Аягөз ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 12 ақпандағы №589 icon

Аягөз ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 12 ақпандағы №589



НазваниеАягөз ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 12 ақпандағы №589
Дата конвертации29.11.2012
Размер122.59 Kb.
ТипРегламент
источник

Аягөз ауданы әкімдігінің

2008 жылғы 12 ақпандағы №589

қаулысына 1-қосымша


Мемлекеттік қызмет көрсетудің

регламенті


Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою.



  1. Негізгі ұғымдар




  1. Пайдаланылатын терминдер мен аббревиатуралардың анықтамалары:

табысы аздар – мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй беруді сұрар алдындағы соңғы он екі айда отбасының әрбір мүшесіне шаққандағы жиынтық айлық табысы заңдарда осы мақсаттар үшін белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейіне жетпейтін адамдар;

толық емес отбасы – балаларды (баланы) ата-ананың біреуі, соның ішінде ажырасқан, жесір ата-ана тәрбиелейтін отбасы;

көп балалы отбасы – бірге тұратын (соның ішінде уақытша басқа жақта жүрген) кәмелетке толмаған төрт және одан да көп балалары бар отбасы;

әскери қызметшілер – офицерлер, прапорщиктер, мичмандар және мерзімнен тыс қызмет етушілер, оның ішінде жасы, ауыруы бойынша, сондай-ақ штаттың (санның) қысқартылуы бойынша запасқа (отставкаға) шығарылғандар;

оралмандар – Қазақстан Республикасы егемендік алған кезде оның шегінен тыс жерлерде тұрақты тұрған және Қазақстанға тұрақты тұру үшін мақсатында келген ұлты қазақ шетелдіктер немесе азаматтығы жоқ адамдар;

жалдамалы үй – меншік құқығына тиесілі жеке және (немесе) заңды тұлғалардың тұрғын үйін (тұрғын жайын) жалға беруі.



  1. Жалпы ережелер




  1. Мемлекеттік қызметтің анықтамасы:

«мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке қою және кезекке тұрғызу».


  1. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.


4. 1997 жылғы 16 сәуірдегі ҚР «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 67 – 72 баптарына және «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан үй-жай беру, жалдау және пайдаланудың тәртібі туралы» 1999 жылғы 2 қыркүйектегі № 1292 ҚР Үкіметінің Қаулысына сәйкес тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке қою және кезекке тұрғызу жүзеге асырылады.

Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй беруге болатын азаматтарды есепке алу тұрғылықты жері бойынша жергілікті атқарушы органда жүзеге асырылады.

Халықтың әлеуметтік жағынан қорғалатын топтарына жататын азаматтар есепке алынады.

1) Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары, сондай- ақ оларға теңестірілген адамдар;

2) 1 және 11 топтағы мүгедектер (өздері жасаған қылмыс салдарынан мүгедек болған адамдарды қоспағанда);

3) Мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеуші отбасылары;

4) Заңдарда белгіленген тәртіппен бекітілетін аурулар тізімінде аталған кейбір созылмалы аурулардың ауыр түрімен ауратын адамдар;

5) Жасына қарай зейнеткерлікке шыққандар;

6) Кәмелетке толғанға дейін ата – аналарынан айрылған жиырма жасқа жетпеген жетім балалар жатады. Мұндай адамдардың жасы әскери қызметке шақырылған кезде мерзімді әскери қызметтен өту мерзіміне ұзартылады;

7) Оралмандар - Қазақстан Республикасында тұрақты тұру үшін басқа мемлекеттерден келген азаматтығы жоқ ұлты қазақ тұлғалар немесе шетелдіктер;

8) Экологиялық зілзалалар, табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан тұрғын үйінен айрылған адамдар;

9) Көп балалы отбасы - бірге тұратын (соның ішінде уақытша басқа жақта жүрген) кәмелетке толмаған төрт және одан да көп балалары бар отбасы;

10) Мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерін, әскери қызметін орындау кезінде, адам өмірін құтқару кезінде, құқық тәртібін қорғау кезінде қаза тапқан адамдардың отбасылары;

11) Толық емес отбасылар (балаларды (баланы) ата-ананың біреуі, соның ішінде ажырасқан, жесір ата-ана тәрбиелейтін отбасы) жатады;


5. «Аягөз ауданы Аягөз қаласы әкімінің аппараты» ММ-нің жанынан құрылған тұрғын үй комиссиясында жүзеге асырылады, мекен-жай: Ақанаев, 63, № 20 кабинет.

6.Тұтынушы алатын көрсетілетін мемлекеттік қызметті аяқтау нысаны (нәтижесі): кезек № көрсете отырып есепке қою немесе негізгі себебін көрсете отырып есепке қоюдан бас тарту туралы жазбаша түрде жауап беріледі.


7.Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке қою және кезекке тұрғызу бір ай ішінде қаралады.


8.Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке қою бойынша басқа мемлекеттік органдар қатыспайды.


9.Мемлекеттік қызмет «Аягөз ауданы Аягөз қаласы әкімінің аппараты» ММ-ің жанынан құрылған тұрғын үй комиссиясында көрсетіледі.



  1. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіндегі іс-әрекет (өзара іс-қимыл)

тәртібін сипаттау


10.Есепке қою туралы өтінішпен бірге қабылданған барлық қажет құжаттарды кірінді құжаттарды тіркеу журналына тіркеп, тұтынушыға құжаттарды алғандығы туралы талон беріледі.


11.Есепке қою үшін қажет құжаттардың тізімі:


1) Жергілікті атқарушы органда бекітілген есепке қою туралы өтініш;


2) Халыққа қызмет көрсету орталығынан өтінушінің және онымен ұдайы тұратын отбасы мүшелерінің меншік құқығында оларға тиесілі үй-жайдың жоқтығы туралы анықтама;


3) Өтінуші (отбасы) әлеуметтік қорғалатын азаматтарға жататынын растайтын әлеуметтік қорғау органынан, не мемлекеттік қызмет иесінің, бюджеттік ұйым қызметкерінің, әскери қызметшінің жұмыс (қызмет) орнынан анықтамасын тапсырады.


4) Азаматтарды тіркеу кітабын, қажет болса өтінуші жергілікті атқарушы органдардың басқа адамдарды отбасының мүшесі деп тану туралы анықтамасын табыс етеді.


5) Жеке куәлігі, туу, неке, некені бұзу, өлім туралы куәліктері (көшірмесі және оригиналдары).


Қажет болса өтінуші сондай-ақ отбасында қосымша тұрғын бөлмеге құқылы ауыр сырқат түрімен ауыратын адам бары туралы мемлекеттік денсаулық сақтау мекемесінің анықтамасын тапсырады.


1-қосымшада үлгіге сәйкес құрылған бланк формасы келтірілген.


12.Қажет болған кезде ақпараттық қауіпсіздікке қойылатын талаптарды көрсету: өтінушілерден алынатын ақпараттар конфиденциалды болып табылады.


13.Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке қою және кезекке тұрғызу бойынша мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне қатысады:

1) Аягөз қаласы бойынша тұрғын үй комиссиясы

2) Аягөз қала әкімі ұимдастыру бөлімінің маманы

14.Осы регламентке 2-қосымшаға сәйкес әрбір іс-әрекеттің орындалу мерзімін көрсете отырып, әрбір ҚФБ-да қарапайым іс-әрекеттер (рәсімдер, функциялар, операциялар) реттілігінің мәтіндік кестелік сипаттамасында келтірілген.


15.Осы регламентке 3-қосымшаға сәйкес 14-тармақтағы олардың сипаттамасына сай іс-әрекеттердің қисынды реттілігі (мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде) мен ҚФБ арасындағы өзара байланысты көрсететін диаграммалар келтірілген.


16.Осы регламентке 4,5,6 – қосымшаларға сәйкес хабарлама нысандарын, түрлі хаттарды, еске түсірулерді және т.с.с. қоса алғанда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі келтірілген.


Мемлекеттік қызмет көрсету

регламентіне

2-қосымша


Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке қою және кезекке тұрғызу

     1-кесте. ҚФБ іс-әрекеттерінің сипаттамасы.

  

Негізгі үдерістің іс-әрекеті (барысы, жұмыс ағыны)

Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке қою және кезекке тұрғызу

1

Іс-әрекеттің (барысының, жұмыс ағынының) N

1

2


2

ҚФБ атауы


1 ҚФБ

Аягөз қала әкімі ұйымдастыру бөлімінің маманы



2 ҚФБ

Аягөз қаласы бойынша тұрғын үй комиссиясы

3

Іс-әрекеттің (үдерістің, рәсімнің, операцияның) атауы және оның сипаттамасы


1) бөлім маманы құжаттарды қабылдайды; 2) тіркеу журналына тіркейді; 3)есепке қою немесе есепке қоюдан бас тарту туралы шешім жобасын дайындайды және тексереді; 4) Аягөз қаласы бойынша тұрғын үй комиссиясына ұсынады.

1) Кезек № көрсете отырып, есепке қою немесе себебін көрсете отырып, есепке қоюдан бас тарту туралы құжаттарын қарайды және шешім қабылдайды.



4

Аяқтау нысаны (деректер,
құжат, ұйымдық-
үкімгерлік шешім)

Кезек № көрсете отырып, есепке қою немесе себебін көрсете отырып, есепке қоюдан бас тарту.

Есепке қою немесе есепке қоюдан бас тарту.



5

Орындау мерімдер

5 күн

25 күн

6

Келесі іс-әрекеттің нөмірі

2

-

     


2-кесте. Пайдалану нұсқалары. Негізгі үдеріс.

Негізгі үдеріс (барысы, жұмыс ағыны)

1 ҚФБ Аягөз қала әкімі ұимдастыру бөлімінің маманы



2 ҚФБ Аягөз қаласы бойынша тұрғын үй комиссиясы

1) бөлім маманы құжаттарды қабылдайды; 2) тіркеу журналына тіркейді;

3) құжаттарды алғандығы туралы талон беріледі.

4) есепке қою туралы жазбаша жауап дайындайды және тексереді; 5) тұрғын үй комиссиясына қол қоюға жібереді.

6) кезек № көрсете отырып, есепке қою туралы құжаттарды қарайды және шешім қабылдайды.




3-кесте. Пайдалану нұсқалары. Баламалы үдеріс.

Баламалы үдеріс (барысы, жұмыс ағыны) немесе кеңейту

1 ҚФБ

2 ҚФБ

1) бөлім маманы құжаттарды қабылдайды; 2) тіркеу журналына тіркейді;

3)құжаттарды алғандығы туралы талон беріледі.

4) есепке қоюдан бас тарту туралы жазбаша жауап дайындайды және тексереді; 5) тұрғын үй комиссиясына қол қоюға жібереді..

6) есепке қоюдан бас тарту туралы құжаттарды қарайды және шешім қабылдайды.




Мемлекеттік қызмет көрсету регламентіне

3-қосымша

Функционалдық өзара іс-қимыл диаграммасы

Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісі Азаматтарды есепке қою

1 ҚФБ атауы Аягөз қала әкімі ұимдастыру бөлімінің маманы



2 ҚФБ Аягөз қаласы бойынша тұрғын үй комиссиясы


0-1 Құжаттарды қабылдау





0-2 Тіркеу журналына өтінішті тіркеу





0-3

құжаттарды алғандығы туралы талон беріледі


0-4

Есепке қою немесе есепке қоюдан бас тарту туралы шешім-нің жобасын дайындау




0-5

Шешім қабылдау үшін құжаттарды бастыққа беру







0-6 Есепке қою туралы шешімді қарау және қабылдау

А-1 Өтінушіге есепке қоюдан бас тарту туралы хат жіберу





^ Мемлекеттік қызмет көрсетудің регламентіне

4-қосымша


Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке қою үшін мынадай құжаттар дайындайды:


1. Жергілікті атқарушы органда бекітілген есепке қою туралы өтініш;


2. Халыққа қызмет көрсету орталығынан өтінушінің және онымен ұдайы тұратын отбасы мүшелерінің меншік құқығында оларға тиесілі үй-жайдың жоқтығы туралы анықтама, мекен-жайы: Аягөз қаласы, Х.Дүйсенов көшесі, 109 үй, жұмыс кестесі: дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9:00-дан 19:00-ге дейін және сенбі күні сағат 9:00-дан 13:00-ге дейін. Телефон нөмірі: 3-01-66.


3. Азаматтарды тіркеу кітабын, қажет болса өтінуші жергілікті атқарушы органдардың басқа адамдарды отбасының мүшесі деп тану туралы анықтамасын табыс етеді.


4. Жеке куәлігі, туу, неке, некені бұзу, өлім туралы куәліктері.


5. Өтінуші (отбасы) әлеуметтік қорғалатын азаматтарға жататынын растайтын әлеуметтік қорғау органынан анықтама:

«Аягөз аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ, мекен-жайы: Аягөз қаласы, Х.Дүйсенов көшесі, 104, жұмыс кестесі: дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін; үзіліс 13:00-ден 14:00-ге дейін; телефон нөмірі: 3-27-56, 3-38-46, 3-20-93.

«Зейнетақы төлеу мемлекет ақы орталығының Аягөз аудандық бөлімшесі» ММ, мекен-жайы: Аягөз қаласы, Абай булвары, 47А үй, жұмыс кестесі: дүйсенбіден жұмаға дейін 9:00-дан 18:00-ге дейін; үзіліс 13:00-ден 14:00-ге дейін; телефон нөмірі: 3-52-49.

Аягөз аудандық әділет басқармасының АХАЖ бөлім, мекен-жайы: Аягөз қаласы, Х.Дүйсенов көшесі, 84 үй; жұмыс кестесі: сейсенбі-жұма күндері сағат 9:00-дан 18:00-ге дейін, телефон нөмірі: 3-04-11.

Аягөз ҚАІІБ көші-қон полиция тобы, мекен-жайы: Аягөз қаласы, Тәнірберген көшесі, 68 үй, жұмыс кестесі: дүйсенбіден жұмаға дейін; үзіліс 13:00-ден 14:00-ге дейін; телефон нөмірі: 3-33-43.

не мемлекеттік қызмет иесінің, бюджеттік ұйым қызметкерінің, әскери қызметшінің жұмыс (қызмет) орнынан анықтамасын тапсырады.

Қажет болса өтінуші сондай-ақ отбасында қосымша тұрғын бөлмеге құқылы ауыр сырқат түрімен ауыратын адам бары туралы мемлекеттік денсаулық сақтау мекемесінің анықтамасын тапсырады.


^ Мемлекеттік қызмет көрсетудің регламентіне

5-қосымша


«БЕКІТЕМІН»

Аягөз қаласы әкімі

______________ С.Ысқақов

«____» ___________ 2008ж.


«Аягөз қаласы әкімінің аппараты» ММ ұйымдастыру бөлімі


________________ ___________________________________

_________________ ___________________________________


Мемлекеттік тұрғын үй қорын есепке алу бөлімі Сіздің өтінішіңізді қарап, сол бойынша хабарлайды, Сіз мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаждар есебіне _______ __________________________

(санаты) ______________________________________ _________________________ _ бойынша 2008 жылдың № болып тіркелдіңіз.

(айы)


Пәтер кезек ретімен берілетін болады.


^ Аягөз қаласы әкімі апаратының

ұйымдастыру бөлімінің бастығы


«Аягөз қаласы әкімінің аппараты» ММ ұйымдастыру бөлімі


________________ ___________________________________

_________________ ___________________________________


Мемлекеттік тұрғын үй қорын есепке алу бөлімі Сіздің өтінішіңізді қарап, сол бойынша хабарлайды, Сіз мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаждар есебіне _______ __________________________

(санаты) ______________________________________ _________________________ _ бойынша 2008 жылдың № болып тіркелдіңіз.

(айы)


Пәтер кезек ретімен берілетін болады.


^ Аягөз қаласы әкімі апаратының

ұйымдастыру бөлімінің бастығы


Мемлекеттік қызмет көрсетудің регламентіне

6-қосымша


«БЕКІТЕМІН»

Аягөз қаласы әкімі

______________ С.Ысқақов

«____» ___________ 2008ж.


«Аягөз қаласы әкімінің аппараты» ММ ұйымдастыру бөлімі


________________ __________________________________

_________________ __________________________________


Мемлекеттік тұрғын үй қорын есепке алу бөлімі Сіздің өтінішіңізді қарап, сол бойынша хабарлайды, «Тұрғын үй қатынастар» Заңының 72 бабына сәйкес мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаждар есебіне қоюдан бас тартылды, яғни Сіз __________________________ ____________________ ___________________ ___________________________

(бас тартудың себебі)

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ ______


^ Аягөз қаласы әкімі апаратының

ұйымдастыру бөлімінің бастығы


«Аягөз қаласы әкімінің аппараты» ММ ұйымдастыру бөлімі


________________ __________________________________

_________________ __________________________________


Мемлекеттік тұрғын үй қорын есепке алу бөлімі Сіздің өтінішіңізді қарап, сол бойынша хабарлайды, «Тұрғын үй қатынастар» Заңының 72 бабына сәйкес мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаждар есебіне қоюдан бас тартылды, яғни Сіз __________________________ ____________________ ______________________ ___________________

(бас тартудың себебі)

_________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ _____________________

Аягөз қаласы әкімі апаратының

ұйымдастыру бөлімінің бастығы



Похожие:

Аягөз ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 12 ақпандағы №589 iconАягөз ауданы әкімдігінің 2008 жылғы ақпандағы №589
Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған
Аягөз ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 12 ақпандағы №589 iconАягөз ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 12 ақпандағы №589
Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған
Аягөз ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 12 ақпандағы №589 iconАягөз ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 12 ақпандағы №589
Пмпк қорытындысымен бала жастан мүгедек балаларға мемлекет ақшалай нысанда төленетін төлем
Аягөз ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 12 ақпандағы №589 iconАягөз ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 12 ақпандағы №589
Р Үкіметінің 09. 09. 1999 ж. №1346 қаулысымен бекітілген қорғаншы және қамқоршы органдары туралы Ереже
Аягөз ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 12 ақпандағы №589 iconАягөз ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 12 ақпандағы №589 қаулысына 18-қосымша
«Патронаттық тәрбиелеуге балаларды алуға тілек білдірген отбасылардан өтініш қабылдау»
Аягөз ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 12 ақпандағы №589 iconАягөз ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 12 ақпандағы №589 қаулысына 6-қосымша
Жетімдерді, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтік қамсыздандыруға құжаттар ресімдеу
Аягөз ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 12 ақпандағы №589 iconАягөз ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 12 ақпандағы №589
«Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңы
Аягөз ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 12 ақпандағы №589 iconАягөз ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 12 ақпандағы №589
...
Аягөз ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 12 ақпандағы №589 iconАягөз ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 12 ақпандағы №589 қаулысына 19-қосымша
Кәмелетке толмағандарға тиесілі тұрғын үйді банкке несие ресімдеу үшін кепілге қоюға рұқсат беру
Аягөз ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 12 ақпандағы №589 iconАягөз ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 12 ақпандағы №589
...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы