Шемонаиха ауданының білім беру жүйесін icon

Шемонаиха ауданының білім беру жүйесін



НазваниеШемонаиха ауданының білім беру жүйесін
Дата конвертации29.11.2012
Размер89.8 Kb.
ТипДокументы
источник



«Шемонаиха ауданының білім беру жүйесін

дамытудың заманауи стратегиясы» Шемонаиха ауданының әкімі А.Ж.Тоқтаровтың 2012 жылғы 18 тамыздағы

педагогикалық конференцияның

тамыз пленарлық мәжілісіндегі сөз сөйлеуі


Құрметті конференция қатысушылары, қонақтар!


Осы күндері облыстың барлық өңірлерінде тамыз кеңестері өтуде, оларда атқарушы билік органдары, мектеп мұғалімдері жүргізілген жұмысқа және өткен оқу жылында пайдаланылмаған мүмкіндіктерге талдау жасайды, алдағы жылға проблемаларды анықтайды, міндеттер қояды және жұмыс жоспарлайды. Ұстаздар үшін – оқу жылының басталуы.

Қазақстан Республикасының Президенті-Ұлт көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Әлеуметтік экономикалық жаңғырту-Қазақстан дамуының басты бағыты» Қазақстан халқына Жолдауында оқитындарға тек ғана білім емес, сонымен қатар оларды қолдана білуді қалыптастыруға мүмкіндік беретін білім беру жүйесін жаңғыртуға ерекше назар аударылды.

Елбасшысы 2020 жылы Қазақстан білімді, экономикасы дамыған және жоғары білікті, сауатты ел болуы тиістігін айтты. Білімнің дамуы өркениетті ел экономикасының тірек ететін платформа болуы тиіс.

Өткен оқу жылындағы қол жеткізген жетістіктеріңіз зор еңбектеріңіздің жемісі, ол үшін үлкен алғысымызды білдіреміз. Жаңа оқу жылында Сіздердің белсенді қолдауларыңызбен мұғалімдер алдында қойылған аудандық білім беру жүйесінің сапалы және тиімді дамуын арттыруға, оның имиджин көтеруге мүмкіндік беретін міндеттер табысты шешіледі деп ойлаймын. Сіздерде жаңа оқу жылының басталуымен құттықтаймын, зор денсаулық, табыс, кәсіби өсулеріңізге тілектеспін.

2011-2012 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасында ерекше назар қазақстандық қоғамның өзекті проблемаларының бірі –бәсекеге қабілетті, әлеуметтік және экономикалық жағдайлардың өзгеруіне бейім тұлғаны қалыптастыру.*

Қазақстандағы жалпы білім беру реформасының жалпы мақсаты- жаңа әлеуметтік-экономикалық ортада білім беру жүйесін қалыптастыру. Білім беру жүйесі үшін басты мақсат қол жетімді сапалы білім алуға кеңістікті ұлғайту, әсіресе мектепке дейінгі және мектептегі тәрбие және білім беруде.

Шемонаиха ауданының әлеуметтік-экономикалық даму қарқыны 2015 жылдарға дейінгі білім беру жүйесін дамытуда бекітілген өңірлік бағдарламалардыіске асыруға мүмкіндік береді.

Білім беру саласын қаржыландыру 1 млрд, 709 млн, теңгеге өсті, бұл жалпы аудан бюджетінің 63% құрайды. Шеберханалар, асхана, медициналық кабинеттерге, спорттық құралдарды, жаңа заманға сай 5 кабинетке керек жарақтар сатып алуға 90,4 млн. теңге бөлінді.

Шемонаиха қаласында қазақ тілінде білім беретін 320 орындық және 100 орындық интернаттың құрылысына республикалық бюджеттен 10,2 млрд.теңге бөлінді.

2012 жылыға қосымша білім беруді дамытуға аудандық бюджеттен 7,2 млн. теңге (оның ішінде 4,0 млн теңге Шемонаиха қаласының шығармашылық мектебіне сахналық костюмдерді сатып алуға бөлінді, Усть-Таловка кентіндегі балалар өнер мектебіне музыкалық аспаптар сатып алуға, аудандық шығармашылық үйіне шатырларды сатып алуға 2,0 млн. теңге) бөлінді


Құрметті ұстаздар!

Сапалы білім беру проблемасы мемлекет пен қоғамның басты тапсырмасы болып табылады. Білім беруде басты рөлді ұстаздар атқарады. Мұғалімдердің ұжымдық портретін атап өткім келеді: Закира Тұрсынқанқызы Синизяова-Зеквакино орта мектебінің қазақ тілі пәнінің мұғалімі, Ирина Викторовна Ченцова –Рулиха орта мектебінің тарих пәні мұғалімі, Татьяна Николаевна Калачева- Ю.А.Гагарин атындағы № 3 мектептің бастауыш сынып мұғалімі, Сәуле Қалиоллиновна Тәйтенова- қазақ тілі және Татьяна Климентьевна Тагильцева И.М.Астафьев атындағы мектеп-гимназиясы математика пәнінің мұғалімі, Галина Анатольевна Архипова биология пәні және Руфина Давыдовна Мұхамадиева Н.А.Островский атындағы № 1 мектеп гимназиясының физика пәнінің мұғалімі, Ольга Леонидовна Жукова- А.С.Иванов атындағы Выдриха мектеп-балабақша кешені орыс тілі және әдебиетінің мұғалімі, Галина Николаевна Скоробогатова-Сугатовка мектеп-балабақша кешенінің математика пәні мұғалімі, осы ұстаздар әр уақытта да шығармашылық ізденісте бол жүріп, алдыңғы технологияларды және әдістерді қолданып, оң нәтижелерге жетуде.

Білім беруге жахандану заманында басты рөл берілген. Ауданның ұстаздары алдында жастарымызды білім алуға жетелеу ғана емес, жаңа білімді игерту мәселесі тұр.

Біздің түлектеріміз қоғамда өз орындарын тауып, жоғары бәсекеге қабілетті болулары тиіс. Аудан бойынша білім беру сапасы өткен жылмен салыстырғанда 45 %. Аудан бойынша біріңғай ұлттық тестілеу 76,3 құрады, бұл республикалық балдан 5,7 жоғары және облыстағы рейтинг көрсеткіштерінің төртінші ұстанымына ие. Бес түлек жүз балдан жоғары жинады.

ҰБТ жақсы көрсеткіштеріне қарамастан жыл бойынша оңды серпін байқалмайды. «Алтын белгі» 4 үміткерден тек қана бір оқушы қорғай алды. Үздік аттестат 5 үміткерден ешкім қорғай алған жоқ. 23 оқушы өту деңгейінен өтпеді, 3 оқушы екі деген баға алды.

Білім бөлімі, мектеп директорлары қазірден бастап ұжымды барлық осал тұстарды және проблемаларды қарастырып, жұмысты бағыттаулары тиіс. Дарынды балаларды анықтап мектепте жұмыс жүйесі ретінде енгізулері тиіс.Елбасының «Жалпы Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» кезекті сөзінде жас қазақстандықтарды өз еріктерімен өмір сүруге, жұмыс істеуде тиімді жүйені құруға икемдеуге баса көңіл бөлуге шақырады. «Біздің жастарымыз елеспен өмір сүрмеуі тиіс. Қазақстаннан тысқары жерде жұмақ өмір жоқ. Еш жерде, әлемнің қай түкпірінде болмасын барлық жағдай жасалып отырған жоқ. Еңбек етіп өзінің мүмкіндігін туған Қазақстан іске асыру қажет. Бұл үшін мемлекет барлық мүмкіндіктер туғызады және бұдан әрі де жасай бермек». Бұл сөздер әр педагогикалық ұжымның, әр ұстаздың күнделікті жұмыс ұранына аййналуы тиіс.

Жыл сайын біздің ауданынымдан жақын шет елдердің жоғары оқу орындарына түсетін түлектердің саны көбейіп келеді (2009 жылы-37 оқушы (10 пайыз), 2010 жылы -48 түлек (17 пайыз), 2011 жылы -45 түлек (17 пайыз), 2012 жылы -72 түлек (25 пайыз). Бұл өте жақсы, қуанарлық жағдай.

Бірақ туған жеріне қайтуға көпшілігі ниет білдірмей отыр. Қазіргі кезде ауданымызда кадр тапшылығы келесі мамандықтар бойынша: медицина қызметкерлері, ұстаздар, ауыл шаруашылығының мамандары, өндіріс мамандарына артып келеді. Ұстаздарға оқушылар арасында кәсіби бағдар беру бойынша жұмысты жандандыру қажет. Отанға деген сүйіспеншілік, отансүйгіштік қасиеттерге баулу қажет. Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың өсуі алаңдатып отыр. Қазіргі кезде 145 оқушы тіркеуде тұр. Өткен жылмен салыстырғанда биыл 18 жасөспірімге көбейді.

2012 жылғы қаңтар айынан тамыз айына дейін кәмелетке толмағандар 293 құқық бұзушылықтар мен қылмыс жасады. 2011 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 38 % өсті. Ең көп жасалған қылмыстар-ұрлық-11 қылмыс (2011 жылы -11), тонау-4 (2011 жылы-3). Өткен жылы Верх-Уба ОМ оқушысы бір өлтіру қылмысын жасады, ағымдағы жылы кісі өлтіруді № 19 кәсіптік лицей тәрбиеленуші жасады. Бұл кәмелетке толмағандар істері жөніндегі аудандық комиссияның, мектеп директорларының және округ әкімдерінің формальды жұмысын көрсетеді. Сынып жетекшілері, психологтар және мектеп инспекторлары тиімді жұмысы атқармайды. Ұстаздар ұжымдары құқықтық тәрбие бойынша оқушылармен, ата-аналармен белсенді жұмыс істеулері, қоғамдастықты, құқық қорғау органдарын тарту керек, тиімді нысандарды және тәрбие әдістерін қолдануға тиіс.

Білім берудің техникалық және кәсіби жүйесі ЮНЕСКО назарында, Біріккен Ұлттар Ұйымы Декларациясын енгізілді.

Мемлекет басшысы 2008 жылғы 1 шілдеде «2008-2012 жылдарға арналған Қазақстан Республикасындағы кәсіби және техникалық білімді »дамытудың мемлекеттік бағдарламасы туралы» Жарлыққа қол қойды.

Біздің ауданда жұмыс мамандықтарының кадрларын даярлау үш оқу мекемелерінің базасында іске асырылады: Құмаш Нұрғалиев атындағы Гуманитарлық колледж филиалы, Гуманитарлық-техникалық колледж, № 19 кәсіби лицей. Білікті мамандарда қажеттілік техникалық және кәсіби оқу мекемелері түлектерінің 10-20 % есебінен ғана толықтырады.

Шемонаиха қаласы орта кәсіби оқу мекемелерінің оқушылары және студенттері бұл негізінен аудан түлектері, бірақ барлықтары жұмыспен қамтылмайды. Екі колледж және лицейдің басшыларына ауданда қажетті мамандықтар бойынша жұмысты қарқындату қажет. Оқу процесінде тәжірибеге ерекше назар аударылу керек, ол үшін кәсіпорындарды, шаруа қожалықтарды және ауданның шағын кәсіпорындарын тарту қажет.

Ауданның оқу мекемелеріне кадрларды дайындаудың нақты схемасын әзірлеу керек:

-ауданның еңбек рыногына қажетті кәсіптерге талдау;

-оларды дайындауға оқу мекемелерін дайындау;

-тәжірибе сабақтарын өткізу үшін кәсіпорындарды анықтау.

Құрметті ұстаздар!

Түлектердің дайындығын қамтамасыз ету, ауданның экономикалық және қоғамдық өміріне сәтті қатысу-жергілікті атқарушы биліктің және ауданның оқу мекемелерінің басты міндеті. Сондықтан округ әкімдері педагогикалық ұжымдармен, ата-аналармен, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен бірлесіп 9, 11 сынып түлектері қайда орналасты және қайда оқып жатыр мәселелеріне талдау жасап, олардың өмірлеріне белсене қатысулары керек. Мұндай мониторинг жыл сайын өткізілуге тиіс.

Білім беру мекемелерінің негізгі проблемалары кадрлық мәселелер. Осы жылы ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге келген жас мұғалімдерге арналған «Дипломмен ауылға» бағдарламасы жұмысын жалғастыруда.

Ағымдағы жылы 7 көтерме жәрдемақыны немесе 113,3, мың теңге төлеу көзделген. Тұрғын үйді сатып алуға немесе салуға бағытталған бюджет несиесі жоспарланды.

Құрметті ұстаздар!

Блімберудің жаңа ұлттық моделінде мектепке дейінгі білімге ерекше назар аударылды. Ауданда 8 балабақшала, жалпы білім беру мектептерінің жанында 19 шағын-орталықтар әрекет етеді. Төртінші жыл аудан орталығында «Ақбота» балабақша қызмет етеді, қазақ тілінде білім беріледі, 360 бала қатысады. Мектепке дейінгі біліммен 1715 бала (90,2, %) қамтылды. Өсу деңгейі -111 %.

Жыл соңына дейін «Балапан» бағдарламасы бойынша

Березовка ауылында 20 баланы қамтумен 1 шағын-орталықтың ашылуы жоспарланды. Мемлекеттік жекеше серіктестіктің аясында теміржолшылар кентінде 50 орындық балабақша ғимараты қалпына келтіруде. 2013 жылы Шемонаиха қаласында 280 орынға балабақша құрылысы жоспарланды.

Мектепке дейінгі білім берудің әлеуметтік қажеттілігін кезектіліктің болуы дәлелдейді, балабақшаларға кезектілік-517 бала. Төлемақы жоғары болғандықтан көпбалалы және күн көрістері төмен отбасылар балаларын мектепке дейінгі мекемелерге беруге мүмкіншіліктері жоқ. Сондықтан

Мектепке дейінгі білім берудің жаңа нысандарын ұйымдастыру қолжетімді бағдарлама болып саналады (жеке балабақшаларын құру).

Заманауи мектептердің стратегиялық бағыттардың бірі ақпараттық-технологиялық қамтамасыз ету. Жаңа модефикациямен қамтамасыз етілген мектеп үлесі 32 % құрайды. Сондықтан ауданда білім беру жүйесін дамытудың негізгі міндеті жақын арада аудан мектептерін интернет желісімен, жаңа модификация кабинеттерімен және интерактивті құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету.

Ауданның білім беру бөлімі жұмысының басты бағыты жазғы кезеңде оқушылардың демалысын, сауықтыруларын және жұмыспен қамтылуларын ұйымдастыру. Ағымдағы жылы 4 мың оқушы қамтылды, ол аудан оқушылары жалпы санының 78 % құрайды.

Осы жылы ұйымдастырылған жазғы демалыстары көп уақыт бойы естерінен кетпейді деп ойлаймын. Округ әкімдерінің, аудандық білім беру бөлімінің, мектеп директорларының күшімен 533 оқушы, оның ішінде 300 жуық әлеуметтік қорғалмаған балалар киіз үйлерде демады. Мұндай лагерді ұйымдастырудың басты мақсаты балалар организмін қымыз, бал және өсімдікпен емдеу арқылы сауықтыру. Мектеп басшылары киіз үйлердің сақталуын қамтамасыз етіп, жыл сайын балалардың табиғатта демалуларын жоспарлау қажет, оқушылардың денсаулықтарын нығайтуға жағдай жасауға тиісті.

Ерекше бақылауда-мектеп асханаларында оқушыларды тамақтандыру, онымен 2000 астам оқушылар қамтамасыз етілді. 1-4 сынып оқушыларына ыстық тамақтануға арналған бюджеттік қаражаттар 56,4 млн. теңгені құрады. Жалпы оқыту қоры арқылы ақысыз тамақтанумен 8 млн. теңге сомаға 350 бала қамтылды.

Шығыс Қазақстан облысы әкімінің тапсырмасы бойынша бал сатып алуға 4,7 млн. теңге бөлінді, балмен төрт мыңнан астам аудан мектептерінің оқушылары қамтамасыз еітлді. Уба орта мектебінің асханасына жалпы құны бір жарым миллион теңге сомасына күрделі жөндеу жүргізілді.

Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында ауылшаруашылық құрылымдардың, кәсіпорындар мен ұйымдардың басшылары білім беру мекемелеріне көмек көрсетеді. «Заря» ЖШС (директоры Кажаканов Г.К.) Сугатовка селосындағы спорт залы мен жаттықтыру залын, бильярд бөлмесі бар спорт кешенін өтемсіз коммуналдық меншікке берді, Горкуново және Кенюхово селоларының оқушыларын мектепке тасымалдауды ұйымдастыру үшін шағын автобус сатып алынды. «Воробьев және К» (директоры Воробьев Н.Н.) командиттік серіктестікпен Луговое селосындағы спорт залына жөндеу жүргізілді. Ауданның білім беру мекемелеріне бөлінген демеушілік қаражаттардың жалпы сомасы 2,0 млн. теңгеден астам.

Спорттық нысандарды ұстауға және оларды жұмысқа дайындауға, балаларды спорттық жарыстарға қатысуға зор көмек көрсетіп жүрген шаруашылықтардың, кәсіпорындардың, бизнес-құрылымдардың басшыларына алғыс білдіремін. Олар Акулов Владимир Иосифович - «Камышинское -2» ЖШС директоры; Белкин Александр Васильевич-«Выдрихинское» ЖШС директоры; Шурманов Айткен Каменович – «Убинское - Ш»; директоры; Глушков Сергей Алексеевич - «Востоксельхозпродукт» ЖШС директоры; Бабич Борис Павлович - «Ертіс сирек жер кампания» ЖШС директоры; Циглер Эдуард Вендлинович – шаруашылық қожалықтың басшысы; сондай-ақ, «А. Иванов атындағы қоры» қоғамдық бірлестігі.

Құрметті мұғалімдер, тәрбиешілер!

Өткен оқу жылындағы қол жеткізген жетістіктеріңіз зор еңбектеріңіздің жемісі, ол үшін үлкен алғысымызды білдіреміз. Жаңа оқу жылында Сіздердің белсенді қолдауларыңызбен мұғалімдер алдында қойылған аудандық білім беру жүйесінің сапалы және тиімді дамуын арттыруға, оның имиджін көтеруге мүмкіндік беретін міндеттер табысты шешіледі деп ойлаймын. Сіздерді жаңа оқу жылының басталуымен құттықтаймын, зор денсаулық, табыс, кәсіби өсулеріңізге тілектеспін.

Назарларыңызға рахмет.




Похожие:

Шемонаиха ауданының білім беру жүйесін icon«Шемонаиха ауданының білім беру бөлімі» мм 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
Шемонаиха ауданы білім беру бөлімінің стратегиялық бағыттары, қызметінің мақсаттары мен міндеттері
Шемонаиха ауданының білім беру жүйесін iconТарих сабағында жоба технологиясын пайдалану арқылы оқушылардың ҚҰзыреттілігін қалыптастыру
Бүгінгі ғаламдану кезеңінде Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін әлемдік білім беру кеңестігінің даму тенденциясынан ажыратып...
Шемонаиха ауданының білім беру жүйесін iconШҚо білім басқармасының 2009 жылдағы жұмыстарының қорытындысы. Облыстың білім беру жүйесінде «Шығыс Қазақстан облысында 2005-2010 жылдары білім беру жүйесін дамыту бағдарламасы»
Облыстың білім беру жүйесінде «Шығыс Қазақстан облысында 2005-2010 жылдары білім беру жүйесін дамыту бағдарламасы» және «Шығыс Қазақстан...
Шемонаиха ауданының білім беру жүйесін icon2012 жылғы 13 шілдедегі «Баянауыл ауданының білім беру бөлімінің жалпы білім беру мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде есепті және есептілікті анық,
«Баянауыл ауданының білім беру бөлімі» мм бастығының міндетін атқарушы Р. К. Жантілеев
Шемонаиха ауданының білім беру жүйесін iconҚазақстан республикасы Білім және ғылым министрлігі 2010 жылғы Білім беру жағдайы
Жинақ 2005-2010 жылдар аралығын қамтитын Қазақстан Республикасы білім беру жүйесін, кәсіптік білім беру динамикасын бейнелейтін индикаторлар...
Шемонаиха ауданының білім беру жүйесін icon«Жангелдин ауданының білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ережесі «Жангелдин ауданының білім беру бөлімі»
«Жангелдин ауданының білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесі жергілікті атқарушы органның және әкімінің қызметін қамтамасыз ететін...
Шемонаиха ауданының білім беру жүйесін iconКіріспе 5 ШҚО білім беру жүйесінің қазіргі заманғы ахуалы 6
Шығыс Қазақстан облысының білім беру жүйесін дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған бағдарламасы
Шемонаиха ауданының білім беру жүйесін iconБекітемін шемонаиха ауданының әкімі
Шемонаиха ауданы әкімінің 2012 жылғы есеп беру кездесуінің қорытындылары бойынша халықтың ұсыныстары мен ескертулерін іске асыру...
Шемонаиха ауданының білім беру жүйесін iconИнтербелсенді тақтаны қолдану арқылы оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 22 қыркүйектегі №6345 үкімімен бекітілген «Орта білім беру жүйесін ақпараттандырудың Мемлекеттік бағдарламасы»
Республикасы Президентінің 1997 жылғы 22 қыркүйектегі №6345 үкімімен бекітілген «Орта білім беру жүйесін ақпараттандырудың Мемлекеттік...
Шемонаиха ауданының білім беру жүйесін iconҚұрметті Шемонаиха ауданының тұрғындары!
Шығыс Қазақстан облыстық әкімдігінің отырысын өткізуге байланысты Шемонаиха ауданы ауылдық округтері әкімдерінің халыққа есеп беру...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы