|
Аудан әкімі Т.Мүсәпірбековтың 2011 жылғы мектеп бітірушілердің «Жас толқын» фестиваліндегі құттықтау сөзі. 20.06.2011 жыл Құрметті қауым! Қадірменді ата-аналар, мектеп бітіруші түлектер! Бүгін ауданда дәстүрлі мереке - мектеп бітірушілердің «Жас толқын» фестивалі өтуде. Мектеп бітірушілердің биылғы фестивалі ел өміріндегі айтулы оқиға Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы қарсаңындағы бүкілхалықтық өрлеу кезінде өтуімен ерекшеленеді. Елбасымыз Н.Назарбаев: «Тәуелсіздіктің қадірін жете сезінетін, отаншыл, мемлекетшіл, білімді жастардың өсіп келе жатқаны мені қуанышқа бөлейді» - деп, атап көрсетіп, «Өмір бойы білім алу» әрбір қазақстандықтың жеке кредосына айналуы тиістігі жөнінде міндеттер қойды. Осы талапты жүзеге асыруда ауданның білім беру саласында біршама оңды істер атқарылуда. Биылғы жылы тарихи өңірімізден 197 мектеп бітіруші түлек үлкен өмірге қанаттанып отыр. Аудан бойынша Ұлттық бірыңғай тестілеуге 173 оқушы қатысты, білім деңгейінің орта көрсеткіші – 99,29 балл. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен 7 баллға жоғары. 14 оқушы «Алтын белгі», 11 оқушы «Үздік аттестат» иегерлері атанды. Ауданымыздың абыройын биіктетіп, мерейін өсірген білімді ұл-қыздарымызды және олардың ұстаздарын тамаша табыстарымен құттықтаймыз. Құрметті мектеп түлектер ! Бүгінгі фестиваль – Сіздердің өмірлеріңіздегі ұмытылмас тарихи оқиға. Фестивальдің «Жас толқын» аталуы тегін емес. Бұл сөзге елдің келешегі мен үміті еңгізілген. Сіздер бүгін мектеп бітіріп отырсыздар. Алдарыңызда сан тарау жол жатыр. Өз болашаңызды таңдап, кездескен қиындықтарды еңбекпен, біліммен жеңе біліңіздер. Ал, ұлы Абай, кемеңгер Шәкәрім, ғұлама Мұхтардың рухтары, аталарымыздың ақ батасы бәрінді қолдайтыны, жебейтіні ақиқат. XXI ғасыр - білім мен ғылым ғасыры. Бәрі өздеріңнің ерік-қайраттарыңа, ақыл-парасаттарыңа байланысты. Өздеріңді баласындай тәрбиелеп, білім берген аяулы, парасатты ұстаздардың еңбегі ерекше. Бүгінгі мерекеде барлық ұстаздардың есімдерін атау мүмкін емес. Сондықтан, барша ұстаздар қауымына үлкен ризашылықпен алғыс айтамыз. Құрметті мектеп түлектері бүгінгі қуаныштарыңыз құтты болсын! Болашақтарыңызға табыс, бақыт, сәттілік, ақ жол тілеймін! |
![]() | Құттықтау сөзі. Қадірменді, қауым! Бүгін біздер мектеп бітіруші түлектердің дәстүрлі «Жас толқын» фестивалінде жүздесіп тұрмыз | ![]() | Мектеп пен ата-ана байланысы неге аз? Тіпті оқу жылы ағымында мектепшілік өтілетін ата –аналар жиналысына, сынып жиналысына келмейтін ата –аналар кездеседі. Міне осындай... |
![]() | Сценарий праздничной линейки, посвященной Дню знаний в школе-лицее №101 Звучит музыка на школьную тематику. Фанфары. Выход ведущих Ведущий 1(Рамазан) Қайырлы күн қүрметті қонақтар, ұстаздар, ардақты ата аналар, мектеп оқушылары және мектеп табалдырығын алғаш... | ![]() | Түлектердің балы Өткен сенбіде Шарбақтының орталық алаңында дәстүрлі «Жас толқын-2009» Сынып жетекшілердің атынан Валентина Михайловна Еременко, ата-аналардың атынан Марина Ивановна Рандюк құттықтады. Мерекелік ойын-сауықтар,... |
![]() | Б. Т. Жанақовтың медицина қызметкерлеріне арнаған құттықтау сөзі 18 маусым 2010 жыл Құрметті медицина қызметкерлері! Ел басына күн туған қиын-қыстау заманда да ауруларды сырқатынан айықтырып, әманда халықтың қамқоршысы болып қол ұшын беріп жүретін... | ![]() | Құттықтау сөзі. Құрметті, ардагерлер! Абай елінің өркендеуіне айтарлықтай үлес қосқан ағалар! Ең алдымен сіздерді жарқын мереке Республикамыздағы ең беделді ұйым ардагерлер қозғалысының 25 жылдығымен шын жүректен құттықтауға... |
![]() | 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесіндегі құттықтау сөзі. Құрметті жерлестер, ардақты ағайын! Баршаңызды нұр шашқан көктем мерекесі Қазақстан Халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймыз | ![]() | Информационное сообщение сайта aralakimat kz А. аленов кошесинин бир топ ата аналар атынан Мына жанадан салнып жаткан №64 ши мектеп кашан аякталады екен салнып жатканына 4-жыл... |
![]() | Балалар мен ата-аналар қарым-қатынасы Осының барлығы баланың, өзінің, атасы мен апасының, жұбайының, мұғалімдерінің және басқаларының басына төгіледі. Жағымсыз сезімдер... | ![]() | Қадірлі қауым! Құрметті Өскемен қаласының жастары! Білім ордаларының басшылары! Елбасының Жарлығына сәйкес әкімдердің ел алдындағы есеп беруі еліміздің түкпір-түкпірінде жыл сайын өтіп жатқаны өздеріңізге жақсы... |