14. 12. 2011 ж Құрметті жерлестер! icon

14. 12. 2011 ж Құрметті жерлестер!



Название14. 12. 2011 ж Құрметті жерлестер!
Дата конвертации17.12.2012
Размер78.19 Kb.
ТипДокументы
источник

Аудан әкімі Т.Мүсәпірбековтың Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған салтанатты жиналыстағы баяндамасы.

14.12.2011 ж


Құрметті жерлестер!

Қадірменді қауым!


Ең алдымен, баршаңызды аудан басшылығы атынан айтулы мереке Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын.

Тәуелсіздік күні – кең байтақ жерімен, киелі төрімен әлем назарын өзіне аударған дербес Қазақ елінің ең ұлық мерекесі. Бүгінгі тәуелсіздік – халқымыздың сан ғасырлық асқақ арманы мен арпалысқа толы күресінің, Алаш ардақтылары мен Желтоқсанның ызғарлы күндерінде азаттыққа ұмтылған ұл-қыздарымыздың қайсарлығының жемісі.

Ер жүрек халықымыз сан ғасыр бойы намыс отын жағып, туған топырағын, кең байтақ даламызды қасық қаны қалғанша қорғады. Күні кешегі ХХ ғасырдың қуғын-сүргінін бастан кешірді.

Енді міне, жаңа мыңжылдықтың табалдырығын жаңғырған қалпында аттаған Қазақстан әлемдегі өркениетті елдермен бір сапта жаңаша өмірге қадам басып отыр.

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың басшылығымен тәуелсіз еліміз аз уақытта еңсе тіктеп, өз алдына дербес республика ретінде орнықты. Жаңа қоғамдық құрылыс, жаңа мемлекет, жаңа Қазақстан құрылды. Бүкіл Азия мен ТМД елдерінің арасында алғашқы болып Еуропа төріне шықты. Елімізде бейбітшілік пен келісім салтанат құрып, батыс та, шығыс та мойындап, санасатын, құрметтейтін ел болдық.

Өткен жиырма жыл ішінде қазақ халқының ұлттық санасы жаңғырып, өзінің бай тарихы мен ұлттық дәстүрлерін құрметтеу, даналарын дүниеге таныту, бай рухани қазынасын әлемдік өркениетпен ұластыру бағытында қыруар шаруалар атқарылды.

Ең бастысы, қазақ халқымен бірге әр түрлі этностардың да отаны болып табылатын біздің еліміз бүкіл әлемге қоғамдағы татулық пен ынтымақты сақтаудың, түрлі ұлттық мәдениеттер мен діндердің үйлесімді дамуына қамқорлық жасаудың жарқын үлгісін көрсетіп берді.

Кезінде тағдыр тауқыметімен дүниежүзіне тарыдай шашырап кеткен қандастарымыз да Қазақ елінің тәуелсіздікке қол жеткізуін қуана қарсы алды. Олардың ата қонысқа деген сана-сезімі оянып, ұлттық мәдениетке, тіл мен әдет-ғұрыпқа деген құштарлығы артты. Нәтижесінде, күні бүгінге дейін Қазақстанға жүздеген мың отандастарымыз қоныс аударды. Ал, 2015 жылға дейін Қазақстанға 2 миллионға жуық қандастарымыз оралмақ.

Тәуелсіздік жылдары Қазақстан тек аяғынан қаз тұрып қана қоймай, сонымен қатар әлемдік саяси аренада өзінің салмақты үні бар, бүкіләлемдік проблемаларды талқылауда және шешуде ықпалды рөл атқаратын елге айналды. Елбасымыздың пікіріне әлем саясаткерлері ықылас қоятын болды. Біздің елдің ұсынысымен Шанхай бестігі, ЕуроАзиялық экономикалық қауымдастығы мен Азиядағы өзара-сенім жөніндегі іргелі ұйымдар құрылды. Бүгінде Біріккен Ұлттар Ұйымының, ЮНЕСКО-ның, басқа да халықаралық ұйымдардың мінберінен Қазақстанның сөзі салмақты шығады және ол өркениетті елдердің тарапынан қолдау табуда.

Егемендіктің арқасында Президентіміз Семей ядролық сынақ полигонын жауып, дүниежүзі халықтарының бейбіт өмір сүруін көздейтін «Ядролық қарусыз әлем» ісіне теңдесі жоқ үлес қосты. Күні бүгінге дейін Қазақстан адамзат тарихында ядролық қарудан өз еркімен бас тартқан тұңғыш әрі жалғыз ел болып келеді. Бұл оқиға ел тәуелсіздігінің ең басты жетістіктерінің бірі екені сөзсіз.

Осылайша, біздің еліміз әуел бастан қауіпсіздік мәселесін қарудың күшімен емес, бейбіт жолмен шешуді таңдап алды.

«Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп» айтқан данышпан Абайдың өсиетін темірқазық етіп ұстанған Қазақстан бүгінде әлемге бейбітшілік сүйгіш ел ретінде танылып отыр.

Биылғы жылы Ислам Конференциясы Ұйымына төрағалық ету тәуелсіз Қазақ елінің әлем алдындағы абыройы мен беделін бұрынғыдан да асқақтатты. Осынау аса жауапты әрі құрметті қызметті сәтті атқарып, еліміз абырой биігінен көрінді.

Әсіресе, өткен жылғы Қазақстанның елордасында өткен Астана саммиті сөз жоқ, тарихи оқиға болды. Әлемге бірлігі жарасқан берекелі ел ретінде танылдық. Отанымыздың абыройын асырып, мерейін өсірген бұл саммит елдер арасындағы, Батыс пен Шығыс арасындағы қарым-қатынасқа тың серпін берді.

Қазақстан Еуропа мен Азияның арасын жалғап, жақындастыратын алтын көпірге айналып, ұлтымыздың Рухы өрледі. Ежелгі алпауыт елдер небәрі 16 миллионнан астам ғана халқы бар Қазақ мемлекетімен санасатын болды. Солардың бәрінің назарын ортақ мүддеге аударып, мәмілеге келтірген – Қазақстан, Қазақстанның Президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Бұл - тарихи шындық!

Қысқасы осының бәрі – ел ертеңіне ұлт тағдырына алаңдаған Елбасымыздың жас мемлекетіміздің іргесін бекіте түсуге ұмтылған тынымсыз әрекетінің жарқын көріністерінің бірі екені ақиқат.

Бұл жеңісімізді біздің береке-бірлікте ғұмыр кешіп, аспан төрінде көк байрағымыздың нық тұрғандығының жемісі деп білеміз.

Осылайша, қаншама рет туы тігіліп, қаншама рет туы қайта қисайған, қаншама мемлекеттің құрамында болып, қаншама рет мемлекетсіз қалған әрі көне, әрі жас қазақ халқы қайтадан әлемдік дүбірге қосылып, әлем елдерімен иық тіресетін дәрежеге жетті.

Сайып келгенде, Қазақстан аз ғана жыл ішінде рухани жаңарып, бесігін түзеп, бүгінде ХХІ ғасырдың төріне кетіп барады.


Құрметті жерлестер!

Біздер еліміздің ұлы тарихына, халқымыздың қаһармандық өмір жолына қашанда құрметпен қарап, мәңгі есімізде сақтауымыз қажет.

Ежелден «Атадан ұл туса құл боламын деп, қыз туса күн боламын деп тумайды» деген қағиданы берік ұстанған бабаларымыз өз заманында қасиетті жерімізді жат жұрттықа бастырмай, жауына қатал, досына адал болып ғұмыр кешті.

Қаншама есіл азаматтар азаттық жолында құрбан болды.

Арыға бармай-ақ, тек өткен ғасырдың 37-ші, 38-ші жылдары ғана, яғни бір жылдың ішінде 125 мың қазақ зиялысы қырылды. Солардың бар кінәсі - көзі ашық болғаны, өз ұлтының намыс-сезімін жақтағандары ғана болатын.

Бүгінгі ел тәуелсіздігінің осыншама құрбандықпен келгенін ұмытпағанымыз жөн. Сол асыл азаматтардың үзілген жас, қыршын өмірлері, орындалмаған үміттері, армандары бүгінгі ұрпақ, біздерге аманат сияқты болып көрінеді.

Сондықтан да бүгінгі Тәуелсіздігіміз – халықтың үні, ұлттың тілі мен ділі. Бұл мереке – халықтың тойы, елдің тойы. Қалың қазақ, алты алаштың туған күн мерейтойы!

Қадірменді қауым!

Ата- бабаларымыздың алдында тәуелсіздік үшін күресу мақсаты тұрған болса, біздің алдымызда оны нығайта түсу міндеті тұр.

Дербес болуға бағыт алған осынау егемен еліміз – Қазақстанның абыройын одан әрі асырып, көркейте беру үшін бүгінгі ұрпақ, яғни, біздер жұмыла еңбек етуіміз қажет.

Халқымыздың «Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» деген даналық пікірінде ата-бабаларымыздың елін, жерін қорғау, бірлікте, ынтымақта өмір сүру сияқты жақсы қасиеттері ұрпақтан – ұрпаққа жалғасса екен деген асыл армандары жатқанын естен шығармауымыз керек.

Елбасымыз да «Бірлік бар жерде –тірлік бар» дейтін мақалды жиі айтады. Өйткені біздің ортақ Отанымыз – Қазақстанның қазіргідей қарыштап дамып отырғаны – елімізді мекендеуші барлық этностардың ынтымағы мен бірлігінің арқасы.

Тәуелсіздігімізді тұғырлы ететін де, елімізді жаңа белестерге шығаратын да біздің осы қоғамдық татулығымыз. «Бірліксіз ел тозады, бірлікті ел озады» дейтін даналықтың шындығына бүгінде бәріміздің көзіміз жетіп отыр.

Мемлекетіміздің мерейлі мерекесі Тәуелсіздіктің 20 жылдығын аудан халқы рухани, саяси өрлеу жағдайында қарсы алуда. Тарихи өңіріміздің әлеуметтік- экономикалық дамуында біршама жетістіктерге қол жеткізілді. Аудан экономикасының негізі мал шаруашылығы саласында мал басы өткен жылмен салыстырғанда барлық түліктен өсіп, асыл тұқымды мал өсіретін шаруашылықтар саны 33-ке жетті.

«Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасына орай жұмыссыздарды, табысы аз адамдарды оқытып, жұмысқа орналастыру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілді. Кәсіпкерлікті дамыту мақсатында 54 млн теңге несие бөлінбек, 57 адам қамтылды.

«Туған жерге тағзым», «Жиырма жарқын іс» акциялары аясында талай жұмыстар атқарылды. Оның ішінде «Туған жерге тағзым» акциясы бойынша 96 млн 20 мың тенгенің 25 жобасы жүзеге асырылды.

Акцияға белсене қатысып, туған жердің туын биіктетіп, елдің гүлденуіне перзенттік сүйіспеншілікпен атсалысқан азаматтарға ел атынан алғыс айтамыз.

Тәуелсіздік мерейтойы қарсаңында аудан орталығында белгілі тарихи тұлға, ғұлама ойшыл, атақты би, Әнет баба Кішікұлының ескерткіші ашылып, жаңа қонақ үй пайдалануға берілді.

Ауылдарда сәулетті құрлыстар салу, абаттандыру, көгалдандыру жұмыстары қарқын алды.

«Тәуелсіздік монументі», «Ана мен бала» гүлзары жасалып, ауған соғысы ардагерлеріне ескерткіш орнатылды. «М.Әуезов», «Достық» аллеялары жаңартылды.

Саржал ауылында су құбыры іске қосылды. Қарауыл гимназиясы жанынан жаңа спорт залы салынып, мәдениет үйі қасынан жасанды шағын футбол алаңы жасалды.

Қыркүйек айының 15-16 күндері өткен ақын ағартушы Көкбай Жанатайұлының және ақын Ақылбай Абайұлының 150 жылдық, абыз ақын Шәкір Әбеновтың 110 жылдық мерейтойларына арналған шаралар ауданның рухани өміріне, тыныс тіршілігіне тың серпіліс әкелді.

Осындай ауқымды шараларды өткізуде еліміздің ұлылар елі екендігін, халқымыздың тектілігін, аса жауапты істе бір кісідей жұмылатын ұйымшылдығын көрсеткен баршаңызға ризашылықпен алғыс айтамыз.

Биылғы атқарылған игі шаралар біршама, келер жылы мұнанда ауқымды істерді атқаруға тиіспіз.

Береке – бірлік, орындаушылық тәртіп, әркімнің өз ісіне деген жауакершілігі мен кәсіби біліктілігі ғана жемісті нәтиже беретіндігін өмір көрсетіп отыр.

Дегенмен, пайымдауымша, Абай елінің рухы мықты қандай жұмысты болсын ұлкен абыроймен атқаратындығына күмән жоқ. Алайда, кейбір жауапты қызметкерлердің таптаурын, ескі сарындағы консервативтік көзқарастары, жаңашылдықтан, белсенділіктен гөрі әліптің артын бағу байқалады. Бұл ауданның әлеуметтік –экономикалық дамуына үлкен нұқсан келтіріп отырғаны белгілі.

^ Ардақты ағайын!

«Ақсақалды ауыл азбас» - дейді халқымыз. Бүгінгі салтанатты жиында Шыңғыстаудай шежірелі өлкенің гүлденіп көркеюінде ерен еңбектерімен айшықты із қалдырып, ұрпаққа ұлағатты өнеге көрсетіп жүрген, ел ынтымағының ұйытқысы алдыңғы толқын ағаларымыз бен ардақты аналарымызға ризашылықпен алғыс айтып, ұзақ ғұмыр, ұрпақ қызығын тілейміз.

Ұлылар мекенінің әлеуметті-экономикалық дамуына айтарлықтай үлес қосып келе жатқан Амантай Мұқатаев, Сайлау Кошкин сынды ағаларымыз, Тасболат Битенов, Владимир Ковалев, Ғаббас Ибраев, Исағали Омаралинов, Төлеуғазы Иманғалиев, Шаған Жұмақсанов, Берік Қанафин, Фурхат Слямбеков, Серіққан Қажиев, Шаған Оразалин, Саржан Нұрғалиев, Серік Оразов, Талғат Нұртазин сияқты ізгі жанды, жомарт жүректі азаматтарға ел атынан алғыс айтамыз.

Егемен еліміздің ұлы мерекесі Тәуелсіздіктің 20 жылдығына орай халық игілігі жолындағы жемісті еңбегі үшін ауданымыздан 20 адам «Тәуелсіздіктің 20 жылдығы» медалімен, облыстық мәслихаттың депутаты Тасболат Битенов «Құрмет» орденімен, аудандық емхананаың дәрігері Аманғайша Сәбитова «Ерең еңбегі үшін» медалімен, Абай мектеп – лицейінің мұғалімі Торғай Қойбағысова «Қазақстан Республикасының Құрмет Грамотасымен» марапатталды. Бұл – ауданымыздың мерейі мен мақтаны, баршамыздың қуанышымыз.

Сондай-ақ, ұзақ жылдар ауданымызды іскерлікпен басқарып, әлеуметтік-экономикалық дамуын көтерген, одаққа танытқан ағамыз Хафиз Матаевичта мереке қарсаңында «Екінші дәрежелі Достық» орденімен марапатталды.

Алдымыздағы жарқын үміттерге толы жаңа 2012 жыл біздерге тың міндеттер жүктейді.

Жаңа жылдың 15 қаңтарында өтетін аса маңызды саяси науқан Республика Парламенті Мәжілісі мен мәслихат депутаттарының сайлауын ұйымшылдықпен өткізейік.

Сондай-ақ, алдағы жылы әлемге әйгілі жазушы, ұлы жерлесіміз Мұхтар Омарханұлы Әуезовтың 115 жылдығы мерекеленеді. Елдігімізге сын болатын осы мерейтойға халық болып жұмылу – бәріміздің міндетіміз.

Ардақты ағайын!

Баршаларыңызды еркіндіктің нұрлы шуағын шашқан ел Тәуелсіздігінің 20 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын.

Еліміздің тәуелсіздігі нығайып, халқымыздың әл-ауқаты артып, ырысы молая берсін! Сіздерге мықты денсаулық, ұзақ өмір, отбасыларыңызға амандық, мерекелік көңіл күй тілеймін!








Похожие:

14. 12. 2011 ж Құрметті жерлестер! iconҚұрметті жерлестер

14. 12. 2011 ж Құрметті жерлестер! iconОтчетный доклад перед населением «Об итогах работы за 2010 год и задачах на 2011 год» акима Катон-Карагайского района А. Бекбосынова Құрметті жерлестер! Уважаемые земляки!
Жылғы 28 қаңтар күні Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» атты өзінің кезекті Жолдауын Қазақстан...
14. 12. 2011 ж Құрметті жерлестер! iconҚұрметті жерлестер!
Көкпекті ауданының әкімі Д. М. Мусиннің аудан тұрғындары алдында жергілікті атқарушы билік органдары жұмысының 2012 жылғы қорытындысы...
14. 12. 2011 ж Құрметті жерлестер! iconҚұрметті жерлестер!
«Әлеуметтік- экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» деп аталатын тарихи құжатта әлеуметтік –экономикалық дамудың...
14. 12. 2011 ж Құрметті жерлестер! iconАудан әкімі Ә. Мұхтархановтың өткен 2010 жылдың қорытындысы бойынша есепті баяндамасы Құрметті қауым, жерлестер!
Аудан әкімінің халық алдындағы дәстүрлі есепті кездесуіне қош келдіңіздер! Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың
14. 12. 2011 ж Құрметті жерлестер! icon1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесіндегі құттықтау сөзі. Құрметті жерлестер, ардақты ағайын!
Баршаңызды нұр шашқан көктем мерекесі Қазақстан Халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймыз
14. 12. 2011 ж Құрметті жерлестер! iconҚұрметті жерлестер!
Былтырғы жыл әлемдік қаржы дағдарысына байланысты ел экономикасына үлкен сынақ болды. Дегенмен, Мемлекет басшысының болашақты дәл...
14. 12. 2011 ж Құрметті жерлестер! iconҚұрметті жерлестер шығысқазақстандықтар!
Металлургия өнеркәсібінде 101,9% табиғи көлем индексімен 453,8 млрд теңгенің өнімі өндірілді, машина жасауда өндіріс көлемі 1,4 есеге...
14. 12. 2011 ж Құрметті жерлестер! iconҚұрметті жерлестер шығысқазақстандықтар!
Металлургия өнеркәсібінде 101,9% табиғи көлем индексімен 453,8 млрд теңгенің өнімі өндірілді, машина жасауда өндіріс көлемі 1,4 есеге...
14. 12. 2011 ж Құрметті жерлестер! iconБесқарағай ауданының әкімі К. Б. Байгонусовтың халық алдындағы есептік баяндамасы Құрметті жерлестер! Мемлекет басшысының «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты»
Жолдау аясында және жергілікті атқарушы органдары басшыларының халықтар алдында есеп беру кездесулерін өткізу туралы Жарлығын орындау...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы