|
«Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық даму жоспары Мазмұны
1. Миссия және кіріспе Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің (бұдан әрі – Бөлім) негізгі миссиясы – ауданның бәсекеге қабілеттілігінің және әлеуметтік-экономикалық өсімінің сапалы жаңа деңгейіне қол жеткізуге мүмкіндік беретін экономикалық саясатты, нарықтық экономиканы, бюджет жүйесін, шаруашылық механизмдерін, мемлекеттік басқарудағы жаңа тәсілдерді енгізу және дамыту туралы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру; - Аягөз ауданының облыстың дамыған өңірлері қатарына енуіне мүмкіндік беретін өңір экономикасының тұрақты дамуы.
Аягөз ауданының 2008 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы жалпы алғанда экономикалық өсу тенденциясын көрсетті. Бұл негізінен өнеркәсіп өнімдері есебінен болып, оған кен өндіру өнеркәсібінде Қазақмыс Корпорациясының «Құсмұрын» руднигінің іске қосылуы әсер етті. 2008 жылы аудан өнеркәсiптерi қолданыстағы бағамен 6017,9 млн.теңгенiң тауарлық өнiмдерiн өндiрдi. Заттай көрсеткiштер серпiнiнен есептегенде, өнеркәсiп өнiмiнiң нақты көлемi 2007 жылдан 5,9%-ға артты. «Құсмұрын» кенішінде 3828,5 млн.теңгенің өнімдері өндіріліп, жалпы өнеркәсіп өнімдерінің 63,6%-ын құрады. 2009 жылы экономикалық дағдарыс, түсті металға әлемдік бағалардың төмен деңгейі жағдайында аудан өнеркәсiптерi өнiмдерiнің нақты көлемiнің индексі төмендеп, қаңтар–қараша айларында аудан өнеркәсiптерi қолданыстағы бағамен 3231,1 млн.теңгенiң тауарлық өнiмдерiн өндiрдi. Заттай көрсеткiштер серпiнiнен есептегенде, өнеркәсiп өнiмiнiң көлемінің нақты индексі 2008 жылдың сәйкес кезеңіне 8,0% құрады. Өнімнің азаюының басты себебі, «Құсмұрын» руднигі жұмысының уақытша тоқтатылуында болды. Мыс металының нарықтағы бағасының төмендеуіне байланысты, жұмсалған шығындар ақталмайтын болғандықтан, кен орыны консервацияға жабылды. Сондай-ақ, өнім көлемінің азаюына өңдеу өнеркәсібі өнімдерінің 6,3%-ға азаюы ықпал етті. Кен өндіру саласындағы «Тасқара» ЖШС-і өндірген өнімдер 2009 жылы аудан өнеркәсібінде есептелмеді. 2008 жылы ауыл шаруашылығы өнімдері салыстырмалы бағамен 4015,4 млн.теңге құрады, нақты көлем индексі 104,0%. Барлық категориядағы шаруашылықтар бойынша iрi қара 66744 бас, оның iшiнде аналығы - 30569, қой мен ешкi – 254545, жылқы - 17506, құс – 27243. 2007 жылмен салыстырғанда iрi қара 1240 басқа, оның аналығы 1350 басқа, қой мен ешкi 16399 басқа, жылқы 886 басқа көбейген. Ауыл шаруашылығының барлық санаттарында мал мен құсты тiрiдей салмақта союға өткiзу 12966,0 тонна (2007 жылдың деңгейiне қатысты 109,3%), сүт өндiру – 42359,1 тонна (105,1%), жүн өндіру – 458,2 тонна (105%), жұмыртқа алу – 3628 мың дана (125,0%) құрады. 2009 жылғы 11 айда ауыл шаруашылық өнімдері 4195,9 млн. теңге құрап, 2008 жылмен салыстырғанда 19,7%-ға артты. Шаруашылықтар бойынша iрi қара 71440 бас, оның iшiнде аналығы - 30231, қой мен ешкi –297912, жылқы - 20051, құс –30928 бас. Өткен жылмен салыстырғанда iрi қараның жалпы саны 378 басқа, қой мен ешкi 18605 басқа, жылқы 1452 басқа артқан. Ауыл шаруашылығының барлық санаттарында мал мен құсты тiрiдей салмақта союға өткiзу 11619 тонна (2008 жылдың 11 айының деңгейiне қатысты 112,1%), сүт өндiру – 41654,5 тонна (106%), жұмыртқа алу – 3580,6 мың дана (104,6%), жүн өндіру 495,7 тонна (116,8%) құрады. 2009 жылғы себілген жалпы егістік көлемі 12930 га, оның ішінде дәнді дақыл 10220 га, майлы дақыл 1910 га, картоп 600 га, көкөніс 200 га. 7377 тонна дәнді дақыл алынды, бұл 2008 жылғыдан 6,3 есе артық. 540 тонна күнбағыс (былтырғы жылдың деңгейіне 360% құрайды), 4800 тонна картоп (171,4%), 3000 тонна көкөніс (214,3%) алынды. 2006–2008 жылдар аралығында көктемгі егіске тиісті 1289 тонна аудандастырылған тұқым себіліп, 5860 га жерге 4000 тонна органикалық тыңайтқыштар енгізіліп, 1289 тонна аудандастырылған тұқым себілді. ^ Бөлшек сауда тауар айналымының көлемi 2008 жылы (қоғамдық тамақтандыру айналымынсыз) 2859,5 млн.теңгенi құрап, 2007 жылмен салыстырғанда 8,9%-ға немесе 280,2 млн.теңгеге төмендеді. Ауданның сауда айналымының облыстың айналымынан үлестік салмағы 1,4% құрады, төмендеу беталысы байқалады. 2009 жылдың 11 айында бөлшек сауда тауар айналымының көлемi (қоғамдық тамақтандыру айналымынсыз) 2893,0 млн.теңгенi құрап, 2008 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,3%-ға немесе 67,9 млн.теңгеге азайды. ^ Шағын бизнестің тіркелген кәсіпорындарының (заңды тұлғалардын) саны 11,3% өсіммен 128 бірлікті құрады, соның ішінде жұмыс істеп тұрғаны 6,6% төмендеумен – 70. Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар үлесі тіркелгендер ішінде 54,7% құрады. 2009 жылы тіркелген кәсіпорындар саны 127, оның ішінде жұмыс істеп тұрғандары 73. 2008 жылы шағын кәсіпкерлік субъектілерімен өндірген тауарлар (жұмыстар, қызметтер) көлемі 436,2 млн. теңге болып, 2007 жылдың деңгейінен 2,1%-ға артты. ^ 2008 жылы негізгі капиталға жұмсалған инвестициялар көлемі 5130,9 млн.теңге болып, 2007 жылдың деңгейіне 38,4% құрады. Бұл облыс бойынша жалпы көлемнің 3,6%-ы. Қаржыландыру көздері бойынша инвестиция құрылымында меншікті қаражат - 68%-ды, республикалық бюджет қаражаты – 7,7%-ды, жергілікті бюджет 4,6%-ды, шетел капиталы – 19,6%, несие қаражат 0,1%-ды құрады. Қаржылық дағдарысқа байланысты барлық қаражаттар есебінен, әсіресе кәсіпорындардың меншікті қаражатынан инвестициялар жұмсау азайып отыр. Азаюының негізгі себебі «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС-нің Ақтоғай кен-байыту комбинатының құрылысын уақытша тоқтатуында болды. Қазіргі уақытта Корпорациямен қатынас, хаттар арқылы осы мәселе жөнінде жұмыстар жүргізілуде. Кәсіпорын басшылығының мәліметтері бойынша құрылыс жұмыстары 2010 жылдан бастап қайта жалғастырылады. 2010 жылы Алакөл көлінің жанынан балаларға арналған демалыс орны құрылысын салу, 2011 жылы Аягөз қаласында 200 орындық бала-бақша құрылысы, «Аягөз қаласында ІІІ-кезектегі су жүйесін жаңарту құрылысы», 2012 жылы Аягөз қаласында биологиялық тазарту стансасының құрылысы көзделуде. 2008 жылы жалпы аумағы 3916 шаршы метр немесе 41 тұрғын үй іске қосылды. Бұл облыс бойынша іске қосылған тұрғын үйлер көлемінің 1,7%-ы. 2007 жылмен салыстырғанда 38%-ға аз. Тұрғындар қаражаты есебінен 58,3 млн.теңге тұрғын үй құрылысына жұмсалған. 2009 жылы 3962 шаршы метр тұрғын үй іске қосылды. Былтырғы жылмен салыстырғанда 1,2%-ға жоғары. ^ Жұмыссыздық есебінде 2009 жылғы 1 қаңтарға тұрған жұмыссыздар саны 410 адам болса, өткен жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 10,5 процентке азайған. Жұмыссыздық деңгейі былтырғы жылдан 0,1% төмендеп, 1,1 процент құрады. Аягөз қаласында 227 адам және ауылдар бойынша 183 адам жұмыссыздыққа тіркелді. Қайта оқыту, мамандандыруға 130, ақылы қоғамдық жұмыстарға 552 жұмыссыз жіберілді, бұл жылдық жоспардың 100,4 процентін құрады. 2008 жылға арналған іс-жоспары бойынша ауданда 615 жаңа жұмыс орнын ашу белгіленген. Жылдың қорытындысы бойынша 653 жаңа жұмыс орындары ашылды, бұл көрсеткіш 106,2% құрады. 2008 жылы жұмыссыздар арасынан 551 адам жұмысқа орналасты, бұл жұмыс іздеушілердің 66,0%-ы. Жастар іс-тәжірибесі бағдарламасы бойынша 8 жас түлек қала мекемелерінде іс-тәжірбиеден өтіп, барлығы мамандықтары бойынша тұрақты жұмыстарға орналасты. 2008 жылға әлеуметтік көмекке 109 млн.816 мың теңге қарастырылды. Аз қамтамасыз етілген 1804 отбасындағы 6016 азаматқа атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып, жәрдемақы төленді. Орташа айлық жәрдемақы мөлшері 1615,23 теңгені құрады. Былтырғы жылдың осы мерзімдегі алушылардың саны 13,3 процентке азайғаны байқалады. (2007 жылы алушылар саны 6941 адам болды) Аз қамтылған отбасылардың 18 жасқа дейінгі балаларына ай сайынғы жәрдемақылар үшін 2008 жылға бюджеттен 91900 мың.теңге қаралды. 3549 отбасына 8391 балаға 11 айының жәрдемақысы төленіп, 2007 жылмен салыстырғанда 0,4%-ға балалар саны көбейгені байқалды. (2007 жылдың сәйкес кезеңінде 8355 бала болды). 2008 жылы 2592 отбасына 27270,0 мың теңге тұрғын үй көмегі қарастырылып, 2165 отбасына 26043,8 мың теңгенің тұрғын үй жәрдемақысы төленді. Қаражаттың игерілуі 95,5% құрады. Орташа айлық жәрдемақы мөлшері 3454 теңге. 2008 жылы үйде тәрбиеленіп, оқытылатын 142 мүгедек балаға 12921 мың теңге төленді. Жоспарланған қаражат 95,7% игерілді. Оқу орындарын бітірген, ауылда жұмыс ітеуге ниет білдірген 10 жас маманға 120 мың теңгеден көтерме ақша, барлығы 2008 жылы 1,2 млн.теңге төленді. Соғыс ардагерлеріне ай сайын коммуналдық қызметтерін өтеу үшін 5 мың теңгеден материалдық көмек төленіп, 2008 жылы барлығы 10158,0 мың теңге жұмсалды. Семей ядролық полигонына байланысты шығарған мүгедектерге ай сайын 2 мың теңгеден төленді. Барлығы 2008 жылы бұл көмекке 5856 мың теңге бөлініп, толығымен игерілді. Көп балалы аналарға, «Алтын алқа» және «Күміс алқа» иелеріне 8 Наурыз және 1 Маусым балалар күні мейрамдарына 5 мың теңгеден материалдық көмек берілді, осы мақсатқа 20740 мың теңге жұмсалды. «Жергілікті өкілетті органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу ережесіне» сәйкес, 2008 жылы 15 мұқтаж азаматқа 250 мың.теңгеге көмек көрсетілді, 30 адамға, оның ішінде Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне және қатысушыларына, жалғыз басты қарттарға «Дидар» мен «Рудный Алтай» жазылымдарына 2009 жылға жазылу үшін 98 мың.теңге жергілікті бюджеттен төленді. Ай сайын 9 дербес зейнеткерге бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде төленіп, барлығы 94,6 мың теңге жұмсалды. Аудан көлемінде 2009 жылы жалпы жұмыссыздық деңгейі 5,4 % болып, өткен жылмен салыстырғанда 0,5%-ға азайды. 2010 жылдың 1 желтоқсанына жұмыссыздық деңгейі 1,0% процентін құрап, 2008 жылмен салыстырғанда 0,1 пайызға төмендеді. 2009 жылға халықты жұмыспен қамту жүйесін жетілдіру үшін қаралған іс-шаралар жоспары бойынша 38,2 млн.теңге бөлініп, осы қаражат толығымен игерілді. Қайта оқыту, мамандандыруға 159 адам жіберілді, қаралған қаражат 8,2 млн.теңге. Ақылы қоғамдық жұмыстарға 550 жұмыссыз жіберілді, бұл жылдық жоспардың 104%-ы. Осы жұмыстардың орындалуына 28,9 млн.теңге жұмсалды. 2009 жылы ауданда 620 жаңа жұмыс орын ашу белгіленген. Жыл қорытындысы бойынша 730 жаңа жұмыс орындары ашылды, бұл көрсеткіш жылдық жоспардың 117,8 процентін құрайды. Жұмыссыздар арасынан 1122 адам жұмысқа орналасты, бұл жұмыс іздеушілердің 59,2%-ы. Жастар іс-тәжірибесі бағдарламасы бойынша 8 жас түлекті жастар іс-тәжірибесіне жіберу жоспарланған, бүгінде 9 адам қала мекемелерінде іс-тәжірбиеден өтіп, 8-і мамандықтары бойынша тұрақты жұмыстарға орналасты. Осы іс-шараларға 632 мың теңге игерілді. Нысаналы топтардан әлеуметтік жұмыс орындарына 8 адам жіберілді. 2009 жылы аудан бойынша аз қамтылған 4792 адам 94,3 млн.теңге атаулы әлеуметтік жәрдемақы алды. 8156 адамға 107,0 млн.теңге балалар үшін берілетін жәрдемақы, 2462 отбасына 33,7 млн.теңге тұрғын-үй жәрдемақысы төленді. Үйде тәрбиеленіп оқитын 141 мүгедек балаға 17,7 млн.теңгеге материалдық көмек көрсетілді. Мүгедектерге тісті протездеуге 50 адамға 10 мың теңгеден 500,0 мың теңге қаражат жергілікті бюджеттен бөлінді. Ұлы Отан соғысының 65 жылдығына байланысты 44 соғыс мүгедектері мен қатысушыларына 36 мың теңгеден барлығы 1575,0 мың теңге төленді. «Уба» демалыс үйіне 53 зейнеткер мен мүгедектерге демалуға жолдама берілді. Оқу орындарын аяқтағаннан кейін ауылдарда жұмыс істеуге ниет білдірген 6 жас маманға, сондай-ақ, аудандық арруханада жұмыс істеуге ниет білдірген 3 дәрігерге 250 мың теңгеден көтерме қаражат төленді. Туберкулез, онкологиялық ауруларға шалдыққан және материалдық жағдайы өте төмен 62 азаматқа 1200,0 мың теңгеге көмек көрсетілді. 1081 адамға, оның ішінде ауылдық жерлердегі мұғалім, дәрігерлер, әлеуметтік, мәдениет және спорт қызметкерлеріне 5905,0 мың теңге отын сатып алуға төленді. ^ 2008 жылы жергілікті бюджетке 1145,1 млн.теңгенің салықтары мен төлемдері аударылды, бұл қаржы болжамының 89,9% құрайды. Мұнда жерді сатудан түсетін салық 51%-ға, әлеуметтік салық 81%-ға, табыс салығы 92%-ға, ал салықтың басқа түрлері артығымен орындалған. Жыл басынан бері 1181,4 млн.теңге субвенция алынды, 196,6 млн.теңге нысаналы ағымдағы трансферттер мен 331,2 млн.теңге даму трансферттері алынды. 2008 жылы бюджет қаражатын игеру 96% құрады. 2008 жылы бюджет шығысы 2007 жылға қарағанда 215,3 млн. теңгеге немесе 7,6%-ға өсіп, 3037,9 млн. теңгені құрады. 2009 жылғы 11 айда жергілікті бюджетке 1158,8 млн.теңгенің салықтары мен төлемдері аударылды, бұл қаржы болжамының 101,9%-ын құрайды. Мұнда жер салығы 5%-ға, мемлекеттік баж салығы 27,6%-ға, көлік салығы 9,1%-ға артық орындалған. 1327,7 млн.теңге субвенция, 462,1 млн.теңге нысаналы ағымдағы трансферттер және 247,9 млн.теңге даму трансферттері алынды. Бюджет шығыстары 3143,7 млн.теңге, игерілуі 98,6% құрады. ^
|