Аудан әкімі Т. Мүсәпірбековтің «Туған жерге тағзым» акциясында сөйлеген сөзі icon

Аудан әкімі Т. Мүсәпірбековтің «Туған жерге тағзым» акциясында сөйлеген сөзі



НазваниеАудан әкімі Т. Мүсәпірбековтің «Туған жерге тағзым» акциясында сөйлеген сөзі
Дата конвертации17.12.2012
Размер40.22 Kb.
ТипДокументы
источник


Аудан әкімі Т.Мүсәпірбековтің

«Туған жерге тағзым» акциясында сөйлеген сөзі

27.05.2012 жыл

Құрметті жолдастар, қонақтар!

Қадірменді іскер азаматтар!

Халқымызда «Ынтымақта елге бақ қонар» деген қанатты сөз бар. Ынтымақтығы жарасқан аудан халқы ел тәуелсіздігінің 20 жыл ішінде қол жеткен табыстарын баянды ете отырып, ұлы жерлесіміз әлемге әйгілі қаламгер М.Әуезовтың 115 жылдығы мен Шығыс Қазақстан облысының құрылғанына 80 жыл толу мерекесін лайықты қарсы алу жолында жұмыла еңбек етуде.

Қазыналы да, шежірелі, тарихы терең Шығыс Қазақстан өңірінде бүгінде талай тың, жасампаз бастамалар өмірге келіп, халықтың қолдауына ие болып отыр. Сондай игілікті істің бірі облыс әкімі Бердібек Мәшбекұлы Сапарбаевтың бастамасымен соңғы үш жылда облысымызда кеңінен қанат жайған «Туған жерге тағзым акциясы». Осы жылдар ішінде акция аясында өңірімізден әлеуметтік-экономикалық дамуына жаңа серпін берген талай игілікті істер атқарылды. Тек өткен жылы ғана ауданымыз бойынша « » теңге қаржының жобасы жүзеге асырылды. Бұл игілікті бастаманың келешегі зор екенін айқындап, жақсылықты жалғастыра беру керектігіне берік сенім ұялатады. Жаңа жарқын істерге өрісті өрлеу береді.

Міне осындай өрлеу кезінде маужыраған мамыр айында, ежелгі, Шыңғыстаудың бөктерінде, тарихи «Қарашоқы» баурайында «Туған жерге тағзым» акциясы аясында Сіздермен бас қосып отырмыз.

«Туған жерге, туынды тік», «Жалықтырса алыс сонар жат мекен, туған жердің түтіні де тәтті екен» - деп даналарымыз ой түйіндеген.

Туған жерден қанаттанған әр перзенті кіндік қаны тамған атамекенін, өскен ортасын, тәлім-тәрбие алған талбесігін бір сәт естен шығармай, оған мәңгілік қарыздармын деп санайтыны ақиқат. Ал, Абай елінің жөні де, жолы да бөлек.

Шыңғыстау, Жидебай, Қасқабұлақ – әр қазақтың киелі Меккесі, рухани бастауы.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың сөзімен айтқанда «Қазақ халқының киесі, ары мен намысы, ақылы мен жүрегі ұлы Абай туған жер».

Ендеше, ел құрметіне бөленген, ізгі жанды, дархан жүректі, кең пейілді, жомартта, жайсаң жерлестер!

Туған жерге қош келдіңіздер!

^ Ардақты ағайын!

Енді сіздерді аудандағы атқарылған жұмыстармен және алдағы жүзеге асырылатын істермен таныстырайық:

  • Аудан орталығы Қарауыл ауылының бас жоспары жасалынды.

  • Қарауыл ауылындағы «Арман» кинотеатры қайта күрделі жөндеуден өтіп, халыққа қызмет етуде.

  • Медеу ауылындағы клуб үйі қайта жөнделіп, пайдалануға берілді.

  • Саржал ауылында су құбыры іске қосылды.

  • Қарауыл гимназиясының жанынан құны 63 млн. 100 мың теңге тұратын спорт залы салынды.

  • Орталық емхана мен Көкбай ауылындағы дәрігерлік амбулаторияға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.

  • Аудандық мәдениет үйінің жанында футбол алаңы салынды.

  • Қарауыл ауылында Тәуелсіздіктің 20 жылдығына орай тәуелсіздік монументі тұрғызылды.

  • Жаңадан «Ана мен бала» гүлзары жасалды.

  • М.Әуезов, Үш ақын ескерткіштері қайта жөнделді.

  • Қарауылдағы Абай, Ералы көшелері жарықтандырылды.

  • Әнет баба Кіші құрына ескерткіш орнатылды.

Сондай-ақ, өткен жылы іскер, кәсіпкер азаматтардың демеушілік қолдауымен «Туған жерге тағзым» акциясы аясында 25 жобасы жүзеге асырылды. Оның ішінде жерлесіміз Евразия университетінің ректоры, ауданымыздың құрметті азаматы Ерлан Бәттәшұлының демеушілігімен аудан орталығында қонақ үй салынды.

Ауданымыздың құрметті азаматтары, Амантай Мұқатаев, Сайлау Кошкин, жерлесіміз Төлеуғазы Иманғалиевтар, Көкбай Жанабайұлының кесенесі мен медресені күрделі жөндеуден өткізді.

Шығыс Қазақстан облысының құрметті азаматы, облыстық мәслихаттың депутаты Ибраев Ғаббас Төкенұлы аудан орталығындағы Құнанбай қажы атындағы мешіттің сыртын безендірді.

Ауданымыздың құрметті азаматы, «Дегелен тас» кәсіпорнының директоры В.Ковалев Қарауыл ауылындағы орталық алаңға жаңа сахна жасап берді.

  • Сондай-ак даңқты балуан, іскер азамат жерлесіміз берік Канафин Саржал ауылында жаңа тойхана салды.

  • Серікхан Көжиев билборд, баннерлер жасауға демеушілік жасап, аудан орталығын көрнекілікпен безендіруге көмек жасады. Ауылдарды көркейтуге, абаттандыруға қол ұшын беріп, тарихи өңірдің жаңғыруына айрықша із қалдырған азаматтардың барлығына ел атынан алғыс айтамыз.

Ауданда биылғы 2012 жылы біршама жұмыстар атқарылды.

  • Аудан орталығында жаңа спорт модулі салынып, маусым айының басында пайдалануға беріледі.

  • Бұрыңғы «Нива» дүкені өлкетану мұражайы болып қайта жабдықталуда. Қазір мұражайға экспонаттар, жәдігерлер жинау жұмыстары қызу қолға алынуда.

  • М.Әуезов атындағы орталық кітапхана мен аудан әкімдігінің ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстары жүруде.

  • Әнет баба алаңы жарықтандырылып, абаттандырылды.


Құрметті жерлестер!

Біздің бүгінгі басқосуымыз кешегі кемеңгер Құкекеңнің, Ұлы Абайдың, данышпан Шәкәрімнің, ғұлама Мұхтардың ізі қалған Қарашоқыда тамаша табиғат аясында өтіп отыр. Бұл өте маңызды. Шыңғыстың жұпар ауасы, көркем табиғат, туған жердің құшағы тың бастамалар мен жаңа игі істерге арқау болары сөзсіз.

«Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті», «Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек» деп ұлы Абай айтқандай сіздердің ақыл-парасат, ерік-жігерлеріңізбен туған өңірді көркейтуге белсене атсалысатындарыңызға сенеміз. Арттағы келер ұрпаққа өнегелі іс, ұлағатты із қалдырайық!

Сіздерге мықты денсаулық, жемісті еңбек, алдағы мақсатты істеріңізге сәттілік тілеймін!

Біздің басты байлығымыз-береке-бірлік!

Ісіміз табысты, бірлігіміз баянды болсын!




Похожие:

Аудан әкімі Т. Мүсәпірбековтің «Туған жерге тағзым» акциясында сөйлеген сөзі iconАудан әкімі Т. Мүсәпірбековтың «Туған жерге тағзым» акциясында сөйлеген сөзі
Бүгінде әр аймақ, аудан, ауыл, әр ұжым, ел азаматтары, барша халық осынау мерейлі мерекені лайықты қарсы алу жолында жұмыла еңбек...
Аудан әкімі Т. Мүсәпірбековтің «Туған жерге тағзым» акциясында сөйлеген сөзі iconҮржар ауданында «Туған жерге тағзым!» акциясы бойынша атқарылған жұмыстар туралы «Туған жерге тағзым!»
«Туған жерге тағзым!» акциясы аудан көлемінде жүргізілуде. Осыған байланысты, Үржар өңірінде туып-өсіп, бүгінде еліміздің әр жерінде...
Аудан әкімі Т. Мүсәпірбековтің «Туған жерге тағзым» акциясында сөйлеген сөзі iconО проводимой работе по акции «Туған жерге тағзым!» в Урджарском районе
В урджарском районе со стороны предпринимателей – уроженцев района, проживающих в разных регионах нашей страны проводится акция «Туған...
Аудан әкімі Т. Мүсәпірбековтің «Туған жерге тағзым» акциясында сөйлеген сөзі iconҮржар ауданында «Туған жерге тағзым!» акциясы бойынша атқарылған жұмыстар туралы хабарлам а 2013 жылдың басында «Туған жерге тағзым»
Аудан орталығы – Үржар ауылында демеушілер жеке кәсіпкер Серікболат Бейсекенов «Царп» жшс-і «Бәйтерек» монументін қазан айында тұрғызды....
Аудан әкімі Т. Мүсәпірбековтің «Туған жерге тағзым» акциясында сөйлеген сөзі iconАудан әкімі Т. Мүсәпірбековтің Риддер қаласында «Туған жер – алтын бесігім» акциясы аясында өтетін аудан күніндегі кіріспе сөзі. Аса құрметті, риддерліктер!
...
Аудан әкімі Т. Мүсәпірбековтің «Туған жерге тағзым» акциясында сөйлеген сөзі iconТарбағатай ауданында «Туған жерге-тағзым» акциясы аясында 2011 жылы іске асырылатын шаралардың жоспары

Аудан әкімі Т. Мүсәпірбековтің «Туған жерге тағзым» акциясында сөйлеген сөзі iconАудан әкімі Т. Мүсәпірбековтің 2012 жылдың Наурыз мерекесіндегі құттықтау сөзі Ардақты ағайын!
Ару көктемнің арайлы шуағымен нұрланып құт дарыған тарихи өңірімізге Наурыз келді. Баршаңызды халқымыздың ең ұлы мерекесі әз Наурызбен...
Аудан әкімі Т. Мүсәпірбековтің «Туған жерге тағзым» акциясында сөйлеген сөзі iconҚұрметті, Бердібек Мәшбекұлы! Қымбатты, кездесуге қатысушылар!
Облыс әкімі Б. Сапарбаевтың тірек ауылдардың тұрғындарымен кездесуінде сөйлеген сөзі
Аудан әкімі Т. Мүсәпірбековтің «Туған жерге тағзым» акциясында сөйлеген сөзі iconАудан әкімі Т. Мүсәпірбековтің 31 мамыр саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған митингідегі сөзі
Соның ішінде Кеңестік дәуірдің өзіндік орны бар. Социалистік құрылыстың 74 жылы ішінде Қазақстан жұлдызды сәтті де, көкіректі өртер...
Аудан әкімі Т. Мүсәпірбековтің «Туған жерге тағзым» акциясында сөйлеген сөзі iconАудан әкімі Т. Мүсәпірбековтің Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 21 жылдығына арналған салтанатты жиналыстағы баяндамасы

Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы