|
Тарбағатай ауданы Әкімінің 12 қантар 2010 жылғы № 6 қаулысына қосымша 1. «Тарбағатай ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» Мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ 1. Жалпы ереже. 1.1 «Тарбағатай ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан былай бөлім) атқарушы орган болып табылады, оның заңды тұлға статусы бар, бөлім нарықтық экономиканы, бюджет жүйесін, несие саясатына, шаруашылық механизмдерін, мемлекеттік басқару тәсілдерді енгізу және дамыту туралы Мемлекеттік саясатты жүзеге асыру үшін құрылды. Тарбағатай ауданы Әкімінің белгіленген тәртібіне сай өкілеттер шегінде өз функцияларын орындайды.
Заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентінің, Үкіметінің актілеріне, басқа да нормативті құқықты актілерге, аудан Әкімінің қаулылары, шешімдері мен өкімдеріне және осы ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Мемлекеттік тілде: «Тарбағатай ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі. Орыс тілде: Государственное учреждение «Отдел экономики и бюджетного планирования Тарбагатайского района». 2. Бөлімнің заңды мәртебесі 2.1. «Бөлім» мемлекеттік тіркеуден өткен сәттен бастап заңды тұлға құқығына ие болады. 2.2. «Бөлімнің» дербес теңгерімі, есеп айырысу шоты, бланктері, Мемлекеттік Елтаңба бейнеленген, қазақ және орыс тілдерінде атауы бар мөрі мен мөртаңбасы бар. 2.3. «Бөлім» мемлекеттік меншікті иелену, пайдалану, қолдану құқығы белгіленген тәртіппен берілген мекемелерден басқа заңды тұлға құра алмайды, сондай-ақ құрылтайшы (қатысушы) бола алмайды. 2.4. «Бөлім» аудан әкімі бекіткен мемлекеттік тапсырыстың толық көлемде орындалуы үшін, оған пайдалануға берілген мемлекеттік мүліктің сақталуы үшін жауапкершілікте болады. ^ 3.1. Бөлімінің функциялары: 3.1.1. Бөлімнің қызметтік функциялары аудан аумағында шаруашылық және экономикалық басқару тәсілдерін енгізу және дамыту туралы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру. 3.1.2. Әлеуметтік экономикалық бағдарламаларды жасау, аудан экономикасының дамуындағы негізгі бағыттарды анықтау. 3.1.3. Аймақта экономика және бюджеттік жоспарлау мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың стратегиялық, жедел және арнайы жоспарланған жұмыстарын жүзеге асыру, талдау. 3.1.4. Қазақстан Республикасының Президентінің, Қазақстан халқына арнаған жолдауын, «Қазақстан – 2030» стратегиялық бағдарламасын, Қазақстан Республикасының заңдарын, әлеуметтік-экономикалық даму жөніндегі мемлекеттік және аймақтық бағдарламаларды түсіндіруді жүзеге асыру. 3.1.5. Құжаттардың мерзімінде және сапалы орындалуын бақылау. 3.1.6. Бөлімнің құзырына кіретін Қазақстан Республикасы Президенті мен Премьер-Министрінің, Президент Әкімшілігі мен Премьер- Министрдің Кеңсесінің тапсырмаларын, министрліктердің, ведомстволардың, облыс әкімінің, облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқарма тапсырмаларының орындалуын бақылау. ^ 3.2.1. Қабылданған бағдарламалардың сапалы орындалуы туралы ақпараттар мен мәліметтерді жинап талдау. 3.2.2. Аудан көлемінде ағымдық және басымдық бағыттағы әлеуметтік- экономикалық жоспарларды анықтап белгілеу. 3.2.3. Аудан бюджетінің ағымдағы мерзімге және болашаққа арналған жобасын жасауға қатысу. 3.2.4. Әлеуметтік-экономикалық мәселерді шешуге бағытталған мемлекеттік қаржыларды бөлуге және ұсыныс енгізуге қатысады. 3.2.5. Әлеуметтік маңызы бар бағдарламаларды жасау және іске асыру үшін жергілікті атқарушы органдардың іс-қимылдарын өзара үйлестіру. 3.2.6. Ауданда салық базасын нығайту және дамыту туралы аудан әкіміне ұсыныстар енгізу. 3.2.7. Төлемдер туралы аудандық комиссияның жұмыстарын ұйымдастыру, осы комиссияның отырыстарында салық төлемдерін уақытында төлеуі және негізсіз қарыздардың болмауы туралы мәселелерді қарау. 3.2.8. Шаруашылық етуші субъектілерге несие беру жұмыстарын ұйымдастыру, бұл үшін несие алу мақсатында жасалған бизнес жобаларға экономикалық сараптамалар жасау. 3.2.9. Кәсіпкерлік саласын қолдау үшін Мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру. 3.2.10. Мемлекеттік қызметкерлер жасаған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың әрбір фактісі бойынша, олардың жауап беретіндігі және сыбайлас жемқорлық жасаған қызметкерлер жұмыстан босатылатындығы ескертіледі. 3.2.11. Бөлім басшысына сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасау жөніндегі міндет жүктеледі. ^ 3.3.1. Бөлім өзіне жүктелген міндеттерді орындау үшін статистикалық бөлімінің мәліметтерімен мемлекеттік мекемелердің, кәсіпорындар мен ұйымдардың тиісті қызметтерінен ақпарат сұрастырып алу. 3.3.2. Аудан әкімінің тапсырмасы бойынша бөлімінің құзыры шеңберінде аудандық бюджеттен қаржыландыратын жергілікті атқарушы органдардың жұмыстарына талдау жасау. 3.3.3. Заңнамаға сәйкес басқада құқықтарға ие болу. ^ 4.1. Тарбағатай ауданының әкімдігі мемлекеттік органның құрылтайшысы болып табылады.
асырады:
1) Бөлім мамандарының міндеттері мен өкілеттіліктерін анықтайды; 2) Бөлімдегі қызметтік лауазымға тағайындау және лауазымнан босату туралы аудан әкіміне ұсыныс еңгізеді;
қолдану үшін аудан Әкіміне ұсыныс жасайды;
^ 5.1. «Бөлімнің» мүлігі оған мемлекет берген мүлік есебінен қалыптасады және негізгі қорлар мен айналымдық қаражаттардан, сондай-ақ өзге де мүліктен тұрады, олардың құны мекеме теңгерімінде көрсетіледі. 5.2. «Бөлімнің» мүлігі оған басқару құқығымен жатқызылады және мемлекеттік меншікке жатады. 5.3. «Бөлімнің» қызметі тек аудандық бюджет есебінен ғана іске асырылады. 5.4. «Бөлім» бухгалтерлік есеп жүргізеді және заңнамаға сәйкес есеп береді. 5.5. «Бөлімнің» қаржылық-шаруашылық қызметін тексеру мен ревизия жасауды уәкілетті орган заңнама белгіленген тіртіппен іске асырады. 6. Бөлімді қайта ұйымдастыру және тарату.
және әділет басқармасы жүзеге асырады. Аудан әкімі аппаратының басшысы А. Смаилов |