«28» сәуір 2010 жылғы №30 қаулысымен бекітілген Шемонаиха ауданы әкімдігінің «10» қаңтардағы 2010 жылғы icon

«28» сәуір 2010 жылғы №30 қаулысымен бекітілген Шемонаиха ауданы әкімдігінің «10» қаңтардағы 2010 жылғы



Название«28» сәуір 2010 жылғы №30 қаулысымен бекітілген Шемонаиха ауданы әкімдігінің «10» қаңтардағы 2010 жылғы
Дата конвертации30.01.2013
Размер226.09 Kb.
ТипДокументы
источник


Шемонаиха ауданы әкімдігінің

« 28 » сәуір 2010 жылғы

30 қаулысымен

бекітілген


Шемонаиха ауданы әкімдігінің

«10» қаңтардағы 2010 жылғы

703 қаулысына

қосымша


«ШЕМОНАИХА АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ АППАРАТЫ» МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІНІҢ 2010 – 2014 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН

СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЖОСПАРЫ


Шемонаиха қ. 2010 ж.


Мазмұны


1.

Миссиясы мен пайымдауы




2.

Ағымдағы ахуалды талдау




3.

Мемлекеттік орган қызметінің стратегиялық бағыттары, мақсаттары және міндеттері




4.

Мемлекеттік органның функционалдық мүмкіндіктері




5.

Нормативтік құқықтық актілер




6.

Бюджеттік бағдарламалар (берілген қосымшаларға сәйкес)






1 – бөлім

Миссиясы мен пайымдауы


Миссиясы:


«Шемонаиха аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі мәслихат аппараты) – тиісті мәслихаттың, оның органдары мен депутаттарының қызметін қамтамасыз ететін мемлекеттік мекеме. Мәслихат аппаратының стратегиясы Конституцияға және Қазақстан Республикасы заңнамаларына сәйкес жергілікті мемлекеттік басқару және мемлекеттік қызмет саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға бағытталған негізгі ұзақ мерзімді мақсаттары мен міндеттерді анықтау мен шешу, мәслихаттың және оның органдарының ұйымдастырушылық, құқықтық, материалдық – техникалық қамтамасыз етуін жүзеге асыру, депутаттарға олардың өкілеттіктерін жүзеге асыруға көмек көрсету болып табылады.


Пайымдауы:


Заңнамалық және әдістемелік базаларын жетілдіру, жұмыс нәтижесін жақсарту мақсатында қазіргі әдістемелерді енгізу арқылы мемлекеттік орган жүйесінің тиімділігі:

  • мәслихаттың сессияларын және онда қаралатын мәселелерді дайындау, құжаттардың сапалы әзірлеуін қамтамасыз ету;

  • депутаттармен өз өкілеттіктерін жүзеге асыруда көмек көрсету, оларды тиісті ақпаратпен қамтамасыз ету және сайлаушылармен жұмыс жасауда тиімді көмек көрсету;

  • мәслихаттың қызметі туралы жарияланымдарды дайындау мен бұқаралық ақпарат құралдарында шығуын ұйымдастыру арқылы сайлаушыларды ақпараттандыру;


2-бөлім

Ағымдағы ахуалды талдау


  1. Мәслихаттар өз қызметтерінде міндетті:

  1. жалпы мемлекеттік сыртқы және ішкі, қаржылық және инвестициялық саясат0а сәйкес емес шешімдердің қабылдануына жол бермеуге;

  2. қоғамдық маңызы бар қызмет саласында белгіленген жалпы мемлекеттік стандарттарды ұстануға;

  3. азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын қамтамасыз етуге;

  1. Мәслихаттарға бірыңғай еңбек рыногының, капиталдың, қаражаттардың қалыптасуына, Қазақстан Республикасының шегінде тауарлардың және көрсетілетін қызметтердің еркін алмасуына кедергі болатын шешімдердің қабылдануына жол берілмейді;

өз қызметін аудандық мәслихат Қазақстан Республикасының Конституциясы, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі Заң) және Шемонаиха аудандық мәслихатының регламенті негізінде жүзеге асырады.

Аудандық мәслихат қызметінің негізгі нысаны сессия болып табылады. Сессияларды әзірлеу және өткізу бойынша ұйымдастыру шаралары Заңға және Шемонаиха аудандық мәслихатының регламентіне, аудан әкімінің келісуі бойынша іс-шаралар жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.

2009 жылдың ағымында 9, соның ішінде 5 кезектен тыс сессиясы өткізілді. Аудандық мәслихаттың 63 шешімі қабылданды, соның ішінде нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 12 шешім тіркелді.

Сессия шешімдерінің жинағы аудандық әкімдігіне уақытында жіберіледі, сессия шешімдерінің көшірмелері орындаушылардың өздеріне тікелей жіберіледі. Тиісті шешімдер аудандық мәслихатының тұрақты және тексеру комиссияларының бақылауына алынады.

Ағымдағы мерзімде аудандық мәслихаты аппаратының бақылауында сессиялардың 8 шешімі тұр. Есеп беру кезеңінде бақылаудан 2 шешім алынды.

Аудандық мәслихат халықты ақпараттандыру және сайлаушылармен қарым-қатынасты қамтамасыз ету мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарының мүмкіндіктерімен пайдаланады. Сессиялардың материалдары, сайлаушыларды қабылдау кестелері, округтер бойынша азаматтардың жиыны туралы, кездесулер туралы материалдар аудандық «Уба Информ» газетінде жарияланады.

Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау аудандық мәслихатының хатшысымен жүзеге асырылады. Мәслихат хатшысының жеке қабылдауында 300-ден астам сайлаушылар болды. Аудан тұрғындарының өтініштерінде әлеуметтік, сондай-ақ мектептерді, жолдарды, сумен қамту құбырларын жөндеу, аула аумақтарын көркейту, тұрғын-үй коммуналдық мәселелері, иесіз электр мен су құбырлары желілерін ұстау және пайдалану жөніндегі мәселелер туралы айтылған.

Осымен қатар барлық мәселелерді бірден шешу мүмкін емес. Шешілуі мәслихаттың үнемі бақылауында тұрған мәселелер де бар. Сайлаушылардың өтініштерінде айтылған мәселелер тиісті инстанцияларға хаттар жіберу арқылы шешілмеген жағдайда депутаттар өз ұсыныстарын және мәселелерін Қазақстан Республикасы Парламентінің қарауына жібереді.

2009 жылдың ағымында аудандық мәслихаттың депутаттарымен және мәслихат аппаратымен басқармалардың, департаменттердің басшылары мен жоғарыдағы инстанциялардың атына 20-дан астам хаттар дайындалды және жіберілді.

Депутаттар облыста және ауданда өткізілетін конференцияларға, кездесулерге, дөңгелек үстелдерге, әр сайлау округінде құрылған аудандық штабтардың, «Нұр Отан» партиялық фракциясының жұмысына, әкім жанында құрылған ведомствоаралық комиссияның жұмысына және ауданда өткізілетін барлық шараларға қатысады.

Аудандық мәселелерді шешу мақсатында Шемонаиха аудандық мәслихаты Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаты В.А. Доскаловпен үнемі қарым-қатынаста. Қазақстан Республикасының Парламент Сенаты мен Мәжілісінің атына «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Тұрғын үй қатынастары туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы» және басқада Қазақстан Республикасының Заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ұсыныстар жіберілді.

Аудан мәслихаты қызметінің ұйымдастырушылық, құқықтық және материалдық – техникалық қамтамасыз етуіне, депутаттармен депутаттық өкілеттіктерін жүзеге асыруға мәслихат аппараты көмек көрсетеді.

Мәслихат аппаратының әр қызметкері комиссиялардың отырыстарында қарастырылатын мәселелер мен жұмыс жоспарларын әзірлеуге, депутаттар мен шақырылғандардың сессияға қатысуын қамтамасыз етуге, депутаттарға тиісті материалдарды ұсынуға, сайлау комиссияларын құруға және сессия құжаттарын дайындауға, аудандық мәслихаттың қызметіне байланысты мәселелер туралы азаматтардың өтініштеріне жауап беруге қатысады.

Мәслихат аппаратының қызметшілері сессияларда қабылданған шешімдердің және депутаттық комиссияларында қабылданған қаулылардың, мемлекеттік органдар мен шаруашылық субъектілердің атына жазылған депутаттық сауалдардың, хаттар мен өтініштердің орындалуына бақылау жасауға үлкен назар аударады.

Мәслихат аппараты қажетті компьютерлік техникамен жабдықталған, үнемі жаңартылатын «Заң» РҚАО деректер базасы бар. Аудандық мәслихатының нормативтік құқықтық актілері Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес қабылданады, ШҚО әділет департаментінің Шемонаиха ауданының әділет басқармасында тіркеледі және нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне енгізіледі. Барлық тіркелген нормативтік құқықтық актілер жергілікті баспа шығарылымдарында жарияланады.

Мәслихат депутаттарына ақпараттық көмек көрсету мақсатында республикалық журналдар мен газеттерге, сондай-ақ республикадағы барлық мәслихаттардың материалдары жарияланатын «Мәслихат» журналына жазылу қамтамасыз етіледі .

«Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Заңын жүзеге асыру мақсатында, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін есепке алу ережесіне сәйкес мәслихат аппаратына түскен өтініштер 2008 жылдың қаңтар айынан бастап енгізілген ведомствалық автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде тіркеледі. Ай сайын Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қазақстан Республикасы бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетіне азаматтардан түскен өтініштер мен оларды қарау мерзімі туралы мәліметтер жіберіледі.

Мәслихат өз өкілеттігі мерзімінде тұрақты комиссияларды құрайды, олар сайлаған мәслихат алдында жауапты және өз әрекеттері туралы жылына бір рет есеп береді. Тұрақты және тексеру комиссиялардың жұмыстары бекітілген жоспарларға сәйкес жүргізіледі.

Сессияның негізгі мәселелерін қарастыру мақсатында құрамында аудандық мәслихат депутаттары, атқарушы органы билігінің мамандары, ауданның ұйымдары мен мекемелерінің басшылары бар уақытша комиссиялар құрылады.

Аудандық мәслихатында тексеру және екі тұрақты депутаттық комиссиялар іс-әрекет жасауда.


^ Мәслихатттың тексеру комиссиясы


Бюджет заңнамасын орындау, аудандық бюджетті қалыптастыру және орындау, бюджет қаражаттарын мақсатты және тиімді пайдалану, бюджет қаражаты есебінен ұсталатын мекемелер мен ұйымдарда тексерулер жүргізу – тексеру комиссиясы жұмысының негізгі бағыттары болып табылады.

Заңнамамен белгіленген функцияларға сәйкес тексеру комиссиясы:

  • мәслихатқа және әкімге жергілікті бюджетті орындау туралы жергілікті атқарушы органның тиісті есебінің қорытындысын, оны бұқаралық ақпарат құралдарында жариялаумен ұсынады;

  • жергілікті бюджеттің қаражаттарын мақсатсыз және тиімсіз пайдалану, сондай-ақ жергілікті бюджетті орындауда анықталған кемшіліктер туралы тексерулер қорытындысымен мәслихатты және әкімді ақпараттандырады;

  • жергілікті бюджеттің орындалуына тиімді бақылау жасауды арттыру жөнінде ұсыныс жасайды;

  • Үкіметпен және уәкілетті мемлекеттік органының әкімімен ұсынылған тексеруді жүргізу актілеріне талдау жасайды;

  • жергілікті бюджеттің орындалуына әсер ететін нормативтік құқықтық актілердің әрекетіне қатысты ұсыныс дайындайды және енгізеді;

  • жергілікті атқарушы органдармен жергілікті бюджеттің түсімдері мен шығындарының тиімді орындалуына және қаржылық есеп берудің сәйкестігіне бақылау жасауды жүзеге асырады.

2009 жылдың ағымында тексеру комиссиясы нормативтік, қаржылық құжаттарды, бухгалтерлік кітаптарды, есеп берулерді, жоспарларды, сметаларды, ақшалай соманың қолда болуын, бағалы қағаздарды, материалдық құндылықтарды және олардың дұрыс жұмсалуын тексерді. Тексеру комиссиямен белгіленген мерзімде тексерілетін органдардан, мекемелерден, кәсіпорындардан және ұйымдардан қажетті құжаттарды және олардың қызметі туралы басқада ақпараттарды ұсынуды талап етті. Таныстыру және тиісті шараларды қабылдау мақсатында тексеру қорытындылары туралы комиссияның материалдары, қаржылық-бюджеттік және басқада мәселелер жөнінде шығарылған қорытындылары аудан әкіміне, құқық қорғау органдарына және басқада мемлекеттік басқару органдарына жіберіледі.

2009 жылдың ағымында бюджеттік қаражаттарды мақсатты және тиімді пайдалану мақсатында, жоспар-кестесінің негізінде, соның ішінде Глубокое аймағы бойынша қаржы полициясы ауданаралық бөлімі бастығының сұранысы бойынша үш тексеру, Шемонаиха ауданы әкімінің тапсырмасы бойынша үш тексеру және аудан әкімінің өтініші бойынша 1 тексеру, Шемонаиха қаласы әкімінің өтініші бойынша 1 тексеру өткізілді, барлығы Шығыс Қазақстан облысы ҚРБП және ҚС КБ 16 тексеру тіркелді және өткізілді.

Мемлекеттік мекемелерінде еңбек ақысын кем немесе артық төлеу, мемлекеттік сатып алу бойынша жүргізілетін есеп беру құжаттары деңгейінің төменділігі, әкімгерлермен мердігерлердің жөндеу жұмыстарының орындалуына жасалған бақылаудың нашарлығы, бюджеттік мекемелер мен қазынашылық кәсіпорындарында бухгалтерлік есеп беруді жүргізу, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру бойынша бұзушылықтар айқындалды.

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 9 ақпандағы № 126- ІҮ Заңының негізінде «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 16 бабына мынадай өзгерістер енгізілді: «мәслихаттың тексеру комиссиясының жұмыс органы мәслихат аппаратының құрылымына кіретін, мәслихаттың тексеру комиссиясының аппараты болып табылады».

Жоғарыда аталған мәселені шешу және тексерулерді жүзеге асыру мақсатында тексеру комиссиясының аппараты туралы заңнамаға енгізілген өзгерістер инспектор – ревизорларды тартуға және тексеру комиссиясының құрамындағы депутаттарды комиссиядан шығаруға мүмкіндік тудырады.

^ Бюджет, экономикалық реформалар, өңірлік даму және экология мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы

2009 жылдың ағымында төртінші шақырылымның тұрақты комиссиясының 7 отырысы өткізілді. Комиссияның отырыстарында мәслихаттың кезекті және кезектен тыс сессияларында қаралатын мәселелер талқыланады, ұсыныстар жасалады және шешімдердің жобаларына түзетулер енгізіледі. Шешімдерді, соның ішінде аудан бюджетіне қатысты шешімдерді депутаттардың көпшілігімен қарау және талқылау мақсатында комиссиялардың бірлескен отырыстарын өткізу практикаға енгізілді.

Есеп беру мерзімінде мынадай мәселелерді қарауға және талқылауға ерекше назар аударылды: 2009 жылға арналған аудандық бюджет және осы мерзімде оған енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы, ауданның өңірлік бағдарламалары туралы, Шемонаиха ауданының экологиялық жағдайы туралы, азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік жәрдемақыларды төлеу жөніндегі ережелері туралы және т.б.

2008 жылға арналған бюджетті орындау туралы есеп беруге сұрақтарды дайындауға бюджеттік комиссияның мүшелері белсенді қатысты.

Комиссия аудан әкімімен, аудан әкімінің орынбасарларымен, ауданның экономика және бюджеттік жоспарлау, қаржы бөлімдерімен, салық басқармасымен және ауданның басқа да бөлімдерімен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істейді.

Қаржыландырумен байланысты барлық мәселелер тұрақты комиссия мүшелерімен қаралады, талқыланады және мәслихат аппаратына, аудан әкімі мен бюджеттік бағдарламалардың әкімгерлеріне осы шешімді қабылдау жөнінде ұсыныстар жасалады.

Тұрақты комиссия бюджет жобаларын қарастырған жағдайда келесі принциптерін басшылыққа алады:

  1. дәлелділік;

  2. бюджет теңгерімділігін сақтау.


Әлеуметтік саясат, заңдылық, құқықтық тәртіп, азаматтардың өтініштері және депутаттық өкілеттігі мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия


Комиссия өз жұмысын мәселелерді ұжыммен талқылау және шешу, комиссия мүшелерінің жариялылығы мен бастамасы, аудандық мәслихаты сессиясының жұмыс жоспарына сәйкес бекітіліп әзірленген жоспардың негізінде жүргізеді.

Комиссияның отырыстары қажеттілігі бойынша екі айда бір рет болады.

Тұрақты комиссия басқа комиссиялармен, қоғамдық бірлестіктердің органдарымен, ұлттық-мәдени орталықтармен, жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен бірігіп отырыстар өткізеді.

Уақытша комиссиялар жергілікті өкілетті органның құзырына жататын мәселелерді сессияларда қарау, көпшілік тыңдауларын өткізу мақсатында құрылады.


3 - бөлім.

Мемлекеттік органы қызметінің стратегиялық бағыттары, мақсаттары және міндеттері


^ Мәслихат аппараты келесі функцияларды жүзеге асырады:

  • мәслихаттың сессияларын өткізу үшін бекітілген регламентке сәйкес нәтижелі, дайындау және ұйымдастыру-техникалық жұмыстарын қамтамасыз етуді;

  • шешімдердің жобаларын, комиссиялардың қорытындылары мен мәслихаттың шешімдерін сапалы дайындау мақсатында депутаттарға көмек көрсетуді;

  • мәслихат депутаттарына өз өкілеттіктерін жүзеге асыруда консультативтік және әдістемелік көмек көрсетуді;

  • депутаттардың сұраныстары мен ұсыныстарын қарауға және жүзеге асыруға тиімді бақылау жасауды қамтамасыз етуді;

  • бұқаралық ақпарат құралдарында мәслихаттың қызметі туралы жарияланымдарды дайындау және оның шығуын ұйымдастыру арқылы халықпен ақпарат алмасу жөніндегі жұмысты үнемі жақсартуды;

  • депутаттардың осы ұйымдардың өкілдерімен кездесуін ұйымдастыру арқылы мемлекеттік, мемлекеттік емес ұйымдардың және басқа да мүдделі тұлғалардың ұсыныстарын жинау және қанағаттандыру бойынша нәтижелі шараларды қамтамасыз етуді;

  • тұрақты комиссиялардың отырыстарын дайындау және өткізу, осы комиссиялардың тиімді жұмысын қамтамасыз етуді;

  • қолданыстағы заңнамаға сәйкес нормативтік құқықтық маңызы бар мәслихат сессияларының шешімдерін мемлекеттік тіркеуге уақытында ресімдеу және дайындауды.


Мақсаттары:


  1. жергілікті мемлекеттік басқару және мемлекеттік қызметі саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;

  2. мәслихаттар мен оның органдарының ұйымдастырушылық, құқықтық, материалдық-техникалық және өзге де қамтамасыз етуін жүзеге асыру;

  3. депутаттарға өздерінің өкілеттігін жүзеге асыруға көмек көрсету;

  4. азаматтардың заңды мүдделерін және құқықтарын қамтамасыз ету бойынша өзге де өкілеттігін Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкес жүзеге асыру.


Міндеттері:


  1. дайындау және ұйымдастырушылық-техникалық жұмыстарын қамтамасыз ету, регламентіне сәйкес мәслихат сессияларын жүргізу;

  2. пленарлық мәжілістерге, тұрақты комиссиялардың отырыстарына қатысу және шешімдердің жобаларын, мәслихат комиссияларының қорытындыларын сапалы дайындау бойынша депутаттарға көмек көрсету;

  3. «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес нормативтік құқықтық маңызы бар мәслихат сессияларының шешімдерін әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуге уақытында ресімдеу және ұсыну;




  1. мәслихат регламентіне сәйкес сессия хаттамаларын, шешімдердің жинақтарын ресімдеу;




  1. сессия материалдарын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға дайындау және оларға бақылау жасау;




  1. мәслихат депутаттарына өз өкілеттіктерін жүзеге асыруда көмек көрсету;




  1. депутаттармен өз өкілеттіктерін жүзеге асырған кезде айтылған ұсыныстар мен ескертулерді жинақтау және есепке алу;




  1. мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардың ұсыныстарын есепке алу, осы ұйымдардың өкілдерімен және өзге де мүдделі тұлғалармен депутаттардың кездесуін ұйымдастыру;




  1. Іс жүргізу және мәслихаттың шешімдерін және өзге де құжаттардың таратуын қамтамасыз ету,ақпарат алмасуын Қазақстан Республикасының «Әкімшілік процедуралар туралы» Заңының талаптарына сәйкес қамтамасыз ету;




  1. «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының негізінде, жеке және заңды тұлғаларды есепке алу Ережелеріне сәйкес есепке алуды және есеп беруді жүргізу;

  2. «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 10-бабына сәйкес сайлау комиссияларын құру;




  1. Мемлекеттік қызметшілердің жұмысын «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес үйлестіру;


13) азаматтық қызметшілердің және еңбек заңнамасына сәйкес техникалық қызмет көрсететін қызметшілердің қызметін үйлестіру;


4-бөлім.

Мемлекеттік органның функционалдық мүмкіндіктері


Жоғарыда көрсетілген бағыттарды есепке ала отырып мәслихат аппаратымен келесі іс-шаралардың іске асырылуы жоспарланған:


^ Мәслихат қызметін қамтамасыз ету:


Аппараттың ұйымдастырушылық, құқықтық, материалдық-техникалық қамтамасыз етуін жүзеге асыру, жергілікті мемлекеттік басқару саласында біржолғы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру, тұрақты негізде депутаттар – 2 адаммен, мемлекеттік қызметшілерді – 5 адаммен аппаратты, штаттан тыс 3 қызметшілерді: іс жүргізушіні, инспектор-ревизорды, жүргізушіні ұстау.


Қызметшілердің кәсіби деңгейін арттыру


«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерін қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 11 қазандағы № 1457 Жарлығына сәйкес, қазіргі уақытта мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру қосымша кәсіби білім берудің негізгі нысандары болып табылады.

Жоғарыда аталған Жарлықты жүзеге асыру мақсатында біздің облысымызда «Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және олардың біліктілігін арттырудың Шығыс Қазақстан өңірлік орталығы» қызмет атқаруда.

Жыл басында бекітілген курстарды оқытудың жоспар-кестесіне сәйкес мәслихат аппаратының қызметшілері өздерінің кәсіби деңгейлерін үнемі жоғарылатады – кемінде үш жылда бір рет біліктіліктерін арттырады, мемлекеттік қызметке алғаш түскен, сондай-ақ басшы мемлекеттік әкімшілік лауазымына тағайындалған адамдар қайта даярлау курсына жіберіледі.

«Шемонаиха қаласының мемлекеттік тілді оқыту орталығы» МҚКК мәслихат аппаратының қызметшілерін мемлекеттік тілге оқыту тобы құрылған.

Қазақстан Республикасында ақпараттық теңсіздікті төмендетудің 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында барлық қызметшілер жыл ағымында компьютерлік сауаттылыққа оқыту курстарынан өтті.

Мәслихат аппаратының тиісті қызметі өзге де мүдделі тараптармен, мемлекеттік, жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ қоғамдық ұйымдармен тиімді өзара әрекет жасаудың деңгейінен тәуелді.


^ Шемонаиха аудандық мәслихатының аппараты» ММ

ҚҰРЫЛЫМЫ



Аудандық мәслихатының хатшысы







Тексеру комиссияның төрағасы



Аудандық мәслихаты аппаратының хатшысы











Инспектор- ревизор



Бас маман – бас есепші

Ұйымдастыру – кадрлық және құқықтық жұмыстары бөлімі


  1. Бөлім бастығы – 1 бірлік

  2. Бас маман – 2 бірлік

  3. Тех.персонал – 1 бірлік





Жүргізуші


5- бөлім

Нормативтік құқықтық актілер


Осы құжат келесі нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес әзірленген:

р/с




Нөмірі және қабылданған (бекітілген) мерзімі. Құжатты бекіткен орган.

Нормативтік актінің (құжаттың) атауы

1.

30.08.1995 ж.

Қазақстан Республикасының Конституциясы

2.

04.12.2008 жылғы № 95- ІҮ ҚР Кодексі

Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексі

3.

23.07.1999 жылғы № 453 ҚР Заңы

Мемлекеттік қызмет туралы

4.

23.01.2001 жылғы № 148 – ІІ ҚР Заңы

Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы

5.

15.05.2007 жылғы № 251 ҚР Кодексі

Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі

6.

28.09.2001 жылғы № 15-4 төртінші шақырылған Шемонаиха аудандық мәслихаты сессиясының шешімі

«Шемонаиха аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы»


7.

25.12.2009 жылғы № 23/11 – ІҮ төртінші шақырылған Шемонаиха аудандық мәслихаты сессиясының шешімі

Шемонаиха аудандық мәслихаты аппаратының құрылымы мен штаттары туралы


8.

25.12.2009 жылғы № 23/2 – ІҮ

төртінші шақырылған Шемонаиха аудандық мәслихаты сессиясының шешімі

«2010 – 2012 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы»



6 – бөлім.

Бюджеттік бағдарламалар (берілген қосымшаларға сәйкес)

Құны 11 154 мың теңге (он бір миллион жүз елу төрт мың теңге)




Бағдарламаның коды

Шағын бағдарламаның коды

Бағдарламалардың (шағын бағдарламалардың) атауы

Бағдарламаны (шағын бағдарламаны) жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар

Жүзеге асыру мерзімі

жауаптылар

1

2

3

4

5

6

7

1

001




Аудандық мәслихат

қызметін қамтамасыз ету бойынша қызметтер

^ Мәслихат қызметін қамтамасыз ету:

Аппараттың ұйымдастырушылық, құқықтық, материалдық-техникалық қамтамасыз етуін жүзеге асыру, жергілікті мемлекеттік басқару саласында біржолғы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру, мемлекеттік қызметшілердің штат саны 7 қызметшімен аппаратты ұстау, штаттан тыс 3 қызметшіні ұстау.

«Аудандық мәслихат қызметін қамтамасыз ету бойынша қызметтер» 001 шағын бағдарламаның құны

11154 мың теңге

2010 жылғы

қаңтар-желтоқсан

мәслихат аппараты




    1. қосымша


^ Мемлекеттік органның стратегиялық бағыттары, мақсаттары және міндеттері


Атауы

Бірлік мөлшері

Есеп беру мерзімі

Жоспарланған мерзімі







2008 ж.

(есеп беру)

2009 ж.

(ағымдағы

жылдың жоспары)

2010 ж.

2011 ж

2012 ж.


1- стратегиялық бағыт. Мәслихат қызметін қамтамасыз ету

1.1 - мақсат.Мәслихаттар және оның органдарының ұйымдастырушылық, құқықтық, материалдық-техникалық және өзге де қамтамасыз етуін жүзеге асыру;

Нысаналы индиктор: оған бекітілген мемлекеттік кепілдік берілген қызметтерді ұсыну және мемлекетпен оған жүктелген функцияларды орындау бойынша мәслихат қызметін қаржылық қамтамасыз ету.

1.1.1 – міндет. Дайындау және ұйымдастыру-техникалық жұмыстарын қамтамасыз ету, мәслихат сессияларын оның регламентіне сәйкес өткізу.

Өткізілген сессиялардың

саны бірлік 8 10 8 8 8

1.1.2 – міндет. «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, әділет басқармасында нормативтік құқықтық маңызы бар мәслихат сессияларының шешімдерін мемлекеттік тіркеуге ресімдеу және ұсыну;

Тіркелген сессиялардың

шешімдері және НҚА бірлік 9 12 12 12 12

1.1.3 – міндет.Сессия материалдарын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға дайындау және оларға бақылау жасау.

БАҚ жарияланымдардың

саны бірлік 9 12 12 12 12

1.1.4 – міндет.Мәслихат регламентіне сәйкес сессия хаттамаларын, шешімдердің жинақтарын ресімдеу.

1.1.5 – міндет.Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардың ұсыныстарын есепке алу, осы ұйымдардың өкілдерімен және өзге де мүдделі тұлғалармен депутаттардың кездесуін ұйымдастыру.

1.1.6 – міндет. Іс жүргізу және мәслихаттың шешімдерін және өзге де құжаттардың таратуын қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының «Әкімшілік процедуралар туралы» Заңының талаптарына сәйкес ақпарат алмасуын қамтамасыз ету.

2- стратегиялық бағыт. 2 Депутаттық қызмет

2.1- мақсат. Мемлекетпен оған жүктелген функцияларды орындау бойынша депутат корпусымен өз өкілеттіктерін жүзеге асыру.

Нысаналы индикатор: депутат корпусының ұйымдастырушылық, құқықтық, материалдық-техникалық және өзге де қамтамасыз етуін жүзеге асыру.

2.1.1 – міндет.Пленарлық, тұрақты комиссиялардың мәжілістеріне депутаттардың қатысуы және комиссиялардың қорытындылары мен мәслихаттардың шешімдерін дайындау


2-қосымша


^ Бюджеттік шығындардың жинағы






Есеп беру мерзімі

Жоспарланған мерзімі




2008 ж.

(есеп беру)

2009 ж.

(ағымдағы

жылдың жоспары)

2010 ж.

2011 ж

2012 ж.

^ 1. Қолданыстағы бағдарламалар, соның ішінде:

8067

10068

11154

13142

14673

Ағымдағы бюджеттік бағдарламалар

8067

10068

11154

13142

14673

Бюджеттік дамыту бағдарламалары

0

0

0

0

0



Шемонаиха аудандық

мәслихатының хатшысы Ә. БАЯНДИНОВ




Похожие:

«28» сәуір 2010 жылғы №30 қаулысымен бекітілген Шемонаиха ауданы әкімдігінің «10» қаңтардағы 2010 жылғы iconШемонаиха ауданы әкімдігінің «10» «қаңтар» 2011 жылғы №265 қаулысымен бекітілген
«шемонаиха аудандық МӘслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2011 – 2015 жылдарға арналғАН
«28» сәуір 2010 жылғы №30 қаулысымен бекітілген Шемонаиха ауданы әкімдігінің «10» қаңтардағы 2010 жылғы iconШемонаиха ауданы әкімдігінің 2010 жылғы № қаулысына қосымша
«Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы Первомайский к. әкімінің аппараты» мм қызметінің мақсаттары мен міндеттері, стратегиялық...
«28» сәуір 2010 жылғы №30 қаулысымен бекітілген Шемонаиха ауданы әкімдігінің «10» қаңтардағы 2010 жылғы iconБородулиха ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 6 қаңтардағы №858 қаулысымен бекітілген
«ШҚо бородулиха ауданы Переменовка ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің Стратегиялық жоспары
«28» сәуір 2010 жылғы №30 қаулысымен бекітілген Шемонаиха ауданы әкімдігінің «10» қаңтардағы 2010 жылғы iconҚаратөбе ауданы әкімдігінің 2008 жылғы № қаулысымен бекітілген 24 -Қосымша
Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі бекітілген «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 67-75 баптары
«28» сәуір 2010 жылғы №30 қаулысымен бекітілген Шемонаиха ауданы әкімдігінің «10» қаңтардағы 2010 жылғы iconАуданы әкімдігінің 2007 жылғы 02 қарашадағы №610 қаулысымен бекітілген
Республикасы Статистика агенттігінің 16 тамыз 2005 жылғы №28-г бұйрығымен бекітілген Ауылдық (селолық), кенттік округтердегі шаруашылық...
«28» сәуір 2010 жылғы №30 қаулысымен бекітілген Шемонаиха ауданы әкімдігінің «10» қаңтардағы 2010 жылғы iconБородулиха ауданы әкімдігінің 2011 жылғы «6» қаңтардағы №859 қаулысымен бекітілген
Сәйкес келетін сала (орта) қызметінің даму беталысы және ағымдағы жағдайдың талдауы
«28» сәуір 2010 жылғы №30 қаулысымен бекітілген Шемонаиха ауданы әкімдігінің «10» қаңтардағы 2010 жылғы iconБородулиха ауданы әкімдігінің 2011 жылғы «6» қаңтардағы №873 қаулысымен бекітілген
Сәйкес келетін сала (орта) қызметінің даму беталысы және ағымдағы жағдайдың талдауы
«28» сәуір 2010 жылғы №30 қаулысымен бекітілген Шемонаиха ауданы әкімдігінің «10» қаңтардағы 2010 жылғы iconБородулиха ауданы әкімдігінің 2011 жылғы «6»қаңтардағы №874 қаулысымен бекітілген
Сәйкес келетін сала (орта) қызметінің даму беталысы және ағымдағы жағдайды талдау
«28» сәуір 2010 жылғы №30 қаулысымен бекітілген Шемонаиха ауданы әкімдігінің «10» қаңтардағы 2010 жылғы iconБородулиха аудандық әкімдігінің 2011 жылғы «6» қаңтардағы №855 қаулысымен бекітілген
«ШҚо бородулиха ауданы Дмитриевка ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің Стратегиялық жоспары
«28» сәуір 2010 жылғы №30 қаулысымен бекітілген Шемонаиха ауданы әкімдігінің «10» қаңтардағы 2010 жылғы iconТарбағатай ауданы әкімдігінің 2012 жылғы № қаулысымен бекітілген

Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы