Аудан әкімі Т. Мүсәпірбековтің 31 мамыр саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған митингідегі сөзі icon

Аудан әкімі Т. Мүсәпірбековтің 31 мамыр саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған митингідегі сөзі



НазваниеАудан әкімі Т. Мүсәпірбековтің 31 мамыр саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған митингідегі сөзі
Дата конвертации17.12.2012
Размер20.39 Kb.
ТипДокументы
источник

Аудан әкімі Т.Мүсәпірбековтің

31 мамыр саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған митингідегі сөзі.


Құрметті қауым! Қадірменді Қарауыл тұрғындары!

Биыл ашаршылық жылдарына 80 жыл, саяси қуғын-сүргінге 75 жыл толып отыр. Халқымыздың соңғы 6 ғасырға жуық тарихында, тағдырында қилы-қилы жағдайларды бастан кешкені белгілі. Соның ішінде Кеңестік дәуірдің өзіндік орны бар. Социалистік құрылыстың 74 жылы ішінде Қазақстан жұлдызды сәтті де, көкіректі өртер қасіретті де бастан өткерді. Әміршіл жүйе, тоталитаризмнің қазақ халқы кешірмейтін, ұмытуға болмайтын екі қылмысы бар.

Оның бірі – 1931-1932 жылдарындағы ашаршылық, екіншісі – 1937-1938 жылдардағы саяси қуғын-сүргін.

1930 жылдан бастау алған Ф.И.Голощекиннің «Кіші Октябрь» ұйымдастыру жөніндегі құйтырқы саясаты қазақ халқын өте ауыр қасіретке душар етті.

Қолындағы малын күштеп тартып алған халықтың күн көрісі қиындап кетті. Өмірдің мәні бір тарының қауызына сыйды. Жаппай аштық жайлады. Аштықтан, күшпен, зорлықпен тәркілеуден зәре-зеп болған халық халық шет елге өтіп, босқынға айналды. Қытай асты, ішкі Ресейге өтті. Амалы, шарасы жоқ халық ақ сүйек болып қырылды.

Қазіргі деректерге сүйенсек, кем дегенде 2 млннан астам адам аштық құрбаны болды. Бұл сол кездегі халықтың 52-53 пайызын құраған.

Әміршіл жүйе қызыл террор мұнымен де тоқтамады. 1937-38 жылдары халқымыздың зиялы азаматтары, ұлтымыздың бетке шығар қаймағы, Алаш арыстары Шәкәрім қажы, Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Маған Жұмабаев, Жүсіпбек Аймауытовтар, қоғам қайраткерлері С.Сейфуллин, Т.Рысқұлов, Н.Нұрмақов, О.Исаев, О.Жандосов, Б.Майлин, И.Жансүгіров, Г.Тоғжанов, Ш.Тоқжігітов сынды ақын-жазушылар, тағы басқа елім деп еңбек еткен асыл азаматтар саяси қуғын-сүргіннің, жазықсыз жаланың құрбаны болды.

Бұл қасірет Шыңғыстау өңірінде оңайшылықпен өткен жоқ. Аға сұлтан Құнанбай қажы әулеті, Ұлы Абай ұрпақтары қудаланды. Туған жерінен тоз-тоз болып жер аударылып, абақтыға жабылды. Халықтың Ұлы перзенті, кемеңгер Шәкәрім Құдайбердіұлы айуандықпен атылып өлтірілді.

«Халық жауы» ретінде жазаланғандардың отбасылары, балалары, әйелдері лагерьге айдалды. 1930 жылдан 1956 жылға дейін 26 лагерь жұмыс істеген. Оларда 20 млннан адам қамауда ұсталды. Осы лагерьлерде 1 млн адамның өмірі қиылды.

Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін 1993 жылдың 14 сәуірінде «Жаппай саяси қудалаудың құрбандарын ақтау» туралы Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды.

31 мамыр – Елбасының Жарлығымен «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні» болып белгіленді.

Аудан орталығы Қарауыл ауылындағы осы алаң 1931-32 жылдардағы аштық пен 1937-38 жылдардағы саяси қуғын-сүргіннің құрбаны болған жерлестеріміздің рухына қойылған мәңгілік ескерткіш. Бүгін олардың рухына бәріміз тағзым етеміз. Олар тәуелсіздік, азаттық жолында құрбан болды. Біз оларға қарыздармыз.

Қарауыл тұрғындарының саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған митингісін ашық деп жариялаймын!



Похожие:

Аудан әкімі Т. Мүсәпірбековтің 31 мамыр саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған митингідегі сөзі iconҚуғын-сүргін құрбандарын еске алдық
Аудандық «Қызыр» атындағы мешітте саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналып құран оқылып, олардың ғазиз рухтарына дұға бағышталды
Аудан әкімі Т. Мүсәпірбековтің 31 мамыр саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған митингідегі сөзі iconҮржар ауданының әкімі Б. Т. Жанақовтың қуғын-сүргін құрбандарын еске алу
Дәйекті дерек жинап, хабары бар білетіндердің там-тұмдап айтқаны болмаса бұл зұлматты сол кездегі құйтырқы саясат көпшілікке жария...
Аудан әкімі Т. Мүсәпірбековтің 31 мамыр саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған митингідегі сөзі iconАудан әкімі Т. Мүсәпірбековтің «Туған жерге тағзым» акциясында сөйлеген сөзі
Ынтымақтығы жарасқан аудан халқы ел тәуелсіздігінің 20 жыл ішінде қол жеткен табыстарын баянды ете отырып, ұлы жерлесіміз әлемге...
Аудан әкімі Т. Мүсәпірбековтің 31 мамыр саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған митингідегі сөзі iconАудан әкімі Т. Мүсәпірбековтің Риддер қаласында «Туған жер – алтын бесігім» акциясы аясында өтетін аудан күніндегі кіріспе сөзі. Аса құрметті, риддерліктер!
...
Аудан әкімі Т. Мүсәпірбековтің 31 мамыр саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған митингідегі сөзі iconАудан әкімі Т. Мүсәпірбековтің Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 21 жылдығына арналған салтанатты жиналыстағы баяндамасы

Аудан әкімі Т. Мүсәпірбековтің 31 мамыр саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған митингідегі сөзі iconАудан әкімі Т. Мүсәпірбековтің 2012 жылдың Наурыз мерекесіндегі құттықтау сөзі Ардақты ағайын!
Ару көктемнің арайлы шуағымен нұрланып құт дарыған тарихи өңірімізге Наурыз келді. Баршаңызды халқымыздың ең ұлы мерекесі әз Наурызбен...
Аудан әкімі Т. Мүсәпірбековтің 31 мамыр саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған митингідегі сөзі iconАудан әкімі Т. Мүсәпірбековтің Аудан мұғалімдерінің дәстүрлі тамыз маслихатында
Ең алдымен сіздерді аудан мұғалімдерінің дәстүрлі тамыз маслихатымен құттықтауға рұқсат етіңіздер! Баршаларыңызға жас ұрпаққа білім...
Аудан әкімі Т. Мүсәпірбековтің 31 мамыр саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған митингідегі сөзі iconАудан әкімі Т. Мүсәпірбековтың «Туған жерге тағзым» акциясында сөйлеген сөзі
Бүгінде әр аймақ, аудан, ауыл, әр ұжым, ел азаматтары, барша халық осынау мерейлі мерекені лайықты қарсы алу жолында жұмыла еңбек...
Аудан әкімі Т. Мүсәпірбековтің 31 мамыр саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған митингідегі сөзі iconАудан әкімі Т. Мүсәпірбековтің 8 наурыз – халықаралық әйелдер күні мерекесімен құттықтауы. Ардақты әжелер, абзал аналар, аяулы қарындастар!
Біздің қоғамымызда әйел тек отбасының береке-бірлігінің ұйытқысы ғана емес, ол мемлекеттік істерге, саяси мәселелерге белсене араласатын...
Аудан әкімі Т. Мүсәпірбековтің 31 мамыр саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған митингідегі сөзі icon«бекітемін» Аудан әкімі С. З. Зайнулдин
Зайсан ауданында Елбасының 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан – 2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты»...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы