Мемлекеттік қызмет көрсету регламенті «Медико-әлеуметтік мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелерге әлеуметтік қамтуға құжаттар рәсімдеу» icon

Мемлекеттік қызмет көрсету регламенті «Медико-әлеуметтік мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелерге әлеуметтік қамтуға құжаттар рәсімдеу»



НазваниеМемлекеттік қызмет көрсету регламенті «Медико-әлеуметтік мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелерге әлеуметтік қамтуға құжаттар рәсімдеу»
Дата конвертации14.12.2012
Размер175.99 Kb.
ТипРегламент
источник

Мемлекеттік қызмет көрсету регламенті

«Медико-әлеуметтік мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелерге әлеуметтік қамтуға құжаттар рәсімдеу»


  1. Негізгі ұғымдар




  1. Пайдаланылатын терминдер мен аббревиатуралардың анықтамалары:

  1. Тұтынушы – мемлекеттік қызметті алуға өтініш жасаған жеке тұлға.

  2. ҚФБ – құрылымдық функционалдық бірлік – мемлекеттік қызмет үдерісіне қатысатын жауапты тұлғалар.



  1. Жалпы ережелер



2. Мемлекеттік және мемлекеттік емес медициналық-әлеуметтік мекемелерде әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттарды ресімдеу – одан әрі құжаттарды «Шығыс Қазақстан облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру департаменті» мемлекеттік мекемесіне тапсыру-мен әлеуметтік қызмет көрсетуге мұқтаж азаматтардан өтініштер қабылдау.


3. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны ішінара автоматтандырылған.

4. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 24-бабының, Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау ми-нистрлігінің 2005 жылғы 1 желтоқсандағы № 306-п бұйрығымен бекітілген қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерде және мемлекеттік емес медициналық-әлеуметтік ұйымдарда әлеуметтік қызмет көрсетудің Үлгілік Ережесінің 3 бөлімнің негізінде көрсетіледі.

«24 бап. Медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) әлеуметтік қызмет көрсету:

1. Денсаулық жағдайына байланысты басқа адамның тұрақты күтіміне және медициналық-қызмет көрсетуге мұқтаж жалғызілікті мүгедектерге, психоневрологиялық аурулар қатарындағы мүгедектерге, мүгедек балаларға әлеуметтік қызмет көрсету мүгедектердің жасына, денсаулық жағдайына сәйкес бейімделген қарттар мен мүгедектерге арналған интернат-үйлерде жүзеге асырылады және тіршілік-тынысына жағдайлар жасауды, күтіммен қамтамасыз етуді, медициналық қызмет көрсетуді, оңалтуды, әлеуметтік-еңбектік бейімдеуді, демалыс пен бос уақытын ұйымдастыруды қамтиды.

Мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерге және мемлекеттік емес медициналық-әлеуметтік ұйымдарда тұратын адамдарға әлеуметтік қызметтер көлемі әлеуметтік қызмет көрсетудің мемлекеттік стандартына сәйкес беріледі.

3. Мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелердегі әлеуметтік қызмет көрсету бюджет қаражаты және (немесе) Қазақстан Республикасы-ның заңнамасына сәйкес өзгеде материалдық және қаржылай түсімдер есебінен жүзеге асырылады.

4. Мемлекеттік емес медициналық-әлеуметтік ұйымдардағы әлеуметтік қызмет көрсету, құрылтайшылардың қаражатын қоса алғанда, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ақылы негізде жүзеге асырылады.

5. Медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) әлеуметтік қыз-мет көрсету жөніндегі қызметпен айналысу құқығы тұлғаларға облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары беретін тиісті лицензиясы болған кезде беріледі».

3 бөлім. МӘҰ-ға қабылдаудың шарттары:

«8. Мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерде (бұдан әрі –ММӘМ) заң бойынша оларды ұстауға және қамқорлық көрсетуге міндетті кәмелетке толған, еңбекке қабілетті жастағы жақын туыстары жоқ, сондай-ақ шынайы себептер бойынша оларды тұрақты көмекпен және күтіммен қамтамасыз ете алмай (егде жастағы, бірінші, екінші топтағы мүгедектігі, онкологиялық, психикалық сырқаты бар, бас еркінен айыру орындарында жүрген, елден тыс жерлерде тұрақты тұруға кеткен немесе басқа елді мекенде тұратын) туыстары бар қарттар мен бірініші, екінші топтағы мүгедектер ММӘМ-ге қабылдануы мүмкін.

9. Ұлы Отан соғысының мүгедектері, қатысушылары және соларға теңестірілген адамдар (бұдан әрі – ҰОС мүгедектері, қатысушылары және соларға теңестірілген адамдар) заң бойынша оларды ұстауға және қамқорлық көрсетуге міндетті, кәмелет жасқа толған жақын туыстарының болуына қарамастан ММӘМ-ге бірінші кезектегі тәртіппен қабылданады.

10. Зейнеткерлер мен бірінші, екінші, үшінші топтағы мүгедектер қатарындағы тұру құны толық төленетін шартпен қабылданатын адамдардың тізбесін мемлекеттік емес медициналық-әлеуметтік ұйымдардың әкімшілігі дербес белгілеуі мүмкін.

11. ММӘМ-ге әлеуметтік қызмет көрсетуге жіберуді облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) жүзеге асырады.

12. Адамдарды әлеуметтік қызмет көрсетуге қабылдау мынадай құжаттардың:

1) өтініш;

2) уәкілетті органның жолдамасы (ММӘМ әлеуметтік қызмет көрсетуге қабылдау үшін);

3) жеке басы куәлігі;

4) салық төлеушінің тіркеу нөмірі берілгені туралы куәлігі;

5) әлеуметтік жеке код берілгені туралы куәлігі;

6) медициналық карта (осы Үлгілік Ережеге 2-қосымша);

7) амбулаториялық картадан үзінді көшірме;

8) зейнеткерлік куәлігі (зейнеткерлік жастағы адамдар үшін);

9) ҰОС мүгедектерінің, қатысушыларының және соларға теңестірілген адамдардың мәртебесін растайтын куәлігі (ҰОС мүгедектері мен қатысу-шылары және соларға теңестірілген адамдар үшін);

10) мүгедектік туралы анықтамадан үзінді көшірме;

11) мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасынан үзінді көшірме

5. Мемлекеттік қызметті «Тарбағатай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі ұсынады.

6. Мемлекеттік қызмет көрсетуді аяқтау нәтижесі мемлекеттік және мемлекеттік емес медициналық-әлеуметтік мекемелерде әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу болып табылады.

7. Мемлекеттік қызметті көрсету кезіндегі уақыт бойынша шектеу мерзімі Тарбағатай аудандық әкімдігінің 2008 жылғы 26 қыркүйектегі № 405 қаулысының мемлекеттік қызмет көрсету стандартында белгіленген.

8. Мемлекеттік қызмет басқа мемлекеттік органдардың және өзге де субъектілердің қатысуынсыз көрсетіледі.

9. Регламентті басқа мемлекеттік органдармен келісуді қажет етпейді.


3. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіндегі іс-әрекет

(өзара іс-қимыл) тәртібін сипаттау.


10. Өтініш есепке алу журналында тіркеледі, тұтынушыға мемлекет-тік қызмет нәтижесін алу мерзімі көрсетілген өтінішті қабылдағаны туралы талон беріледі.

11. Тұтынушыға мемлекеттік қызмет алу үшін келесі құжаттарды тап-сыру керек:

1) Үлгісі Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2005 жылғы 1 желтоқсандағы № 306-п бұйрығымен бекітілген қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерде және мемлекеттік емес медициналық-әлеуметтік ұйымдарда әлеуметтік қызмет көрсетудің Үлгілік Ережемен бе-кітілген өтініш осы регламентке 1 қосымшада көрсетілген;

2) Қазақстан Республикасы азаматының жеке бас куәлігі, азаматтарды тіркеу кітабы;

3) медициналық карта;

4) амбулаториялық картадан көшірме;

5) зейнеткерлік куәлік;

6) мәртебесін растайтын құжат: Ұлы Отан соғысына қатысушының; Ұлы Отан соғысы мүгедегінің; Ауғанстандағы соғыс қимылдарына қаты-сушының; Ұлы Отан соғысына қатысушыларға, мүгедектеріне теңестірілген санатын растайтын басқа құжаттар;

7) әлеуметтік жеке код беру туралы куәлік (ӘЖК);

8) салық төлеушінің тіркеу нөмірінің берілгені туралы куәлік (СТТН);

мүгедектер үшін қосымша:

9) мүгедектігі туралы анықтама;

10) оңалтудың жеке бағдарламасынан көшірме;

балалар үшін қосымша:

11) басқа адамның күтуін қажет етуі туралы психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңестің қорытындысы.

12. Ақпараттық қауіпсіздікке қойылатын талаптар:

1) өтініш иесі құжаттарының мазмұны туралы ақпараттардың құпия-лығы;

2) құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету.

13. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне келесі ҚФБ қатысады:

Маман, өтініш қабылдайды, құжаттардың толықтығын тексереді, «Есепке алу журналына» құжаттарды тіркейді, қабылданған құжаттарды «ШҚО жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру департаменті» мемлекеттік мекемесіне тапсырады (1 ҚФБ);

14. ҚФБ іс-әрекетінің бірізділігі осы регламентке 2 қосымшада көрсетілген.

15. Іс-әрекеттің қисынды реттілігі мен ҚФБ арасындағы өзара байланысты көрсеттетін диаграмма осы регламентке 3 қосымшада көрсетілген.

16. Хабарлама нысандарын оларға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі ұсынылуы тиіс нысандар осы регламентке 4 қосымшада көрсетілген.


^ Аппарат басшысы А.Нұрбеков


«Мемлекеттік және мемлекеттік емес

медициналық-әлеуметтік мекемелерде

әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар

ресімдеу» мемлекеттік қызмет көрсету

регламентіне

1 қосымша


^ Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті

өтініш нысаны


(Әлеуметтік қорғау саласындағы өкілетті органмен немесе құрылтайшымен ресімделеді)

_____________________________________________________________________________

(әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органның немесе құрылтайшының аты)

(АТӘ)______________________________________________________________ ресімделді

Жеке бас құжатының № __________, ________________ берілді, ______________ (мерзімі)

Тіркелген және тұратын мекенжайы ______________________________________________

Туған жері ____________________________________________________________________

Туған мерзімі _________________________________________________________________

Жәрдемақы түрі және мөлшері __________________________________________________

Мүгедектік санаты _____________________________________________________________

Қайта куәландыру мерзімі ______________________________________________________

Білімі ________________________________________________________________________

Соңғы оқу орыны (жұмысы) _____________________________________________________

Тұрғын үй жағдайы ____________________________________________________________

(жеке үй, жақсартылған пәтер, жатахана бөлмесі және т.б.)

Туыстары (заңды өкілдері) ______________________________________________________

_____________________________________________________________________________

(туыстық қатынасы, жасы, әлеуметтік мәртебесі, тұратын мекенжайы)


ӨТІНІШ


Мені жалпы үлгідегі қарттар және мүедектерге арналған медициналық-әлеуметтік мекемеге тұрақты/уақытша (қажеттісін сызу) тұруға қабылдауыңызды сұраймын, өйткені үнемі басқа адамның күтімін және әлеуметтік қызмет көрсетуді қажет етемін ___________________________ (басқа себептер)

Келесі құжаттарды қосымша тапсырамын:

1) ____________________________________ 2) _____________________________________

3) ____________________________________ 4) _____________________________________

5) ____________________________________ 6) _____________________________________

7) ____________________________________ 8) _____________________________________

9) _____________________________ _______10)____________________________________

Қабылдау, ұстау және медициналық-әлеуметтік мекемеден шығару шарттарымен және ішкі тәртіп ережелерімен таныстым.

Мерзімі __________ Қолы ________________________

(АТӘ және өтініш иесінің қолы)

Құжаттарды қабылдаған ______________________________________ «___»______200_ж.

(АТӘ, лауазымы, қолы)

«Мемлекеттік және мемлекеттік емес

медициналық-әлеуметтік мекемелерде

әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар

ресімдеу» мемлекеттік қызмет көрсету

регламентіне

2 қосымша


ҚФБ іс-әрекетінің реттілігі

1 кесте. ҚФБ іс-әрекетінің сипаттамасы




Негізгі үдерістің іс-әрекеті (барысы, жұмыс ағыны)

1

Іс-әрекеттің (барысының, жұмыс ағынының ) N

1

2

2

ҚФБ атауы

1ҚФБ

1 ҚФБ

3

Іс-әрекеттің (үдерістің, рәсімнің, операцияның) атауы және оның сипаттамасы

Өтініштер қабылдау, журналға тіркеу


«Шығыс Қазақстан облысы-ның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру департаменті» мем-лекеттік мекемесіне қабыл-данған құжаттарды және өті-ніштерді тапсыру

4

Аяқтау нысаны (деректер, құжат, ұйымдық-окілідік) шешім

Тұтынушымен мем-лекеттік қызмет алу мерзімі көрсетілген өтініштің қабылдан-ғаны туралы талон

Өтініштің және құжаттардың тапсырылғаны туралы хабарлама

5

Орындалу мерзімдері

30 мин.

15 күн

6

Келесі іс-әрекеттің нөмірі

2




    

2 кесте. Пайдалану нұсқалары. Негізгі үдеріс.


Негізгі үдеріс (барысы, жұмыс ағыны)

1 ҚФБ

№ 1 іс-әрекет. Өтініштерді қабылдау, журналға тіркеу.

№ 2 іс-әрекет. «Шығыс Қазақстан облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағ-дарламаларды үйлестіру департаменті» мемлекеттік мекемесіне қабылданған құжаттарды және өтініштерді тапсыру



Баламалы үдеріс қарастырылмаған.


«Мемлекеттік және мемлекеттік емес

медициналық-әлеуметтік мекемелерде

әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар

ресімдеу» мемлекеттік қызмет көрсету

регламентіне

3 қосымша


Іс-әрекеттің қисынды реттілігі мен ҚФБ арасындағы өзара байланысты көрсететін диаграмма


Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісі

1 ҚФБ


О-1

Өтініштерді қабылдау, журналда

тіркеу

(30 минут)

О-2

«Шығыс Қазақстан облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру депар-таменті» мемлекеттік мекемесіне қабылданған құжаттарды және өті-ніштерді тапсыру

(15 күн)






«Мемлекеттік және мемлекеттік емес

медициналық-әлеуметтік мекемелерде

әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар

ресімдеу» мемлекеттік қызмет көрсету

регламентіне

4 қосымша


^ Мемлекеттік қызмет көрсету қорытындысына сәйке ұсыныплатын

хабарландыру хаттың нысаны


АӘТ_______________________

Мекенжайы ________________


Құрметті ___________________________!


Сіздің құжаттарыңыз 200__ «__» __________ _____________ мекенжайы бойынша орналасқан Шығыс Қазақстан облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру департаментіне мемлекеттік және мемлекеттік емес медициналық-әлеуметтік мекемелерде әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу үшін жіберілді.


Лауазымы, АТӘ, қолы


^ Мемлекеттік қызмет көрсету стандарты

«Медико-әлеуметтік мемлекеттік және мемлекеттік емес

мекемелерге әлеуметтік қамтуға құжаттар рәсімдеу»


1. Жалпы ережелер


1. Мемлекеттік қызмет көрсету жалпы үлгідегі медико-әлеуметтік мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелерге әлеуметтік қамтуға құжаттар рәсімдеу.

2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрі: автоматтандырылмаған.

3. Мемлекеттік қызмет көрсетуге Қазақстан Республикасы халықты әлеуметтік қорғау және еңбек министрінің міндетін атқарушы 2005 жылғы 1 желтоқсандағы № 306-п бұйрығымен бекіткен қарттар мен мүгедектер үшін жалпы үлгідегі медико-әлеуметтік мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелерде әлеуметтік қамтудың үлгілік ережелерінен медико-әлеуметтік ұйымдарға қабылдау жағдайлары 3 – тарауы негіз болады.

4.Мемлекеттік қызметті: Ақсуат ауылы, Абылайхан көшесі 16 үйде орналасқан «Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі ұсынады.

5. Тұтынушыға ұсынылатын мемлекеттік қызметтің нәтижесінде қарттар мен мүгедектер үшін жалпы үлгідегі медико-әлеуметтік мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелерде әлеуметтік қамтуға жолдама алу болып табылады.

6. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының азаматтары және ҰОС қатысушылар, ҰОС мүгедектері және оған теңестірілгендер үшін көрсетіледі.

7. Мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі уақыт бойынша шектеу мерзімі:

1) тұтынушы қажетті құжаттарды тапсырған сәттен және электрондық сұраныс тапсырғаннан бастап мемлекеттік қызмет көрсетудің ең ұзақ мерзімі: 15 күн;

2) тұтынушы қажетті құжаттарды тапсырғаннан және электрондық сұраныс жасағаннан бастап мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі 30-минут;

3) тұтынушы қажетті құжаттарды алу кезіндегі мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі 30-минут;

8. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет тегін жүргізіледі.

9. Мемлекеттік қызмет көрсету стандарты «Тарбағатай» газетінде жарияланады, Ақсуат ауылы, Абылайхан көшесі 16 үйде орналасқан «Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі стендінде орналастырылды.

10. Жұмыс кестесі: дүйсенбі-жұма күндері сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін, үзіліс 12.30-ден 14.00-ге дейін.

11. Кезек күтушілерге арналған құжат толтыратын үстел, арыз үлгілері ілінген стендтер бар.


2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі


12. Мемлекеттік қызмет алу үшін қажетті құжаттар тізімі:

1) Өтініш

2) жеке куәлiгi (төлқұжаты), Бұл құжатты (жоқ болған жағдайда) халыққа қызмет көрсету орталығынан алуға болады. Мекен-жайы Ақсуат ауылы, Қабанбай көшесі №5, телефон: 2-24-96. Ақжар ауылы Дәулетбай көшесі № 68, телефон: 20-122

3) медициналық сараптамалар бар карта жергілікті емханадан беріледі.

4) амбулаториялық картадан үзінді жанұялық амбулаториядан беріледі.

5) салық төлеуші куәлігі, «Тарбағатай аудандық салық комитеті» Абылайхан көшесі №9, Жұмыс кестесі: дүйсенбі-жұма 9.00-ден 18.00 ге дейін, телефон 2-19-10

6) мүгедектік мәртебесін растайтын куәлік көшірмесі (ҰОС қатысушылар, мүгедектері және оған теңестірілгендер үшін);

13. Мемлекеттік қызметті алу үшін бланк, өтініштерді,нысандарды: Ақсуат ауылы, Аблайхан көшесі 16 үй мекен жайындағы әлеуметтік көмек бөлімінің мамандарының кабинетінде беріледі.

14. Қажетті бланкілерді, нысандарды, өтініштерді және басқа да құжаттарды Ақсуат ауылы, Абылайхан көшесі 16 үй мекен жайындағы әлеуметтік көмек бөлімінің мамандарына тапсырылады.

15. Арыз тапсырғанда құжаттардың қабылданғаны туралы талон беріліп, журналға тіркеледі.

16. Тұтынушы қызмет көрсету нәтижесінде әлеуметтік қызмет көрсету келісім-шартын жеке бару арқылы алады.

17. Қажетті құжаттардың толық тізбесін көрсетпеу мемлекеттік қызмет көрсетуді тоқтату немесе мемлекеттік қызмет көрсетуде бас тарту негізі болып табылады.


3. Жұмыс қағидаттары


18. Бөлімнің басшылыққа алатын принциптары.

1) Сыпайылық,

2) мәдениетті және шапшаң қызмет көрсету

3) ұстамдылық

4) көрсетілетін мемлекеттік қызмет жөніндегі толық ақпарат.

5) құжаттарының құпиялылығын қамтамасыз ету


4. Жұмыс нәтижелері


19. Тұтынушыларға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі осы стандарттағы қосымшаға сәйкес сапа және қол жеткізу көрсеткіштерімен өлшенеді.

20. Мемлекеттік қызметке қол жеткізу және сапалық көрсеткіштерінің мақсатты маңызын мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік мекеменің жұмысын бағалайтын арнайы құрылған жұмысшы тобы жыл сайын бекітеді.

5. Шағымдану тәртібі


21. Уәкілетті лауазымды адамдардың әрекетіне(әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін түсіндіру және шағым дайындауға жәрдем көрсету Ақсуат ауылы, Абылайхан көшесі 16, «Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі ғимаратында жүргізіледі.

22.Шағым Ақсуат ауылы, Абылайхан көшесі 16 үйде орналасқан «Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығына беріледі.

23. Талон, шағымның кіріс журналына тіркеліп, қаралу уақыты белгіленгендігі туралы құжат болып табылады. Берілген шағымға берілетін жауаптың қарастыру жолдарын, уақыты мен орнын регистрация жасалған келесі жерлерден білуге болады: «Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне беріледі, Ақсуат ауылы, Абылайхан көшесі 16, бөлімнің мамандарынан, телефон 2-11-03, 2-23-71


6. Байланыс мәліметтері


24. Мемлекеттік қызметті ұсынушы мемлекеттік орган басшысы. Ақсуат ауылы, Абылайхан көшесі 16 үйде орналасқан «Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі телефоны 2-18-19.


25. Тұтынушы үшін басқа да пайдалы ақпаратты 2-18-19,2-11-03 телефондары бойынша алуға болады.


^ Аппарат басшысы А.Нұрбеков


Мемлекеттік қызмет көрсетудің

«Медико-әлеуметтік мемлекеттік

және мемлекеттік емес

мекемелерге әлеуметтік

қамтуға құжаттар рәсімдеу»

стандартына қосымша


Кесте. Сапа және қол жеткізу көрсеткіштерінің мәні


Сапа және қол жеткізу көрсеткіштері

Көрсеткіштердің нормативтік мәні

Жыл сайынғы көрсеткіштің мақсатты мәні

есеп беру жылдағы көрсеткіштердің ағымдағы мәні

1

2

3

4

1. Уақтылығы

1.1. құжат өткізген күннен бастап белгіленген уақытта қызмет көрсетудің % (үлесі)

95 %







1.2. Қызметті алуға кезекті 40 минуттан артық күтушілердің, тұтынушылардың % (үлесі)

90 %







2.Сапасы

2.1. Қызметті ұсыну үрдісінің сапасына қанағаттанатын тұтынушылар % (үлесі)

90 %







2.2. Лауазымды тұлғамен құжаттың дұрыс рәсімделу (есептеулер, аударулар жүргізу) жағдайлары % (үлесі)

95 %







3.Қол жетімділік

3.1. Қызметті ұсыну тәртібі туралы ақпаратқа және сапасына қанағаттанатын тұтынушылардың % (үлесі)

80 %







3.2. Тұтынушылардың бірінші рет ұсынған және құжаттарының дұрыс толтырылу жағдайлары % (үлесі)


80 %







3.3. Интернет арқылы қол жеткізуге болатын ақпараттар қызметінің % (үлесі)

50 %







4.Арыздану үрдісі

4.1. Аталған қызмет түрі бойынша қызмет көрсетілгендердің жалпы санынан дәлелденген арыздар % (үлесі)

0,1 %







4.2. Белгіленген уақытта қанағаттандырылып, қаралған және дәлелденген арыздар % (үлесі)

95 %







4.3.Арыздану тәртібімен қанағаттандырылған тұтынушылар % (үлесі)

95 %







4.4.Арыздану мерзімімен қанағаттандырылған тұтынушылар % (үлесі)

90 %







5.Сыпайылық

5.1. Қызметкерлердің сыпайылығына қанағаттанған тұтынушылар % (үлесі)


90 %









Аппарат басшысы А.Нұрбеков



Похожие:

Мемлекеттік қызмет көрсету регламенті «Медико-әлеуметтік мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелерге әлеуметтік қамтуға құжаттар рәсімдеу» iconМемлекеттік қызмет көрсетудің регламенті «Мемлекеттік және мемлекеттік емес дәрігерлік-әлеуметтік мекемелерде әлеуметтік қызмет ету үшін құжаттарды ресімдеу»
Мемлекеттік және мемлекеттік емес дәрігерлік-әлеуметтік мекемелерде әлеуметтік қызмет етуге құжаттарды ресімдеуі- қарттарға және...
Мемлекеттік қызмет көрсету регламенті «Медико-әлеуметтік мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелерге әлеуметтік қамтуға құжаттар рәсімдеу» iconМемлекеттік қызмет көрсету регламенті
Мемлекеттік және мемлекеттік емес медициналық әлеуметтік мекемелерде әлеуметтік қызмет көрсетуге арналған құжаттарды рәсімдеу
Мемлекеттік қызмет көрсету регламенті «Медико-әлеуметтік мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелерге әлеуметтік қамтуға құжаттар рәсімдеу» iconМемлекеттік қызмет көрсетудің регламенті
Мемлекеттік және мемлекеттік емес медициналық- әлеуметтік мекемелерде әлеуметтік қызмет көрсету құжаттарын рәсімдеу
Мемлекеттік қызмет көрсету регламенті «Медико-әлеуметтік мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелерге әлеуметтік қамтуға құжаттар рәсімдеу» icon«Мемлекеттік және мемлекеттік емес медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік қызмет көрсетуді ұсыну үшін құжаттарды рәсімдеу» мемлекеттік қызметінің регламенті
Осы «Мемлекеттік және мемлекеттік емес медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік...
Мемлекеттік қызмет көрсету регламенті «Медико-әлеуметтік мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелерге әлеуметтік қамтуға құжаттар рәсімдеу» icon"Мемлекеттік және мемлекеттік емес медициналық әлеуметтік мекемелерде әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу" мемлекеттік қызметін көрсету стандарты
Мемлекеттік және мемлекеттік емес медициналық әлеуметтік мекемелерде әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу
Мемлекеттік қызмет көрсету регламенті «Медико-әлеуметтік мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелерге әлеуметтік қамтуға құжаттар рәсімдеу» iconМемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты «Мемлекеттік және мемлекеттік емес медициналық-әлеуметтік мекемелерде қызымет көрсету үшін құжаттар ресімдеу»
Зымет көрсету меншік нысанына және ведмствалық жабдығына қарамастан, қабылдау жағдайы, ұстауы және ведмствалық жабдығына қарамастан...
Мемлекеттік қызмет көрсету регламенті «Медико-әлеуметтік мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелерге әлеуметтік қамтуға құжаттар рәсімдеу» iconЗайсан ауданының әкімдігінің
Мемлекеттік және мемлекеттік емес медициналық әлеуметтік мекемелерде әлеуметтік қызмет көрсетуге арналған құжаттарды рәсімдеу
Мемлекеттік қызмет көрсету регламенті «Медико-әлеуметтік мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелерге әлеуметтік қамтуға құжаттар рәсімдеу» iconМемлекеттік және мемлекеттік емес медициналық-әлеуметтік мекемелерде әлеуметтік қызмет етуге құжаттарды дайындау бойынша ақпарат
Ажетті құжаттарды рәсімдеу үшін аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдеріне хабарласу керек
Мемлекеттік қызмет көрсету регламенті «Медико-әлеуметтік мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелерге әлеуметтік қамтуға құжаттар рәсімдеу» iconМемлекеттік бюджет қаражаты есебінен қызмет көрсететін мемлекеттік және мемлекеттік емес медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) әлеуметтік қызмет көрсетуге арналған құжаттарды ресімдеу ” мемлекеттік қызмет регламенті
Рде (ұйымдарда) әлеуметтік қызмет көрсетуге арналған құжаттарды ресімдеу” Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі...
Мемлекеттік қызмет көрсету регламенті «Медико-әлеуметтік мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелерге әлеуметтік қамтуға құжаттар рәсімдеу» icon«Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтік қамтамасыз етуге арналған құжаттарды рәсімдеу» мемлекеттік қызметін көрсету регламенті
Фб құрылымдық-функционалды бірлік – мемлекеттік қызмет көрсету үрдісіне қатысатын, жауапты тұлғалар
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы