Аягөз ауданының 2005 жылдың 9 айындағы әлеуметтiк экономикалық дамуының қорытындылары icon

Аягөз ауданының 2005 жылдың 9 айындағы әлеуметтiк экономикалық дамуының қорытындылары



НазваниеАягөз ауданының 2005 жылдың 9 айындағы әлеуметтiк экономикалық дамуының қорытындылары
Дата конвертации29.11.2012
Размер51.51 Kb.
ТипДокументы
источник

Аягөз ауданының 2005 жылдың 9 айындағы

әлеуметтiк - экономикалық дамуының қорытындылары


2005 жылдың қаңтар-қыркүйегінде өнеркәсiп өндiрiсiнiң көлемi 1493,7 млн.теңгенi құрады, немесе өткен жылмен салыстырғанда 21,3%-ке көбейген.

2005 жылдың 9 айында барлық шаруашылық категориясы бойынша 6105,3 тонна мал мен құс (тiрi салмақпен) сойып сатылды. Өткен жылмен салыстырғанда бұл көрсеткiш 119,1% құрады. 27115,6 тонна сүт (112,9%), 2348,9 мың дана жұмыртқа (110 %), 413,1 тонна жүн (112%) өндiрiлдi.

2005 жылдың 1 қазанына барлық категориядағы шаруашылықтар бойынша 70339 iрi қара бас, қой мен ешкi - 251437, жылқы - 16024, түйе – 19, шошқа – 230, құс - 36294 құрады.

Барлық категориядағы шаруашылықтар бойынша 2005 жылдың қаңтар - қыркүйегінде 1518,8 млн. теңгенiң мал шаруашылығы өнiмдерi өндiрiлген. Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру 2004 жылдың сәйкес кезеңіне қатысты 116,3% құрайды.

Бөлшек сауда тауар айналымының көлемi (қоғамдық тамақтандыру айналымынсыз) 1428,9 млн. теңгенi құрап, 2004 жылмен салыстырғанда 8,3 % - ға артты.

Жұмыспен қамту бойынша өкiлеттi органдарда есепте тұрған жұмыссыздардың саны 2005 жылдың 1 қазанына 700 адам болды, бұл 2004 жылғымен салыстырғанда 247 адамға аз. Ресми жұмыссыздықтың деңгейi 1,8 % құрады.

2005 жылғы 9 айда жұмыскерлерге есептелген орташа айлық жалақы орта есеппен 22942 теңгенi құрады немесе өткен жылмен салыстырғанда 16,2%-ға өстi. Жұмыскерлердің еңбек ақы қоры 2204,3 млн.теңгені құрады немесе 2004 жылдың 9 айымен салыстырғанда 27,3 % - ға өсті.

2005 жылдың қаңтар – қыркүйегінде ауданның шаруашылық жүргiзушi субъектiлерi жергілікті бюджеттер бойынша 438,4 млн.теңгенiң салықтары мен төлемдерiн аударған, бұл қаржы болжамды көрсеткiштiң 108 процентiн құрап, 30,9 млн.теңге артық түсті. 2005 жылы 407,0 млн.теңге субвенция алынды, болжам 100%-ға орындалған.

Шағын кәсiпкерлiкпен айналысатын субъектiлердiң саны 1761 бiрлiк құрады. Жалпы шағын кәсiпкерлiкпен айналысуға 2285 адам жұмылдырылды, олардан 74,6 млн.теңге бюджетке құйылған, оның ішінде 62,3 млн.теңге жергілікті бюджетке түсті. Бұл жергілікті бюджетке түскен барлық соманың 14,2% құрайды. Былтырғы жылмен салыстырғанда бюджетке түскен қаржы 43,7 % өскені байқалды.

Аягөз қаласында 3 пәтер иелерi кооперативтерi ортақ пайдаланатын көп пәтерлi тұрмысқа қолайландырылған 139 тұрғын үйлерге және көпқабатты үйлерге орналастырылған 60 сауда орындарына қызмет көрсетедi. Коммуналдық қызмет көрсететiн үйлердiң жалпы алаңы -140 мың шаршы метр. Аудан бойынша 2005-2006 жж. қыс айларында 58 жылу қазандықтары жұмыс жасайды, оның 12 жеке кәсіпкерлерде, 3 ведомствалық, 19 ауылдық мектептер, 10 қалалық мектептерде 14-өнеркәсiптiк мекемелерде. Аягөз қаласын сумен қамтамасыз ету бойынша «Горводоканалстрой» МКМ-і қызмет көрсетеді.

2005 жылдың 1 қазанына коммуналдық қызметтер үшін тұрғындар 3,3 млн.теңге төлемақы қарыздар, оның ішінде жылу үшін 1,4 млн.теңге, электр энергиясы үшін 0,605 млн.теңге, су үшін 1,26 млн.теңге.

Жолаушы тасымалдау жұмысына 2 транспорт кәсiпорны қызмет көрсетедi. Жолаушы автокөлiгiмен 2005 жылдың 9 айында 67 мың адам тасылған. 2004 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда жолаушы тасымалдау айналымы 8%-ға өстi. Жолаушы айналымы 4360 мың жолаушы км. құрады.

Телекоммуникация мекемесi бойынша 2005 жылдың қаңтар-қыркүйегінде 72,7 млн. теңгенiң жұмыс көлемi атқарылған, 2004 жылы бұл көрсеткiш 62,2 млн.теңге болған, өткен жылмен салыстырғанда 16,8%-ке көбейген немесе 10,5 млн. теңгеге артық.


2005 жылдың 9 айында сауда тауар айналымының көлемi (қоғамдық тамақтандыру қызметiн көрсетусiз) 1428,9 млн.теңгенi құрады, соның ішінде жеке тұлғалар 1321,3 млн.теңгенің, ресми тіркелген кәсіпорындар 107,6 млн.теңгенің тұтыну тауарларын сатты.

Товар айналымының негiзгi көлемi жеке тұлғалардың сауда қызметi арқылы қамтылып отыр. Олардың тұтыну товарларын саудалаудағы жалпы үлесi 92,5%. Iшiнара өткiзiлген тексеру сұраулар бойынша базарда сауда жасап отырғандардың 30% азық-түлiк товарларын, 25 % өнеркәсiп және 45 % әрi азық-түлiк, әрi өнеркәсiп товарларын сатумен айналысады.

Ауданның шаруашылық жүргiзушi субъектiлерiнен жергiлiктi бюджетке – 438,4 млн.теңгенің салықтары мен төлемдері аударылды, бұл қаржы болжамды көрсеткiштiң 108 % процентiн құрап отыр.

2005 жылдың 1 қазанына бюджетке 10,2 млн.теңге берешек немесе 2006 жылдың 1 қаңтарымен салыстырғанда 1,03 млн.теңгеге азайған.

2005 жылдың 9 айында 407,0 млн.теңге субвенция алынған немесе болжам 100 % орындалған.

2005 жылғы 9 айда 7581 зейнеткерге 602,7 млн теңге зейнетақы, 2299 адамға мүгедектiгiне, 1614 адамға асыраушысынан айрылуына байланысты, 126 адамға әлеуметтiк жәрдемақылар төлендi. Барлығы 240,0 млн теңге жәрдемақы, оның iшiнде мүгедектерге 140,5 млн теңге, асыраушысынан айырылғандарға 96,6 млн теңге төлендi.

Арнаулы жәрдемақылар 2004 жылдың 9 айында 85,1 млн.теңгені құраса, 2005 жылы 99,4 млн теңге төленіп, былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 116,8%-ке ұлғайып отыр.

Экономикалық қызметтiң барлық түрлерiнде жұмыс iстейтiн қызметкерлердiң орташа айлық атаулы жалақысы 2005 жылдың басынан 22942 теңге құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 16,2 % жоғары.

2005 жылдың 9 айында жұмысқа орналастыру қызметiне еңбекке орналасу үшiн 926 адам келдi, олардың iшiнде 236 адам ауыл тұрғындары. Өткен жылғы 9 аймен салыстырғанда жұмыссыздар саны 64 адамға азайған.

Жұмыспен қамту мәселелері бойынша өкілетті органдардың көмегімен 2005 жылы 520 адам жұмысқа орналастырылды.

Ауданда уақытша жұмыспен қамтылуын қамтамасыз етуге азаматтардың еңбек қимылының арнайы пайдалы бағыты бар ақылы қоғамдық жұмыстар ұйымдастырылған. 2005 жылдың 9 айында ақы төленетін қоғамдық жұмыстарға 516 адам қатысты. Барлық есептелген қаражаты 8935,0 мың.теңгені құрады. Жоспарланған соманың 100%-ы игерілді.

Ресми жұмыссыздық деңгейi 2004 жылдың 1 қазанына 2,4 % құраса, 2005 жылдың 1 қазанына 1,8 %-ға дейiн төмендеп отыр.


Құқық қорғау органдары бойынша барлығы 276 қылмыс тiркелген, бұл өткен жылмен салыстырғанда 21,8 %-ға аз.

Былтырғы жылмен салыстырғанда ауыр қылмыстар саны, тонау, жеке меншіктің малын ұрлау, кәмелетке жасы толмағандар жасаған қылмыс және нашақорлық бойынша қылмыстар түрлерiнің азайғаны байқалады. Осы жылда қылмыстың ең ауыр түрi 7 кiсiнің өлiмiнің 92,5% ашылған. Мал ұрлығына байланысты тiркелген 32 қылмыстың 57,6%-ы ашылды. Тонау өткен жылы осы уақытта 24 болса, биыл 20 қылмыс тiркелiп, 4 қылмысқа азайған.


Ауданда 2005 жылдың 1 қазанына 76,0 мың адам есептелдi. Оның iшiнде 37,7 мың ер адам, 38,3 мың әйел адамдар. Аягөз қаласында 42,1 мың адам (56,1% ), ауылдық жерлерде 33,9 мың адам (45,2%) тұрады.

Жүргiзiлген есеп бойынша ауданда 1142 сәби дүниеге келдi, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 72 сәбиге азайған, немесе 5,9% төмен.

2005 жылдың басынан бастап 512 адам дүние салды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 32 адамға көп.

Миграция алмасу нәтижесiнде 2005 жылдың қаңтар-қыркүйегінде ауданға 531 адам келген, бұл ауданнан қоныс аударғандарға қарағанда 489 адамға көп.


Аудандық санитарлық-эпидемиологиялық қызмет мәлiметтерi бойынша 2005 жылғы 9 айда жұқпалы аурулармен науқастанғандар саны 324 болды, бұл 2004 жылғымен салыстырғанда 5 адамға азайған.

2005 жылдың қаңтар-қыркүйегінде 100 мың адамға шаққанда жұқпалы сары аурудың «В» тобы 7,7 құрады немесе өткен жылдан 14-ке азайған, жұқпалы iш ауруларының көрсеткіші 162,1, туберкулез 135,1 құрап, 2004 жылғымен салыстырғанда 16-ға көбейген, қышыма-қотыр 24,4 құрап, 13-ке көбейген, бит-сiрке 7,7 көрсеткішті құрады және ол 3-ге азайды, мерез көрсеткіші 39,8 болды немесе 3-ге көбейген. Дизентерия көрсеткіші 27 құрап, былтырғы жылдың деңгейіне жетті, бруцеллез 3,8, былтырғы жылдан 9 айынан 2-ге азайған, сальмонеллез 2,5 көрсеткіш құрап, 4-ке азайды


Аягөз аудандық экономика

және бюджеттік жоспарлау

бөлімінің бастығы К.Уәлиев







Похожие:

Аягөз ауданының 2005 жылдың 9 айындағы әлеуметтiк экономикалық дамуының қорытындылары iconАягөз ауданының 2008 жылдың 9 айындағы әлеуметтiк – экономикалық дамуының қорытындылары
...
Аягөз ауданының 2005 жылдың 9 айындағы әлеуметтiк экономикалық дамуының қорытындылары iconАягөз ауданының 2006 жылдың 1 тоқсандағы әлеуметтiк экономикалық дамуының қорытындылары
...
Аягөз ауданының 2005 жылдың 9 айындағы әлеуметтiк экономикалық дамуының қорытындылары iconАягөз ауданының 2005 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қысқаша қорытындылары
Аягөз ауданының 2005 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы экономикалық өсу тенденциясын көрсетеді
Аягөз ауданының 2005 жылдың 9 айындағы әлеуметтiк экономикалық дамуының қорытындылары iconАягөз ауданының 2007 жылдың 9 айындағы әлеуметтік – экономикалық дамуының қорытындылары туралы
Ауданда облыстық өнеркәсіп өндірісі көлемінің 1%-ы (3343,8 млн теңге) өндірілді
Аягөз ауданының 2005 жылдың 9 айындағы әлеуметтiк экономикалық дамуының қорытындылары iconАягөз ауданының 2009 жылдың 9 айындағы әлеуметтік – экономикалық дамуының қысқаша қорытындылары
...
Аягөз ауданының 2005 жылдың 9 айындағы әлеуметтiк экономикалық дамуының қорытындылары iconАягөз ауданының 2013 жылдың 5 айындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары
Неркәсіп. 2013 жылдың 1 маусымына аудан өнеркәсібінде қолданыстағы бағамен 1716,3 млн теңгенің өнімдері өндіріліп, өткен жылдың сәйкес...
Аягөз ауданының 2005 жылдың 9 айындағы әлеуметтiк экономикалық дамуының қорытындылары iconКатонқарағай ауданының 2009 жылдың 9 айындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі қорытындылары туралы ақпарат
Ауданның 2009 жылдың қаңтар-қыркүйек айларындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының талдау қорытындылары аудан экономикасының барлық...
Аягөз ауданының 2005 жылдың 9 айындағы әлеуметтiк экономикалық дамуының қорытындылары iconАягөз ауданының 2010 жылдың 9 айындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары
Ауыл шаруашылығы. Мал шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі 4023,5 млн теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес мерзімінен 209,3 млн теңгеге...
Аягөз ауданының 2005 жылдың 9 айындағы әлеуметтiк экономикалық дамуының қорытындылары iconАягөз ауданының 2010 жылдың 7 айындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары
Ауыл шаруашылығы. Мал шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі 3164,4 млн теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес мерзімінен 13%-ға немесе...
Аягөз ауданының 2005 жылдың 9 айындағы әлеуметтiк экономикалық дамуының қорытындылары iconАягөз ауданының 2013 жылдың 12 айындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары
Ауыл шаруашылығы. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі 18669,5 млн теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес мерзімінен 3734,6 млн...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы