Тарбағатай ауданы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары icon

Тарбағатай ауданы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары



НазваниеТарбағатай ауданы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
страница1/3
Дата конвертации14.12.2012
Размер0.76 Mb.
ТипДокументы
источник
  1   2   3



Тарбағатай ауданы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары

Ақсуат 2010


Тарбағатай ауданы әкімдігінің

2011 жылғы «____» ________

№ ___ қаулысына 1 қосымша


Тарбағатай ауданы әкімдігінің

2011 жылғы «___» ________

№___ қаулысымен бекітілген


«Тарбағатай аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің

(мемлекеттік мекеменің атауы)

2011-2015 жылдарға арналған

(жоспарлы кезең)

стратегиялық жоспары


Мазмұны


1.

Миссиясы және пайымдауы













2.

Ағымдағы жағдайды талдау және сала дамуының беталысы













3.

Қызметтің стратегиялық бағыттары, мақсаттары, міндеттері, нысаналы индикаторлары, іс-шаралары және нәтижелер көрсеткіштері













3.1

Стратегиялық бағыттар, мақсаттар, міндеттер, нысаналы индикаторлар,

іс-шаралар және нәтижелер көрсеткіштері













3.2

Мемлекеттік органның стратегиялық бағыттары мен мақсаттарының мемлекеттік стратегиялық мақсаттармен сәйкестігі













4.

Функционалдық мүмкіндіктердің дамуы













5.

Ведомствоаралық өзара қарым-қатынас













6.

Тәуекелдерді басқару













7.

Бюджеттік бағдарламалар













7.1

Бюджеттік бағдарламалар













7.2

Бюджеттік шығындар жиынтығы






^ 1 бөлім. Миссиясы және пайымдауы


Шығыс Қазақстан облыстық мәдениет басқармасының (бұдан әрі – Басқарма) миссиясы – мәдениет саласында қазіргі заманғы мәдени орта мен азаматтардың әлеуметтік оптимизімін қалыптастыруға ықпал ететін сапалы және қол жетімді қызмет көрсету.

Пайымдауы – облыс мәдениетін жаңғыртуды, сақтауды және дамытуды қамтамасыз ететін қазіргі заманғы жалпыұлттық мәдени-ақпараттық орта қалыптастыру.


^ 2 бөлім. Ағымдағы жағдайды талдау және мәдениет саласының даму тенденциялары


1 Стратегиялық бағыт. Мәдениет және өнер саласында бәсекелестікке қабілеттілікті арттыру

1. Реттелетін саланың немесе іс-әрекет саласының негізгі даму параметрлері.

Мәдениет мекемелерінің желісі 2007 жылы 43 бірлікті, 2008 жылы 43 бірлікті, 2009 жылы 45 бірлікті құрады, соның ішінде: мемлекеттік мәдениет мекемелері 45 бірлікті, оның ішінде: 19 клуб, 22 кітапхана, 1 мұражай, 1 бейнемобил, 2 электронды кинотеатр.

2007-2009 жылдар аралығында мәдениет нысандарының желісі 2 бірлікке немесе 1 % артты, 2008 жылмен салыстырғанда желі өсімі 0 % .

Қазіргі заманғы дыбыс ұлғайтқыш және жарық түсіргіш, аудио, бейне аппараттарымен, экран және дербес қуат көзімен жабдықталған, қолдануда оларды бірегей қылатын, бейнемобилдер енгізілді. Бүгінгі күні облыста 1 жылжымалы мәдени-демалыс кешені (бейнемобилдер) табысты жұмыс істеуде.

Мемлекет Басшысының «Дағдарыс арқылы жаңарту мен дамуға» Жолдауында мазмұндалған міндеттерді іске асыру мақсатында 2010 жылдар кезеңінде 9 мәдениет мекемелері күрделі және ағымдағы жөндеуден өтті, соның ішінде: 2010 жылы – 5 – клубтық мекемелер, 3 – басқалар /парктер, мәдениет үйлерінің қоршауы/.

Шығыс Қазақстан облысындағы ауылдық аймақтарды дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған Аймақтық бағдарламасын іске асыру аясында, 2007-2009 жылдар ішінде жергілікті бюджет қаражаты есебінен мәдениеттің ауылдық нысандарын дамытуға 173,0 млн. теңгеден астам немесе мәдениет саласының қызмет етуі үшін бөлінген қаражат көлемінен 1,5 % жұмсалды.

2009 жылы клуб үйлерінде 13 спектакль қойылды, 280 концерт, 60 дәріс оқылды; клуб мекемелерімен 1410 мәдени-көпшілік іс-шаралар өткізілді; аудандық кітапханалармен 15551 оқырмандарға қызмет көрсетіліп, 335832 кітап берілген, 15 аудандық конкурс 11әртүрлі аудандық деңгейдегі іс-шаралар өткізілді.

2010 жылдың 11 айы ішінде клуб үйлерінде 13 спектакль қойылды, 260 концерт, 62 дәріс оқылды, 1416 мәдени-көпшілік іс-шаралар өткізілді; аудан кітапханаларымен 15625 оқырмандарға қызмет көрсетілді, 28 конкурс, 48 жаңа кітаптың кітап беташары, 36 әдеби, 28 поэзия кештері өткізілген, бұл шаралар оқырмандармен рухани-мәдени байланысты нығайтады.

Мәдениет мекемелерінің қызметі үшін 2005-2010 жылдар аралығында бөлінген қаражат көлемі 305,1млн.теңгені құрайды, оның ішінде: 2005 жылы – 41,2 млн.теңге, 2006 жылы – 22,9 млн.теңге, 2007 жылы – 49,8 млн.теңге, 2008 жылы – 49,0 млн.теңге, 2009 жылы – 74,3 млн.теңге, 2010 жылы – 67,9 млн. теңге.

Гендерлік теңдік үшін жағдай жасау мақсатында ауданның мәдениет мекемелерімен нақты жұмыстар өткізіледі: «Абысын тату болса», «Наурыз аруы», «Мисс Тарбағатай-2010», «Жас дарын-2010», «Тілдарын-2010» атты тақырыптарына мәдени-көпшілік іс-шаралар. Қазақстан Республикасының гендерлік теңдік Стратегиясының негізгі ережелерін түсіндіру бойынша ауыл әйелдері арасында ақпаратты-ағартушылық қызметті іске асыруды, «Ерлер мен әйелдердің тең құқықтары мен тең мүмкіндіктерінің мемлекеттік кепілдіктері туралы» Заңды насихаттау жұмыстары жүргізілуде.

Жалпы аудан бойынша мәдениет саласында кадрлар құрамы пайыздық арасалмақта ерлер 60 %, әйелдер 40 % құрайды, бірінші басшылар арасында 30 % ерлер, 70 % - әйел адамдар құрайды.

2. Негізгі мәселелерді талдау:

1) аудан аумағында орналасқан тарихи-мәдени мұра нысандарының даму және дәріптеу деңгейінің төмендігі;

2) мәдени-демалыс қызметінің сапалық деңгейінің төмендігі және жанрлық, стильдік әртүрліліктің жоқтығы;

3) мәдениет объектілері жүйесінің дамуына шаққандағы халықтың мәдениет мекемелерінің қызметін көруге қолжетімділік деңгейінің әркелкілігі;

4) мәдениет мекемелерінде қазіргі заман талаптарына жауап бере алатын технологиялық жабдықтардың жоқтығы және салада маркетинг және менеджментті игерген шығармашылық және басқарушы кадрлардың жетіспеушілігі.

3. Негізгі сыртқы және ішкі факторларды бағалау.

Мәдениеттің дамуына негізгі әсер етуші фактор – бұл сыртқы фактор болып табылады, оның ішінде әлем экономикасының жағдайы, құқықтық реттеу, мемлекеттің экономикалық және саяси жағдайлары және т.б. әсерін тигізеді. Дағдарыс жағдайында жеке сауда бағаларының және тарифтерінің өсуін тежеу еңбекақы өсуінің тежелуіне әкеледі, инфляция өршуінен құтылу салдарынан халықтың шынайы кірістері төмендейді. Бұл салаға үлкен жағымсыз әсерін тигізеді яғни, мәдениет қызметін пайдаланушылардың төлеу қабілеті төмендейді, соның салдарынан негізгі іс-әрекеттің дамуына бөлінетін қаржы арқылы қызмет жоспарының орындалмауына әкеледі.

Бүгінгі күні Қазақстанның даму Стратегиясы 2030 Мемлекеттік бағдарлама негізінде 2011-2015 жылдарға арналған Шығыс Қазақстан облысы аумағының өңірлік даму бағдарламасы дайындалды. Бағдарламада саланың негізгі мәселелерін шешу үшін мәдениет ұйымдарының алдына қойылған бағдарламалар, мақсаттар және міндеттер қамтылады.

Сонымен қатар, мәдениет саласының дамуына ішкі факторлар маңызды әсер етеді, бұған кадрлық саясатты, кадрларды даярлау және қайта даярлау, біліктілікті арттыру, еңбекті ұйымдастыруды жатқызуға болады. Бүгінгі күні арнайы жоғарғы, орта білім беру мекемелерінде сала үшін кадрларды даярлау іске асады. Мәдениет қызметкерлерінің еңбек ақысының төмендігі, әлеуметтік қорғалмауы және қалдық принципі бойынша мәдениет саласын қаржыландыру мәдениет қызметкері маманын атаулы емес мамандардың қатарына енгізуге әсерін тигізеді.

2.2.2.6 Тілдерді дамыту

Тіл саясаты саласында өңірдің дамуы ұлттық бірегейлікті қалыптастыру, мемлекеттік тіл саясатын ақпаратпен тиімді сүйемелдеу қоғамдық тұрақтылық пен ұлтаралық келісімді нығайтуға бағытталған.

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2005 жылғы 5 мамырдағы №188 санды қаулысымен бекітілген облыстың қалалары мен аудандарының мемлекеттік органдарында іс жүргізуді мемлекеттік тілге кезең-кезеңмен көшіру кестесіне сәйкес Тарбағатай ауданы 1998 жылдан іс жүргізуді мемлекеттік тілге көшірген аудандар қатарына жатады.

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңының 4-бабы негізінде аудандағы барлық мемлекеттік органдардың, мекеме-ұжымдардың іс-қағаздары тек мемлекеттік тілде жүргізіліп, мәжілістер мен жиындар, мәдени-көпшілік шаралар да мемлекеттік тілде өткізіледі. Сондай-ақ, мемлекеттік органдарда актілерді әзірлеу мен қабылдау мемлекеттік тілде жүргізіледі.

Аудан тұрғындарының жалпы санының 98/4 пайызы қазақ ұлты. Барлық мемлекеттік қызметкерлер және қызметкерлердің басқа да санаттары мемлекеттік тілді еркін меңгерген мамандар болғандықтан бүгінгі күнге мемлекеттік тілді оқыту орталықтарын ашу, синхрондық аударма қондырғыларын орнату қажеттігі жоқ.

Аудан көлеміндегі 50 мектептің 45-і таза қазақ тілінде оқытатын орта мектептер болса, қазақ тілінде тәрбие беретін және оқытатын мектепке дейінгі 3 бала-бақшада 350 бала тәрбиеленуде. Жалпы білім беретін мектептер жанынан құрылған 43 шағын орталықта 3-5 жас аралығындағы 846 бала тәрбиеленіп отыр.

Аудандағы 50 мектепте 10542 бала оқыса, оның 10519-ы қазақ балалары, орыс және қазақ сыныптары аралас оқытылатын 5 мектепте 16 орыс, 7 әр ұлт өкілдері, 3 неміс, 2 өзбек, 2 татар балалары оқиды. Неміс тілін 3 мектепте 119 бала оқыса, ағылшын тілін 41 мектепте 7802 бала оқиды. Аудан көлемінде жалпы білім беретін орта мектептерде 80 ағылшын тілі, 142 қазақ тілі және 130 орыс тілі мұғалімі қызмет атқарады.

Ауданда шығатын 2 газет те мемлекеттік тілде жарық көреді.

Мемлекеттік тіл саясатына қатысты аудандық «Тарбағатай» газетінде жарияланған мақалалар саны: 2007 жылы-7, 2008 жылы-8, 2009 жылы-10, 2010 жылы /10 айда/-10 болып, бастапқы кезеңмен салыстырғанда 14,3 %-ды құрайды.

Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының рейтингілік бағалау көрсеткіштері негізінде аудандағы мемлекеттік органдардың құжат айналымында мемлекеттік тілді қолданудың үлес салмағы 100 пайызды құрайды.

Қолданыстағы заңнамаларға сәйкес қоғамдық өмірдің барлық салаларында орыс тілі мемлекеттік тілмен тең жағдайда қолданылады. Орыс тілінің жалпы мәдени қызметі сақталуда және дамуда.

Сондай-ақ, ағылшын тілін үйрену үшін жағдай жасалуда. Аудан орталығында ағылшын тілін оқыту үйірмесін ашу жұмысы қолға алынып, оралман ағайындарды кириллица әліпбиіне оқыту жұмыстары жүргізілуде.

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңының «Деректемелер мен көрнекті ақпарат тілі» туралы 21 бабының талаптарына көрнекті ақпаратты сәйкестендіру мақсатында аудан көлемінде «Тілге құрмет-елге құрмет» атты айлық, аудандық деңгейде О.Бөкей атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің байқауы, 9 мамыр Ұлы Жеңістің 65 жылдығы мерейтойына арналған «Армысың, Ардагерлерім» атты ақындар мүшәйрасы, «Менің атам - Майдангер» тақырыбында шығармалар конкурсы ұйымдастырылып, жеңімпаздар облыс көлемінде өткен байқауларға жолдама алды. Атап айтқанда, О.Бөкей атындағы облыстық көркемсөз оқу шеберлернің байқауына М.Сейітқазина, «Мемлекеттік тіл және отбасы» конкурсына ауданнан Вагнерлер отбасы қатысып, ынталандыру сыйлығын алып, алғыс хатпен марапатталды. Сонымен қатар, мемлекеттік тілді меңгерген өзге ұлт жастарының «Тіл тұтастығы-ел тұтастығының тірегі» атты облыстық форумына ауданнан 3 өзге ұлт жастары қатысып қайтты.

Мемлекеттік тілдің бәсекеге қабілеттілігін одан әрі нығайтуда маңызды роль атқаратын көрнекі ақпарат пен жарнама мәтіндерін заң талаптарына сай біріздендіру, үйлестіру және бақылауды одан әрі күшейту, аудан жұртшылығын бұл іске кеңінен тарту мақсатында аудан көлемінде «Тілге құрмет-елге құрмет» айлығы өткізілсе, Қазақстан халқының тілдері күні аясында «Ел бірлігі-тәуелсіздік тұғыры» атты айлық өткізілді. Айлық барысында барлық ауылдық округтерде «Тіл - халықтың мәдениеті мен қуатының көрінісі» тақырыбында оқырмандар конференциясы, поэзия, әдеби кештер, кітап көрмелері, әртүрлі тақырыпта байқау-сайыстар ұйымдастырылды және мемлекеттік тілдің көкейкесті мәселелерін көтерген мақалаларға аудандық «Тарбағатай» газеті арқылы конкурс жарияланып, қорытындыланды.

2008-2010 жылдары қаржыландыру көлемі 800 мың теңгені құрады: 2008 жылы 176 мың, 2009 жылы 300 мың теңге, 2010 жылы аудандық бюджеттен 324 мың теңге бөлінді.

^ Күшті жақтары:


- ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының рейтингілік бағалау көрсеткіштері негізінде аудандағы мемлекеттік органдардың құжат айналымында мемлекеттік тілді қолданудың үлес салмағы 100 пайызға жетіп отыр;

- мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыруда атқарылатын іс-шараларға аудандық бюджеттен бөлінетін қаржы көлемі жыл сайын өсе түсуде;

- ауданда тұратын этностардың тілдерін үйренуді мемлекеттік қолдаудың тиімді жүйесі құрылды.


Әлсіз жақтары:


- тілдік саланың жеткіліксіз нормативтік-құқықтық қамтамасыз етілуі.


Мүмкіндіктері:

  • Қазақстан халқының рухани және ұлттық бірлігінің басты факторы ретінде мемлекеттік тілдің рөлін көтеру;

- көптілділік орта жағдайында әлеуметтік-коммуникативтік кеңістікке мемлекеттік тілді енгізу;

  • Қазақстандықтардың лингвистикалық капиталын дамыту.


Қатерлер:

  • мемлекеттік тілді қолдану аясындағы құқықтық кемшіліктердің бар екендігі;


^ 10-мақсат: Мемлекеттік тілдің және тұрғындардың лингвистикалық капиталының дамуы




^ Индикаторлар мен көрсеткіштердің атауы

1 кезең

2 кезең

2011

2012

2013

2014

2015

1.

Мақсатты индикаторлар:

Мемлекеттік тілді меңгерген тұрғындардың үлесі, 2009-100%

100

100

100

100

100

2.

Мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерін меңгерен тұрғындардың үлесі, 2009-0,2%

0,3

0,4

0,5

0,6

0,7

^ 1 -міндет. Мемлекеттік тілдің әлеуметтік-коммуникативтік және топтастырушы қызметін кеңейту

1.

Индикаторлар мен көрсеткіштердің атауы

1 кезең

2 кезең

2011

2012

2013

2014

2015

1.

Қоғамдық өмірдің негізгі салаларында мемлекеттік тілдің қажеттілік деңгейі

0

0

0

0

0

2.

Мемлекеттік органдардың жалпы құжат айналымындағы мемлекеттік тілдегі құжаттардың үлес көлемі

100

100

100

100

100

3.

«Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес көрнекі ақпаратты ресімдеу деңгейі

100

100

100

100

100


Қол жеткізу жолдары:

1. Тілдерді қолдау мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы қоғамдық өмірдегі мемлекеттік тілдің рөлі мен беделін көтеруге мүмкіндік береді. Тұрғындардың барлық санаттарына мемлекеттік және басқа да тілдерді оқытуды ұйымдастыру, оқыту әдістемесін жетілдіру оның сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Мемлекетті тілдің қолдану аясын кеңейтудің іс жүзіндегі бір жолы телерадио арналар бойынша хабарлардың көлемін ұлғайту және баспа басылымдарының санын арттыру болып табылады. Ұлтаралық тұрақтылық пен қоғамды топтастыруды одан әрі нығайтуға өткізілетін көпшілік - мәдени және қоғамдық саяси іс-шаралар бағытталатын болады.Тіл саясаты мәселелері бойынша әлеуметтік жіне талдау зерттеулерін жүргізу тілдік үдерістерді тиімді басқаруға мүмкіндік береді.

2. Көрнекі ақпарат пен жарнамаларды тіл заңнамаларының талабына сәйкестендіру бойынша әрекетті шара рейдтер жүргізу болып табылады. Бұл шаралар көрнекі ақпаратты ресімдеудің дұрыстығын жедел бақылауға мүмкіндік береді. Сонымен бірге көрнекі ақпараттар мен жарнамаларды ресімдеу кезінде тіл заңнамалары нормаларын түсіндіру бойынша жұмыстар жүргізу жұмыстары жалғастырылатын болады.


^ 2-міндет Қазақстан лингвистикалық капиталын сақтау



Индикаторлар мен көрсеткіштердің атауы

1 кезең

2 кезең

2011

2012

2013

2014

2015

1.

Орыс тілін меңгерген тұрғындарың үлесі

80,0

82,0

84,0

86,0

88,0

2.

Ағылшын тілін меңгерген тұрғындардың үлесі

0,1

0,2

0,3

0,4

0,5

3.

Ұлттық-мәдени бірлестіктер жанындағы курстарда ана тілдерін үйреніп жүрген этникалық топ өкілдерінің үлесі

1

2

3

4

5

  1   2   3



Похожие:

Тарбағатай ауданы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары iconТарбағатай ауданы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары

Тарбағатай ауданы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары icon«Зайсан ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мм 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің миссиясы – мәдениет саласында қазіргі заманғы мәдени...
Тарбағатай ауданы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары icon«Катонқарағай ауданы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
...
Тарбағатай ауданы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары iconҮржар аудандық «Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны
Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі қызметінің стратегиялық бағыттары, даму мақсаттары және басты нысаналы индикаторлары
Тарбағатай ауданы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары icon«Ұлан ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Молодежный кенті, 2011 Мазмұны
Стратегиялық бағыттары, мақсаттары, міндеттері, нысаналы индикаторлары, іс-шаралары және нәтиже көрсеткіштері
Тарбағатай ауданы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары icon«Аягөз аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары аягөз қаласы
Аягөз аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі қызметінің стратегиялық бағыттары, стратегиялық мақсаттары және маңызды мақсаттық...
Тарбағатай ауданы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары icon«Аягөз аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2010-2014 жылдарға арналған Стратегиялық жоспары Аягөз қаласы
Аягөз аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі қызметінің стратегиялық бағыттары, стратегиялық мақсаттары және маңызды мақсаттық...
Тарбағатай ауданы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары iconШымкент қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің 2012 жылдың 6 айында атқарған жұмыстары туралы есебі
Шымкент қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі «Қазақстан Республикасының мәдениет туралы» және «Қазақстан Республикасының...
Тарбағатай ауданы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары icon«Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны
Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының миссиясы және пайымдауы
Тарбағатай ауданы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары iconКүршім ауданы дене шынықтыру және спорт бөлімінің 2011-2015 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму стратегиялық жоспары

Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы