2012 жылы бюджет қаржысын игерілуі туралы icon

2012 жылы бюджет қаржысын игерілуі туралы



Название2012 жылы бюджет қаржысын игерілуі туралы
Дата конвертации22.05.2013
Размер127 Kb.
ТипДокументы
источник

2012 жылы бюджет қаржысын игерілуі туралы


Абай ауданы бюджеті оның кірістері мен шығындары бірдей көлемде 2 136 980,7 мың теңге болып бекітілген. Бюджеттің орындалу барысында аудандық мәслихаттың кезекті 10.04.2012(№3-4), 10.07.2012( №5-4), 19.09.2012 (№7-2), 21.11.2012(№8-4), 05.12.2012(№9-2) кезектен тыс шешімдерімен бюджетке нақтыландырулар болды.

Жоғары бюджеттен 509 308,2 мың теңге трансферт бөлінді. Оның ішінде:

Республикалық бюджеттен бөлінген ағымдағы трансферт 228 686,3 мың теңгені құрап, олар, төмендегідей болып бағытталынды:

- эпизотияға қарсы іс-шарларды жүргізуге 65 338,0 мың теңге қаралып, ол толықтай игерілді;

- 10 жас мамандарға тұрғын үй алу үшін 23976,0 мың теңге бюджеттік несиелер беруге бағытталды;

- ауылдық елді мекендердің әлеуметтік саласының мамандарын әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру шеңберінде 2 539,0 мың теңге қаралып, 2 360,6 мың теңгесі игерілді (9 маманға 1 019,3 мың теңгеден беріліп, 1 341,3 мың теңге банк қызметіне төленді), қалған 178,4 мың теңге мал дәрігері мамандығы бойынша төленетін көтерме ақы, мамандар жоқ болғандықтан игерілмеді;

- арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсетуге 6 365,0 мың теңге қаралып, толық игерілді;

- Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасының іс-шараларын іске асыруға 19 776,0 мың теңге қаралып, оның 10 627,0 мың теңгесі жұмыспен қамту орталығын ұстауға, 9 149,0 мың теңге жұмыссыздық деңгейін азайтуға жұмсалды.

- Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысын іске асыруға 20 034,0 мың теңге жоспарланып, ол толық игерілді;

- Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды асырап, бағу үшін 3 198,0 мың теңге қаралып, 3 187,5 мың теңгесі игерілді. 10,5 мың теңге үнемделген қаржы;

- Мектеп мұғалімдеріне және мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешілеріне біліктілік санаты үшін 11 774,0 мың теңге қаралып, ол толық игерілді;

- Үйде оқылатын мүгедек балаларды жабдықпен, бағдарламалық қамтыммен қамтамасыз етуге 6 064,3 мың теңге қаралып, толықтай орындалды,

- Мектеп мұғалімдеріне берілетін Назарбаев Зияткерлік мектептері ДБҰ-ның оқу бағдарламалары бойынша біліктілікті арттырудан өткен мұғалімдерге еңбекақыны арттыруға 343,0 мың теңге қаралып, 140,0 мың теңге игерілді. 203,0 мың теңге артық жоспарланғандықтан игерілмеді;

- Жалпы орта білім саласы бойынша мемлекеттік мекемелерге химия, биология, физика кабинеттерін оқулық құралдармен жабдықтау үшін 8 188,0 мың теңге бөлініп, толықтай игерілді;

- Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы бойынша ауылдық елді мекендерді дамыту шеңберінде объектілерді жөндеу және абаттандыруға 59 049,0 мың теңге қаралып, толық игерілді;

- Өңірлерді дамыту бағдарламасы шеңберінде өңірлерді экономикалық дамытуға жәрдемдесу бойынша шараларды іске асыруға 2 042,0 мың теңге қарлып, 2 032,0 мың теңгеге орындалды. Қалдық 10,0 мың теңге үнемделген қаржы.

Республикалық бюджеттен нысаналы даму трансферттері арқылы 15 000 ,0 мың теңге бөлінген болса, олар төмендегідей болып бағытталды:

- Мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйін жобалау, салу және сатып алу бойынша 15 000,0 мың теңге қаралып, толық игерілді. Оның ішінде:

- Қарауыл ауылынан 4 үй сатып алуға 2 500,0 мың теңгеден жиыны 10000,0 мың теңге;

- Қарауыл ауылынан 1 үй сатып алуға 3 000,0 мың теңге;

- Саржал ауылынан 1 үй сатып алуға 1 000,0 мың теңге;

- Көкбай ауылынан 1 үй сатып алуға 1 000,0 мың теңге.

Облыстық бюджеттен бөлінген нысаналы ағымдағы трансферт 220 503,0 мың теңге, оның ішінде:

- Аз қамтамасыз етілген азаматтардың кейбір категорияларына жергілікті органдардың шешімі бойынша материалдық көмекке 38 208,0 мың теңге бөлініп, толық игерілді. Оның ішінде: Ұлы Отан соғысы мүгедектері мен қатысушыларына және қатысушыларға теңестірілгендерге 5000 теңгеден 21 адамға, 1175,0 мың.тенге,Ұлы Отан соғысы мүгедектеріне теңестірілгендер, яғни ауруы ядролық сынақ салдарынан болған мүгедектерге ай сайын 2000 теңгеден 330 адамға 7920,0 мың теңге коммуналдық қызметтерге өтемақы төлемдері төленді.

Ауған соғысындаға қаза болған жауынгерлердін отбасыларына коммуналдық қызметтер шығыстарына 1 адамға 5,0 мың теңгеден 60,0 мың теңге төленді.

Республикалық және облыстық дәрежедегі дербес зейнеткерлерге ай сайын 2.0 мың теңгеден коммуналдық қызметтер шығыстарына 16 адамға 232,0 мың теңге төленді.

Алтын алқа, Күміс алқа, І-ІІ дәрежелі Ана даңқы орденімен марапатталған аналарға 1360 анаға 6800,0 мың тенге 4 және одан да көп 18-ге толмаған балалары бар көп балалаы аналарға 572 анаға 2860,0 мың тенге 8-наурыз мерекесі мен балаларды қорғау күні мерекесіне 5000 теңгеден бір жолғы материалдық көмек төленді.

Жалпы білім беретін мектептердің аз қамтылған отбасылардан шыққан түлектерге облыстың жоғарғы оқу орындарындағы оқуын төлеу үшін 36 балаға 19161,0 мың теңге әлеуметтік көмек төленді.

- Абай аудандық М.Әуэзов атындағы орталық кітапхананың ғимаратын ағымдағы жөндеуіне 34 553,0 мың теңге бөлініп, толық игерілді;

- Қарауыл ауылындағы М.Ауэзов, Бекбосынов, Ералы көшелерінің жолдарын жөндеуге 40 000,0 мың теңге бөлініп, толық игерілді;

- Қарауыл ауылындағы мәдениет үйін күрделі жөндеуден өткізу үшін 76 492,0 мың теңге бөлініп, толық игерілді;

- Қасқабұлақ ауылындағы М.Әуэзов атындағы отра мектептің қазандығының ағымдағы жөндеуіне 5 938,0 мың теңге бөлініп, толық игерілді;

- Қаламқас ән-би ансамбліне сахналық костюмдерді тігуге 5 520,0 мың теңге қаралып , 122 сахналық костюмдер тіктірілді.

- «Ауылдың гүлденуі-қазақстанның гүлденуі» атты марафон-эстафетасы бағдарламасына 2 379,0 мың теңге бөлініп, толық игерілді;

- Елді мекендердің көшелерін жарықтандыруға, оның ішінде тірек ауылдарын жарықтандыруға Саржал ауылының Қайырханов көшесіне, Қасқабұлақ ауылының Ауэзов көшесіне, Көкбай ауылының Шәкәрім көшесіне 17 413,0 мың теңге бөлініп, толық игерілді.

Облыстық бюджеттен нысаналы даму трансферттеріне бөлінген 48 038,0 мың теңге болса, төмендегідей болып бағытталды:

- Қарауыл ауылындағы бұрынғы «Нива» дүкенін өлкетану мұражай қылып қайта жаңғырту үшін 48 038,0 мың теңге бөлініп, 45 118,9 мың теңге игерілді, 2 919,1 мың теңге үнемделгендіктен қалдықта қалды.

- пайдаланылмаған трансферттерді қайтаруға 1 320,4 мың теңге қаражаттар бағытталынды:

2012 жылға арналған аудан бюджетінің кірістері 100,2 пайызға орындалды немесе жоспардағы 2 150 106,2 мың теңгенің орнына, нақты 2 153 792,7 мың теңге жергілікті бюджетке түсті.

Оның ішінде меншікті кірістер жоспары 208 720,0 мың теңге болса, ол 212 406,5 мың теңгеге немесе 101,8 пайызға орындалды. Бюджетке 3 686,5 мың теңгеге жоспардан тыс түсім түсті.

Төлем көздерінен салық салынатын кірістерге жеке табыс салығы жоспары 100,0 пайызға орындалды немесе жоспардағы 83 430,0 мың теңгенің орнына, нақты 83 836,1 мың теңге бюджетке түсті. Жекелеген әңгімелесу есебінен 406,1 мың теңге артық түсті.

Төлем көздерінен салық салынбайтын кірістерге жеке табыс салығы жоспары 8 649,0 мың теңге болса, нақты орындалысы 9 418,3 мың теңге болып, жоспар 109,0 пайызға орындалды.

Қызметін бір жолғы талон бойынша жүзеге асыратын кәсіпкерлерден алынатын жеке табыс салығы 115,0 пайызға орындалды немесе жоспардағы 600,0 мың теңгенің орнына, нақты 692,1 мың теңге бюджетке түсті. Нақты бақылау есебінен жоспар артық орындалды.

Әлеуметтік салық жоспары 72 477,0 мың теңге болса, нақты 75 072,6 мың теңге бюджетке түсіп, жоспар 104,0 пайызға орындалды. Шаруа қожалықтарының жыл бойынша берешектерінің төленуі, есебінен 2595,6 мың теңге артық түсті.

Жеке тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салық есепті кезеңге жоспардағы 553,0 мың теңге орнына, 553,2 мың теңге бюджетке түсіп, орындалысы 100,0 пайызды құрады.

Бірыңғай жер салығы жоспары есепті кезеңге 113,0 пайызға орындалды немесе жоспардағы 2 112,8 мың теңгенің орнына, нақты 2 384,1 мың теңге бюджетке түсті. Шаруа қожалықтарының жетекшілерімен әңгімелесу нәтижесінде, салық төлеушілердің санының көбеюі есебінен артық түсті.

2012 жылға арналған аудан бюджетінің шығындары 2 162 338,7 мың теңгеге нақтыланып, ол 2 161 731,3 мың теңгеге немесе 99,9 пайыз болып орындалды.

Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша есепті кезеңге қаржыландырудың төлемдер бойынша жоспарланған 252 615,9 мың теңге 252 576,3 мың теңгеге орындалып, 100 пайызды құрады.

Оның ішінде:

Мәслихат аппараты бойынша 1 саяси, 5 әкімшілік қызметкер және 2 штаттық бірліктегі келісім-шарт негізінде қызмет көрсетушілердің еңбекақы қоры шығындары мен 1 компьютер құралдары, 1 ноутбук басқада шығындарына 12 867,4 мың теңге жұмсалынды.

Әкім аппараты бойынша 106 099,8 мың теңге 1 саяси, 13 әкімшілік мемлекеттік қызметкерлер және 21 штаттық бірліктегі келісім-шарт негізінде қызмет көрсетушілердің еңбек ақы қоры шығыны мен басқада шығындарға бағытталды.

14 544,0 мың теңгеге 10 комплект компьютер, 1 женіл автокөлігі, 1 көшірме аппараты, 2 ноутбук, 1 манипулятор, 1 эксковатор ЭО 626 автокөлігі сатып алынды.

3 272,0 мың теңгеге қарлы боранның зардаптарын жою, су тасқынының алдын алу, дала өрттерін сөндіру үшін, жанар-жағар майлар алынды.

9 ауылдық округтер әкімдері аппараттарының 9 саяси, 28 әкімшілік мемлекеттік қызметкерлер мен 49,5 штат келісім-шарт бойынша қызмет көрсетушілердің еңбек ақы қоры шығыны мен басқада шығындарына және 19 қызметкердің білімдерін арттыруға жиыны 88 773,0 мың теңге жұмсалды.

Қаржы бөлімі бойынша 5 мемлекеттік қызметкер және 3 штаттық бірліктегі келісім-шарт негізінде қызмет көрсетушілердің еңбек ақы қоры шығыны мен басқада шығындарына және 1 қызметкер білімін арттырып келгендіктен жиыны 13 522,1 мың теңге игерілді.

149,6 мың теңге мүліктерді бағалауға жұмсалынды.

11,1 мың теңге бір жолғы талонмен жұмыс жасауға бағытталынды.

Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі бойынша 3 мемлекеттік қызметкер, 3 штатық келісім-шарт негізінде қызмет көрсетушілердің еңбек ақы қоры шығыны мен басқада шығындарына 10 837,7 мың теңге бағытталынды. Мекемеге 1 575,0 мың теңгеге 1 қызметтік жеңіл автокөлігі сатып алынды.

Қорғаныс бойынша 11 909,8 мың теңге жоспарланып, 11 908,6 мың теңгеге орындалды. Бұлар жалпы әскери даярлық шараларына, әскер қатарына тіркелушілерді дәрігерлік тексеруден өткізу, оларды облыс орталығына тасымалдау және жинақтау пункттерінің коммуналдық шығындарына жұмсалынды.

Білім беру саласы бойынша жоспарланған 943 708,4 мың теңге қаржы 943 481,3 мың теңгеге немесе 100,0 пайызға орындалды. Қалғаны 227,1 мың теңге. Оның ішінде: ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды асырап бағу үшін республикалық трансферт арқылы қаралған қаржаттан 10,5 мың теңге үнем бойынша, мектеп мұғалімдеріне берілетін Назарбаев Зияткерлік мектептері ДБҰ-ның оқу бағдарламалары бойынша біліктілікті арттырудан өткен мұғалімдерге еңбекақыны арттырудан 203,0 мың теңге артық жоспарланған қаржы есебінен, 13,6 мың теңге мектептерден қалған ұсақ қалдықтардан құралған. Қаралған қаржылар 12 жалпы білім беретін мектептер, саз мектебі, өнер мектебі, интернат, 3 балалар бақшалары және ортақтастырылған есеп бөлімі еңбек ақы қоры шығыны мен басқа да шығындарға бағытталды.

Облыстық бюджеттен Қасқабұлак ауылындағы М.Ауэзов атындағы орта мектептің қазандығына ағымдағы жұмыстарға 5938,0 мың теңге бағытталып, ол толығымен орындалды.

Жергілікті бюджет есебінен материалдық техникалық базаны нығайтуға 21 142,0 мың теңге қарастырылды, оның ішінде:

- Мамай орта мектебіне 4 427,0 мың теңгеге мультимедиялық кабинет алынды.

- Абай лицейіне 2 925,0 мың теңгеге шеберхана алынды.

- 559,0 мың теңгеге мектеп бухгалтерлеріне 1 компьютер және мектепке 1 компьютер алынды,

- 9 132,0 мың теңгеге кітаптар алынды,

- өзгеде сатып алуларға 3 324,0 мың теңге жұмсалды.

Көкбай орта мектебінде 28 742,2 мың теңгеге қүрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді, теплофон орнатылды, 12 мектеп бойынша 8 900,0 мың теңгеге ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамтамасыз ету саласы бойынша есепті кезеңге 164 708,0 мың жоспарланып, ол 164 638,8 мың теңгеге немесе 100,0 пайызға орындалды. Олар төмендегідей болып бағытталды:

- 240 жұмыссыздарды қоғамдық жұмысқа тартуға 15 109,0 мың теңге жұмсалды;

- жұмыссыз азаматтарға, кәсіптік білім беру және қайта даярлықтан өткізу мақсатында оператор ПЭВМ, дәнекерлеуші, шаштараз, «1с» бағдарламасы бойынша есепші, жүргізуші «В» категориясы мамандықтарына 26 адам оқуға жіберіліп 1 500,0 мың теңге игерілді;

- жастар іс тәжірбиесі бағдарламасы бойынша жоғары және арнаулы оқу орнын бітіріп келген 27 жұмыссыз жастарға, әлеуметтік жұмыс орындарына бағытталған 9 адамға , тұрақты жұмыспен қамтылған 194 адамға жиыны

4 399,0 мың теңге бағытталды;

- 152 отбасы мүшесіне мемлекеттік атаулы көмек көрсетіліп, оған 5134,6 мың теңге бағытталды.

- 320 жанұяға тұрғын үй жәрдемақысы төленіп, оған 5 175,1 мың теңге қаржы жұмсалынды;

- 38 208,0 мың теңгеге азаматтардың кейбір санаттарына әлеуметтік көмек көрсетілді. Оның ішінде: трансферттер есебінен кейбір азамат категорияларына 330 адамға 7 920,0 мың теңге көлемінде коммуналдық қызметтерге өтемақы төлемдері төленді. Республикалық және облыстық дәрежедегі 16 дербес зейнеткерлерге материалдық көмекке 232,0 мың теңге, ауған соғысында қайтыс болған 1 азаматтың отбасына 60,0 мың теңге, 36 балаға аз қамсыздандырылған отбасынан шыққан мектеп бітірушілерге әлеуметтік көмекке 19 161,0 мың теңге, «Алты алқа», «Күміс алқа», «Батыр ана» атағын алған 1360 анаға және 1,2 дәрежедегі «Анаға» орденімен марапатталған отбасыларға бір жолғы материалдық көмекке 6 800,0 мың теңге, 4 және одан да көп балалы отбасыларға бір жолғы материалдық көмекке 2 860,0 мың теңге, жергілікті бюджет есебінен жергілікті атқарушы органдар шешімі бойынша азаматтардың кейбір санаттарына әлеуметтік көмекке 1 284,3 мың теңге берілді;

- 3 751,0 мың теңгеге үйде тәрбиеленетін және оқытылатын 30 мүгедек балаларға материалдық көмек көрсетілді;

- 18 жасқа дейінгі 1965 балаға 29580,0 мың теңгеге жәрдемақы төленді;

- Мүгедектерді оңалту жеке бағдарламасына сәйкес, 22 мұқтаж мүгедектер міндетті гигиеналық құрал-жабықтарымен қамтамасыз етіліп, оған 1500,0 мың теңге бағытталды.

- аудан бюджетінен денсаулық сақтау, білім, мәдениет саласының мамандарына отын алу үшін әлеуметтік көмекке 6 480,0 мың теңге қаралып 900 адамға төленді.

Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы саласына жоспарланған 169 108,0 мың теңгенің 169 071,9 мың теңгесі игерілді. Оның ішінде:

- 74 859,9 мың теңге ауыл округтерінде көркейту және көгалдандыру жұмыстарына бағытталып, төмендегідей жұмыстар атқарылды: 1 350,0 мың теңгеге ауыл округтеріндегі күл-қоқыстары шығарылды, 32 500,9 мың теңгеге ауыл округтері жарықтандырылды. 41 009,0 мың теңге көркейтуге жұмсалды . Осы кейінгі қаржы төмендегідей болып бағытталды: 901,0 мың теңге алаңдарды көркейту мен безендірілуге жұмсалды, 6 227,0 мың теңге ауданды көркейту мен көгалдандыру жұмыстарына, 10 486,0 мың теңге Қарауыл ауылы мен Көкбай ауылындағы парктерді ағымдағы жөндеуден өткізуге, 1 200,0 мың теңге бюст жасауға, Қарауыл ауылындағы парктерді қайта жасақтауға 22 195,0 мың теңге жұмсалынды.

Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік саласы бойынша жалпы жоспары 329 234,4 мың теңге болса, ол 329 233,1 мың теңгеге орындалып, 100,0 пайызды құрады.

Мәдениет үйінің 69,5 шататтық бірліктегі мәдениет қызметкерлерінің еңбек ақы қоры шығыны мен басқа да шығындарына 198 133,5 мың теңге бағытталынды.

10 кітапханаға және кітапханалық жүйенің қызмет етуіне 53 909,9 мың теңге қаралған.

Жыл ішінде жергілікті, облыстық, республикалық деңгейдегі өтетін мәдени іс-шараларына бюджет есебінен 198 133,5 мың теңге жұмсалды.

Облыстық бюджеттен трансферт есебінен 116 565,0 мың теңге жұмсалынды. Бұлар: Қарауыл ауылындағы мәдениет үйін күрделі жөндеуге, М.Ауэзов атындағы кітәпхананың ғимаратын ағымдағы жөндеуге, ән-би ансамбіліне костюмдар тіккізуге бағытталған.

Қарауыл ауылында Нива дүкенін өлкетану мұражайына айналдыру үшін 45 118,9 мың теңге жұмсалды, ол толық игерілді және Саржал ауылдық сауда үйін клубқа айналдыруға қайта жасақтау үшін 3 844,0 мың теңге жұмсалды, ол да 100 пайыз орындалды.

Ауданның денешынықтыру және спорт бағытына 5 714,0 мың теңге жұмсалды.Оның ішінде аудандық, облыстық дәрежеде өткізілетін спорттық іс шараға 4 650,0 мың теңге бағытталды.

Аудандық ортақтастырылған кітапхананың 24,0 штаттық қызметкерлерінің еңбек ақы қоры мен басқа да шығындарына 15 170,0 мың теңге жұмсалды.

Ауданның мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне 3 645,4 мың теңге бағытталынды. Бұл қаржы:

- 3 мемлекеттік қызметкердің еңбек ақы қоры шығыны мен басқада шығындарына жұмсалды.

Ауданның ішкі саясат бөліміне 11 846,0 мың теңге бағытталынды. Оның ішінде;

- 5 846,0 мың теңгесі 3 мемлекеттік қызметкердің еңбек ақы қоры шығыны мен басқада шығындарына бағытталды.

- 6 000,0 мың теңгеге жергілікті газет арқылы мемлекеттік саяси ақпарат жүргізілді,

- жастар саясаты саласындағы өңірлік бағдарламаларды іске асыруға 2 684,0 мың теңге бағытталынса, бұның ішінде облыстық бюджеттен «Ауылдың гүлденуі-Қазақстанның гүлденуі» атты жастар марафоны эстафетасы іс-шарасына 2 379,0 мың теңге жұмсалынды;

Ауыл шаруашылығы, жер қатынастары саласы бойынша 97 511,0 мың теңге бағытталынған. Оның ішінде;

- 23 975,7 мың теңге (республикалық трансферт есебінен) қаралып, 10 жас мамандарға тұрғын үй алу үшін бюджеттік несиелер берілді;

- ауылдық елді мекендердің әлеуметтік саласының мамандарын әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру шеңберінде 2 539,0 мың теңге қаралып, 2 360,6 мың теңгесі игерілді, (9 маманға 113,3 мың теңгеден 1 019,3 мың теңге берілді, 1 341,3 мың теңге банк қызметіне төленді) қалған 178,4 мың теңге ветеринар мамандығы жоқ болғандықтан игерілмеді;

- жер қатынастары бөлімінің 3 мемлекеттік қызметкерінің еңбек ақы қоры шығыны мен басқада шығындарына 5 656,2 мың теңге жұмсалды;

65 538,0 мың теңге эпизотияға қарсы іс-шаралар жүргізуге жоспарланып, ол толық игеріліп, төмендегі бағыттарға жұмсалды;

- 166,6 мың теңге дәрі-дәрмектерді сақтауға және жеткізуге;

- 65 171,4 мың теңгеге 180 433 бас ірі қара, 369 003 бас қой-ешкі, 35 189 бас жылқы, 1 200 бас ит, 272 бас түйе және құс тұмауына қарсы 7 980 бас үй құстарына егу жұмыстары жүргізілді.

Өнеркәсіп, сәулет, қалақұрлысы және құрылыс қызметі саласы бойынша 8 114,8 мың теңге жоспарланып, оның 8 114,0 мың теңгесі игерілді. Соның ішінде 900,0 мың теңгеге аудан аумағында қала құрылысын дамытудың кешенді схемаларын, ауылдық елді мекендердің бас жоспарларын әзірлеуге, 3 912,8 мың теңге 3 мемлекеттік қызметкердің еңбек ақы қоры шығыны мен басқада шығындарына бағытталынды.

Көлік және коммуникация саласы бойынша 92 728,0 мың теңге қаржы қаралып, ол толық игерілді. Оның ішінде:

- 10 764,0 мың теңге ауданаралық деңгейдегі жолдарды ағымдағы жөндеу, қысқы - жазғы күтіп ұстау жұмыстарына;

- 40 000,0 мың теңге Қарауыл ауылының көшелеріне 2,8 км-ге толықтай асфальт төсеулеріне;

- 41 964,0 мың теңгеге аудан орталығы көшелеріне 2100 м/8000 м2-ге асфальт төсеулеріне орта жөндеу жұмыстарына бағытталынды.

Басқалар саласы бойынша 79 520,7 мың теңге жоспарланып, ол 79 505,4 мың теңгеге орындалды, немесе 100,0 пайыз. Оның ішінде;

- Кәсіпкерлік қызметті қолдау барысында «Үздік кәсіпкер» атты конкурс өткізуге 179,0 мың теңге жұмсалды.

- Кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімінің 6 мемлекеттік қызметкеріне, 2 келісім-шарт негізінде қызмет көрсетушілердің еңбек ақы қоры шығыны мен басқада шығындарына 12 490,2 мың теңге бағытталынды.

- Білім бөлімінің аппаратының 5 мемлекеттік қызметкер және 3 штаттық бірліктегі келісім-шарт негізінде қызмет көрсетушілердің еңбек ақы қоры шығыны мен басқада шығындарына 10 387,0 мың теңге бағытталынды.

- Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы бөлімінің 3 мемлекеттік қызметкерлерінің еңбек ақы қоры шығыны мен басқада шығындарына 15 391,2 мың теңге жоспарланып, ол 15 390,4 мың теңгеге орындалып, 100,0 пайызды құрады. Бұның 248,0 мың теңгесіне 1 компьютер жабдығымен алынды.

Борышқа қызмет көрсетуге қарыздар бойынша сыйақылар мен өзге де төлемдерді төлеуге 2,2 мың теңге бағытталынды.

Трансферттер бойынша өткен жылдың пайдаланылмаған 1 320,4 мың теңге трансферті тиісті бюджеттерге қайтарылды.

Қарыздарды өтеуге, өткен жылы алынған кредит қайтарымы үшін 1 382,0 мың теңге бағытталынды.

Аудан бойынша 01.01.2013 жылға ақылы қызметпен жұмыс жасайтын мектептер мыналар: «Абай атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-лицей» ММ. Ақылы қызметтің 2012 жылғы түсімі 299,2 мың теңге, оның ішінде 3,0 мың теңге 01.01.2012 жылға қалған қалдық қаржы. Жұмсалғаны 299,2 мың теңге болса, жыл соңына қалдық жоқ. Бұл қаржылар күнделікті қажетті кеңсе тауарларына, шарушылық шығыстарына, дәрі- дәрмек, іс-сапар шығындарына, еңбек ақы төлеуге жұмсалған.



Похожие:

2012 жылы бюджет қаржысын игерілуі туралы iconОблыс бюджетінің 2012 жылдың 9 айдың қорытындысы бойынша атқарылуы туралы
Р.Ә. Исаева баяндама жасады. Мәжілісте облыс әкімі бюджет қаржысы әлі де тиісті деңгейде игерілмей жатқандығын атап өтіп, облыстық...
2012 жылы бюджет қаржысын игерілуі туралы iconБюджет қаражатының бөлінуі және игерілуі

2012 жылы бюджет қаржысын игерілуі туралы iconБюджет қаражатының бөлінуі және игерілуі

2012 жылы бюджет қаржысын игерілуі туралы iconБюджет қаражатының бөлінуі және игерілуі

2012 жылы бюджет қаржысын игерілуі туралы iconБюджет қаражатының бөлінуі және игерілуі

2012 жылы бюджет қаржысын игерілуі туралы iconБюджеттік қаражаттың игерілуі туралы
Республикалық бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттер бойынша 1 062 746,0 мың теңге жоспар аясында игерілуі 1 062 264,5 мың теңгені...
2012 жылы бюджет қаржысын игерілуі туралы iconҚұрметті Алик Серікұлы! Құрметті депутаттар!
Сіздердің құзырларыңызға 2013 жылы Маңғыстау облысы бойынша құрылысқа және тұрғын үй құрылысына бөлінген қаражаттың игерілуі туралы...
2012 жылы бюджет қаржысын игерілуі туралы iconБозанбай ауылдық округі әкімінің 2012 жылы атқарылған жұмыстары туралы есебі
Біз бүгін 2012 жылы атқарылған жұмыстарды қорытындылау және 2013 жылы жоспарланған іс- шараларды талқылау үшін кездесіп отырмыз
2012 жылы бюджет қаржысын игерілуі туралы iconМ.Ө. Нысанбаевқа «Маңғыстау облыстық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінде жүргізілген бақылау нәтижесі бойынша
Бақылаудың мақсаты: Жергілікті бюджет қаржысын пайдалануда Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігі, есепке алу және есептілікті...
2012 жылы бюджет қаржысын игерілуі туралы iconБозанбай ауылдық округі әкімінің 2011 жылы атқарылған жұмыстар туралы есебі
Біз бүгін 2011 жылы атқарылған жұмыстарды қорытындылау және 2012 жылы жоспарланған іс- шараларды талқылау үшін кездесіп отырмыз
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы