Зырян ауданының 9 айға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуы icon

Зырян ауданының 9 айға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуы



НазваниеЗырян ауданының 9 айға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуы
Дата конвертации16.12.2012
Размер20.77 Kb.
ТипДокументы
источник

Зырян ауданының 9 айға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуы


 

Зырян ауданында жылдың басында өнеркәсіпті өнімдер өндірісі 33417,9 млн теңгені құрады. Нақты көлемнің индексі - 95,3% құрады.

Өнеркәсіпті өнімдер көлемін арттыру мақсатында аудан кәсіпорындарында мердігерлік шарттарды бекіту бойынша келіссөздер жүргізіледі, тапсырыс берушілерді қарастыру жағдайларды тұрақтандыруға бағытталған шаралар қолданылады.

Ауыл шаруашылық жалпы өнімдерінің өсімі былтырғы жылғы кезеңге сәйкес 124,9 % құрады. Жалпы өнімдер көлемі - 3675,9 млн теңге.

Ет өнімі 3088,4 тонна,сүт 17792,3 тонна, өндірілді,жұмыртқа саны 6483,8 мың дана. Тері өнімі 17,7 тоннаны немесе былтырғы жылғы деңгейге 101,1% құрап отыр.

Мал басы алдағы қысқа қара және балауса жемшөппен қамтамасыз етілді, пішен - 151%, пішендеме 138,2% қажеттіге әзірленді.

Өсімдік шаруашылығында дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар жинау аяқталуда. Дәндердің түсімі былтырғы жылғы деңгейден 4,2 есе жоғары , егін түсімі -25,2 ц/га құрайды.

АӨК техникалық жабдықтаудың сапалы өсімін қамту мақсатында 2009 жылдың басында аудан құрылымдарына 247,6 млн теңге жалпы сомасына ауыл шаруашылық техникасы сатып алынды.

Болжалды мәліметтер бойынша негізгі капиталда инвестициялар көлемі 3993,8 млн теңгені құрап отыр.

Экономиканың нақты секторындағы инвестициялық жобаларды жылжыту бойынша шаралар қолданылады.

Жылдың басында 7 инвестициялық жоба іске асырылып,57 жұмыс орны құрылды. Ауыл шаруашылық өнімдерін өңдейтін 3 цех іске қосылды,корпустық мектеп жиһазын шығаратын цех,қатты тұрмыс қалдықтарын қайта өңдейтін цех, эксперименттік цех лак-бояулар өнімдерін шығаруды бастады. «Востокпроммонтаж» ЖШС Қыркүйек айында кірпіш шығару цехін іске қосты.

Жөндеу жұмыстары жүріп жатыр, шыныдан жиһаз жасау үшін цехке жабдық сатып алынды,өнімдерді шығару 2009 жылдың аяғына жоспарланып отыр.

9 айда шағын бизнестің 18 нысаны іске қосылды,74 жұмыс орны құрылды.

Көкөніс қоймасын салуға және наубайхананың құрлысына облыстық бюджеттен берілетін қаражаттан жылдың басынан бастап 5,15 млн теңге сомасына 2 жоба қайта қаржыландырылды.

Бизнесті дамытуға екінші деңгейдегі банк бөлімшелеріне «ДАМУ» КДҚ бағдарламасы бойынша 85,8 млн теңге сомасына 12 несие берілді.


Жеке кірістер бойынша аудан бюджетінің кіріс бөлігі 102,7 % орындалды.

Тұрғындардың жалпы белсенді санындағы жұмыссыздардың үлесі 0,9 % құрайды.

Халықты жұмыспен қамту (Жол картасының есебінсіз) жүйесін жетілдіру мақсатында 699 жұмыссыз жұмысқа орналастырылды, қоғамдық жұмысқа 596 жұмыссыз, жастар практикасына 28 адам тартылды.326 жаңа жұмыс орны құрылды,103 адам оқуға жіберілсе,олардың ішіндегі 100 адамы оқуын аяқтады.

Әр түрлі қаржыландыру көздерінен қайырымдық қоры мен қолдау шағын қамтамасыз етілген 1017 азаматқа 6269,3 мың теңге жалпы сомасында берілді,соның ішінде 113 азаматқа 2933,9 мың теңге көлемінде ақшалаай көмек көрсетілді.


Экономикалық саясат және жоспарлау секторының меңгерушісі Т. Мыслимова



Похожие:

Зырян ауданының 9 айға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуы iconЗырян ауданының 2010 жылғы 6 айға арналған әлеуметтік- экономикалық даму қорытындысы
Зырян ауданның әлеуметтік-экономикалық негізгі көрсеткіштерін орындауға үнемі бақылау жүргізіледі. 2010 жылға арналған негізгі әлеуметтік-экономикалық...
Зырян ауданының 9 айға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуы icon2011 жылғы 6 айға арналған Зырян ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша ақпарат
Соның ішінде тау кен өнеркәсібі бойынша 2010 жылғы сәйкес кезеңге 23193,2 млн теңгеге қарсы 10841,0 млн теңгені құрады, нки -79,4%,...
Зырян ауданының 9 айға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуы iconБюджет (шұғыл деректер)
Бесқарағай ауданының 2006 жылғы 9 айға арналған әлеуметтік экономикалық дамытудың қорытындылары туралы АҚпарат
Зырян ауданының 9 айға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуы icon2012 жылға ШҚо зырян ауданы Прибрежный кентінің әлеуметтік экономикалық дамуы бойынша әкімнің есеп беруі
ШҚо зырян ауданы Прибрежный кентінің әлеуметтік экономикалық дамуы бойынша әкімнің есеп беруі
Зырян ауданының 9 айға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуы iconШҚо зырян ауданы Серебрянск қаласының әлеуметтік- экономикалық дамуы бойынша 2012 жылға есепті баяндамасы
Біздің еліміз Тәуелсіз Қазақстан Республикасы жыл сайын, қарқынды жаңғырту және диверсификациялау жолымен экономикалық өрлеуді қамтамасыз...
Зырян ауданының 9 айға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуы icon2011-2015 жылдарға арналған Зырян ауданының аумағын дамыту бағдарламасы жүзеге асырылуда
Зырян ауданында 2011-2015 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламасы іске асырылуда
Зырян ауданының 9 айға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуы icon2012 жылға арналған Зырян ауданының әлеуметтік-экономикалық дамыту бойынша ақпарат
Нақты көлемінің индексі 93,6% құрайды, соның ішінде тау кен өнеркәсібі нки 91,9%, өңдеуші -101,1%
Зырян ауданының 9 айға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуы iconИнвестиция және бизнес Мұнайлы ауданының 2012 жылы әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша жұмысы Елбасының 2012 жылғы «Әлеуметтік- экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты»
Елбасының 2012 жылғы «Әлеуметтік- экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Жолдауындағы міндеттерді, Үкіметтің,...
Зырян ауданының 9 айға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуы icon2013-2017 жылдарға арналған Қостанай ауданының әлеуметтік – экономикалық даму болжамы Кіріспе
Республикасы Үкіметінің №423 қаулысымен бекітілген әлеуметтік – экономикалық даму болжамын рәсімдеу ережесіне енгізілген өзгерістерге...
Зырян ауданының 9 айға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуы iconЗайсан ауданының әкімі С. З. Зайнулдиннің ауданның 2012 жылғы І жартыжылдықтағы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есепті баяндамасының тезистері
Ауданымыздың 2012 жылғы 6 айдағы әлеуметтік-экономикалық үрдісінің негізгі бағыттары төмендегідей
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы