«Аягөз ауданының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық даму жоспары icon

«Аягөз ауданының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық даму жоспары



Название«Аягөз ауданының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық даму жоспары
Дата конвертации29.11.2012
Размер127.77 Kb.
ТипДокументы
источник


«Аягөз ауданының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесінің

2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық даму жоспары


Аягөз қаласы, 2010 жылғы қаңтар


Мазмұны


1.

Маңызды міндет және кіріспе


3

2.

Ағымдағы жағдайды талдау


3

3.

Мемлекеттік органның стратегиялық бағыты, мақсаттары мен міндеттері


5

4.

Мемлекеттік органның функционалды мүмкіндіктері мен мүмкін болатын тәуекел


5

5.

Нормативтік құқықтық актілер


7



^ 1. Маңызды міндет және кіріспе


Аягөз ауданының кәсіпкерлік бөлімінің (бұдан әрі – бөлім) маңызды міндеті – ауданда кәсіпкерлікті дамыту, бинестің дамуына қолайлы жағдай жасау, қосымша жұмыс орнындарын ашу.

Кәсіпкерлік бөлімі аудан аумағында кәсіпкерлік субъектілерін қатарын көбейтіп, қосымша салық түсімдерін арттыратын, әлеуметтік-экономикалық даму саласындағы маңызы зор мемлекеттік орган.


  1. ^ Ағымдағы жағдайды талдау


Қазіргі уақытта аудан экономикасына кәсіпкерлерліктің дамуы үлкен роль атқарып отыр. Кәсіпкерлерді жәрдем беру мақсатында аудан бойынша кәсіпкерлікті дамытуда әкімшілік кедергілерді болдырмау, шағын кәсіпкерлік саласындағы сарапшылық қеңесі құрылған.

Шағын кәсіпкерлікті дамыту жөнінде іске асырылып жатқан шаралардың арқасында тіркелген шағын кәсіпкерлікпен айналысатын субъектілердің саны 2010 жылдың 1 қаңтарына аудан бойынша 2515 бірлікті құрады, соның ішінде заңды тұлғалар – 86, жеке кәсікерлер – 1792, шаруа қожалықтары- 1031.

Жалпы шағын кәсіпкерлікпен айналысуға 5630 адам жұмылдырылған.

Осы жылдың 1 қаңтарына шағын кәсіпкерлік субъектілерінен түскен салық 162,4 млн. теңге немесе былтырғы жылмен салыстырғанда 111 % өскені байқалады, немесе 16,7 млн. теңгеге артық орындалған.

Ауданда 86 шағын бизнес кәсiпорындары заңды тұлғалар тiркелген, оның iшiнде 69-ы жұмыс iстеп тұрғандар, тiркелген кәсiпорындардың 80,2 % белсендi болып отыр, бюджетке түскен салық 52 млн.теңгені құрады, патент бойынша жұмыс істейтін жеке тұлғалардан – 9,5 млн. теңге, оңайтылған декларация бойынша жұмыс істейтіндерден – 75,4 млн.теңге, шаруа қожалықтары бойынша – 11,0 млн. теңге, бір жолғы талондар бойынша – 13,5 млн. теңгені құрады.

Аудан әкімінің 2007 жылдың 13 ақпанында №1-163ө өкімімен Аягөз ауданының шағын кәсіпкерлігін дамытудағы кедергілерді болдырмау жөніндегі жұмыс тобы құрылып, жұмыс тобы өз отырыстарын өткізіп, кәсіпкерлік саласында туындайтын мәселелер шешімдерін табуда.

«Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, шағын кәсіпкерлік субъектілерінің қызметіне қатысты орталық және жергілікті атқарушы органдардың нормативтік-құқықтық актілерін кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сарапшылық кеңесі арқылы өткізу реті енгізілген. Заңның осы нормасын орындау мақсатында және облыс әкімдігінің қаулысының негізінде жаңа құрамда Аягөз ауданы әкімінің «Аягөз ауданының кәсіпкерлік мәселелері жөнінде сарапшылық кеңесін құру туралы» 2008 жылдың 18 қаңтарында № 556 қаулы қабылданып, жұмыстар жүргізілуде. Ай сайын өткізілетін отырыста туындаған мәселелерді шешу жолдарын талдап, кәсіпкерлерге көмектесу мүмкіндіктері қарастырылған.

Аягөз ауданы бойынша бүкіләлемдік дағдарыс жағдайында аудан тұрғындарын кәсіпкерлікпен айналысуға итермелейтин бизнес тренринг курстары қарастырылған. 2009 жылы желтоқсан айында «Даму» ААҚ ұйымдастырған кәсіакерлікті дамыту курстары өткізілді. Курсқ ауданнның бизнеске қабілетті, әлеуетті мүмкіншіліктері бар 60 кәсіпкер қатысты. Курс аяқталған соң, қатысқан кәсіпкерлерге сертификаттар берілді. Құрылған кеңестер аудандағы кәсіпкерлермен кездесіп заңнамалық актілердегі өзгерістер туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Дағдарыс жағдайында кәсіпкерлерді қолдау мақсатында Республикамызда кіші кәсіпкерлік субъектілерін тексеру 2009 жылдың 1 шілдесіне дейін тоқтатылған болатын. Осы жылдың шілде айынан бастап, кіші кәсіпкерлік субъектілерін тексеру жұмыстары қайта басталды. Осыған байланысты кәсіпкерлермен өткізілген жиындарда Салық Кодексіндегі өзгерістер, Қазақстан Республикасының кіші кәсіпкерлікті реттейтін заңнамалық актілеріндегі өзгерістер туралы түсіндерме жұмыстары жүргізіледі.

Аягөз ауданының құнсыздану үдерістерін тежеу жөніндегі аудандық штаб мүшелері үнемі аудан ішіндегі сауда базарларын, орындарын аралап, бірінші қажеттіліктегі азық-түлік өнімдерінің бағасына үнемі мониторинг жүргізіп келеді. Күнделікті негізгі азық-түлік тауарларының бағаларының мониторингі жүргізіліп, қадағалау нәтижесінде күнделікті қажет тауарлар бағасы тұрақтанып, бір қалыпты болды. Бағаның жоғарылағаны немесе сауда үстемесінің мөлшері артқан жағдайлары байқалса, атқарушы органдар тарапынан себептері анықталып, тиісті шаралар қолданылады. Сонымен қатар негізгі қажеттіліктегі азық-түлік өнімдеріне, аудан бойынша күнделікті мониторинг жүргізіліп, бағаларына қадағалау жасалып отыр. Аудан бойынша 33 атаулы тауарларға мониторинг жүргізіледі.

2009 жылға негізгі азық-түлік тауарларының құнсыздану үдерістерін тежеу жөнінде және бөлшек бағаларын тұрақтандыру бойынша нақтылы іс-шаралары жүргізілді. Аудан бойынша 239 сауда дүкендерімен негізгі азық-түлік тауарларына сауда үстемесін 10 пайыздан асырмау туралы меморандумдарға қол қойылды. Меморандум шарттары атқарушы органдар тарапынан үнемі бақылануда.

2009 жылдың қараша айынан бастап, ЖЖМ бағаларын реттеу туралы ҚР Премьер-Министрінің қаулысы шықаннан кейін аудандағы жанармай бағасы тұрақтандырылды. Аудандағы 15 ЖЖМ құю орталықтары «ҚазМұнайГаз» АҚ-ның бөлімшесімен келісімшартқа отырып, АИ-93 маркалы бензин 77 теңге бағамен босатылды. Қазіргі уақытты ЖЖМ бағалары АИ-80 маркалы бензин – 72 теңге, Аи-93 маркалы бензин 82 теңге, дизельді отын 64 теңгені құрайды.

2009 жылдың басынан 3 дүкен, 2 кафе, қызмет көрсету орындары - 6 (1 шаштараз, 1- аяқ киім жөндеу цехы, 1-техникалық қызмет көрсету), 2 дәріхана және ауылдық округтерде әлеуметтік дүкендер ашылды. Барлығы 33 нысан ашылып, жұмыспен 48 адам қамтылды. 2009 жылы шағын кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған іс-шара жоспары бойынша 142 қосымша жұмыс орны ашылады.

Қазіргі уақытта сауда дүкендерімен мауда үстемесін 10 пайыздан артық көтермеу туралы жасалған меморандум мерзімін ұзарту жұмыстары жүргізілуде. Және аудан орталығындағы ЖЖМ құю орталықтарымен жанармай бағасын көтермеу туралы келісім жасалу жұмыстары аяқталып қалды. 2010 жылдың қаңтар айының аяғына дейін аталған жұмыстары толығымен бітіру жұмыстары көзделген.


^ 3. Мемлекеттік органның стратегиялық бағыты,

мақсаттары мен міндеттері



Атауы

Өлш.

бірл.

Есепті кезең

Жоспарлы кезең

2008 жыл


2009 жыл (есеп)

2010 жыл

2011 жыл

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

1-Стратегиялық бағыт

Кәсіпкерліктің дамуы

^ 1.1-мақсат. Кәсіпкерлікті дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау

Нысаналы индикатор. 2014 жылы шағын бизнес субъектілерінің өнім (тауарлар, қызметтер) шығаруы 900 млн. теңгені құрауы тиіс. 2009 жылы 815 млн. теңгені құрады.

2014 жылы белсенді шағын бизнес субъектілерінің саны 3000 бірлікті құрауы тиіс. 2009 жылы 2715 бірлікті құрады.

2014 жылы шағын бизнес субъектілерінің ауданның ЖӨӨ-дегі үлесі 62,5 % құрауы тиіс. 2008 жылы үлесі 67 % болған.

1.1.1-міндет. Бизнес ахуалды жетілдіру және жақсарту

Әкімшілік кедергілерді қысқарту мәселесі жөнінде өткізілген кеңестер, отырыстар саны

бірлік

4

6

6

6

6

6

6

1.1.2-міндет. Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне ақпараттық-әдістемелік көмек көрсету

Консультациялық қызметтер саны

бірлік

40

50

60

65

70

75

80

Өткізілген семинарлар, дөңгелек үстелдер, кеңестер, форумдар, конкурстар, көрмелер, жәрмеңкелер саны

бірлік

8

10

8

8

8

8

8

2-Стратегиялық бағыт

Сауданы дамыту

^ 2.1-мақсат. Ішкі сауданы институционалдық және инфрақұрылымдық дамыту

Нысаналы индикатор. Өткен жылмен салыстырғанда 2014 жылы бөлшек тауар айналымы-ның % қарқыны 113 % құрауы қажет. 2009 жылы 105 % құрады.

Өткен жылмен салыстырғанда 2014 жылы толайым тауар айналымының қарқыны110,5% құрауы қажет. 2009 жылы 101 % құрады.

2.1.1-міндет. Ішкі сауда инфрақұрылымын дамыту

Халықтың сауда алаңдары-мен қамтамасыз етілуін жақсарту

1000 адам-

ға м2

65

80

82

87

90

92

94

2.1.2-міндет. Ішкі сауданың институционалдық дамуы

Сауда саласындағы норма-тивтік-құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтыру-лар енгізу жөнінде ұсыныс-тар әзірлеу

бірлік

1

1

1

1

1

1

1

Орталық атқарушы орган-дарға сауданы дамыту мәселелері жөнінде ұсыныс-тар енгізу

бірлік

1

1

1

1

1

1

1

3-Стратегиялық бағыт

Инвестициялық ынтымақтастықтың дамуы

^ 3.1-мақсат. Аудан экономикасына инвестициялар көлемін арттыру

Нысаналы индикатор. 2013 жылға қарағанда 2014 жылы инвестициялар көлемі 105 % құрауы тиіс. 2007 жылға қарағанда 2009 жылы 107,9 % болған.

3.1.1-міндет. Аягөз ауданының жағымды имиджін және инвестициялық мүмкіндіктерін ілгері жылжыту

Аягөз ауданының

инвестициялық мүмкіндік-терін ілгері жылжыту жөнін-дегі ақпараттық-тұсаукесер-лік іс-шаралар саны

бірлік

1

1

1

1

1

1

1

3.1.2-міндет. Инвестициялар тартудың түрлері мен әдістері туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізу

Инвестициялар тартудың түрлері мен әдістері туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізу жөніндегі семинар-лар мен іс-шаралар саны

бірлік

2

2

2

2

2

2

2


Міндеттері :

1. Ауданда кәсіпкерлерлікпен айналысатын жеке, заңды тұлғаларды көбейту.

Дамыту арқылы бәсекелестікті дамытып, соның есебінен тауар бағаларын төмендетсек аудан тұрғындарының әлеуметтік жағдайы өзгеретіні сөзсіз. Кәсіпкерлер санының өсуі аудан бюджетіне қосымша салық түсімдерін әкеледі. Аудан бюджетінің аздаған мөлшерін құрайтын кәсіпкерлік саласы нарықтық экономика жағдайында өте маңызды сала болып табылады. Себебі бұл процесс бірін-бірімен тікелей байланысқан. Қосымша жұмыс орындарының ашылуы жұмыссыздықты қысқартса, бәсекелестіктің дамуы құнсыздануға тікелей әсер етеді. 2. Сауданы дамыту.

Аудан орталығы Аягөз қаласы географиялық тұрғыдан тоғыз жол торабында орналасқандықтан сауда-саттықты дамыту мәселесі басты мақсаттың бірі. Аудан орталығында сауда базарлары, сауда үйлері, сауда дүкендері және сауда дүңгіршіктері де бар. Бірақ олардың жағдайы қазіргі дамыған нарық жағдайында сын көтермейді. Ауданда жалғыз супермаркет жұмыс жасайды, сондықтан минимаркет, супермаркет желілерін дамыту керек. Сауданы алып-сатарларсыз тасымалдаушыдан дүкен сөрелеріне әкелінетін болса, онда тауар бағасының төмендейтіні анық.

3. Мемлекеттік басқаруды жетілдіру.

Бұл бағыт мемлекттік қызметттің сапасын жақсарту, халыққа қызмет көрсету сапасын жетілдіруді қамтамассыз етеді. Әрбір мемлекеттік қызметшінің міндеттерін толығымен айқындалуы тиіс. Кәсіпкерлік бөлімінің бюджетін бюджет тапшылығы кезінде мақсатсыз пайдаланбауын қамтаммассыз ету керек.


^ 4. Мемлекеттік органның функционалды мүмкіндіктері және мүмкін болатын тәуекел


Жоспарланған нәтижелерге жету және бөлімінің қызметін жақсарту үшін әрекеттегі заңнамаларға сәйкес келесі функцияларды жүзеге асырады:

  1. Кәсіпкерлік бөлімі аудан аумағында 2010-2012 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын жүзеге асырады..

  2. Аудан аумағында 2010-2012 жылдарға өндіріс көлемін арттыру бағдарламасын жүзеге асырады.

  3. Аудан көлемінде 2010 жылға субвенциясыз жұмысқа көшу туралы, дағдарысқа қарсы бағдарламаларды орындалуын қамтамассыз етеді.

  4. Бөлімнің стратегиялық және жедел жоспарды әзірлейді.



Қызметшілердің кәсіптік деңгейін жоғарылату. Қазіргі уақытта, Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының мемлекекеттік қызметшілерін қайта даярлау және біліктілігін жоғарылату ережесін бекіту туралы» 2004 жылғы 11 қазандағы №1457 Жарлығына сәйкес, қосымша кәсіптік білімнің негізгі формаларына мемлекекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін жоғарылату болып табылады.

Курстарды өткізудің оқу жылына бекітілген жоспар-кестесіне сәйкес, бөлім қызметшілері үнемі кәсіптік деңгейлерін жоғарылатады – үш жылда бір рет біліктілігін жоғарылатудан өтеді, ал мемлекеттік қызметке алғаш келгендер немесе әкімшілік басшылық лауазымға тағайындалғандар қайта даярлаудан өткізіледі.

Осылай, 2009 жылы Мемлекекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін жоғарылатудың өңірлік орталығында бөлімнің 2 қызметшісі оқытудан өткізілді.

^ Мүмкін тәуекелдер. Өз қызметі барысында бөлім бірқатар тәуекел реттеріне кездесуі мүмкін. Тәуекел көзі мен түріне байланысты, оларды басқару үшін бөлімімен арнайы стандартты және ситуативтік шаралар қолданылатын болады. Төменде негізгі тәуекелдер көрсетілген.



Тәуекел атауы

Превентивтік және (немесе) уақытылы шаралар қабылдамаған жағдайдағы мүмкін салдар

Басқару механизмдері мен шаралары

Институционалдық

Тиісті жергілікті атқарушы органдармен ауданның стратегиялық (бағдарламалық) құжаттарын сапасыз жүзеге асыру.

Бекітілген салалық және өңірлік көрсеткіштерге жетпеу.

Тиісті жергілікті атқарушы органдар басшыларының стратегиялық (бағдарламалық) құжаттарды іске асыруға және уақытылы барабар шаралар қабылдауға жеке жауаптылықтарын арттыру.

Жергілікті атқарушы органдардың жоспарлаудың жаңа жүйесіне ауысуға дайын болмауы.


Үшжылдық бюджеттеуді енгізуге мүмкіндіктің жоқтығы, мемлекеттік басқару жүйесін жаңарту бойынша енгізілетін шаралардан жағымсыз нәтижелер алу.

Нәтижеге бағдарланған жоспарлауды енгізу бойынша маштабты жүйесін құру және жылжыту, тікелей қатысуды қарастыратын жоспарлаудың жаңа жүйесіне басқа органдардың көшу үрдісін басқару мен мониторингін жүргізу



^ Нормативтік құқықтық актілер


Стратегиялық жоспарды әзірлеуде негізге алынған бағдарламалық және өзге де нормативтік құқықтық актілер тізбесі:

1) Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 31 қаңтардағы Жеке кәсіпкерлік туралы Заңы

2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21 сәуіріндегі № 371 «Ішкі сауданың ержелерін бекіту туралы» Қаулысы

3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 5 ақпандағы № 131 «Сауда базарларын ұйымдастырудың ережелерін бекіту туралы» Қаулысы

4) Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2008 жылдың 25 қарашасындағы «Шығыс Қазақстан облысының шағын және орта кәсіпкерлігінің дамуының маңызды сұрақтары туралы» Қаулысы

5) Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2009 жылдың 17 қарашасындағы № 267 «Облыстың қалалары мен аудандарының 2009 жылдың 10 айындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы» Қаулысы

6) Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2009 жылдың 17 қарашасындағы № 268 «Облыстың қалалары мен аудандарында шағын және орта бизнесті дамытудың мәселелері» Қаулысы




Похожие:

«Аягөз ауданының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық даму жоспары icon«Федоров ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2010 – 2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Федоров, 2009 жыл Мазмұны
Жолдары бөлімі мемлекеттік мекемесінің 2010 – 2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
«Аягөз ауданының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық даму жоспары iconУспен ауданының «Құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық даму жоспары Успен ауданының «Құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің стратегиялық даму жоспары
Успен ауданының құрылыс бөлімінің миссиясы – жергілікті деңгейде құрылыс саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру
«Аягөз ауданының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық даму жоспары iconУспен ауданының «Құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің стратегиялық даму жоспары
«19» қаңтарындағы «Успен ауданының «Құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық даму жоспарын...
«Аягөз ауданының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық даму жоспары icon«Аягөз аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2010-2014 жылдарға арналған Стратегиялық жоспары Аягөз қаласы
Аягөз аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі қызметінің стратегиялық бағыттары, стратегиялық мақсаттары және маңызды мақсаттық...
«Аягөз ауданының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық даму жоспары icon«Аягөз аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары аягөз қаласы
Аягөз аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі қызметінің стратегиялық бағыттары, стратегиялық мақсаттары және маңызды мақсаттық...
«Аягөз ауданының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық даму жоспары icon«Федоров ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2010 – 2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Федоров селосы – 2009 жыл Мазмұны
Стратегиялық даму мақсаты, қызметінің стратегиялық бағыттары және негізгі нысыналы индикаторлар 10-18
«Аягөз ауданының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық даму жоспары iconКачир ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 22 ақпандағы “2010-2014 жылдарға арналған “Качир ауданының ветеринария бөлімі” мемлекеттік мекемесінің Стратегиялық даму жоспарын бекіту туралы” №54/2 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Качир ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 22 ақпандағы “2010-2014 жылдарға арналған “Качир ауданының ветеринария бөлімі” мемлекеттік мекемесінің...
«Аягөз ауданының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық даму жоспары icon«Шемонаиха ауданының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Шемонаиха қ
Мемлекеттік мекеме қызметінің стратегиялық бағыттары, мақсаттары, міндеттері және көрсеткіштері
«Аягөз ауданының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық даму жоспары icon«Федоров ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2010 2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Федоров селосы – 2009 жыл Мазмұны «Федоров ауданының жер қатынастары бөлімі»
«Федоров ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің миссиясы және көрінуі бет
«Аягөз ауданының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық даму жоспары iconШарбақты ауданы әкімдігінің 2009 жылғы
«Шарбақты ауданының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы