Шешім жобасы V шақырылған Зырян ауданының мәслихатының icon

Шешім жобасы V шақырылған Зырян ауданының мәслихатының



НазваниеШешім жобасы V шақырылған Зырян ауданының мәслихатының
Дата конвертации12.04.2013
Размер24.02 Kb.
ТипДокументы
источник


ШЕШІМ ЖОБАСЫ


V шақырылған Зырян ауданының мәслихатының

5- сессиясы


2012 жылғы 14 шілде №_______ Зырян қаласы


Мұқтаж азаматтардың жекеленген санаттарына әлеуметтік көмек алу үшін қажетті құжаттардың тізбесін және жеке тұлғалардың санаттарын анықтау туралы


Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуiрдегі «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы» Заңының 5, 6, 7, 8, 9-баптарына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуiрдегi «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 2-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1- тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 «Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» қаулысының 1- тармағының 14) тармақшасына сәйкес Зырян ауданының мәслихаты ШЕШТІ:

    1. Әлеуметтік көмекті алуға құқықтары бар жеке тұлғалардың мынадай санаттары айқындалсын:

  1. Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері;

  2. жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген адамдар;

  3. жеңiлдiктер мен кепiлдiктер бойынша соғысқа қатынасқандармен теңестiрiлген басқа тұлғалар;

  4. жасына қарай зейнет демалысына шыққан зейнеткерлер;

  5. мүгедектер, соның ішінде 18 жасқа дейінгі мүгедек баланы тәрбиелеп отырғандар;

  6. саяси қуғын-сүргін құрбандары;

  7. көп балалы отбасылар;

  8. 18 жасқа дейiнгі жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;

  9. балалар үйінің, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп- интернаттардың түлектері, сондай- ақ аз қамтылған отбасы студенттері;

  10. аз қамтылған отбасылар (азаматтар);

  11. әлеуметтік маңызды аурулары бар азаматтар (туберкулез, қатерлi iсiктер);

  12. өмірдің қиын жағдайларына душар болған азаматтар (табиғи апаттар, өрт, жазатайым оқиғалар, төтенше жағдайлар, баспанасыздық (белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдар), бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар).

2. Әлеуметтік көмек алу үшін қажетті құжаттардың тізбесі айқындалсын:

1) әлеуметтік көмек көрсетуге өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжат;

3) тұрғылықты тұратын жерi бойынша тiркелгенiн растайтын құжат (азаматтарды тіркеу кітабы, мекенжай анықтамасын не селолық және/немесе ауылдық әкiмдердiң анықтамасы);

4) салық төлеушінің тіркеу нөмірі;

5) отбасы мүшелерінің табысы туралы мәліметтер;

6) өтініш берушінің мәртебесін растайтын құжат;

7) тиісті уәкілетті органмен берілетін, өмірдің қиын (төтенше) жағдайларына душар болғанын растайтын акті немесе құжат;

8) емделуге нақты қаржылық шығынды немесе алдағы қаржылық шығындарды растайтын құжаттар, немесе өмірлік көрсеткіштері бойынша емделуге денсаулық сақтау органдарының жолдамасы;

9) туберкулезбен ауыратын аурулар үшін, туберкулезге қарсы диспансердің тізімі бойынша.

3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


Сессия төрайымы Н. Горбачёва


Зырян ауданының

мәслихат хатшысы Г.Денисова




Похожие:

Шешім жобасы V шақырылған Зырян ауданының мәслихатының iconШешім жобасы V шақырылған Зырян ауданының мәслихатының
Заңының 6 бабына, нормативтік құқықтық актілерді №2515 мемлекеттік тіркеу Тізілімінде тіркелген «Азаматтардың кейбір санаттарына...
Шешім жобасы V шақырылған Зырян ауданының мәслихатының iconШешім жобасы V шақырылған Зырян ауданының мәслихатының
«Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» 2012 жылғы 10 сәуірдегі 3/3-v шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Шешім жобасы V шақырылған Зырян ауданының мәслихатының iconЗырян ауданының мәслихатының Зырян ауданы бойынша автотұрақтарға (паркингтер) бөлінген жерлерге салық
Казахстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің 386- бабының 3- тармағына, «Қазақстан Республикасында жергілікті...
Шешім жобасы V шақырылған Зырян ауданының мәслихатының iconЖоба зырян ауданының мәслихатының Зырян ауданы бойынша автотұрақтарға (паркингтер) бөлінген жерлерге салық
Казахстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің 386- бабының 3- тармағына, «Қазақстан Республикасында жергілікті...
Шешім жобасы V шақырылған Зырян ауданының мәслихатының iconШешім жобасы V шақырылған Өскемен қалалық мәслихатының сессиясы № шешім
Заңының 6-бабының 1-тармағының 15 тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 22 қарашадағы №1370 қаулысымен бекітілген...
Шешім жобасы V шақырылған Зырян ауданының мәслихатының iconШешім жобасы V шақырылған Өскемен қалалық мәслихатының сессиясы № шешім
Заңының 6-бабының 1-тармағының 15 тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 22 қарашадағы №1370 қаулысымен бекітілген...
Шешім жобасы V шақырылған Зырян ауданының мәслихатының iconЗайсан аудандық мәслихатының шешімінің жобасы Зайсан ауданының аз қамтамасыз
Республикасы Үкіметінің №512 қаулысының 3 тармағына сәйкес аудандық мәслихат шешім қабылдады
Шешім жобасы V шақырылған Зырян ауданының мәслихатының icon«Азаматтардың мұқтажды санаттарына қосымша әлеуметтік көмек көрсету бойынша»
Бесінші шақырылған Зайсан аудандық мәслихатының кезектен тыс алтыншы сессиясы шешімінің жобасы
Шешім жобасы V шақырылған Зырян ауданының мәслихатының icon«Зырян ауданының жер қатынастары бөлімі» мм 2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Зырян қаласы – 2011 ж. Мазмұны
Зырян ауданының аумағындағы жер ресурстарын мемлекеттік басқаруды қамтамасыз ету
Шешім жобасы V шақырылған Зырян ауданының мәслихатының iconЗырян аудандық мәслихаты депутаттарының сайлаулар қорытындылары
Зырян аудандық мәслихатының депутаттар сайлаулары туралы Зырян аудандық аумақтық сайлау комиссиясының
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы