Күршім ауданының 2005 жылдың 1 жартыжылдығының әлеуметтік-экономикалық дамуынының корытындылары icon

Күршім ауданының 2005 жылдың 1 жартыжылдығының әлеуметтік-экономикалық дамуынының корытындылары



НазваниеКүршім ауданының 2005 жылдың 1 жартыжылдығының әлеуметтік-экономикалық дамуынының корытындылары
Дата конвертации12.12.2012
Размер54.4 Kb.
ТипДокументы
источник

Күршім ауданының 2005 жылдың 1 жартыжылдығының әлеуметтік-экономикалық дамуынының корытындылары

Аудан бойынша 2005 жылдың 1 жартыжылдығының қорытындысы бойынша өнеркәсіп өнімдері 80072 мың теңгеге өндіріліп, өткен жылдың 1 жартыжылдығымен салыстырғанда 18,9 пайызға немесе 12726 мың теңгеге көп өндірілді.

Аудан бойынша 2005 жылы 9562,2 гектар жерге ауылшаруашылық дақылдары егілді. Соның ішінде: Астық дақылдары 2814 гектар жерге, техникалық дақылдары 4674,7 гектар жерге, 2076,5 гектар жерге картоп, жеміс жидек егілді.

Аудан бойынша мал басының өсуі байқалады. 2005 жылдың 1 жартыжылдығында мүйізді ірі қара саны 65514 басқа жетіп, 2004 жылдың 1 жартыжылдығымен салыстырғанда 1237 басқа немесе 1,9 пайызға, оның ішінде сиыр саны 31190 басқа жетіп, 4 басқа, қой мен ешкі саны 204089 басқа жетіп, 3262 басқа немесе 1,6 пайызға, жылқы саны 14886 басқа жетіп, 260 басқа немесе 1,8 пайызға, құс саны 43554 басқа жетіп, 2232 басқа немесе 5,4 пайызға өсті. Аудан бойынша бұзау алу 1854 басқа немесе 10,5 пайызға өскен.

Әр 100 сиырдан аудан бойынша 60 бұзау алынып, 2004 жылдың 1 жартыжылдығымен салыстырғанда 15,4 пайызға артты. Қой мен ешкі төлін алу аудан бойынша 3,8 пайызға немесе 2928 басқа көбейген.Әр 100 қой мен ешкі басынан 94 бас қозы-лақ алынып, 2004 жылдың 1 жартыжылдығы деңгейінде қалды. Құлын алу 277 басқа немесе 9,1 пайызға өскен. Әр 100 биеден аудан бойынша 77 құлыннан алынып, 2004 жылдың 1 жартыжылдығымен салыстырғанда 6,9 пайызға артқан.

Аудан бойынша мал мен құсты тірі салмақта сойып өткізу 3051,9 тоннаға жетіп, 2004 жылдың 1 жартыжылдығымен салыстырғанда 9,5 пайызға немесе 264,7 тоннаға көбейді. Сүт өндіру 23569,6 тонна болып, 2004 жылдың 1 жартыжылдығымен салыстырғанда 2,4 пайызға немесе 543,2 тоннаға көбейді.Жұмыртқа алу 309 мың данаға жетіп, 2004 жылдың 1 жартыжылдығымен салыстырғанда 2,3 пайызға немесе 53 мың данаға көбейді. 288,4 тонна жүн қырқылып, 2004 жылдың 1 жартыжылдығымен салыстырғанда 3,3 пайызға немесе 9,1 тоннаға көбейді.Алдын ала берілген мәліметтер бойынша 2005 жылдың 1 жартыжылдығына ауылшаруашылығының жалпы өнімі 1012,2 млн теңгені құрады, ол 2004 жылдың 1 жартыжылымен салыстырғанда 4,7 пайызға артты.2005 жылдың 1 шілдесіне ауданда 1676 шағын бизнес субъектілері тіркелген, оның ішінде 42 заңды тұлғалар, 863 шаруа қожалықтары, 771 жеке кәсіпкер жұмыс істеуде.

Ауданда осы уақытқа 268 сауда және қоғамдық тамақтандыру орындары тіркелген, оның ішінде 246 дүкен және дүңгіршектер, 17 асхана және дәмхана, 5 бөлшек сауда базары, 19 жанар-жағар май құятын станциялары және 53 шикізатты өңдеу цехтары жұмыс істеуде. 2005 жылдың 1-ші жартыжылдығында 7 кәсіперлік объектісі іске қосылды.2005 жылдың 1 шілдесіне шағын кәсіпкерлік субъектілерімен салық пен төлемдер 29490 мың теңге сомасында аударылған, бұл 2004 жылғы мерзіммен салыстырғанда 12,9 пайызға артық, оның ішінде жергілікті бюджетке 24538,2 мың теңге түсіп, 6,1 пайызға артты.Аудан бюджеті 2005 жылдың бірінші жартыжылдығында түсімдер бойынша 100,3 пайызға орындалды, 385004 мың теңге болжам орнына 386097 мың теңге түсім түсті. Меншікті түсімдер 103,5 пайызға орындалып, 101147 мың теңге болжамның орнына 103050 мың теңге түсті, болжамнан артық 1903 мың теңге түсті, соның ішінде салықтық түсімдер болжамы 100288 мың теңге болғанда, түскені 102175 мың теңге, салықтық емес түсімдер болжамы 578 мың теңге болғанда, түскені 580 мың теңге және негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер болжамы 281 мың теңге болғанда, 295 мың теңге түсті. Салықтық және салықтық емес түсімдердің 34 түрінің 30 түрінен болжам 100 және одан жоғары пайызға орындалып, 2 түрінен: Әлеуметтік салық Марқакөл және Күршім «ВК РЭК» бөлімшелерінің жабылуына және «Артель старателей Алтай» АО қоғамының жұмысшылар санының азайуына байланысты орындалмады. Бюджет Кодексінің 49 бабының 2 тармағының 4 тармақшасына сәйкес 2005 жылдың 1 қаңтарынан бастап облыстық бюджеттен қаржыландыратын мекемелер салған айыппұлдар мен санкциялар облыс бюджетіне түседі, соған байланысты бұл түрден болжам 278 мың теңгеге орындалмауда. 2005 жылдың бірінші жартыжылдығында жергілікті бюджет берешегі 1721 мың теңгені құрап, жыл басымен салыстырғанда 469 мың теңгеге шаруа қожалықтарының берешегі арқылы өсіп отыр.

Бюджеттің шығыс бөлімі нақтылануымен 2005 жылғы 1- жартыжылдығында 387345,0 мың теңге сомасында бекітіліп, 98,9 пайызға орындалды немесе 382992,0 мың теңгені құрады.Әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік көмекке 35000,0 мың теңге бағытталып, орындалуы 34613,0 мың теңгені немесе 98,9пайызды құрады, соның ішінде мемлекеттік атаулы көмегі, тұрғын-үй көмегі 100 пайызға орындалды.Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер қөрсету бойынша орындалуы 97,6 пайызды құрады.2005 жылдың 1- жартыжылдығында аудандық бюджеттен қаржыландырылатын инвестициялық жобаларға 26984,0 мың теңге бөлінді, соның ішінде мектептерді Интернет желісіне қосу үшін 6171,0 мың теңге нысаналы трансферттер.

Игерілуі 97,9 пайызды құрады, соның ішінде:- Білім берудің материалдық-техникалық базасын нығайтуға 6757,0 мың теңге бағытталды, оның ішінде мектеп жанындағы Ақбұлақ интернатына тоқ пеш пен Қаратоғай мектебіне сентизатор, методикалық кабинетке компьютер, мектептерге мультимедиалық кабинет сатып алынды, игерілуі 100 пайызды құрады; - орта білім беру саласын информатизациялық жүйесіне 6171 мың теңге бағытталды, игерілуі 100 пайызды құрады- мектептерді күрделі жүргізуден өткізу үшін 1298 мың теңге бөлінді. Орындалуы 96,2 пайыз немесе 1249 мың теңге.- Аудандық білім беру мемлекеттік мекемелеріне (ұйымдарына) оқулық сатып алуға және жеткізуге 4374 мың теңге бөлінді, игерілуі 100 пайызды құрады.-Топтерек ауылындағы клубты қайта мектеп етіп жаңартуға346 мың теңге бағытталды. Тендер өткізілмегеніне байланысты 2005 жылдың 1 шілдесіне қаржылар игерілмеді.- басқару органдарының материалдық-техникалық базасын жарақтандыруға 5494,0 мың теңге, соның ішінде аудан Әкімінің аппаратына 1 машина және 1 компьютер, ауылдық округ аппараттарына – 3 машина, радиотелефон, екі компьютер сатып алынды; ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне 1 қызмет автомашинасын және принтер; экономика және қаржы бөліміне 2 компьютер сатып алуға бағытталды-мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің мәдениет ошақтарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға 281,0 мың теңге, соның ішінде екі жарық фонтаны және музыкалық аппаратура сатып алынды.Ауданда 55 мектеп бар, оның ішінде 24 орта, 25 орталау және 6 бастауыш мектептер.

Онда 8075 оқушы және мектеп алды даярлықта 526 бала дәріс алады. Бес мектеп интернаттарында 183 оқушы тәрбиеленуде. Аудан мектептерінде барлығы 1177 мүғалімдер жұмыс істейді.Білім беру ұйымдарын ұстауға 265685,0 мың теңге бағытталып, орындалуы 99,4 пайызды немесе 263997,0 мың теңгені құрап, өткен жылдың 1 жартыжылымен салыстырғанда 12,1 пайызға артты.Ауданда 1 аудандық мәдениет үйі, 1 ауылдық мәдениет үйі, 3 ауылдық клуб, 8 кітапхана, 1 тарихи өлкетану мұражайы жұмыс істейді.Мәдениет, спорт, ақпараттық кеңестікке 16924,0 мың теңге бағытталып, орындалуы 16645,0 мың теңгені немесе 98,4 пайызды құрап, өткен жылдың 1 жартыжылдығымен салыстырғанда 37,7 пайызға артты.

Ауылдық жерлерді абаттандыруға 7401 мың теңге жұмсалды, көшелерді жарықтандыруға 2658 мың теңге, елді мекендердің санитариясын қамтамасыз етуге (ит атуға, қоқыс орындарын ұстауға) 388 мың теңге, жерлеу орындарын күтіп ұстау және туысы жоқ адамдарды жерлеуге 199 мың теңге, елді мекендерді сумен жабдықтауды ұйымдастыруға 2315 мың теңге жұмсалды, абаттандырумен көгалдандыруға 1841 теңге жұмсалды. Азаматтардың жекелеген санаттарын тұрғын үймен камтамасыз етуге 370 мың теңге жұмсалды.Жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарын ұстауға және күрделі жөндеу жүргізуге 7102 мың теңге бағытталып, 7078 мың теңгесі игерілді. 1.07.2005 жылға еңбек ақы толығымен төленген. Берешегі жоқ.Жұмыссыздықпен күрестің белсенді саясаты жүргізілуде. 2005 жылдың 1 жартыжылдығында 201 жаңа жұмыс орны ашылды. 2005 жылдың 1-ші жартыжылдығына 363 жұмыссыз адам тіркелген.

Аудан бойынша орташа жұмыспен қамту көрсеткіші 55,4 пайызды құрады. Аудан бойынша орташа жұмыссыздық көрсеткіш деңгейі 1,8 пайызды құрады. 2005 жылдың 1-ші жартыжылдығында 518 жұмыссыз адамның, 393-ші жұмысқа орналасып, жұмыспен қамту бағдарлама жылдық тапсырмасының 75,9 пайызын құрады. Ауданның орташа кедейшілік деңгейі 10,9 пайызды құрады. Кедейшілікпен күрес бағдарламасы бойынша, кедейшілік шегінен төмен тұратын азаматтарға 18280 мың теңге мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек және 363 мың теңге тұрғын үй көмегі берілді, 381 адам қоғамдық ақылы жұмыстарға жіберілді.

Аудан бойынша 9724 адамға 298,8 млн.теңге зейнетақы мен жәрдемақы төленген. Шағын несиелер бойынша қайтару 96,3 пайызды құрады. 2005 жылдың 1 жартыжылдығында аудан халқының өз қаржыларына 6 меншік үй салынды.2005 жылдың 1 жартыжылдығында 82 істелген қылмыс тіркеліп, 71–і ашылған немесе барлық істелген қылмыстың 86,6 пайызы. Өткен жылдың 1 жартыжылдығымен салыстырғанда қылмыс 4,7 пайызға азайып, ашылу пайызы 0,4 пайызға азайды.2005 жылдың 1 жартыжылдығында 2005-2007 жылдарға арналған ауданның дамуы бағдарламасы бойынша 16445 дана ағаштармен көшеттер отырғызу орнына 29378 ағаш, 5523 көшет отырғызылды немесе 112 пайызға артық орындалды. 6807 шаршы метрге гүл шоқтары егілді..

 

 







Похожие:

Күршім ауданының 2005 жылдың 1 жартыжылдығының әлеуметтік-экономикалық дамуынының корытындылары icon2005 жылдың 9 айындағы Күршім ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы
Аудан бойынша 2005 жылдың тоғыз айында тауар өнімдері 109403 мың теңгеге өндірілген
Күршім ауданының 2005 жылдың 1 жартыжылдығының әлеуметтік-экономикалық дамуынының корытындылары icon2005 жылдың 9 айындағы Күршім ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы
Аудан бойынша 2005 жылдың тоғыз айында тауар өнімдері 109403 мың теңгеге өндірілген
Күршім ауданының 2005 жылдың 1 жартыжылдығының әлеуметтік-экономикалық дамуынының корытындылары iconКүршім ауданының 2010 жылдың бірінші жартыжылдығының әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары
Жылғы 1 шілдесіне аудан бойынша 3776,1 тонна ет өндіріліп, былтырғы жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда өсім 0,1 пайызға жетті;...
Күршім ауданының 2005 жылдың 1 жартыжылдығының әлеуметтік-экономикалық дамуынының корытындылары iconКүршім ауданының 2008 жылдың бірінші жарты жылдағы әлеуметтік экономикалық дамуы туралы ақпарат Ауыл шаруашылығы
Күршім ауданының 2008 жылдың бірінші жарты жылдағы әлеуметтік экономикалық дамуы туралы ақпарат
Күршім ауданының 2005 жылдың 1 жартыжылдығының әлеуметтік-экономикалық дамуынының корытындылары iconКүршім ауданының 2006 жылдың 1 тоқсанына әлеуметтік-экономикалық дамуы
Аудан бойынша 2006 жылдың 1 сәуіріне тауар өнімдері 14207 мың теңгеге өндірілген
Күршім ауданының 2005 жылдың 1 жартыжылдығының әлеуметтік-экономикалық дамуынының корытындылары icon2006 жылдың 9 айындағы Күршім ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы
Аудан бойынша 2006 жылдың тоғыз айында тауар өнімдері 96994,0 мың теңгеге өндірілген
Күршім ауданының 2005 жылдың 1 жартыжылдығының әлеуметтік-экономикалық дамуынының корытындылары icon2010 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындылары бойынша Жарма ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары туралы
Былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда барлық кәсіпорындар және есептік топтар бойынша өнеркәсіп өнімінің өндіріс көлемінің...
Күршім ауданының 2005 жылдың 1 жартыжылдығының әлеуметтік-экономикалық дамуынының корытындылары iconАягөз ауданының 2006 жылдың 1 жартыжылдығындағы әлеуметтік – экономикалық дамудың қорытындылары
...
Күршім ауданының 2005 жылдың 1 жартыжылдығының әлеуметтік-экономикалық дамуынының корытындылары icon2010 жылдың 3 тоқсанына Бородулиха ауданының әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі қорытындылары
Ағымдағы жылдың 9 айына ауданның әлеуметтік және экономика саласын дамытудың жалпы беталысын тұрақты деп сипаттауға болады. Әлеуметтік-экономикалық...
Күршім ауданының 2005 жылдың 1 жартыжылдығының әлеуметтік-экономикалық дамуынының корытындылары iconЖайма ауылдық округінің 2012 жылдың 1-ші жартыжылдығының әлеуметтік экономикалық даму паспорты

Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы