|
2007 жылдың 9 айындағы ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы Аудан бойынша 2007 жылдың 9 айында тауар өнімдері 182925 мың теңгеге өндірілді, ол өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 53,4 пайызға немесе 85760 мың теңге артық. 2007 жылдың 9 айында шағын кәсіпкерлік субъектілерімен 34,8 тонна өсімдік майы шығарылды, 2,4 тонна ұн, 0,6 тонна жармақ, 20,2 тонна балық еті, бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 5,2 тоннаға көп, 201,5 тонна балық дайындалды, бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 63,5 тоннаға артық, 121,1 тонна нан пісірілді, бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 2,7 тоннаға көп, 119,7 мың дана газет шығарылды. Аудан бойынша 2007 жылы 7592,5 гектар жерге ауылшаруашылық дақылдары егілді, бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 1297,6 гектарға артық, оның ішінде астық дақылдары 2733,3 гектар, техникалық дақылдары 1650,9 гектар жерге егілді, 628,8 гектар жерге картоп, 144,5 гектар жерге жеміс, 393 гектар жерге бақша өнімдері, биылғы егілген көп жылдық шөп 1812 гектар, біржылдық шөптер 230 гектар. 2007 жылдың 9 айында мүйізді ірі қара саны 62515 басқа жетіп, 2006 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 1278 басқа артты немесе 2,1 пайызға, оның ішінде сиыр саны 27005 басқа жетті, жылқы 14299 басқа жетіп, бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 80 басқа немесе 0,6 пайызға артты, құс саны 39984 басқа жетіп, 2006 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 2279 басқа немесе 6,0 пайызға артты, қой мен ешкі саны 201662 басқа жетіп, 2006 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 10396 басқа немесе 5,4 пайызға өсті. Аудан бойынша сатылған еттің көлемі 7108,6 тоннаға жетіп, 2006 жылмен салыстырғанда 449,3 тоннаға немесе 6,7 пайызға көбейді, сауылған сүт 39583,9 тоннаға жетіп, 2006 жылмен салыстырғанда 176,6 тоннаға немесе 0,4 пайызға артты. Жұмыртқа алу 4447 мың данаға жетіп, 2006 жылмен салыстырғанда 254 мың данаға немесе 6,0 пайызға артты, 309,7 тонна жүн қырқылып, 2006 жылмен салыстырғанда 5,1 тоннаға немесе 1,7 пайызға көбейді. Алдын ала берілген мәліметтер бойынша 2007 жылдың 9 айында ауылшаруашылығының жалпы өнімі 2414,5 млн.теңгені құрап, 2006 жылмен салыстырғанда 3,7 пайызға немесе 86,4 млн теңгеге артты. «Сартау несиелік серіктестігі» 28,5 млн. теңге көлемінде ауылшаруашылығы өнімдерін өндірушілерге несие берілді. Сонымен қатар Шығыс Қазақстан облыстық ауылшаруашылығын қолдау қорынан 9 млн. 100 мың тенгенің шағын несиесі негізінен мал сатып алуға, шағын кәсіпкерлікті дамытуға, қолдан ұрықтандыру пунктерін ашуға, егін шаруашылығын дамытуға, су кооперативтерін құруға берілді. Аудандық бюджет түсімдер болжамы бойынша 2007 жылдың тоғыз айында 1083087,1 мың теңге түсім түсті. Меншікті түсімдер 103,3 пайызға орындалып, 225105 мың теңге болжамның орнына 232493 мың теңге түсті, яғни болжам 7388 мың теңге артық түсті. 2007 жылдың 9 айында шағын кәсіпкерлік субъектілерімен салық пен төлемдер 53724,0 мың теңге сомасында түсті, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 1445,1 мың теңгеге артық, оның ішінде аудандық бюджетке 40707,5 мың теңге аударылды. 2007жылдың тоғыз айында ресми трансферттер 100 пайыз түсіп, 850594 мың теңгені құрады. Бюджеттің шығыс бөлімі нақтылануымен 2007 жылдың тоғыз айында 1076442,2 мың теңге болжам орнына, 1052512,3 мың теңгеге немесе 97,8 пайызға орындалды. 2007 жылдың 9 айында білім мекемелерінің даму бюджетімен материалдық-техникалық базаны жетілдіруге 77132 мың теңге игерілді, соның ішінде: - Білім берудің материалдық-техникалық базасын нығайтуға 35755 мың теңге мектептерді күрделі жөндеу жұмыстарына 12406 мың теңге, оқулық сатып алу үшін 17473 мың теңге, трафиктерге төлеу үшін 2498 млн. теңге, Топтерек клубын мектеп етіп қайта жаңғыртуға 9000 млн. теңге жұмсалды. - басқару органдарының материалдық-техникалық базасын жарақтандыруға 11573,1 мың теңге, соның ішінде аудан Әкімінің аппаратына және жаңадан ашылған мемлекеттік мекемелерге 18 компьютер 1 автокөлік, ауылдық округтер әкімдерінің аппаратына 1 қызмет автокөлік, 2 компьютер сатып алынды. Ауыл арасы жолдарын күрделі жөндеуге 4000 теңге бағытталды. -мемлекеттік мекемелердің информациялық жүйесін құруға 1848 мың теңге; -мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің мәдениет ошақтарының информациялық жүйесін құруға 190,0 мың теңге, видеомобиль сатып алуға 2250 мың теңге және кітапханаға 300 компьютер сатып алуға игерілді . Республикалық бюджет қаражатынан Республикалық бюджет қаражатынан Аманат ауылында 80 орындық орта мектебі, Топтерек негізгі мектебі салынып іске қосылды. Аудандағы барлық мектептерді компьютерлік сыныптармен қамтамасыз ету жұмыстары ойдағыдай аяқталды. Интернет желісіне 46, «Котелко» спутниктік антеннасына 12 мектеп қосылған. Жыл сайын бюджеттік қаржының 69,8 пайызынан көбі басымдылық саласы болып саналатын білім беру саласына бөлінеді. Білім беру мекемелерін ұстауға 734829,5 мың теңге игерілді. Ауданда 1 аудандық мәдениет үйі, 1 ауылдық мәдениет үйі, 27 ауылдық клуб, 15 кітапхана жұмыс істейді. Мәдениет, спорт, ақпараттық кеңестікке 44393 мың теңге бөлініп, 44014,7 мың теңгесі немесе 99,1 пайызы игерілді. Әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік көмекке 74933 мың теңге бағытталып, 69238,9 мың теңгесі немесе 92,4 пайызы игерілді. Оның ішінде мемлекеттік әлеуметтік көмегі 78,1 пайызға және тұрғын үй көмегі 100 пайызға игерілді. Жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарын ұстауға 63933 мың теңге бөлініп, 42344,4 мың теңгесі немесе 66,2 пайызы игерілді. Ауылдық жерлерді абаттандыруға 38940 мың теңге бағытталып, 37851,4 мың теңге жұмсалды, оның ішінде ауылдарды жарықтандыруға 4696 мың теңге, ауылдарды абаттандыруға 6777,9 мың теңге, елді мекендердің санитариясын қамтамасыз етуге 992,9 мың теңге, жерлеу орындарын күтіп ұстау және туысы жоқ адамдарды жерлеуге 460 мың теңге, абаттандырумен көгалдандыруға 629 теңге жұмсалды. Елді мекендерді сумен жабдықтауды ұйымдастыруға 31073,8 мың теңге жұмсалды. Азаматтардың жекелеген санаттарын тұрғын үймен камтамасыз етуге 500 мың теңге жұмсалды. Теректы – Күршім – Өскемен, Маралды – Күршім – Өскемен бағыттарында жолаушы тасымалдайтын маршруттар ашылды. Ауданда 56 денсаулық сақтау нысандары жұмыс істейді, оның ішінде Күршім аудандық орталық аурухана, Теректі №1 аудандық аурухана, 11 жанұялық дәрігерлік амбулатория, 5 фельдшерлік-акушерлік бөлімше, 34 фельдшерлік бөлімше (оның екеуі жеке меншік) және 11 жанұялық амбулатория қызметін көрсетеді. Денсаулық сақтау саласы 2007 жылдың 9 айында 236888,7 мың теңгеге қаржыландырылды. 2007 жылы 6 денсаулық сақтау нысандырына күрделі жөндеу жұмыстарына 26 млн 700 мың теңге жоспарланып, 13 млн. 887 мың теңгесі артығымен игерілді. 2007 жылдың 9 айында 9281,8 мың теңге көлемінде тегін дәрі-дәрмек, соның ішінде: жаңа туған балаларға 189 мың теңге көлемінде, 5 жасқа дейінгі балаларға 2501,5 мың теңге, 5 тен 18 жасқа дейінгі балаларға 2434,3 мың теңге, 913 мың теңге жүкті әйелдерге арналған дәрі-дәрмек, 301,7 мың теңге көлемінде психикасы бұзылған ауруларға, 647,1 мың теңге көлемінде қояншық ауруымен ауратын ауруларға, сусамыр ауруларға 1959,4 мың теңге, ауатамыры демікпесі ауруларына 286,2 мың теңге, онко ауыруларына 49,6 мың теңге түсті. Бюджеттік мекемелердің еңбекақысы толық төленген. Аудан бойынша орташа 9221 адамға 555,4 млн.теңге зейнетақы мен арнаулы және мемлекеттік жәрдемақылар төленген. 2007 жылдың 1 қазанына 183 жұмыссыз адам тіркелген, ол 2007 жылдың 1 қаңтарымен салыстырғанда 17 адамға азайды. 2007 жылдың тоғыз айында 499 жұмыссыз адам жұмыспен қамту орнына келіп, оның 391 жұмыспен қамтамасыз етілді. Аудан бойынша жұмыспен қамту көрсеткіші 78,4 пайызды құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 3,2 пайызға артты. Экономикалық белсенді халықтар санына жұмыссыздық үлесі орташа аудандық көрсеткіші 0,9 пайызды құрайды. 2007 жылдың 9 айында жұмыспен қамту бағдарламасы бойынша 497 адамның жұмысқа орналасу тапсырмасының орнына, 473 жаңа жұмыс орны ашылды. Қоғамдық жұмыспен қамту бағдарламасы бойынша 500 адам жұмысқа орналасу тапсырмасының орнына513 адам жұмыспен қамтамасыздандырылды. Жаңа мандық 25 адам оқу тапсырмасы орнына 16 адам дәріс алды. 2007 жылдың 9 айында кедейшілік деңгейінен төмен тұратын адамдар саны 23,1 пайызға немесе 647 адамға азайып, 2158 адамды құрады. Кедейшілік деңгейі 5,7 пайызды құрады. 2007 жылдың 1 қазанына 9609,2 мың теңге мемлекеттік әлеуметтік көмек және 3350 мың теңге тұрғын үй көмегі, 20620 мың теңге балаларға арналған көмек төленді. 2007 жылдың 1 қазанына 1655 адам қоныс аударып, 374 адам көшіп келді. 2007 жылдың 1 қазанына 98 қылмыс тіркеліп, 89–ы ашылған немесе барлық қылмыстың 90,8 пайызы. |
![]() | 2007 жылдың 9 айындағы Тарбағатай ауданының әлеуметтік экономикалық дамуы туралы Ауданның 2007 жылдың қаңтар-қыркүйек айларындағы әлеуметтік экономикалық дамуын өткен жылдың тиісті мерзімімен салыстырғанда, оның... | ![]() | Ауданның 8 айы мен жыл аяғына дейінгі әлеуметтік экономикалық дамуы туралы ақпарат Ағымдағы жылдың өткен кезеңінде ауданның экономикалық дамуы мен әлеуметтік саланың жалпы беталу динамикасы жақсы |
![]() | Ауданның 4 айы мен жыл аяғына дейінгі әлеуметтік экономикалық дамуы туралы ақпарат Ағымдағы жылдың өткен кезеңінде ауданның экономикалық дамуы мен әлеуметтік саланың жалпы беталу динамикасы жақсы | ![]() | Ауданның 2011 жылдың 5 айы мен жыл аяғына дейінгі әлеуметтік экономикалық дамуы туралы ақпарат Ағымдағы жылдың өткен кезеңінде ауданның әлеуметтік және экономикалық даму динамикасы жақсы |
![]() | Ауданның әлеуметтік экономикалық дамуының 2011 жылдың 8 айдың көрсеткіштері туралы ақпарат Ағымдағы жылдың өткен кезеңінде ауданның экономикалық дамуы мен әлеуметтік саланың жалпы бет алу динамикасы жақсы | ![]() | 2008 жылдың 9 айындағы ауданның әлеуметтік–экономикалық дамуының қорытындылары туралы Ауданның 2008 жылдың қаңтар-қыркүйек айларындағы әлеуметтік экономикалық дамуын өткен жылдың тиісті мерзімімен салыстырғанда, оның... |
![]() | Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының 2007 жылдың 1 тоқсанының қорытындысы туралы хабарлама Ауданның 2007 жылдың 1 тоқсанының әлеуметтік экономикалық дамуын өткен жылмен салыстырғанда, оның негізгі көрсеткіштерінде өсу қарқыны... | ![]() | «2012 жылдың 1 тоқсандағы ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының рейтингтік көрсеткіштерін орындау туралы» облыс әкімдігінің мәжілісіне ... |
![]() | Ауданның әлеуметтік–экономикалық дамуының 2007 жылғы қорытындылары туралы Ауданның 2007 жылғы әлеуметтік экономикалық дамуын өткен жылдың тиісті мерзімімен салыстырғанда, оның негізгі көрсеткіштерінде өсу... | ![]() | 1 тоқсан 2008 жылғы Тарбағатай ауданының әлеуметтік экономикалық дамуы туралы Ауданның 2008 жылдың қаңтар-наурыз айларындағы әлеуметтік экономикалық дамуын өткен жылдың тиісті мерзімімен салыстырғанда, оның... |