2013 – 2020 жылдарға арналған «Агробизнес-2020» бағдарламасы Бағдарламаның паспорты icon

2013 – 2020 жылдарға арналған «Агробизнес-2020» бағдарламасы Бағдарламаның паспорты



Название2013 – 2020 жылдарға арналған «Агробизнес-2020» бағдарламасы Бағдарламаның паспорты
страница2/15
Дата конвертации22.05.2013
Размер1.84 Mb.
ТипДокументы
источник
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15

Кіріспе


ҚР тәуелсіздігі кезеңінде елдің АӨК-де айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізілді: нарықтық қатынастар негізінде өндірістің тұрақты өсуі байқалады, еңбек өнімділігі мен өндіргіштігі артуда, саланың негізгі қорларын жаңарту және инфрақұрылымын қалпына келтіру жүргізілуде, негізгі тамақ өнімдері бойынша өзін-өзі қамтамасыз етуге қол жеткізілді, дәнді, майлы дақылдар, балық аулау өнімдері экспортының айтарлықтай өсуіне қол жеткізілді.

2011 жылы елдің жалпы ішкі өнімінің (бұдан әрі – ЖІӨ) көлеміндегі ауыл шаруашылығы өнімінің үлесі 5,1%-ды құрады, ауыл шаруашылығында жұмыс істейтіндердің еңбек өндіргіштігі 2005 жылдан бастап 2011 жылдар аралығындағы кезеңде жылына 9,3% орташа жылдық өсу қарқынымен бір жұмыс істейтін адамға 304,2 мың теңгеден 498 мың теңгеге дейін өзгерді, ауылды жерлерде шамамен 7,48 млн. адам немесе Қазақстанның жалпы халқының 45%-ы тұрды.

Қазіргі уақытта әлемдік аграрлық экономика мен демографияның жаңа үрдістері қалыптасуда, өңірдегі ықпалдастыру процестері нақты дами бастады, жаһандық климаттық өзгерістер болуда. Қазақстан Кеден одағына (бұдан
әрі – КО) кірді, таяу кезеңде Дүниежүзілік сауда ұйымына (бұдан әрі – ДСҰ) кіруі жоспарлануда. Алайда, саладағы еңбек өндіргіштігінің төмен деңгейі, пайдаланылатын технологиялардың жетілдірілмегендігі, өндірістің ұсақ тауарлы болуы ауыл шаруашылығы өндірісін қарқынды негізде жүргізуге, материалдық, еңбек және басқа ресурстарды неғұрлым толық пайдалануды қамтамасыз етуге, экологиялық талаптарды сақтауға мүмкіндік бермейді. Осы факторлар отандық аграрлық сектордың бәсекеге қабілеттілігін төмендетеді, бұл ДСҰ мен КО жағдайларында шетелдік өнім импортының басым болуына, жергілікті өндірушілерді өткізу нарықтарынан ығыстыруға әкелуі мүмкін.

Азық-түлік өнімдерін тұтынудың қарқынды өсуімен және тұтыну құрылымының неғұрлым сапалы өнімдер жағына қарай өзгеруімен ел халқының өсуі орын алуда. Елді азық-түлікпен қамтамасыз етудегі, халықты жұмыспен қамтуды арттырудағы және республиканы экономикалық дамытудағы ауыл шаруашылығының рөлін Мемлекет Басшысы бірнеше рет, оның ішінде ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты векторы» атты 2012 жылғы
27 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауында атап өтті.

Сыртқы және ішкі ортаның өзгерген жағдайларында Қазақстанның
КО-ға кіруі мен ДСҰ-ға алдағы кіруіне, саланы мемлекеттік реттеу мен жаңғыртудың жаңа тетіктерін қолдану қажеттілігіне байланысты ҚР АӨК-ті дамытудың жаңа салалық бағдарламасы әзірленді.
  1. ^

    Агроөнеркәсіптік кешендегі ағымдағы ахуалды талдау


ҚР АӨК жалпы өнімінің көлемі ауыл шаруашылығы өнімдерінің
2007 жылғы 1089,4 млрд. теңгеден 2011 жылғы 2286 млрд. теңгеге дейінгі және қайта өңдеу өнімдерінің 2007 жылғы 490,8 млрд. теңгеден 2011 жылғы
828 млрд. теңгеге дейінгі өсуімен орнықты үрдісті көрсетті. Соңғы 5 жылда ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемінің орташа өсу қарқыны
20 %-ды, қайта өңдеу өнімдері 12,2 %-ды құрады.

  1. Ауыл шаруашылығының жалпы өнімдерін өндіру көлемі



Дерек көзі: ҚР Статистика агенттігі

  1. Тамақ өнімдері өндірісінің көлемі



Дерек көзі: ҚР Статистика агенттігі

5 жылда шешуші қайта өңдеу өнімдері өндірісінің орташа жылдық жалпы көлемі 650 млрд.-тан астам теңгені құрады.

  1. Қайта өңдеу өнімдерін өндіру, млрд.теңге

Көрсеткіш

2007

2008

2009

2010

2011

Тамақ өнімдерін өндіру

490,8

623,5

629,8

695,2

828,0

Етті қайта өңдеу мен консервілеу және ет өнімдерін өндіру

50,2

59,7

69,7

77,6

102,8

Балықты, шаян тәрізділерді және ұлуларды қайта өңдеу және консервілеу

6,3

6,9

7,3

8,1

9,6

Жемістерді және көкөністерді қайта өңдеу мен консервілеу

68,2

60,8

69,6

68,3

87,6

Өсімдік және жануарлар майлары мен тоңмайларын өндіру

43,6

60,4

42,9

85,6

72,3

Сүт өнімдерін өндіру

89,4

101,5

103,5

117,3

132,8

Ұн тарту өнеркәсібінің өнімдерін, крахмалдар мен крахмал өнімдерін өндіру

79,3

133,2

128,0

119,6

168,2

Нан-тоқаш және ұн өнімдерін өндіру

89,8

110,8

115,3

120,1

133,6

Өзге де тамақ өнімдерін өндіру

57,0

82,5

86,2

90,9

109,0

Жануарларға арналған дайын жемшөп өндіру

6,9

7,6

7,4

7,8

12,1

Дерек көзі: ҚР Статистика агенттігі

ҚР ауыл шаруашылығы әлемдік азық-түлік нарықтарына ықпалдасты және сауда теңгерімін қалыптастыруға белсене қатысады.

Алайда, АӨК қайта өңдеу өнімдерінің көптеген түрлері бойынша Қазақстанның импортқа тәуелділігі қалыптасты, жеміс-көкөніс өнімдері, етті және сүтті қайта өңдеу өнімдері бойынша импортқа тәуелділік деңгейі жоғары.

  1. Қазақстанда 2009 – 2011 жылдары өнімдерді тұтынудағы импорттың үлесі, мың тонна

Өнім

Импорт

Тұтыну

Тұтынудағы импорт үлесі %

2009 – 2011 жылдарда орташа, мың тонна

Жемістер, жүзім және оларды қайта өңдеу өнімдері

573,6

678,3

84,57%

Балық және балық өнімдері

67,2

88,7

75,72%

Өсімдік майы және құрамында майы бар өнімдер

165,4

342,3

48,33%

Ет және ет өнімдері

209,2

1 122,2

18,64%

Сүт және сүт өнімдері

870,6

5 756,8

15,12%

Күнбағыс тұқымы

28,7

316,4

9,06%

Көкөністер, бау-бақша дақылдары және оларды қайта өңдеу өнімдері

193,2

3 169,0

6,10%

Картоп және оны қайта өңдеу өнімдері

145,3

2 518,7

5,77%

Астықты қайта өңдеу өнімдері

43,8

1 989,8

2,20%

Жұмыртқа және жұмыртқа өнімдері, млн. дана

33,4

3 565,5

0,94%

Астық

110,0

11 973,7

0,92%

Дерек көзі: ҚР Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті (өзара сауда-саттықты қоса алғанда); ҚР Статистика агенттігі; «АӨК экономикалық саясатты талдау орталығы»
ЖШС

2011 жылы ауыл шаруашылығында 2 196,1 мың адам (жұмыспен қамтылғандардың жалпы санының 26%-ы) жұмыс істеді, оның ішінде жалданғандар – 604,8 мың адам (секторда жұмыс істейтіндердің 27,5%-ы),
өзін-өзі жұмыспен қамтығандар – 1591,3 мың адам (секторда жұмыс істейтіндердің 72,5%-ы).

ҚР-дағы егіс алаңдары 2011 жылы 21 083 мың гектарды құрады. Барлық егіс алаңдарының шамамен 65,7%-на (13 848,9 мың гектар) бидай егілді. Дәнді дақылдарға 2011 жылы барлық егіс алаңдарынан 76,9% (16 219,4 мың гектар) бөлінді. Мал басының саны 2012 жылдың басында 5,7 млн. бас ірі қара малды (бұдан әрі – ІҚМ), 18,1 млн. бас ұсақ малды (бұдан әрі – ҰМ), 1,6 млн бас жылқыны, 1,2 млн. бас шошқаны, 0,17 млн. бас түйені және 32,9 млн. бас құсты құрады.

1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15



Похожие:

2013 – 2020 жылдарға арналған «Агробизнес-2020» бағдарламасы Бағдарламаның паспорты icon2013 – 2020 жылдарға арналған «Агробизнес-2020» бағдарламасы Бағдарламаның паспорты
Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2013 – 2020 жылдарға арналған «Агробизнес-2020» бағдарламасы
2013 – 2020 жылдарға арналған «Агробизнес-2020» бағдарламасы Бағдарламаның паспорты icon2013 – 2020 жылдарға арналған «Агробизнес-2020» бағдарламасы Бағдарламаның паспорты
Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2013 – 2020 жылдарға арналған «Агробизнес-2020» бағдарламасы
2013 – 2020 жылдарға арналған «Агробизнес-2020» бағдарламасы Бағдарламаның паспорты icon1. Бағдарламаның паспорты
Республикасында агроөнеркәсіп кешінін дамыту жөніндегі 2013-2020 жылдарға арналған «Агробизнес-2020» бағдарламасы
2013 – 2020 жылдарға арналған «Агробизнес-2020» бағдарламасы Бағдарламаның паспорты icon«Агробизнес 2020» бағдарламасының қысқаша симпаттамасы
Республикасындағы АӨК дамыту бойынша жаңа салалық бағдарлама 2013-2020 жылдарға арналып құралған (Агробизнес-2020)
2013 – 2020 жылдарға арналған «Агробизнес-2020» бағдарламасы Бағдарламаның паспорты iconПостановление Правительства республики казахстан 2013 жылғы Астана, Үкімет Үйі от 2013 года № № № данасы экз. №
Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2013 – 2020 жылдарға арналған «Агробизнес-2020» бағдарламасын
2013 – 2020 жылдарға арналған «Агробизнес-2020» бағдарламасы Бағдарламаның паспорты iconПостановление Правительства республики казахстан 2013 жылғы Астана, Үкімет Үйі от 2013 года № № № данасы экз. №
Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2013 – 2020 жылдарға арналған «Агробизнес-2020» бағдарламасын
2013 – 2020 жылдарға арналған «Агробизнес-2020» бағдарламасы Бағдарламаның паспорты iconПостановление Правительства республики казахстан 2013 жылғы Астана, Үкімет Үйі от 2013 года № № № данасы экз. №
...
2013 – 2020 жылдарға арналған «Агробизнес-2020» бағдарламасы Бағдарламаның паспорты iconҚазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2013 2020 жылдарға арналған "Агробизнес-2020" бағдарламасын бекіту туралы
...
2013 – 2020 жылдарға арналған «Агробизнес-2020» бағдарламасы Бағдарламаның паспорты iconҚазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2013 2020 жылдарға арналған «Агробизнес-2020» бағдарламасын бекіту туралы
...
2013 – 2020 жылдарға арналған «Агробизнес-2020» бағдарламасы Бағдарламаның паспорты icon2011 – 2020 жылдарға арналған «Ақ бұлақ» бағдарламасы Бағдарламаның паспорты
«Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы