|
Аягөз ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 12 ақпандағы №589 қаулысына 18-қосымша Мемлекеттік қызмет көрсетудің үлгілік регламенті Патронаттық тәрбиелеуге балаларды алуға тілек білдірген отбасылардан өтініштер қабылдау 1. Негізгі ұғымдар 1. Пайдаланылатын терминдер мен аббревиатуралардың анықтамасы: 1) қорғаншы және қамқоршы орган – республикалық мәні бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық мәні бар қаланың) жергілікті атқарушы органы; 2) патронат- уәкілетті мемлекеттік орган мен баланы тәрбиелеуге алуға тілек білдірген адамның (патронат тәрбиешінің) жасасқан шарты бойынша ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар азаматтардың отбасына тәрбиелеуге берілетін тәрбие нысаны. 2. Жалпы ережелер 2. Мемлекеттік қызметтің анықтамасы: «Патронаттық тәрбиелеуге балаларды алуға тілек білдірген отбасылардан өтініш қабылдау». 3. Мемлекеттік қызмет көрсету түрі: автоматтандырылмаған. 4. Мемлекеттік қызмет көрсетуге негіз болатын нормативтік құқықтық құжаттар: - ҚР-ның 17.12.1998 ж. № 321-1 «Неке және отбасы туралы» Заңының 106 б. 2 т.: «Республикалық мәні бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық мәні бар қаланың) жергілікті атқарушы органдары кәмелетке толмағандарға қатысты өзінің қорғаншылық және қамқоршылық қызметін жергілікті білім беру және денсаулық сақтау құзіретті органдары арқылы; кәмелетке толғандарға қатысты қызметін жергілікті тұрғындарды әлеуметтік қорғау құзіретті органдары арқылы жүзеге асырады»; - ҚР-ның 17.12.1998 ж. № 321-1 «Неке және отбасы туралы» Заңының 119 б.: «Қорғаншылық және қамқоршылық нысанындағы патронат ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, соның ішінде тәрбиелеу, емдеу немесе осы тәрізді басқа да мекемелердегі кәмелетке толмаған балаларға белгіленеді». 5. Осы мемлекеттік қызметті «Аягөз аудандық білім бөлімі» ММ көрсетеді, Б.Момышұлы көшесі, 58. № 2 кабинет, сайт hppt: // ayagos.vko.gov.kz/. 6. Тұтынушы алатын көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсетуді аяқтау нысаны (нәтижесі): патронат тәрбиешілікке үміткерді растау туралы анықтама. 7. Мемлекеттік қызмет көрсетуді алу үшін шектелген уақыт мерзімі: 15 күн. 8. Мемлекеттік қызмет көрсетуді ұсыну үдерісіне басқа мемлекеттік органдар енгізілмеген. 9. Мемлекеттік қызмет көрсетуді ұсыну үдерісіне басқа мемлекеттік органдар енгізілмеген. 3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі іс-әрекет (өзара іс-қимыл) тәртібін сипаттау 10. Патронаттық тәрбиелеуге балаларды алуға тілек білдірген отбасылардан келіп түскен өтініш кіріс хат-хабарды ресімдеу журналына тіркеліп, растау талоны беріледі. 11. Қорғаншы және қамқоршы органына патронат тәрбиеші ретінде тіркеу үшін төмендегі құжаттар қажет: 1) қорғаншысының (қамқоршысының) Аягөз аудандық білім бөлімі бастығының атына еркін үлгіде жазған арызы; 2) қорғаншының (қамқоршының) жеке куәлігі (төлқұжаты). 12. Ақпараттық қауіпсіздікке қойылатын талаптар: мемлекеттік органның тұтынушыға қатысты қызмет көрсету туралы толық ақпарат береді, тұтынушының құжаттарының мазмұны туралы ақпараттың сақталуын, қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз етеді. 13. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын құрылымдық-функционалдық бірліктер (бұдан әрі - ҚФБ). 1) «Аягөз аудандық білім бөлімі» ММ жалпы орта және мектепке дейінгі білім беру бөлімінің маманы арызды тіркеп, құжаттардың қабылданғанын растайтын талон беріп, «Аягөз аудандық білім бөлімі» ММ-нің бастығына жібереді; 2) «Аягөз аудандық білім бөлімі» ММ-нің бастығы құжаттарды қарап, балалар құқығын қорғау бөліміне жібереді; 3) «Аягөз аудандық білім бөлімі» ММ балалар құқығын қорғау бөлімінің маманы құжаттарды қабылдап, патронатты тәрбиеші кезегіне қояды. 14. Осы Үлгілік регламенттің 1-қосымшасына сәйкес әрбір іс-әрекеттің орындалу мерзімін көрсете отырып, әр ҚФБ-да қарапайым іс-әрекеттер (рәсімдердің, функциялардың, операциялардың) реттілігінің мәтіндік кестелік сиаптамасын келтіру. 15. Осы Үлгілік регламенттің 2-қосымшасына сәйкес 14-тармақтағы олардың сипатамасына сай іс-әрекеттердің логикалық реттілігі (мемлекеттік қызмет көрсету процесінде) мен ҚФБ арасындағы өзара байланысты көрсететін диаграммаларды көрсету. 16. Қызмет өтініш берушіге қорғаншылық кеңесінің қаулысы түрінде жеткізіледі Мемлекеттік қызмет көрсетудің үлгілік регламентіне 1-қосымша 1-кесте. ҚФБ іс-әрекеттерінің сипаттамасы
2-кесте. Пайдалану нұсқалары. Негізгі процесс.
3-кесте. Пайдалану нұсқалары. Баламалы процесс. Баламалы нұсқалары жоқ. Мемлекеттік қызмет көрсетудің үлгілік регламентіне 2-қосымша Функционалдық өзара іс-қимыл диаграммасы
|
![]() | Аягөз ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 12 ақпандағы №589 қаулысына 6-қосымша Жетімдерді, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтік қамсыздандыруға құжаттар ресімдеу | ![]() | Аягөз ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 12 ақпандағы №589 қаулысына 19-қосымша Кәмелетке толмағандарға тиесілі тұрғын үйді банкке несие ресімдеу үшін кепілге қоюға рұқсат беру |
![]() | Аягөз ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 12 ақпандағы №589 қаулысына 21-қосымша Зейнеткерлік қорларға, іім жол полициясы комитетінің аумақтық бөлімшелеріне кәмелетке толмаған балаларға мұраны ресімдеу үшін | ![]() | Аягөз ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 12 ақпандағы №589 қаулысына 14-қосымша «Мектепке дейінгі балалар мекемелеріне жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды тіркеу» |
![]() | Аягөз ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 12 ақпандағы №589 қаулысына 15-қосымша Тұрғын үйдің меншік иелері болып табылатын кәмелетке толмаған балалардың мүдделерін қозғайтын мәмілелерді жасау үшін қорғаншылар... | ![]() | Аягөз ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 12 ақпандағы №589 қаулысына 17-қосымша Тұрғын алаңы – үйдегі (пәтердегі) шаршы метрмен өлшенетін тұрғын бөлмелер алаңының (жатын бөлме, қонақ бөлме, балалар бөлмесі, үй... |
![]() | Аягөз ауданы әкімдігінің 2008 жылғы ақпандағы №589 Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған | ![]() | Аягөз ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 12 ақпандағы №589 Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған |
![]() | Аягөз ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 12 ақпандағы №589 қаулысына 16-қосымша Р Үкіметінің 09. 09. 1999 ж. №1346 қаулысымен бекітілген ҚР қорғаншы және қамқоршы органдары туралы Ереженің 15 тармағы: «Қорғаншы... | ![]() | Аягөз ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 12 ақпандағы №589 Пмпк қорытындысымен бала жастан мүгедек балаларға мемлекет ақшалай нысанда төленетін төлем |