2012 жылғы 28 желтоқсандағы №332 қаулысы Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы «Әкімшілік рәсімдер туралы» icon

2012 жылғы 28 желтоқсандағы №332 қаулысы Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы «Әкімшілік рәсімдер туралы»

Название2012 жылғы 28 желтоқсандағы №332 қаулысы Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы «Әкімшілік рәсімдер туралы»
страница1/4
Дата конвертации09.04.2013
Размер0.49 Mb.
ТипДокументы
источник
  1   2   3   4

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің

2012 жылғы 28 желтоқсандағы № 332 қаулысы

Жер қатынастары саласындағы

мемлекеттік қызметтер

регламенттерін бекіту туралы

«Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1-бабына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiн бекiту туралы» 2010 жылғы 20 шiлдедегi № 745, «Жер қатынастары, геодезия және картография саласында Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару агенттігі мен жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту және «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» 2012 жылғы 1 қарашадағы № 1392 қаулыларына сәйкес, Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ^ ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қоса берілген мемлекеттік қызметтер регламенттері бекітілсін:

1) «Жер учаскесiне жеке меншiк құқығына актiлердi ресiмдеу және беру».

2. «Мемлекеттік қызметтер көрсету регламенттерін бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2012 жылғы 27 маусымдағы № 146 қаулысының күші жойылған деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2622 нөмірімен тіркелген, 2012 жылғы 11 – 21 тамыздағы № 93 (16722) - 97 (16726) «Дидар», 2012 жылғы 8 - 20 тамыздағы № 92 (19232) – 97 (19237) «Рудный Алтай» газеттерінде жарияланды).

3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

^ Облыс әкімі Б. Сапарбаев

Шығыс Қазақстан облысы

әкімдігінің

2012 жылғы «28» желтоқсандағы

№ 332 қаулысымен

бекітілген

«Жер учаскесiне жеке меншiк құқығына актiлердi ресiмдеу
және беру» мемлекеттік қызметінің регламенті

^ 1. Жалпы ережелер

1. «Жер учаскесіне жеке меншік құқығына актілерді ресімдеу және беру» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) жер учаскесінің орналасқан жері бойынша жер учаскесіне жеке меншік құқығына акті дайындайтын, мекенжайлары осы регламенттің 1 қосымшасында көрсетілген облыстың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органдарының жер қатынастары саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшелері (бұдан әрі – уәкілетті орган), мекенжайлары осы регламенттің 2 қосымшасында көрсетілген Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің «Жер кадастры ғылыми-өндірістік орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының (бұдан әрі – мамандандырылған кәсіпорын) қатысуымен және мекенжайлары осы регламенттің 3 қосымшасында көрсетілген Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және xалыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалдары (бұдан әрі – орталық) арқылы көрсетеді.

Мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында алыс орналасқан елді мекендердің тұрғындарына мемлекеттік қызметтерді мобильді орталық арқылы көрсетуге жол беріледі.

2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.

3. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 23 және 43-баптарының және «Жер қатынастары, геодезия және картография саласында Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару агенттігі мен жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту және «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 1 қарашадағы № 1392 қаулысының негізінде көрсетіледі.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі қағаз тасымалдағышта жер учаскесіне жеке меншік құқығына акті немесе жер учаскесіне жеке меншік құқығына актінің телнұсқасын немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту себебі жазбаша көрсетілген ол туралы уәжделген жауап беру болып табылады.

5. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет алушы) көрсетіледі.

^ 2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібіне қойылатын талаптар

6. Уәкілетті органның жұмыс кестесі: дүйсенбіден жұма күнін қоса алғанда, күн сайын сағат 9-00-ден 18-00-ге дейін, түскі үзіліс 13-00-ден 14-00-ге дейін, демалыс күндері: сенбі, жексенбі және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Заңына сәйкес мереке күндері.

Орталықтарда «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Заңына сәйкес жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, мемлекеттік қызмет дүйсенбіден сенбі күнін қоса алғанда күн сайын, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 9-00-ден 20-00-ге дейін үзіліссіз көрсетіледі.

Қабылдау «электрондық кезекке» тұру тәртібімен жедел қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.

Мобильді орталықтар құжаттарды бекітілген кестеге сәйкес қабылдайды, алайда бір елді мекенде жұмасына жұмыс уақыты алты сағаттан кем болмауы тиіс.

Мамандандырылған кәсіпорынның жұмыс кестесі – аптасына бес жұмыс күнi, жұмыстың басталуы таңғы сағат 9-00-ден кешкі 18-00-ге дейiн, түскі үзіліс - сағат 13-00-ден 14-00-ге дейiн.

7. Мемлекеттік қызмет жөніндегі ақпарат:

1) Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің www.auzr.kz интернет-ресурсында;

2) уәкілетті органның стенділерінде;

3) орталықтың www.con.gov.kz интернет-ресурсында;

4) орталықтың стенділерінде орналастырылған.

Мемлекеттік қызмет туралы ақпарат сондай-ақ call-орталығының 1414 телефоны арқылы берілуі мүмкін.

8. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:

1) уәкілетті органға өтініш жасаған сәттен бастап:

жер учаскесіне жеке меншік құқығына арналған актіні берген кезде – 6 жұмыс күнін;

жер учаскесіне жеке меншік құқығына арналған актінің телнұсқасын берген кезде – 4 жұмыс күнін құрайды;

мемлекеттік қызмет алғанға дейін кезекте күтудің рұқсат берілген ең көп уақыты – 30 минуттан аспайды;

мемлекеттік қызмет алушыға өтініш берген күні қызмет көрсетудің рұқсат берілген ең көп уақыты – 30 минуттан аспайды;

2) орталыққа өтініш жасаған сәттен бастап:

жер учаскесіне жеке меншік құқығына арналған актіні берген кезде – 6 жұмыс күнін;

жер учаскесіне жеке меншік құқығына арналған актінің телнұсқасын берген кезде – 4 жұмыс күнін құрайды;

мемлекеттік қызмет алғанға дейін кезекте күтудің рұқсат берілген ең көп уақыты – 20 минуттан аспайды;

мемлекеттік қызмет алушыға өтініш берген күні қызмет көрсетудің рұқсат берілген ең көп уақыты – 20 минуттан аспайды.

9. Мемлекеттік қызмет ақылы көрсетіледі.

Жер учаскесіне жеке меншік құқығына актіні дайындағаны үшін мемлекеттік қызмет құны осы регламенттің 4 қосымшасына сәйкес мөлшерде есептеп шығарылады.

Жер учаскесіне жеке меншік құқығына актіні дайындау үшін ақы төлеу қолма-қол немесе қолма-қол емес тәсілмен екінші деңгейдегі банктер арқылы мамандандырылған кәсіпорынның есеп шотына не мамандандырылған кәсіпорын ғимаратындағы кассаларда жүргізіледі, олар төлемнің мөлшері мен уақытын растайтын төлем құжатын (түбіртек) береді. Төлем құжатының (түбіртектің) нысаны осы регламенттің 5 қосымшасында көрсетілген.

10. Уәкілетті орган мынадай жағдайда мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады:

1) аталған жер учаскесі бойынша сот шешімдерінің болуы не сот қарауы жүріп жатқаны туралы хабарламаның болуы;

2) Қазақстан Республикасы заңнамасы нормаларының бұзылуы жойылғанға дейін прокурорлық қадағалау актісінің болуы;

3) бір учаскеге құқықты ресімдеуге қатысты бірнеше өтініштің болуы немесе құқықты ресімдеу үдерісінде осы жер учаскесінің басқа да пайдаланушылары анықталған кезде.

Осы регламенттің 14-тармағында көрсетілген тиісті құжаттар толық ұсынылмаған жағдайда, уәкілетті орган немесе орталық мемлекеттік қызметті алушының құжаттарды тапсырған күнінен бастап екі жұмыс күнінен аспайтын мерзімде мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту себебі туралы жазбаша хабардар етеді.

Жер учаскелеріне құқықтарды ресімдеуді сот шешімдері және прокурорлық қадағалау актілері бойынша тоқтата тұру ол үшін негіз болып табылған мән-жайлар анықталғанға дейінгі, ал бірнеше өтініштер түсу себебі бойынша тараптар арасында келісім орнатылғанға дейінгі не заңды күшіне енген сот шешімі ұсынылғанға дейінгі мерзімге кейінге қалдырылған деп есептеледі.

Жер учаскелеріне құқықтарды ресімдеуді тоқтата тұру туралы мәліметтер тіркеу және есепке алу кітабына енгізіледі. Мемлекеттік қызмет алушыға жер учаскесіне жеке меншік құқығына актіні ресімдеуді тоқтата тұруға негіз болған құжатты және тоқтата тұру мерзімдерін көрсете отырып, ресімдеуді тоқтата тұру себептерін жою үшін қызмет алушының кейінгі іс-қимылын көрсете отырып жазбаша хабарлама жолданады.

Уәкілетті орган белгіленген мерзім ішінде мемлекеттік қызметті алушыға жер учаскесіне жеке меншік құқығына акті немесе бас тарту туралы дәлелді жауапты бермеген жағдайда, оны беру күнінің мерзімі өткеннен кейін жер учаскесіне жеке меншік құқығына акті берілген болып есептеледі.

11. Мемлекеттік қызмет алушыдан өтiнiш алған сәттен бастап мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесiн берген сәтке дейiнгi мемлекеттiк қызмет көрсету кезеңдерi:

1) мемлекеттік қызмет алушы жер учаскесіне жеке меншік құқығына актiнi беру туралы өтiнiшті және қажетті құжаттарды орталыққа немесе уәкілетті органға ұсынады;

2) орталықтың инспекторы штрих-кодты бере отырып, құжаттарды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады, құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат береді;

3) орталықтың жинақтаушы бөлімінің инспекторы тізілім жасайды және құжаттарды уәкілетті органға жолдайды. Орталықтан құжаттар пакетін уәкілетті органға жіберу факті мемлекеттік қызметті көрсету үдерісінде құжаттардың қозғалысын қадағалауға мүмкіндік беретін Сканер штрих-кодтың көмегімен тіркеледі;

4) уәкілетті органның кеңсесі құжаттарды мемлекеттік қызмет алушыдан немесе орталықтан қабылдайды және тіркейді, өтінішті орталықтын ақпараттық жүйесінде тіркейді, қолхат беріп, құжаттарды уәкілетті органның басшылығына қарауға тапсырады;

5) уәкілетті органның басшылығы құжаттармен танысып, уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесінің басшылығына жолдайды;

6) уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесінің басшылығы уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесінің жауапты орындаушысын белгілейді және құжаттарды тапсырады;

7) уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесінің жауапты орындаушысы жер учаскесіне жеке меншік құқығына актiнi дайындау үшін мамандандырылған кәсіпорынға сұрауды немесе мемлекеттiк қызмет көрсетудi тоқтату туралы дәлелдi бас тартуды немесе жазбаша хабарламаны әзірлейді және уәкілетті органның басшылығына тапсырады;

8) уәкілетті органның басшылығы мамандандырылған кәсіпорынға сұрауға немесе мемлекеттiк қызмет көрсетудi тоқтату туралы дәлелдi бас тартуға немесе жазбаша хабарламаға қол қояды және уәкілетті органның кеңсесіне жолдайды;

9) уәкілетті органның кеңсесі сұрауды тіркейді және мамандандырылған кәсіпорынға жолдайды немесе мемлекеттiк қызмет көрсетудi тоқтату туралы дәлелдi бас тартуды немесе жазбаша хабарламаны тіркеп, мемлекеттік қызмет алушыға жолдайды;

10) мамандандырылған кәсіпорын кеңсесі сұрауды тіркейді және мамандандырылған кәсіпорын басшылығына қарауға тапсырады;

11) мамандандырылған кәсіпорын басшылығы қарағаннан кейін құжаттарды мамандандырылған кәсіпорынның өндірістік бөліміне тапсырады;

12) мамандандырылған кәсіпорынның өндірістік бөлімі жер учаскесіне жеке меншік құқығына актiнi дайындайды, мамандандырылған кәсіпорынның басшылығына қол қоюға жолдайды;

13) мамандандырылған кәсіпорын басшылығы жер учаскесіне жеке меншік құқығына актіге қол қойып, уәкілетті органға жолдайды;

14) уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесінің жауапты орындаушысы жер учаскесіне жеке меншік құқығына актінің дұрыстығына тексеру жүргізеді және жер учаскесіне жеке меншік құқығына актіні уәкілетті органның басшылығына қол қоюға тапсырады.

Қателер мен дәлсіздіктер анықталған жағдайда, құжаттар сол күні оларды жою үшін мамандандырылған кәсіпорынға қайтарылады;

15) уәкілетті органның басшылығы жер учаскесіне жеке меншік құқығына актіге қол қойып, уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесінің жауапты орындаушысына тапсырады;

16) уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесінің жауапты орындаушысы жер учаскесіне жеке меншік құқығына актіні елтаңбалы мөрмен растайды, актiнi беру кiтабына тiркейді және уәкілетті органның кеңсесіне тапсырады;

17) уәкілетті органның кеңсесі жер учаскесіне жеке меншік құқығына актіні орталыққа жолдайды, бұл ретте орталықтың ақпараттық жүйесінде тіркейді немесе уәкілетті органға жүгінген жағдайда мемлекеттік қызмет алушыға тапсырады. Жер учаскесіне жеке меншік құқығына актіні уәкілетті органнан қабылдап алу кезінде орталық түскен құжаттарды Сканер штрих-кодтың көмегімен тіркейді;

18) орталық мемлекеттік қызмет алушыға жер учаскесіне жеке меншік құқығына актіні немесе мемлекеттiк қызмет көрсетудi тоқтату туралы дәлелдi бас тартуды немесе жазбаша хабарламаны береді.

12. Уәкілетті органда және орталықта мемлекеттiк қызметті көрсету үшін құжаттар қабылдауды жүзеге асыратын тұлғалардың ең аз саны 1 (бір) қызметкер құрайды.

^ 3. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіндегі әрекеттер (өзара іс-қимыл) тәртібінің сипаттамасы

13. Кіріс (соның ішінде электрондық) хат-хабарлары уәкілетті органның қабылдау бөлімінде тіркеледі. Өтініш берушіге:

1) сұрауды қабылдау күні мен нөмірі;

2) сұралып отырған мемлекеттік қызметтің түрі;

3) қоса берілген құжаттардың саны және атауы;

4) құжаттарды беру күні (уақыты) және орны;

5) мемлекеттік қызметті көрсетуге өтінішті қабылдаған тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты және лауазымы көрсетілген құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат беріледі;

6) өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты, уәкілетті өкілдің тегі, аты, әкесінің аты және олардың байланыс телефондары.

14. Мемлекеттік қызмет алу үшін мемлекеттік қызмет алушы мыналарды ұсынады:

уәкілетті органға:

1) мемлекет жер учаскесіне жеке меншік құқығын берген кезде:

уәкілетті органға осы регламенттің 6 қосымшасында берілген нысан бойынша жер учаскесіне жеке меншік құқығына акті беруге өтініш;

жергілікті атқарушы органның жер учаскесіне жеке меншік құқығын беру туралы шешімінен үзінді көшірме;

уәкілетті орган бекіткен жерге орналастыру жобасының және жергілікті жерде жер учаскесінің шекараларын белгілеу жөніндегі материалдардың көшірмелері;

жеке тұрғын үй құрылысына бөлуге арналған алаңда жер учаскелерін орналастырудың жерге орналастыру жобасы болған жағдайда, көрсетілген жұмыстарды орындаған ұйым беретін, нақты жер учаскесіне арналған жерге орналастыру жобасының бір бөлігі және оның жергілікті жердегі шекараларын белгілеу жөніндегі материалдар;

салық төлеуші куәлігінің (ЖСН/БСН ұлттық идентификаторға пайдалануға көшкенге дейін) көшірмесі;

заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі;

жер учаскесіне жеке меншік құқығына актіні дайындағаны үшін қызметтерге ақы төленгені туралы төлем құжаты (түбіртек);

мемлекеттік қызмет алушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі не мемлекеттік қызмет алушының атынан берілген сенімхаттың және сенім білдірілген тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

2) жер учаскесінің сәйкестендіру сипаттамалары өзгерген жағдайда:

уәкілетті органға осы регламенттің 6 қосымшасында берілген нысан бойынша жер учаскесіне жеке меншік құқығына акті беруге өтініш;

жергілікті атқарушы органның жеке меншік құқығына бұрын берілген жер учаскесінің сәйкестендіру сипаттамаларының өзгеруі туралы шешімінен үзіндінің және/немесе жер учаскесінің сәйкестендіру сипаттамаларының өзгергендігін растайтын өзге құжаттың көшірмесі;

3) жер учаскесіне жеке меншік құқығына актінің телнұсқасын беру кезінде:

уәкілетті органға осы регламенттің 6 қосымшасында берілген нысан бойынша жер учаскесіне жеке меншік құқығына актінің телнұсқасын беруге өтініш;

жер учаскесіне жеке меншік құқығына актінің телнұсқасын дайындағаны үшін қызметтерге ақы төленгені туралы төлем құжаты (түбіртек);

жер учаскесінің орналасқан жері бойынша жергілікті облыстық газеттің жер учаскесіне жеке меншік құқығына актінің түпнұсқасын жарамсыз деп тану туралы хабарландыру жарияланған данасы.

Тұлғаның жеке куәлігінің немесе сенімхаттың көшірмелерін тексеру үшін құжаттардың түпнұсқалары ұсынылады, олар тексерілгеннен кейін мемлекеттік қызмет алушыға қайтарылады;

орталыққа:

1) мемлекет жер учаскесіне жеке меншік құқығын берген кезде:

уәкілетті органға осы регламенттің 6 қосымшасында берілген нысан бойынша жер учаскесіне жеке меншік құқығына акті беруге өтініш;

жергілікті атқарушы органның жер учаскесіне жеке меншік құқығын беру туралы шешімінен үзінді көшірме;

уәкілетті орган бекіткен жерге орналастыру жобасының және жергілікті жерде жер учаскесінің шекараларын белгілеу жөніндегі материалдардың көшірмелері;

жеке тұрғын үй құрылысына бөлуге арналған алаңда жер учаскелерін орналастырудың жерге орналастыру жобасы болған жағдайда, көрсетілген жұмыстарды орындаған ұйым беретін, нақты жер учаскесіне арналған жерге орналастыру жобасының бір бөлігі және оның жергілікті жердегі шекараларын белгілеу жөніндегі материалдар;

жер учаскесіне жеке меншік құқығына актіні дайындағаны үшін қызметтерге ақы төленгені туралы төлем құжаты (түбіртек);

салық төлеуші куәлігінің (ЖСН/БСН ұлттық идентификаторға пайдалануға көшкенге дейін) көшірмесі;

мынадай құжаттардың мәліметтері:

мемлекеттік қызмет алушының жеке басын куәландыратын құжат – жеке тұлға үшін;

мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі – заңды тұлға үшін;

2) жер учаскесінің сәйкестендіру сипаттамалары өзгерген жағдайда:

уәкілетті органға осы регламенттің 6 қосымшасында берілген нысанға сәйкес жер учаскесіне жеке меншік құқығына акті беруге өтініш;

жергілікті атқарушы органның жеке меншік құқығына бұрын берілген жер учаскесінің сәйкестендіру сипаттамаларының өзгеруі туралы шешімінен үзіндінің және/немесе жер учаскесінің сәйкестендіру сипаттамаларының өзгергендігін растайтын өзге құжаттың көшірмесі;

уәкілетті орган бекіткен жерге орналастыру жобасының және жергілікті жерде жер учаскесінің шекараларын белгілеу жөніндегі материалдардың көшірмелері;

жер учаскесіне жеке меншік құқығына актіні дайындағаны үшін қызметтерге ақы төленгені туралы төлем құжаты (түбіртек);

салық төлеуші куәлігінің (ЖСН/БСН ұлттық идентификаторға пайдалануға көшкенге дейін) көшірмесі;

мынадай құжаттардың мәліметтері:

мемлекеттік қызмет алушының жеке басын куәландыратын құжат – жеке тұлға үшін;

мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі – заңды тұлға үшін;

3) жер учаскесіне жеке меншік құқығына актінің телнұсқасын беру кезінде:

уәкілетті органға осы регламенттің 6 қосымшасында берілген нысан бойынша жер учаскесіне жеке меншік құқығына актінің телнұсқасын беруге өтініш;

жер учаскесіне жеке меншік құқығына актінің телнұсқасын дайындағаны үшін қызметтерге ақы төленгені туралы төлем құжаты (түбіртек);

жер учаскесінің орналасқан жері бойынша жергілікті облыстық газеттің жер учаскесіне жеке меншік құқығына актінің түпнұсқасын жарамсыз деп тану туралы хабарландыру жарияланған данасы;

мынадай құжаттардың мәліметтері:

мемлекеттік қызмет алушының жеке басын куәландыратын құжат – жеке тұлға үшін;

мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі – заңды тұлға үшін.

Мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстар болып табылатын құжаттардың мәліметтерін орталық халыққа қызмет көрсету орталықтарының ақпараттық жүйесі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден электрондық цифрлық қолтаңбамен қол қойылған электрондық құжат нысанында алады.

Орталық қызметкері мемлекеттік органдардың мемлекеттік ақпараттық жүйелерінен берілген құжаттар көшірмелерінің түпнұсқамен сәйкестігін тексереді, содан кейін мемлекет қызмет алушыға түпнұсқасын қайтарып береді.

15. Ақпараттық қауіпсіздік талабы берілетін және қабылданатын материалдардың құпиялығы болып табылады.

16. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісінде мынадай құрылымдық-функционалдық бірліктер (бұдан әрі - ҚФБ) қатысады:

ҚФБ 2 тобы:

1) ҚФБ 1 – уәкілетті органның кеңсесі;

2) ҚБФ 2 – уәкілетті органның басшылығы;

3) ҚБФ 3 – уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесінің басшылығы;

4) ҚБФ 4 – уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесінің жауапты орындаушысы;

ҚФБ 3 тобы:

5) ҚБФ 5 – мамандандырылған кәсіпорынның кеңсесі;

6) ҚБФ 6 – мамандандырылған кәсіпорынның басшылығы;

7) ҚБФ 7 – мамандандырылған кәсіпорынның өндірістік бөлімі;

ҚФБ 1 тобы:

8) ҚБФ 8 – орталықтың инспекторы;

9) ҚБФ 9 – орталықтың жинақтаушы бөлімінің инспекторы.

17. Әрбiр ҚФБ әкiмшiлiк әрекеттерінің (рәсiмдердiң) реттілігі мен өзара іс-қимылының әрбір әкімшілік іс-қимылдың орындалу мерзімі көрсетілген мәтіндік кесте түріндегі сипаттамасы осы регламентке 7 қосымшада келтірілген.

18. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде әкімшілік іс-қимылдардың қисынды реттілігі мен ҚФБ арасындағы өзара байланысты бейнелейтін сұлба осы регламентке 8 қосымшада келтірілген.

19. Оған сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі ұсынылатын жер учаскесіне жеке меншік құқығына актiнiң нысаны «Жер учаскесiне сәйкестендiру құжаттарының нысандарын бекiту, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу және кейбiр шешiмдердiң күшi жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 маусымдағы № 511 қаулысымен бекітілген.

  1   2   3   4

Похожие:

2012 жылғы 28 желтоқсандағы №332 қаулысы Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы «Әкімшілік рәсімдер туралы» icon2012 жылғы 28 желтоқсандағы №332 қаулысы Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы «Әкімшілік рәсімдер туралы»
«Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010...

Разместите кнопку на своём сайте:
Документы

База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы