|
Жарма ауданының ішкі саясат бөлімінің сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша 2011 жылдың І -жартыжылдығындағы жұмыстары туралы ақпарат «Жарма ауданының ішкі саясат бөлімі» ММ-сі бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша іс-шаралар жоспарына сәйкес жұмыстар жүргізілуде. Бөлім қызметкерлері сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамасына енгізілген өзгерістермен таныстырылды. Бөлімде «сенім телефоны» бар, баспасөзде жарияланған. Тұрғындарды сыбайлас жемқорлықпен күрес бағытындағы жұмыстармен ақпараттандыруға тұрақты көңіл бөлінеді. Аудан бойынша сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы 13 баннер дайындалып, орналастырылды. Өткен жылы «Сыбайлас жемқорлық – әлеуметтік қауіпті құбылыс» тақырыбына 100 дана кітапша әзірленіп, округтерге, мемлекеттік мекемелерге таратылды. Биылғы жылы да осы тақырыпта кітапша дайындалуда. Сыбайлас жемқорлықпен күрес тақырыбына аудандық «Қалба тынысы» газетінде жыл басынан бері 7 мақала, хабарламалар жарияланды. |