Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы бойынша атқарылып жатқан жұмыстар Ж ұмыспен қамту 2020 бағдарламасының екінші бағыты бойынша несие алған қатысушылардың қаржыны мақсатты игеруін қадағалау және үшінші бағыт бойынша потенциалы төмен ауылдардың тұрғындарына түсіндірме жұмыстарын жүргізу үшін, жұмыспен қамту орталығының басшысы мен мамандары іссапарға шықты. І ссапар барысында Ақбұлақ ауылдық округінде орналасқан Алтай, Қалғұты ауылдық округінде орналасқан Жылтау, Теректі ауылдық округінде орналасқан Мойылды ауылдарының тұрғындарымен жеке-жеке кездесіп, бағдарлама ережесі туралы түсіндірме жұмыстары жүргізіп, салынып жатқан үйлер жайлы толық мағлұмат берілді. Түсіндірме жұмыстарынан кейін Алтай ауылынан 18 отбасы Өскемен қаласына көшуге ниет білдіріп, құжаттарын жинап өткізуде. Ал Мойылды ауылынан 7 отбасы көшуге ниет білдіріп, құжаттарын дайындауда. Жылтау ауылының тұрғындары Өскемен қаласына көшуге ниет білдіріп, құжаттарын жинау үстінде. Б ағдарламаның екінші бағыты бойынша несие алған қатысушылардың қаржыларының мақсатты игерілуін қадағалау мақсатында Теректі, Боран, Қалжыр, Абай, Құйған ауылдық округтеріндегі кәсіпкерлермен кездесу өтті. Бағдарлама арқылы «Теректі ауылында асхана ашу» жобасы үшін 1 млн.тг несие алған Теректі ауылының тұрғыны Жунусова Айгульмен кездесу өтті. А.Жунусова асханаға деп алған ауылдағы ескі ғимаратты күрделі жөндеуден өткізуде. «Наубайхана» жобасы үшін 2,8 млн.теңгеге несие алған Боран ауылының тұрғыны Шаке Кәкім деген азамат Қытай Халық Республикасынан жаңа 3 нан пеші, 2 қамыр илегіш және қамыр көтергіш жабдықтарын сатып алды. Қазіргі уақытта пештің біреуін іске қосып жұмысын жүргізуде. Көктем шығысымен ғимаратты жөндеу жұмыстары мен жабдықтарды орнату ісіне кіріседі. «Мал сою алаңы» жобасы үшін 6 млн.тг несие алған Қалжыр ауылының тұрғыны Ж.Дутбаев деген азамат жұмысын 20 бас асыл тұқымды ірі қара мал алудан бастапты. Мал сою алаңына жөндеу жұмыстарын жүргізіп, қажетті жабдықтарға тапсырыс берілген. 
Т еректібұлақ ауылдық округінің тұрғыны Қ.Қасымжанов наубайханасын кеңейтіп, 2 адамды жұмыспен қамтып, жөндеу жұмыстарын жүргізуде. Жаңа нан пеші мен қамыр илейтін жабдықтарға тапсырыс берген.
Қ ұйған ауылының тұрғындары Ф.Серикова және А.Слямовамен де кездесу өтті. Кәсіпкер Ф.Серикова «Балық өнімдерін қайта өңдеу» жобасы үшін 1 млн.тг несие алған. Қазіргі уақытта қолмен тартатын жабдықпен балық өнімін өңдеп, дүкендердің тапсырысы бойынша жұмыс жүргізуде. Ал А.Слямова балық сақтайтын ғимаратты жөндеуде, және жаңа жабдықтар алғанға тапсырыс берген. Көктем шығысымен балық аулауға қажетті жабдықтар алған соң 2 адамды жұмыспен қамтуды жоспарлап отыр.   
Осы атқарылып жатқан іс шараларға қарағанда бағдарламаның екінші бағыты мақсатының іс жүзіне аса бастағаны байқалады. |