Ауданның мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің 2011 жылғы 6 айында атқарған жұмыстары туралы ақпарат icon

Ауданның мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің 2011 жылғы 6 айында атқарған жұмыстары туралы ақпарат



НазваниеАуданның мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің 2011 жылғы 6 айында атқарған жұмыстары туралы ақпарат
Дата конвертации17.12.2012
Размер81.39 Kb.
ТипДокументы
источник

Ауданның мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің 2011 жылғы

6 айында атқарған жұмыстары туралы ақпарат


Ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі 2011 жылдың басынан бері бес айда жоспарға сәйкес және аудан әкімінің тапсырмасына орай аудан көлемінде көптеген шараларды атқарды.

Мәдениет саласы бойынша 203 мәдени - көпшілік іс-шаралар өткізілді. Оның ішінде тілді дамытуға мәдениет үйі мен ауылдық клубтар бойынша -79 шара, тілді дамытуға байланысты -26 шара, кітапхана саласы бойынша - 98 шара өткізілді.

Жалпы алғанда, бес айдан бері 40-тан астам айтулы мәдени- көпшілік шаралар аудан көлемінде ұйымдастырылып, өткізілді.

Атап айтқанда, ақпан-наурыз айларында ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығын лайықты деңгейде атап өту және ұлы Абайдың ақын шәкірті Көкбай Жанатайұлының 150, Елбасына бата берген абыз ақын Шәкер Әбеновтың 110 жылдығына орай және аудан әкімінің арнайы шешімімен (№ 55. 19.01.2011.) "Тәуелсіздік - ер мұраты, ел арманы" атты аудан көркемөнерпаздарының өнер байқауы өткізілді. Оған 9 ауыл, 3 мектеп ұжымы қатысып, 1500-дей адам өз өнерлерін аудан халқына тарту етті.

Ақпанда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығын мерекелеуге арналған Абай ауданының мәдени - көпшілік және қоғамдық маңызы бар іс-шаралар жоспары жасалынды.

3 ақпан күні аудандық кітапханада Тәуелсіздіктің 20 жылдығына байланысты «Тәуелсіздікке 20 жыл» тақырыбында кеңес өтті.

Кеңесте мерекелік жыл ішінде өткізілетін мәдени іс-шаралардың тізбесі бекітілді. Оның ішінде төмендегідей шаралар өткізілді.

а). Қаңтарда «Тәуелсіздікке 20 жыл» тақырыбында «Тәуелсіздік және жаңа кітап мерекесі» атты жаңа кітаптарды таныстыру беташары, тұрақты көрме.

ә). Ақпанда «Шыңғыстау көтерілісі мен Шәкәрім қазасына -80 жыл» атты әдеби - тарихи, сазды, танымдық кеш.

б). Сәуірде Көкбай Жанатайұлының туғанына 150 жылдығына арналған «Көкбай-Абайдың ақын шәкірті, ағартушы, сазгер» атты әдеби - сазды кеш.

17 ақпан күні облыс әкімі Б.М.Сапарбаевтың бастамасымен "Туған жерге - тағзым" атты акциясы аясында аудан әкімінің елден шыққан кәсіпкерлердің басын қосып, туған жерінің көркейуіне қолдау білдіріп, демеушілік - көмек көрсету тұрғысында қайырымдылық акциясын өткізді. Оған "Қаламқас" халық ән-би ансамблі арнайы концерт берді.

8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні «Тәуелсіздікпен түрленген мерейлі мереке» атты мерекелік кеш аяулы аналарға арналып өткізілді. Аудан әкімі тарапынан аналарға арнайы құрмет көрсетіліп, 18 әр түрлі кәсіп иелері - аналарға номинациялар берілді және бағалы сыйлықтар табыс етілді..

17 наурыз күні аудандық мәдениет үйінде "Төрлет Әз Наурыз" атты мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған наурыз мерекесі өткізілді.

22 наурыз - "Ұлыстың ұлы күні - Наурыз" мейрамы "Төрлет Әз Наурыз - 2011" атты театрландырылған қойылымдар көрсетілді. Сондай-ақ, ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығы мен Наурыз мерекесіне орай "Қаламқас" халық ән-би ансамблі мерекелік концерт беріп, аудан жастары арасында "Пай, пай, жігіттер!" атты сайыс өткізілді. Байқауға

6 адам әр мекемеден таңдап алынды. Сайысқа қатысушылар байқау шарты бойынша - гир көтеру, қол күрестіру, сырыққа шығу, өз өнері мен ерекше таң қалдыру өнер түрлеріне қатысып, өз өнерлерін мерекеге жиналған қауымға паш етті. Үздік өнер көрсеткендерге аудан әкімінің арнайы "Дипломдары" табыс етіліп, бағалы сыйлықтар берілді..

28 наурыз күні Тәуелсіздік мерекесіне байланысты "Тұғырың биік туған ел" деген тақырыпта айтыс ұйымдастырылып өткізілді. Айтысқа

жан-жақтан айтыскер ақындар келіп, аудан жұртшылығын бір рухтандырып тастады. Айтыста бас жүлдені белгілі жас айтыс ақыны Нұржан Өмірбаев жеңіп алды. Абай ауданы атынан қатысқан жас айтыскер ақын Ұлан Сағадиев үшінші орынды еншіледі.

1 сәуір күні Көкбай ауылдық мәдениет үйінде "Күлкі - өмір көркі" атты әзіл - сықақ кеші өткізіліп, оған көптеген өнерлі жастар өз өнерлерін сарапқа салды. Көпшіліктің сүйспеншілігіне бөленген өнерлі жастар мадақтамен марапатталып, арнайы сыйлықтарға ие болды.

4 сәуір күні білім мен өнердің әр саласы бойынша аудан, облыс, республика көлемінде жетістіктерге жетіп, аудан намысын қорғап жүрген аудан жастарының "Жеңімпаздар форумы" өткізілді. Форумның соңы жастардың би кешіне ұласты.

14 сәуір күні "Қозы Көрпеш - Баян сұлу" атты ғашықтар күніне арналған аудандық байқау өткізілді. Байқауға барлық ауылдардан үміткерлер қатысып, көркемсөзбен, әнмен, күймен өз өнерлерін ортаға салды.

16 сәуір - Ел Тәуелсіздігінің 20 жылдық мерейтойы қарсаңында Қазақстан Халықтар Достығы фестивалінің лауреаты Космонавт Төлеухан - сахнада 15 жыл және 50 жасқа келген мерей тойына арнап, «Ән қанатында» атты есептік концертін берді. Аталған кешке ансамбльдің ірге тасын қалаған өнер майталмандары келіп, әннен шашу шашты.

20 сәуір күні Елбасының "Үш тұғырлы" мәдени жобасын жүзеге асыру бағытында қазақ, орыс, ағылшын тілдерінен "Білгенге маржан" атты ҮІ аудандық тілдер сайысы өткізіліп, оған 12 үміткер қатысты. Байқауда 1,2,3-інші орын алғандарға диполмдар мен бағалы сыйлықтар табысталды. Жүзден жүйрік шыққан жеңімпазға арнайы диплом беріліп, бағалы сыйлық тапсырылды және "Абай ауданының тіл білгірі" деп танылды. Сондай-ақ, барлық байқауға қатысушылар байқау дипломанттары атанып, ынталандыру сыйлықтары берілді.

22 сәуір күні Республикалық Абай оқуларына іріктеу өткізіліп, Абай, Шәкәрім өлеңдерін жатқа оқудан, әндерінен және ақынға деген арнау жырларымен үздік көрінген жеңімпаздар аудан намысын қорғауға қыркүйке айында өтетін Республикалық байқауға жолдама алды.

26 сәуір - Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай «Тәуелсіз елдің балалары» атты мүмкіндігі шектеулі балалар ән –билерін Тәуелсіздікке арнап, мерекелік концерті ұйымдастырылып өткізілді.

27 сәуір күні - «Біз Тәуелсіз елдің жастарымыз!» атты І аудандық Жастар форумы болып өтті. Форумның мақсаты: ел болашағы - жастар Елбасының сарабдал саясатын, Тәуелсіз Қазақстанның жетістіктері мен ұлы бастамаларын қолдау.

29 сәуір күні аудандық "Өнер" мектебінің ұжымымен (С.Оразов) бірлескен шара ретінде суретші-ұстаз Т.Ақмолдинді еске алу кешіне орай аудан жастарының арасында көркемсурет байқауы мен аудан суретші - ұстаздарының шығармашылық көрмесі өткізілді. Аталған шараға Семей педагогикалық институтының бейнелеу және дизайн кафедрасының профессоры Қ.Макаров, белгілі мүсінші, тәжірибелі - ұстаз Б.Орынбаевтар келіп, байқауға қазылық жасап, жеңімпаздарға дипломдар табыстап, олардың шығармашылық жолына сәттілік тіледі.

1 мамыр - Қазақстан Халқының бірлігі мерекесі күні аудан орталығы - Қарауыл орталығындағы орталық «Аға сұлтан» алаңында «Тәуелсіздік - ер мұраты, ел арманы» атты аудандық көркемөнерпаздар ұжымдары байқауының қорытынды концерті болып, мерекеде жеңімпаздар марапатталды.

6 мамыр күні аудандық мәдениет үйінде тұңғыш рет жастар мен жасөспірімдер арасында аудандық «Құран-Кәрім оқу» сайысы Құнанбай қажы атындағы мешіт және аудандық «Абай жастары» ЖҚБ-мен бірлесіп ұйымдастырылды.

Құнанбай қажы мешітінің бас имамы Б.Баешов, «Абай жастарының» төрағасы Ұ. Сағадиев құттықтау сөз сөйлеп, сайысқа қатысушылаға сәттілік тіледі. Байқау шарттарына сәйкес әділқазылар сайыскерлеріміздің жаттаған сүрелерінің мөлшерін, оқылған Құранның таза оқылуын, әріптердің таза шығуын, яғни қырағатқа назар аударып, қатысушыларға әділқазылар тарапынан қойылатын сұрақтар негізінде білімділіктері де бағаланды.

Қатысушы сайыскелер 10-15 және 16-20 жас болып екіге бөлініп, озық шыққан жүлдегелер марапатталып және оларға сыйлықтар табысталды.

9 мамыр - Жеңіс күніне орай «Армысыз ардагерлерім!» атты кең көлемді композициялық шара ұйымдастырылып, сап түзеген әскери шеру өткізілді. Сол күні ауған соғысында қаза болған жауынгерлерге арналған ескерткіштің салтанатты ашылуы болды.

Жеңіс күніне арналып, Қарауыл төбеде ат бәйгесі мен ұлттық спорты ойындарынан жарыс өткізілді.

12 мамыр күні облыс орталығы Өскемен қаласында «Тәуелсіздіктің 20 жылдығына- 20 жарқын іс» акциясы шеңберінде 15 мамыр Халықаралық отбасы күніне арналған «Мөлдір бұлақтан...» атты отбасылық шығармашылық фесиваліне аудандық көркемөнерпаздар байқауында үздік өнер көрсекен Бекмұханбетовтер жанұялық ансамблі қатысып, дипломант атанды.

21 мамыр күні аудандық АХАЖ бөлімінің 90 жылдығы аталып өтті. Оған облыстан Семейден аталған сала қызметкерлері арнайы келді. Мерекелік шара барысында "Күміс той" иелері, "Алтын той" иелері және "Гауһар той" иелері атанған Серікбаевтар джанұясы атынан ұрпағы Н. Серікбаевалар арнайы шақырылып, оларға құрмет көрсетілді. Аудан әкімінің атынан аудан әкімінің орынбасары Е.Лдибаев мырза құттықтау сөз сөйледі. Мерекеге шақырылған қонақтарға арнайы құрмет көрселітіп, соңынан "Қаламқас" халық ән-би ансамблінің мерекелік концерті берілді.

22 мамыр күні «Мен сыйға тартқан орамал» атты Роза Әлқожаның концерті болды. (Алматы қаласы) Концерт соңында аудан әкімінің орынбасары Е.Лдибаев, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бастығы Ә.Мырзақасым сөз сөйлеп, сувенир сыйлық тапсырды.

27 мамыр күні Семей қалалық филармониясының әншісі Н.Өмірбековтің «Тәуелсіздікке –тартуым» атты шығармашылық концертін аудан көрермендеріне ұсынды. Концертте халық әндері, классикалық шығармалар, қазақ композиторларының әндері орындалды және осы концертте Т.Таханова, А.Әбілқасымовалар да ән шырқады.

31 мамыр күні Шәкәрім атындағы саяси қуғын-сүргін алаңында еске алу митингісі болды. Митингіде ішкі саясат бөлімінің бастығы Ж.Екібаев, ардагерлер кеңесінің төрағасы М.Түңлікбаев, ардагер М.Толғанбаев сөз сөйледі. «Ақсұңқар» ақындар сыныбының оқушылары қуғын-сүргін құрбандарына арналған өз туындыларын оқыды.

Сондай-ақ, мәдениет пен өнерде қол жеткен табыстар мен жаңалықтар да баршылық. Атап айтқанда соңғы екі жылда Қасқабұлақ, Құндызды ауылдарындағы клуб үйлері күрделі жөндеуден өтіп, ел игілігіне жарап жатса, өткен жылы қараша айында Көкбай ауылында мәдениет үйі халық игілігіне пайдалануға берілді.

Аудан орталығы - Қарауылда ұзақ жыл шешімін таппай келген кинотеатр ғимаратына бүгінгі таңда "Жол картасы" аясында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуіп аяқталу үстінде. Алдағы уақытта халық игілігіне беріліп, аудан жастары үшін үлкен жаңалық болмақ.

Қазір де ауданда 5 мәдениет, клуб үйлері мен 10 кітапхана,

1 видеомобиль мәдени - демалыс қызметін көрсетіп келеді.

"Мәдени мұра" бағдарламасына байланысты монументальді ескерткіштерді қалыпқа келтіру бағытында және оларға арнайы тақта орнату бағытында біршама жұмыстар жоспарланып отыр.

Өткен жылы "Мәдени мұра" мемлекеттік бағдарламасына орай облыстық мәдениет басқармасынан аудандық мәдениет үйіне тарихи және мәдени ескерткіштер мен жерлерге арнайы нөмірленген тас белгілер әкелінген болатын. Үстіміздегі 2011 жылы қаржы мәселесі шешілсе тарихи орындарға орнатып шығу көзделіп отыр.

Жалпы, Абай ауданның халқын кітаппен қамтуда 10 кітапхана жұмыс атқарады. 1 аудандық, 9 ауылдық кітапханалар. Кітап қоры – 141 509, оқырман саны – 12 663, келуші саны – 151 956 және бүгінге дейін берілген кітап – 253 560.

Аудандық М.Әуезов атындағы орталық кітапхана жыл басынан бері біршама жұмыстар атқаруда.

31 қаңтар күні - аудандық М.Әуезов атындағы орталық кітапханада Тәуелсіздіктің 20 жылдығына орай "Егемен ел - Қазақстан" атты кітап көрмесі жасалып, аталған тақырыпқа шолу жасалды.

10 ақпан күні - ұлы Абайдың ақын шәкірті Көкбай Жанатайұлы мен Ақылбай Абайұлының 150 жылдығы мен Елбасына бата берген Шәкер Әбеновтың 110 жылдығына орай аудан бойынша барлық ауылдық кітапханаларда "Ұлы Абайдың шәкірттері" тақырыбында кітап көрмелері өткізілді. Аталған көрмеде ұлы Абай тақырыбы мен оның шәкірттерін кең көлемде ашатын барлық кітаптар қамтылды..

25 наурызда күні - аудандық М.Әуезов атындағы орталық кітапханада "Ата салтым - кең пейіл дархандығым" тақырыбында кітаптарға шолу жасалса, 21 шілде күні - "Темекі - адам ағзасының жауы" тақырыбында "дөңгелек үстел" өткізілді.

16 наурыз күні - барлық ауылдық кітапханаларда "Ас - адамның арқауы" атты әңгіме сағаты өтті.

Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы мемлекеттік тілді дамыту бағытында 2011 жылғы ақпан айының 21-нен наурыз айының 21-не дейін "Тілім менің тірегім, елім деп соғар жүрегім" атты айлық жариялады. Аталған айлыққа барысында ауданның мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі АХАЖ бөлімінің қызметкерлерімен бірлесе отырып , "Туу туралы куәлік-баланың басты құжаты" тақырыбымен 3 рет кеңес өткізді.

2011 жылдың 22 наурызы мен 22 сәуірі аралығында көрнекі ақпарат құралдарын біріздендіруге арналған "Мемлекеттік тілге құрмет -Тәуелсіздікке құрмет" айлығының атқарылатын іс-шаралардың жоспары жасалып, осы бағытта біршама жұмыстар атқарылды. Айлық бойынша 22 - 31 наурыз аралығында 1 "дөңгелек үстел", 2 байқау және көрнекі ақпарат құралдарын біріздендіруге байланысты 1 рейд өткізілді.

6 мамырда мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі "Ұлттың негізгі болмысы - Ататек" тақырыбында "дөңгелек үстел" мен 18 мамырда әр сала мамандарымен бірлескен "Ел болашағы - жас ұрпақ" атты семинар өткізілді.



Похожие:

Ауданның мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің 2011 жылғы 6 айында атқарған жұмыстары туралы ақпарат iconШымкент қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің 2012 жылдың 6 айында атқарған жұмыстары туралы есебі
Шымкент қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі «Қазақстан Республикасының мәдениет туралы» және «Қазақстан Республикасының...
Ауданның мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің 2011 жылғы 6 айында атқарған жұмыстары туралы ақпарат iconАуданның мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің 2011 жылдың 5 айында атқарған жұмыстары туралы
Мәдениет саласы бойынша 151 мәдени көпшілік іс-шаралар өткізілді. Оның ішінде тілді дамытуға мәдениет үйі мен ауылдық клубтар бойынша...
Ауданның мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің 2011 жылғы 6 айында атқарған жұмыстары туралы ақпарат iconО рал қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің 20 11 жылы атқарылған жұмыстары туралы есебі
Орал қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің құрамына төмендегідей мекемелер мен кәсіпорындар кіреді
Ауданның мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің 2011 жылғы 6 айында атқарған жұмыстары туралы ақпарат iconОрал қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің 2010 жылы атқарылған жұмыстары туралы есебі
Орал қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің құрамына төмендегідей мекемелер мен кәсіпорындар кіреді
Ауданның мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің 2011 жылғы 6 айында атқарған жұмыстары туралы ақпарат iconОрал қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің 20 12 жылда атқарылған жұмыстары туралы есебі
Орал қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің құрамына төмендегідей мекемелер мен кәсіпорындар кіреді
Ауданның мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің 2011 жылғы 6 айында атқарған жұмыстары туралы ақпарат icon«Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту» бөлімінің 2010 жылдың І жартыжылдығында атқарған жұмыстары туралы хабарлама
Аудан бойынша 2010 жылдың 1 қаңтарына мәдениет саласында 22 кітапхана, 19 мәдениет және клуб үйлері халыққа мәдени-ақпараттық қызмет...
Ауданның мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің 2011 жылғы 6 айында атқарған жұмыстары туралы ақпарат iconАуданның ішкі саясат бөлімінің 2012 жылғы I жартыжылдықта атқарған жұмыстары туралы ақпарат Аудандық ішкі саясат бөлімі өз жұмысының басты арнасын Елбасымыздың «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты»
Ауданның ішкі саясат бөлімінің 2012 жылғы I жартыжылдықта атқарған жұмыстары туралы ақпарат
Ауданның мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің 2011 жылғы 6 айында атқарған жұмыстары туралы ақпарат iconТарбағатай ауданы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
«Тарбағатай аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
Ауданның мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің 2011 жылғы 6 айында атқарған жұмыстары туралы ақпарат icon2011 жылы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларының іске асырылуы туралы және 2012 жылы әлеуметтік қолдау шараларын алуға үміткер мамандарға ақпарат
С. Ф. жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы, Сарбасов Қ.Қ. мәдениет, тілдерді дамыту, дене шыныктыру және...
Ауданның мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің 2011 жылғы 6 айында атқарған жұмыстары туралы ақпарат iconМәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің 2008 жылы атқарған жұмыстары
Аудан аумағында 2 сәуір 1999 жылы барлық клуб жүйелері мемлекеттік қазыналық коммуналдық мәдени демалыс кәсіпорны (МҚкмдк) болып...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы