|
Аудандық білім беру бөлімінің 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны
түпкі нәтиже
стратегиялық бағыттары, даму мақсаттары және негізгі қызметтік индикаторлары
нормативтік-құқықтық актілері
1. Аудандық білім беру бөлімінің мақсаттары мен түпкі нәтиже Мақсаты: Білім беру жүйесінің бәсекеге қабілеттілікке бағытталып жаңғыруы жағдайында білім беру қызметкерлерінің кәсіби құзыреттілігі негізінде шығармашылық әлеуетін қалыптастыру. Түпкі нәтиже: Шығармашыл, қабілетті, зияткер жеке тұлға. ^ 2009-2010 оқу жылында 50 мектептің 38 орта, 2 негізгі,10 бастауыш мектеп болды. 2008-2009 оқу жылында аудан бойынша 9732 оқушы мектепті бітіріп, сыныптан-сыныпқа көшкен, оның ішінде 9- сыныпты – 1148, 11- сыныпты – 679 оқушы бітірді. Осы 2008-2009 оқу жылы қорытындысы бойынша үздікке бітіргендердің саны – 1443(14%), екпінділер саны – 2678 (26%). Білім сапасы – 41,6%. 2007-2008 оқу жылының қорытындысымен салыстырғанда 2008-2009 оқу жылында білім сапасы – 1,7 % өсті. ^ ![]() Аудан бойынша 0-6 жас арасындағы жалпы бала саны 6469, оның ішінде 6 жастағы 831 бала бастауыш сыныпта, 5 жастағы 896 баланың 55-і мектепалды даярлық сыныбында білім мен тәбие алуда. 2-5 жас аралығындағы 2990 баланың мектепке дейінгі мекемелерде 1072-і (35,8%) қамтылып отыр.Оның ішінде 663-і (61,8%) 28 мектеп жанынан ашылған шағын орталықта (36 топ) тәрбиеленуде.3 балабақшаға ( « Балауса»,» Балдырған», «Жасұлан») 409 (38,1 %) бүлдіршін қабылданған.Ақсуат ауылында орналасқан 150 орындық «Балдырған» балабақшасы 2009 жылдың наурыз айынан пайдалануға берілді. ^ ![]() Балабақшалар мен шағын орталықтарда балалардың интеллектуалдық дамуына ерекше көңіл бөлініп, әр тұлғаның дарындылығын ескере отырып оќыту, дамыту, тєрбиелеу жұмыстары жүргізіледі. Ауданда мектеп жасына дейінгі балаларды толық қамту мақсатында мектепке дейінгі тәрбие мекемелерінің санын көбейту қажеттілігінен 2010 жылдың қаңтар айынан М.Әуезов /Ақжар/, М.Әуезов /Көкжыра/, Абай, Сейфуллин /Жаңалық/ орта мектептер және Жаңатілеу бастауыш мектептері жанынан шағын орталық топтарын ашып 125 бала қабылдау жоспарланды. «Жол картасы» бағдарламасы бойынша жергілікті бюджет есебінен бөлінген қаражатқа пайдалануға жарамды ғимараттарды мектепке дейінгі тәрбие мекемелеріне қайтару негізінде Қызыл кесік, Көкжыра ауылдарынан ашылатын балабақшаға 150 бала қабылдау, Тұғыл ауылындағы жекешелендірілген ғимаратты кеңейту арқылы балабақшадағы бала санын 75 –ке көбейту белгіленді. 2010 жылдан мектеп жанындағы шағын орталықтағы бала саны 788 балаға, балабақшалардағы бала саны 559 көбейеді. Мектепке дейінгі мекемелерге 45 % бала қабылданады. 2011-2015 жыл аралығында аудан бойынша 10 мектеп жанынан шағын орталық ашып 250 бала қабылдау,республикалық бюджет есебінен пайдалануға жарамды ғимараттарды мектепке дейінгі тәрбие мекемелеріне қайтару негізінде Құйған, Қарасу. Ойшілік, Қабанбай ауылдарынан балабақша ашып 275 бала қамту, Жаңа ауыл, Ойшілік, Ақжар елді мекендерінен 300 балаға жаңадан балабақша құрылысын салу жоспарлануда. ^ Аудан бойынша жалпы білім беретін мектептер желісі мен оқушылар контигентінің динамикасы
Мектептерде бала санының азаюына байланысты шағын комплектілі мектептер саны артты. 2008-2009 оқу жылы 50 мектептің 37 шағын комплектілі (74 %).Алыс елді мекендерден қушыларды оқуға қамту мақсатында 10 елді мекеннен 183 оқушының тасымалы ұйымдастырылды. 2008 жылы Кабеков, Мұратбаев, Әуезов/Ақжар/, Сатбаев /Шеңгелді/ мектептері оқушыларының тасымалына Шаолинь» маркалы автобустар берілсе, 2009 жылы Асусай мектебіне УАЗ автокөлігі алынды. ^ Соңғы 5 жылдан бері оқушылардың оқудағы жетістіктерін анықтауда біыңғай мемлекеттік тапсырмалар негізінде орталықтандырылған мемлекеттік бағалау жүйесі – Ұлттық бірыңғай тестілеу мен мемлекеттік аралық бақылау енгізілген.ҰБТ мен МАБ нәтижесі арқылы мектептегі білім сапасы анықталып, мұғалім еңбегі бағаланады. Осы оқу жылында мемлекеттік аралық бақылауға 36 мектеп қатыстырылды. 4 сыныптар бойынша 803 оқушыдан қатысқан 792 оқушының қазақ тілінен, 9 сыныптардан 1134 оқушыдан қатысқан 1112 оқушының орыс тілі, ағылшын тілі, география пәндерінен білім сапасы анықталды. 4 сыныптарда қазақ тілінен орташа балл-16,3.болды. 9 сыныптар бойынша 3 пәннен орташа балл 58 болып, 70 баллдан жоғары нәтиже көрсеткен №2 Ақсуат, Би Боранбай атындағы орта мектептер. МАБ рәсімдерінің нәтижелері бойынша білім алушылары шекті деңгейден өте алмаған мектептер жоқ. ҰБТ-ге 2009 жылы мектеп бітіруші 679 оқушының 571, яғни 84% қатыстырылды. Бұл көрсеткіш өткен 2008 жылдан 10% жоғары /2008 жылы 74%/, облыстық көрсеткіштен 5,1% төмен /облыс 89,2%/. Аудан бойынша орташа балл 71,6 болып, 2008 жылғы орташа баллдан 8 балл жоғары болды. /2008 жылы орташа 63,6 балл/. Аудан бойынша « Алтын белгі» белгісіне 6 мектептен 10 оқушы ұсынылып, оның 7-уі білімдерін қорғады. «Алтын белгі» белгісін қорған оқушылар 110-122 арасындағы балл жинады. ^ ![]() 2005-2008 жылдар бойынша ҰБТ орташа баллы ![]() Облыспен салыстырмалы көрсеткіш ![]() Биылғы оқу жылында мектеп бітірген 679 оқушының 512–і /75% / білімдерін жоғарғы оқу орнында және орта кәсіптік оқу орындарында жалғастыруда. Соның ішінде 168 /25%/ мектеп бітіруші жоғарғы оқу орнының, 102 /15%/ орта кәсіптік оқудың грант иегері. ^ ![]() 4 сыныптар бойынша салыстырмалы көрсеткіш
^
^
^ Аудандағы жалпы білім беретін мектептердің жағдайы: 50 мектептің 25-і типтік (50%) ғимаратта, 25-і бейімделген (50%) ғимаратта орналасқан, 1 мектеп авариялық жағдайда тұр. Бүгінгі күнге мектептердің 65% күрделі жөндеуді қажет етеді. 33 мектеп 1990 жылға дейін салынған. 2008 жыл Үштөбе ауылында 180 орындық Өкпеті орта мектебі, Шорға ауылында 80 орындық Алтынсарин атындағы орта мектептерінің құрылысы салынып, пайдаланылуға берілді. ^ ![]() 2005-2008 жылдар аралығында аудан мектептеріне мультимедиялық кабинет-13, интерактивті тақта-12, физика кабинет-16, химия кабинет-6, биология кабинет-2, медициналық кабинет-10, шеберхана-2 алынды. 2008 жылы республикалық бюджеттен бөлінген қаржыға 1 мультимедиялық лингофон, 7 физика кабинеті, жергілікті бюджеттен 1 физика, 2 мультимедиялық лингофон, 1 биология, 1 химия,8 медициналық кабинет және 1 шеберхана алынды. Облыстық бюджеттен 5 мектепке 10+1, 5+1 компьютер сыныптары берілді. 2009 жылы жергілікті бюджеттен 2 химия, 1 биология, 1 физика, 1 шеберхана, 2 мультимедиялық кабинеттер және республикалық бюджеттен бөлінген қаржыға 5 мультимедиялық кабинет, 3 биология кабинеттері алынды. Оқушылардың бүгінгі күн талабына сай білім алуына қажетті жағдай жасалынды.13 мектептің бастауыш сыныптарына балалар бойына сәйкес келетін жиhаз берілді. ^ ![]()
|