Аудан әкімі Т. Мүсәпірбековтің Риддер қаласында «Туған жер – алтын бесігім» акциясы аясында өтетін аудан күніндегі кіріспе сөзі. Аса құрметті, риддерліктер! icon

Аудан әкімі Т. Мүсәпірбековтің Риддер қаласында «Туған жер – алтын бесігім» акциясы аясында өтетін аудан күніндегі кіріспе сөзі. Аса құрметті, риддерліктер!



НазваниеАудан әкімі Т. Мүсәпірбековтің Риддер қаласында «Туған жер – алтын бесігім» акциясы аясында өтетін аудан күніндегі кіріспе сөзі. Аса құрметті, риддерліктер!
Дата конвертации17.12.2012
Размер26.14 Kb.
ТипДокументы
источник

Аудан әкімі Т.Мүсәпірбековтің

Риддер қаласында «Туған жер – алтын бесігім» акциясы аясында өтетін аудан күніндегі кіріспе сөзі.


Аса құрметті, риддерліктер!

Ең алдымен, Сіздерге қазақ әдебиетінің алтын бесігі, Ұлылар мекені Абай елі халқының туыстық ыстық сәлемін жеткізуге рұқсат етіңіздер!

Ұлы Абай мен кемеңгер Шәкәрімнің, ғұлама Мұхтардың өшпес мұралары – барша адамзаттың асыл қазынасына айналып отыр. Олардың шығармалары – ұлтымыздың рухани байлығы, ақылшысы, тәрбиешісі, ел беделін биіктететін құндылық.

Осынау қазақтың тарихи өңірі халқының кенді Алтайдың алтын алқасы, ежелгі Риддер қаласының жұртшылығына, еңбекшіл тұрғындарына деген құрметі шексіз.

Қазақстан жері – ұлан байтақ, тарихы бай. Алайда, соның ішінде Риддер сынды тарихи қаланың орны да жөні де бөлек. Асқар таулары, ғажайып табиғаты, қазба байлықтары мол, ерекше тамаша адамдары ел тарихында айтарлықтай із қалдырған Алтай қойнауындағы қаланы көруге кім болса да құштар болатыны сөзсіз.

Қазақстандағы түсті металургияның орталығы Риддердің Тәуелсіздік жылдарында қайта жаңғырып, еліміздегі индустриясы өркендеген, шағын және орта бизнес секторы дамыған, халықтар достығы мен татулығының мекеніне айналғаны баршамызды қуантады.

Елбасымыздың биылғы «Әлеуметтік экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Жолдауында «Қуатты Қазақстан дегеніміз – ең әуелі өңірлердің қуаттылығы» деп атап көрсетті.

Осы орайда еліміздің индустриялық картасында айрықша орны бар Риддер қаласының қолданыстағы өндірістерді жаңғыртып, жаңа өндіріс орындарын ашып, әлеуметтік инфроқұрылымдармен қамтамассыз етудегі табыстарына абайлықтар қашанда тілектес.

Бүгінде Елбасымыздың жасампаз Жолдауымен жігерленген Абай ауданының халқы жерлесіміз, әлемге әйгілі жазушы М.О.Әуезовтың 115 жылдық мерейтойы мен Шығыс Қазақстан облысының 80 жылдығын лайықты қарсы алу мақсатында үлкен өрлеумен еңбек етуде.

Аудан экономикасының негізгі саласы болып табылатын мал шаруашылығы қарқынды дамуда. Ауылдарды көркейту, көгалдандыру, жаңа әлеуметтік нысандар салу қауырт қолға алынып, жандана түсті.

Аудан орталығы абаттандырылып, мәдениет үйі, М.Әуезов атындағы орталық кітапхана қайтадан күрделі жөндеуден өтуде.

Таяуда өлкетану мұражайы ашылмақ. Орталық алаңға, бірнеше көшелер асфальтталып, тратуарлар жасалды.

Жаңа спорт модулінің құрылысы толықтай аяқталды. Жақында пайдалануға беріледі.

4 халық театры, 1 халықтық өнер ұжымы, барша ауыл өнерпаздары ұлттық салт-дәстүрді, өнерді дамытуға шығармашылықпен еңбек етуде.

Бір сөзбен айтқанда, Тәуелсіздік таңымен арайланған Абай елі бүгінде әлеуметтік-экономикалық өрлеу мен рухани жаңғыруда.

Қымбатты, риддерліктер!

Біз бүгін сіздермен облыс әкімі Бердібек Мәшбекұлы Сапарбаевтың бастамасымен облысымызда кең қанат жайған «Туған жер – алтын бесігім» акциясы аясында бас қосып отырмыз.

Акция аясыда Шығыс Қазақстан облысының екі тарихи өңірі өзара іс-тәжірибе алмасып, бауырластығы одан әрі жалғасады. Біздер бір-бірімізден үйреніп, әлеуметтік-экономикалық дамудың жаңа белестеріне бірге көтерілетініміз ақиқат. Мұндай ізгілікті кездесулеріміз келешекте де жалғаса берсін.

Сондай-ақ, абайлықтар сіздерді биыл құрылғанына 40 жыл толып отырған шет елдерге, республикаға танымал «Қаламқас» халық ансамблінің өнерін тамашалауға шақырады.

Ауыл шаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесінен арзан бағамен қажеттеріңізді алуға болады.

Ұлы Абай: «Берекелі болса ел – жағасы жайлау ол біп көл» деп ұрпағына ұлағат сөз қалдырған.

Еліміздің басты байлығы – халқымыздың береке-бірлігі арта берсін!

Тәуелсіздігіміз баянды, халқымыз аман, еліміз тыныш болсын!

Шығыс Қазақстан өңірі әлеуметтік-экономикалық дамудың жаңа биіктеріне жете берсін!



Похожие:

Аудан әкімі Т. Мүсәпірбековтің Риддер қаласында «Туған жер – алтын бесігім» акциясы аясында өтетін аудан күніндегі кіріспе сөзі. Аса құрметті, риддерліктер! iconАудан әкімі Т. Мүсәпірбековтің «Туған жерге тағзым» акциясында сөйлеген сөзі
Ынтымақтығы жарасқан аудан халқы ел тәуелсіздігінің 20 жыл ішінде қол жеткен табыстарын баянды ете отырып, ұлы жерлесіміз әлемге...
Аудан әкімі Т. Мүсәпірбековтің Риддер қаласында «Туған жер – алтын бесігім» акциясы аясында өтетін аудан күніндегі кіріспе сөзі. Аса құрметті, риддерліктер! iconАудан әкімі Т. Мүсәпірбековтың «Бабалар мұрасы – ұрпаққа ұлағат» атты ғылыми-тәжірибелік конференциясындағы кіріспе сөзі Құрметті қауым! Ел Тәуелсіздіктің 20 жылдығына орай облысымызда «Мәдени мұра»
Аудан әкімі Т. Мүсәпірбековтың «Бабалар мұрасы – ұрпаққа ұлағат» атты ғылыми-тәжірибелік конференциясындағы
Аудан әкімі Т. Мүсәпірбековтің Риддер қаласында «Туған жер – алтын бесігім» акциясы аясында өтетін аудан күніндегі кіріспе сөзі. Аса құрметті, риддерліктер! iconҮржар ауданында «Туған жерге тағзым!» акциясы бойынша атқарылған жұмыстар туралы «Туған жерге тағзым!»
«Туған жерге тағзым!» акциясы аудан көлемінде жүргізілуде. Осыған байланысты, Үржар өңірінде туып-өсіп, бүгінде еліміздің әр жерінде...
Аудан әкімі Т. Мүсәпірбековтің Риддер қаласында «Туған жер – алтын бесігім» акциясы аясында өтетін аудан күніндегі кіріспе сөзі. Аса құрметті, риддерліктер! iconАудан әкімі Т. Мүсәпірбековтың «Туған жерге тағзым» акциясында сөйлеген сөзі
Бүгінде әр аймақ, аудан, ауыл, әр ұжым, ел азаматтары, барша халық осынау мерейлі мерекені лайықты қарсы алу жолында жұмыла еңбек...
Аудан әкімі Т. Мүсәпірбековтің Риддер қаласында «Туған жер – алтын бесігім» акциясы аясында өтетін аудан күніндегі кіріспе сөзі. Аса құрметті, риддерліктер! iconАудан әкімі Т. Мүсәпірбековтің Аудан мұғалімдерінің дәстүрлі тамыз маслихатында
Ең алдымен сіздерді аудан мұғалімдерінің дәстүрлі тамыз маслихатымен құттықтауға рұқсат етіңіздер! Баршаларыңызға жас ұрпаққа білім...
Аудан әкімі Т. Мүсәпірбековтің Риддер қаласында «Туған жер – алтын бесігім» акциясы аясында өтетін аудан күніндегі кіріспе сөзі. Аса құрметті, риддерліктер! iconАудан әкімі Т. Мүсәпірбековтің 2012 жылдың Наурыз мерекесіндегі құттықтау сөзі Ардақты ағайын!
Ару көктемнің арайлы шуағымен нұрланып құт дарыған тарихи өңірімізге Наурыз келді. Баршаңызды халқымыздың ең ұлы мерекесі әз Наурызбен...
Аудан әкімі Т. Мүсәпірбековтің Риддер қаласында «Туған жер – алтын бесігім» акциясы аясында өтетін аудан күніндегі кіріспе сөзі. Аса құрметті, риддерліктер! icon«бекітемін» Аудан әкімі М. Жайымбетов
...
Аудан әкімі Т. Мүсәпірбековтің Риддер қаласында «Туған жер – алтын бесігім» акциясы аясында өтетін аудан күніндегі кіріспе сөзі. Аса құрметті, риддерліктер! iconАудан әкімі Т. Мүсәпірбековтің Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 21 жылдығына арналған салтанатты жиналыстағы баяндамасы

Аудан әкімі Т. Мүсәпірбековтің Риддер қаласында «Туған жер – алтын бесігім» акциясы аясында өтетін аудан күніндегі кіріспе сөзі. Аса құрметті, риддерліктер! iconАудан әкімі Т. Мүсәпірбековтің 31 мамыр саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған митингідегі сөзі
Соның ішінде Кеңестік дәуірдің өзіндік орны бар. Социалистік құрылыстың 74 жылы ішінде Қазақстан жұлдызды сәтті де, көкіректі өртер...
Аудан әкімі Т. Мүсәпірбековтің Риддер қаласында «Туған жер – алтын бесігім» акциясы аясында өтетін аудан күніндегі кіріспе сөзі. Аса құрметті, риддерліктер! iconТарбағатай ауданында «Туған жерге-тағзым» акциясы аясында 2011 жылы іске асырылатын шаралардың жоспары

Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы