Аудандық білім беру бөлімінің 2008-2009 оқу жылында атқарылатын жұмыстар туралы icon

Аудандық білім беру бөлімінің 2008-2009 оқу жылында атқарылатын жұмыстар туралы



НазваниеАудандық білім беру бөлімінің 2008-2009 оқу жылында атқарылатын жұмыстар туралы
Дата конвертации12.12.2012
Размер44.89 Kb.
ТипДокументы
источник


Аудандық білім беру бөлімінің 2008-2009 оқу жылында атқарылатын жұмыстар туралы.

2008-2009 оқу жылында аудан бойынша 50 мектеп, оның ішінде 38 орта, 2 негізгі, 10 бастауыш мектеп жұмыс істеді.

2007-2008 оқу жылында аудан бойынша 10331 оқушы мектепті бітіріп, сыныптан-сыныпқа көшкен, оның ішінде 9-ы сыныпты – 1052, 11- сыныпты – 919 оқушы бітірді. Ал, 2008-2009 оқу жылында жылы мектеп бітіруші 919 оқушының 676, яғни 74% ҰБТге қатыстырылды.

Аудан бойынша ҰБТ қорытындысы бойынша орташа балл 63,61 болып, 2007-2008 жылғы орташа баллдан 2,8 балл төмен болды.Рейтинг қорытындысы бойынша ҰБТ-ден 81,27 балл-№2 Ақсуат, 77,75 балл - С. Сейфуллин/ Сатбаев/ атындағы орта мектептері аудан бойынша жоғары көрсеткіш көрсетті.

Биылғы оқу жылында мектеп бітірген 919 оқушының 647–і /70 % / білімдерін жоғарғы оқу орнында және орта кәсіптік оқу орындарында жалғастыруда. Соның ішінде 229 / 25 %/мектеп бітіруші жоғарғы оқу орнының, 97 /10,5%/ орта кәсіптік оқудың грант иегері.

Қазақстан Республикасы Конститутциясының 30 бабын орындау мақсатында аудан мектептерінде жалпыға бірдей міндетті білім беру айлығын және «Қамқорлық» акциясы жылына 2 рет өткізіледі, сонымен бірге биылғы оқу жылында «Мектепке баратын жол» акциясы қатар өткізілді.

Оралман отбасы балаларының оқуға қамтылуы қамтамасыз етіліп, сыныптан тыс уақытта қазақ тілі мен орыс тілінен қосымша сабақтар өткізілді. Осы оқу жылында 137 оралман отбасынан 168 оқушы 17 мектепте білім алуда. Осы оқушылардың 85 –і 1-4 сыныпта, 60-ы 5- 9 сыныпта, 35 –і 10- 11 сыныпта оқиды.

Аудан мектептері бойынша 17 типтік асхана және буфеттік жүйедегі 11 асхана бар. Асханалар жеке кәсіпкерлерге беріліп, жұмыс жасауда.Жалпыға міндетті оқу қорынан 6 млн 501 мың теңгеге аз қамтылған отбасынан 458 /12%/ оқушы бір мезгіл тамақтанады.9 мектепте шағын орталықтар мен даярлық топтарындағы 271 оқушыға ата- аналар есебінен ыстық тамақ ұйымдастырылған 192 оқушы қамтылды. Аудан мектептеріндегі 9808 оқушының ыстық тамақпен және буфет өнімдерімен қамтылуы 2500 /25,5 %/ жеткізілді.

2007 жылы бөлінген қаржы ағымдағы бюджеттің 0,90 пайызын құраса, 2008 жылы бұл қаржы 1 пайызға жеткізілді.

Ауданда мектеп оқушыларын оқулықтармен қамтамасыз ету мақсатында

2008 жылы оқулықтар сатып алуға 22925,0 мың теңге бөлініп отыр. Осы қаржыға 57387 дана кітап сатып алынды. Мектептерде оқушылар оқулықтармен толық қамтамасыз етілген.

2008 жылға республикалық бюджеттен бөлінген қаржыға 1 мультимедиялық лингофон , 7 физика кабинеті, жергілікті бюджеттен 1 физика, 2 мультимедиялық лингофон, 1 биология, 1химия,8 медициналық кабинет және 1 шеберхана алынды.Облыстық бюджеттен 5 мектепке 10+1, 5+1 компьютер сыныптары берілді.

2008 жылы 17500,0 мың теңгеге Құйған, Сасан би, Билялов атындағы гимназия, Жетіарал, Көктүбек, Әуезов / Көкжыра/ атындағы орта мектептеріне электрмен жылыту қазандығы орнатылып, күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Кабеков, Мұратбаев, Әуезов/ Ақжар/, Сатбаев/ Шеңгелді/ мектептері оқушыларының тасымалына жаңа автобустар берілсе, Үштөбе ауылында 180 орындық Өкпеті орта мектебі, Шорға ауылында 80 орындық Алтынсарин атындағы орта мектептерінің құрылысы салынып, пайдаланылуға берілді.

Аудан мектептері мұғалім кадрлармен толық қамтамасыз етілген. Аудан бойынша 1404 педагогикалық қызметкер бар. Оның ішінде жоғары білімдісі 1202, арнаулы орта білімдісі 202. Біліктілгі бойынша ауданда жоғары санатты 117, бірінші санатты-590, екінші санатты-445,санатсыз 252 мұғалім жұмыс істейді.Бүгінгі күнге барлық мектептерде психолог, спорт нұсқаушысы және музыка жетекшілері штаттары бар. Сонымен бірге 21 медсестра, 15 әлеуметтік педагог, 5 қосымша білім беру педагогы және 60 шағын топтардың штаттары беріліп отыр. Сондай-ақ 13 мектепте толық жабдықталған медициналық кабинет бар.

Ауданда 11 мектепте мультимедиялық кабинет, 9 мектепте интерактивтік тақта жұмыс істейді.Барлық мультмедиясы бар мектептерде пәндерді өткізуге арнайы сабақ кестесі қойылып, оқушылардың дәріс алуы реттеліп, қамтамасыз етілген. Пән мұғалімдері электрондық оқулықты кеңінен пайдалануда. Мектеп мұғалімдерінің 75 пайызының компьютерлік сауттылығы бар.

2008 жылы жоғары және арнаулы оқу орындарын бітіріп келген –13 жас маман аудан мектептеріне жұмысқа орналасып, педагогикалық қызметкерлердің құрамын толықтырды. Оның ішінде 4 бастауыш сынып, 1 биология, 3 - дене тәрбиесі, 2 – ағылшын тілі, 3 – тарих пәндерінің мұғалімдері бар. Алты жас маманға материалдық көмек берілді.

Аудан бойынша жетім және ата-анасының қарауынсыз қалған 44 бала есепте тұрады.

Ұлттық орталықтың «балаларды оңалту» бағдарламасына сәйкес «Бөбек» ұлттық ғылыми-практикалық білім және сауықтыру орталығында 29 қыркүйек -20 қазан аралығында жетім , ата-анасының қамқорынсыз қалған, аз қамтылған отбасынан шыққан 6 бала сауықтыру үшін ШҚО білім басқармасынан бөлінген жолдама арқылы демалып келді.

Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған мектеп бітірушілерге жоғары және арнаулы кәсіби оқу орындарына жолдама беріліп отырады. 2008 жылы 12 мектеп бітірушіге жоғарғы оқу орнына облыс әкімінің гранты берілді.

Жыл ішінде әдістемелік кабинеттің ұйымдастыруымен Республикалық және облыстық білім жетілдіру иниституттары арқылы 500 мұғалім білім жетілдіру курсынан өтті. 12 жылдық білім беруге көшу жағдайында мұғалімдердің оқытудың жаңа технологияларын оқып үйренуге баса назар аударылуда. 75 мұғалім модулдік оқыту технологиясы, 60 мұғалімнің сын тұрғысынан ойлау технологиялары бойынша жергілікті жерде республикалық білім жетілдіру курстарынан өтуі ұйымдастырылды.

Аудан мектептерінде 10 іс- тәжірибе алмасу семинарлары, 8 пәндік олимпиада, 12 конкурстар өткізілді. Облыстық әрүрлі сайыстарға қатысқан 28 пән мұғалімдері жүлдегер болып, 1,2,3 орындар иеленген және іс- тәжірибелері облыстық жинақтарға енгізілген.

Осы оқу жылында 8 мектепте жаратылыстану- математика пәндері бойынша тереңдетілген 24 сынып ашылса, онда 476 оқушы қамтылған. М. Әуезов / Көкжыра/ атындағы орта мектепте Өзін- өзі тану курсы эксперимент түрінде енгізіліп жұмыстар жүргізілуде.Іс тәжірибелері облыстық және республикалық семинарларда тыңдалған.

Аудан бойынша жазғы еңбек тоқсанына 5-10 сыныптар арасында 9528 оқушы еңбек тоқсанына қамтылды. Жазғы кезеңде 50 орта мектеп жанынан күндізгі демалыс лагері ұйымдастырылып, онда 3215 оқушы демалып, 31 пайызға қамтылды. Бұл лагерлерь кәсіподақ тарапынан 180 мың теңге және демеушілер көмегі арқылы қаржыландырылды.

Жазғы кезеңде балалар мен жасөспірімдердің демалысын тиімді ұйымдастыру мақсатында «Сеңгір» демалыс лагері ашылып, ІІІ кезеңде 10 күннен 150 бала демалды. Өскемен қаласы жанындағы «Бірінші май» дамалыс орнына аудан бойынша туберкулез ауруымен қатынаста болған және манту сынамасынан оң реакция берген балаларды сауықтыру мақсатында маусым-шілде айларында 150 бала сауықтыруға жіберілді .

Алдаға оқу жылына бастауыш сынып оқушыларын толық тегін бір реттік ыстық тамақпен қамтамасыз етуде және мектептерге күрделі жөндеу жұмыстарын, 12-жылдыққа көшу жағдайында бала бойына сәйкес келетін жиhаздармен,асхана құралдарымен, спорт инвентарларымен, стоматологиялық кабинеттерді және оқушы тасымалына қажетті транспортпен қамтамасыз етуде қосымша қаражатты қажет етсе, мұғалімдердің білім жетілдіру институттары арқылы курстан тегін өтуіне байланыста мәселелер шешуді қажет етеді.



Похожие:

Аудандық білім беру бөлімінің 2008-2009 оқу жылында атқарылатын жұмыстар туралы iconАудандық білім беру бөлімінің 2007-2008 оқу жылында атқарылған жұмыстары
Халыққа білім беру реформасы «ғылыми негізге сүйенген пәнді оқытудың жоғары деңгейімен қамтамасыз етуді» міндеттеді
Аудандық білім беру бөлімінің 2008-2009 оқу жылында атқарылатын жұмыстар туралы iconОқу жылында қолдануға рұқсат еткен оқу басылымдарының тізбесін бекіту туралы
«6 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі білім беру ұйымдарында 2011-2012 оқу жылында қолдануға рұқсат еткен оқу-танымдық...
Аудандық білім беру бөлімінің 2008-2009 оқу жылында атқарылатын жұмыстар туралы iconҚалалық білім беру бөлімінің 2008-2009 оқу жылында атқарған жұмыстары 2008 жылғы ақпан айындағы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған «Қазақстан халқының Әл-ауқатын арттыру — мемлекеттік саясаттың басты мақсаты»
...
Аудандық білім беру бөлімінің 2008-2009 оқу жылында атқарылатын жұмыстар туралы iconҚалалық білім беру бөлімінің 2008-2009 оқу жылында атқарған жұмыстары 2008 жылғы ақпан айындағы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған «Қазақстан халқының Әл-ауқатын арттыру — мемлекеттік саясаттың басты мақсаты»
...
Аудандық білім беру бөлімінің 2008-2009 оқу жылында атқарылатын жұмыстар туралы iconТарбағатай аудандық білім беру бөлімінің 2009-2010 жылғы оқу жылында атқарған жұмыстары туралы
Аудан бойынша бүгінгі күні 0-6 жастағы бала саны – 6469. Оның ішінде 6 жастағы 831 бала бастауыш сыныпта, 5 жастағы 896 баланың 655-і...
Аудандық білім беру бөлімінің 2008-2009 оқу жылында атқарылатын жұмыстар туралы iconТарбағатай аудандық білім беру бөлімінің 2009-2010 жылғы оқу жылында атқарған жұмыстары туралы
Аудан бойынша бүгінгі күні 0-6 жастағы бала саны – 6469. Оның ішінде 6 жастағы 831 бала бастауыш сыныпта, 5 жастағы 896 баланың 655-і...
Аудандық білім беру бөлімінің 2008-2009 оқу жылында атқарылатын жұмыстар туралы iconШымкент қаласы білімі бөлімінің 2012 жылының 6 айында атқарған жұмыстары туралы мәлімет
Шымкент қаласында жалпы білім беретін мектептер саны 2010-2011 оқу жылында 87 болса, 2011-2012 оқу жылында 86 болды. 2011 жылы бір...
Аудандық білім беру бөлімінің 2008-2009 оқу жылында атқарылатын жұмыстар туралы icon2010 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар туралы анықтама
Оқушы саны – 430. 2010-2011 ж ж оқу жылында 200 бала тегін тамақпен қамтылған. Оның ішінде 33 бала аз қамтылған жанұядан. Биылғы...
Аудандық білім беру бөлімінің 2008-2009 оқу жылында атқарылатын жұмыстар туралы iconКонкурс өткізу туралы хабарлама
Оқу жылында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімді кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы
Аудандық білім беру бөлімінің 2008-2009 оқу жылында атқарылатын жұмыстар туралы iconРеспубликалық бюджеттен каржыландырылатын білім беру ұйымдарында жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандар даярлауға 2008/2009 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы

Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы