шаралар iconПрограмма праздничных мероприятий, посвященных «Наурыз» в г. Усть-Каменогорске Площадь Республики 22 марта Праздничный концерт «Наурыз бейбітшілік пен келісім мерекесі»
Народные конкурсы, игры (конкурс крикунов, лазание на столб, «Потешные бои», «Джигит-удалец»)
22 наурыз Ұлыстың ұлы күні мерекесі құрметіне спорттық шаралар iconМәуліт мерекесі аталып өтілді
«Қызыр» атындағы мешіттің ұйымдастыруымен Мұхаммед Пайғамбар с.ғ. с-ның туған күніне орай мәуліт мерекесі өткізілді
22 наурыз Ұлыстың ұлы күні мерекесі құрметіне спорттық шаралар iconМың тағзым саған, ардагер! (Ұлы Отан соғыс ардагерлерімен кездесу кешінің сценарийі)
Отандастарымызға, барлық соғыс ардагерлеріне, өздерінің тылдағы еңбегімен жеңісті шыңдағандарға, қан майданда әкелері мен ұл-қыздарынан,...
22 наурыз Ұлыстың ұлы күні мерекесі құрметіне спорттық шаралар iconҚадірлі аналар, аяулы қыз-келіншектер!
Сіздерді көктемнің шуақты мерекесі, ар­дақты ана, асыл жар, аяулы қарын­дас­тың ортақ мейрамы – 8 наурыз мерекесімен шын жүректен...
22 наурыз Ұлыстың ұлы күні мерекесі құрметіне спорттық шаралар icon1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдығына арналған мерекелік іс-шараларды дайындау мен өткізу жоспары
Облыстық, қалалық және аудандық бюджеттерде Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдығына арналған мерекелік іс-шаралар өткізуді қаржыландыруды...
22 наурыз Ұлыстың ұлы күні мерекесі құрметіне спорттық шаралар icon«Курчатов қаласының №3 орта мектебі» Жеңіс күніне арналған жаппай жүгіріс жөнінде ақпарат
Биыл Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Жеңістің 68 жылдығы тойланды. Жеңіс күні біз Ұлы Отан соғысында ерлікпен қаза тапқандардың рухына...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы