|
2010 жылдың 30 желтоқсандағы аудандық маслихат сессиясының шешімімен бекітілген № 33/7- IV 2011-2015 жылда Зырян ауданының «Ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» ММ дамыту БАҒДАРЛАМАСЫ 1. Төлқұжат
«Серебрянск органикалық емес өнімдер зауыты» ЖШС (тыныс алу органдарын қорғау құралдарын өндіру) 2007 жылы 12,5 млн. дана тыныс алу органдарын қорғау құралдары – респираторлар өндірілді, 2008 жылы – 12,6 млн. дана, 2009 жылы – 12,5 млн. дана, газға қарсы құралдар 2007 жылы – 3,4 мың дана, 2008 жылы – 8,1 мың дана, 2009 жылы – 1,9 мың дана. Кәсіпорын Қазақстандағы тыныс алу органдарын қорғау құралдарын өндірудегі жалғыз мекеме болып табылады, бірақ банк алдындағы қаржылық міндеттемелерден дамуға, жаңа инвестициялық жобаларды іске асыруға мүмкіндігі жоқ. ^ 3 кесте
Кестеден соңғы үш жыл ішінде ұн және макарон өнімдерінің,рафинадталмаған өсімдік майының өндірісінің төмендеу тенденциясы байқалады. Сондай-ақ ет, сары май, ірімшік пен сүзбе және сыра өндірісінің өсуі байқалады. Азық – түлік өнімдерін өндіру, сусындарды қоса алғанда, 78 кәсіпорындар мен өндірістер жұмыс істейтін 11 бағытты қамтиды. Ауданның азық – түлік өнімдерін өндірудегі жетекші кәсіпорындары мыналар: шұжық өнімдерін өндіру бойынша «Зыряновские колбасы» ЖШС, «Хорс» ш/қ, сүт өндіру бойынша «Зыряновский молкомбинат» ЖШС (құрылтайшысы «Восток- молоко») және «Большенарым май зауыты» ЖШС, сыра және алкогольсіз сусындарды өндіру бойынша «Зырян – Қайнар» ЖШС. Сала бойынша 2009 жылы1027,5 млн.теңгеге тауар өнімі өндірілді, бұл 2007 жылғы деңгейден 2,1 есе артық. Азық – түлік және қайта өңдеу өнеркәсібінде, негізінен, жабдықталған үй-жайларда орналасқан, бұрын пайдалануда болған, ескірген өндірістік және технологиялық құрал-жабдықтармен жабдықталған шағын кәсіпорындар саны көп. ^ 4 кесте
Тағам және қайта өңдеу өнеркәсібіндегі негізгі проблема өндірістік үрдістер механизациясы мен автоматизациясы деңгейінің төмендігі болып табылады, бұл бәсекеге қабілетті өнім шығаруға және халықаралық стандарттарға өтуге мүмкіндік бермейді. Кәсіпорындармен және мемлекеттік органдармен сатып алынатын тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алуда қазақстандық мазмұн мәселелеріндегі негізгі міндеттерді орындау мақсатында 2009 жылы мемлекеттік сатып алулардағы қазақстандық мазмұнды арттыру, ұлттық өндірушілермен байланысты және отандық өндірушілерді қолдауды нығайту бойынша жүйелі жұмыстар басталды. Ауданда Шығыс Қазақстан облысының басқа аудандарымен қазақстандық мазмұнды арттыру мақсатында өнеркәсіптік кәсіпорындар өнімдерін жеткізу мәселелері бойынша өзара іс-әрекет жасау бойынша маркетингтік жұмыстар жүргізіледі. Ауданның ірі және орта кәсіпорындарының арасында жүргізілетін ай сайынғы мониторингке сәйкес, тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алудағы қазақстандық мазмұн үлесі ағымдағы жылдың 1 қазанында 86,9 % құрады. Тағам өнімдерін сатып алуды жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорындардағы жергілікті тауар өндірушілердің тағам өнімдерінің қазақстандық мазмұн үлесі артып келеді. Тағам өнімдері сатылып алынған 15 жабдықтаушының ішінде 14-і ауданның жабдықтаушылары. Мемлекеттік сатып алуда жергілікті тауар өндірушілердің үлесін арттыру жұмыстары жүргізіледі, оның нәтижесінде өндіріс көлемі артып, жұмыс орындары сақталады. Шағын кәсіпкерлік субъектілері мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындар үшін тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді ұсынуға қатысады. 2010 жылдың 9 айында мемлекеттік мекемелермен ШКС-нен мемлекеттік сатып алу көлемі 232193,0 мың теңгені құрады (833413,3 мың теңгелік мемлекеттік сатып алудың жалпы көлемінен 27,9 %). Апта сайын «демалыс күні» жәрмеңкесі өткізіледі. 2010 жылдың басынан бастап 44 жәрмеңке өткізілді, онда 26,0 млн.теңгенің өнімі сатылды. Жәрмеңкелерге ауылшаруашылық өнімдерін өндіретін кәсіпорындар, шаруа қожалықтары, кәсіпкерлер қатысады. Тауарларды сатуға арналған орындар тегін беріледі. Жыл басынан бастап Зырян ауданының кәсіпкерлері қазақстандық мазмұнды дамытуға бағытталған 12 ісшараға қатысты, оның нәтижесінде Зырян қаласының сауда нүктелеріне өнеркәсіптік кәсіпорын өнімдерін жеткізуге ниет шарты жасалынды. Аудан әкімдігі мен Корея Республикасының өкілі арасында туризмді, марал өсіру мен дәрілік препараттарды өндіруді дамыту саласына қаржы салу туралы меморандумға қол қойылды. Бұл Меморандумның мақсаты Зырян ауданындағы инвестициялық жобаларды Корея Республикасының инвесторларын қатыстыра отырып іске асыру болып табылады. Меморандумды жүзеге асыру бойынша қабылданып жатқан шаралар аясында мыналар жоспарлануда: аудан аумағында панталық өнімдерді шикізат түрінде сақтауға арналған тоңазытқыш қоймасын ашу. Дәрілік шөптер, адамтамыр өсіретін плантация ұйымдастырып, адамтамыр, панты мен дәрілік шөптердің негізінде дәрілік препараттар мен тағамдық қоспалар жасау, жаңа жұмыс орындарын құру және қызметкерлерді оқыту. Корея Республикасының фармакология компаниялары өкілдерімен туризмді, марал өсіру мен дәрілік препараттарды өндіруді дамыту саласына қаржы тарту мәселесі жөніндегі 4 меморандумға қол қойылды. Ағымдағы жылдың 14 шілдесінде аудан кәсіпкерлерінің «Қазмырыш» ЖШС ЗКБК мен «Бұқтырма цемент компаниясы» АҚ басшыларымен Шығыс Қазақстан облысы әкімінің кеңейтілген аппараттық кеңесінің 01.02.2010 жылғы № 1/445 хаттамасын орындауға сәйкес, қазақстандық мазмұнды дамыту, экономиканың барлық салаларында еңбек өнімділігін арттыруға және шығарылатын өнімдердің энергия жұмсағыштығын төмендетуге шара қолдану мақсатында шағын және орта бизнес кәсіпорындарының ауданның ірі өнеркәсіптік кәсіпорындарымен ынтымақтастық мәселелері бойынша кездесулері өтті. Ауданның 8 кәсіпорны Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының өңіраралық ынтымақтастығының IV форумының аясында екі мемлекет Басышыларының қатысуымен, 2010 жылдың қыркүйегінде Өскемен қаласында өткізілген «Облыс кәсіпорындарының дамуының индустриалдық – инновациялық мүмкіндіктері» көрмесіне қатысты. 2010 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу көлемі төмендегідей:
Қазақстанның Бүкіләлемдік сауда ұйымына қосылуы мен әлемнің бәсекеге қабілетті 50 елінің қатарына енуіне байланысты халықаралық нормалар мен ережелерге көшу қажет. Серебрянск қаласындағы «Белуха» АҚ, «Қазмырыш» ЖШС, «Бұқтырма цемент компаниясы» АҚ, «Фаворит» ЖШС, «СЗНП» ЖШС, «Колор» ЖШС кәсіпорындары сапа менеджменті жүйесіне, соның ішінде СТ-КZ сертификатына енгізілді. 2003 – 2015 жылдарға арналған индустриалдық-инновациялық даму бағдарламасына аудан бойынша әр түрлі көздерден қаржыландырылатын 4 жоба қосылды: «Қазмырыш» ЖШС ЗКБК мыс сульфаты менкатодты мыс ерітінділерін алу, «Бұқтырма цемент компаниясы» АҚ «Меллерс» қаптау желісі учаскесінің құрылысы және құрылғыларды жөндеу, картоп крахмалын өндіру («Плюс» ЖШС), жел генераторларының негізінде жергілікті жылу жүйелеріне арналған жылу стансаларын құру («Зырян жылу энергетика компаниясы» ЖШС). Бағдарламаға қосылған барлық жобалар 2004 жылдан 2006 жылға дейінгі аралықта іске асырылды. 2007 жылы 2 цех іске қосылды: шағын наубайхана, тұшпара дайындау цехы, «Востокпроммонтаж» ЖШС металл құрылғыларды, құбырларды, стандартты емес құрылғылар дайындау цехы іске қосылды, 93 жұмыс орны құрылды. Кәсіпкерлік қызметтің 58 нысаны іске қосылды, соның ішінде 44 сауда нысаны, 79 жаңа жұмыс орындары құрылды. 2008 жылы шағын және орта бизнестің 10 кәсіпорны инвестициялық жобаларды іске асыруға кірісті. 2008 жылы шағын бизнестің 32 нысаны, соның ішінде 22 сауда нысаны, ауылдық жерде 6 нысан пайдалануға енгізілді, 147 жұмыс орны құрылды. «Фаворит» ЖШС фанер, жиһаз қаңқаларын өндіру цехы іске қосылды, 60 жаңа жұмыс орындары ашылды. 2009 жылдың басынан бастап 7 инвестициялық жоба жүзеге асты: Прибрежный кентінде 2 цех пайдалануға берілді, Березовский совхозында өсімдік майын өндіру цехы іске қосылды, 2009 жылдың сәуірінде мектеп жиһазын жасау цехы жұмысын бастап, ЖК А.Денебаевтың гранула (төменгі қысымды полиэтилен) өндіруге арналған шикізутты өңдеу цехы ашылған (шикізаттың болмауынан цех уақытша жұмыс істемейді). «Востокпроммонтаж» ЖШС кірпіш зауытында кірпіш өндіру цехы іске қосылды, 2010 жылы 120,0 мың дана кірпіш шығарылды. «Белуха» АҚ су негіздегі лак-бояу өнімдерін өндіру бойынша эксперименттік цех іске қосылды, 50 жұмыс орны ашылды. Кәсіпкерлік қызметтің 25 нысаны, соның ішінде 16 сауда нысаны іске қосылды, 109 жұмыс орны ашылды. 2009 жылы Шығыс Қазақстан облысының Үйлестіру кеңесінің қарауына Зырян ауданы бойынша 15 жоба ұсынылды. 2010 жылы 2 цех қолданысқа енгізілді: сүтті қайта өңдеу бойынша «Үлкен нарын сүт зауыты» ЖШС, шыны жиһаз дайындау бойынша цех «SL Compani» ЖШС, жаңа 21 жұмыс орыны құрылды. 5 сауда нысаны қолданысқа енгізілді, 2 сауда нысанына қайта құру жұмыстары атқарылды, 19 жұмыс орыны құрылды. Барлығы 40 жұмыс орыны құрылды. Электр энергиясын, газ бен суды тасымалдау және өндіру бойынша өнідіріс негіздері болып Зырян қаласының «Теплоцентраль» МК, «Серербрянск қ. Теплоцентраль» КМК, «Промтепло» ЖШС, «Бухтарма Теплоэнерго» ЖШС, «Водоканал» МК, Серебрянск қ. су арнасы» КМК. Электр энергиясы Серебрянск қ. маңында орналасқан «Казцинк» ЖШС Бұқтырма гидроэлектр кешенімен өндіріледі, жылу энергиясы Зырян және Серебрянск қ. ТЭЦ өндіріледі. Ауданымызда электр энергиясын сатумен «Шығысэнерготрейд» ЖШС, ал таратумен – «ШҚ АЭК» АҚ айналысады.Ауданымыздың барлық елді мекендері электр энергиясымен қамтылған. |
![]() | Жарма ауданының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімінде жемқорлыққа қарсы іс шаралар «Жарма ауданы ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» «Жарма ауданы ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» 2010 жылы төмендегідей қызмет түрлерін көрсетеді | ![]() | Жарма ауданының кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімінің сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша 2011 жылдың і-жартыжылдығындағы жұмыстары туралы ақпарат «Жарма ауданының кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» 2011 жылы төмендегідей қызмет түрлерін көрсетеді |
![]() | «Катонқарағай ауданының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2010 – 2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімінің ( бұдан әрі- «Бөлім») миссиясы мен көзқарасы | ![]() | 2011-2015 жылдарға арналған Зырян ауданының аумағын дамыту бағдарламасы жүзеге асырылуда Зырян ауданында 2011-2015 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламасы іске асырылуда |
![]() | «Тарбағатай аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ережесі Ақсуат ауылы 2011 жыл «Жергілікті атқарушы органдардың құрылымдарына және штаттық кестелеріне енгізілген кейбір өзгерістерді бекіту туралы» Тарбағатай... | ![]() | «келісілді» Облыс ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы Б.Қасенов Успен ауданының «Ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған |
![]() | Жангелдин ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі” мемлекеттік мекемесі туралы ереже жалпы ережелер «Жангелдин ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» «Жангелдин ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық саласында басшылықты... | ![]() | 2011 жылға «ШҚо курчатов қаласы ауыл шаруашылығы, ветеринария және жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің атқарған жұмысы туралы ақпарат Курчатов қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 07 желтоқсандағы №529 қаулысымен бекітілген «Қр шқо курчатов қаласы ауыл шаруашылығы, ветеринария... |
![]() | Аягөз аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі мм Аягөз аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі мм пошталық мекен жайы; Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданы, Аягөз қаласы... | ![]() | Көкпекті ауданы әкімиятының қаулысымен № 2011 жыл бекітілді «Көкпекті ауданының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімінің» мемлекетпен бекітілген 2011-2015 жылдарға арналған |