Ірі салық төлеушілер мониторингі Жалпы ережелер icon

Ірі салық төлеушілер мониторингі Жалпы ережелер



НазваниеІрі салық төлеушілер мониторингі Жалпы ережелер
Дата конвертации28.11.2012
Размер37.46 Kb.
ТипДокументы
источник

Ірі салық төлеушілер мониторингі

Жалпы ережелер

1. Ірі салық төлеушілер мониторингі ірі салық төлеушілердің нақты салық салынатын базасын анықтау, Қазақстан Республикасының салық заңнамасының сақталуын және трансферттік баға белгілеу кезінде бақылауды жүзеге асыру мақсатында қолданылатын нарықтық бағаларды бақылау мақсатында олардың қаржылық-шаруашылық қызметін талдау жолымен жүзеге асырылады.

2. Мониторингке, Салық Кодекстің 99-бабында көзделген түзетулерді есепке алмағанда, анағұрлым көп жылдық жиынтық табысы бар үш жүз ірі салық төлеуші жатады.Түзетуді есепке алмағандағы жылдық жиынтық табыс мониторингке жататын ірі салық төлеушілер тізбесін бекітудің алдындағы жылдың салық кезеңі үшін корпоратиівтік табыс салығы бойынша декларация деректері негізінде айқындалады.

3. Қазақстан Республикасының Үкіметі мониторингке жататын ірі салық төлеушілер тізбесін 2009-2010 жылдарға аталған тізбе 2009 жылдын` 1  ақпанынан кешіктірмей  бекітеді.

Егер мониторингке жататын ірі салық  төлеушілердің тізбесін  қолданысқа енгізер жылдың алдындағы  жылдың 1 қарашасындағы жағдай бойынша 623 баптың 2-тармағында белгіленген талаптарға сай келетін салық төлеуші таратылу алдында тұрса, мұндай  салық төлеуші бұл тізбеге енгізілуге жатпайды.

Мониторингке жататын ірі салық төлеушілердің бекітілген тізбесі оны бекіткен жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан кейін қолданысқа енгізіледі.Мониторингке жататын ірі салық төлеушілердің бекітілген тізбесі қолданысқа енгізілген күннен бастап екі жыл бойына қолданыста болады және  осы кезең ішінде қайта қаралуға жатады

4. Мониторингке жататын ірі салық төлеуші қайта ұйымдастырылған жағдайда оның құқық мирасқоры (құқық мирасқорлары) мониторингке жататын ірі салық төлеушілердің келесі тізбесі қолданысқа  енгізілгенге дейін мониторингке жатады.

5. Мониторингке жататын ірі салық төлеуші таратылған жағдайда, сондай-ақ оны банкрот деп тану туралы сот шешімі күшіне енгізілген күннен бастап аталған салық төлеуші мониторингке жататын ірі салық төлеушілер тізбесінен шығарып тасталған деп танылады.

^ Мониторинг бойынша есептілікті ұсыну тәртібі мен           мерзімі

1. Мониторингке жататын ірі салық төлеушілер мониторинг бойынша есептілікті электронды цифрлы қолтаңбамен расталған электронды құжат нысанында табыс етеді.

2. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, мониторинг бойынша есептілікке мыналар жатады:

1) тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу кітабы;

2) тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу кітабы;

3) бухгалтерлік баланс;

4) өндірілген және сатып алынған тауарлардың, орындалған жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің қозғалысы туралы есеп;

5) өндірілген өнімнің, орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің өзіндік құны;

6) қаржылық-шаруашылық қызметiнің нәтижелері туралы есеп;

7) дебиторлық және кредиторлық берешекті таратып жазу.

3. Мониторингке жататын ірі салық төлеушілер көрсетілген есептілікті есепті салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 15-інен кешіктірмей уәкілетті орган бекіткен тәртіппен және нысандар бойынша тоқсан сайын ұсынып  отырады.Егер мониторинг бойынша есептілік нысандарын ұсыну мерзімінің соңғы күні жұмыс күні болмаса, ұсыну мерзімі келесі жұмыс күні болып табылады.

^ Уәкілетті органның салық есептілігін табыс ету               мерзімдерін ұзартуы

1. Мониторингке жататын ірі салық төлеуші Салық  Кодекстің                         624-бабында көрсетілген мониторинг бойынша есептілікті табыс ету мерзімі аяқталғанға дейін он жұмыс күнінен кешіктірмей уәкілетті органға осындай есептілікті табыс ету мерзімін ұзарту туралы салықтық өтініш табыс етуге құқылы.

2. Уәкілетті орган `71 баптың 1-тармағында көрсетілген салықтық өтінішті қарау нәтижелері бойынша оны алғаннан кейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей мониторинг бойынша есептілікті табыс ету мерзімін ұзартудан бас тарту туралы немесе мониторинг бойынша есептілікті табыс ету мерзімін ұзарту туралы шешім шығаруға міндетті. 

3. Мониторинг бойынша есептілікті табыс ету ерзімін ұзартудан бас тарту туралы шешім мониторингке жататын ірі салық төлеушіде ол 71 баптың 1-тармағында көрсетілген салықтық өтініш берген күні салық берешегі болған жағдайда, салық берешегі, міндетті зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешегі жоқ екендігі (бар екендігі) туралы анықтама негізінде немесе алдыңғы он екі айлық кезең ішінде мониторинг бойынша есептілікті табыс ету мерзімдерін бұзушылық фактісі негізінде қабылданады.

4. Уәкілетті орган мониторинг бойынша есептілікті табыс ету мерзімін осындай есептілікті табыс ету үшін белгіленген мерзімнен бастап үш айдан аспайтын кезеңге ұзартуға құқылы.

5. Уәкілетті орган мониторинг бойынша есептілікті табыс ету мерзімін ұзартудан бас тарту туралы шешім шығарған жағдайда, мониторингке жататын ірі салық төлеуші осындай есептілікті осы Кодексте белгіленген тәртіппен табыс етеді.

6. Салық қызметі органдарының бағдарламалық қамтамасыз етілімінде мониторинг бойынша есептілікті уақтылы табыс етуге әсер ететін техникалық қателер табылған жағдайда, уәкілетті орган осындай есептілікті табыс ету мерзімін осындай есептілікті табыс ету үшін белгіленген мерзімнен бастап үш айдан аспайтын кезеңге ұзартады.



Похожие:

Ірі салық төлеушілер мониторингі Жалпы ережелер iconМониторингке жататын ірі салық төлеушілер болып табылатын сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымдарының салық есептілігін жасау қағидалары 1 3-нысандар)

Ірі салық төлеушілер мониторингі Жалпы ережелер iconМониторингке жататын ірі салық төлеушілер болып табылатын сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымдарының салық есептілігін жасау қағидалары 1 3-нысандар)

Ірі салық төлеушілер мониторингі Жалпы ережелер icon1. жалпы бөлiм 1-БӨлiм. Жалпы ережелер 1-тарау. Негiзгi ережелер 1-бап. Осы Кодексте реттелетiн қатынастар
Осы Кодекс салықты және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi белгiлеу, енгiзу және есептеу мен төлеу тәртiбi жөнiндегi...
Ірі салық төлеушілер мониторингі Жалпы ережелер iconСақтандыру, қайта сақтандыру ұйымдарын, банктік қызметті, лицензия негізінде кейбір банктік операцияларды, зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақыны төлеу жөніндегі қызметті,
Салық төлеушілер мониторингі нақты салық салынатын базасын айқындау, Қазақстан Республикасының салық заңнамасының сақталуын және...
Ірі салық төлеушілер мониторингі Жалпы ережелер iconЗейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдері бойынша қызметті, сондай-ақ зейнетақы активтерін инвестициялық басқару бойынша қызметті жүзеге асыратын, мониторингке жататын ірі салық төлеушілердің салық есептілігін жасау қағидалары
Енген және зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдері бойынша қызметті, сондай-ақ зейнетақы активтерін инвестициялық басқару...
Ірі салық төлеушілер мониторингі Жалпы ережелер iconЗейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдері бойынша қызметті, сондай-ақ зейнетақы активтерін инвестициялық басқару бойынша қызметті жүзеге асыратын, мониторингке жататын ірі салық төлеушілердің салық есептілігін жасау қағидалары
Енген және зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдері бойынша қызметті, сондай-ақ зейнетақы активтерін инвестициялық басқару...
Ірі салық төлеушілер мониторингі Жалпы ережелер icon1. жалпы бөлiм 1-БӨлiм. Жалпы ережелер
Республикасының Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы (Салық кодексi)
Ірі салық төлеушілер мониторингі Жалпы ережелер icon1. жалпы бөлім 1-БӨлім. Жалпы ережелер
Осы Кодекс салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді белгілеу, енгізу және есептеу мен төлеу тәртібі жөніндегі...
Ірі салық төлеушілер мониторингі Жалпы ережелер icon2011 жылы Шемонаиха ауданының бюджетін орындау туралы
Асыра орындау сомасы 83344,5 мың теңге. Негізгі салық төлеушілер – «Қазақмыс» корпорациясының мыс-химиялық комбинаты, «Ертіс сирек...
Ірі салық төлеушілер мониторингі Жалпы ережелер icon607-бап. Жалпы ережелер
Хабарлама түрлері төменде аталған түрлермен шектеледі және олар салық төлеушіге (салық агентіне) мынадай мерзімдерде
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы