Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаттың сессиясында қаралатын Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламаның іске асыру барысы туралы icon

Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаттың сессиясында қаралатын Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламаның іске асыру барысы туралы



НазваниеШығыс Қазақстан облыстық мәслихаттың сессиясында қаралатын Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламаның іске асыру барысы туралы
Дата конвертации08.04.2013
Размер86.11 Kb.
ТипДокументы
источник


Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаттың сессиясында қаралатын Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламаның іске асыру барысы туралы


Шығыс Қазақстан облысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2011-2015 жылдарға арналған салалық бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2011-2015 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының тармақтары бойынша ақпарат төмендегідей.

«Тарбағатай ауданында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2011-2015 жылдарға арналған салалық бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2011-2015 жылдарға іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» аудан әкімдігінің 2011 жылғы 4 шілдедегі №204 қаулысы қабылданған. Аталған қаулы мүдделі барлық мемлекеттік органдармен келісілген.

1 тармақ. «Нұр Отан» ХДП-мен бірлесіп сыбайлас жемқорлыққа қарсы кең ауқымды акциялар мен науқандар өткізу

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұйымдастырылған көпшілік шаралардың бірі - сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі аудандық комиссия отырысы. Отырыс 2012 жылы 15 мамыр күні Тарбағатай аудандық мәдениет үйінде өтті. Отырыстың мақсаты – Мемлекеттік сатып алу жүйесіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңдылықтың сақталуын қамтамасыз ету жөнінде түсінік жұмыстарын жүргізу, ауданның білім беру саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс шаралар әзірлеу және білім беру мекемелеріне жұмысқа орналасудың ашықтығын және конкурс негізінде қабылдануын қамтамасыз ету болды. Отырысқа мәслихат депутаттары, ауылдық округ әкімдері, мектеп директорлары мен тәрбие ісінің меңгерушілері, учаскелік полиция инспекторлары және кәмелеттік жасқа толмағандар ісі жөніндегі инспекторлар, аудандық мекеме және бөлім басшылары, қоғамдық ұйымдар өкілдері өзекті мәселелерді талқылады.

2 тармақ. Мемлекеттік органдардың лицензияланатын қызмет түрлері және рұқсат беру функцияларын қысқарту бойынша ұсыныс жоқ.

9 тармақ. Бұқаралық ақпарат құралдарында ақпарат беру және жаңа әдістер мен нысандарды қолдана отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта семинар, дәрістер, дөңгелек үстелдер, брифингтер өткізу тәжірибесін жалғастыру.

Кіндікті, Екпін, Жетіарал ауылдық округінің кітапханаларында «Әділ болу - әр адамның парызы», «Өз баланды қорға-оны спорт секциясына жаз» және «Сыбайлас жемқорлықсыз-қоғам!» атты дөңгелек стол басында ақсақалдар алқасы, әйелдер кеңесінің мүшелері шақырылып, өз пікірлерін ортаға салды.

«Жемқорлыққа жол жоқ!» жастар дебатына жоғары сынып оқушылары, мектеп мұғалімдері қатысты.

10 тармақ. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша мемлекеттік органдар өкілдерімен Интернет конференциялар, «тікелей желі» жүргізу тәжірибесін жалғастыру.

Интернет конференциялар, «тікелей желі» жүргізу тәжірибесін енгізу қарастырылатын болады.

16 тармақ. Азаматтардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасын жүйелі және мақсатты қалыптастырумен айналысатын азаматтық қоғам субъектілерін қолдауды қамтамасыз ету.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің жалпы ұлттық жоспарына сай 2008 жылы «НұрОтан» ХДП–сы жанынан республикалық, облыстық және аудандық деңгейде жемқорлықпен күрес жөніндегі қоғамдық кеңестер құрылды.

Осындай қоғамдық кеңес Тарбағатай ауданында 21 ақпан 2008 жылы құрылды. Құрамы 7 адамнан тұрады. Кеңес типтік ереже негізінде ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңын басшылыққа алып жұмыс істейді.

Қоғамдық кеңестің аудандық ақсақалдар кеңесі және жастар ұйымдарымен бірлесіп аудан халқына арнаған Үндеуі аудандық «Тарбағатай» газетінде жарияланды.

18 тармақ. «Сенім телефонының», жеке және заңды тұлғалардың арыздары мен хаттарына арналған пошта жәшіктерінің оңтайлы жұмыс істеу тәжірибесін кеңейту.

Қазіргі уақытта аудандағы барлық мекемелер мен ауыл округтерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөнінде аудан тұрғындарының арыз, өтініштеріне арналған арнайы жәшіктер ілініп күнделікті қадағалануда.

Бүгінгі күнге дейін ауыл тұрғындарынан сыбайлас жемқорлыққа байланысты мемлекеттік қызметшілердің үстінен фактілер тіркелген жоқ.

19 тармақ. Жер учаскелерін бекіту кезінде Қазақстан Республикасы Жер кодексі талаптарының бұзылуының алдын алуға және анықтауға бағытталған іс-шараларды өткізуді қамтамасыз ету, жеке меншікке берілген жерді заңсыз қайта бөлуге жол бермеу.

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің «Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді түгендеудің кейбір мәселелері туралы» №47 қаулысымен берілген тапсырмаға сәйкес, Тарбағатай ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 1 сәуірдегі №114 қаулысы өзгертіліп, 16 наурыз 2012 жылы аудан әкімдігінің №89 қаулысымен жеке және заңды тұлғаларға табысталған жер учаскелерінің жер заңнамасына сәйкес пайдалануын түгендеп анықтайтын аудандық жұмыс тобының құрамы жаңадан құрылды.

Аудандық жұмыс тобы ағымдағы жылы, жалпы аумағы 1 млн 110 мың 173 гектар жер учаскелеріне тексеру жұмыстарын жүргізіп, шаруашылық құрылымдарына бекітіліп берген жер учаскелерін толық түгендеуден өткізді, 341 шаруашылық құрылым иелерінің жерлері есепке алынып, аудан әкімдігінің №134, №175, №179, №278 қаулыларымен және аудан әкімінің №8 шешімімен жалпы алаңы 73 мың 990 гектарды құрайтын ауыл шаруашылығы жер учаскелерін мемлекеттің арнайы жер қорына қайтарып алды.

Шаруашылық құрлымдарының мүдделеріне нұқсан келтірілмей жалға беру шартын мерзімінен бұрын тоқтату, жер пайдалану құқығы келісім-шартын бұзу туралы жұмыстар жүргізіліп жер заңнамасындағы белгіленген талаптарға сәйкес шаруашылықтардың барлық қүжаттарының жиынтық топтамасы әзірленді.

Аудан аумағындағы есепке алынған 5 мың 359 жер учаскелерінің, 98 пайызы, немесе 5 мың 252 жер учаскелерінің жалға беру шарттары жаңадан дайындалып қайтадан рәсімделді.

Жер кодексінің талаптарының бұзылуының алдын-алу мақсатында, жер қатынастары саласында болып жатқан жаңалықтармен аудан халқын бұқаралық ақпарат құралдары арқылы таныстыру үшін жергілікті баспасөз бетінде бөлім бастығы, мамандары атынан бірнеше мақалалар беріліп хабардар етілді, атап айтқанда, «Пайдаланылмаған жер учаскелері қалай қайтарылады», «Суармалы егістік жер учаскелерін нысаналы мақсатында пайдаланылмай отырған барлық шаруашылық құрылым иелерімен ауылдық окрутер әкімдерінің назарына» деген тақырыпта.

23 тармақ. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйлер, сондай-ақ жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерінің берілуіне қоғамдық бақылауды қамтамасыз ету

«Тұрғын үй комиссиясын құру туралы» аудан әкімдігінің 2012 жылғы 11 мамырдағы №140 қаулысы қабылданған. Тұрғын үйге мұқтаж адамдарды тұрғын үймен қамтамасыз ету аталған каулы негізінде жүзеге асырылады.

Тұрғын үй құрылысы бойынша жеке  адамдар қаражаты есебінен жалпы алаңы 3274 шаршы метр болатын 35 тұрғын үй салынып, пайдалануға берілді. Аталған тұрғын үйлердің салынуына және жеке қосалқы шаруашылықты жүргізу үшін жер телімдеріне құқықтар берудің тіртібі ҚР Жер Кодексінің нормаларымен және ҚР Үкіметінің 2006 жылғы 1 тамыздағы №726 қаулысымен бекітілген жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер телімдеріне құқықтар берудің Тәртібімен белгіленген. Қазақстан Республикасының азаматтарына жер телімдері жеке меншікке тегін жеке тұрғын үй құрылысы үшін 0,10 га мөлшерінде және жеке қосалқы шаруашылық үшін 0,25 га мөлшерінде беріледі. 

25 тармақ. Журналистік тексеру жүргізу арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша көмек көрсететін журналистерді көтермелеу.

Тарбағатай ауданы бойынша телеарналардың филиалдары тіркелмеген және олардың тұрақты түрде жұмыс істейтін журналисттері жоқ. Ауданға телеарналардың журналисттері іс-сапармен ғана келеді.

29 тармақ. Процессинг орталықтарымен жол қозғалысы ережелерін бұзуды бейнеқадағалау және тіркеу жүйелерін енгізу.

Жол қозғалысы ережелерін бұзуды бейнеқадағалау орнатылған жоқ.

31 тармақ. Халықтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттағы құқықтық ақпаратқа барынша қол жеткізуін қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері» атты жеке бөлімдер ашу.

Тарбағатай ауданы әкімінің ресми сайтында (tarbagatay.vko.gov.kz) «Жемқорлыққа жол жоқ» айдары ашылған.

32 тармақ. Бұқаралық ақпарат құралдарын және веб-сайттар арқылы мемлекеттік органдардың бюджет қаражатын жұмсау жөніндегі шешімдерді қолдану және іске асыруының ақпараттық ашықтығын қамтамасыз ету.

Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде жергілікті атқарушы және өкілеттік органдардың бюджеттің орындалуы туралы ақпаратты баспа бетіне жариялау белгіленген.

Сонымен қатар, жыл барысында аудандық бюджетке өзгерістер мен толықтырулар және оны орындалу барысы туралы ақпараттар аудандық «Тарбағатай» газетінде тұрақты түрде жарияланып тұрады.

37 тармақ. Мемлекеттік сатып алу рәсімдерін өткізудің ашықтығын арттыру.

Тарбағатай ауданы бойынша жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын 31 мемлекеттік мекеме, 41 коммуналдық мемлекеттік мекеме, 10 коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын және 5 мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындар мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарларын, есептіліктерін веб-порталға орналастырды.

Аудан бойынша 2012 жылғы мемлекеттік сатып алу жоспары 2 307 316,1 мың теңге, оның ішінде конкурс арқылы сатып алулар 1 598 645,2 мың теңге, бағалық сұраныс арқылы сатып алулар 345906,0 мың теңге, бір көзден сатып алулар 322266,9 мың теңге, заң нормаларын қолданбай сатып алулар 40498,0 мың теңге болып жоспарланған.

2012 жылы 2 307 316,1 мың теңгенің сатып алулары жасалды, оның ішінде тауарларды сатып алу бойынша 320 559,6 мың теңге, атқарылатын жұмыстарды сатып алуға 1 598 645,2 мың теңге, көрсетілетін қызметтерді сатып алуға 388 111,3 мың теңге болды.

Аудан бойынша 2012 жылға жоспарланған конкурстар - 8 мекемеде 37 конкурс бойынша 1 091 916,8 мың теңгеге хабарландырулар берілген. Бүгінгі күнге жоспарланған конкурстардың қортындысы шығып, әлеуетті өнім берушілер анықталды.

Берілген жоспар мен қаралған қаржы көлемінде барлық сатып алулар Қазақстан Республикасының 21 шілде 2007 жылғы №303 «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 27 желтоқсан 2007 жылғы №1301 «Мемлекеттік сатып алуды жүргізу Ережесі» негізінде жүргізіліп отыр.

38 тармақ. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша міндеттерін орындамағаны үшін мемлекеттік органдардың басшыларын жауапкершілікке тарту тетігін әзірлеу және Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссияның қарауына енгізуге қатысу.

Ай сайын аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру-кадрлық жұмыс және мемлекеттік құқықтық бөліміне ауылдық округ әкімдері және бөлім басшыларынан коррупциялық әрекет жасаған және сол үшін қолданылған жаза туралы белгіленген нысан бойынша есеп беріліп отырады.

Қазақстан Рсепубликасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңының 12 бабының 1 тармағының 1 тармақшасының талаптарына сәйкес заңсыздықтарға жол бергені үшін сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызған 1 саяси мемлекеттік қызметші «Қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту» түріндегі тәртіптік жазаға тартылған.

Қолданыстағы заңдылықтарға сәйкес аудан әкімі аппаратында, 17 ауылдық округте және дербес 12 бөлімде конкурстық, аттестациялық, тәртіпік және мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызметтегі еңбек өтілдерін белгілеу комиссиялары құрылған.

Ауданда мемлекеттік қызметке қабылдау кезінде сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу оны болдырмау басты назарда ұсталып келеді.

Бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасу үшін конкурс жариялау, мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді аттестациядан өткізу, оларға тәртіптік жаза қолдану және қайта даярлау мен біліктілігін арттыру, кадрлар резервін жасақтау «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңға, Кодекстерге, ережелерге, белгіленген тәртіптерге сай жүргізілуде.

Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңына сәйкес аудандағы мекемелер мен мемлекеттік органдардың бірінші қабатында сыбайлас жемқорлық туралы заңнаманың, мемлекеттік қызметкердің ар-намыс кодексінің баптарынан үзінділер ілінген.

39 тармақ. ХҚКО-ның интеграцияланған ақпараттық жүйесін дамытуды қамтамасыз ету.

Тарбағатай ауданында халыққа қызмет көрсету орталығы Ақсуат, Ақжар және Тұғыл ауылдарында жұмыс істейді. 2012 жылдың басынан бері 14123-ге жуық азаматтың құжаттары рәсімделді. Орталық түскі үзіліссіз және сенбі күндері де жұмыс істейді. Халыққа электрондық қызмет түрлерін көрсетуді ұлғайту бойынша нақты шаралар атқарылуда.

47 тармақ. Бақылау, рұқсат беру және қадағалау функцияларын жүзеге асыратын, сонымен қатар олардың қызметін реттейтін қолданыстағы актілерге, сыбайлас жемқорлықтың пайда болуына жағдай туғызатын мемлекеттік органдардың өкілеттігіне талдауды жалғастыру.

Сыбайлас жемқорлықпен күресетін құқық қорғау органдары қызметкерлерiнiң құқықтық мәртебесiн жоғарлата отырып, сыбайлас жемқорлықпен күрес жүргізетін уәкілетті органдардың құзыретін кеңейту. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасау тәуекелi жоғары лауазымдар тізбесін жасап, оларға арнайы тексерулер жүргізетін жүйе қалыптастыру керек.

Алдағы уақытта да ауданда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті, оның алдын алуда жоспарлы жұмыстар жүргізіліп, аудан әкімі аппаратының тұрақты бақылауында болады.



Похожие:

Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаттың сессиясында қаралатын Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламаның іске асыру барысы туралы iconҚазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2011-2015 жылдарға арналған салалық бағдарламаны іске асыру бойынша
Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 наурыздағы №308 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы...
Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаттың сессиясында қаралатын Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламаның іске асыру барысы туралы icon2012 жылдың 9 айындағы Шығыс Қазақстан облысының мұрағаттар және құжаттама басқармасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы жөніндегі ақпарат
Шығыс Қазақстан облысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2011-2015 жылдарға арналған салалық бағдарламасын іске асыру...
Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаттың сессиясында қаралатын Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламаның іске асыру барысы туралы icon2012 жылдың 1 жарты жылдықтың Шығыс Қазақстан облысының мұрағаттар және құжаттама басқармасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы жөніндегі ақпарат
Шығыс Қазақстан облысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2011-2015 жылдарға арналған салалық бағдарламасын іске асыру...
Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаттың сессиясында қаралатын Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламаның іске асыру барысы туралы iconҚазақстан республикасы экономикалық Қылмысқа және сыбайлас жемқорлықҚА Қарсы күрес агенттігі
Осы жадынама Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 наурыздағы №308 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы сыбайлас...
Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаттың сессиясында қаралатын Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламаның іске асыру барысы туралы iconАқтөбе облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2011-2015 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23
Ару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 наурыздағы №308 «Қазақстан Республикасындағы...
Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаттың сессиясында қаралатын Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламаның іске асыру барысы туралы iconҚазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі 2014-2015 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары туралы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы»
Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі Заңын, сондай-ақ «Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі...
Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаттың сессиясында қаралатын Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламаның іске асыру барысы туралы iconҚазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі
Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2011 – 2015 жылдарға арналған салалық бағдарлама (бұдан әрі – Бағдарлама)...
Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаттың сессиясында қаралатын Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламаның іске асыру барысы туралы iconСыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2011-2015 жылдарға арналған облыстық іс-шаралар жоспарын іске асыру жөніндегі 2011-2015 жылдарға арналған аудандық іс-шаралар жоспары туралы

Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаттың сессиясында қаралатын Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламаның іске асыру барысы туралы iconҚарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы)
Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2011 – 2015 жылдарға арналған салалық бағдарламаны іске асыру жөніндегі...
Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаттың сессиясында қаралатын Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламаның іске асыру барысы туралы iconҚазақстан Республикасындағы сыйбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2011 – 2015 жылдарға арналған салалық бағдарлама
...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы