Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы icon

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы



НазваниеҚазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы
страница2/7
Дата конвертации28.11.2012
Размер0.83 Mb.
ТипДокументы
источник
1   2   3   4   5   6   7

^ Техникалық және кәсіптік білім

ТжКБ жүйесі тұлға мүдделерін, еңбек нарығының сұраныстарын және экономика мен әлеуметтік саланы дамытудың перспективаларын  қанағаттандыруда маңызды рөл атқарады.

2010 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша жалпы мемлекеттік статистика  деректері бойынша 786 ТжКБ оқу орны жұмыс істейді, 2005 жылмен салыстырғанда олардың саны 64-ке өсті, оның ішінде 306 кәсіптік лицей,                  480 колледж.  Олардың 22,8 %-ы ауылдық жерлерде орналасқан.

Жалпы білім беретін мектептерді бітірушілердің 32,7 %-ы  кәсіптік лицейлер мен колледждерде оқуын жалғастыруда, оның ішінде 9-сыныптан кейін – 24,8 %, 11-сыныптан кейін – 7,9 %.

ТжКБ оқу орындарында 609 мың адам, оның ішінде 36,3 %-ы ғана мемлекеттік тапсырыс бойынша білім алуда.

Техникалық және қызмет көрсету еңбегінің білікті мамандарын даярлау 177 мамандық және 416 біліктілік бойынша жүзеге асырылады.

Сонымен қатар еңбек нарығында кәсіби стандарттардың, мамандарға қойылатын қазіргі заманғы біліктілік талаптарының болмауы индустрия және жұмыс берушілер сұраныстарына кадрларды даярлау мазмұнының барабарлығына қол жеткізуге мүмкіндік бермейді.

ТжКБ жүйесінің қолданыстағы инфрақұрылымы мен материалдық-техникалық жарақтандыруы кадрлар даярлаудың сапасы мен жастар үшін оқытудың тартымдылығын қамтамасыз ете алмайды.

Жоғары деңгейде білім беру үшін инженер-педагог қызметкерлерді қолдаудың төмен болуы біліктілігі жоғары кадрлардың экономиканың басқа салаларына ауысуына себеп болуда.

Тиімсіз басқару нарықтық жағдайда оқу орындарының бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етпейді.

Аз қаржыландыру және мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша бір маманды оқытуға кететін шығыстар құны оқушының қазіргі заманға сай біліктілік алуына мүмкіндік бермейді.

Бұдан басқа үздіксіз білім алу және біліктілігін өмір бойы арттыру мәселелерін шешу қажет.

Білімге негізделген экономика және қоғам, өмір бойы оқыту – бәсекеге қабілеттілік пен  жаңа технологияларды қолдану проблемаларын шешудің, әлеуметтік бірлікті, тең мүмкіндіктер мен өмір сапасын жақсарту тәсілдері болуы тиіс.

^ Жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім және ғылым

Жоғары білім республика экономикасының барлық салалары үшін құзыретті және бәсекеге қабілетті мамандарды кәсіби даярлауды қамтамасыз етуде, ғылым мен өндірісті біріктіруде маңызды рөл атқарады.

Қазіргі уақытта 148 жоғары оқу орны (9 ұлттық, 2 халықаралық, 32 мемлекеттік, 12 азаматтық емес, 90 жеке меншік жұмыс істейді, оның ішінде 16-ы акционерленген), онда 595 мыңнан астам адам оқиды.

Көптеген жұмыс берушілер жоғары оқу орындары оқытып шығаратын мамандар сапасына қанағаттанбайды. Білім беру бағдарламалары жұмыс берушілердің күткен нәтижелеріне жауап бермейді және экономика талаптарына сәйкес келмейді.

Қазақстанда барлық жоғары білім жүйесін қамтитын маңызды жасырын фактор жемқорлық болып табылады. Оны жоюдың нақты шаралары қабылданбайынша жоғары білім саясаты тиімді болмайды.

Жоғары оқу орындарын кадрлармен қамтамасыз етуде кері үрдіс орын алған: профессор-оқытушы құрамын жүйелі даярлау жоқ, қоса жұмыс атқару кеңінен таралған.

Қазақстанның жоғары оқу орындарының материалдық-техникалық ресурстары жеткілікті қарқынмен жаңартылмайды. Жоғары оқу орындарында гуманитарлық мамандықтар сияқты техникалық мамандықтар бойынша да кітапхана қорын жаңартудың бекітілген нормалары сақталмайды. Көптеген пәндер бойынша оқулықтар әзірленбейді немесе аз тиражбен басылады. Жоғары оқу орындарының ақпараттық ресурстары біріктірілмеген, кітапхана қоры бытыраңқы сипатқа ие.

Қазіргі уақытта білім беру қызметін қаржыландыруды мемлекеттік қолдаудың қазіргі тетіктері жеткіліксіз.

Білімді, ғылымды және өндірісті біріктіру, жоғары оқу орнынан кейінгі білімді ғылым мен техниканың қазіргі кезеңдегі жетістіктері негізінде дамыту бүгінгі күнде экономиканы дамытудың басым бағыттарының бірі болып табылады.

Ғылым саласында бірқатар шешілмеген проблемалар бар.

Ескірген материалдық-техникалық база және зертхана жабдықтары сапалы ғылыми зерттеулерді жүргізуге мүмкіндік бермейді.

Жобалау институттары мен конструкторлық бюролар санының жеткіліксіздігі өндірістегі технология трансфертін бәсеңдетеді. Жобалау институттарының, конструкторлық бюролардың және өндірістің жоғары оқу орындарымен  өзара қарым-қатынас тетігі жоқ.

Жастарды ғылымға тарту үшін жағдайлар жасалмаған. Кадрлардың қартаюы байқалады. Ғылыми қызметкерлердің  орташа жасы – 55-те.

Қазақстанның жоғары оқу орындарының ғылыми әлеуеті аса тиімсіз пайдаланылады.

Білімнің, ғылымның және өндірістің арасындағы байланыстың нашарлығы мына себептерге негізделген:

жоғары оқу орындары мен ғылыми ұйымдар арасындағы ведомствоаралық кедергілер;

жоғары оқу орындарының ғылымын жеткіліксіз қаржыландыру;

ғылым мен техниканың жетістіктеріне орай әрекет етуге, өндірістің өзгерген сұранысын есепке алуға мүмкіндік бермейтін білім беру процесін шамадан тыс әкімшілендіру;

жеке меншік сектордың білімді, ғылымды және инновациялық қызметті қаржыландыруды жүзеге асыруға экономикалық ынталандыру шараларының болмауы.

Қазақстанда әзірлемелерді орындайтын және ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды нәтижесіне жеткізуді қамтамасыз ететін, оларды тәжірибе жүзінде іске асыратын инновациялық құрылымды қолдаудың институционалды нысандары дамымаған.

Қазақстандағы ғылыми әзірлемелердің  үлес салмағы дамыған елдерде қабылданған деңгейден он есе төмен қалып отыр.

^ Тәрбие жұмысы және жастар саясаты

Білім беру жүйесін жаңғыртудың  маңызды міндеттерінің бірі – өкілдері бәсекеге қабілетті білімді меңгерген, ой-өрісі дамыған ғана емес, жоғары азаматтық және адамгершілік ұстанымы, отансүйгіштік сезімі мен әлеуметтік жауапкершілігі қалыптасқан зияткер ұлтты қалыптастыру болып табылады.

2010 жылдың басында 14 – 29 жас аралығындағы халықтың саны жалпы халықтың 28,7 %-ын құрайды. Ауылдық жерлерде тұратын жастардың үлесі – 49,1 %.

2010 жылдың басында туылғаннан бастап 18 жасқа дейінгі жас өспірімдердің саны 5 млн. адамға жуық. Балалардың құқығы мен мүдделерін қорғауды жергілікті атқарушы органдардағы мамандар қамтамасыз етеді.

Мемлекеттік жастар саясаты саласында мынадай проблемалар орын алып отыр.

Жастар арасындағы тәрбие жұмысын үйлестірудің орталықтандырылған жүйесі жоқ.

2008-2009 жылдардағы әлеуметтік сауалдың деректері бойынша жастар ұйымдарының қызметіне қатысатын жастардың үлесі жастардың жалпы санының 22 %-ын құрайды.

Өкілді органдардағы жастар саясатының мәселелері бойынша шешімдерді қабылдауға қатысатын жастардың үлесі 1 %-ға жетпейді.

Әлеуметтік сауалдың нәтижелері респонденттердің 64 %-ы мемлекеттік жоғары оқу орындарын жемқорлыққа аса бейім деп санайды, 54 %-ы жоғары оқу орындарында жемқорлықтың деңгейін жоғары деп бағалайды, 28 %-ы дипломдарды «сатып алу» фактілерін көрсетеді.

Барлық балалар үшін өз құқықтарын толығымен пайдалану қамтамасыз етілмеген.

Одан басқа, білім саласында білім беру статистикасы мәліметінің біртұтас базасы жоқ. Білім берудің мемлекеттік статистика нысандарында кең жарияланымдар жоқ, біріктірілмеген, олар бойынша терең талдау жоқ әрі қоғамның көпшілігіне қолжетімсіз. Білім берудің ұлттық статистикасының көрсеткіштері халықаралық статистиканың талаптарына сай емес.

Осылайша, білім берудегі ахуалды талдау мыналарды көрсетеді.

^ Күшті жақтары:

білімді дамытудың нақты айқындалған басым бағыттары;

мектепке дейінгі және орта білім объектілері желісінің ұлғаюы;

білім берудің әрбір деңгейі бойынша ұлттық және республикалық орталықтардың болуы;

қазақстандық білім беру құрылымының Білім берудің халықаралық стандарты жіктеуішімен сәйкестігі;

техникалық және кәсіптік білімді қайта құрылымдау;

Ұлттық білім беру сапасын бағалау жүйесінің қызмет етуі;

TIMSS ­– 2007 халықаралық зерттеуіндегі жоғары көрсеткіштер;

Еуропалық білім беру кеңістігіне кіру.

 Әлсіз жақтары:

білім беруді қаржыландырудың жеткіліксіздігі;

педагог кәсібі мәртебесінің төмендігі;

педагог кадрларды даярлау сапасының жеткіліксіздігі;

жоғары білікті педагог кадрлардың тапшылығы;

балалар құқықтарын қорғау мамандарының саны жеткіліксіз;

білім берудегі менеджменттің нашар дамуы;

білім беру саласында мемлекеттік – жеке-әріптестік (бұдан әрі – МЖӘ) жүйесі толық дамымаған;

білім беруді ақпараттандырудың нашар дамуы;

білім беру статистикасы халықаралық стандарттарға сәйкес емес және білім алушыларға қолжетімсіз;

мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен төмен қамтылуы;

жалпы орта және жоғары білім мазмұнының бірігуінің жоқтығы;

білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасының нашарлығы;

ШЖМ ұсынатын білім беру қызметтері сапасының нашарлығы;

инклюзивті білімнің нашар дамуы;

ұлттық біліктілік жүйесінің жоқтығы;

колледждер мен ЖОО бітірушілерінің біліктілігіне білім беру жүйесінің ұсынысы мен жұмыс берушілердің сұранысының  арасындағы теңдіктің жоқтығы;

жоғары білім мен ғылымның ықпалдасуының жоқтығы.

Мүмкіндіктер:

Мемлекет үшін:

қазақстандық білімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру;

адами капиталдың сапасын арттыру;

балалардың өмір сапасының әлеуметтік құқықтық кепілдіктерін қамтамасыз ету;

еңбек ресурстарын пайдалану тиімділігін арттыру;

ұлттық экономиканы тұрақтандыру;

халықаралық ұйымдар мен жұмыс берушілер тарапынан білімді инвестициялық қолдау;

білім беру саласында басқарудың жаңа тиімді әдістерінің пайда болуы;

оқушылар арасында спортты өрістету;

бюджет қаражатын пайдаланудың тиімділігін арттыру;

білім беру саласының қолжетімділігін, тартымдылығын, сапасын, ашықтығын арттыру;

ел экономикасының орнықты өсуін қамтамасыз ету;

халықаралық рейтингтердің көрсеткіштерін жақсарту;

ата-аналардың бала тәрбиелеудегі жауапкершілігін арттыру.

Ата-аналар үшін:

білім беру ұйымдарын таңдау мүмкіндігі;

білім беруді басқаруға қатысу;

мектепке дейінгі тәрбиенің және оқытудың еркін қолжетімділігін қамтамасыз ету;

баланың жетістіктері туралы қашықтықтан ақпараттық хабарландыру арқылы ата-ана – білім беру ұйымы – бала байланысын жүзеге асыру.

^ Педагог үшін:

педагог кәсібінің тартымдылығы;

мансаптық өсу жүйесін қамтамасыз ету;

барлық қызмет аясында білім алу, оның ішінде шетелде және кәсіптік құзыреттілікті  дамыту.

^ Білім алушылар үшін:

баршаға бірдей сапалы білімге қол жеткізу;

үздік білім беру ресурстары мен технологияларына қол жеткізу;

коммуникативтік және кәсіптік құзыреттілікті дамыту.

Қауіп-қатер:

білім берудің жеткіліксіз қаржыландырылуына байланысты алға қойылған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізбеу;

педагог еңбегінің төмен уәждемесі, мұғалім кәсібінің беделсіздігі;

педагогтердің басым бөлігі даярлығының төмен деңгейі;

педагог кадрлардың өздігінен білім алуға және кәсіби  өсуіне ұмтылысының жеткіліксіздігі;

электрондық оқыту жүйесін қолданудағы пайдаланушылардың төмен уәждемесі;

демографиялық процестерге (туудың өсуі) және көші-қон жағдайларына байланысты мектепке дейінгі ұйымдардан орын алуға кезек пен оқушы орны тапшылығының өсуі;

білім сапасының нашарлауы;

білім беру ұйымдарын пайдалануға беру мерзімдерінің бұзылуы;

апаттық деп танылған мектептер санының ұлғаюы;

мүмкіндігі шектеулі балалардың және мүгедек балалардың көбеюі;

еңбек нарығында мамандарға деген болжамның жоқтығы;

саладағы еңбекақы деңгейі мен елдегі жалақының орташа деңгейінің  арасындағы сәйкессіздіктен туындаған техникалық және кәсіптік білім жүйесінен кадрлардың кетуі;

Қазақстанның ЖОО-да білім алуды қалайтын шетел азаматтары санының қысқаруы;

өзінің ғылыми әлеуетін іске асырудың анағұрлым қолайлы перспективаларын іздеумен ғалымдардың басқа мемлекеттерге кетуі;

ғылымға жастардың аз келуі;

бағдарламаны іске асыру барысында қоса орындаушылардың үйлессіздігі.

Осылайша, аталған бағдарлама білім беру жүйесін  одан әрі  жаңғыртуды және оның еуропалық деңгейге шығу перспективаларын болжайды.

^ 4. Бағдарламаның мақсаттары, міндеттері, нысаналы индикаторлары және іске асыру нәтижелерінің көрсеткіштері

 Басты мақсаты:

Экономиканың орнықты дамуы үшін  сапалы білімнің қолжетімділігін қамтамасыз ету арқылы адами капиталды дамыту, білімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру

^ Бағдарламалық мақсаттар:

білім беру қызметіне тең қол жеткізуді қамтамасыз етуге бағдарланған қаржыландыру жүйесін жетілдіру;

педагог мамандығының беделін көтеру;

білім беруді басқарудың мемлекеттік-қоғамдық жүйесін қалыптастыру;

білім беру процесінің барлық қатысушыларының үздік білім беру ресурстары мен технологияларына тең қол жеткізуін қамтамасыз ету;

балаларды мектепке дейінгі сапалы тәрбиемен және оқытумен толық қамтудың, оларды мектепке даярлау үшін мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың  әр түрлі бағдарламаларына тең қол жеткізуді қамтамасыз ету;

жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан Республикасының зияткерлік, дене бітімі және рухани дамыған азаматын қалыптастыру, тез өзгеретін әлемде оның табысты болуын қамтамасыз ететін білім алудағы қажеттілігін қанағаттандыру, еліміздің экономикалық әл-ауқаты үшін бәсекеге қабілетті адами капиталды дамыту. 12 жылдық оқыту моделіне көшу;

қоғамның және экономиканың индустриялық-инновациялық даму сұраныстарына сәйкес ТжКБ жүйесін жаңғырту, әлемдік білім беру кеңістігіне кірігу;

еңбек нарығының, еліміздің индустриялық-инновациялық даму міндеттері мен жеке тұлғаның қажеттіліктерін қанағаттандыратын және білім беру саласындағы үздік әлемдік  тәжірибелерге сай келетін  жоғары білім сапасының жоғары деңгейіне қол жеткізу;

өмір бойы білім алу жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету;

жастардың бойында белсенді азаматтық ұстанымды, әлеуметтік жауапкершілікті, отансүйгіштік сезімді, жоғары адамгершілік және көшбасшылық қасиеттерді қалыптастыру.

 

^ Нысаналы индикаторлар:

Индикатор

2010

2015

2020

2015 жылдан бастап ШЖМ-нан басқа, барлық білім беру ұйымдарында жан басына шаққандағы қаржыландыру тетіктері енгізіледі

0%

60%

60%

педагогтердің жалпы санынан жоғары және бірінші санаттағы біліктілігі жоғары педагог қызметкерлердің үлесі

42%

47%

52%

білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестер құрылған

40%

45%

60%

білім беру ұйымдарының басшылары менеджмент саласында біліктілігін арттырған және қайта даярлаудан өткен

29%

50%

100%

орта білім беру ұйымдарында электрондық оқыту жүйесі пайдаланылады

0

50%

90%

3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз ету

40%

1 шілдеде

73,5%

100%

2020 жылға қарай 12 жылдық оқыту моделіне толық көшу жүзеге асырылған

0

1,5,11 сыныптар

1-10, 12 сыныптар

Қазақстанның барлық өңірлеріндегі «Назарбаев Зияткерлік мектептері» жобасының шеңберіндегі мектептердің саны

6

20

20

жаратылыстану-математика пәндері бойынша білім беру оқу бағдарламаларын жетік меңгерген оқушылардың үлесі

50%

60%

70%

PISA, TIMSS, PIRLS халықаралық салыстырмалы зерттеулердегі қазақстандық жалпы білім беретін мектептер оқушыларының нәтижелері

TIMSS:

7-11 орын

PISA:

50–55 орын, TIMSS:

10–15 орын

PISA:

40–45 орын, TIMSS:

10–12 орын, PIRLS:

10–15 орын

мектептердің жалпы санынан инклюзивті білім беру үшін жағдайлар жасалған мектептердің үлесі

10%

30%

70%

жұмыс берушілер қоғамдастығында біліктілікті тәуелсіз бағалаудан алғашқы реттен өткен ТжКБ бітірушілерінің үлесі

40%

60%

80%

ТжКБ оқу орындарында мемлекеттік тапсырыс бойынша оқуды бітіргеннен кейінгі алғашқы жылы жұмыспен қамтылған және жұмысқа орналасқан түлектердің үлесі

68,5%

78%

80%

ұлттық институционалды аккредиттеу рәсімінен өткен колледждердің үлесі

0%

10%

30%

жұмыс берушілер қоғамдастығында біліктілікті тәуелсіз бағалаудан алғашқы реттен өткен ЖОО түлектерінің оған қатысқандардың жалпы санынан үлесі

0%

10%

80%

жоғары оқу орындарында мемлекеттік тапсырыс бойынша білім алған түлектердің ЖОО бітіргеннен кейін бір жыл ішінде мамандығы бойынша жұмысқа орналасқандардың үлесі

50%

78%

80%

әлемнің үздік университеттері рейтингінде көрсетілген Қазақстанның  жоғары оқу орындарының  саны

0

1

2

халықаралық стандарттар бойынша тәуелсіз ұлттық институционалды аккредиттеуден өткен жоғары оқу орындарының үлесі

16%

50%

65%

халықаралық стандарттар бойынша тәуелсіз ұлттық мамандандырылған аккредиттеуден өткен жоғары оқу орындарының үлесі

0%

20%

30%

отандық ғылыми зерттеулердің нәтижелерін өндіріске енгізудің негізінде білім мен ғылымды кіріктіру жолымен инновациялық қызметті жүзеге асыратын жоғары оқу орындарының үлесі

0%

2%

5%

соңғы 5 жылда импакт-факторлы ғылыми журналдарда жарияланымдары жарық көрген ЖОО-ның профессор-оқытушы  құрамының және ғылыми қызметкерлердің үлесі

0%

2%

5%

барлық жастағы адамдар үшін әртүрлі білім беру нысандары мен типтері енгізіледі

 

 

 

жастардың жалпы санынан жастар саясаты мен патриоттық тәрбие саласындағы іс-шараларды іске асыруға белсенді түрде қатысатын жастардың үлесі

25%

27%

55%

 

^ Алға қойылған мақсаттарға жету үшін мынадай міндеттерді шешу қажет:

сапалы білімге қолжетімділікті арттыруға бағытталған білім беруді қаржыландырудың жаңа тетіктерін әзірлеу;

білім беру жүйесін жоғары білікті кадрлармен қамтамасыз ету;

педагог қызметкерлердің еңбегін мемлекеттік қолдау мен ынталандыруды күшейту;

білім берудегі менеджментті жетілдіру, оның ішінде корпоративтік басқару принциптерін енгізу, білім беруде мемлекекеттік-жеке әріптестік жүйесін қалыптастыру;

білім беруді дамытудың мониторинг жүйесін жетілдіру, оның ішінде халықаралық талаптарды ескере отырып, ұлттық білім статистикасын құру;

оқу процесін автоматтандыруды енгізу үшін жағдай жасау;

мектепке дейінгі ұйымдардың желісін ұлғайту;

мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мазмұнын жаңарту;

мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың ұйымдарын кадрлармен қамтамасыз ету;

12 жылдық оқыту моделіне көшуді білім беру мазмұнын жаңғыртумен жүзеге асыру;

шағын жинақталған мектептердің проблемаларын шешу;

мектептегі инклюзивті білім  жүйесін жетілдіру;

экономиканың индустриялық-инновациялық даму сұраныстарын ескере отырып, ТжКБ мазмұнының құрылымын жаңарту;

экономика салалары үшін кадрлар даярлаудың инфрақұрылымын дамыту;

ТжКБ-да білім алудың беделін арттыру;

еліміздің индустриялық-инновациялық даму жобаларына сай келетін жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрлармен қамтамасыз ету;

жоғары білімнің еуропалық аймағына кірігуді қамтамасыз ету;

білімнің, ғылымның және өндірістің бірігуін қамтамасыз ету, зияткерлік меншік пен технологиялардың өнімдерін коммерцияландыру үшін жағдай жасау. Жоғары білікті ғылыми және ғылыми – педагог кадрларды даярлау;

өмір бойы оқыту, баршаға білім алу үшін жағдай жасау;

жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу және олардың азаматтық белсенділігін, әлеуметтік жауапкершілігін және әлеуетін ашу тетіктерін қалыптастыру жөніндегі шаралар кешенін іске асыру.

1   2   3   4   5   6   7



Похожие:

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы iconҚазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы
Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 11 ақпандағы №130 Қаулысы «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы»
Республикасында білім беруді дамытудың 2011 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы icon«Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі қызметінің 2010 жылғы қорытындылары және «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға
«Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан...
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы icon2011 жылғы 17 қазандағы №435 бұйрық Мемлекеттік мекемелер арасынан
Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 11 ақпандағы №130 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011...
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы iconІ. Құжат реквизиттері
Атауы: Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (Мемлекеттік бағдарлама)
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы iconГеография мұғалімдерінің облыстық секциясы
«Жаратылыстану пәндерін оқыту сапасын арттыру – Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011–2020 жылдарға арналған мемлекеттік...
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы iconЖоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы нұсқаулықты бекіту туралы
Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 11 ақпандағы №130 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020...
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы iconМАҢҒыстау облысы білім басқармасының 2013 жылға арналған іс-қимылжоспа ры
Р білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға Мемлекеттік бағдарламасын Маңғыстау облысы бойынша іске асырудың 2011-2015 жылдарға арналған...
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы iconОблыстық мектеп басшыларының секциясы
«Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруда білім беру...
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы iconЖұмыс қорытындысы бойынша «Үздік баяндама» конкурсының нәтижесінде жеңімпаздар
Жолдауы аясында және Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011–2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы