Аудан әкімі Т. Мүсәпірбековтің Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 21 жылдығына арналған салтанатты жиналыстағы баяндамасы icon

Аудан әкімі Т. Мүсәпірбековтің Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 21 жылдығына арналған салтанатты жиналыстағы баяндамасы



НазваниеАудан әкімі Т. Мүсәпірбековтің Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 21 жылдығына арналған салтанатты жиналыстағы баяндамасы
Дата конвертации08.04.2013
Размер90.35 Kb.
ТипДокументы
источник

Аудан әкімі Т.Мүсәпірбековтің Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 21 жылдығына арналған салтанатты жиналыстағы баяндамасы

Қарауыл

13 желтоқсан 2012 жыл

Ардақты ағайын!

Қымбатты қауым!

Баршаңызды егемен еліміздің ұлық мейрамы, өткенді саралап, келешекке көз жүгіртетін атаулы күн Тәуелсіздік күні мерекесімен құттықтаймыз.

Бабаларымыздың білегінен, аналарымыздың жүрегінен, даналарымыздың тілегінен, жалынды жастарымыздың жігерінен қуат алған Тәуелсіздік – ең асыл қазынамыз.

Биыл халқымыздың «Тәуелсіздік» деген тәтті сөзге тілі келгелі, егемен елде тыныстап, бостандық туын ұстағалы 21 жыл толды.

Кеше ғана күллі әлем жұрты күдікпен қараған Отанымыз бүгінде дамушы елдердің көшбасында келе жатқан кемел мемлекетке айналып отыр.

Айбыны асқақ, ажарлы Астанамызды әлем жұрты жаңа ғасырдағы жасампаз мемлекеттің жетістігі ретінде мойындауда.

Кеше ғана Парижде өткен «Экспо-2017» көрмесін өткізуде 157 мемлекеттің басым көпшілігі Елордамызға дауыс беріп, абыройымызды тағы да асқақтатты.

2012 жыл мемлекетіміз үшін толағай табыстарға толы жыл болды.

Мәселен, 4 жылда бір болатын жер жаһанды дүбірлететін Олимпиада ойындарындағы Қазақстанның биылғы жетістігі айрықша.

Лондон төрінде Көк туымыздың бірнеше мәрте желбіреуі жан дүниемізді елжіретті.

Тамыры тасқа жазған таңбалардан бастау алған, халқымыздың тарихы тәуелсіздік алғалы қайта түледі.

Азаттық жолындағы Алаш арыстарының абыройлы істері ақталып, ұрпақ санасында сақталды.

Мәдениет пен әдебиет саласындағы құнды дүниелер қазақ халқымен қаймағын бұзбай қауышты.

Елбасымыздың бастамасымен қолға алынған «Мәдени мұра» бағдарламасы арқылы өшкеніміз жанып, өлгеніміз қайта тірілді.

Тәуелсіздіктің арқасында ата-бабаларымыз салып кеткен сара жолға салауат айтып, ғаламат келешекке бастайтын жаңа жолда келе жатырмыз.

Егемендіктің енді бір шаттығы – туған тілдің мәртебесі.

Азаттық алғалы тіліміз, дініміз, діліміз түлеп, еліміздің рухани байлығы артып жатқаны белгілі. Ешкімнің ала жібін аттамаған, ешкімге де жаулық сақтамаған ата-бабаларымыздың қасиетті сенімін ардақ тұтудамыз.

Абай хакім бір сөзінде «Адам баласы адам баласынан ар, мінез, ақылмен озады. Өзге нәрселермен озам деу – бос әурешілік» деген екен.

Бүгінде білімді, салауатты, парасатты ұрпақ мемлекет тірегі болып отыр.

Білімді ұрпақ – болашақ кепілі.

Олар еліміздің индустриялы-инновациялық дамуына өлшеусіз үлес қосатын ертеңгі мемлекет иелері.

Қадірлі қауым!

Осынау жетістіктердің барлығы да Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен тікелей байланысты. Халық пен Елбасы – біртұтас. Сондықтан да біз бүгінгі таңда бір – Отан, бір – тағдыр, бір – Елбасы қағидасын ұстанудамыз.

Биыл 1 желтоқсанда Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті күні алғаш рет мемлекеттік мереке ретінде аталып өтті. Бұл – Елбасымыздың халық игілігі, ел мұраты жолындағы ұзақ жылғы ұлан-ғайыр еңбегіне деген бүкілхалықтық құрмет.

Тарих үшін аз ғана уақыт ішінде татулықты ту еткен, бірлігі жарасқан халқы бар, «береке түбі тірлік» дейтін ата дәстүр салты бар қуатты мемлекетіміз қарыштап даму үстінде.

Бүгінде еліміз әлемдік дамушы мемлекеттер ішінде 46-орынға көтерілуі – елдегі экономикалық тұрақтылықтың, халқымыздың әл-ауқатының өсуінің көрсеткіші.

Әр қазақстандықтың, әр отбасының, бүкіл Қазақстанның өркендеуінің басты көзі ретінде Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамын құру бойынша нақты міндеттер белгіленген.

Осы идеяны жүзеге асыру – біздің халқымыздың ұлы мақсатқа жетуінің кепілі.

Тәуелсіздік жылдарында ұлтымыздың алтын тамыры ауыл қайта жаңғырып, жаңаша тыныстады. Бүгінгі ажарланып, арайланған тірек ауылдары Елбасымыздың агроөнеркәсіп кешенін дамытудағы көреген саясатының нәтижесі.

^ Ардақты әлеумет!

Мемлекетіміздің мерейлі мерекесін Абай елінің халқы үлкен саяси өрлеу, береке-бірлік, көтеріңкі көңіл-күймен қарсы алып отыр.

Ауданымыз әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері бойынша облыста алдыңғы орындарға шықты.

Мемлекет басшысының тікелей бастамасымен қолға алынған Тірек ауылдары бағдарламасына енгізілген Көкбай, Саржал, Қасқабұлақта біршама жұмыстар атқарылды. Аталған ауылдардың келбеті ажарланып, жаңа саябақтар, жасанды футбол алаңдары жасалынып, көшелер жарықтандырылды. Көркейту, көгалдандыру, жаңа әлеуметтік нысандар ашу жұмыстары басқа да елді мекендерде де қызу қолға алынды.

Аудан экономикасының басты саласы мал шаруашылығы қарқынды дамып, мал басы барлық түлік бойынша өсіп келеді.

Бұрынғы Кеңес үкіметі кезіндегі ауданда өрістеген мал шаруашылығы санына бүгінде қой саны жетіп қалғандығы, ал, қазіргі таңда Кеңес үкіметі кезіндегіден мүйізді ірі қара саны 5 есеге, жылқы саны 2 есеге артып отырғандығы бұл саланың қалыпты дамып келе жатқандығын көрсетеді.

Сондай-ақ бүгінде саны 37-ге жетіп отырған асыл тұқымды мал өсіретін шаруашылықтар өнім сапасын жақсартуға ұйытқы болуда.

«Сыбаға», «Жайлау» бағдарламасы бойынша жергілікті шаруа қожалықтары кәсібінің өрісін кеңейту мақсатында мемлекет қамқорлығын ұтымды пайдаланып отыр.

Ауданда «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасы аясында 2011 жылы 53 млн.теңге, биыл 81 млн. теңге көлемінде несие алынып, оның 121 млн. теңгесі мал сатып алуға жұмсалған.

Жергілікті кәсіпкерлердің мәрттік танытып, қолдауымен «Туған жерге тағзым» акциясы аясында ауқымды жұмыстар жүзеге асырылды. Мәселен, әнші, өнертанушы Жәнібек Кәрменовтің ескерткіші ашылды. Барлық ауылдарға қақпалар орнатылып, ауылдарымыздың ажары артып, көптеген игілікті істер атқарылуда.

Дана Мұхтардың «Ел боламын десең – бесігіңді түзе» деген сөзі әр қазақ шаңырағының айнымас темірқазығына айналғаны сөзсіз. Сол себептен ауданда тұрғындардың өз үйлерін, көшелерін, ауылдарын абаттандыру, көркейту, таза ұстау жұмыстары қалыптасып келеді. Барлық ауылдарда үйлерді ақтау, шарбақтарды бояу, аулаларды көркейту шаралары жалпы халықтық сипат алуда.

Аудан орталығындағы Құнанбай, Әуезов, Бекбосынов, Ералы көшелеріне асфальт төселініп, Әйгерім, Әуезов, Көкбай көшелері жарықтандырылды.

Абай еліндегі оң өзгерістерді, атқарылған игілікті істерді облыс көлеміне насихаттау мақсатында қараша айында облыстық көшпелі әкімдігі өтіп, қала, аудан басшылары халық боп жасалған жұмыстармен танысты.

Абай елінің өнердегі «бойтұмары» «Қаламқас» халық ән-би ансамблінің 40 жылдық мерей тойы – өткенді зерделеу мен өнер ұжымының жаңа шығармашылық жаңғыруының көрінісі болды. Демеушілер арқылы «Айттым сәлем, Қаламқас» кітабы шығарылды.

Абай елінің өнерпаздары 29-30 қарашада өткен облыстық аудан, қала арасындағы байқауда бірінші орынды жеңіп алды.

Күрделі жөндеуден өткен мәдениет үйі, аудандық кітапхана, ондағы жаңа жабдықтар ауданның мәдениеті мен өнерінің өрістеуіне тың серпін береді деп сенеміз.

Шыңғыстаудай тарихи өңірде жаңадан ашылған өлкетану мұражайының ел тарихын түгендеудегі, бабалар аманатын балаларына жеткізудегі орны ерекше болмақ. Ата-әжелеріміздің өнегелі өмір жолы, қашанда ұрпаққа ұлағат.

Ауданда басқару-ұйымдастырушылық, қоғамдық-саяси және мәдени шараларды жүйелі, жоспары түрде жүргізіліп келеді.

Биылғы жылы ақпан-сәуір айлары аралығында «Өркендей бер, туған елім!» атты ауылдық округтер мен аудан мекемелері арасында өнер байқауы өтті.

Наурыз мерекесі, Қазақстан халқының бірлігі күні, Ұлы Жеңістің 67 жылдығы, Мемлекеттік рәміздер мен Астана, Конституция күндері және биыл алғаш рет тойланған Тұңғыш Президент күні жұртшылықтың белсенді қатысуымен, жаңа идеялық мазмұндылығымен ерекшеленді.

Заманымыздың заңғар жазушысы, ұлы жерлесіміз Мұхтар Әуезовтың 115 жылдығы аталып өтті.

Қазақтың тұңғыш кәсіби скрипкашысы Әйткеш Толағанбаевтың 90 жылдығына орай оның шығармашылығы аудан көлемінде насихатталды.

Көрнекті ақын Мерғали Ибраевтың 70 жылдық мерейтойына байланысты облыстық мүшайра ұйымдастырылды.

Олимпиада жеңімпаздарына арналған форум, «Қазақстан барысы» жүлдегерлерімен кездесуге арналған шаралар, қазақ күресінен Манарбек Таутановты, Мағауия Оразбеков еске алуға арналған республикалық, облыстық турнирлер ауданда спорттың дамуына игі ықпал еткені сөзсіз.

Аудан жастары арасында үлкен қызығушылық тудырған «Шыңғыстау серісі» сайысы, «Біз – Қазақстан патриоттарымыз» атты акция жастарымыздың жаңалыққа, өнерге құштарлығын, отаншылдық сезімдерінің биіктігін көрсетті.

Киелі жердің текті ұрпақтарының қолымен бүгінгі жасалып жатқан жарқын істерді Алты Алаш баласы біліп отыр.

Жастардың өнерін, халықтың ұйымшылдығын облыс әкімі Бердібек Сапарбаев лайықты бағалап, үлкен қолдау көрсетіп отырғанын айта кеткеніміз орынды.

Төлеген Жанғалиев жетекшілік ететін «Ақсұңқар» ақындар сыныбының жас таланттарының тұңғыш жыр жинағы аудандық бюджет қаржысы арқылы жарық көрді.

Таяуда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай Астанада өткен Республикалық жазба ақындар мүшайрасында бірінші орынға ие болған Төлеген Жанғалиұлын үлкен жеңісімен құттықтаймыз. Бұл – Абай елінде өлең отының өшпегендігінің айқын дәлелі.

Көптен бері Абай ауданының азаматтары мемлекеттік марапаттарға қолы жетпей жүр еді. Бұл ауданда лайықты адамдар жоқ болды деген сөз емес. Атқарған игілікті істерінің жемісін әр адам көруі тиіс.

Биыл үздік еңбектері үшін ауданымыздың бірқатар азаматтары мемлекеттік марапаттарға ие болды.

Өзінің іскерлігімен ауыл шаруашылық саласында айшықты із қалдырған Амантай Мұқатаевты «Құрмет» орденімен марапатталуына Елбасы қол қойды. (Орденді ертең облыс әкімі тапсырады)

Сондай-ақ, Елбасы Жарлығымен облыстағы екі адам «Қазақстанға еңбегі сіңген қайраткер» атағына ие болса, оның біреуі мақтанышымыз – Бақыт Шағатаева. (Орденді ертең облыс әкімі тапсырады)

Бұл – өте жоғары деңгейдегі атақ. Бұндай құрметтерге некен-саяқ адамдар ие болатынын ескерсек, Бақыт апайымыздың Абай еліне сіңірген еңбегінің өтелуі деп қабылдаймыз.

Шығыс Қазақстан бойынша үш адамның бірі болып ауданның сәулет және қала құрылысы бөлімінің бастығы Базар Рахимов «Қазақстанның құрметті құрылысшысы» атағына ие болды.

Биылғы жылы облыста мәдениет саласында «Мәдениет қайраткері» атағын алған сегіз адамның үшеуі Абай ауданынан. Олар: Нүргүл Демесінова, Космонавт Төлеуханов, Ария Айтбаева.

Ерен еңбегі, мінсіз қызметі үшін Үкімет марапаттарына ие болға жерлестерімізді құттықтай отырып, алдағы жұмыстарына табыс тілейміз.

Марапатталған азаматтарды айрықша атап отырғанымыз мақтан емес. Бұл – бәріміздің жетістігіміз, халық болып атқарған жұмыстың жемісі.

Барды бағалап, жақсыға қуанып, құрмет көрсете білейік. Болашақта «Мен де осындай жетістікке жетсем» деп белсенді еңбек етуге тиіспіз.

Алайда, өкінішке орай тиісті сала басшылары тарапынан мұғалімдерге, дәрігерлерге марапаттар, атақтар беру жөнінде облыстық басқармаларға ұсыныстар жіберілмеген. Ұсыныс болмағасын нәтижеде сұрай алмайдық. Бұл келешекте ойланатын жағдай.

Құрметті жерлестер!

Алдымызда жарқын үміттерге толы жаңа 2013 жыл күтіп тұр. Бұл жыл – Шәкәрім бабамыздың 155 жылдық мерекесі. Тағдырдың кермек дәмін татқан кемел ойшылдың мерейтойын жоғары деңгейде өткізу бәрімізге үлкен сын. Осыған орай өткізілетін іс-шаралардың тұжырымдамасын қазірден бастап қолға алуымыз қажет.

Бүгінгі мерекелі мезетте ауданның өркендеуіне айтарлықтай із қалдырған алдыңғы толқын ардагер ағаларымыз бен аяулы аналарымызға елдің береке-бірлігінің ұйытқысы болып отырғандығы үшін алғыс айтамыз.

Ауданның ыстығына күйіп, суығына тоңып, аса жауапты тапсырмаларды мүлтіксіз орындап, ауданды көркейтуге, экономикалық әлеуетін арттыруға ерен еңбектерімен ерекше үлес қосып келе жатқан мекеме басшыларына, әкімшіліктегі бөлім басшыларына, ауыл әкімдеріне Тәуелсіздік күнімен құттықтай отырып, еңбектеріне жеміс, жанұялық бақыт тілейміз.

Шәкірттерді жүрек жылуымен аялап, білімнің кәусар бұлағынан сусындатып, үлкен өмір жолына қанаттандырып, жас ұрпақ пен ата-ананың алғысын арқалаған халық тәрбиешісі, жаңалықтың жаршысы ұстаздар қауымына ризашылық білдіреміз.

Кімнің де болса жаны қиналған сәттегі жанашыры, адам өмірі мен денсаулығы үшін күресетін, емі шипалы, халыққа қалтқысыз қызмет етіп жүрген ақ халатты абзал жандарға үлкен рахмет айтамыз.

Ауданның рухани жаңғыруына, абаттанып, көркеюіне айтарлықтай үлес қосып келе жатқан мәдениет қызметкерлеріне, өнер мектебінің ұжымына, саз мектебінің ұстаздарына еңбектеріңіз жемісті, өнерлеріңіз өрісті болсын дейміз.

Туған жердің туын биіктетіп, тарихи тұлғаларды қастерлеп, ауылдарды өркендетуге атсалысып жүрген елім деген жомарт жүректі, жайсаң жанды кәсіпкер азаматтарға ел атынан алғысымыз шексіз.

Жарқын бастамалары, үздік білімі, өрісті өнерімен топ жарып, ұлылар мекенінің ұландары екендігін танытып жүрген ел болашағы жастарымыздың әр бастамаларына сәттілік тілейміз.

Ардақты ағайын!

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Біз үшін ең бастысы – Тәуелсіз Қазақстанның тұтастығы мен тұрақтылығы» деп атап көрсеткеніндей, ежелден қалыптасқан берік бірлігімізді, тату тірлігімізді сақтап, жаңа белестерге жете берейік.

Ең асыл қазынамыз, ең ұлы мерекеміз, ең мерейлі мақтанышымыз – Тәуелсіздік күні құтты болсын, ағайын!




Похожие:

Аудан әкімі Т. Мүсәпірбековтің Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 21 жылдығына арналған салтанатты жиналыстағы баяндамасы icon14. 12. 2011 ж Құрметті жерлестер!
Аудан әкімі Т. Мүсәпірбековтың Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған салтанатты жиналыстағы баяндамасы
Аудан әкімі Т. Мүсәпірбековтің Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 21 жылдығына арналған салтанатты жиналыстағы баяндамасы iconҚазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20-жылдығына арналған іс-шаралар
Белокаменка негізгі мектебінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20-жылдығына арналған акция өткізілді
Аудан әкімі Т. Мүсәпірбековтің Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 21 жылдығына арналған салтанатты жиналыстағы баяндамасы iconҚазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 –жылдығына арналған жас музыканттар 11 қалалық сайысы өткізу туралы ақпарат
...
Аудан әкімі Т. Мүсәпірбековтің Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 21 жылдығына арналған салтанатты жиналыстағы баяндамасы iconБекітемін көкпекті ауданының әкімі Д. М. Мусин
Көкпекті ауданы бойынша Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған
Аудан әкімі Т. Мүсәпірбековтің Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 21 жылдығына арналған салтанатты жиналыстағы баяндамасы iconАудан әкімі Т. Мүсәпірбековтің «Туған жерге тағзым» акциясында сөйлеген сөзі
Ынтымақтығы жарасқан аудан халқы ел тәуелсіздігінің 20 жыл ішінде қол жеткен табыстарын баянды ете отырып, ұлы жерлесіміз әлемге...
Аудан әкімі Т. Мүсәпірбековтің Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 21 жылдығына арналған салтанатты жиналыстағы баяндамасы iconҚр тәуелсіздігінің 20 – жылдығына арналған мектеп оқушылар арасындағы спартакиада 24 қыркүйек күні, сағат 10: 00 – де «Курчатов қаласы бойынша ШҚо бжсм»
Р тәуелсіздігінің 20 – жылдығына арналған мектеп оқушылар арасындағы спартакиада өткізілді. Аталған спартакиадаға №1 және №3 қала...
Аудан әкімі Т. Мүсәпірбековтің Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 21 жылдығына арналған салтанатты жиналыстағы баяндамасы icon1 орта мектептегі Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған «20 жұлдызды күн» шеңберінде «Менің Қазақстаным» атты тақырыпта өткізілген іс – шаралар
Күн», «Тәуелсіздіктің жиырма шыңы», «Менің Қазақстаным» тақырыптарында Тәуелсіздіктің – 20 күндігінің басталуының салтанатты жиыны...
Аудан әкімі Т. Мүсәпірбековтің Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 21 жылдығына арналған салтанатты жиналыстағы баяндамасы iconҚазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған 10 000 теңгелік Қазақстан ескерткіш банкнотасы «2011 жылдың үздік банкнотасы» деп танылды
Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған 10 000 теңгелік Қазақстан ескерткіш банкнотасы «2011 жылдың үздік банкнотасы»...
Аудан әкімі Т. Мүсәпірбековтің Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 21 жылдығына арналған салтанатты жиналыстағы баяндамасы iconҚазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған Әскери-патриоттық клубтардың төртінші республикалық слетiн өткiзу туралы
«Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мемлекеттік тапсырысын орналастыру туралы» Қазақстан Республикасы Білім және...
Аудан әкімі Т. Мүсәпірбековтің Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 21 жылдығына арналған салтанатты жиналыстағы баяндамасы iconҚазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20-жылдығына арналған «Менің Қазақстаным!»
«Менің Қазақстаным!» аудандық халық көркемөнерпаздар шығармашылығының байқауын өткізу туралы ереже
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы