2007 жылдың 9 айындағы Тарбағатай ауданының әлеуметтік экономикалық дамуы туралы icon

2007 жылдың 9 айындағы Тарбағатай ауданының әлеуметтік экономикалық дамуы туралы



Название2007 жылдың 9 айындағы Тарбағатай ауданының әлеуметтік экономикалық дамуы туралы
Дата конвертации14.12.2012
Размер65.29 Kb.
ТипДокументы
источник

2007 жылдың 9 айындағы Тарбағатай ауданының әлеуметтік экономикалық дамуы туралы

Ауданның 2007 жылдың қаңтар-қыркүйек айларындағы әлеуметтік - экономикалық дамуын өткен жылдың тиісті мерзімімен салыстырғанда, оның негізгі көрсеткіштерінде өсу қарқыны бар.
1 қазан 2007 жылға ауданның жалпы өндірілген ішкі өнімі 3 млрд. 133,7 млн. теңгені құрап, 2006 жылдың тиісті кезеңімен (2745,5 млн.теңге) салыстырғанда өсім 14,1 % болды.
Ауыл шаруашылығы өнімі 1 қазан 2007 жылға 2941,6 млн.теңгені құрап, өткен жылдың тиісті мерзімімен (2546,1 млн.теңге) салыстырғанда өсім 16,0 % болды.
1 қазан 2007 жылға өнеркәсіп өнімі қолданыстағы бағамен 192,1 млн теңге, өткен жылдың тиісті мерзімінде 199,4 млн.теңге болып, өнім өндіру индексі 81,6 % құрады.
1 қазан 2007 жылға жалпы салық түсімдері 246,4 млн. теңге, болжам 104,5 % орындалып, 2006 жылдың есепті мерзімімен салыстырғанда 54,4 млн. теңгеге артты.

Бюджеттің орындалуы.
2007 жылдың 1 қазанында аудан бюджетінің кіріс жоспары 1487669 мың теңге, орындалуы 1498272 мың теңге 100,7 % құрады. Оның ішінде меншікті кіріс жоспары 235791 мың теңге, нақтылы орындалуы 246394 мың теңге, жоспар 104,5 % орындалды.
2007 жылдың 1 қазанында бюджет бойынша шығындарды жабуға барлығы 1488528 мың теңге ќаралѓан, орындалѓаны 1470655 мың теңге, 98,8 % орындалды.
Субвенциялар көлемі 1 қазанға 2007 жылға 1248678 мың теңге, 2006 жылғы осы мерзімге 904615 мың теңге болып, өсім 38,0 % құрады.

Өнеркәсіп. Аудан бойынша өнеркәсіп өнімі қолданыстағы бағамен 1 қыркүйек 2007 жылға 192,1 млн. теңгенің өнімі өндірілді. Өнім өндіру индексі өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 81,6 % орындалды. Ауданның жалпы ішкі өніміне өнеркәсіптің үлесі 6,8 %.
Барлық өнеркәсіп өнімінің 30,6 млн. теңгесі (16,0 %) кен өндіру өнеркәсібі, өңдеуші өнеркәсіп 129,7 млн. теңгені (67,5 %), электр энергиясын және су таратын кәсіпорындар 31,7 млн. теңгені ( 16,5 %) құрады.
Өндеуші өнеркәсіп өнімінің 59,3 % (76,9 млн.теңге) балық және балық өнімдері құрап, өнім өндіру индексі 94,2 % болды. Балық аулау және өңдеумен Зайсан балықшылары" ӨК, "Зайсан-Иртыш", "КМЗ" және "Казрыба" ЖШС айналысады.
1 қазан 2007 жылға 22,0 млн.теңгенің ұн өнімдері өндіріліп, өнім өндіру индексі 101,2 % болды.
Электр энергиясын және су тарататын кәсіпорындар өнімі 31,7 млн.теңгені құрап, өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда өнім өндіру индексі 87,7 % орындалды.

Ауданда өнеркәсіп өндірісін жан-жақты дамытуда және өнім өндіру көлемін арттыруда төмендегідей жұмыстар атқарылуда:
- "Ақсуат-Ет" ЖШС "Мал өнімдері корпорациясы" АҚ–мен 175,0 млн. теңгеге келісім шарт жасап, мал басын дайындайтын пункттер ашып, 2007 жылдың 9 айында 17,0 млн.теңгенің ет өнімдері өндіріліп, консерві жасайтын цех құрылғылары орнатылып дайын тұр. Казрыба" ЖШС кәсіпорнында бәсекеге қабілетті өнім өндіру мақсатында құрылтайшылар Момболов Қ және Сапақов Б болып өз қаржыларына құны 14,0 млн.тенге болатын балық шикізаттарын алғашқы және түпкілікті өңдейтін цехты іске қосып, 2007 жылдың 9 айында 5,0 млн.теңгенің өнімі өндірілді.
- "Рауан" шаруа қожалығында жаңадан шағын наубайхана іске қосылып, 2007 жылдың 9 айында 4,1 млн.теңгенің нан және нан өнімдері өндірілді және жаңа диірмен іске қосылып, жұмыс істеуде.
- "Қандысу" ӨК 8,0 млн. теңге тұратын бентонит ұнтағын өндіретін цехты іске қосып, 1,0 теңгенің өнімін өндірді.
- ПМК "Құрылыс" ЖШС 2,0 млн. теңге өз қаржысына шағын кірпіш зауытын іске қосып, 150,0 мың дана кірпіш 4,5 млн.теңге, 8,0 млн. теңгенің темір-бетон конструкциялары өндірілді.
- Қарғыба ауылынан "Ақсуат-строй" ЖШС 2,5 млн.теңге өз қаржысына шағын кірпіш зауытын іске қосып, 600 мың дана кірпіш дайындалды.
- Маңырақ ауылынан "Бастау" шаруа қожалығында кірпіш күйдіру желісі іске қосылып, 100 мың дана кірпіш дайындалды.
- Сатпаев ауылындағы асфальт зауытында 13,0 мың тонна асфальт өнімдері өндірілді.
^

Ауыл шаруашылығы. Аудан экономикасы негізінен ауыл шаруашылығына, оның ішінде мал шаруашылығына негізделген.


Ауыл шаруашылығы саласын дамытып, әлеуметтік экономикалық жағдайды жақсарту, оны ғылыми жаңалықтармен ұштастыру, өнімнің өнімділігін арттыру, өңдеуші кәсіпорындарға қолдау көрсету, техникалық жағынан жарақтандыру, сөйте отырып азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету – аудан экономикасының басты бағыты.
Жылма-жыл жалпы өндірілген өнім көлемінің 95,5 % мал шаруашылығынан, 4,5 % өсімдік шаруашылығынан алынады.
Бүгінгі күні ауыл шаруашылығы саласында 1903 шаруашылық құрылым иелері бар, атап айтқанда, 1902 шаруа қожалығы, 1 өндірістік кооператив жұмыс істейді.
2007 жылдың 9-айында барлық өндірілген ет 9109 тонна немесе өткен жылдың тиісті мерзімімен салыстырғандағы 123,5 %, сүт 46257 тонна, былтырғы жылмен салыстырғанда 107,4 %, жұмыртқа 1 млн 770,7 мың дана немесе былтырғы жылмен салыстырғанда 98,9 %, жүн 477,1 тонна немесе былтырғы жылмен салыстырғандағы 108,1 % болды.
Мал шаруашылығы бойынша 2007 жылдың 9 айында өндірілген жалпы өнім 2941,6 млн.тенге, өткен жылдың тиісті мерзімімен салыстырғанда өсім 16,0 % болды.
Биылғы жылы көктемгі егіс 6064,5 гектар болды, оның 2419 гектары дәнді-дақылдар егісі, 535 га картоп, 200 га көкөніс, 40 га кукуруза, 30 га күнбағыс және 2840,5 гектар бұрыннан келе жатқан көп жылдық шөп егісі.
Бұдан 2309,5 тонна бидай, 82,5 тонна арпа, 20 тонна сұлу, 5885 тонна картоп, 2400 тонна бақша өнімдері алынды.
Мал тұкымын асылдандыру бағытында ауданда біршама жұмыстар атқарылды. Ауданда барлық жыл басындағы қой малының 20321 басы асыл тұқымды, ол ауылдағы қой-ешкі малының 5,2 % құрайды.
Көкжыра ауылдық округіндегі "Көкжыра" өндірістік кооперативі асыл тұқымды Қазақтың қылшық жүнді құйрықты етті майлы қойын 13878 басқа жеткізіп, биылғы жылы "Айша", "Рауан", "Тұлпар" шаруа қожалықтарына 2006 жылдың 2200 бас тоқтысын сатып, 9-айда республикалық бюджеттен – 10 млн 441 мың теңге субсидия алды.
Сонымен қатар Облыс әкімінің тапсырмасы бойынша "Көкжыра" ӨК базасында 200 бас ірі қараға арналған мал бордақылау алаңы ашылып, ірі қара малын бордақылап сатқаны үшін республикалық бюджеттен 3 млн 290 мың теңге субсидия алды.
2007 жылы суармалы егістік жерлерді тиімді пайдалану үшін, белгілі бір ішкі су жүйесінен су алатын су пайдаланушыларға әділ қызмет көрсету мақсатында ауданда 8 су пайдаланушылардың ауылдық тұтыну кооперативтері құрылды.
Аудандағы 21 құрылтайшысы бар "Барқытбел-несие" серіктестігі өз мүмкіндігін 120 млн теңгеге жеткізуге жұмыс істеуде. Биылғы жылдың 9-айында 13 шаруа қожалығына 49 млн 343 мың теңгенің несиесі берілсе, Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорынан 161 адамға 38 млн 519 мың теңгенің шағын несиесі берілді.

^ Шағын кәсіпкерлік.
Аудан көлемінде халықты күнделікті қажетті азық-түлік және басқа тауарлармен қамтамасыз етуде 2007 жылдың 9-айының қорытындысы бойынша 351 сауда дүкені, 34 қоғамдық тамақтандыру орыны (асхана, дәмхана, мейрамхана), 20 диірмен, нан өнімін өндірумен 30 шағын наубайхана, азық-түлікпен және күнделікті тұрмысқа қажетті тауарлармен қамтамасыз ететін 4 базар жұмыс істейді. Ауыл шаруашылығы өнімдерін сатуға қолайлы жағдайлар жасау мақсатында аудан орталығы Ақсуат ауылынан Муниципалдық базардың жанынан 283 м2 болатын маусымдық базар іске қосылды.
2007 жылдың 9-айының қортындысы бойынша аудан бюджетінің меншікті кірісі 246,4 млн. теңге болса, ондағы шағын және орта бизнестің үлесі 54,1 млн. теңге болып орындалып немесе кәсіпкерліктің үлес салмағы 22,0 % болды, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 119,4 % орындалды.

Әлеуметтік сала
Білім. Ауданда 38 орта, 1 гимназия, 1 негізгі, 10 бастауыш мектепке 11388 оқушы қамтылса, 58 даярлық сыныбына 839 бала қамтылды.
Аудан мектептері толық мұғалім кадрлармен қамтамасыз етілген. Аудан бойынша 1575 педагогикалық қызметкер бар. Оның ішінде жоғары білімді 1302, арнаулы орта білімді-273. Сондай-ақ, ауданда жоғары санатты 108, бірінші санатты-550, екінші санатты-526 мұғалім жұмыс істейді.
Денсаулық сақтау.Аудандағы елді мекеннің барлығы дәрігерлік қызметпен қамтылған.
Ауданда 4 аурухана, 19 ауылдық дәрігерлік емхана, осы емханаларға бекітілген 2- ФАП, 30 ФП және 6 ғимаратсыз мейірбике тұрғындарға қызмет көрсетеді.
2007 жылдың 9 айында 5643 адам ауруханада жатып емделсе, 17176 адамға жедел жәрдем көрсетілді.
2007 жылы медициналық мекемелерді күрделі жөндеуге - 28 млн 600 мың теңге бөлініп, игерілуде.

^ Мәдениет және спорт. Бүгінгі күні аудан бойынша 21 кітапхана, 18 клуб және мәдениет үйлері халыққа қызмет көрсетіп отыр. Аудан бойынша 273706 дана кітап қоры, биылғы жылы 3510 дана жаңа кітаппен толығып, 440 мың теңгенің 38 түрлі мерзімдік басылымдарына жазылды. Ауылдық округтер бойынша 1042 мәдени-көпшілік шара өтіп, оған 235628 адам қамтылса, кітапханалар бойынша 13123 оқырман қамтылып, оларға 253155 кітап берілді.
Ауданда дене шынықтыру мен спортты насихаттау және оның бұқаралығын арттыруда 70-тен астам спорттық-көпшілік шаралар ұйымдастырылып, 10000-ға жуық спортшылардың қатысуы қамтамасыз етілілді.
2007 жылдың 1 қазанына кедейшілік деңгейінен төмен 4935 адам есепте тұрады, жыл басымен салыстырғанда (7991 адам) 3056 адамға немесе 38,2 % азайды.
1 қазан 2007 жылға жұмыссыздар саны 318 адам болып, жұмыссыздықтың денгейі 1,0 пайызға төмендеді.
2007 жылдың 9 айында 510 адам ақылы қоғамдық жұмысқа жіберіліп, 10,9 млн. теңге төленді. Қоғамдық жұмыстар негізінен елді мекендерді көркейту, тазалық, құжаттармен жұмыс, мезгілдік жылу тағы басқа жұмыстарға жіберілді.
2007 жылдың 9 айында кәсіптік мамандыққа даярлауға 56 адамды оқуға жіберілді, оларға 736,3 мың теңге төленді.
Есептегі мерзім ішінде жұмыссыз ретінде тіркеуде тұрған 57 адам әр түрлі саладағы жұмыстарға орналастырылды.
2007 жылдың 9 айында 747 жұмыс орны ашылып, оның ішінде 170 адам ауыл шаруашылығы саласына, 120 адам құрылыс және коммуналдық жұмыстарға, 38 адам білім және денсаулық сақтау, 25 адам саудаға, 394 адам басқа да экономикалық саладағы жұмыстарға жіберілді.
Тұрғын үй құрылысы. Тұрғын үй құрылысы негізінен жеке адамдардың қаржысы есебінен жүзеге асырылуда.
1 қазан 2007 жылға тұрғын үй құрылысы жеке адамдардың есебінен салынып, пайдалануға берілген жалпы алаңы 3257 шаршы метр болды. Тұрғын үй құрылысын салуға жеке адамдардың 41,3 млн. теңге қаржысы жұмсалды. Бұны бұрнағы жылмен салыстырғанда пайдалануға берілген тұрғын үй 101,5 % өсті.

Жолдар. Жергілікті маңызы бар жолдарды ағымдағы жөндеуден өткізуге және жолдарды ұстауға 2007 жылға жергілікті бюджеттен 21,9 млн. тенге, оның ішінде 9 айға қаралған 16,7 млн.теңге қаралып, оның 5,0 млн.теңгесі жолдарды қыс маусымында ұстауға және 11,7 млн.теңгесі ағымдағы жөндеу жұмыстары атқарылды.

^ Сумен қамтамасыз ету. "Таза су" бағдарламасын жүзеге асыруда да бірқатар жұмыстар атқарылды.
Ақжар ауылындағы су құбыры жүйесін күрделі жөндеуден өткізуге жергілікті бюджеттен 15,9 млн. теңге қаралып, 9 айға қаралған 9,1 млн.теңгенің 99,4 % игерілді.
Құйған ауылындағы су құбыры жүйесін күрделі жөндеуден өткізуге жергілікті бюджеттен 20,0 млн.теңге қаралып, 19,5 млн.теңгесі игерілді.
Жамбыл ауылындағы су құбыры жүйесін күрделі жөндеуден өткізуге жергілікті бюджеттен 18,0 млн.теңге қаралып, 16,5 млн.теңгесі игерілді.
Көкжыра ауылындағы су құбыры жүйесін жаңғыртуға республикалық бюджеттен 2007 жылға 30,0 млн.теңге бөлініп, 9 айда игерілгені 18,0 млн.тенге.
Абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалық. 2007 жылдың 9 айына елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыруға жергілікті бюджеттен 2,6 млн. теңге, жарықтандыруға 2,9 млн. теңге және санитарлық тазалық жұмыстарын атқаруға 2,8 млн. теңге бөлініп, жоспарланған жұмыс көлемі атқарылуда.


 



Похожие:

2007 жылдың 9 айындағы Тарбағатай ауданының әлеуметтік экономикалық дамуы туралы icon1 тоқсан 2008 жылғы Тарбағатай ауданының әлеуметтік экономикалық дамуы туралы
Ауданның 2008 жылдың қаңтар-наурыз айларындағы әлеуметтік экономикалық дамуын өткен жылдың тиісті мерзімімен салыстырғанда, оның...
2007 жылдың 9 айындағы Тарбағатай ауданының әлеуметтік экономикалық дамуы туралы icon2007 жылдың 9 айындағы ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы
Аудан бойынша 2007 жылдың 9 айында тауар өнімдері 182925 мың теңгеге өндірілді, ол өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 53,4...
2007 жылдың 9 айындағы Тарбағатай ауданының әлеуметтік экономикалық дамуы туралы icon2005 жылдың 9 айындағы Күршім ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы
Аудан бойынша 2005 жылдың тоғыз айында тауар өнімдері 109403 мың теңгеге өндірілген
2007 жылдың 9 айындағы Тарбағатай ауданының әлеуметтік экономикалық дамуы туралы icon2005 жылдың 9 айындағы Күршім ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы
Аудан бойынша 2005 жылдың тоғыз айында тауар өнімдері 109403 мың теңгеге өндірілген
2007 жылдың 9 айындағы Тарбағатай ауданының әлеуметтік экономикалық дамуы туралы icon2006 жылдың 9 айындағы Күршім ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы
Аудан бойынша 2006 жылдың тоғыз айында тауар өнімдері 96994,0 мың теңгеге өндірілген
2007 жылдың 9 айындағы Тарбағатай ауданының әлеуметтік экономикалық дамуы туралы iconЗайсан ауданының 2012 жылдың 9 айындағы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы
Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»...
2007 жылдың 9 айындағы Тарбағатай ауданының әлеуметтік экономикалық дамуы туралы icon2007 жылдың 1 жартыжылдығында Күршім ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы
Аудан бойынша 2007 жылдың 1 жартыжылдығында тауар өнімдері 148570 мың теңгеге өндірілді, ол өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда...
2007 жылдың 9 айындағы Тарбағатай ауданының әлеуметтік экономикалық дамуы туралы icon2012 жылдың қаңтар айындағы Тарбағатай ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштер тізбесі
Кәсіпорындардың қолданыстағы бағалармен өнім (тауар, қызмет) өндіру көлемі мың. теңге
2007 жылдың 9 айындағы Тарбағатай ауданының әлеуметтік экономикалық дамуы туралы icon2011 жылдың қаңтар айындағы Тарбағатай ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштер тізбесі
Кәсіпорындардың қолданыстағы бағалармен өнім (тауар, қызмет) өндіру көлемі мың. теңге
2007 жылдың 9 айындағы Тарбағатай ауданының әлеуметтік экономикалық дамуы туралы icon2013 жылдың қаңтар айындағы Тарбағатай ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштер тізбесі
Кәсіпорындардың қолданыстағы бағалармен өнім (тауар, қызмет) өндіру көлемі мың. теңге
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы