|
Зырян ауданында билік органдарындағы сыбайлас жемқорлықты төмендету бойынша ай сайын жұмыстар жүргізіледі. Жыл сайынғы Елбасының «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауында 2010 жылдан бастап 2020 жылдарға дейінгі аралықта шағын және орта бизнесті дамытудың басты бағыттары белгіленген. Зырян ауданында бизнестің ашылуына және жұмыс істеуіне тікелей байланысты тәртіп пен үдерістерді жеңілдету бойынша жұмыстар жүргізіледі. Ауданда кәсіпкерлік бөліммен бизнесті дамытуға кедергі келтіретін көкейтесті мәселелерді шешу және анықтау үшін кәсіпкерлікті дамытуда әкімшілік тосқауылдарды төмендетуге бағытталған жоспарлы жұмыстар жүргізіледі. Аудан – қала әкімінің өкімімен 2007 жылғы қаңтарда кәсіпкерлікті дамытуда әкімішілік тосқауылдарды жою бойынша жұмыс тобы құрылды. 2010 жылы әкімшілік тосқауылдарды жою бойынша жұмыс тобының 6 мәжілісі өтті. Жұмыс тобының құрамына үдеріске қатысты кәсіпкерлер, мемлекеттік ұйымдар мен құрылымдардың өкілдері енді. Ағымдағы жылдың мамыр және маусым айларында рұқсатталған рәсімді оңтайландыру және түгендеуді жүргізу мәселесі бойынша барлық мемлекеттік органдардың қатысуымен жұмыс тобының мәжілісі өткізілді. Зырян ауданының 26 мемлекеттік органдары рұқсатталған рәсімді оңтайландыру және түгендеуді өткізу бойынша ақпарат ұсынды. Зырян ауданының барлығы 16 қала, ауылдық округтардың және кенттерінің әкім аппараттарымен және 10 бөлімдерімен 58 рұқсатталған тәртіп өткізілді. Зырян ауданның мемлекеттік органдардағы рұқсатталған тәртіпті оңтайландыру және түгендеуді өткізудің нәтижелері әкімшілік тосқауылдарды жою бойынша жұмыс тобымен қарастырылды. Кәсіпкерлік қызметті реттейтін мемлекеттік органдармен жүргізілген талдаудың нәтижесінде оңтайландырудың мерзімі 43,6%-ға қысқарады. Бизнесті дамытуда әкімшілік тосқауылдарды жою бойынша жұмыстар ауданның кәсіпкерлік бөлімімен жалғастырылады. |