Аудан әкімі Т. Мүсәпірбековтің 2012 жылдың Наурыз мерекесіндегі құттықтау сөзі Ардақты ағайын! icon

Аудан әкімі Т. Мүсәпірбековтің 2012 жылдың Наурыз мерекесіндегі құттықтау сөзі Ардақты ағайын!



НазваниеАудан әкімі Т. Мүсәпірбековтің 2012 жылдың Наурыз мерекесіндегі құттықтау сөзі Ардақты ағайын!
Дата конвертации17.12.2012
Размер21.51 Kb.
ТипДокументы
источник

Аудан әкімі Т.Мүсәпірбековтің

2012 жылдың Наурыз мерекесіндегі құттықтау сөзі


Ардақты ағайын!

Ару көктемнің арайлы шуағымен нұрланып құт дарыған тарихи өңірімізге Наурыз келді. Баршаңызды халқымыздың ең ұлы мерекесі әз Наурызбен шын жүректен құттықтаймын.

Тек адамзат ғана емес, табиғаттың жаңарып, түлейтін шағы, ұлыстың ұлы күнінің жолы да, жөні де бөлек. Барша Шығыс халықтарына ортақ мереке Наурыздың тарихы тым тереңде жатыр. Күн мен түн теңелетін, ырысы мол мереке жан дүниемізді шуаққа бөлейді. Дархан көңілімізді, ой-ниетімізді ізгі арнаға бұрады.

Наурыз - кешірім мен мейірімнің, үміт пен сенімнің, ынтымақ пен татулықтың мерекесі. Бұл күн - өткенді саралап, болашақты болжайтын ерекше кезең. Халқымызда: "Наурызда айтылған барлық тілек қабыл болады" - деген наным бар.

Бүгінде Наурыз жаңа сипатқа ие болып, Қазақстанды мекендейтін барлық ұлттар мен ұлыстардың ортақ мерекесіне айналды. Наурыз ұлттық салт-дәстүрлеріміздің қайта жаңғыруына, халықтар достығы мен бауырластығын нығайтуға айрықша ұйытқы болып келеді.

Биылғы Наурыз мерекесін Абай елінің жұртшылығы береке-бірлік, көтеріңкі көңіл-күймен қарсы алып отыр. Аудан халқы Елбасымыздың "Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты" атты Жолдауынан туындайтын міндеттерді орындау жолында саяси өрлеу, ұйымшылдықпен еңбек етуде.

Ауылдар мен елді мекендерді көркейту, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту, адамдарды әлеуметтік қорғау салаларындағы нәтижелі жұмыстар одан әрі жалғаса береді.

Ұлы жерлесіміз М.Әуезовтың 115, "Қаламқас" халық ән-би ансамблінің 40 жылдығына және өнер дүлдүлі Ә.Толғанбаев пен көрнекті ақын М.Ибраевтың мерейтойларына байланысты өткізетін шаралар елдің рухани жаңаруының алтын арқауы болмақ.

Құрметті жерлестер !

Бүгінгі Ұлыстың ұлы күнінде өздерінің ерен еңбегімен өңіріміздің өркендеуіне орасан үлес қосып, ел ырысын молайтқан, ұрпаққа өнегелі із қалдырған ардагер ағаларымыз бен аяулы аналарымызға көңілдеріңіз шат, жастарыңыз ұзақ, ұрпақтарыңыз ұлағатты болсын дейміз.

Ел игілігі жолында белсенді де жемісті еңбек етіп жүрген замандастарымыздың халқымыздың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған ауқымды шараларды жүзеге асырудағы кажырлы қызметтерінің табысты болуына, алдағы барлық арман-мақсаттарының орындалуына тілектестік білдіреміз.

Жасампаз істерімен жарқырап көрініп келе жатқан жаңашыл жастарымыздың игі бастамалары сәтті болып, асқақ арман, ұшқыр қиялдарына өрлеу берсін.

Қадірменді қауым!

Тың табыстарға жету, еліміздің өркендеуі-халқымыздың ынтымағы мен береке-бірлігіне байланысты. Сондықтан да алдағы ортақ мақсатқа жетудегі ұйымшылдығымыз, бірлігіміз арта берсін.

Наурыз мейрамы - елімізге тыныштық, әр шаңыраққа құт-береке әкелсін. Баршаңызға амандық, мықты денсаулық, дастархандарыңызға молшылық тілеймін.

Жаңа келген Ұлу жылы бейбітшілік пен табыс жылы болсын! Төрлет, ұлыстың ұлы күні!



Похожие:

Аудан әкімі Т. Мүсәпірбековтің 2012 жылдың Наурыз мерекесіндегі құттықтау сөзі Ардақты ағайын! iconАудан әкімі Т. Мүсәпірбековтың 2012 жылдың Наурыз мерекесіндегі құттықтау сөзі Ардақты ағайын !
Ару көктемнің арайлы шуағымен нұрланып құт дарыған тарихи өңірімізге Наурыз келді. Баршаңызды халқымыздың ең ұлы мерекесі әз Наурызбен...
Аудан әкімі Т. Мүсәпірбековтің 2012 жылдың Наурыз мерекесіндегі құттықтау сөзі Ардақты ағайын! icon1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесіндегі құттықтау сөзі. Құрметті жерлестер, ардақты ағайын!
Баршаңызды нұр шашқан көктем мерекесі Қазақстан Халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймыз
Аудан әкімі Т. Мүсәпірбековтің 2012 жылдың Наурыз мерекесіндегі құттықтау сөзі Ардақты ағайын! iconАудан әкімі Т. Мүсәпірбековтің 8 наурыз – халықаралық әйелдер күні мерекесімен құттықтауы. Ардақты әжелер, абзал аналар, аяулы қарындастар!
Біздің қоғамымызда әйел тек отбасының береке-бірлігінің ұйытқысы ғана емес, ол мемлекеттік істерге, саяси мәселелерге белсене араласатын...
Аудан әкімі Т. Мүсәпірбековтің 2012 жылдың Наурыз мерекесіндегі құттықтау сөзі Ардақты ағайын! iconАудан әкімі Т. Мүсәпірбековтің Риддер қаласында «Туған жер – алтын бесігім» акциясы аясында өтетін аудан күніндегі кіріспе сөзі. Аса құрметті, риддерліктер!
...
Аудан әкімі Т. Мүсәпірбековтің 2012 жылдың Наурыз мерекесіндегі құттықтау сөзі Ардақты ағайын! iconАудан әкімі Т. Мүсәпірбековтің «Туған жерге тағзым» акциясында сөйлеген сөзі
Ынтымақтығы жарасқан аудан халқы ел тәуелсіздігінің 20 жыл ішінде қол жеткен табыстарын баянды ете отырып, ұлы жерлесіміз әлемге...
Аудан әкімі Т. Мүсәпірбековтің 2012 жылдың Наурыз мерекесіндегі құттықтау сөзі Ардақты ағайын! iconАудан әкімі Т. Мүсәпірбековтің 31 мамыр саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған митингідегі сөзі
Соның ішінде Кеңестік дәуірдің өзіндік орны бар. Социалистік құрылыстың 74 жылы ішінде Қазақстан жұлдызды сәтті де, көкіректі өртер...
Аудан әкімі Т. Мүсәпірбековтің 2012 жылдың Наурыз мерекесіндегі құттықтау сөзі Ардақты ағайын! iconАудан әкімі Т. Мүсәпірбековтің Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 21 жылдығына арналған салтанатты жиналыстағы баяндамасы

Аудан әкімі Т. Мүсәпірбековтің 2012 жылдың Наурыз мерекесіндегі құттықтау сөзі Ардақты ағайын! iconАудан әкімі Т. Мүсәпірбековтің Аудан мұғалімдерінің дәстүрлі тамыз маслихатында
Ең алдымен сіздерді аудан мұғалімдерінің дәстүрлі тамыз маслихатымен құттықтауға рұқсат етіңіздер! Баршаларыңызға жас ұрпаққа білім...
Аудан әкімі Т. Мүсәпірбековтің 2012 жылдың Наурыз мерекесіндегі құттықтау сөзі Ардақты ағайын! iconҚарғалы ауданының
Аудан әкімі – Ибрашов Мәлімбет Ерғалиұлы, осы лауазымды 2012 жылдың сәуір айынан бастап атқарады. Қарғалы ауданы (Ленин) 1966 жылдың...
Аудан әкімі Т. Мүсәпірбековтің 2012 жылдың Наурыз мерекесіндегі құттықтау сөзі Ардақты ағайын! iconҚарғалы ауданының
Аудан әкімі – Ибрашов Мәлімбет Ерғалиұлы, осы лауазымды 2012 жылдың сәуір айынан бастап атқарады. Қарғалы ауданы (Ленин) 1966 жылдың...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы