2008 жылдың 9 айындағы ауданның әлеуметтік–экономикалық дамуының қорытындылары туралы icon

2008 жылдың 9 айындағы ауданның әлеуметтік–экономикалық дамуының қорытындылары туралы



Название2008 жылдың 9 айындағы ауданның әлеуметтік–экономикалық дамуының қорытындылары туралы
Дата конвертации14.12.2012
Размер136.33 Kb.
ТипДокументы
источник

2008 жылдың 9 айындағы ауданның әлеуметтік–экономикалық дамуының қорытындылары туралы

 Ауданның 2008 жылдың қаңтар-қыркүйек айларындағы әлеуметтік - экономикалық дамуын өткен жылдың тиісті мерзімімен салыстырғанда, оның негізгі көрсеткіштерінде өсу қарқыны бар.
1 қазан 2008 жылға ауданның жалпы өндірілген ішкі өнімі 3 млрд. 987 млн. теңгені құрап, 2007 жылдың тиісті кезеңімен (3 млрд. 780 млн.теңге) салыстырғанда өсім 5,5 % болды. Жан басына шаққанда 67842 теңгенің өнімі өндірілсе, өткен жылдың тиісті мерзімімен салыстырғанда (63424 тенге) өсім 7,0 % құрады.
Ауыл шаруашылығы өнімі 3791,0 млн.теңгені құрап, өткен жылдың тиісті мерзімімен (3554,1 млн.теңге) салыстырғанда өсім 6,7 % болды.
Өнеркәсіп өнімі қолданыстағы бағамен 195,2 млн теңге, өткен жылдың тиісті мерзімінде 225,9 млн.теңге болып, өнім өндіру индексі 87,0 % құрады.

^ Бюджеттің орындалуы. Аудан бюджетінің кіріс жоспары 1802738 мың теңге, орындалуы 1804172 мың теңге 100,1 % құрады. Оның ішінде меншікті кіріс жоспары 215897 мың теңге, нақтылы орындалуы 217331 мың теңге, жоспар 100,7 % орындалды.
Аудандық бюджет бойынша шығындарды жабуға барлығы 1805851 мың теңге қаралған, 99,4 % орындалып, 1794498 мың теңгені құрады. Аудан бюджетінің 72,4 % әлеуметтік салаға бағытталып, өткен жылдың тиісті мерзімімен салыстырғанда 323843 мың теңгеге қаржы артық қаралды. Оның ішінде білім беруге шығыстар - 51877 мың теңгеге, әлеуметтік көмек пен қамтуға - 68714 мың теңгеге, мәдениетте – 7984 мың теңгеге артты
Субвенциялар көлемі 1586841 мың теңге, 2007 жылғы осы мерзімге 1248678 мың теңге болып, өсім 27,1 % құрады.

Өнеркәсіп. Аудан бойынша өнеркәсіп өнімі қолданыстағы бағамен 195,2 млн. теңгенің өнімі өндірілді. Өнім өндіру индексі өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 88,0 % орындалды.
Барлық өнеркәсіп өнімінің 14,1 млн. теңгесі (7,2 %) кен өндіру өнеркәсібі, өңдеуші өнеркәсіп 142,6 млн. теңгені (73,1 %), электр энергиясын және су таратын кәсіпорындар 38,5 млн. теңгені ( 19,7 %) құрады.
Өндеуші өнеркәсіп өнімінің 56,2 % (80,1 млн.теңге) балық және балық өнімдері құрап, өнім өндіру индексі 137,2 % болды. Өнім өндіру индексінің жоғарылауы өнімдер ассортиментінің көбеюінен болды.
9,2 млн.теңгенің ұн өнімдері өндіріліп, өнім өндіру индексі 107,9 % болды.
Электр энергиясын және су тарататын кәсіпорындар өнімі 38,5 млн.теңгені құрап, өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда өнім өндіру индексі 93,4 % орындалды

^ Ауыл шаруашылығы. Аудан экономикасы негізінен ауыл шаруашылығына, оның ішінде мал шаруашылығына негізделген.
Ауыл шаруашылығы саласын дамытып, әлеуметтік экономикалық жағдайды жақсарту, оны ғылыми жаңалықтармен ұштастыру, өнімнің өнімділігін арттыру, өңдеуші кәсіпорындарға қолдау көрсету, техникалық жағынан жарақтандыру, сөйте отырып азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету – аудан экономикасының басты бағыты.
Ауыл шаруашылығы өнімі 3791,1 млн.теңгені құрап, өткен жылдың тиісті мерзімімен (3554,1 млн.теңге) салыстырғанда өсім 6,7 % болды.
Бүгінгі күні ауыл шаруашылығы саласында 2244 шаруашылық құрылым иелері бар, атап айтқанда, 2243 шаруа қожалығы, 1 өндірістік кооператив жұмыс істейді.
Мал шаруашылығында ірі қараның саны 125520 басты ( 2007 жылғы деңгеймен салыстырғанда өсім 2,9 %), қой мен ешкі – 407563 басты ( өсім 4,0 %), жылқы – 19999 басты ( өсім 4,9 %) құрады. Ет өндіру 10133 тонна ( 2007 жылғы деңгеймен салыстырғанда өсім 11,2 %),сүт– 49711 тонна (өсім 7,5 % ), жұмыртқа – 1900 мың дана (өсім 7,3 %), жүн 506 тонна (өсім 6,1 %), болды.
Мал тұқымын асылдандыру бойынша ауданда біршама жұмыстар атқарылды. «Көкжыра» өндірістік кооперативі негізінде асыл тұқымды мал шаруашылығы құрылып, асыл тұқымды Қазақтың қылшық жүнді құйрықты етті майлы қойын өсірумен шұғылдануда. Бүгінгі күнгі бонитировкадан өткен барлық қой малы -24008 бас, оның ішінде аналық - 14033 бас. 2008 жылдың қазан айына дейін асыл тұқымды 2007 жылдың 692 бас еркек тоқтысы және 2818 бас ұрғашы тоқтысын, жиыны 3510 бас басқа шаруашылықтарға сатқаны үшін 25 млн теңге субсидия алуға қол жеткізді.
Облыс әкімінің тапсырмасы бойынша 1 асыл тұқымды мал шаруашылығын құру керек болса, бүгінгі күнде облыстық ауыл шаруашылық басқармасына асыл тұқымды шаруашылық мәртебесін беруге «Қайнар» және «Дарабоз» шаруа қожалықтарына ұсыныс берілді. Осыған байланысты тиісті орындардан арнайы комиссия келіп, қорытынды берді .Қортынды негізінде облыстық ауыл шаруашылық басқармасының бұйрығымен «Қайнар» және «Дарабоз» шаруа қожалықтарына асыл тұқымды шаруашылық мәртебесі берілді.
Аудан бойынша барлық асыл тұқымды қой 1.10.2008 ж қалдық 26338 бас, аналық 16183 бас.
«Ойшілік» ауылдық тұтыну кооперативіне асыл тұқымды мал шаруашылығы мәртебесін беруге облыстық ауыл шаруашылық басқармасына ұсыныс берілді
Шаруашылық құрылымдарының арасында ірі қара малдың ет бағытындағы асыл тұқымды бір шаруашылық ұйымдастыру мақсатында Қызыл-кесік ауыл округіндегі «Қазбек» шаруа қожалығы Бесқарағай ауданының Коростылевский шаруа қожалығынан 75 бас асыл тұқымды қазақтың ақ бас сиырының құнажындарын сатып алды.2008 жылға 25 бас төл алынды Осы мал санын 150 басқа жеткізуге жұмыстар жүргізілуде. Аталған шаруашылыққа 2009 жылы статус алу жоспарлануда.
Аудан бойынша ірі қара малдарына 2 мал бордақылау алаңы ұйымдастырылған. «Көкжыра» ӨК-де 400 бас, «Аяққы Тоқтамыс» ШҚ 200 бас. 2007 жылы «Көкжыра» ӨК-і 282 басқа 60 тонна ет өткізіп, 3 млн 290 мың теңгенің субсидиясын алған. «Көкжыра» ӨК-і бордақылау алаңын 800 басқа, ұлғайту жұмыстарын жүргізуде. Сол сияқты «Балағазы-2» ШҚ – 100 басқа бордақылау алаңын ашуды ұйымдастыруда. Шаруашылықтар мал бордақылауға тиісті азықты, өз шаруашылықтарында дайындайды, іс-шараларды атқару үшін, шаруашылық құрылымдарына қаржылай көмек керек.
2008 жылдың 9 айында Республикалық бюджеттен мал шаруашылығының өнімділігі мен өнімнің сапасын арттыруды субсидиялауға арналған трансферттерден ірі қара малының сапалы ет өніміне 8 млн 300 мың теңге, қой етіне 3 млн 960 мың теңге, «Аяққы Тоқтамыс» ШҚ сиыр етіне 2 млн 213 мың 400 теңге, қой етіне 450 мың теңге, «Балағазы-2» ШҚ сиыр етіне 2 млн 582 мың 300 теңге , «Мұхтар» ШҚ сиыр етіне 1 млн 475 мың, 600 тенге, «Дастан» ШҚ сиыр етіне 1 млн 567 мың 800 теңге, қой етіне 450 мың теңге , «Қайнар» ШҚ қой етіне 141480 тенге, жиыны 21 млн 122 мың 580 теңге субсидия алынды
Қолдан ұрықтандыру пункттерін ұйымдастыруда 2007 жылы 4 пункт ашылса, бүгінгі күнде 2008 жылға берілген тапсырмадағы 13 пункттен ашылғаны 2. Жұмыс істеп тұрғаны Қабанбай ауылдық округінде 1 пункт 70 бас сиырға ұрық алып ұрықтандырса, Жетіарал ауыл округінде 1 пункт 25 басқа ұрық алып келіп, ұрықтандыру жұмыстары жүргізілуде. Ұрықтандыру пункттерін ашу үшін, аудан әкімінің ұсынысымен 5 млн 100 мың теңге қаражатын жергілікті бюджеттен қарастырылған.
Ауылдық тұтыну кооперативтерін және дайындау- сату ұйымдарын құруда, Ойшілік ауылдық тұтыну кооперативі құрылды. «Ақсуат-ет» ЖШС негізінде 6 дайындау-сату пункттері құрылған. Бұл ұйымдар «Ақсуат-ет» ЖШС-не мал өнімдерін дайындап өткізеді. «Ақсуат-Ет» ЖШС-і 5 жылдан бері «Мал өнімдері корпорациясы» АҚ арқылы жұмыс істеп келеді. 01.07.2008 жылға дейін 18 тонна фарш дайындап 5 млн.тенгенің өнімін шығарды.
Тұғыл ауылында орналасқан «Казрыба» ЖШС негізінде балық кластерін құруға бағыт бағдар беру жұмыстары жүргізілуде. Кластерге қатысушылар аудандағы балық шаруашылығымен айналысушы кәсіпорындар «Рыбаки Зайсана» ӨК, «Казрыба», «Зайсан Иртыш», «КМZ», ЖШС-тері және «Әйгерім» шаруа қожалығы. Оларда барлығы 204 адам жұмыс істейді.
«Казрыба» ЖШС-і құрылтайшылардың қаржысы есебінен биылғы жылы 24 млн.теңгенің балық консервісі мен балық сүбесін дайындайтын цех әкеліп орнатса, «KMZ» ЖШС-і 5 млн теңгеге консерві цехын қайта жаңғыртып, жөндеу жұмыстарын жүргізді.
Ауыл шаруашылық өнімдерін қайта өңдеу кәсіпорындарын құру үшін, «Аграрлық кредиттік коорпорация» арқылы «Сайболат» ЖШС-і – 16 млн теңгеге жұмыс істеуде.
Сонымен қатар, ауыл шаруашылық өнімдерін қайта өңдеу кәсіпорындарын құру үшін, облыстық ауыл шаруашылық департаментіне «Аграрлық кредиттік коорпорация» арқылы қаржылай көмек ететін төмендегі жобалардың тізімі жолданған.
1. «Сартау» дайындау-сату кооперативі (Аязбаев М) жылына-800 бас ірі қара, жоба құны – 50 млн теңге.
2. «Шорға» дайындау-сату кооперативі (Жириндинов Р) жылына – 1000 бас ірі қара, жоба құны – 25 млн.
3. «Казрыба» ЖШС-і (Момболов Қ) балықты ыстау цехын (жоба құны – 10 млн теңге) және ИСО-ға кіру үшін лаборатория салу (жоба құны – 20 млн).
4. «Бірлік» шаруа қожалығы (Мұхаметрахимов Е) филе, балық ұнын және басқада балық өнімдерін шығаратын цех ашу, жоба құны – 10 млн теңге.
5. «Атқожа» ш/қ Жақаев Бекежан сүт өндіру,өңдеу цехын ашу – 10 млн теңге.
 Ауылдық округ әкімдерінің аудандық статистикалық мекемесіне берген мәліметтері бойынша 2008 жылы егілген барлық егіс көлемі – 6685,1 гектар болды, оның ішінде дәнді дақылдар – 3039 гектар, майлы дақыл -20 гектар, картоп – 502 гектар, көкөніс – 189,6 гектар, жүгері – 50 гектар, өткен жылдардан қалған көпжылдық шөп – 2880,5 гектар болды.
250 га бидай алқабы шықпай қалып егістік құрылымынан алынды(Көкжыра ӨК).2789 га егістіктің әр гектарынан орта есеппен 7,4 ц өнім алынып, жалпы 2065 тонна астық жиналды.
502 гектар картоптың әр гектарынан 78,4 центенер жиыны 3937 тонна, 189,6 га көкөністің әр гектарынан 89,2 ц жиыны 1692 тонна өнім алынды.
2009 жылдың егістігіне қажетті 45 тонна тұқым құйылды.
Аудан бойынша 162,3 мың тонна қатаң мал азығы дайындалды.
Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілердің көктемгі егіс жұмыстарына субсидия алуға сұраныс берген 16 шаруа қожалығы мен 1 өндірістік кооператив, барлығы 2724 гектар егістік алқаптарына 1 922 312 теңгенің мемлекеттен бөлінген қаражатын алды.
Сонымен қатар, егістік жерлерге жел және су эрозиясынан қорғау үшін қорғаныш алқаптарын /полезащитные лесополосы/ жасауға, 2008 жылы тал егілетін егістік алқаптардың қай жерлерге орналасатыны туралы сызбасын жасау жөнінде Екпін, Маңырақ, Ойшілік, Жаңаауыл, Көкжыра, Қарасу, Жетіарал, Құйған, Құмкөл, Ақжар, Қабанбай, Ақсуат ауылдық округтері әкімдеріне қосымша тапсырмалар берілді.
Көктемгі және күзгі дала жұмыстарына Павлодар мұнай өнімдерін өңдейтін зауыттан 152 тонна арзандатылған жанар-жағар май бөлініп тасылып алынды, қосымша 3-і тоқсанға 120 тонна жанар-жағар май бөлініп алынды.
Ауданда 1.01.2008 жылға 321 әр түрлі маркадағы ауыл шаруашылық техникалары есепте бар. 2003 жылмен салыстырғанда ауданның машина – трактор паркі 21,7 %-ке жаңаланған. «Казагрофинанс» мекемесіне 20,3 млн.теңгеге лизинг бойынша ауылшарушылығы техникасын алуға тапсырыс берілді. «Көкжыра» ӨК-і өз қаражаттарына 1 дана жаңа комбайн, 1 дана КАМАЗ автомашинасын тіркемесімен алды.

^ Шағын кәсіпкерлік. 2008 жылдың 9 айында аудан көлемінде шағын кәсіпкерлік субъектілер саны 351 сауда дүкені, 39 қоғамдық тамақтандыру орыны (асхана, дәмхана, мейрамхана), 17 шағын дәріхана, 23 жанар-жағармай құю стансасы, 21 диірмен, 32 шағын наубайхана, 48 халыққа қызмет көрсету орындары жұмыс істейді.
2008 жылдың 1 қазанындағы мәліметтерді, 2007 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда сауда дүкендері 106,7 %, қоғамдық тамақтандыру орындары 121,4 %, жанар-жағармай құю стансалары 109,5 %, халыққа қызмет көрсету орындары 116,7 % өсті.
2007 жылы сауда және басқада қызмет көрсетуде 1095,4 млн.теңгені құрады, оның ішінде жеке кәсіпкерлер 1322,7 млн.теңгенің, сауда кәсіпорындары 85,8 млн.теңгенің тұтыну тауарларын сатты, өткен жылмен салыстырғанда 12,9 % өсті.
2008 жылдың 1 қазанына бұл көрсеткіш 821,5 млн.теңге болып, оның ішінде жеке кәсіпкерлердің үлесі 771,5 млн.теңге болды.
Өндірілген өнеркәсіп өнімінің көлемі 2007 жылы 335,4 млн.теңге болып, өткен жылмен салыстырғанда (252, 6 млн.теңге) 115,0 % орындалды, оның ішінде шағын кәсіпкерлік субъектілерінің үлесі 270,4 млн.теңге болып, өткен жылмен салыстырғанда 137,1 % орындалды.
2008 жылдың 1 қазанына бұл көрсеткіш жыл басынан 2008 жылдың 1 қазанына шағын кәсіпкерлік субъектілерінен түскен барлық салық түсімдері 85,6 млн. теңге, оның ішінде жергілікті бюджетке түскені 60,2 млн. теңге болды. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 103,7 % , оның ішінде жергілікті бюджетке түскені 104,9 % орындалды.
2008 жылдың 1 қазанына аудан бюджетінің меншікті кірісі 217,3 млн. теңге болса, ондағы шағын және орта бизнестің үлесі 60,2 млн. теңге болып орындалып, кәсіпкерліктің үлес салмағы 27,7 % құрады.
Ақсуат ауылында 2 сауда дүкені, 1 қызмет көрсету, 1 қоғамдық тамақтандыру, Ақжар ауылында 400 адамға арналған 1 тойхана, Қарасу ауылында 1 сервистік қызмет көрсету, 1 қонақ үй, 1 тойхана, 1 қоғамдық тамақтандыру орны, Тұғыл ауылынан 1 сауда дүкені, Қызыл-Кесік ауылынан 1 шағын наубайхана, 2 тойхана ашылып, халыққа қызмет көрсетуде.
Сондай-ақ, бір жолғы талонмен жұмыс істейтін кәсіпкерлердің жұмысына талдау жүргізгенде 2008 жылдың 1 қазанына 151 адамды құрап, бір жолғы алым көлемі 2648,1 млн.тенге болып, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 103,2 % орындалып, адам саны 106,3 % өсті.
2008 жылдың IІІ-тоқсанында 2 кәсіпкерге «Барқытбел» несие ЖШС арқылы 19,2 млн. теңгенің несиесі берілді.
2008 жылғы 21 мамырдағы «Мемлекеттік инвестициялық саясатты және «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамын кредиттеу» бюджеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында облыстық Комиссия шағын кәсіпкерлік субъектілерінің жобаларын кредиттеу бойынша әріптес Банктерді белгіледі. Бүгінгі күні осы бағдарлама бойынша 7 жоба іріктеліп, 58,0 млн. теңгеге ұсыныс жасалынып «БТА банк» арқылы 2 адам 19,0 млн теңгенің несиесін алды.
Ауданда экономиканы тұрақты дамытумен қатар білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, әлеуметтік қорғау салаларының жұмысын жетілдіру, сапасын арттыруды назарда ұсталып келеді.

^ Білім беру. Аудандағы 50 мектепке 10511 оқушы қамтылса, 59 даярлық сыныбына 797 бала қамтылды. Аудан мектептері толық мұғалім кадрлармен қамтамасыз етілген.
2008 жылдың 9 айына білім беру саласына аудандық бюджеттен бөлінген қаржы 1031,6 млн теңгені құрап, 2007 жылмен салыстырғанда 51,9 млн теңгеге артты. Мектептердің құрылысы мен қосымша құрылыстарының ЖСҚ әзірлеуге 9,1 млн.теңге бөлініп игерілді.
Мектептерді күрделі жөндеуге 17,5 млн.теңге, оқулықтар сатып алуға 22,0 млн теңге, материалдық-техникалық базасын жақсартуға 35,3 млн.теңге қаралып, игерілді.
Аудан мектептеріне жаңа технологияларды оқу-тәрбие үрдісінде қолдану, озық іс-тәжірибелерді зерделеу және тарату мақсатында жыл ішінде республикалық, облыстық білім жетілдіру институттары арқылы 300 мұғалім білім жетілдіру курсынан өтті.
50 мектеп толық компьютерлік сыныптармен жабдықталған. Телефон желісі бар 42 мектеп интернетпен модемдік байланысқа қосылды. Таулы жерде орналасқан 8 мектепке спутниктік құрал-жабдықтар орнатылған. Үстіміздегі жылы 3 мектепке спутниктік станция орнатылды.
Аудан бойынша оқушы санына есептегенде былтырғы оқу жылында әрбір 17 оқушыға бір компьютерден болса, 2008 жылы 15 оқушыға бір компьютерден келді.
Аудан бойынша жазғы еңбек тоқсанына 5-10 сыныптардан 8124 оқушы қамтылды. Оның ішінде мектеп жанындағы биологиялық алаңда және көкөніс өсіруге 6012, жөндеу бригадаларда 2112 оқушы жоспарлы жұмыс істеді. Мектеп жанындағы оқу-тәжірибе үлескесінде және шаруа қожалықтарының көмегімен барлығы 33 га жерге көкөніс егіліп, күтіп-бапталды.
Үстіміздегі жылға республикалық бюджеттен бөлінген қаржыға 1 мультимедиялық лингофон, 7 физика кабинеті, жергілікті бюджеттен 1 физика, 2 мультимедиялық лингофон, 1 биология, 1 химия,8 медициналық кабинет және 1 шеберхана алынды. Облыстық бюджеттен 5 мектепке 10+1, 5+1 компьютер сыныптары берілді.
Құйған, Сасан би, Билялов атындағы гимназия, Жетіарал, Көктүбек, Әуезов / Көкжыра/ атындағы орта мектептеріне электрмен жылыту қазандығы орнатылып, күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.Оған 17,5 млн теңге бөлініп игерілді.
Елбасының Жолдауынан туындайтын міндеттерді орындау бағытында ауданымызда білім беру саласында игілікті шаралар атқарылуда.Кабеков, Мұратбаев, Әуезов/ Ақжар/, Сатбаев/ Шеңгелді/ мектептері оқушыларының мектепке барып- қайтуы үшін жаңа автобустар берілсе, Өкпеті ауылынан 180 орындық жаңа мектеп салынып, осы оқу жылына пайдалануға берілді.
Аудандағы 50 мектептің 2-уі сұйық отынмен, 5-уі электр қазандығымен, 43-і қатты отынмен жылытылатын болады. Мектептер АТП- / М. Шакербаев/, « Мойын» шаруа қожалығы, « Иртыш Транс» және « Б. Бобылтаев» жеке кәсіпкермен келісім шартқа отырды.Аудан мектептеріне 9643 тонна қатты отын, 144 тонна сұйық отынға келісім шарт жасалынды.Ағымдағы жөндеу жұмыстарына 4,235 мың теңге бөлініп, уақытында игерілді.

^ Денсаулық сақтау. Ауданда халыққа 4 аурухана, 19 ауылдық дәрігерлік емхана, осы емханаларға бекітілген 2 ФАП, 30 ФП және 6 ғимаратсыз мейірбике қызмет көрсетеді.
2008 жылға кепілдендірілген тегін көмекке бекітілген қаржы 409012,4 мың теңге, оның ішінде дәрі дәрмекке бөлінгені- 53691,2 мың теңге, 9 айда игерілгені 306759,2 мың тенге, оның ішінде дәрі дәрмек -40268,0 мың теңге. Мемлекеттік тапсырыстың орындалуы ауруханалар бойынша 90 %, емханалар бойынша 96 %.
Аудан бойынша ауруханаларда 5078 адам емделіп, 5080 адам сауықтырылды. Емханалар бойынша барлығы 260803 адам қаралды.
2008 жылы күрделі жөндеуге ақша бөлінген жоқ.
2008 жылдың 9-айында медициналық жабдықтармен, медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз ету мынаны құрайды: ауылдық медициналық пункттер-30,3 %, дәрігерлік амбулатория – 31,7 %, № 1,2 аудандық медициналық бірлестікте 38,4 %, ауылдық учаскелік ауруханада – 72,65 %. Аудан бойынша 12 ауылдық дәрігерлік емханалар автотранспортпен қамтамасыз етілген.
Ауданда республикалық бюджет қаражаттары есебінен екі аурухана-Ақсуат ауылынан 100 адамды қабылдайтын емханамен 75 төсекке арналған аурухана және Ақжар ауылынан 50 орындық өкпе ауруына қарсы аурухана құрылысы салынуда.

Мәдениет. Аудан көлемінде халық шығармашылығын дамыту мен мәдени қызмет көрсетуде, жас таланттарды шыңдауда, мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыруда жүйелі жұмыстар атқарылуда.
Бүгінгі күні аудан бойынша 21 кітапхана, 18 клуб және мәдениет үйлері халыққа қызмет көрсетіп отыр. Аудан бойынша кітап қоры 265000 дана, жаңадан келіп түскен кітаптар 1672 дана, 237 мың теңгенің 48 түрлі мерзімдік басылымдарына жазылды. 9 айдың қортындысы бойынша ауылдық округтерде 1114 мәдени көпшілік шара өтіп, 237150 мың адам қамтылса, кітапханалар бойынша 3-тоқсанда 13222 оқырман қамтылып, 256176 кітап берілген.
Жыл басынан мәдениет қызметкерлерінің білімін жетілдіру және мамандарды қайта даярлау курсына 11 адам жіберу жоспарланып, оның 5-і білімдерін көтеріп келді.
2008 жылға жергілікті бюджет есебінен мәдениет мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға арнайы жасалған жобалық-сметалық құжаттары негізінде Ақсуат мәдениет үйінің күрделі жөндеу жұмыстарына 1 млн мың теңге қаржы қаралып, жөндеу жұмыстары жалғастырылып, 1млн. тенгеге музыкалық аппаратура алынды.

Спорт. Ауданда дене тәрбиесі мен спорттың бұқаралығын арттыру және спорттық резервтер әзірлеу мақсатында біршама жұмыстар атқарылды.
Жыл басынан бері 300 мың тенге қаржы волейбол, футболдан аудан құрама командасына қажетті форма, спорт құралдары сатылып алынса, 600 мың тенгеге көкпар аты сатылып алынды, жем – шөп сатып алуға 730 мың тенге қаржы бөлінсе, 2.0 млн тенгеге спорттық аттарды түрлі жарыстарға тасмалдау үшін КАМАЗ – жүк көлігі, 150 мың тенгеге 3 стол теннисі столдары сатылып алынды. Спорттың материалдық базасын нығайту мақсатында Ақжар ауылындағы ат спортының базасын жөндеу үшін жергілікті бюджеттен 4.0 млн тенге қаржы бөлінсе, аудандық маслихаттың депутаты С.Омарбековтын басшылығымен спортшылар жуынатын, шешінетін арнаулы бөлмелерімен күрес залы жабдықталып, 400 мың тенгеге күрес кілемі, 200 мың тенгеге тренажёр сатылып алынды.

^ Халықты әлеуметтік қорғау.       
2008 жылдың тоғыз айында Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Заңына сәйкес 534 отбасына, адам санымен 1980 адамға 19736,9 мың теңге атаулы әлеуметтік көмек төленді, балалы отбасыларга төленетін жәрдемақы 3999 отбасына, бала санымен 10323 адамға 93826,7 мың теңге тағайындалып, ақшасы төленді.
Сондай-ақ үйден оқитын мүгедек балалардың жәрдемақысы 67 адамға 3585,2 мың теңге төленді. 9 ай ішінде 101 отбасына, адам санымен 422 адамға 1638,7 мың теңге тұрғын үй жәрдемақысы есептелініп тағайындалды, оның 96 отбасына, адам санымен 396 адамға 1542,0 мың теңге төленді. Сонымен қатар «Семей ядролық сынақ полигонының салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» Заңына сәйкес «Бір жолғы ақшалай өтемақы» төлеміне барлығы үстіміздегі жылы 11616 адамға 125384,0 мың теңге төленіп отыр.
2008 жылдың 1-ші қазан айына 3828 адам кедейшілік деңгейінен төмен тұратын адамдар ретінде есепте тұрады. Кедейшілік деңгейінен төмен тұратын 393 адам науқандық жұмыстарға және қар тазалау басқада қоғамдық жұмыстарымен қамтылып, өз материалдық жағдайларын түзетіп кедейшілік деңгейінен төмен тұратын адамдар есебінен шықты.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы №148-II «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңын басшылыққа ала отырып, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі 2008 жылдың тоғыз айында төмендегідей жұмыстарды атқарды.
2008 жылы тоғыз айда бөлімге 262 адам жұмыс іздеушілер ретінде тіркеліп, олар есепке қойылды. 1-ші қазан 2008 жылға жұмыссыздар саны 320 адам, бұлардың ішінде 188-сі әйелдер, 132 адам ерлер. Бүгінгі күнге аудан бойынша жұмыссыздық деңгейі 1 % құрады.
Жыл басынан бері 393 адам ақылы қоғамдық жұмысқа тартылды, оларға 12086,0 мың теңге төленді.
Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі 9 ай ішінде кәсіптік мамандыққа даярлауға 3 адамды оқытып, оларға 164,4 мың теңге төленді, 34 адамды кәсіптік мамандыққа даярлауға оқуға жіберді, оларға 496,7 мың теңге төленді.
Қайырымдылық айлық кезінде еңбек ардагерлеріне, жалғызілікті қарттарға, мүгедектерге әкімшілік тарапынан және кәсіпкерлердің көмегімен 118 адамға 500 тенгеден 151,0 мың теңгенін әр-түрлі ақшалай заттай көмегі көрсетілді, аудан әкімшілігі тарапынан 18 адамға 393 мың теңге тұрмысы төмен азаматтарды қолдау қорынан көмек көрсетілді.

^ Тұрғын үй құрылысы.
1 қазан 2008 жылға жеке адамдардың есебінен 14 тұрғын үй, пайдалануға берілген жалпы алаңы 1307 шаршы метр, құны 12,6 млн. теңге.
Жергілікті бюджеттен 1 пәтерлі 6 коммуналды тұрғын үй құрылысына 31,1 млн.теңге қаралып, 9 айда игерілгені 17,3 млн.теңге.
Ақсуат және Ақжар ауылдарындағы 16 пәтерлік тұрғын үй құрылысының ЖСҚ әзірлеуге 7,3 млн.теңге қаралып, игерілді.

Жолдар. 2008 жылы жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының ағымдағы жөндеу, күтіп ұстау жұмыстарына 113,4 млн. теңге, қаржы қаралып, 112,7 млн.теңгесі игерілді.
«Кіндікті-Жарық» автомобиль жолы құрылысының ТЭН мен ЖСҚ жасату үшін 20,0 млн теңге қаралып, 1 қазан 2008 жылға игерілгені 18,0 млн.теңге.
Ақсуат ауылының ішкі көше жолдарының күрделі жөндеу жұмыстарын жалғастыруға 2008 жылға облыстық бюджеттен 38,0 млн. теңге қаржы қаралып, игерілуде.

^ Сумен қамтамасыз ету. «Таза су» бағдарламасын жүзеге асыруда да бірқатар жұмыстар атқарылды.
«Таза су» бағдарламасына сәйкес ауыл тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз етуде, 2008 жылдың 9 айында Ақжар, Құйған және Жамбыл ауылдарындағы су құбыры жүйесін күрделі жөндеуден өткізуге аудандық бюджеттен 59,7 млн теңге бөлініп, игерілді.
Көкжыра ауылындағы су құбыры желілерін қайта жаңғырту жұмыстарына республикалық бюджеттен 9 айда 76,6 млн теңге қаралып, 69,5 млн.теңгесі игерілді.
Ақсуат және Ақжар ауылдарының су құбырлары жүйесін күрделі жөндеуге (2 кезеңіне) ЖСҚ әзірлеуге 10,0 млн. теңге, Қызылкесік ауылының су құбыры жүйесін қайта жаңғыртуға ЖСҚ әзірлеуге 18,2 млн.теңге қаржы қаралып, игерілді.
Тұғыл ауылына су скважинасын орнатуға 10,0 млн.теңге бөлініп игерілді.

Абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалық. 2008 жылдың 9 айында елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыруға жергілікті бюджеттен 3,7 млн. теңге, жарықтандыруға 3,0 млн. теңге және санитарлық тазалық жұмыстарын атқаруға 2,9 млн. теңге бөлініп, жоспарланған жұмыс көлемі атқарылуда.

 



Похожие:

2008 жылдың 9 айындағы ауданның әлеуметтік–экономикалық дамуының қорытындылары туралы iconКатонқарағай ауданының 2009 жылдың 9 айындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі қорытындылары туралы ақпарат
Ауданның 2009 жылдың қаңтар-қыркүйек айларындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының талдау қорытындылары аудан экономикасының барлық...
2008 жылдың 9 айындағы ауданның әлеуметтік–экономикалық дамуының қорытындылары туралы iconАуданның әлеуметтік-экономикалық дамуының 2006 жылдың 9 айындағы қорытындылары туралыхабарлама ауыл шаруашылығы
Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының 2006 жылдың 9 айындағы қорытындылары туралыхабарлама
2008 жылдың 9 айындағы ауданның әлеуметтік–экономикалық дамуының қорытындылары туралы iconТарбағатай ауданы Ауданның әлеуметтік–экономикалық дамуының 2008 жылдың бірінші жарты жылдығындағы қорытындылары туралы
Ауданның 2008 жылдың қаңтар-маусым айларындағы әлеуметтік экономикалық дамуын өткен жылдың тиісті мерзімімен салыстырғанда, оның...
2008 жылдың 9 айындағы ауданның әлеуметтік–экономикалық дамуының қорытындылары туралы icon2008 жылғы ауданның әлеуметтік–экономикалық дамуының қорытындылары туралы хабарлама
Ауданның 2008 жылғы әлеуметтік экономикалық дамуын өткен жылдың тиісті мерзімімен салыстырғанда, оның негізгі көрсеткіштерінде өсу...
2008 жылдың 9 айындағы ауданның әлеуметтік–экономикалық дамуының қорытындылары туралы iconКатонқарағай ауданының 2010 жылдың 1 сәуірдегі әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі қорытындылары туралы ақпарат
Ауданның 2010 жылдың 1 сәуірдегі әлеуметтік-экономикалық дамуының талдау қорытындылары аудан экономикасының барлық салаларының тұрақты...
2008 жылдың 9 айындағы ауданның әлеуметтік–экономикалық дамуының қорытындылары туралы iconАуданның әлеуметтік-экономикалық дамуының 2010 жылдың қаңтар-наурыз айындағы қорытындылары туралы хабарлам а
Тамақ өнімдерін өндіру көлемі 56,7 млн теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 140,0 орындалды
2008 жылдың 9 айындағы ауданның әлеуметтік–экономикалық дамуының қорытындылары туралы iconКатонқарағай ауданының 2009 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары
Ауданның 2009 жылдың әлеуметтік-экономикалық дамуының талдау қорытындылары аудан экономикасының барлық салаларының тұрақты өсуін...
2008 жылдың 9 айындағы ауданның әлеуметтік–экономикалық дамуының қорытындылары туралы iconТарбағатай ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының 2011 жылдың 12 айындағы қорытындылары туралы хабарлама
Ауыл шаруашылығы. Ауданның ауыл шаруашылығы өнімі тұрақты дамып, одан өндірілген жалпы өнімінің көлемі 11 млрд 971,3 млн теңгені...
2008 жылдың 9 айындағы ауданның әлеуметтік–экономикалық дамуының қорытындылары туралы iconАуданның әлеуметтік–экономикалық дамуының 2007 жылғы қорытындылары туралы
Ауданның 2007 жылғы әлеуметтік экономикалық дамуын өткен жылдың тиісті мерзімімен салыстырғанда, оның негізгі көрсеткіштерінде өсу...
2008 жылдың 9 айындағы ауданның әлеуметтік–экономикалық дамуының қорытындылары туралы iconТарбағатай ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының 2011 жылдың 9 айындағы қорытындылары туралы хабарлама
Ауыл шаруашылығы. Ауданның ауыл шаруашылығы өнімі тұрақты дамып, одан өндірілген жалпы өнімінің көлемі 8 млрд 389,1 млн теңгені құрап,...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы