6. 2012 жылдың қорытындысы бойынша Шемонаиха ауданының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасын орындаудың барысы туралы талдаухат icon

6. 2012 жылдың қорытындысы бойынша Шемонаиха ауданының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасын орындаудың барысы туралы талдаухат



Название6. 2012 жылдың қорытындысы бойынша Шемонаиха ауданының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасын орындаудың барысы туралы талдаухат
Дата конвертации08.04.2013
Размер310.42 Kb.
ТипДокументы
источник

6. 2012 жылдың қорытындысы бойынша Шемонаиха ауданының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасын

орындаудың барысы туралы

ТАЛДАУХАТ


Бағдарламалық құжаттардың реквизиттері: Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан әрі-Бағдарлама) Шемонаиха аудандық мәслихаты сессиясының 2012 жылғы 21 желтоқсандағы №8/9-V шешімімен бекітілген.

Шығыс Қазақстан облысының аумағын дамыту Бағдарламасының нысаналы индикаторлары Бағдарламаға сәйкес жасалған. Сонымен қатар Бағдарламаның бөлімдері салалық басқармалармен келісілген.

Бағдарламада 5 стратегиялық бағыттар, 30 мақсаттар, 36 нысаналы индикаторлар, 79 нәтиже көрсеткіштері қаралды. Олардың ішінде жыл қорытындысы бойынша орындалған нысаналы индикаторлары - 35 (79,2 пайыз), соңғы нәтижелер – 70 (88,6 пайыз).

2012 жылға арналған Бағдарламаны іске асырудағы Іс-шаралар жоспарында 13932,1 млн.теңгеге 133 іс-шараларды іске асыру қаралған, оның 10812,4 млн.теңгеге 126 (94,7 пайыз) іс-шарасы орындалды, оның ішінде «Өнеркәсіптерде, агроөнеркәсіптік кешендерде, инвестицияларда, шағын және орта кәсіпкерлікте, саудада, туристтік салаларда және қоршаған ортада жоғары өндірістік инновациялық технологияларды енгізу негізінде аудан экономикасын жедел дамыту» 1-бағытында жалпы сомасы 11817,3 млн.теңгеге 40 іс-шараларды іске асыру қаралған, «Әлеуметік сала мен адам әлеуетін дамыту, халықтың өмір сапасының деңгейін арттыру сапалы әлеуметтік қызметтердің барлдық түрлерімен қамтамасыз ету» 2- бағытында жалпы сомасы 1479,3 млн.теңгеге 58 іс-шараларды іске асыру қаралған, «Сапалы тұрғын үй коммуналдық және транспорттық қызметтермен қамтамасыз ету және экономиканың үдемелі индустриалды дамуына қатысты инфрақұрылымдық кешендерді жаңғырту» 3-бағытында 612,4 млн.теңге сомаға 19 іс-шараларды іске асыру қаралған, «Аумақтық орналастыру» 4-бағытында 15,3 млн.теңге сомада 3 іс-шара қаралған, «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару жүйесін дамыту» 5-бағытында 7,8 млн.теңгеге 13 іс-шаралар қаралған0Бағдарламаның бағыттары жөніндегі талдама қорытындылары келесідей сипатталады:

«Өнеркәсіптерде, агроөнеркәсіптік кешендерде, инвестицияларда, шағын және орта кәсіпкерлікте, саудада, туристтік салаларда және қоршаған ортада жоғары өндірістік инновациялық технологияларды енгізу негізінде аудан экономикасын жедел дамыту» 1 стратегиялық бағытында 8 нысаналы индикатолрлар, 13 нәтиже көрсеткіштері қаралған, оның ішінде жылдың қорытындысында барлық нысаналы индикаторларға қол жеткізілді, 12 нәтиже көрсеткіштері орындалды (92,3 пайыз). Бағдарламаны іске асырудағы іс-шаралар жоспарында 40 іс-шара қаралған, оның 35 іс - шарасы орындалған.

Өнеркәсіптің тұрақты және теңгерімдік дамуын қамтамасыз ету жөніндегі мақсатқа қол жеткізу үшін 2 нысаналы индикаторлар, 2 нәтиже көрсеткіштері және 4 іс-шаралар қаралған. Жылдың қорытындысында индикаторлар мен нәтиже көрсеткіштеріне қол жеткізілді, іс-шаралар орындалды.

2012 жылдың қорытындысында өнеркәсіптік өнімдерінің көлемі бағамен алғанда 32,55 млрд.теңге, 2011 жылғы деңгейде 119 пайыз, ИФО - 123,1 пайыз, оның ішінде өңдеу өнеркәсібі мен тау-кен өңдеулері – 24,2 млрд.теңге, ол 2011 жылғы деңгейден 1,3 есе артық, ИФО-115,4 пайыз, өңдеу өнеркәсібінде 7,3 млрд.теңге немесе 2011 жылғы деңгейде 102,2 пайыз, ИФО - 189,4 пайыз. Өңдеу өнеркәсібінің өнімдерінің көлемі 22,3 пайызды құрады.

2012 жылдың қазанында Индустрияландыру картасының аясында "Востоксельхозпродукт" ЖШС күнбағыс майын тазалау, ақтау және қаптау бойынша өндіріс құрылысының цехін жаңғырту" жобасы іске асырылды. Жобаның құны 350,0 млн.теңге өндірістік қуаттылығы тәулігіне 100 тонна.

«Выдрихинское» ЖШС полиметалл кен орнын өңдеуге арналған рұқсат беру ресімдері өткізілді, алайда жерді пайдалануға арналған шартқа қол қойылмаған және Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінде куәландыру сатысында.

Агроөнеркәсіп кешені бойынша 1 нысаналы индикатор, 5 нәтиже көрсеткіштері және 19 іс-шаралар қаралған.

2012 жылда 1 нысаналы индикаторға, 4 нәтиже көрсеткіштеріне қол жеткізілді. «Мал шаруашылығы (қызметтер) өнімдерін шығарудағы жалпы физикалық көлем индексі» индикаторына қол жеткізілмеді, оның себебінен өнімдерді өндіру көлемі төмендеді (3 ауыл шаруашылығының құрлымдарының ІҚМ бастарынан шыққан бруцеллез ауруының саны артты).

Осы мақсат бойынша 19 іс-шараны іске асыру қаралған, оның 14 іс-шарасы орындалды. Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне суармалы су жеткізу жөніндегі қызметтердің субсидияланбауы себебінен іс-шара орындалмады. «Продкорпорация» АҚ арқылы ЖЖМ мен ТМҚ сатып алынбады, 2013 жылдың 1 жартысында мал қорымдарын салу және «ДУК» сатып алу қаралмады.

2012 жылдың қорытындысында ауыл шаруашылығының өнімдері 14,1 млрд.теңгені немесе 2011 жылғы ұқсас кезеңде 114,2 пайызды құрады. Ет - 64,9 мың тонна өткен жылғы деңгейде 94 пайыз, сүт – 39,3 мың тонна (102,6 пайыз), жұмыртқа – 7,9 млн дана (103 пайыз) өндірілді. ІҚМ бастары өткен жылғы деңгейде қалды және 25,1 мың басты құрады, оның ішінде сиыр малының саны артты 9,7 мың басты немесе өткен жылғы кезеңде 102 пайызды құрады, шошқа малының бастары – 20,7 мың бас (100 прайыз), ешкі және қой – 12,2 мың бас (103 пайыз).

Санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды қамтамасыз ету мақсатында 237 бас қаңғыбас иттер атылды. «КазАгроФинанс» АҚ арқылы шаруашылық қожалықтарымен 31 бірлік ауыл шаруашылығы техникалары сатып алынды. Теріс нәтиже алғанға дейін екі мәрте ірі қара мал бастарына бруцеллез ауруына талдаулар алынды, дезинфекциялық, эпизоотикаға қарсы іс-шаралар жүргізілді (вакцинациялау, диагностикалау, қан сарысуына зерттеулер жасау). 16,8 мың бас малға ен салынды және паспорттар берілді. 2012 жылы ауданның ауыл шаруашылығы құрылымдарымен мал шаруашылығының өнімділігі мен сапалылығын арттыруға, ара омарталарын дамытуға, эпизоотикаға қарсы шаралар өткізуге 458,3 млн.теңге игерілді.

Ауылдық округтерде тұрғындармен мал бастарын арттыру бойынша жұмыстар жүргізілуде, сонымен қатар ауданның ауыл шаруашылығы құрылымдарымен ірі және концентрленген жем-шөппен қамтамасыз ету, жасанды төлдету қызметтері, жас мал бастарын сатып алу бойынша жұмыстар атқарылды. 2013 жылдың ағымында бұл іс-шараны орындау ІҚМ бастарын мың басқа арттыруға және мал шаруашылығы саласындағы барлық көрсеткіштерді айтарлықтай арттыруға мүмкіндік береді.

Ағымдағы жылда ауданда 400 сауын сиырға арналған модуль құрылысын салу бойынша жобаны іске асыру жоспарлануда, бұл жобаның бастамашысы «ВостокАгрохолдинг» ЖШС. Жобаның құны 1 млрд. 800 млн.теңге. 200 бас көлемінде шетел селекцияларынан мал сатып алу жоспарлануда.

Өсімдік шаруашылығы саласындағы ауыл шаруашылығы егістік жерлерін тиімді пайдалану жөніндегі негізгі іс-шараларына шаруашылықты нығайту, тұқым материалдарымен жұмыс жасау қосылады. Аудандағы шаруашылықтардың басым көпшілігімен тұқым себу қатаң сақталады. 2013 жылы 82,7 га алаңга сүдігер салынған, қалған алаңның беткі қабатына өңдеу жүргізілген (ауыр тырмалармен).

Зевакино ауылдық округінде суармалы жүйені қайта қалпына келтіру бойынша жұмыстар жүргізілді. 2012 жылы «Иртыш-Танур плюс» ЖШС картоп өсіру кезінде 240 га алаңға тамшылатып суару әдісі қолданылды, 2013 жылға шаруашылықпен тамшылатып суару алаңын 500 га алаңға ұлғайту жоспарлануда. «ВК-Житница» ЖШС суаруға арналған орталықтандырылған су құбыры тартылды, бұл жобаның бастамашысы «Триумф-Агро» АТК болып табылады. Осы жоба іске асырылғаннан кейін картоп өсіруге арналған суармалы алаң 367 га құрайды.

Ауданда қызметтердің әртүрлі салаларында гербицидтер кең қолданылуда, минералды тыңайтқыштар саны артуда, ол бағдарламаны субсидиялауға айтарлықтар әсерін тигізеді. Ағымдағы кезеңде отандық тауар өндірушілермен өндірілетін ЖЖМ және басқа да тауарлық материалдық құндылықтарды, гербицидтер бағасын арзандатуға, элиталық тұқымдар сатып алуға, тұқымдар бағасын біртіндеп арзандатуға ауданның ауыл шаруашылығы құрылымдарымен 209,4 млн.теңге субсидия игерілді. Жоғарыда аталған барлық іс-шаралар 2013 жылда ауыл шаруашылығы өнімдерінің өсу қарқынын айтарлықтай арттыруға мүмкіндік береді.

^ Туризмді дамыту бойынша 1 нысаналы индикатор, 1 нәтиже көрсеткіші және 4 іс-шара қаралған. Барлық жоспарланған индикторларға қол жеткізілді, іс-шаралар орындалды.

2012 жылдың қорытындысында туристік қызметтердің көлемі 27,7 млн.теңге немесе өткен кезеңге 136,5 пайыз (20,3 млн.теңге). Ішкі туризмге келушілердің саны өткен жылмен салыстырғанда 30,6 пайыз, 2012 жылдың қорытындысында 2661 адам, 2011 жылы 2038 адам, "ЭкоГрин" МОО тау туризмінің техникасы бойынша семинарлар өткізілді, "Шаңғы тебуге" 4 адам қатысты, Уба өзененінде жүзуге 10 адам қатысты. "Здоровая молодежь - Здоровая страна" акциясы аясында 27 іс-шара өткізілді, 6435 адам қатысты. 2012 жылы аурулардың даму қауіпі факторлары, репродуктивті денсаулық, әлеуметтік маңызы бар аурулардың алдын алу тақырыбында 35 семинар өткізілді. ШҚО ОТЦП СӨСФ алынған материалдар аудан халқының арасына соның ішінде жастар арасына ақпараттық білім беру материалдары таратылды (плпакаттар, парақтар, буклеттер, кітапшалар) - 15945 дана.

^ Аудан экономикасына инвестицияларды тарту және бизнес-климаттарын жақсарту және инновациялын дамыту мақсаттарына қол жеткізу үшін 2 нысаналы индикатор, 2 нәтиже көрсеткіші және 2 іс-шара қаралған. Барлық жоспарланған индикторларға қол жеткізілді, іс-шаралар орындалды.

2012ж. қорытындысында аудан экономикасына 9026,6 млн.теңге инвестиция тартылды, немесе 2011 деңгеде 184,4 пайыз (4792,3 млн.теңге).

Индустрияландыру картасының аясында "Триумф Агро" АТК күнбағыс майын тазалау, ақтау және қаптау бойынша өндіріс құрылысының цехін жаңғырту" жобасы іске асырылды, өндірістік қуаттылығы тәулігіне 100 тонна.

Өткен жыл кәсіпорын мен 14,0 мың тонна тазалабаған күнбағыс майы және 1031,1 млн.теңгеге күнбағыс сығындысы шығарылды. Кәсіпорынмен келесі жұмысты жүргізуде: ауданның және облыстың ауылшаруашылығы құрылымдарымен шикі зат жеткізуге, меншік шикі затпен қамтамасыз етуге, құрылғыларды құру және жаңғыртуға, жөндеу жұмыстарын жүргізуге шарт жасалды, "Востоксельхозпродукт" ЖШС күнбағыс майын тазалау, ақтау және қаптау бойынша өндіріс құрылысының цехін жаңғырту".

"Триумф Агро" АТК өндірілген өнімдер көлемі (тазартылмаған күнбағыс майы және күнжара) 14,0 мың тонна, 1031,0 млн теңгеге өткен жылғы ұқсас кезеңнен 3 есе артық немесе 2011 жылғы деңгейде 184 пайыз (561 млн.теңге).

Іске асырылған жобалар: Иртыш Танур плюс ЖШС «500 га арналған 2 суару құрылғысын сатып алу», ЖК Варжапетян Ю.В «Балапандар алу үшін 30 мың жұмыртқа инкубаторын пайдалана отырып 2500 бас тауыққа арналған шағын-құс фермасын салу», «Камышинское» ШҚ «Күнбағыс астығы мен тұқымдарын кептіруге арналған кептірме салу», Рулиха ЖШС «Күнбағыс астығы мен тұқымдарын кептіруге арналған кептірме салу», Варжапетян ЖК және басқа да жеке кәсіпкерліктермен 80 бас ІҚМ бастарын сатып алу және бордақылау алаңын салу.

Ішкі сауданы динамикалық дамуы бойынша 1 нысаналы индикатор, 1 нәтиже көрсеткіші және 11 іс-шара қаралған. Барлық жоспарланған индикторларға қол жеткізілді, іс-шаралар орындалды.

2012 жылдың қорытындысында жекелеген тауар айналымның көлемі 6,9 млрд.теңге, немесе 2011 жылғы деңгейге 123,9 пайыз (5,55 млрд теңге).

"Бизнестің жол картасы 2020" бағдарламасының аясында топтап-жекелеп сатудың шекаралық кешенінің құрылысы жүргізілуде. КТП, сумен қамтамасыз ету, тұрмыстық канализациялар жоғарғы вольтті желілерді монтаждау, канализация желіліріне төсеме төсеу, аумақты қоршау жобалау бойынша жұмыстар аяқталды. 2013 жылда негізгі объектілерді салу және қолданысқа енгізу жоспарлануда.

ШҚО "ДАМУ" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ ағымдағы жылда өңірлік филиалының өкілдерімен аудан кәсіпкерлеріне кеңес өткізілді. Кеңесте Бизнестің жол картасы 2020 бағдарламасының негізгі этаптары баяндалды. Проблемалық мәселелерімен кәсіпкерлердің келешектері туралы мәселелер қаралды. Бизнестің жол картасы 2020 бағдарламасының 4 бағытының аясында Кәсіпкерліктің жедел курсы ұйымдастырылды, курс соңында қатысушылар сертификат, заманауи бизнесті жүргізу бойынша әдебиеттер, дискілер алды.

Келесі бағдарламалар бойынша жұмыстар жүргізілуде: Жұмыспен қамту 2020, Бизнестің жол картасы 2020, Өнімділік 2020. Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасының аясында аудан аумағында шағын және орта бизнесті дамыту бойынша 26 жоба іске асырылуда. 2011 жылы 19,5 млн.теңгеге өтініш берлген, кредиттер 2012 жылы берілген, игеру 100 пайыз. Ағымдағы жылда сомасы 84 млн.теңге кредит берілді игерілгені 100 пайыз.

Кәсіпкерлікті қолдау бағдарламасын халыққа түсіндіру жөнінде жұмыстар жүргізілуде, кәсіпкерлік мәселесі бойынша кеңестер берілуде. Ағымдағы жылда БАҚ 5 мақала жариаланды, оның ішінде Жұмыспен қамту 2020 - 2 мақала, Бизнестің жол картасы 2020 - 1 мақала, Өнімділік 2020 - 1 мақала "Экспортер 2020" - 1 мақала.

Барлық нарықтарға паспорттау жүргізілді. «Демалыс күні» жәрмеңкелері, бірінші қажеттіліктегі азық-түлік тауарларының негізгі түрлеріне апта сайын баға белгілеу жүргізіледі.

2 стратегиялық бағыт. «Әлеуметік сала мен адам әлеуетін дамыту, халықтың өмір сапасының деңгейін арттыру сапалы әлеуметтік қызметтердің барлдық түрлерімен қамтамасыз ету» бойынша 15 нысаналы индикатор, 48 нәтиже көрсеткіштері, жылдың қорытындысы бойынша 14 (93,3 пайыз) нысаналы индикаторлар, 43 (89,6 пайыз) нәтиже көрсеткіштеріне қол жеткізілді. Бағдарламаны іске асыру бойынша іс-шаралар жоспарында іске асырылуға 58 іс-шаралар қаралған, оның 57-шарасы орындалған.

^ Балалар мүдделерін заңмен қорғау және құқықтық қорғау жүйелерінің тиімділігін арттыру, білімге тартымдылықтарын, қол жетімділіктерін, сапасын жақсарту мақсатына қол жеткізу үшін 2 нысаналы индикатор, 8 нәтиже көрсеткіштері және 12 іс-шаралар қаралған. 1 нәтиже көрсеткіші, 1 іс - шара орындалмады.

«Мұғалімдердің жалпы санынан жоғары және бірінші санаттары бар жоғары педагогикалық біліктілігі бар қызметкерлердің үлесі» нысаналы индикаторына қол жеткізілмеді: 6 мұғалім зейнетке кеткен, 7 мұғалім өз еркі бойынша жұмыстан кеткен. Санатсыз 34 жас мамандар жұмысқа алынған. «Психо-педагогикалық түзету» кабинетін құру бойынша жұмыс жалғасуда.

Шемонаиха ауданында 23 мектепке дейінгі ұйымдар (3 балабақша, 5 кешен, 15 шағын-орталықтар (19 топ ашылған).

Метепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен 2-6 жасқа дейінгі - 2548 бала қамтылған, ол 100 пайызды құрайды.

Шағын қамтылған отбасылардың 354 оқушыларын тегін тамақтандырумен қамтамасыз етуге 5 114 мың теңге бөлінді. Балаларды тасымалдауға 12 автобус бөлінген. Білім берудің 14 мекемелеріне 512 бала тасымалданады. 2011-2012 оқу жылдарында пәндер бойынша оқушылардың білім деңгейі 45,9 құрайды (2010-2011 оқу жылында – 41,4 пайыз).

2011-2020 жылдарда білім беруді дамытудағы мемлекеттік бағдарламаның негізгі мақсаттарының бірі барлық білім беру үрдісіндегі қатысушыларды білім беру ресурстарымен және технологияларымен тең қамтамасыз ету. Ауданның білім беру ұйымдарында материалдық техникалық базаларға қатысты бірқатар проблемалық мәселелер бар. Шемонаиха ауданының оқыту ұйымдарындағы машина парктерінде 632 компьютер бар, жаңартуды талап ететін, ескірген технологиялар 51,4 пайызды құрайды. Ауданның барлық 25 мектебі Интернет желісіне қосылған. 2012 жылы АБ трансферттері арқылы 5 химия, 1 биология кабинеттері сатып алынды. ЛМК кабинеттерімен жарақтандыру деңгейі - 40 %, химия – 34,8 %, физика – 47,8 % құрады. Жаңа модификациялаукабинеттерін сатып алу үшін қосымша қаражат бөлу қажет. Ауданның екі орта мектебі электронды оқыту жүйесін енгізу бойынша 2012 жобада жұмыс істейді.

2012-2013 оқу жылдарында 570 оқытушылардың 98 оқытушысында жоғарғы санаттары бар (17,2 пайыз), бірінші санаттағылар – 199 (34,9 пайыз), екінші санаттағылар – 150 (26,3 пайыз), санат алмағандар – 123 (21,6 пайыз). 2012 жылы 123 оқытушылар біліктілігін арттыру курсынан өтті. 29 оқытушыларда кембридждік университетінің бағдарламасы бойынша 3 дәрежелі сертификаттары бар, 2 оқытушы 2 дәрежедегі сертификаттары қорғаған.

2012 жылдың қорытындысында 3 қосымша білім беру ұйымдары жұмыс істейді, онда 1574 оқушы қамтылған, ол жалпы оқушылар санынан 30,2 пайызды құрайды (2011 жылы – 1568 бала, жалпы оқушылар санынан 30пайыз).0

2012-2015 жылдарда оқушылар санын арттыру және қосымша бөлімшелерді кеңейту мақсатында қолда бар бөлімшелерде «Өнер мектебі» КМҚК ашу жоспарлануда:

- Верх-Уба а. сурет салу бөлімшесі – 20 оқушы;

- Выдриха а. рухани бөлімше – 10 оқушы, хареография – 20, сурет өнері – 20 оқушы;

- Октябрьский а. ССӨ – 20 оқушы;

- Первомайский к. ән – күй бөлімшесі – 10 оқушы;

- Усть-Таловка к. шығармашылық фотолар мен вдиое түсірілімдер – 6 оқушы.

25 мектептің 18 мектебінде спорт залдары, 22 спорт алаңдары, Шемонаиха қ. мен Первомайский к. екі шаңғы базасы, жасанды жабынды екі футбол алаңы бар. Шығармашылық үйінің базасында 15 бала қамтылған 2 аулалық «Смена», «Олимп» клубтары жұмыс істейді.

2012 жылдың шілде айынша Шемонаиха қ. 320 орынға арналған орта мектеп ғимараты және 100 орынға арналған интернат салу басталды. Инженерлік желілер жүргізіліп, ұсақ жұмыстар жүргізілуде, интернат салынуда.аумақты абаттандыру және құрылғыларды орнату 2013 жылда жүргізіледі. Мектеп құрылысын аяқтау мерзімі 2013 жылдың шілде-тамыз айларында.АБ 1007,0 млн.тг. игерілді.

^ Аудан халқының денсаулығын сақтау және нығайту мақсаты бойынша 3 нысаналы индикатор, 21 нәтиже көрсеткіштері және 5 іс-шара іске асырылуға қаралған. Жылдың қорытындысында 3 нысаналы индикаторға, 15 нәтиже көрсеткіштеріне қол жеткізілді, 5 іс-шара орындалды.

Науқастардың медициналық көмекке уақытында жүгінбеуінен, тексеруден өтуден және уақытында емделуден бас тарту, аурулардың алғашқы сатыларын құпия сақтаудың нәтижелерінен онкологиялық науқастанғандардың өлім санының артуы. 12 апта мерзімге дейін жүктілік бойынша есепке алынған әселдер үлесінің артуынан индикаторға қол жтекізімеді.

Шемонаиха ауданының халқына Елбасының «Қазақстан 2050» стратегиясы» Жолдауына, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 18.09.2009 жылғы № 193-4 ҚР Кодексіне, ҚР Денсаулық сақтауды дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес медициналық көмектер көрсетіледі. Халықты сапалы медициналық қызметтермен қанағаттандыру 85 пайызды құрайды.

2012 жылдағы аудан халқының орташа өмір сүру деңгейі 67,5 жасты құрады, ол ҚР Денсаулық сақтауды дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес ҚР нысаналы индикаторынан төмен. Болжалған мәліметтер бойынша жалпы өлім деңгейі – 17,5 пайыз. Өлім-жітім құрылымындағы көп жылдар бойы бірінші болып тіркелетін өлім түрі қан айналым жүйесінің аурулары (ҚЖА), 2-3 орында кезекпен жарақаттану мен улану және зиянды заттардың өлім-жітімі. Аналар өлімі тіркелмеген.

2012 жылы жас сәбилер өлімі 15,2 пайызға азайды (9 жағдай), сонымен қатар балалар өлімі (0 ден 5 жасқа дейін) 3,9 пайызға азайды (12 жағдай).

Әлеуметтік - маңызы бар ауруларды азайту – денсаулық сақтау саласындағы басымды міндеттердің бірі. Анықталған ерте сатыдағы сүт бездерінің ісігі болжалғанға жетті ол 81,8 пайыз. Өткен жылмен салыстырғанда туберкулез ауруларының деңгейі «туберкулез қауіпіне арналған топтар» тұлғаларды флюрозерттеуден өткізуге тарту бойынша АМЖЖ медициналық қызметкерлірінің белсенді жұмыстарының есебінен 1000 адамға 92,1 дейін азайды. Туберкулезбен ауыратын науқастар толық көлемде әлеуметтік пакетпен қамтылды (тамақтану және жол жеңілдіктері). Туберкулез өлім-жітімі 5 жағдайға азаюда (1000 адамға 10,5).

2012 жылда жалпы халық санынан скрингтік қараулармен қамту 41 пайызды құрады, барлық нозологиялар бойынша 100 пайыз. 15-49 жас аралағындағы ВИЧ инфекциясын таратуды азайту болжалған шеңберде 0,2-0,6 пайыз. Әлеуметтік-маңызы бар аурулармен ауыратын науқастар тегін, жеңілдікпен берілетін дәрі-дәрмек препараттарымен қамтамасыз етілген.

Жыл сайын госпитализациялау деңгейі азаюда, 2011 жылмен салыстырғанда 624 жағдайға азайды. АМЖЖ мамандарының жалпы санынан жалпы тәжірибесі бар дәрігерлердің үлес салмағы 35 пайыз. Біліктілік санаттары бар дәрігерлердің үлес салмағы 51 пайыз, орташа медқызметкерлер – 45 пайыз.

Өкінішке орай дәрігерлер кадрлары тапшылықта, осыған байланысты мектеп бітірушілеріне, ЖОО студенттеріне, мед колледждерге ұсыныс жұмыстары жүргізілуде.

Аудандағы емдеу мекемелеріне 38,6 млн.теңгеге УЗИ аппараты, тредмил жүйесі, тәуліктік мониторлық ЭКГ и АД, кардиомонитор, холестерин анықтауға арналған құрылғылар сатып алынған. Первомайский ауруханасының шатырына 9,5 млн.теңге сомаға күрделі жөндеу жүргізілді, 20,3 млн.теңгеге орталық аудандық аурухананың жылыту жүйелері, жайлары жөнделді.

2013-2014 жылдарға Сугатовка, Выдриха, Рулиха ауылдарына дәрігерлік амбулаториялар салу қаралған.

^ Халықты әлеуметтік қорғау бойынша 3 нысаналы индикатор, 8 нәтиже көрсеткіштері және 9 іс-шара іске асырылуға қаралған. Жылдың қорытындысында 3 нысаналы индикаторға, 6 нәтиже көрсеткіштеріне қол жеткізілді, 9 іс-шара орындалды.

Жұмыспен қамтылған халықтың жалпы санынан дербес жұмыс істейтін тұрғындар үлесі жөніндегі көрсеткішке қол жеткізілмеді – көрсеткіш өзекті емес, сондай-ақ қосалқы шаруашылықпен айналысатын тұлғаларды жеке кәсіпкер ретінде тіркеу кезінде өзінің статусын өзгертпейді, яғни дербес жұмыс істейтін халық санатында қалады, ал жұмыссыз тұлғалар қосалқы шаруашылық ұйымдарын тікеу кезінде дербес жұмыс істейтін халық санатына ауысады, сондықтан дербес жұмыс істейтін халық саны артуда.

Атаулы көмек алатын еңбекке қабілеттілердің үлес салмағы азаматтарды жұмысқа орналастыру есебінен жұмыссызх тұлғалар саны 4,9 пайызға төмендеді. 2012 жылда атаулы әлеуметтік көмек 320 алушыларға төленген, мемлекеттік жәрдемақы 225 балаларға, тұрғын үй көмегін 895 отбасы алған, ауданның ұйымдарындағы қоғамдық жұмыстарға 386 адам тартылған, кәсіби даярлық бойынша 47 жұмыссыз тұлғалар келесі мамандықтар бойынша оқытылған: машинист-тракторист, аспазшы, машинамен сауу операторы, бағбған шаруашысы, жастар тәжірибесіне 26 жас маман тартылды, әлеуметтік жұмыс орындарына 35 адам жіберілді. 31 туберкулезбен аурыратын науқастарға әлеуметтік көмек көрсетілді, аудан әкімінің кездесуіне 25 әйел, 50 ауданның құрметті азаматтары, экстрималды жағдайдағы 25 адам әлеуметтік қолдаулар алды, ҰОСҚ, Чернобыль АЭС атомын жоюға қатысушыларға әлеуметтік көмектер төленді. 2012 жылы Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасының аясында 5 адам келесі мамандықтар бойынша оқуға жіберілді: тракторист-машинист, ғимараттар мен жайларды салу және қолданысқа енгізу, тау электромехникалық құрылғыларын жөндеуге және техникалық қызметтер көрсетуге.

^ Отандық мәдениетті насихаттау, жариялау және сақтау бойынша 1 нысаналы индикатор, 1 іс-шара іске асырылуға қаралған. Жылдың қорытындысында нысаналы индикаторларға қол жеткізілді, іс-шара орындалды.

Аудан халқын мәдениет саласында сапалы қызметтермен қамтамасыз ету деңгейіне қол жеткізілді.

2012 жылдың ағымында аудан аумағында мәдениет ұйымдарының кең желісі жұмыс істеді: 19 кітапханалар, 13 мәдени мекемелер, Достық үйі, тарихи-өлкетану мұражайы. Бұл барлық тілек білдірушілердің тарихи – мәдени мұраларын кеңейтуге мүмкіндік берді.

2012 жылы барлығы 150056 адамды қамтитын 4563 мәдени-бұқаралық және қоғамдық – саяси іс-шаралар өткізілді, ол жылдық жоспардан 100 пайызды құрайды. Өңірдің мәдениет саласындағы қызметі соңғы жылдарда тұрақты дамуда. Оқырмандар саны – 15526 мың адам, берілген кітаптар саны – 336792 мың дана кітап, оның ішінде мемлекеттік тілдегісі – 20935 дана кітап, келушілер саны – 101537 мың адам. Кітапхана қорына 5752 дан кітап түсті, оның ішінде мемлекеттік тілдегісі – 3418 дана кітап. Мерзімдік басылымдарға жазылулар жүргізілді. Тарихи – өлкетану мұражайына келушілер саны – 9137 адамды құрады, 310 шаралар өткізілді (дәрістер, көрмелер, саяхаттар). Жыл басынан бастап мұражай қорында 641 бірлік заттар ресімделді.

Барлық іс-шаралар уақытылы БАҚ, аудан әкімінің сайтына жарияланады. Балалар мен жастарды шығңармашылық тәрбиелеуде және олардың шығармашылық қабілеттерін дамытудағы міндеттерді шешудегі басты бағыт балалар мен жастарға арналған конкурстар. Халықаралық, республикалық, облыстық және өңіраралық конкурстарына қатсушы лауреаттар мен дипломаттардың саны 21 адамды құрады. АМҮ техникалық – материалдық базасын жақсартуға: хан жасақтарының киіз үйі, сахнаға арналған костюмдер, ғимаратты жарықтандыру орнатылды, сахнаны жарықтандырғыш сатып алынды.

Аудандық Достық үйімен сатып алынғандар: жазылмалы үстел – 4 дана, монитор, дауыс зорайтқыш, дауыс зорайтқыш тірегі, мемлекеттік ту, 4 дана өрт сөндіргіш. Ауданда Мемлекеттік ескерткіштер тізіліміне енген 33 ескерткіштер бар. Барлық балансұстаушылармен қорғау міндеттері жасалған. Сәулеттерді қорғау ордерлерінің нөмірлерімен кестешелер ілінген. Аудандағы ескерткіштерге күтім жасау ауылдық округтер мен орта мектептерге жүктелген. Соңғы 3 жылда 4 ескерткіш пен Тәуелсіздік монументі орнатылған.

«Халықтардың лингвистикалық капиталы мен мемлекеттік тілдерін дамыту» мақсаты бойынша 1 нысаналы индикатор, 1 нәтиже көрсеткіші және 6 іс-шара іске асырылуға қаралған. Жылдың қорытындысында жоспарланған нысаналы индикаторларға қол жеткізілді, іс-шаралар орындалды.

Мемлекеттік тілді меңгерген тұрғындардың үлесі бойынша көрсеткіштерге қол жеткізілді.

Мемлекеттік тілді (мемлекеттік және басқа тілдерді) қолдану және дамыту мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аудандық мемлекеттік және басқа да тілдерді оқыту орталығымен барлық тұрғындар санаттарына оқытуды ұйымдастыру арқылы жүзеге асырылады. 2011-2012 оқу жылдарында мемлекеттік тілді 198 адам оқыды, 2012-2013 оқу жылдарында орталықта 177 тыңдарман оқуда. Ауданның елді мекендеріндегі жалпы білім беретін орта мектептер базаларында қазақ тілін оқыту бойынша үйірмелер ұйымдастырылған. Ауданда 310 оқушыны қамтитын бір мемлекеттік тілдегі мектеп жұмыс істейді. Бір мектепке дейінгі балабақша («Ақбота» балабақшасы КМҚК) бар. Оқытуға толығымен 177 адам тартылған.

Ауданда тіл саясаты жөніндегі ақпараттық орталықтың рөлін атқарушы мемлекеттік органдар сайты жұмыс істейді, 34 мақала жарияланған. 3 бұқаралық ақпарат құралдары, 1 мемлекеттік тілдегі «Шемонаиха тынысы», 2 орыс тіліндегі «Уба информ», «Сегодня». Аудандағы мемлекеттік тілдегі құжатайналым үлесі 86,9 пайыз (2011 жылы 80 пайыз).

2012 жылдың ағымында мемлекеттік және басқа да тілдерді насихаттауға арналған 59 іс-шара өткізілді. Аудандық бюджеттен бөлінген 729 мың теңге сома толық жұмсалды. Мемлекеттік және басқа да тілдерді оқыту орталығының тыңдармандары арасында, тұрғындар арасында аудандағы тіл жағдайын зерделеу бойынша «Ұлттық тегіміз ұйыстырушы фактор» атты анкеталық сауалнамалар жүргізілді, визуалды ақпараттар мен жарнамаларды ресімдеу бойынша рейдтер өткізілді.

Атқарылған жұмыстар нәтижесінде 2011-2012 оқу жылдарындағы оқыту орталығының мәліметі бойынша қазақ тілін меңгерудің орташа деңгейі 2007 жылмен салыстырғанда (44 пайыз) 74 пайызды құрады. Бұқаралық спортты және жоғары нәтижедегі спортты дамыту бойынша 1 нысаналы индикатор және 11 іс-шара іске асырылуға қаралған. Жылдың қорытындысында жоспарланған нысаналы индикаторларға қол жеткізілді, іс-шаралар орындалды.

Аудандағы дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде айналысушылар саны 8473 адам (халық санынан 17,9 пайыз). Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 қазандағы Қазақстан халқына «Қазақстанның жаңа он жылдығы – жаңа экономикалық өрлеуі – жаңа мүмкіндіктері» Жолдауына сәйкес, Шемонаиха ауданы дамуының 2011-2015 жылдарға арналған аумақтық жоспарына сәйкес 2015 жылда аудан халқының жалпы санынан дене шынықтырумен және спортпен айналысушылар саны 30 пайызға арту жоспарлануда. ДШ және С бөлімінің желісі бойынша 2012 жылы материалдық-техникалық базаны нығайтуға және спорттық бұқаралық іс-шараларды өткізуге аудандық бюджеттен 3 шығын бағдарламасы бойынша 11431 мың теңге бөлінген. Сатып алынғандар: 23 клюшка, 72 жұп коньки, 20 жұп шаңғы, 22 хоккей формасы, көкпарға, тоғыз – құмалаққа арналған формалар алынды, спорттың әр түріне арналған спорт киімдері жаңартылды. Ауданның

ДШ және С бөлімінің спорттық бұқаралық іс-шаралар күнтізбесіне сәйкес ББ және БЖСМ және басқа да әлеуметтік салалардағы бөлімдермен бірлесе отырып 27400 адамды қамтыған 110 спорттық бұқаралық шаралар өткізілді. Шемонаиха қаласының теміржолшылар кентінде жасанды жабынмен қапталған шағын футбол алаңы салынды. Верх-Уба, Выдриха, Вавилон ауылдық округтерінде жасанды жабынмен қапталған 3 шағын футбол алаңын салу жоспарлануда, сонымен қатар Шемонаиха қаласында жабық хоккей модулін салу жоспарлануда. Қазіргі уақытта спорттық ғимараттардың жүктемелілігі 100 пайызды құрайды.

Ұлттық бірлікті қамтамасыз ету және қазақстандық ұлтжандылықты нығайту бойынша 1 нысаналы индикатор, 2 нәтиже көрсеткіштері және 4 іс-шара іске асырылуға қаралған. Жылдың қорытындысында жоспарланған нысаналы индикаторларға қол жеткізілді, іс-шаралар орындалды.

Ақпараттық – насихаттау жұмыстары үш бағытта жүргізілуде: ақпараттық – имидждік, ақпараттық – бұқаралық, әдістемелік -салыстармалық. Осы бағдарламалардың аясында келесі шаралар өткізілді: 4 пресс-конференциялар, 6 брифингтер, мемлекеттік тапсырыстарды орналастыру аясында үш аудандық және екі обыстық газеттерде медиа-жоспарлар іске асырылуда. 2012 жылдың қорытындысында «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыруы: Жалпы еңбек қоғамына 20 қадам» Президенттің Жолдауының негізгі бағыттары бойынша мақалалар жарияланды.

Түсіндірме жұмыстарын 26 ақпараттық – насихаттау топтары өткізеді (169 адам), 115 адамнан астам адамды қамтыған 3146 кездесулер, дөңгелек үстелдер өткізілді. Достық үйінің базасында "Қазақ тілі" қоғамы мен 9 ұлттық мәдени бірлестіктері жұмыс істейді, олармен 30 астам іс-шаралар өткізілді, "Дүниетаным-Мировоззрение" қоғамдық-саяси клубы тұрақты негізде жұмыс істейді. Ауданда 9 ХСБ тіркелген, 7 ХСБ, 8 діни бірлестіктер жұмыс істейді (6 бірлестікті жабу бойынша жұмыстар жүргізілуде). 506 мың теңге сомаға әлеуметтік-маңызы бар жобаларды іске асыруда мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстар орналастырылған, бұдан басқа әлеуметтік – маңызы бар жобалар аясында әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған жалпы сомасы 2824,0 мың теңгеге жастарға арналған 4 әлеуметтік қызметтер құрылған және жұмыс істейді. Қазақстан Республикасының қарулы күштері мен мемлекеттік рәміздерінің

20 жылдығын мерекелеу аясында әлеуметтік – маңызы бар, мәдени – бұқаралық, 200 мыңнан астам адамды қамтыған спорттық іс-шаралар өткізілді, «Туған жерге тағзым» акциясы аясында 187 млн.теңгеге көмектер көрсетілді. «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына» арналған Екінші Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы аясында бекітілген шарттарды іске асыру барысында Шығыс Қазақстан облысы мен Алтай өлкесінің шекаралық аудандарының арасында Алтай өлкесінің шығармашылық ұжымдарымен кездесулер, «Өз үйіңнен баста» акциясы аясында шекаралық аумақтардың оқушылар делегацияларымен тәжірибе алмасулар, редакция ұжымдарымен газеттерге шекаралық аумақтардағы өңірлік мәселелерді талқылау жөнінде материалдар жариялау бойынша кездесулер, аудандық тарихи-өлкетану мұражайының базасында суретшілермен, студия басшыларымен Алтай өлкесінің қолданбалы өнері бойынша жалпы білім беретін мекемелердің оқушылары мен шығаршылық зиялы қауымдармен шеберлік-класстары өткізілді.

Атқарылған жұмыстардың жалпы қорытындысы – қоғамдық – саяси тұрақтылықты сақтау, ұлтжандылық деңгейін арттыру, азаматтардың әлеуметтік сенімдерін, ақпараттық өнімдерге қажеттілік және бәсекеге қабілеттілікті арттыру.

Көшелерде және қоғамдық орындарда құқықтық тәртіптерді сақтауды қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтың алдын алу жүйелерін дамыту, қылмыстарды ашу, сонымен қатар заңсыз нашақорлыққа қатысты қылмыстарды анықтау бойынша 1 нысаналы индикатор, 4 нәтиже көрсеткіштері және 4 іс-шара іске асырылуға қаралған. Жылдың қорытындысында жоспарланған нысаналы индикаторларға қол жеткізілді, іс-шаралар орындалды.

2012 жылдың қорытындысында Шемонаиха ауданының ішкі саясат бөліміне басқа да мемлекеттік құрылымдардың өзара көмегі ретінде қабылданған ұйымдастырушылық және тәжірибелік шаралардың нәтижесінде Шемонаиха ауданныың аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасында қаралған барлық индикаторларға, нәтиже көрсеткіштеріне қол жеткізілді.

Сонымен қатар есептілік кезеңде жоспарланған нақты нәтижелердің орныдалмауы анықталған. Сондай-ақ қоғамдық орындарда орын алған қылмыстардың үлес салмағының артуы байқалуда. Қылмыстардың орын алу бөлігінде статистикалық есепті толтыруда объективті көқарас осы нәтиженің артуына әсерін тигізген, ал аудан аумағында орын алған қылмыстардың жалпы саны 6,8 пайызға азайған. Осы қылмыстың түрлерін азайту мақсатында бір тәулікте орын алған қылмыстарға апта сайын күнделікті талдама жүргізіледі, оның негізінде бірыңғай дислокациялар жүйесінде кешенді полиция күштерімен жол қозғалысының маршрутына түзетулер енгізіледі. Бірақ қылмыстар әр түрлі уақыттарда орын алған. Осыған байланысты КПК бірыңғай дислокациялық жүйесіне 18.00-ден 02.00-ге дейін күзету уақытына өзгерістер енгізілді.

Жол қозғалысының қауіпсіздігіне қауіп төндіретін құқық бұзушылықтарының алдын алу және оларды ескерту мақсатында жол полициясының желілерінде ауқымды жұмыстар атқарылды, жол қозғалысына қатысушылардың тәртіптерін нығайту, осыған байланысты аудан аумағында ЖКО 1 жағдайға азайды ( 6-дан 5-ке), сонымен қатар ЖКО адам өлімі 2 адамға азайды (6 дан 4ке). ЖЖЕ 870 бұзушылар анықталды, оның ішінде 115 – автокөліктерді мас күйінде басқару. «Қауіпсіз жол», "Қауіпсіздік аптасы», «Стробоскоп», «Автобус» ОПМ өткізілді.

"Пәтер", "Тонауға қарсы", "Автомобиль", "Колесо", "Скотокрад" мүліктік қылмыстарды ашу бойынша арнайы операциялар мен жедел-алдын алуға бағытталған іс-шаралар өткізілді, оның барысында 2 пәтер тонаулар, 3 тонау, 2 автокөлік ұрлау және 1 мал ұрлау қылмыстарын ашу және мақсатты жедел – алдын алу іс – шаралары өткізілді.

Халықтардың ішкі істер органдарының қызметтеріне сенімділіктерін арттыруға қол жеткізу мақсатында барлық мемлекеттік құрылымдармен, тұрғындардың астам бөлігін қоғамдық тәртіптерді қорғауға, қоғамдық құрылымдардың қызметтерін ынталандыруға, қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу жүйесін дамытуға тарту жолымен өзара әрекеттестікті құру қажет. Бұқаралық ақпараттар құралдары арқылы азаматтарды құқықтық тәрбиелеу, тұрғындар арасында қылмыс пен оның түрлерінің орын алуына дауапкершілік туралы кең ауқымды түсіндірме жұмыстарын жүргізу, Қазақстан Республикасы аумағындағы қолданыстағы заңнамалар нормаларын түсіндіру.

Адамдардың өмірін құтқару, ескерту, дүниежүзілік және әскери уақытта жедел табиғи және техногенді төтенше жағдайлардың алдын алу және ауыртпашылықтарды азайту бойынша 1 нысаналы индикатор, 1 нәтиже көрсеткіші, 3 іс-шара қаралған. Жылдың қорытындысы бойынша 1 нәтиже көрсеткішіне қол жеткізілді, 4 іс-шара орындалды.

«Төтенше жағдайлардан адамдар және материалдық жоғалтуларды азайту» нысаналы индикаторына өткен жылмен салыстырғанда адамдар мен материалдық шығындарды жоғалтудың артуына байланысты қол жеткізілмеді.

Табиғи және техногендлі сипаттағы ТЖ жедел әрекет ету барысында халықтың тіршілік қауіпсіздіктеріне арналған барлық жоспарланған іс-шаралар өткізіліп, келесі нәтижелерге қол жеткізілді: ТЖ жанында жедел әрекет етудің мобильді тобы құрылды, құтқару және басқа да қауырт жұмыстарды жүргізу үшін, қардан тазалау үшін тазалау машиналары сатып алынды, көпір – жолын жарықтандыруға арналған жабдық, ТЖ тап болған халықтарды құтқаруға қуаттылығы жоғары ЗИЛ 131 техникасына жөндеу жүргізілді, Красная Шемонаиха ауылындағы өзен жағасына түзетулер жүргізілді (300 мың теңге), сонымен қатар Первомайский кентінің жол жабыны мен су өткізгіші қалпына келтірілді.

Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағаттық қорының ақпараттық әлеуетін дамыту және оларды мәңгі сақтау үшін жағдайлар жасау; барлық санаттағы тұтынушылардың қажеттіліктерін сапалы қызметтермен қанағаттандыру; ақпараттарды алуға және қолдануға азаматтардың құқықтарын іске асыру бойынша 1 нысаналы индикатор, 1 іс-шара жоспарланған. Жылдың қорытындысы бойынша нысаналы индикаторға қол жеткізілді, іс-шаралар орындалды.

Республика, жақын және алыс шетелдер азаматтарынан түскен әлеуметтік-құқықтық сипаттағы сұранымдарды орындау мемлекеттік мұрағаттың негізгі бағытының бірі болып табылады. 2012 жылғы есептік кезеңде мемлекеттік мұрағатпен 1898 сұраным орындалды, оның ішінде Қазақстан Республикасының азаматтарына 1431 сұраныс, жақын шетелдерден – 465 сұраныс, алыс шетелдерден (консульдық) – 2 сұраныс. Мемлекеттік мұрағатқа алыс-жақын шетелдер, сондай ақ республикалық, облыстық, аудандық зейнетақы төлемдер бойынша тек жеке тұлғалар ғана емес сондай-ақ заңды тұлғаларда өтініш білдіреді.

3 стратегиялық бағыт: Сапалы тұрғын үй коммуналдық және транспорттық қызметтермен қамтамасыз ету және экономиканың үдемелі индустриалды дамуына қатысты инфрақұрылымдық кешендерді жаңғырту бойынша 10 нысаналы индикаторлар, 12 нәтиже көрсеткіштері қаралған, жылдың қорытындысында 10 (100 пайыз) нысаналы индикаторға, 10 (83,3 пайыз) нәтиже көрсеткіштеріне қол жеткізілді. Бағдарламаны іске асыру бойынша іс-шаралар жоспарында 19 іс-шаралар қаралды, олар 100 пайыз орындалды.

Халықты қол жетімді және сапалы байланыс қызметтерімен қамтамасыз ету мақсатына қол жеткізу үшін 1 нысаналы индикатор, 3 нәтиже көрсеткіштері, 5 іс-шаралар қаралған. Жылдың қорытындысында барлық жоспарланған индикаторларға қол жеткізілді, іс-шаралар орындалды.

Байланыс және коммуникация саласында халықты сапалы қызметтермен қамтамасыз ету деңгейіне қол жеткізілді.

Шемонаиха ауданында барлығы 39 елді мекендер бар, олардың 39 телефонмен қамтамасыз етілген (100 пайыз). Ауданда телекоммуникация және байланыс қызметтерін көрсететін 2 кәсіпорын жұмыс істейді. Аудандағы телефондау деңгейі 100 пайызды құрайды. Аудан аумағында Beeline, K-Cell ұлы телефон байланыстарының операторлары жұмыс істейді. Ұлы телефон байланысы аудандағы 25 елді мекендерде жұмыс істейді. 2012 жылы 4 елді мекендерге телефон байланысын жаңғырту бойынша жұмыстар жүргізілді (Зевакин, Выдриха, Верх-Уба, Камышинка ауылдарына).

^ Байланыс қызметтерінің құрылыс жұмыстарының көлемін арттыру бойынша 1 нысаналы индикатор қаралған, ол 100 пайыз орындалды.

2012 жылдың қорытындысында құрылыс жұмыстарының көлемі 3341,1 млрд.теңге, ол өткен жылдың тиісті кезеңінен 3 есеге артық. 2012 жылы Шемонаиха қ. 100 орынды интернатымен бірге 320 орынға арналған мектеп құрылысы, 30 пәтерлі тұрғын үй құрылысы, сонымен қатар жеке тұрғын үй құрылыстары жүргізілді. Атқарылған жұмыстар: Шемонаиха ауданының ШҚ АЭК әкімшілік ғимаратының бірінші қабатын қайта салу және екінші қабатын салу, «Уба» шипажайы» ММ 100 орынға арналған жатын корпусын салу, «Зевакино жалпы типтегі қарттар мен мүгедектерге арналған медико-әлеуметтік мекеме» КММ сумен қамтамасыз ету желісін күрделі жөндеу, «Первомайский жалпы типтегі қарттар мен мүгедектерге арналған медико-әлеуметтік мекеме» КММ күрделі жөндеу, Половина ауылындағы ҚР Ішкі істер министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесінің «ОВ 156/6 мекемесі» АММ қорғауының инженерлік-техникалық ғимаратын күрделі жөндеу.

^ Тұрғын үйге қол жеткізуді қамтамасыз ету бойынша 1 нысаналы индикатор, 3 іс-шара қаралған. Жылдың қорытындысы бойынша индикаторларға қол жеткізілді, іс-шаралар орындалды.

2012 жылда 10723 шаршы метр тұрғын үй қолданысқа енгізілді, оның ішінде: 7867 шаршы метр жеке құрылысшылардың тұрғын үйі, 2856 шаршы метр көппәтерлі құрылыстар. 2013 жылы құрылысы аяқталатын 30 пәтерлік тұрғын үй құрылысы басталды, ол тұрғын үйге мұқтаж адамдардың тұрғын үй жағдайларын жақсартуға мүмкіндік береді.

2014 жылы Аудан аумағын дамыту бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес Шемонаиха қаласында екі 60 пәтерлі тұрғын үй салу қарастырылған.

^ Транспорттық инфрақұрылымдарды жақсарту бойынша 1 нысаналы индикатор, 1 нәтиже көрсеткіші, 1 іс-шара қаралған. Жылдың қорытындысы бойынша жоспарланған индикаторларға қол жеткізілді, іс-шаралар орындалды.

Жергілікті маңызы бар автомбиль жолдарының ұзындығы 182 км құрайды. Жақсы және қанағаттандырарлықтай жағдайдағы жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының үлесі 85,7 пайызды құрайды. 2012 жылдың қорытындысында жалпы сомасы 118,448 млн.теңге сомаға автомобиль жолдарын ұстау және жөндеу жұмыстары 100 пайыз орындалды. Жергілікті маңызы бар жолдарды қыста ұстауға 10,282 млн.теңге, жазғы ұстауға – 15,700 млн.теңге жұмсалды. 16,0 млн.теңге сомаға екі сут өткізу құбарларына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді: «Рассыпное-Рулиха» а/ж – 5,0 млн.теңге, «Ново-Ильинка а. кіреберісі» а/ж құбырына – 11,0 млн.теңге. «Шемонаиха - Сугатовка» а/ж 0-11 км ағымдағы жөндеуге – 74,626 млн.теңге. 1,840 млн.теңгеге жалпы ұзындығы 89 км автомобильдер жолдарының 11 телімдеріне паспорттау жүргізілді. Барлық жұмыстар мен іс-шаралар сметалық есеп пен орындалатын жұмыстардың бекітілген кесетіне сәйкес қатаң орындалды.

^ Аудан халқын сапалы, қол жетімді транспорттық қызметтермен қамтамасыз ету мақсатына қол жеткізу бойынша 2 нысаналы индикатор, 1 нәтиже көрсеткіші, 1 іс-шара қаралған. Жылдың қорытындысы бойынша жоспарланған 2 нысаналы индикаторларға қол жеткізілді, 1 іс-шара орындалды.

«Жолаушылар көліктерімен қамтылмаған елді мекендер үлесі» көрсеткішіне қол жеткізілмеді аудан аумағында 39 елді мекендер орналасқан, оның 5 елді мекені жолаушылар автокөліктерімен қамтылмаған.

2012 жылы аудан аумағында жүктерді және жолаушыларды тасымалдау, үдерісіндегі жүк және жолаушылар айналымы толық көлемде орындалды. Жолаушылар көліктерімен қамтылмаған елді мекендер саны 5-ке азайды, барлық маршруттар тұрақты жүреді.

^ Шемонаиха ауданы халықтарының қолайлы өмір сүрулері бойынша 1 нысаналы индикатор, 2 нәтиже көрсеткіші, 4 іс-шара қаралған. Жылдың қорытындысы бойынша жоспарланған 1 нысаналы индикаторларға, 1 нәтиже көрсеткішіне қол жеткізілді, 4 іс-шара орындалды.

Күрделі жөндеуді талап ететін кондоминиум объектілері үлесінің көрсеткішіне қол жеткізілмеді – 2012 жылға 3 КТҮ жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған, жөндеу 2 – үйге жүргізілді. Үйлерді терможаңғырту жөніндегі жұмыстарды жүргізуге арналған жобалау-сметалық құжаттар мемлекеттік сараптамадан өту сатысында.

Аудандағы барлық елді мекендер электрмен толық қамтылған. Электр желілері бойынша электроэнергияны тасымалдау Шығыс МЭС «Kegos» АҚ филиалымен жүзеге асырылады. Ауданды электрмен қамтамасыз ету ШҚ АЭК АҚ меншік қаражаты есебінен жүзеге асырылады. Ағымдағы жылда 9,6 млн.теңге сомаға ШҚ АЭК АҚ қаражаты есебінен аудандағы электр желілеріне жөндеу-қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді: 13 КТП және ТП, 24,95 км электрөткізгіштер жөнделді. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламасының аясында тұрғын үй қорларын қайта қалпына келтіру жүргізілуде. Көппәтерлі тұрғын үйлерге күрделі жөндеу жүргзілуде.

^ Халықтың орталықтандырылған сумен қамтамасыз етуіне қол жеткізу деңгейін арттыру бойынша 1 нысаналы индикатор, 2 нәтиже көрсеткіші, 5 іс-шара қаралған. Жылдың қорытындысы бойынша жоспарланған индикаторларға қол жеткізілді, іс-шаралар орындалды.

Қазіргі уақытта аудан халқының 94,9 пайызы орталықтандырылған сумен қамтамасыз етілген. Ауданға су тасымалданбайды. Облыстық бюджетінің қаражаты есебінен 2012 жылда Красная Шемонаиха және Рулиха ауылдарына су құбырларын салуға ЖСҚ дайындалуда. республикалық бюджет қаражаты есебінен Верх-Уба және Ново-Ильинка ауылдарында жерасты суларының қорларын есептеу бойынша жұмыс атқарылуда. 2013 жылы 4 елді мекендердің су қорларына есептеу жүргізілді (Волчанка, Рассыпное, Сугатовка, Выдриха ауылдарында).

^ Тұтынушыларды жылумен жабдықтау қызметтерімен қамтамасыз ету бойынша 1 нысаналы индикатор, 2 нәтиже көрсеткіші қаралған. Жылдың қорытындысы бойынша жоспарланған индикаторларға қол жеткізілді.

Ауданда барлығы 60,8 км жылу желілері бар. Жылу энергиясын негізгі жеткіуші – МХК қазандығы, оның теңгерімінде 37,6 км жылу желілері бар. Құрылғылар комбинаттың қаражаты есебінен жөнделеді. 2012 жылы «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС теңгеріміндегі жылу желілерін жөндеуге 114,6 млн.теңге жұмсалды: күрделі, ағымдағы жөндеулер, 14 км жылу трассасына жылыту изоляцияларының жұмыстары жүргізілді (Усть-Таловка кентінен бастап Шемонаиха қаласына дейінгі телімдерге).

^ Шемонаиха ауданындағы елді мекендердің су өткізу жүйелерінің үздіксіз және тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету бойынша 1 нысаналы индикатор, 2 нәтиже көрсеткіші қаралған. Жылдың қорытындысы бойынша жоспарланған индикаторларға қол жеткізілді.

Су өткізу жүйелерінің жалпы ұзындығы 75,98 км құрайды. Шемонаиха қ. мен Усть-Таловка к. аумақтарында бір тазарту ғимаратының объектісі жұмыс істейді. Қазіргі уақытта Первомайский к. тазарту ғимаратын салуға арналған ЖСҚ бар, жобаны іске асыру 2013-2014 жылдарға қаралған.

«Аумақтық орналастыру» 4 стратегиялық бағыты бойынша 2 нысаналы индикатор, 2 нәтиже көрсеткіші қаралған, жылдың қорытындысы бойынша жоспарланған 2 индикаторға (100 пайыз) қол жеткізілді, 2 нәтиже көрсеткіші (100 пайыз) орындалды. Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында 3 іс-шараны іске асыру қаралған, ол 100 пайыз орындалған.

^ Ауылдық аумақтардың тұрақты дамуына негіз жасау мақсаты бойынша 1 нысаналы индикатор, 2 нәтиже көрсеткіші, 2 іс-шара қаралған. Жылдың қорытындысы бойынша жоспарланған индикаторларға қол жеткізілді, іс-шаралар орындалды.

Ауылдық аумақтардың тұрақты дамуын ауыл тұрғындарының тіршілікпен қамтамасыз етудің жоғарғы деңгейін қамтамасыз ету үшін 2012 жылдың қорытындысында нысаналы индикаторлар, нәтиже көрсеткіштері жоспарлық деңгейде орындалды: аудандағы 39 елді мекендердің 14-і (36 пайыз) даму әлеуеті жоғары. Мамандарды ауылдық жерлердегі білім беру, денсаулық сақтау салаларына тарту жөнінде 15331,8 мың теңге сомада білім беру саласындағы 14 маманға әлеуметтік көмек берілді, оның ішінде 792,8 мың теңге сомада 7 маманға көтермелеу жәрдемақысы берілді, 14539,0 мың теңге сомаға 7 маманға тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит берілген, 2 маманға ауылдық әкімдікпен тұрғын үй берілген (Рулиха а.).

^ Шекаралық елді мекендердегі инфрақұрылымдарды және экономикалық әлеуетті дамыту бойынша 1 нысаналы индикатор, 1 іс-шара қаралған. Жылдың қорытындысы бойынша жоспарланған индикаторларға қол жеткізілді, іс-шаралар орындалды.

Ауданның шекаралық ауылдарындағы халықтар саны 1933 адамды құрайды өткен жылғы сәйкес кезеңге 103,6 пайыз.

Ресей Федерациясы өңірімен шекаралық ынтымақтастықты дамыту аясында "Шемонаиха қ. шекаралық ынтымақтасттықа арналған Агро өнеркәсіптік, транспорттық, логистикалық орталық" жобасы іске асырылуда. КТП, сумен қамтамасыз ету, тұрмыстық канализациялар жоғарғы вольтті желілерді монтаждау, канализация желіліріне төсеме төсеу, аумақты қоршау жобалау бойынша жұмыстар аяқталды.

«Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару жүйесін дамыту» 5 стратегиялық бағыт бойынша, «Көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің мониторингін ұйымдастыру және сапасын арттыру» мақсат бойынша 1 нысаналы индиктор, 4 нәтиже көрсеткіштері қаралды, жыл қорытындысында нысаналы индикаторға 100 пайыз, 3 (75 пайыз) нәтиже көрсеткіштеріне қол жеткізілді. Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында 13 іс-шара қаралған, оның 12 орындалды. Жергілікті өзін-өзі басқару институттарының қызметтерімен халықты қанағаттандыру деңгейіне қол жеткізілмеді (жоспар – 38 пайыз, орындалғаны – 31 пайыз).

Аудан бойынша барлық әлеуметтік-маңызы бар қызметтер 9. 2012 жылда 1687 карточкалар толтырылды. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне, білім беру бөліміне 1,16 млн.теңгеге электронды форматтағы 5 әлеуметтік-маңызы бар қызметтер көрсетілді. Жоғарыда аталған бөлімдерде «Электронды үкімет шлюзінің жүйесі ретіндегі өңірлік шлюз» ақпараттық жүйесі орнатылды. 2,1 млн.теңге сомаға «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ электронды құжатайналым бірыңғай жүйесінің бағдарламалық қамтамасыз етуін енгізуді және сүйемелдеуді мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасалды.

Аудан әкімінің аппаратына 16 жұмыс орнына арналған "Lotus Notes" лицензиясы сатып алынған. ЭҚАБЖ енгізуге жіне сүйемелдеуге: экономика және бюджетті жоспарлау, ауылшаруашылығы және ветеринария, құрылыс, сәулет және қалақұрылысы, жер қатынастары, ішкі саясат бөлімдерімен шарт жасалды.

Бірыңғай электронды құжат айналымының жүйесіне қосу үшін ауданның 3 дербес бөлімдеріне IP/VPN желісі жүргіхілді.

Мемлекеттік органдардағы барлық жұмыс орындары операциялық жүйелермен, вирусқа қарсы бағдарламалармен қамтамасыз етілген. Облыстық әкімдікпен ұсынылған әдістемелік жәрдемдер, сонымен қатар ақпараттың қауіпсізідігі туралы нұсқаулықтар МО қызметкерлеріне таратылды. жеке mail.shemonaiha.vko.gov kz домені құрылды және барлық қызметкерлерде пошта жәшігі ашылған.

^ Жергілікті өзін-өзі басқаруды құру және дамыту

Әлеуметтік жоба аясында жергілікті өзін-өзі басқару мәселесі бойынша 2 көшпелі семинар өткізілді, жастардың қатысуымен: аудандық орталық кітапхана базасында дөңгелек үстелдер өткізілді. Әлеуметтік проблемаларды шешу жөнінде оқыту семинарлары өткізілді: «Құқықтық мәдениетті арттыру», «Өзін-өзі басқару органының жұмысын жандандыру».

Бағдарламаны іске асыруға 2012 жылға барлық көздер қаражаттары есебінен 13932,1 млн.теңге игеру жоспарланған, нақты игерілгені 10812,4 млн.теңге немесе жоспардан 77,6 пайыз. Оның ішінде:

республикалық бюджет есебінен – 1986,3 млн.теңге қаралған, игерілгені 1798,3 млн.теңге немесе жоспардан 90,5 пайыз;

облыстық бюджет есебінен – 305,9 млн.теңге қаралған, игерілгені 293,1 млн.теңге немесе жоспардан 95,8 пайыз;

аудандық бюджет есебінен – 166,4 млн.теңге қаралған, 213,1 млн.теңге немесе жоспардан 128 пайыз;

меншік және басқа да көздер қаражаты есебінен – 11473,5 млн.теңге қаралған, 8507,9 млн теңге игерілген немесе жоспардан 74,2 пайыз.

Шемонаиха ауданының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы 2012 жылдың қорытындысында орташа 91,3 пайызбен орындалды.


Шемонаиха ауданы әкімінің орынбасары Е.Мұқатаев


Экономика және бюджетті

жоспарлау бөлімінің бастығы А.Самойлова



Похожие:

6. 2012 жылдың қорытындысы бойынша Шемонаиха ауданының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасын орындаудың барысы туралы талдаухат icon2012 жылдың 1-жартыжылдығы қорытындысы бойынша 2011-2015 жылдарға арналған Шемонаиха ауданы аумағын дамыту бағдарламасын орындау барысы туралы ақпарат
Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы аумағын дамыту бағдарламасы (бұдан әрі -бағдарлама) 2010 жылғы 27 желтоқсандағы №34/9-iv...
6. 2012 жылдың қорытындысы бойынша Шемонаиха ауданының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасын орындаудың барысы туралы талдаухат iconҚаулы жобасы шемонаиха ауданының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы шеңберінде 2012 жылы халықтың нысаналы топтарына арналған әлеуметтік жұмыс орындарын ашатын жұмыс берушілер тізбесін бекіту туралы
Шемонаиха ауданының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы шеңберінде 2012 жылы халықтың нысаналы топтарына арналған...
6. 2012 жылдың қорытындысы бойынша Шемонаиха ауданының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасын орындаудың барысы туралы талдаухат iconШемонаиха ауданының 2011-2015 жылдарға арналған 2011 жылдың қорытындысы бойынша аймақты дамыту бағдарламасы мониторингісінің шұғыл есебі

6. 2012 жылдың қорытындысы бойынша Шемонаиха ауданының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасын орындаудың барысы туралы талдаухат iconМеңдіқара ауданының 2013-2015 жылдарға арналған азаматтық бюджеті
Меңдіқара ауданының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы негізінде құрастырылған. Бюджет «Меңдіқара ауданының...
6. 2012 жылдың қорытындысы бойынша Шемонаиха ауданының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасын орындаудың барысы туралы талдаухат iconМаңғыстау ауданы аумағын дамытудың 2011 2015 жылдарға арналған бағдарламасын

6. 2012 жылдың қорытындысы бойынша Шемонаиха ауданының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасын орындаудың барысы туралы талдаухат iconМаңғыстау ауданы аумағын дамытудың 2011 2015 жылдарға арналған бағдарламасын

6. 2012 жылдың қорытындысы бойынша Шемонаиха ауданының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасын орындаудың барысы туралы талдаухат iconМЕҢДІҚара ауданының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы боровской, 2012 жыл
Ажетті ресурстар
6. 2012 жылдың қорытындысы бойынша Шемонаиха ауданының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасын орындаудың барысы туралы талдаухат iconМаңғыстау ауданы аумағын дамытудың 2011 2015 жылдарға арналған бағдарламасын
Мақсат: Денсаулық саласында тұрғындар үшін қызметтің сапасы мен қолжетімділігін көтеру
6. 2012 жылдың қорытындысы бойынша Шемонаиха ауданының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасын орындаудың барысы туралы талдаухат icon2012 жылы кадрларды даярлау және қайта даярлау
Шемонаиха ауданының аумақтарын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасына сәйкес «Шемонаиха ауданының жұмыспен қамту және...
6. 2012 жылдың қорытындысы бойынша Шемонаиха ауданының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасын орындаудың барысы туралы талдаухат iconҚостанай облысы Федоров ауданының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасының мониторингі
Аудан кәсіпорындардың 2012 жылғы осы кезеңімен салыстырғанда шығарылатын өнімі көлемінің азаюына байланысты
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы