Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының 2006 жылдың 9 айындағы қорытындылары туралыхабарлама ауыл шаруашылығы icon

Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының 2006 жылдың 9 айындағы қорытындылары туралыхабарлама ауыл шаруашылығы



НазваниеАуданның әлеуметтік-экономикалық дамуының 2006 жылдың 9 айындағы қорытындылары туралыхабарлама ауыл шаруашылығы
Дата конвертации14.12.2012
Размер74.72 Kb.
ТипДокументы
источник

Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының 2006 жылдың 9 айындағы қорытындылары туралыХАБАРЛАМА

Ауыл шаруашылығы

Ауданда ауылдық аумақтарды дамыту бағдарламасын орындау барысында біршама жұмыстар атқарылды. Ауданның 2006 жылғы 9 айындағы әлеуметтік - экономикалық дамуын өткен жылдың тиісті мерзімімен салыстырғанда, оның негізгі көрсеткіштерінде өсу қарқыны бар. Оның ішінде ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру жылдан жылға артып келеді. Ауданның ауыл шаруашылығы саласында шаруашылық субъектілерінің саны 1933, оның ішінде 1931 шаруа қожалығы, 1 өндірістік кооператив, 1 ЖШС жұмыс атқарып, онда материалдық игілік өндірумен 6487 адам айналысады. Ауыл шаруашылығы өндірісінің негізгі бағыты ет, сүт, жүн өндіру болса, оның негізгі үлесі үй шаруашылықтарына келеді.Ауыл шаруашылығы құрылымындағы ірі шаруашылықтар: «Көкжыра» өндірістік кооперативі, "Сенім", "Қабай", "Мойын", "Дастан" шаруа қожалықтары.

2006 жылдың 1 қазанына ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы ішкі өнімдегі 92,4 %-ды құрап 2315,1 млн. теңге болса, 2005 жылдың 1 қазанында 2066,4 млн. теңге болып, өнім өндіру индексі - 112 %-ды құрады. Бұл саладағы басты бағыт - мал шаруашылығы, төрт түлік мал басын өсіруде облыста жетекші орын алады.1 қазан 2006 жылға ірі қара малы 117141 бас, қой мен ешкі малы 367776 бас, жылқы малы 17292 бас, құстар саны 22994 болып, өткен жылдың тиісті мерзімімен салыстырғанда, ірі қара малы (106595 бас) 110 %-ға, қой мен ешкі малы (329226 бас) 112 %-ға, жылқы малы (15749 бас) 110 %-ға артып отыр.2006 жылы әр 100 саулықтан – 84 бұзау, 97 қозы-лақ, 81 құлын алынды.

2006 жылдың 9 айында 7377 тонна ет, 43056 тонна сүт, 441 тонна жүн және 1789,7 мың дана жұмыртқа өндіріліп, өткен жылдың тиісті мерзімімен салыстырғанда ет (6332 тонна) 117 %-ға, сүт (39990 тонна) 108 %-ға, жүн (382 тонна) 116 %-ға, жұмыртқа (1678,0 мың дана) 107 %-ға орындалды.Аудан экономикасы мал шаруашылығына негізделген. Мал тұқымын асылдандыру бағытында біршама жұмыстар атқарылды. "Көкжыра" ӨК-де бүгінгі күні 5000 бас Еділбай тұқымының қой малы тұр, "Қабай" шаруа қожалығында 1000 бас"Байыс" тұқымының қой малы өсірілуде. "Аяққы - Тоқтамыс", "Сенім" шаруа қожалықтары да Еділбай тұқымының қой малын өсіруде.2005–2006 жылдары «Көкжыра» ӨК-і аудан шаруашылықтарына 2167 бас асыл тұқымды қой малын 18 млн. 200 мың теңгеге сатты.Ауданның барлық жер көлемі 2375 мың гектар. Ауыл шаруашылығы мақсатында пайдаланатын жердің көлемі – 2118,1 мың гектар, оның ішінде суармалы жер – 28,7 мың гектар, егістік – 29,1 мың гектар, шабындық – 89,0 мың гектар, жайылымдық – 1954,1 мың гектар және басқа жерлер – 38,6 мың гектар.

1 қазан 2006 жылға барлық егістік көлемі 8367 гектар, оның ішінде 3532 га дәнді дақылдан 3300 тонна астық алынды.Ауыл шаруашылығы техникаларының қазіргі қолда барының көпшілігінің тозығы жеткен, шаруашылықтарға қажетті жаңадан техникалар алу үшін қаражат жетіспейді және қаржылық қолдауды талап етеді. Осындай келелі мәселелерді шешу үшін ауданда «Барқытбел - несие» серіктестігі құрылған. Осы серіктестік арқылы 9 шаруа қожалықтарына 48,3 млн. теңгенің несиесі берілді.Ауданда ауыл шаруашылығы өнімдерін өндеумен айналысатын кәсіпорындарға"Ақсуат - ет" ЖШС – і, балық өнімдерін өндеумен "Зайсан балықшылары" ӨК, "Зайсан - Иртыш" ЖШС және "КМZ" ЖШС, 17 – диірмен, 13 – шағын наубайхана, 2 – макарон цехы айналысады.Үстіміздегі жылы ауыл шаруашылық µнімдерін µњдеу - 140,2 млн. теңгені құрады. Оның ішінде: балыќ жєне балыќ µнімдерін ќайта µњдеу жєне консервілеу - 110,3 млн. теңгеге, ±н тарту – жарма µнімдерін µндіру - 26,4 млн. теңгеге, нан және нан өнімдерін µндіру - 3,4 млн. теңгеге орындалып отыр. 2006 жылдың 1 қазанына "Ауыл шаруашылығын қолдау қоры" ЖАҚ - ы арқылы биылғы жылы аудан бойынша 105 адамға 22,8 млн.теңгенің несиесі берілді.

Өнеркәсіп

Өнеркәсіп өндірісімен айналысатын ірі кәсіпорындарға "Ақсуат-ет", "KMZ", "Зайсан - Иртыш" ЖШС-тері, "Зайсан балықшылар" ӨК – і және ШҚ Аймақтық энергетикалық компаниясы ЖАҚ-ның Тарбағатай аудандық электр желісі кәсіпорны жатады. "Ақсуат-ет" ет өндірумен, "KMZ", "Зайсан - Иртыш" ЖШС-тері, "Рыбаки Зайсана" ӨК – і балыќ жєне балыќ µнімдерін ќайта µњдеумен, ШҚ Аймақтық энергетикалық компаниясы ЖАҚ-ның Тарбағатай аудандық электр желісі кәсіпорны электр энергиясын таратумен айналысады.Ауданда 1 қазан 2006 жылға қолданыстағы бағамен 190,4 млн. теңгенің тауарлы өнімі өндіріліп өткен жылдың тиісті мерзімімен салыстырғанда өнім өндіру индексі (2005 жылы 233,8 млн. теңге) 79,7 % болды. Барлық өнеркәсіп өнімінің 11,5 %-ы электр энергиясын тарататын кәсіпорындардың (21,6 млн.теңге), 3,5 %-ы шағын кәсіпорындардың (6,6 млн. теңге) 82,7 %-ы қосалқы кәсіпорындардың (157,4 млн. теңге) үлесінде. 1 қазан 2006 жылға балыќ жєне балыќ µнімдерін ќайта µњдеу өндірісі 110,3 млн. теңгені құрады. Оның ішінде "Рыбаки Зайсана" ӨК –і 1000 тонна, яғни қолданыстағы бағамен 20,1 млн. теңге және "Зайсан - Иртыш" ЖШС-і 829 тонна, қолданыстағы бағамен 14,2 млн. теңгенің өнімін өндірді. Ауыл шаруашылығы өнімін өңдеуші тоқтап тұрған кәсіпорын "Ақсуат ет" ЖШС өз қаражаттарымен өндірістік құрал жабдықтарын толықтай жөндеуден өткізіп, оның қалыпты жұмыс істеуіне қол жеткізілді. 2006 жылдың 1 қазанына 93 тонна ет дайындап 22,7 млн. теңгенің өнімін өндірді. Сәтпаев елді мекенінде салынған асфальт-бетон зауыты жол-құрылыс мекемелерін асфальтпен қамтамасыз етеді, сол арқылы жолдардың техникалық эксплуатациясын жақсарту проблемасы шешілді.2006 жылдың 9 айында "Нұржол" ЖШС – і асфальт зауыты жыл басынан бері 9155 тонна асфальт өндіріп, 36,8 млн.теңгенің өнімдерін шығарды.

^ Шағын кәсіпкерлікті дамыту

Ауданда шағын кәсіпкерлікті дамытуда біршама жұмыстар атқарылып жатыр.Ауданда 1 қаңтар 2005 жылға барлығы - 2169 шағын кәсіпкерлік субъектісі тіркелген, оның ішінде заңды тұлғалардың саны – 38 (шағын бизнес кәсіпорындары), жеке тұлғалардың саны – 2131 (жеке кәсіпкерлер), оның ішінде патентпен жұмыс істейтіні – 40, куәлік бойынша жұмыс істейтіні – 533 және 1558 шаруа қожалықтары. Өткен жылмен салыстырғанда субъектілер саны 108,2 %-ға ұлғайып отыр. Бүгінгі күні ауданда 4 сауда базары, 328 дүкен, 17 дәріхана, 22 АЗС, 29 кафе мен асхана, 36 тұрмыстық қызмет көрсететін орындар, 22 диірмен, 2 макарон цехы жұмыс істейді.Шағын кәсіпкерлікпен айналысушылар саны - 3762 адам.Аудан бюджетінің меншікті кірісінің өсуіне шағын кәсіпкерлік субъектілерінің де қомақты үлесі бар. 2006 жылдың 1 қазанында жергілікті бюджетке шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінен 45,3 млн. теңгенің салығы түсті, бұл меншікті кірістің 25,6 %-ын құрап, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 107,2 %-ға өскен.

Әлеуметтік сала

Әлеуметтік салада қалыптасқан жүйе, атап айтқанда жалпы білім саласында 50 мектеп, 2 балабақша, 4 мектептен тыс мекемелер (интернат), 1 - кәсіптік – техникалық училище, 2006 жылдың бірінші қыркүйегіне 690 сынып, 650 сынып комплектісі ашылып, оған 11388 оқушы қамтылса, 58 даярлық сыныбына 790 бала қамтылды.Бүгінгі күнде ауданда мектептері маман кадрлармен және компьютерлік техникалармен толықтай қамтамасыз етілген. Жыл басынан аудан бойынша жалпы құны – 14,3 млн. теңгеге 6 мектептің күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Мектептердің материалдық – техникалық базасын нығайтуға 16,5 млн. теңге және оқулықтар сатып алуға 18,4 млн. теңге бөлініп игерілді. Денсаулық сақтау саласында 4 аурухана, 20 жанұялық дәрігерлік емхана, 2 фельдшерлік-акушерлік пункт, 30 фельдшерлік пункттермен және жеке ғимаратсыз 6 медициналық қызметкерден, мәдениет және спорт саласында 18 клуб, 21 кітапхана, 1 мұражай, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау саласында әлеуметтік көмек көрсету бөлімшелері жұмысының тұрақтылығы қамтамасыз етілуде.

Аудан бойынша әлеуметтік қорғау мақсатты және атаулы болу үшін аз қамтамасыз етілген отбасыларды, көмекті қажет ететін азаматтарды анықтауда жүйелі жұмыстар атқарылып келеді.2006 жылдың 1 қаңтарына кедейшілік деңгейінен төмен тұратын 11415 адам болса, 1 қазан 2006 жылға 2950 адамға азайып, жыл басымен салыстырғанда 25,8 %-ға төмендеді. 2006 жылдың 1 қаңтарына жұмыссыздар саны – 514 адам болса, 1 қазан 2006 жылға жұмыссыздар саны - 455 адам, бұлардың ішінде 245-і әйелдер, 43 адам - 24 жасқа дейінгілер, 50 жастан асқандар - 93 адам. Жыл басынан жұмыссыздықтың деңгейі 0,2 %-ға төмендеді. 2006 жылғы 9 айда 487 адамды ақылы қоғамдық жұмысқа жіберілді. Қоғамдық жұмыстар негізінен елді мекендерді көркейту, тазалық, құжаттармен жұмыс, мерзімдік жылу және тағы басқа да жұмыстарға жіберілді. Жоғары немесе арнаулы орта білімі бар жастарды жұмысқа орналастыру мүмкіндігін кеңейту үшін «Жастар іс тәжірибесі» бағдарламасы бойынша 7 адам уақытша жұмысқа жіберілді. 2006 жылғы 9 айда кәсіптік мамандыққа даярлауға 38 адам оқуға жіберілді. 252 адам - жұмысқа орналастырылды. 638 жұмыс орны ашылып, оның ішінде 392 адам ауыл шаруашылығы саласына, 25 адам құрылыс және коммуналдық жұмыстарға, 82 адам білім және денсаулық сақтау, 50 адам саудаға, 29 адам басқа да экономикалық саладағы жұмыстарға жіберілді.

Құрылыс және коммуналдық шаруашылық саласы

Аудан әкімдігінің 2006 жылғы 2 мамырдағы "Тарбағатай ауданында тұрғын-үй құрылысын дамытудың 2006-2007 жылдарға арналған бағдарламасы туралы" № 227 қаулысымен қабылданған бағдарламасына сәйкес биылғы жылы 40 тұрғын үй, жалпы ауданы 3800 шаршы метр пайдалануға беру жоспарланған. Бүгінгі таңда, аудан бойынша тұрғын – үй құрылысы жеке меншік иелерінің есебінен жүргізілуде. Тұрғын үйлерді іске қосу 2005 жылдың 9 айында жалпы ауданы 1200 шаршы метр, яғни 13 тұрғын – үй пайдалануға берілсе, қазіргі уақытта жалпы ауданы 3210 шаршы метр, яғни 33 тұрғын-үй салынып, пайдалануға берілді, былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 2,7 есеге орындалды.

Жолдар

 Ауданда қатынас көлігінің негізгі түрі болып автомобиль көлігі саналады. Аудан бойынша автомобиль жолдарының қашықтығы 531 шақырым, оның ішінде 179 шақырымы асфальт төселген, 352 шақырымы жамылғысы бар. ПДУ ұйымдарының қызмет көрсетуі № 2 РГПФ "Казахавтодор" және "Тарбағатай ПДУ" ЖШС – і арқылы жүзеге асырылып келеді. 2006 жылдың 9 айында жергілікті бюджеттен қаралған 24,1 млн. теңге игеріліп жоспарланған жұмыс көлемі толығымен атқарылды.

^ Сумен қамтамасыз ету

Ахметбұлақ ауылындағы су құбырының құрылысына жергілікті бюджеттен – 9,4 млн. теңге қаралған, 2006 жылдың 1 қазанына жоспарланған қаржының 6,2 млн. теңгесі игеріліп отыр.“Ауыз су” бағдарламасы бойынша Ақжар ауылындағы су құбыры жүйесін күрделі жөндеуден өткізуге жергілікті бюджеттен 12,7 млн. теңге қаралған, оның ішінде 9 айға қаралған 11,8 млн.теңге толығымен игерілді.

^ Бюджеттің орындалуы

1 қазан 2006 жылға аудан бюджетінің жалпы кіріс жоспары 1096855,0 мың теңге болса, орындалуы 1097195,0 мың теңге болып, 100,0 % -ды құрады. Оның ішінде меншікті кіріс жоспары 191640,0 мың теңге болса, нақтылы орындалуы 191980,0 мың теңге немесе жоспар 340,0 мың теңгеге артық орындалып, 100,2 %-ға орындалды. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда (167322,0 мың теңге) меншікті кіріс жоспары 114,7 %-ға орындалды. Оның ішінде жеке табыс салығының кірісі 35921,0 мың теңгеге болжанса, нақты орындалуы 38316,0 мың теңгеге немесе 106,7 %-ға орындалды. Өткен жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда (29636,0 мың теңге) артық орындалып, 129,3 %-ды құрайды. Әлеуметтік салық бойынша болжам 94,8 %-ды, яғни 124746,0 мың теңгеге жоспарланса, нақты орындалуы 118314,0 мың теңгені құрады. Өткен жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда (106693,0 мың теңге) әлеуметтік салықтың өсімі 110,9 %-ды құрады.

1 қазан 2006 жылға шығындарды жабуға нақтыланған бюджет бойынша барлығы 1098474,0 мың теңге қаралған, орындалғаны 1093305,0 мың теңге немесе 100,0 % -ға орындалды. Қаражаттардың 81,9 %-ы әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік көмекке, білім және мәдениет салаларына (өткен мерзімге 65,3 % болған) жұмсалынып отыр. Оның ішінде білім саласына жалпы бюджет көлемінен 717891,0 мың теңге жоспарланса, кассалық орындалуы 715003,0 мың теңгеге немесе 99,6 % -ға орындалды. Әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік көмекке қаралғаны - 137242,0 мың теңге, кассалық орындалуы 136513,6 мың теңге, яғни 99,9 % -ға орындалды. Жалпы бюджет шығысының 12,0 % -ын құрайды. Мәдениет, спорт саласына және ақпараттық кеңістікті пайдалануға қаралғаны – 44509,0 мың теңге, кассалық орындалуы 44328,9 мың теңгеге немесе 99,6 % -ға орындалды. Жалпы бюджет шығысының 4,1 % -ын құрайды. Бюджеттік бағдарламалардың басым бағыттары орта мерзімді кезеңде білім беру, денсаулық сақтау, ауыз сумен қамтамасыз ету объектілерінің құрылысына және қайта жаңғыртуға арналады.Қаржы саласын реформалаудың негізгі мақсаты ашық, тиімді және бірқалыпты бюджетке қол жеткізу, тұрғындардың қажеттіліктерін жоғарғы дәрежеде қамтамасыз ету және мемлекеттік қызметтер мен міндеттерді сапалы орындау.



Похожие:

Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының 2006 жылдың 9 айындағы қорытындылары туралыхабарлама ауыл шаруашылығы iconТарбағатай ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының 2011 жылдың 12 айындағы қорытындылары туралы хабарлама
Ауыл шаруашылығы. Ауданның ауыл шаруашылығы өнімі тұрақты дамып, одан өндірілген жалпы өнімінің көлемі 11 млрд 971,3 млн теңгені...
Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының 2006 жылдың 9 айындағы қорытындылары туралыхабарлама ауыл шаруашылығы iconТарбағатай ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының 2011 жылдың 9 айындағы қорытындылары туралы хабарлама
Ауыл шаруашылығы. Ауданның ауыл шаруашылығы өнімі тұрақты дамып, одан өндірілген жалпы өнімінің көлемі 8 млрд 389,1 млн теңгені құрап,...
Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының 2006 жылдың 9 айындағы қорытындылары туралыхабарлама ауыл шаруашылығы iconАягөз ауданының 2013 жылдың 12 айындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары
Ауыл шаруашылығы. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі 18669,5 млн теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес мерзімінен 3734,6 млн...
Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының 2006 жылдың 9 айындағы қорытындылары туралыхабарлама ауыл шаруашылығы iconКатонқарағай ауданының 2009 жылдың 9 айындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі қорытындылары туралы ақпарат
Ауданның 2009 жылдың қаңтар-қыркүйек айларындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының талдау қорытындылары аудан экономикасының барлық...
Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының 2006 жылдың 9 айындағы қорытындылары туралыхабарлама ауыл шаруашылығы icon2008 жылдың 9 айындағы ауданның әлеуметтік–экономикалық дамуының қорытындылары туралы
Ауданның 2008 жылдың қаңтар-қыркүйек айларындағы әлеуметтік экономикалық дамуын өткен жылдың тиісті мерзімімен салыстырғанда, оның...
Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының 2006 жылдың 9 айындағы қорытындылары туралыхабарлама ауыл шаруашылығы iconАягөз ауданының 2010 жылдың 9 айындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары
Ауыл шаруашылығы. Мал шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі 4023,5 млн теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес мерзімінен 209,3 млн теңгеге...
Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының 2006 жылдың 9 айындағы қорытындылары туралыхабарлама ауыл шаруашылығы iconАягөз ауданының 2010 жылдың 7 айындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары
Ауыл шаруашылығы. Мал шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі 3164,4 млн теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес мерзімінен 13%-ға немесе...
Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының 2006 жылдың 9 айындағы қорытындылары туралыхабарлама ауыл шаруашылығы iconАуданның әлеуметтік-экономикалық дамуының 2007 жылдың 9 айлық қорытындысы туралы
Ауыл шаруашылығы және өнеркәсіп. 2007 жылдың 9 айында аудан бойынша барлығы 3 263 305,0 мың теңгенің ауыл шаруашылығы өнімдері өндірілді....
Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының 2006 жылдың 9 айындағы қорытындылары туралыхабарлама ауыл шаруашылығы iconАуыл шаруашылығы Мал шаруашылығы
Бородулиха ауданының 2006 жылдың 9 айында әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы туралы анықтама
Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының 2006 жылдың 9 айындағы қорытындылары туралыхабарлама ауыл шаруашылығы iconКатонқарағай ауданының 2010 жылдың 1 сәуірдегі әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі қорытындылары туралы ақпарат
Ауданның 2010 жылдың 1 сәуірдегі әлеуметтік-экономикалық дамуының талдау қорытындылары аудан экономикасының барлық салаларының тұрақты...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы