Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің 2008 жылы атқарған жұмыстары icon

Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің 2008 жылы атқарған жұмыстары



НазваниеМәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің 2008 жылы атқарған жұмыстары
Дата конвертации18.12.2012
Размер79.22 Kb.
ТипДокументы
источник

Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің 2008 жылы атқарған жұмыстары


  1. Аудандағы мәдениет мекемелеріндегі өзгерістер мен

материалдық-техникалық қордың жағдайы


Күршім аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінде 1 қаңтар 2007 жылға дейін 5 клуб жүйесі, 9 кітапхана халыққа қызмет етсе, қазіргі, яғни 2008 жылдың желтоқсан айына дейін 31 клуб жүйесі , оның ішінде ( 2 мәдениет үйі ) 21 кітапхана өз жұмыстарын атқаруда. Аудан аумағында 2 сәуір 1999 жылы барлық клуб жүйелері мемлекеттік қазыналық коммуналдық мәдени демалыс кәсіпорны (МҚКМДК) болып құрылды.

Аудан халқына қызмет көрсетіп отырған мәдениет мекемелерінің материалдық-техникалық қоры жылдан-жылға жақсара түсуде. Биылғы жылы барлық мәдениет ошақтарында ( клуб пен кітапханаларда) ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Қажетті бояу, цемент, известь, шыны, проводтар т.б. керекті заттар орталықтан апарылып, мәдениет қызметкерлері тек өздерінің күштерімен жөндеу жұмыстарын жүргізіп шықты. 2008 жылы аудандық мәдениет үйіне компьютер, столдар, кассалық аппарат, 350 театр орындықтары, пульт, радио микрофондар сатып алынып, сахналық костюмдер тіктірілді. Маралды, Алғабас, Дарственное ауылдық клубтары электрлі жылу жүйесіне қоылды. Ашылған барлық мәдениет ошақтарына өрт сөндіру құрал-жабдықтары алынды.




2008 жылдың қараша айында

Алғабас, Дарственное, Қалғұты

Ауылдық клубтарының

салтанатты ашылу

рәсімі болып өтті.


Кәсіпорынға қарасты мәдениет ошақтарының өзін-өзі қаржыландыруы әр жыл сайын жүзеге асып келеді. 2007 жылы ^ 600 мың теңгенің ал биылғы жылы 687239 теңгенің ақылы қызметін жасады. Соның ішінде аудандық мәдениет үйі былтырғы жылы 570 мың теңгенің, биылғы жылғы 605535 теңгенің ақылы қызметін жасады. Теректі мәдениет үйі былтырғы жылы 30 мың теңгенің, биылғы жылы 70700 теңгенің ақылы қызметін жасады.Осындай ақылы қызмет жасау аудан бойынша ашылған барлық мәдениет ошақтарында ұйымдастырылуда. Атап айтсақ, Қыстау-Күршім ауылдық клубының меңгерушісі Баршагүл Манкиева, Қалжыр ауылдық клубының меңгерушісі К.Мұсабаев клубта ақылы шаралар өткізіп, клубтың материалдық қорын дамытуға өз үлестерін қосуда.


  1. ^ Мәдениет мекемелеріндегі халықтың рухани талабын

қанағаттандыру, тұрғындардың бос уақыттарын дұрыс

ұйымдастыру.

Мәдени демалыс кәсіпорнының негізгі мақсаты халықтың рухани талабын қанағаттандыру, тұрғындардың бос уақытын дұрыс ұйымдастыру, көркемөнерпаздардың шығармашылық деңгейін көтеру, мемлекеттік мерекелерді өткізу және де халыққа жоғарғы деңгейде мәдени қызмет көрсету болып табылады.

Халықтың бос уақытын тиімді пайдалануларына арналған мәдени-шаралардың жоспарлары жасалып, сол жоспар бойынша ұйымдастырылған

шаралардың жоғары тұрғыда өтуіне мәдениет қызметкерлері аса үлкен көңіл бөліп, бар күш-жігерлерін салуда.

2007 жылы аудан бойынша 520 мәдени-көпшілік шаралар өткізілсе, 2008 жылы ^ 781 мәдени-көпшілік шаралар өткізіліп 152996 көрерменді қамтыды.Соның ішінде аудандық мәдениет үйі 172 мәдени-шара өткізіп 69400 адамды қамтыды. Сондай-ақ аудандағы мәдениет мекемелерінде барлығы 92 көркемөнерпаздар үйірмесі жұмыс істейді. Соның ішінде 39 үйірме балалар мен жасөспірімдерге арналған. Мәдениет мекемелері білім және спорт бөлімі, мектептер мен тығыз жұмыс өткізуде, барлық өтетін мәдени көпшілік шараларға мектептердің ұйымдары және оқушылар қатысады.

Барлық өткізілген шаралардың ішінде ^ 207 тақырыптық кештер, 95 театрландырылған көріністер, 382 концерттер, спектакльдер, 98 мәдени-спорттық шаралар, 1373 жастарға арналған демалыс кештері өткізілді. Аудан бойынша 16 «Халақтық» атағы бар ұжым жұмыс істейді.


^ Жыл көлемінде атқарылған іс-шаралар туралы


Ауданның мәдениет мекемелері өз жұмысында Қазақстан Республикасы Президентінің халыққа Жолдауының жұртшылыққа толық мәнінде жеткізуге бар күш-жігерлерімен, шығармашылық шеберліктерін толық жұмылдырып, аянбай еңбек етті.Президентіміз бен өкіметіміздің мәдениетке ашық бетбұрыс жасап, ықшамдау мен қысқарту кезеңінде жабылып қалған клубтар қайта жөндеуден өткізіліп, іске қосылып, халыққа мәдени қызмет көрсетуде.

Аудан көлемінде жылдан-жылға көркемөнерпаздар коллективтері де өздерінің шығармашылық деңгейлерін кеңінен дамытуда. Биылғы жылы ауданымыздың 80 жылдық мерейтойына арналып «Туған жерді жырлаймыз» атты көркемөнерпаздар байқауына барлық 12 ауылдық округтер, Алғабас, Қарой ауылдарының өнерпаздары және аудан орталығындағы мектептер мен №1 Теректі орта мектебі және Қ.Нұрғалиев атындағы Боран көпсалалы мектеп-гимназиясы ерекше дайындықпен өз өнерлерін халыққа паш етті.







Аудандық Гала-концертте 500-ге жуық өнерпаз қатысып, аудан әкімінің жүлдесіне ие болды.Мұндай жетістікке жетуіміздің бірден-бір себебі барлық мәдениет қызметкерлерінің ауданымыздың мәдениетін көтеруіне барынша ат салысуында. Тамыз айының 22-23 күндері Күршім ауданының құрылғанына 80 жыл толуына байланысты аудан орталығында мәдени-спорттық шаралар ұйымдастырылды.

Аудан бойынша өтетін мәдени–шараларды жоғарғы деңгейде өткізіп, халықтың ілтипатына бөленіп отырған ауданымызға белгілі мәдениет қызметкерлері Набиолда Салихұлы Кемешов, Шахимордан Отарбаев, Қазымбек Абдрахманов, Кәрібай Мұсабаевтардың еңбектерін ерекше айта кетуге болады.Биылғы жылы аудандық мәдениет үйінің мәдени-шара ұйымдастырушысы Айман Тойбаева жаңа үлгіде, жаңа жобада халқымыздың дәстүрлі әні мен күйін халыққа паш ете отырып «Ауыл-думан» атты бағдарламасын көрермен қауымға ұсынды.

Бұл бағдарламаның негізі мақсаты

халық арасында көрінбей ,сахнаға

шықпай жүрген талантты жастарды

халыққа таныту, сондай-ақ ұлттық

нақыштағы дәстүрлі әндер мен

күйлерді насихаттау болды.Аталмыш

бағдарлама өте жоғарғы деңгейде

өтіп, көрермен қауымның көңілінен шықты.


Жыл көлемінде аудан бойынша жоспарланған барлық мәдени-көпшілік шаралар белгіленген уақытта өз деңгейінде өткізілді. Еліміздің 8 негізгі мемлекеттік мереке-мейрамдарын жыл сайын өз деңгейінде атап өту ауданның барлық мәдениет ошақтарының қызметкерлері үшін бұлжымас міндетке айналған. Мемлекеттік мерекелер қарсаңында барлық жерлерде салтанатты жиналыстар мен мерекелік концерттер, аудан әкімінің қабылдаулары өтіп отырады. 1 маусым балаларды қорғау күніне байланысты орталық алаңда балаларға арналған мерекелік шараларды ұйымдастыру дәстүрге айналған.Бұл мерекеде аудандық балабақшаның кішкентай бүлдіршіндері және балалар шығармашылығы үйінің өнерпаздары өз өнерлерін көрсетті.




Осы мерекеде 7 мен 10 жас арасындағы қыздар арасында өткен «Кішкентай ару» байқауына Балықшы, Абай, Ақбұлақ, Боран, Сарыөлең, Теректі, Күршім а/о үміткерлері келіп қатысып, Бас жүлдені Теректілік кішкентай ару жеңіп алды.

Жастарға эстетикалық тәрбие беру мақсатында өтетін "Бүлдіршін ару", "Күршім ауданының аруы" атты байқауларға барлық округтен үміткерлер қатысып, жеңімпаздар облыстық байқауға жолдама алды. Аудан көлемінде өтіп тұратын дәстүрлі байқаулар биылғы жылы да өте жоғарғы тұрғыда өтті. Атап айтсақ биылғы жылы оқушылар арасында өткен «Балдәурен» фестиваліне аудан көлеміндегі барлық округтер қатысты, 16 мен 23 жас аралығындағы ару қыздар арасында өткен «Күршім аруы» байқауына Сарыөлең, Боран, Балықшы, Құйған, Теректі, Қалжыр, Күршім , Қалғұты ауылдық округтерінің ару қыздары қатысып, биылғы жылы тағы да Бас жүлдені Теректі а/о аруы жеңіп алды. Ал, жас бишілер арасында өткен «Биле-биле» байқауына Абай, Балықшы, Сарыөлең, Күршім а/округтерінен қатысып, Бас жүлдені Балықшы а/о қарасты Аманат ауылының бишілері қанжығаларына байлады.

Ауданымызға белгілі марқұм

сазгер Оралхан Көшеров атындағы

әншілер байқауы биылда аудан

көлемінде өтті. Бұл байқау аудан

көлемінде жыл сайын өткізілсе,

облыс көлемінде екі жылда бір рет

өткізу дәстүрге айналуда. Облыстық

байқаудың Бас жүлдегері Жарма

ауданынңы әншісі А.Мұстафаева


Мәдени қызметтің тағы бір бағыты – жастарды қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу. Бұл орайда көктемгі және күзгі әскерге шақыру мерзімі негізінде аудандық әскери комиссариатпен жас сарбаздарды әскер қатарына шығарып салу рәсімдері өткізіледі.

2008 жылы өткен «КТК» байқауына 1-турға аудан орталығындағы мектептердің командалары қатысса, 2-турда ауылдық округтер арасындағы командалар сайысқа түсті. Былтырғы жылы КТК байқауына тек 3 округ жастары қатысса, (Сарыөлең ,Қалғұты, Абай ауылдық округтері.) Ал, биылғы жылға 6 округтен 6 -команда қатысуға өз өтініштерін білдірді. Олар, Теректі, Сарыөлең, Абай, Құйған, Балықшы ауылдық округтері және Алғабас ауылының командасы. (Қалжыр, Боран, Маралды,Ақбұлақ, Төсқөайың) Бұл дегенің жастардың көңілді жанрға деген қызығушылықтарының, ой-өрістерінің жылдан-жылға артуында болып отыр.

Дәстүрлі аудандық «Жас қанат-2008» әншілер байқауында Бас жүлдені № Күршім орта мектебінің 10 сынып оқушысы М.Макиленова иеленді. О.Бөкей атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің аудандық байқауында Күршім орта мектеп-гимназиясының 10 сынып оқушысы А.Қақатаева облыстық байқауға қатысып аудан намысын қорғап қайтты.




Жыл көлемінде «Біз нашақорлыққа қарсымыз»,

«Президенттік миль- денсаулыққа жол»,

«Мейірімділік парызын өтелік» атты акциялар ұйымдастырылды.


Аудан көлемінде өтетін барлық кәсіби мерекелер жоғары деңгейде өткізілді. Мысалы, медицина қызметкерлері күні, баспасөз қызметкерлері күні, мәдениет қызметкерлері күні, салық қызметкерлері күні, ауыл шаруашылық қызметкерлері күні, шекарашылар күніне арналған мерекелік концерттер өткізілді.

Күршім аудандық мәдениет үйінің әзіл-сықақ театрының дайындаған «Күлеміз бе, қайтеміз» атты күлкі кешін көрермен қауым үлкен ықыласпен қабылдады. Аудандағы белгілі өнер иелерінің шығармашылығын дамытып, тың туындыларын өнер сүйер қауымға жария ету мақсатында шығармашылық кештер өткізу мәдениет қызметкерлерінің басты назарында. Аудандық мәдениет үйінде жергілікті музыкант, өнер иесі Ж.Амренов пен аудандық мәдениет үйінің әншісі С.Тоқтарованың жанұялық шығармашылық кештері өте жоғары деңгейде ұйымдастырылды.

Жыл сайын міндетті түрде атап өтілетін «Қазақстан халықтарының тіл мерекесі» аудандық мәдениет үйінде тыңғылықты даярлықпен өткізілді. Жиналған қауым команда мүшелерінің өз тілінен өзге тілде жетік сөйлейтіндерін, әр ұлттың өнерін тамашалады. Мерекенің өзегі «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» деген қағиданы паш етті.






Желтоқсан айының 26 күні.Аудан әкімінің балаларға арналған жаңа жылдық шыршасы, 27 күні кәсіпорындар мен мекемелердің кәсіподақ шыршасы, 28 күні мектеп бітірушілерге арналған Жаңа жылдық кеш, 29 күні аудандық мекеме ұжымдарына арналған «Көгілдір от», 31 күні аудан тұрғындарына арналған Жаңа жылдық мерекелік кеш, 1 қаңтар күні мүгедек және мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған Жаңа жыл шыршасы мерекелеріне мәдени шара ұйымдастырушылар жаңа үлгіде сценарийлер дайындап, шаралардың қызықты өтуіне үлкен ықпал жасады.

Биылғы жылы аудандық мәдениет үйінің әртістері аудандағы Маралды, Абай, Қалжыр, Боран ауылдық округтерінің барлық ауылдарына гастрольдік сапармен шығып, аудан жұртшылығына өз өнерлерін көрсетіп қайтты.


Күршім аудандық мәдениет және

тілдерді дамыту бөлімінің бастығы Б.Өлмесеков



Похожие:

Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің 2008 жылы атқарған жұмыстары iconО рал қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің 20 11 жылы атқарылған жұмыстары туралы есебі
Орал қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің құрамына төмендегідей мекемелер мен кәсіпорындар кіреді
Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің 2008 жылы атқарған жұмыстары iconОрал қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің 2010 жылы атқарылған жұмыстары туралы есебі
Орал қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің құрамына төмендегідей мекемелер мен кәсіпорындар кіреді
Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің 2008 жылы атқарған жұмыстары iconАуданның мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің 2011 жылғы 6 айында атқарған жұмыстары туралы ақпарат
Ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі 2011 жылдың басынан бері бес айда жоспарға сәйкес және аудан әкімінің тапсырмасына...
Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің 2008 жылы атқарған жұмыстары iconШымкент қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің 2012 жылдың 6 айында атқарған жұмыстары туралы есебі
Шымкент қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі «Қазақстан Республикасының мәдениет туралы» және «Қазақстан Республикасының...
Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің 2008 жылы атқарған жұмыстары iconОрал қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің 20 12 жылда атқарылған жұмыстары туралы есебі
Орал қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің құрамына төмендегідей мекемелер мен кәсіпорындар кіреді
Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің 2008 жылы атқарған жұмыстары iconАудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің 2008 жылы атқарған жұмыстары. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру-мемлекеттік саясаттың басты мақсаты»
Аудан көлеміндегі 21 кітапхана, 18 мәдениет үйлері мен клубтарда 2008 жыл бойына халыққа мәдени-ақпараттық қызмет көрсетуде 1390...
Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің 2008 жылы атқарған жұмыстары icon«Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту» бөлімінің 2010 жылдың І жартыжылдығында атқарған жұмыстары туралы хабарлама
Аудан бойынша 2010 жылдың 1 қаңтарына мәдениет саласында 22 кітапхана, 19 мәдениет және клуб үйлері халыққа мәдени-ақпараттық қызмет...
Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің 2008 жылы атқарған жұмыстары iconУспен ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің
Успен ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің миссиясы – мәдениет саласында сапалы және қол жетімді қызметтер көрсету;...
Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің 2008 жылы атқарған жұмыстары iconАуданның мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің 2011 жылдың 5 айында атқарған жұмыстары туралы
Мәдениет саласы бойынша 151 мәдени көпшілік іс-шаралар өткізілді. Оның ішінде тілді дамытуға мәдениет үйі мен ауылдық клубтар бойынша...
Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің 2008 жылы атқарған жұмыстары iconТарбағатай ауданы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
«Тарбағатай аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы