Құрметті, Бердібек Мәшбекұлы! Қымбатты, кездесуге қатысушылар! icon

Құрметті, Бердібек Мәшбекұлы! Қымбатты, кездесуге қатысушылар!



НазваниеҚұрметті, Бердібек Мәшбекұлы! Қымбатты, кездесуге қатысушылар!
Дата конвертации17.12.2012
Размер44.46 Kb.
ТипДокументы
источник

Аудан әкімі Т.Мүсәпірбековтың

Облыс әкімі Б.Сапарбаевтың тірек ауылдардың тұрғындарымен кездесуінде сөйлеген сөзі

8.06.2012 жыл

Құрметті, Бердібек Мәшбекұлы!

Қымбатты, кездесуге қатысушылар!


Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Жолдауында белгіленген міндеттерді жүзеге асыруда ауданда баршама жұмыстар атқарылуда. Өңірдің әлеуметтік – экономикалық дамуында ілгерілеушілік бар.

Өнеркәсіп өнімінің нақты көлемінің индексі 186 пайыды құрады.

Өндірілген ауылшаруашылық өнімі көлемі жыл сайын артып келеді, өткен жылмен салыстырғанда ет 107 пайызға, сүт 102 пайызға өсті. Мал басы барлық түліктен өсіп қой 401 мың басқа, жылқы 21 мың басқа, мүйізді үй қара 49 мың басқа жетіп отыр. 2012 жылы әр жүз аналықтан 95 қозы, 87 бұзау, 85 құлын алынды. Асыл тұқымды мал өсірумен 37 шаруашылық айналысады.

Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 279 млн. теңгені құрап былтырғы жылмен салыстырғанда 68 пайызға артты.

Тіркелген шағын бизнестегі кәсіпорындар ішіндегі белсенділері алтыдан тоғызға жетіп отыр. Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің саны жылма жыл өсуде, тиісінше салық түсімі де көбеюде. Аудан бюджетінің жергілікті кірісі 139 пайызға, шығысы 99 пайызға орындалып отыр. 42 млн. теңгеге

Елді мекендердің келбетін көркейту, абаттандыру жұмыстары бойынша аудан орталығы Қарауыл ауылының басты көшелері, алаңдары мен мекеме ғимараттары толықтай заман талабына сай жарықтандырылды. Ауылдарда сәулетті құрылыстар салу, абаттандыру, көгалдандыру жұмыстары қарқын алды.

«Тәуелсіздік монументі», «Ана мен бала» гүлзары жасалып, ауған соғысы ардагерлеріне ескерткіш орнатылды. «М.Әуезов», «Достық» аллеялары жаңартылды. Саржал ауылында су құбыры іске қосылды. Қарауыл гимназиясы жанынан жаңа спорт залы салынып, мәдениет үйі қасынан жасанды шағын футбол алаңы жасалды. «Арман» кинотеатры күрделі жөндеуден өтіп, «Жастар үйі» болып ашылды. Медеу ауылдық клубына күрделі жөндеу жұмыстары жасалды. Қарауыл ауылының бөлшектеп жоспарлау жоспарымен біріктірілген бас жоспары дайындалды.

Биылғы жылы осы жұмыстарды жалғастыру мақсатында Әуезов, Ералы, Бекбосынов, Құнанбай көше жолдарын, орталық алаңды асфальттау жұмыстары жүзеге асырылады. Әнет баба ескерткіші, орталық алаң, Ж.Кәрменов скверіне қайта жабдықтау, абаттандыру жұмыстары жүргізілуде.

Бүгінде өркендеу жолына түскен, келешегі бар Қасқабұлақ, Көкбай, Саржал ауылдары тірек ауылдары қатарына жатқызылып, арнайы жоспар жасалып сол ауылдардын әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту бағытындағы жұмыстар қызу қолға алынуда. Осыған орай тірек Қасқабұлақ, Көкбай, Саржал ауылдарына мемлекет тарапынан жарықтандыруға, жол жөндеуге, футбол алаңдарын жасауға 81 млн. теңге қаржы бөлінді.

Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында тірек ауылдарының кәсіпкерлері өз үлестерін қосуда. Атап айтқанда ауылдағы саябақтар мен скверлердің коршауын жаңарту, абаттандыру, кіреберіс қақпа орнату, спорт алаңдарын жасау, қоғамдық монша салу, тазалық жұмыстары белсенді атқарылуда.

«Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасы аясында жүйелі жұмыстар жүруде. 2012 жылға 81 млн. теңге бөлініп отыр. Онын 77 млн. теңгесі ауылшаруашылық саласы мал өсіруге бағытталады. Кәсіпкерлікті дамытуға арналған 4 млн. теңге асхана, монша, машина жөндеу шеберханарын ашуға жұмсалады. Сондай-ақ, 50 адамды жұмысқа орналастыру үшін 12,5 млн. теңге, жастарды іс-тәжірибеге тарту үшін 8,2 млн. теңге қаржы бөлінді.

Ауданда мал шаруашылығын дамыту мақсатында «Сыбаға» бағдарламасы негізінде 12 шаруашылық 87 млн. теңге несие алуға құжаттарын рәсімдеуде. «Жайлау» бағдарламасы бойынша бөлінген 50 млн. теңгеге 20 адам 2000 бас қой сатып алуға жұмыс жасауда. Ауылшаруашылық қаржылай қолдау қоры арқылы 13 адам 11 млн. теңгенің несиесін алды.

«Ақбұлақ» бағдарламасына орай Тоқтамыс ауылының су құбырын салуға жобалау-сметалық құжаты әзірленді, Көкбай, Қасқабұлақ, Қарауыл ауылдарының су құбырларын жөндеуге жобалау-сметалық құжаттары әзірлену үстінде су құбырларын жөндеуге жобалау-сметалық құжаттары әзірленді.

Көшелерді жарықтандыруға 23 млн. 808 мың теңге, көгалдандыру мен абаттандыруға 62 млн. 476 мың теңге жұмсалмақ. Аудан орталығындағы бұрыңғы «Нива» дүкені өлкетану мұражайы болып қайта жабдықтауға 48 млн. 38 мың теңге қарастырылған.

Аудандық мәдениет үйіне 114 млн 692 мың теңгенің күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, орталық кітапхана мен аудан әкімдігінің ғимараттары ағымдағы жөндеуден өтуде. Көше жолдарын жөндеу жұмыстарын жасауға 42 млн. теңге бөлінді. Аудан орталығында спорт модулі пайдалануға беріледі.

Облыс әкімінің бастамасымен қолға алынған «Туған жерге тағзым» акциясы біздің ауданда лайықты жалғасын табуда. Биылғы жылы осы акция аясында 80 млн теңгенің 29 жобасы жүзеге асырылады.

Аудан қылмыстылық мәселесі алаңдатуда. Бүгінге 50 қылмыс тіркеліп,138 пайызға өсіп отыр. Ауыр қылмыс, аса ауыр қылмыстар болған жоқ. Қылмыстылықты көтеріп отырған ұрлық, оның ішінде мал ұрлығы. Мал ұрлануынің басты себебі ауылдарда малдың бағылмауы. Ауылдарда тек қой малы ғана кезекте бағылады, алайда, мүйізді ірі қара, жылқы малдары жайылымда қараусыз, бос жүреді. Мал иелері үнемі иелік жасамай және жоғалған малдарын дер кезінде, уақтылы құқық органдарына хабарламағандықтан ұрлық тиылмай келеді.

Ауданда мал ұрлығының алдын алу мақсатында ауылдарда ішкі істер бөлімі, аудандық прокуратура басшылары барлық ауыл округтерге халықпен кездесулер өткізіліп, малдың бағылуы, мал иелерінің жауапкершілігін арттыру жайы талқыланып, ескертулер жасалды. Ауданның ішкі істер бөлімі тарапынан тәулік бойы кезекшілік қойылып, Қарауыл-Семей, Саржал-Семей, Қарауыл-Аягөз бағыттары бақылауға алынуда.

Денсаулық саласында үкімет тарапынан арнайы бағдармалар қабылданып, тиісті қаржы қаралса да, бүгінде ауданда медициналық қызметтің кәсіптік деңгейі төмен. Аудан тұрғындары жергілікті емханадан гөрі емделуге, аналар босануға қалаға барады. Балалар өлімі, туберкулез ауруы көрсеткіштері жоғары. Осы көрсеткіштердің негізгі себебі полигон зардабы болса да, алдын алу, емдеу шаралары ұйымдастырылуы қажет.

Білім саласында атқарылатын істер аз емес. Атап айтқанда оқушылардың білім дәрежесін көтеруге, шығармашылық қабілеттерін дамытуға, ата-аналармен ықпалдастықты жақсартуға айрықша мән берілу керек.

Ауданымыз - тарихи өңір, ұлылар мекені. Биыл ұлы жерлесіміз әлемге әйгілі жазушы М.Әуезовтың туғанына 115 жыл толады. Жоспарланған мерейтойлық шараларды жоғары деңгейде өтізуіміз қажет.

Құрметті Бердібек Мәшбекұлы!


Алдағы белгіленген ауқымды істерді атқаруға, қойылған міндеттерге қол жеткізуге аудан халқы бір кісідей жұмылып жүзеге асырды деп сендіремін.



Похожие:

Құрметті, Бердібек Мәшбекұлы! Қымбатты, кездесуге қатысушылар! iconҚұрметті Бердібек Мәшбекұлы!
«Шығыс Қазақстан облысы агроөнеркәсіптік кешенінің жағдайы және бұдан әрі дамыту туралы» мәселесі бойынша ауыл шаруашылығы басқармасының...
Құрметті, Бердібек Мәшбекұлы! Қымбатты, кездесуге қатысушылар! iconТуралы сөзі Құрметті Бердібек Мәшбекұлы!
Аягөз ауданының әкімі Ә. Мұхтархановтың 2010 жылғы 21 қазандағы облыс әкімдігінің мәжілісінде Аягөз, Глубокое және
Құрметті, Бердібек Мәшбекұлы! Қымбатты, кездесуге қатысушылар! iconҚұрметті кездесуге қатысушылар!
Курчатов қаласы әкімі А. Н. Генрихтың 2011 жылғы тұрғындар алдындағы есептік кездесуіндегі баяндамасы
Құрметті, Бердібек Мәшбекұлы! Қымбатты, кездесуге қатысушылар! iconАлдындағы есебі Құрметті кездесуге қатысушылар!
Елбасының 2005 жылғы 6 сәуірдегі №1546 «Жергілікті атқарушы органдар басшыларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» Жарлығын...
Құрметті, Бердібек Мәшбекұлы! Қымбатты, кездесуге қатысушылар! iconҚұрметті Әбілғазы Қалиақпарұлы! Құрметті Серік Әбікенұлы! Құрметті кеңеске қатысушылар!
Алматы облысында Талдықорған қаласында, Боралдай және Байсерке кенттерінде әуежайлар жұмыс істейді
Құрметті, Бердібек Мәшбекұлы! Қымбатты, кездесуге қатысушылар! iconҚұрметті Бердібек Машбекұлы! Құрметті әріптестер!
Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бастығы Ш. С. Бұқтұғұтовтың облыс әкімдігі отырысында сөз сөйлеу тезистері
Құрметті, Бердібек Мәшбекұлы! Қымбатты, кездесуге қатысушылар! iconҚұрметті әріптестер! Құрметті активке қатысушылар!
Бүгінгі күні әлем елдерін алаңдатқан дағдарыстың біздің елімізге де әсерін тигізіп отыр
Құрметті, Бердібек Мәшбекұлы! Қымбатты, кездесуге қатысушылар! iconҚұрметті Нұралы Мұстафаұлы! Құрметті жиналысқа қатысушылар!
Обеспечение сохранности документов в государственных учреждениях − условие качественного комплектования Национального архивного фонда...
Құрметті, Бердібек Мәшбекұлы! Қымбатты, кездесуге қатысушылар! iconҚҰРметті есеп беру кездесуіне қатысушылар! ҚҰрметті ауылдықтар!
Тұрғысын селолық округінің әкімі Вячеслав Евгеньевич Клиновицкийдің ауылдың 2012 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы
Құрметті, Бердібек Мәшбекұлы! Қымбатты, кездесуге қатысушылар! iconҚұрметті Нұржан Бауыржанұлы Құрметті президиум, форумға қатысушылар!
Слайд. Назарларыңызға Мақтарал ауданы кәсіпкерлігінің қазіргі жағдайы және даму жолдары жөнінде баяндама ұсынылады
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы