Мемлекеттiк мүлiктi мүлiктiк жалдаудың (жалға берудiң) үлгi шартын бекiту туралы icon

Мемлекеттiк мүлiктi мүлiктiк жалдаудың (жалға берудiң) үлгi шартын бекiту туралы



НазваниеМемлекеттiк мүлiктi мүлiктiк жалдаудың (жалға берудiң) үлгi шартын бекiту туралы
Дата конвертации14.12.2012
Размер89.51 Kb.
ТипДокументы
источник

Мемлекеттiк мүлiктi мүлiктiк жалдаудың (жалға берудiң) үлгi шартын бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 28 шiлдедегi № 873 Қаулысы


"Егемен Қазақстан" 2011 жылғы 12 қазан № 491-492 (26884)




      "Мемлекеттiк мүлiк туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 мамырдағы Заңының 74-бабының 5-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қоса берiлiп отырған мемлекеттiк мүлiктi мүлiктiк жалдаудың (жалға берудiң) үлгi шарты бекiтiлсiн.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi                               К.Мәсiмов

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң       
2011 жылғы 28 шiлдедегi
№ 873 қаулысымен
бекiтiлген   

^ Мемлекеттiк мүлiктi мүлiктiк жалдаудың (жалға берудiң) үлгi шарты

____________________________________
(объектiнiң атауы)

_____________қ.    №_____      20___ жылғы "____"____________________
 
Бұдан әрi "жалға берушi" деп аталатын
_____________________________________________________________________
                 (жалдауға берушiнiң (жалға берушiнiң) атауы)
атынан__________________________________20 жылғы "________"__________
№____________ бекiтiлген
__________________________________________туралы 20___________жылғы
"_______"__________ №_________Ереженiң негiзiнде әрекет ететiн басшы
 
_____________________________________________________________________
                            (Тегi, аты-жөнi)
 
бiр тараптан және бұдан әрi "жалдаушы" деп аталатын
_______________________________________________________________атынан
                  (жалдаушының (жалға алушының) атауы)
_____________________________екiншi тараптан, бiрлесiп "тараптар" деп
          (Тегi, аты-жөнi)
аталатындар, төмендегi туралы осы шартты жасасты.

^ 1. Шарттың нысанасы

      1. Бұдан әрi "баланс ұстаушы" деп аталатын
_____________________________________________________________________
                       (баланс ұстаушының атауы)
балансында тұрған, бұдан әрi "объектi" деп аталатын
_____________________________________________________________________
      (орналасқан жерi мен объектiнiң қысқаша сипаттамасы)
      мекенжайында орналасқан________________________________________
                                  (объектiнiң атауы)
_____________________________________________________________________
                      (жалға берушiнiң атауы)
 
20_"____" №_________бұйрығының негiзiнде (1);
20 "____" №____хаттамалық шешiмге сәйкес тендер нәтижелерi бойынша (2)

мүлiктiк жалдау (жалға беру) шарттың мәнi болып табылады
2. __________________________________________________________________
      (объектiнiң тағайындалымы не тендер шарттары)
мақсатында пайдалану үшiн, 20___________ жылдың "__"_________________
бастап 20 жылдың "_____" аралығында объектiнi жалға берушi мүлiктiк жалға (жалдауға) бередi, ал жалдаушы қабылдап алады.
      Көрсетiлген мерзiм аяқталғаннан кейiн, шарттың мерзiмiн ұзартуды қоспағанда, аталған шарттың әрекет етуi тоқтатылады. Шарттың әрекет ету мерзiмiн ұзарту, егер баланс ұстаушы белгiленген шарттың мерзiмi өткенге дейiн жалға берушiге шарттың әрекет ету мерзiмiн ұзартудан жазбаша бас тартуды ұсынбаса, жалға берушiнiң шешiмi (бұйрығы) негiзiнде негiзгi шартқа қосымша келiсiм жасасу жолымен жүзеге асырылады.

^ 2. Жалпы шарттар

      3. Объектiнi жалдауға қабылдап алу-беру жалдаушының, баланс ұстаушының өкiлдерi қол қоятын және жалға берушi бекiтетiн қабылдап алу-беру актiсi бойынша (беру сәтiнде объектiнiң iс жүзiндегi жай-күйiн көрсете отырып) жүзеге асырылады және осы шарттың ажырамас бөлiгi болып табылады.
      4. Шартқа қол қою арқылы жалға берушi мен баланс ұстаушы жазбаша келiсiмiмен өзгелерден басқа, беру сәтiнде тапсырылатын объектiнiң кепiлдiкке қойылмағандығын, сатылмағандығын, тыйым салынбағандығын және шартқа қатысы жоқ үшiншi тұлғалармен шарттың әрекет етуi iшiнде талап етiлмейтiндiгiн куәландырады.
      5. Кемiнде бiр жыл мерзiмге жылжымайтын мүлiктi мүлiктiк жалға алу шарты "Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды мемлекеттiк тiркеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттiк тiркеуге жатады және осындай тiркеу сәтiнен бастап жасалған деп есептеледi.
      Шартты мемлекеттiк тiркеу Жалға алушының қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
      6. Жалдаушы өрт пен электр қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге, жалдап отырған үй-жайлардағы техникалық құралдар мен инженерлiк жабдықты дұрыс пайдалануға, сондай-ақ осы тармақта көзделген шарттардың тиiстi түрде орындалмауының салдарына толық жауап бередi.

^ 3. Тараптардың құқықтары мен мiндеттерi

      7. Жалға берушiнiң:
      1) баланс ұстаушымен келiсiм бойынша объектiнi, онда орналасқан желiлер мен коммуникацияларды қайта орналастыруға немесе қайта жабдықтауға және қосалқы жалға беруге жалдаушыға жазбаша рұқсат беруге;
      2) жалдау ақысын аударудың уақытылылығына бақылауды жүзеге асыруға;
      3) жалдау ақысын уақытылы енгiзiлмегенi үшiн өсiмпұлды есептеуге;
      4) тараптардың келiсiмi бойынша шартты ұзартуға, өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуге немесе оны бұзуға;
      5) объектiнiң мақсатты пайдаланылуын тексерудi жүзеге асыруға құқығы бар.

      8. Жалдаушының:
      1) жалдау ақысын аванс арқылы төлеуге;
      2) баланс ұстаушының жазбаша келiсiмiмен объектiнi, онда орналасқан желiлер мен коммуникацияларды қайта орналастыруға немесе қайта жабдықтауға және қосалқы жалдауға беруге рұқсат үшiн жалға берушiге өтiнiш жасауға;
      3) жалға берушiге шарттың мерзiмiн ұзарту, өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу немесе бұзу туралы ұсыныстар енгiзуге құқығы бар.
      9. Жалға берушi:
      1) шарттың жасалған күннен бастап отыз күнтiзбелiк күннен астам емес мерзiмде қабылдап алу-беру актiсi бойынша жалдаушыға баланс ұстаушының объектiнi беруiн қамтамасыз етуге және оны бекiтуге;
      2) шартпен белгiленген тәртiпте жалдаушының объектiнi иелену және пайдалануына кедергi келтiрмеуге;
      3) шарт талаптарын немесе жалдау ақысының мөлшерiн өзгерткен жағдайда, бұл туралы жалдау ақысын төлеудiң кезектi мерзiмiне дейiн бiр ай бұрын жалдаушыға хабарлауға;
      4) жалдаушыға жалдау ақысын төлеудiң кезектi мерзiмiне дейiн 10 күннен кешiктiрмей мерзiмi өткен жалдау төлемдерi үшiн өсiмақылар мен айыппұлдар есептегенi туралы хабарламаны жiберуге мiндеттi.
      10. Жалдаушы:
      1)________________________________________кешiктiрмей ай сайын
         (жалдау ақысын төлеу мерзiмдерi)
жалдау ақысын, сондай-ақ басқа да төлемдердi (айыппұлдарды, өсiмақыларды) төлеуге;
      2) жалдау ақысын (айыппұлдарды, өсiмпұлдарды) төлегеннен кейiн үш жұмыс күнi iшiнде төлем тапсырмаларының (түбiртектердiң) көшiрмесiн бере отырып, тоқсан сайын жалға берушiмен есеп айырысуға салыстыруды жүргiзуге;
      3) қабылданған объектiнi шартта көзделген мақсаттарда ғана пайдалануға;
      4) объектiнi тиiсiнше тәртiпте ұстауға, объектiге немесе онда орналасқан инженерлiк коммуникацияларға зақым келтiруi мүмкiн әрекеттердi жасамауға;
      5) мүлiктi дұрыс жағдайда ұстауға, өз есебiнен ағымды жөндеу жүргiзуге және мүлiктi ұстау бойынша шығыстарды көтеруге, сондай-ақ тараптармен келiсiлген мерзiмдерде күрделi жөндеу жүргiзуге;
      6) жалдаушының кiнәсiнен және табиғи тозуға байланысты объектiнiң жекелеген элементтерi қалыптан шыққан жағдайда, өз қаражаты есебiнен жөндеу жұмыстарын жүргiзуге;
      7) жалға берушiнiң алдын-ала жазбаша рұқсатынсыз объектiнi, онда орналасқан желiлер мен коммуникацияларды қайта орналастыруды немесе қайта жабдықтауды жүзеге асырмауға;
      8) объектiге және объект орналасқан жер учаскесiне жалдаушының, санитарлық қадағалау қызметi және Қазақстан Республикасы заңнамасының және объектiнi пайдалану мен қолдану тәртiбiне қатысты өзге де нормалардың сақталуын бақылайтын басқа да мемлекеттiк органдардың өкiлдерiн кедергiсiз жiберуге, олар белгiлеген мерзiмдерде тiркелген бұзушылықтарды жоюға;
      9) шарт бойынша өз құқықтарын бермеуге, оларды шаруашылық серiктестiктердiң, акционерлiк қоғамдардың жарғылық капиталына салым немесе өндiрiстiк кооперативке жарна ретiнде салмауға;
      10) жалдау шартының қолданылу мерзiмi аяқталғанға дейiн бiр ай бұрын объектiнi жалдауды ұзарту ниетi туралы жазбаша өтiнiш беруге. Мұндай өтiнiштiң болмауы жалға берушiнiң объектiнi басқа заңды немесе жеке тұлғаларға жалға (жалдауға) беруге негiз бередi;
      11) шартты бұзған немесе шарттың қолданылу мерзiмi аяқталған жағдайда, жалдаушы мен баланс ұстаушы қолдарын қойған және жалға берушi бекiткен қабылдап алу-беру актi бойынша баланс ұстаушыға он күнтiзбелiк күн iшiнде объектiнi қайтаруды қамтамасыз етуге;
      12) жалдаушының кiнәсi бойынша объектi пайдалануға жарамсыз жағдайға келтiрiлген жағдайда, өз қаражатының есебiнен қалпына келтiру жұмыстарын жүзеге асыруға;
      13) объектiнi жұмыс iстемейтiн немесе қанағаттанарлықсыз техникалық жай-күйде (нормативтiк көрсеткiштерден асатын тозумен) қайтарған жағдайда, шығынды өтеуге мiндеттi.

^ 4. Жалдау ақысы мен есеп айырысу тәртiбi

      11. Объектiнi мүлiктiк жалдау үшiн жалдау (жалға алу) ақысының мөлшерi айына ________ теңгенi құрайды (жалдау ақысының есебi шарттың ажырамас бөлiгi болып табылатын шартқа қосымшада келтiрiлген).
      12. Мүлiктiк жалдау (жалға алу) үшiн жалдау ақысы коммуналдық қызметтер үшiн төлемдердi, ағымдағы және күрделi жөндеуге арналған аударымдарды, объектiге көрсетiлген қызметтер және қорғау үшiн төлемдердi қамтымайды. Бұл төлемдердi жалдаушы тiкелей бағынысты қорғау, пайдалану, коммуналдық, санитарлық және қызметтер көрсететiн басқа да қызметтерге не баланс ұстаушымен Шарт бойынша төлейдi.
      13. Ай сайынғы жалдау ақысын, сондай-ақ басқа да төлемдердi (айыппұлдарды, өсiмпұлдарды) жалдаушы "Республикалық меншiк иелiгiнде тұрған мүлiктi жалға беруден түсетiн кiрiстер" 201501 бюджеттiк сыныптама кодына не "Коммуналдық меншiк иелiгiнде тұрған мүлiктi жалға беруден түсетiн кiрiстер" 201504 бюджеттiк сыныптама кодына бенефициар ________ БСК, бенефициар ____________ ЖСК аударады.
      14. Жалдау ақысының базалық ставкасы мен қолданылатын коэффициенттерi өзгертiлген жағдайда жалға берушiнiң талабы бойынша жалдау ақысының мөлшерi қайта қаралуы мүмкiн, бұл туралы жалға берушi жалдаушыға жалдау ақысын төлеудiң кезектi мерзiмiне дейiн отыз күнтiзбелiк күннен кешiктiрмей жалдау ақысының өзгергендiгi туралы жазбаша хабарлайды.
      15. Жалдаушы шарттың 10-тармағының 1) тармақшасында көзделген жалдау ақысын төлеудiң мерзiмiн бұзған жағдайда, жалдаушы әрбiр мерзiмi өткен күн үшiн төленбеген сомадан 0,5% мөлшерiнде өсiмпұл төлейдi.
      16. Осы шартта көзделген тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсiмпұл) төлеу жалдаушыны орындалмаған мiндеттемелерiн тиiсiнше орындаудан босатпайды.
      17. Жалдаушының бастамасы бойынша шартты мерзiмiнен бұрын бұзған жағдайда, аванспен төленген жалдау ақысы қайтарылмайды.

^ 5. Шартты мерзiмiнен бұрын бұзу шарттары

      18. Жалдаушы шартты бұзғанға дейiн күнтiзбелiк отыз күннен кешiктiрмей бұл туралы жалға берушiнi жазбаша ескерте отырып, шартты мерзiмiнен бұрын бұзуға құқылы.
      19. Жалға берушiнiң талабы бойынша мүлiктiк жалға (жалдауға) беру шарты бұзылуы мүмкiн және объект жалға берушiге мынадай:
      1) егер жалға берушiнiң жасаған жазбаша ескертуiне қарамастан, жалдаушы объектiнi шарттың талаптарын немесе объектiнiң мақсатын елеулi бұза отырып пайдаланған;
      2) егер жалдаушы шарт бойынша берiлген объектiнi нысаналы мақсаты бойынша пайдаланбаған;
      3) егер жалдаушы қасақана немесе байқаусызда объектiнi елеулi нашарлатқан;
      4) егер жалдаушы шартта белгiленген мерзiм өткеннен кейiн екi реттен астам объектiнi пайдаланғаны үшiн жалдау ақысын енгiзбеген;
      5) егер жалдаушы шарттың мерзiмдерiнде белгiленген мерзiмде, ал олар шартта болмаған кезде, Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне немесе шартқа сәйкес күрделi жөндеу мiндеттемесi жалдаушыға жүктелген жағдайларда ақылға қонымды мерзiмдерде объектiге күрделi жөндеу жүргiзбеген. Жалға берушi жалдаушыға өз мiндеттемелерiн ақылға қонымды мерзiмде орындау мүмкiндiгiн бергеннен кейiн ғана шартты мерзiмнен бұрын жоюды талап етуге құқылы;
      6) жалдаушыға басқа объектiнi оның жазбаша келiсiмiнен кейiн берген;
      7) мемлекеттiк мүлiк бойынша уәкiлеттi орган объектiнi алып қою туралы шешiм қабылдаған;
      8) жалға берушiнiң атына баланс ұстаушы жазбаша өтiнiш жазған жағдайларда қайтарылады.
      Шарт жалдаушының талабы бойынша мерзiмiнен бұрын мынадай:
      1) баланс ұстаушы шарттың талаптарына немесе объектiнiң мәнiне сәйкес жалдаушының пайдалануына объектiнi бермеген не объектiнi пайдалануға кедергi жасаған;
      2) объектiнiң баланс ұстаушысы шартпен белгiленген мерзiмде, ал олар шартта болмаған жағдайда - ақылға қонымды мерзiмдерде оған салынған объектiнi күрделi жөндеу мiндеттемелерiн орындамаған;
      3) жалдаушыға берiлген объектiлердiң оны пайдалануға кедергi жасайтын, олар шарт жасасқан кезде жалға берушiмен келiсiлмеген ақаулары болған және шартты жасасқан кезде объектiнi қараған және оның жұмыс iстейтiнiн тексеру уақытында анықталуы мүмкiн болмаған;
      4) егер объектi жалдаушының жауап беруi мүмкiн емес жағдаяттар салдарынан пайдалануға жарамай қалған жағдайларда бұзылды.
      20. Шартты мерзiмiнен бұрын бiр тарапты бұзу сот тәртiбiмен шағымдалуы мүмкiн. Сот шешiмi күшiне енгенге дейiн объектi жалдаушыда сақталады, ол шартқа сәйкес жалдау ақысын төлеудi жалғастырады.

^ 6. Ерекше жағдайлар

      21. Шарт әрбiр тарап үшiн бiреуден бiрдей заңдық күшi бар мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде үш данада жасалады.
      22. Шартқа өзгерiстер мен толықтырулар тараптардың қосымша келiсiмге қол қою жолымен енгiзiледi. Егер оларды осыған уәкiлеттi тұлғалар жасаған болса шартқа енгiзiлген өзгерiстер мен толықтырулардың күшi болады.
      Барлық қосымшалар мен қосымша келiсiмдер осы шарттың ажырамас бөлiгi болып табылады.
      23. Егер жалдаушы өз қаражаты есебiнен және баланс ұстаушының келiсiмiмен және мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi уәкiлеттi органның (жергiлiктi атқару органдардың) жазбаша рұқсатымен объектi үшiн зиянсыз ажырамас жақсартулар жүргiзген жағдайда, егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде өзгеше көзделмесе, жалдаушы шарт тоқтатылғаннан кейiн осы жақсартулардың құнын баланс ұстаушы арқылы өтеуге құқығы бар.
      Жалдаушы жүргiзген объектiнiң ажырайтын жақсартулары оның меншiгi болып табылады.
      Егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде өзгеше көзделмесе, жалға берушi мен баланс ұстаушының келiсiмiнсiз жалдаушы жасаған ажырамас жақсартулардың құны өтеуге жатпайды.
      24. Мүлiктiк жалдауға (жалға алуға) тапсырғаны үшiн жалдау ақысын есептеу объектiнi қабылдау-беру актiсi бойынша объектiнi баланс ұстаушыға қайтару сәтiне дейiн жүргiзiледi. Жалдаушы, баланс ұстаушы қол қойған және жалға берушi бекiткен объектiнi қабылдау-беру актiсi мүлiктiк жалдау (жалға алу) шартының бұзылу және аяқталу фактiсiн растайтын құжат болып табылады.

^ 7. Дауларды қарау тәртiбi

      25. Осы шарттан немесе оған байланысты тараптар арасында туындауы мүмкiн даулар келiссөздер жолымен, ал келiсiмге қол жеткiзбеген жағдайда - сот тәртiбiмен шешiледi.

8. Тараптардың заңды мекенжайлары мен банктiк деректемелерi

       ^ ЖАЛҒА БЕРУШI:                            ЖАЛДАУШЫ:
Басшы_______________________                 ________________________
      (жалға берушi атауы)
_______________________________             _________________________

_______________________________     _________________________________
      (орналасқан жерi)             (жалдаушының атауы мен орналасқан
                                                    жерi)
_______________________________      ________________________________
      (ТАЖ)                                        (ТАЖ)
_______________________________       _______________________________
      (қолы)                                      (қолы)



Похожие:

Мемлекеттiк мүлiктi мүлiктiк жалдаудың (жалға берудiң) үлгi шартын бекiту туралы iconРеспубликалық мүлiктi мүлiктiк жалдауға (жалға алуға) беру қағидасын бекiту туралы
«Мемлекеттiк мүлiк туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 74-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының...
Мемлекеттiк мүлiктi мүлiктiк жалдаудың (жалға берудiң) үлгi шартын бекiту туралы iconШығыс Қазақстан облысының коммуналдық мүлкін мүлiктiк жалдауға (жалға алуға) беру ережесі
Ереже) Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне және «Мемлекеттiк мүлiк туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы...
Мемлекеттiк мүлiктi мүлiктiк жалдаудың (жалға берудiң) үлгi шартын бекiту туралы iconЖалға алу шартын беру туралы өтініш үлгісі
Келесі мекен жайдағы тұрғын үйге жалға алу шартын беруіңізді сұраймын
Мемлекеттiк мүлiктi мүлiктiк жалдаудың (жалға берудiң) үлгi шартын бекiту туралы iconЕскі ордердің орнына жалға алу шартын беру туралы өтініш үлгісі
Келесі мекен жайдағы тұрғын үйге ескі ордер орнына жалға алу шартын беруіңізді сұраймын
Мемлекеттiк мүлiктi мүлiктiк жалдаудың (жалға берудiң) үлгi шартын бекiту туралы iconҚостанай облысының коммуналдық меншiк объектiлерiн мүлiктiк жалға (жалдауға) беру жөнiндегi нұсқаулықты бекiту туралы
Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы...
Мемлекеттiк мүлiктi мүлiктiк жалдаудың (жалға берудiң) үлгi шартын бекiту туралы iconМемлекеттiк мекемелердiң және коммуналдық кәсiпорындардың балансындағы объектiлердi мүлiктiк жалға (жалдауға) беру Нұсқаулығын бекiту туралы
Арағанды облысының әкiмдiгiнiң 2006 жылғы 20 қарашадағы n 25/01 қаулысы. Қарағанды облысының әдiлет Департаментiнде 2006 жылғы 22...
Мемлекеттiк мүлiктi мүлiктiк жалдаудың (жалға берудiң) үлгi шартын бекiту туралы iconМемлекеттiк заңды тұлғаларға бекiтiлiп берiлген мемлекеттiк мүлiктi мемлекеттiк меншiктiң бiр түрiнен екiншiсiне беру қағидасын бекiту туралы
«Мемлекеттiк мүлiк туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 9-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының...
Мемлекеттiк мүлiктi мүлiктiк жалдаудың (жалға берудiң) үлгi шартын бекiту туралы iconҚазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiнiң көлiктiк бақылау саласындағы мемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту туралы
Жалға алынған iшкi суда жүзетiн кемелердi және «өзен-теңiз» суларында жүзетiн кемелердi жалға алынған шетел кемелерiнiң тiзiлiмiнде...
Мемлекеттiк мүлiктi мүлiктiк жалдаудың (жалға берудiң) үлгi шартын бекiту туралы iconМүлікті (ақшадан басқа) жария етуді өткізуді ұйымдастыру қағидасын және Мүлiктi жария етудi жүргiзу жөнiндегi комиссия туралы үлгi ереже
Ндардың жергiлiктi атқарушы органдарының жанынан құрылатын, Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан, құқықтары Қазақстан Республикасының...
Мемлекеттiк мүлiктi мүлiктiк жалдаудың (жалға берудiң) үлгi шартын бекiту туралы iconКоммуналдық меншiктегi объектiлердi мүлiктiк жалға беру жөнiндегi Нұсқаулықты бекiту туралы
Жамбыл облысы әкiмдiгiнiң 2010 жылғы 02 қыркүйектегi n 235 Қаулысы. Жамбыл облыстық Әдiлет департаментiнде 2010 жылғы 01 қазанда...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы